«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы»



жүктеу 0.75 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата06.05.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Негізгі әдебиеттер8,10,13,14,15,16 

Қосымша әдебиеттер: 3,5,6 

 

№6 дәріс тақырыбы: Мәтінді есептерді шығаруды үйретуді 

модельдеу технологиясы 

Жоспар 

1. Мәтінді есептерді шығаруды үйретуді модельдеу ұғымы 

2.  Мәтінді  есептерді  график  түрінде  иллюстрациялау  арқылы 

модельдеу технологиясы 

3.  Мәтінді  есептерді  сызба  түрінде  иллюстрациялау  арқылы 

модельдеу технологиясы 

4.  Мәтінді  есептерді  схема  түрінде  иллюстрациялау  арқылы 

модельдеу технологиясы 



 

 

 

66 


 

 

1. Мәтінді есептерді шығаруды үйретуді модельдеу ұғымы 

Математиканың  басқа  ғылымдардан  айырмашылығы,  ол 

материалдық  табиғаттың  тікелей  бақыланатын  объектілерін  емес, 

практикамен,  сыртқы  ортамен  байланысты  абстрактілі  ұғымдарды 

сипаттайды. Сондықтан тікелей практикадан қандай да бір процестің 

немесе  жағдаяттың  математикалық  сипаттамасына,  мысалы:  есептің 

шартынан оның шешуіне көшу қиын. 

Есеп — қандай да бір жағдаятты қарапайым тілде сипаттау.  Ал 

есепті  шешу  -  берілген  дерек  пен  ізделінді  арасындағы  байланысты 

ашу,  соның  негізінде  арифметикалык  амалды  таңдау,  одан  соң  оны 

шешу  және  есептің  сұрағына  жауап  беру,  яғни  «шарты  —  модель» 

схемасы  бойынша  жағдаятты  қарапайым  тілмен  сипаттаудан  оны 

математикалық цифрлар мен белгілер тіліне көшіру. 

Осындай  көшуді  жүзеге  асыру  үшін  қажетсіздің  бәрін  алып 

тастап, 


барлық 

бірдей 


жағдайларда 

өзгеріссіз 

қалатын 

карастырылатын  жағдаяттардағы  мәнді  белгілерді  бөліп  көрсете  алу 

және бөлінген байланыстарды математика тіліне аудару қажет. 

Есепті  шешудің  дәл  осы  кезеңінде  оқушылар  қиналады.  Неге? 

Кіші  мектеп  жасындағы  оқушылардыц  логикалық  ойлауы  өз 

деңгейінде  дамымағаны,  олар  абстрактілі  ойлай  алмайтыны  жас 

ерекшелік психологиясынан белгілі. 

Оқушыларға  туындаған  қиыншылықтарды  жеңуге  көмектесу, 

заттық  әрекеттен  математикалық  сипаттауға  немесе  математикалық  

модельге көшуді жеңілдетуде графиктік және схемалық модельдерді 

қолдануға  болады.  Неге?  Кіші  мектеп  жасындағы  оқушылардың 

көрнекі-образдық ойлауы, сондай-ақ көрнекі-схемалық ойлауы, яғни 

бала  образды  және  схемалы  түрде  ойлайды,  жақсы  дамығаны,  яғни 

бала  образды  және  схемалы  түрде  ойлайтыны  жас  ерекшелік 

психологиясынан белгілі. 

Ол  тіпті  адамның  суретін  геометриялық  фигуралардан  тұратын 

схема  түрінде  салады.  Сондықтан  адамның  фигурасын  және 

қозғалыстағы адамның  суретін  салуға үйретуде  мұғалімдер  схеманы 

қолданады. 

Қорытынды: 

—  графиктік  және  схемалык,  хабарлама  қабылдауға  жеңіл,  ал 

модельдер  (графиктер  мсн  схемалар)  белгілі  бір  мөлшерде 

математикалық ұғымдардың абстрактілік сппатан түсінуге мүмкіндік 

береді; 


 

67 


 

 

—  модельдер  есептегі  дерек  пен



 

ізделінді  арасындағы 

байланысты тағайындауға көмектеседі

-  есепті  шығаруда  амалды  дұрыс  таңдап  алуға  және  олардың 

ретін анықтауға септігін тигізеді; 

—  есепте  сипатталған  нақты  жағдаятқа  байланыссыз  оның  кез 

келген түрін шешу білігін  қалыптастыруға көмектеседі; 

-  сабақтың  уақытын  үнемдейді,  яғни  оқушылардың  берік  және 

жеңіл түсінуіне себепші болады; 

- логикалык және шығармашылық белсенділікті дамытады. 

Модельдерге  қойылатын  негізгі  талаптар:  ол  көрнекі, 

математикалық дәл және логикалык қатаң болуы тиіс. 

Есепті 

графиктің, 



сызбаның, 

схеманың 

көмегімен 

иллюстрациялауға болады. 



2. Мәтінді есептерді график түрінде иллюстрациялау 

арқылы модельдеу технологиясы 

Графиктер  —  бұл  «кесінді»  түріндегі  иллюстрация,  сондықтан 

шамалар  ұзындық  бірліктерімен  немесе  шамалар  арасындағы 

қатынастар берілген есептерді графикпен иллюстрациялаған жеңіл.                                                                      

Мысалы: «Бір бумада 15 м мата болды. Алдымен 5 м, содан соң 

4 м сатылды. Бумада неше метр мата қалды?»           

 

 

 



 

Графиктік  модель  жағдаяттарды  нақты  түсінуге,  деректер  мен 

ізделінді  арасындағы  байланыстың  құрылымын  анық  көрсетуге 

ықпал  етеді,  яғни  есептің  шешу  жолын  жорамалдайды,  әр  түрлі 

тәсілмен есептің шешуін өрнек арқылы жазуға оқушыларды үйретеді. 

I. 15-5-4=6 (м)                                 II. 15—(5+4)= 6 (м) 

Тағы  бір  мысал:  «Бір  мектептен  жарысқа  18  бала,  ал  екінші 

мектептен  2  есе  артық  бала  қатысты.  Барлығы  неше  бала  жарысқа 

қатысты?» 


 

68 


 

 

 



 

Мұндағы  есепті  шығарудың  екінші  тәсілі  графиктік  және 

әлдеқайда тиімді болып табылады. 

3. Мәтінді есептерді сызба түрінде иллюстрациялау 

арқылы модельдеу технологиясы 

Қозғалысқа  берілген  есепті  сызба  түрінде  иллюстрациялау  өте 

қолайлы  оның  үстіне  сызба  қозғалмалы  болуы  мүмкін,  оны  өз 

кезегінде  өзара  кері  есептерді  құрастыру  мен  шығаруда  қолдануға 

жаксы. 

 

 



 

Сызбаларды  оқушылардың  көзінше  тіпті  өздерін  қатыстыра 

отырып, есепті талдаумен қатар құрастырган жөн. 

«Екі  поселкеден  бір  мезгілде  бір-біріне  қарама-қарсы  екі 

велосипедші шықты.  Бірінің жылдамдыгы 30 км/сағ, екіншісінікі — 

20 км/сағ. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Екі поселкенің арасы неше 

километр?»  

I. 30 •   3+20 •   3=90+60=150 (км)  

II.(30+20) •   3=50 •   3=150 (км) 

«Арасы  150  км  болатын  екі  поселкеден  бір  мезгілде  бір-біріне 

қарама-қарсы  екі  вслосипедші  шықты.  Бірінің  жылдамдығы  30 

км/сағ, екіншісінікі — 20 км/сағ. Олар неше сағаттан кейін кездесті?» 

I. 150:(30+20)=3(сағ) (кері есеп) 

Тағы екі өзара кері есептер құрастыруға және шығаруға болады, 

мұнда  алдымен  біріншісінің  жылдамдығы,  содан  соң  екіншінің 

жылдамдығы белгісіз болады.  



 

69 


 

 

4.  Мәтінді  есептерді  схема  түрінде  иллюстрациялау 



арқылы модельдеу технологиясы 

Схема  —  граф  тәрізді  сурет  түріндегі  модель.  Мұндай  сурет 

әлдеқайда қарапайым және есепті шығару барысында қажет болатын 

амалдың  мәнін  нақты  бейнелейді,  жағдаяттың  сандық  қатынасын, 

амал  таңдауға  мүмкіндік  беретін  деректер  мен  ізделінді  арасындағы 

байланысты анық түрде көрсетеді. 

Мысалы, жоғарыда келтірілген есептердің схемасы мынадай: 

 

 



Схеманың  көмегімен  модельдеудің  осы  тәсіліне  үйрету  1-

сыныпта жай есептерді шешуге үйрету кезінде басталады. 

Мысалы,  екі  санның  қосындысын  табуға  арналған  есепті 

шығарумен оқушылар танысады: «Үстелде 5 шелпек бар. Анасы тағы 

2 шелпек қойды. Үстелде барлығы неше шелпек болды?» 

Есептің  шартын  оқығаннан  кейін  ол  схема  түрінде  көрсетіледі. 

Схема  есепті  талдаумен  қатар  жүргізіледі,  мұндағы  белгілі  шама      

шаршыға  ,,   а л белгісіз       дөңгелекке орналастырылады, содан соң 

дерек пен ізделінді шама арасын қосатын бағыт сызығымен (стрелка) 

толықтырылады. Пайымдау үлгісі: 

 

 

 



 

 

 



 

 

5  шелпек  болды  -  бұл  белгілі  шама,  сондықтан  оны  шаршыға 



жазамыз.  Тағы  2  шелпек  койды  —  бұл  да  белгілі  шама,  оны  да 

шаршыға жазамыз. Неше шелпек болғанын табу керек  - бұл белгісіз 

шама. оны дөңгелеке жазамыз. 

 





 

70 


 

 

 



 

 

 



Есепті  екінші  қайтара  оқығанда  шамалар  арасында  байланыс 

анықталып,  стрелкамен  көрсетіледі:  қанша  болғанын  білу  —  қанша 

бары және бірге қойғаны нешеу екенін білу деген сөз. Демек, стрелка 

шаршылардан  дөңгелекке  қарай  бағытгалған  және  есепті  шешу 

барысында қосу амалын қолдану қажет. 

Осылайша  жай  есептің  барлық  түрлеріне  схемалар  құрылады. 

мысалы: 

 

 



қалдықты табу        санды бірнеше                       санды бірнеше                    

                                  бірлікке арттыру                     бірлікке кеміту           

 

 

белгісіз қосыл        белгісіз азай-                               белгісіз азайт- 



ғышты табу            ғышты табу                               қышты табу                                                     

                   

Жай есептің барлық түрлері бойынша схемалармен танысқаннан 

кейін  құрама  есептерді  шешуге  үйретуде  схемаларды  қолдануға 

болады,  өйткені  құрама  есеп  екі  (бірнеше)  жай  есептен  мынадай 

түрлендірулер  арқылы  құралады:

 

бірінші  есептің  сұрағын  және 



екінші есептің шартында артық деректерді алып тастау. Мысалы: 

1-есеп:  «Асхат  7  саңырауқұлақ,  ал  Рафхат  одан  2  саңырауқұлақ 

артық тапты. Рафхат неше саңырауқүлақ тапты?» 

Схема құрамыз: 





 

71 


 

 

 



 

2-есеп:  «Асхат  7,  ал  Рафхат  9  саңырауқүлак  тапты.  Балалар 

барлығы неше саңырауқұлақ тапты?» Схема құрамыз: 

                                                                            

 

 

Кейінірек екі есепті біріктіріп, құрама есеп құрастырамыз:      



«Асхат  7  саңыраукұлак,  ал  Рафхат  одан  2  саңырауқұлақ  артық 

тапты. Балалар неше саңырауқұлақ тапты?» 

Жай  есептердің  схемалары  біріктіріледі  де,  оның  схемасы:

 

 



  

Құрама есептерді схемалар арқылы иллюстрациялау оқушыларға 

амалды тез және қатесіз таңдап алуға және есеп шешудің жоспарын 

құруға көмектеседі. 

1) + (қосу), өйткені «2-еуі артык» делінген;    

2)  +  (косу),  өйткені  барлығы  неше  саңырауқұлақ  барын  табу 

керек. 

Әр  түрлі  есептерді  шығару  білігін  қалыптастыру  кезеңіңде 



схемалар, графиктер және сызбалар бойынша жұмыс шығармашылық 

сипатта болады: 

а) схема (сызба, график) бойынша есеп құрастыру;  

ә) берілген схемаға (сызба, график) есеп іріктеу; 

б)  берілген есепке схема (сызба, график) іріктеу; 


 

72 


 

 

в)  схемаға  (сызба,  график)  сәйкес  есепті  өзгерту.  Схемалар, 



сызбалар, графиктерді  есептің  шешуін  тексеру  және  қатемен жұмыс 

кезінде де қолданған тиімді. 

Мысалы,  «Мектепті жөндеу  үшін  28  ағаш, ал  одан  соң  тағы  10 

ағаштан  4  машина  әкелінді.  Барлығы  неше  ағаш  әкелінді?»  есебін 

шығаруда оқушылар мынадай қате жібереді: 

 

Қыскаша жазу:                          Шешуі:  



 І- 28а                                         28 + 4 + 10= 42(а.)                              

                                            ?       Жауабы: 42 ағаш 

ІІ -?, 10а. 4 машина                    

Оқушылар есепті шығару барысында шамалар 4 машина және 10 

ағаш  арасындағы  байланысын  анықтап  алмай,  барлығы  канша...? 

сұрағына  жауап  бере  отырып,  барлық  шамаларды  тек  қоса  салған. 

Шамалар  арасындағы  байланысты  схемалық  сурет  арқылы  былай 

иллюстрациялауға болады: 

 

Шешуі:  


28+10 •  4=68 

Жауабы: 68 ағаш                                               

 

Схемадан  оқушылар  екінші  рет  неше  ағаш  әкелінгенін  көрнекі 



түрде көреді: 10 ағаштан 4 машина, ал бұл амал

 

көбейту: 10 •  4=40 



(а.) 

Жаңа  буын  математика  оқулықтарының  негізгі  әдістемелік 

ерекшелігі  әр  түрлі  есептерді  салыстыру  болып  табылады.  Мұнда 

модельдеу тәсілін қолданған пайдалы. 

Мысалы («М— 1», 60-бет): 

«Төбешіктен  шанамен  7  бала  сырғанап  жүр  еді.  Тағы  2  бала 

келді. Барлығы неше бала болды?» 

Төбешіктен  шанамен  9  бала  сырғанап  жүр  еді.  2  бала  үйлеріне 

кетті.

 

Неше бала қалды?» 



Оқулықта мынадай схема берілген: 

 

Берілген схемалар есептерді алғашқы талдауды жүзеге асырады. 



Есептерді  салыстыру  кезінде  төмендегі  ұсынылған  схемалар  үлкен 

 

73 


 

 

көмек  көрсетеді,  өйткені  олар  деректер  мен  ізделінді  арасындағы 



байланысты бейнелейді: 

 

 



Мына  схемалар  берілген  есептердің  айырмашылығын  көрнекі 

көрсетеді:  біріншісі  қосумен  шығарылады,  өйткені  онда  барлығы 

қанша  екенін  табу  керек  (стрелкамен  көрсетілген);  екіншісі 

азайтумен  шығарылады,  өйткені  қалғаны  қанша  екенін  табу  керек 

(стрелкамен көрсетілген). 

Графиктік  және  схемалық  модельдерді  пайдалану  мәтіндік 

есептерді  шығаруға  үйретуде  логикалық  ойлауды  дамытады  және 

оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін арттырады. 

Есептің шарты бойынша амалды саналы және дұрыс таңдап алу 

көрнекілікті  тиімді  қолдануға  септігін  тигізеді.  Мұнда  әрбір  нақты 

жағдайда  қолданылатын  көрнекі  құралдың  түрін  оқушылардың 

дайындық деңгейін ескере отырып, сондай-ақ есептің берілген түрін 

қарастырудың  ролін,  орнын  және  уақытын  мұғалім  анықтайды. 

Есепті  шешуге  үйрету  барысында  көрнекіліктің  барлық  түрі  бірдей. 

Біршама  абстрактілі  көрнекілікке  біртіндеп  көшу  қарастырылатын 

есептің  мақсатына  сай  анықталады.  Жоғарыда  айтылғандарды 

қосындыны  табуға  арналған  есепті  шешуге  үйрету  мысалында 

көрсетейік. 

Мысалы:  «Дана  қорапқа  3  шар,  ал  Сара  2  шар  салды.  Қорапта 

барлығы  неше  шар  бар?»  Мұндай  есеп  түрі  бірінші  сыныпта  алғаш 

енгізіледі  («М—  1».  54-бет).  Есептің  мәтіні  нақты  заттық 

иллюстрация  (қорап,  оған  қыздар  кезекпен  шар  салады)  қолдануға 

бағыттайтынын байқау  қиын емес. Қорапты көтеріп,  «Қорапта неше 

шар бар?» деп сұрауға болады. Шарлар бір қорапқа салынғаңдықтан, 

бұл  —  біріктіру  операциясы,  демек,  есеп  қосумен  шығарылады. 

Нақты  осы  жағдайда  қосу  амалын  таңдау  нақты  заттық 

иллюстрацияға  сүйенеді.  Егер  келесі  сабақтарда  есептің  осы,  яғни 

қосындыны табуға арналған түрі қарастырылатын болса, онда заттық 



 

74 


 

 

иллюстрация  қолданылмайды.  Біршама  абстрактілі  көрнекіліктің 



түрлерін қолдану қажет. 

Мысалы,  «Ұл  бала  3  дәптер,  ал  қыз  бала  2  дәптер  сатып  алды. 

Балалар  барлығы  неше  дәптер  сатып  алды?»  есебін  шығаруда 

мынадай схемалық иллюстрация қолданған жөн: 

 

Қара шаршыларды жақындату, яғни ақ және  қара шаршыларды 



біріктіру, ал ендеше қосу амалын орындау керек: 3+2. 

Бірінші сынып оқушыларын белгілер мен қысқартулардың мәнін 

түсіндіре  отырып,  есептің  мәтіні  бойынша  қысқаша  жазуға  үйрету 

қажет. мысалы: 

 

 

Сонымен  бірге  мұндай  есептің  түрін  шығарумен  таныстыру 



барысында иллюстрацияны оқушыларға схема түрінде ұсынут қажет: 

 

Мұндай  түрдегі  схемалар  оқушыларға  есепті  шешудегі  амалды 



дұрыс  таңдап  алуға  негіз  болатын  дерек  пен  ізделінді  арасындағы 

байланысты қатесіз тағайындауға көмек береді. 



Негізгі әдебиеттер: 1,3,8, 13,1415,16 

Қосымша әдебиеттер: 1, 2,3,4,5,6 

 

2.3 Семинар сабақтарының жоспары 



 

№1  семинардың  тақырыбы:  Бастауыш  мектепте  есептерді 

шығаруға үйрету технологиясының пәні, мақсаты мен міндеттері 

Сұрақтар 

1. 


«Бастауыш 

мектепте 

есептерді 

шығаруға 

үйрету 

технологиясы» оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері 



 

75 


 

 

2.



 

«Бастауыш 

мектепте 

есептерді 

шығаруға 

үйрету 


технологиясы» пәні бойынша білім мазмұны 

Тапсырмалар 

1.

 



«Бастауыш 

мектепте 

есептерді 

шығаруға 

үйрету 

технологиясы»  оқу  пәнінің  мәнін  ашып  көрсететін 



проблемаларды анықтаңыз. 

2.

 



«Бастауыш 

мектепте 

есептерді 

шығаруға 

үйрету 

технологиясы» 



оқу 

пәнін 


оқытудың 

мақсаты 


мен 

міндеттеріне сипаттама беріңіз. 



Әдістемелік нұсқаулар 

«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы» 

оқу  пәнінің  мәнін  ашып  көрсетуде  бастауыш  мектепте 

математиканы оқыту теориясы мен технологиясында қарастыратын 

негізгі  проблемалары  -  оқытудың  мақсатын,  мазмұнын,  әдіс-

тәсілдерін, құралдары мен ұйымдастыру формаларын айқындау мен 

жетілдіру керектігіне баса назар аудару қажет. 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 14, 16 

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 

 

№2 семинардың тақырыбы:

 

Есеппен және оның құрамымен 

таныстыру технологиясы 

Сұрақтар 

1. Есепті шығаруға үйрету технологиясының сипаттамасы 

2. Есептердің міндеттері 

3. Есепті шығаруға үйрету технологиясын оқыту міндеттері 

4. Есеппен және оның құрамымен тансытыру технологиясының 

ерекшеліктері 



Тапсырмалар 

1.

 



Есепті  шығаруға  үйрету  технологиясының  сипаттамасын 

анықтаңыз. 

2.

 

Есеппен және оның құрамымен таныстыру технологиясының 



ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз. 

Әдістемелік нұсқаулар 

Есепті  шығаруға  үйрету  технологиясының  сипаттамасын 

әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде анықтауға болады. 

Есеппен  және  оның  құрамымен  таныстыру  технологиясының 

ерекшеліктерін  бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  теориясы 


 

76 


 

 

мен технологиясы курсы бойынша теориялық білімге сүйене отырып, 



беруге болады. 

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,16 

Қосымша әдебиеттер: 4,5,6 

 

№3  семинардың  тақырыбы:

 

Есепті  шешудің  жалпы 



тәсілдерін үйрету технологиясы 

Сұрақтар 

1. Есепті шешудің жалпы тәсілдеріне сипаттама 

2.  Есепті  шешудің  жалпы  тәсілдері  үйрету  технологиясының 

мазмұны 


Тапсырмалар 

1.

 



Есепті шешудің жалпы тәсілдеріне сипаттама беріңіз. 

2.

 



Есепті  шешудің  жалпы  тәсілдері  үйрету  технологиясының 

мазмұнын анықтаңыз. 



Әдістемелік нұсқаулар 

Есепті  шешудің  жалпы  тәсілдеріне  сипаттама  беру  барысында 

оқушылардың математикалық білім деңгейін анықтау, математиканы 

оқытудың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, пәнді оқытуға қажетті 

құрал-жабдықтармен таныстыру мәселесіне көңіл бөлу қажет. 

Есепті  шешудің  жалпы  тәсілдері  үйрету  технологиясының 

мазмұнын  анықтауда  бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту 

теориясы  мен  технологиясы  курсы  бойынша  теориялық  білімдерге 

сүйену керек. 

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13, 14,16 

Қосымша әдебиеттер: 1,5, 6 

 

№4 



семинардың 

тақырыбы: 

Бастауыш 

мектепте 

математиканы  оқытуда  жай  есептерді  шығаруға  үйрету 

технологиясы 

Сұрақтар 

1. Жай есептерді шығаруға үйретудің мәні 

2.  Бастауыш  мектепте  математиканы  оқытуда  жай  есептерді 

шығаруға үйрету технологиясының мазмұны  



Тапсырмалар 

1. Жай есептерді шығаруға үйретудің мәнін ашып көрсетіңіз. 

2.  Бастауыш  мектепте  математиканы  оқытуда  жай  есептерді 

шығаруға үйрету технологиясының мазмұнына сипаттама беріңіз. 



 

77 


 

 

Әдістемелік нұсқаулар 

Жай есептерді шығаруға үйретудің мәні мен бастауыш мектепте 

математиканы 

оқытуда 

жай 


есептерді 

шығаруға 

үйрету 

технологиясының 



мазмұнын 

ашып 


көрсетуде 

бастауыш 

сыныптардың  математика  оқулықтарын  және  соған  сәйкес 

жасалынған ғылыми зерттеулерді пайдалану керек. 



Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,15,16 

Қосымша әдебиеттер: 1,5, 6 

 

№5  семинардың  тақырыбы:  Бастауыш  математика 



курсындағы  кері  және  өзара  кері  есептерді  шығаруға  үйрету 

технологиясы  

Сұрақтар 

1.  Бастауыш  математика  курсындағы  кері  есептерді  шығаруға 

үйрету технологиясының мазмұны 

2.  Бастауыш  математика  курсындағы  өзара  кері  есептерді 

шығаруға үйрету технологиясының мазмұны 

Тапсырмалар 

1.

 



Бастауыш  математика  курсындағы  кері  есептерді  шығаруға 

үйрету технологиясының мазмұнының сипаттамасын жасаңыз. 

2.

 

 Бастауыш  математика  курсындағы  өзара  кері  есептерді 



шығаруға 

үйретуге 

бағытталған 

тапсырмаларды 

пайдалану 

ерекшеліктерін бөліп көрсетіңіз.   



Әдістемелік нұсқаулар 

Математика  пәнінің  оқу  бағдарламасына  сүйене  отырып,  кесте 

түрінде әр сыныпта бастауыш математика курсындағы кері есептерді 

шығаруға  үйрету  технологиясының  мазмұнының  сипаттамасын 

көрсету керек. 

Бастауыш  математика  курсындағы  өзара  кері  есептерді 

шығаруға 

үйретуге 

бағытталған 

тапсырмаларды 

пайдалану 

ерекшеліктерін  бөліп  көрсетуде    мына  әдебиетті  оқып-үйреніп, 

басшылыққа  алу  керек:  Т.К.Оспанов  және  т.б.  Жаңа  буын 

оқулықтары  бойынша  бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқыту 

әдістемесі. - Алматы: Атамұра, 2005. – Б.219-248. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 0.75 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет