«Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет8/24
Дата30.04.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Резюме 
Нарибай Роза Жұмбайевна – к.биол.наук, доцент, КазНПУ им. Абая, Е-mail:naribaeva.roza@ mail.ru, 8701-55-00-172 
«Функциональные резервы респираторного аппарата в различные возрастныепериоды у мужчин» 
Изучалась возрастная динамика показателей, характеризующих резервные возможности респираторного аппарата 
у мужчин, в качестве которых служили: жизненнеая емкость легких, жизненный индекс и максимальная вентиляция 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(45), 2015 ж. 
37 
легких. Под наблюдением находились мужчины в возрасте от 12 до 50 лет как занимающиеся, так и не занимающиеся 
спортом (всего более 60 человек). Приводятся данные, свидетельствующие о том, формирование резервов функции 
внешнего дыхания у спортсменов в основном завершается в 16-17 лет. Показано, что занятия спортом в студенческие 
годы  создают  предпосылки  для  поддержания  высокого  уровня  резервов  дыхания  у  мужчин  в  зрелом  возрасте. 
Обосновывается необходимость разработки системы оценки напряженности работы дыхательной мускулатуры при 
повышенных функциональных нагрузках на респираторный аппарат у человека. 
Ключевые  слова:резервные  возможности  респираторного  аппарата,  жизненная  емкость  легких,жизненный 
индекс, максимальная вентиляция легких, возрастная динамика функциональной деятельностидыхания 
 
Summary 
Naribay Roza Jumbaikizi- candidat (Ph.D) in of Biological sciences, associate professor, KazNPU Abai 
Е-mail: naribaeva.roza@ mail.ru, Tel.: cellular 8701-55-00-172; house 230-25-03 
«Functional reserves of the recpiraory apparatus at different ages of men» 
Studied age dynamics of indicators characterizing the spare capacities of the respiratory apparatus in humans , which served 
as: vital capacity, vital index and maximum ventilation.The study included male and female aged 12 to 50 years old as engaged 
and not engaged in sport (over 60 people) . The evidence contain theformation ofreserves of the respiratory function in athletes 
mainly completed at the age of 16-17 years. It is shown that go in sports at the students years createa high level of reserves 
breathing men in adulthood.The necessity of the development of the evaluation system of the respiratory muscle strength at 
elevated functional loads on the respiratory apparatus in humans. 
Keywords: reserve the possibility of respiratory system, lung capacity , vital index , maximum ventilation, age dynamics of 
the functional activity of breathing 
 
УДК: 769.422.12 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ҚОЗҒАЛЫС 
БЕЛСЕНДІЛІГІ 
 
Э.К.Ахметова –п.ғ.к.,доцент, Абай ат.ҚазҰПУ магистратура және РҺD докторонтура институты, 
С.Х.Ерназаров –дене мәдениеті және спорт мамандығы бойынша 2-курс магистранты Абай 
ат.ҚазҰПУ магистратура және РҺD докторантура институты 
 
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына дене тәрбиесіндегі қозғалыс белсенділігінің әсері. Яғни, қозғалыс 
белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы және қолайлы күнрежімінде ғана ӛсіп 
келе  жатқан  организмге  сауықтыру  әсерін  тигізеді.Негізгі  қимыл-қозғалыс  жаттығулары  кӛп  ретте  қайталанатын 
күрделі құбылыс. Қазір пайдаланып жүрген негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары ӛте кӛп. Олардың мазмұндары әр 
түрлі.  Негізгі  қимыл-қозғалыс  жаттығуына  –  қимыл-қозғалыстармен  бірге,  организмде  жаттығу  жасалып  жатқан 
кезде  жүретін  ӛзгерістер,  жаттығудың  адамға  қандай  әсер  еткенін  кӛрсететін  процестер  де  кіреді.  Бұл  сан  алуан 
күрделі  құбылыс  психологиялық,  физиологиялық,  биохимиялық,  педагогикалық  тұрғыдан  қаралады.Адамның 
арнайы  дене  тәрбиесі  міндеттерін  орындауға  арналған  қимылын  негізгі  қимыл-қозғалыс  жаттығулары  дейміз. 
Қимылдың  бәрі  емес,  тек  тәрбие  міндеттерін  шешуге  бағытталып,  педагогика  заңдылықтарына  бағынған 
қимыл-қозғалыстары ғана негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары деп аталады. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар 
материалдарды бағалы заттар шығаруға бағытталған, ӛнеркәсіп заңдылықтарына бағынады. 
Тірек сӛздер: белсенділік, сауықтыру, гипокенезия, гимнастика, қозғалыс, жылдамдық 
 
Дене  тәрбиесі  -  қоғамдағы  жалпы  мәдениеттің  белігі,  адамның  дене  қабілеттерін  дамыту  мен 
денсаулығын  нығайтуға  бағытталған  әлеуметтік  қызметтің  бір  саласы.  Жастардың  жан-жақты  дамуын 
дене  тәрбиесінсіз  елестету  мүмкін  емес.  Денесі  жақсы  дамыған  деп  күн  режіміне  спортпен  жуйелі 
айналысуды  енгізген,  ағзаның  шынығуы  үшін  табиғи  факторларды  тұрақты  пайдаланатын,  жұмысты 
белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. 
Елімізде ерікті дене шынықтыру  -  спорт қоғамдары жұмыстарын қайта жандандыра бастады.  Оның 
негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жасӛспірімдердің арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт 
жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, ӛйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік 
жаста  қаланады.  Тек  қана  осы  кезеңде  дене  жаттығуларымен  шұғылдану  қажеттілігі  қалып-тасады, 
дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық артады. 
Денежаттығулары, сылап-сипау, қозғалыс және спорттықойындар.жүру, жүгіру, шынығу, дене еңбегі 
дене тәрбиесіінң құралдары болып табылады [1]. 
Айтылған құралдар ӛсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәніне ие. Бұл біріншіден, дене 
жаттығулары  арқылы  қоршаған  ортаның  жағымсыз  факторлары  мен  жұқпалы  ауруларға  ағзаның 
қарсылығы  артатындығымен  түсіндіріледі.  Басқа  сӛзбен  айтқанда,  денесі  мықты  және  шыныққан  адам 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №2(45), 2015 г. 
38 
сирек  ауырады.  Екіншіден,  ӛсу  мен  даму  процесі  ынталандырылады,  жылуды  реттеу  реакциясы 
жетілдіріледі, яғни салқын тигеннен болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және 
дене  қабілеттерінің  артуына  себепкер  болатын  шыдамдылық,  күш,  жылдамдық  пен  икемділік  секілді 
қасиеттер  дамиды.  Ақырында,  дене  жаттығуларымен  айналысу  жағымды  эмоционалды  жағдайды 
туғызады, сергектік пен сенімділікті қолдайды. 
Дене  тәрбиесімен  шұғылдану  кезінде  жас,  жыныс,  ағзаның  жеке  ерек-шеліктері  мен  мүмкіндіктері 
есепке  алынуы  керектігі  есте  болғаны  жӛн.  Басты  талаптардың  бірі  -  дене  тәрбиесі  және  спортпен 
айналысу  тәртібін  сақтау,  яғни  олардың  жүйелілігін,  жүктемелердің  біртіндеп  арттырылу-ын,  сабақ 
ӛткізілетіндей жағымды жағдайларды, әр түрлі қүралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. 
Қозғалыс  дегеніміз  ӛмір  деген  қанатты  сӛз  бар,  шындығында,  қозғалыс  ағзаның  биологиялық 
қажеттілігі.  Күнделікті  ӛмірде  адам  әр  түрлі  қозғалыс  жасайды,  олардың  жиынтық  кӛлемі  қозғалыс 
белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адам адымының саны мен жүмыс кӛлемінен кӛрінетін 
тӛуліктік  қозғалыс  белсенділігі  жас  ӛскен  сайын  артатындығын  зерттеулер  кӛрсетіп  отыр,  әрі  бұл 
кӛрсеткіштер  ер  балалар  мен  қыз  балаларда  бірдей  болмайды.  Яғни,  жеткіншектік  жастағы  қыз 
балалардың тәуліктік адымының саны, ӛздерімен құрдас ер балаларға қарағанда 4,9 мың адым кем екен. 
Дене  тәрбиесі  және  спортпен  айналысудың  нормасы  мен  тәртібі  ғылыми  тұрғыдан  негізделген.  6-10 
жастағы жеткіншектердің тәуліктік қозғалыс белсенділігі 25-30 мың адымды құрауы керек, ал осы жастағы 
қыз  балаларда  жүру  мен  жүгіру  еңбек  және  спорттық  қызмет  барысында  орындалатын  ӛзге 
қозғалыс-қимылдармен алма-стырылуы мүмкін. 
Қозғалыс белсенділігінің де ӛлшемі бар. Тәулікте қозғалыс бел-сенділігінің сандық сипаттамасына ие 
бола отырып, оның ағзаға әсер етуі туралы алдын ала айтуға болады. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ең 
теменгі  қажетті  және  мүмкін  болатын  ең  жоғарғы  деңгейі  гигиеналық  норманың  шектері  болады,  ол 
бұзылса сауықтыру тиімділігі болмайды және ағзаның жағдайында жағымсыз езгерістер дамуы мүмкін[2]. 
Қалыптасқан  ӛмір  салты,  еңбек  ету  мен  дене  тәрбиесінің  жүйесі  балалар  мен  жеткіншектердің 
күнделікті қозғалыс белсенділігін ӛзгертуі, тӛмендетуі не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларда 
тәуліктік  қозғалыс  белсенділігі  кеп  жағдайда  тұқым  қуалаушылық  негізде  қалыптасатын  биологиялық 
себептермен  реттеледі.  Жеткіншектерде  ол  әлеуметтік  жағдайлардың  әсерімен  қоғамдық  тәрбие  беру 
барысында жекелей қалыптасады. 
Қозғалыстың  жетіспеуін  «гипокинезия»  («гиподинамия»)  деп  атайды,  ағзадағы  кӛп  жақты 
ауытқушылықтар  гипокинезия  жағдайын  білдіреді.  Шектен  тыс  қозғалыс  белсенділігін  «гиперкинезия» 
атауы білдіреді. 
Сӛйтіп қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы және 
қолайлы күн режімінде ғана ӛсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді. 
Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы 
қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және бастауыш 
сыныптағы  оқыту  мен  тәрбиелеу  бағдарламаларымен  қарастырылған  дене  дайындығының  міндетті 
түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға қолайлы. 
Жеткіншектерде қозғалыс белсенділігіне тұрақты қажеттілікті қалыптастыруда спорттың алатын орны 
үлкен.  Алайда,  шама  жетпейтіндей  спорттық  жүктемелер  бала  ағзасында  жағымсыз  езгерістерді 
туындатуы мүмкін. Балалық жаста спорттың кез-келген түрімен айналыса беруге болмайды. Дене тәрбиесі 
және  спорт  комитеті  бекіткен  жеке  спорт  түрлері  бойынша  оқу-жаттығу  топтарына  балалар  мен 
жеткіншектерді қабылдау үшін жас шектері бар (1 кестені қараңыз)[3]. 
Тәуліктік  қозғалыс  белсенділігінің  ұсынылып  отырған  кӛлемі  сергектіктің  (ұйықтамаған  уақыттың) 
барлық  кезеңіне  бірқалыпты  бӛлінуі  тиіс:  ағзаның  тәуліктік  ырғағына  сәйкес  дене  қозғалысының  кӛп 
бӛлігін 9-12 және 15-18 сағаттардың арасында орындау керек. 
Оңтайлы құрылған қозғалыс режімінің міндетті жағдайына қозғалыстың сапалық әр түрлілігі жатады. 
Дене жаттығуларымен шұғылдану, бұлшық ет күшін жұмсау қызметінің түрлері әр түрлі болуы тиіс және 
сонымен бірге ӛсіп келе жатқан ағзаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.Жалпы 
білім беретін мектептегі дене тәрбиесі Президент сынамаларын тапсыруды, сыныптан және мектептен тыс 
түрліше шараларды ӛткізуді де қарастырады. 
Оқушылар  дене  тәрбиесінің  езара  байланысты  түрлерін  дене  тәрбиесі  сабақтары,  мектептің  күн 
режіміндегі  дене  шынықтыру-сауықтыру  шаралары,  сыныптан  және  мектептен  тыс  спорт-кӛпшілік 
жүмыстары,  үйде,  мектеп  жанындағы  және  ауладағы  алаңда,  стадионда  дене  жатты-ғуларымен  дербес 
айналысу түрлері құрайды [4]. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(45), 2015 ж. 
39 
1-кесте. Спорттың әр түрімен шұғылдана бастайтын жас 
 
Спорттың түрлері 
Қабылдау жасы (жылы) 
Балалар-жасӛсіпірімдер спорт мектебі 
Жалпыбілім беретін 
мектептердегіспорттық
сыныптар 
Мектеп-интернаттар
дыңспорттық 
сыныптары 
 
Бастапқытоптар  Маманданутоптары 
Акробатика 
8-9 
10-11 
9-10 
10-11 
Баскетбол 
10-12 
12-14 
10-11 
12-13 
Бокс 
12-14 
14-15 
13-14 
13-14 
Күрес 
10-12 
12-14 
10-11 
12-13 
Волейбол 
10-12 
12-14 
10-11 
12-13 
Спорттық гимнастика 
8-9 
10-11 
9-11 
10-11 
Кӛркем гимнастика 
7-8 
9-10 
9-10 
10-11 
Тау шаңғысы спорты 
8-9 
10-11 
9-10 
10-11 
Академиялық есу 
10-11 
12-13 
10-11 
13-14 
ІІаңғы спорты (жүгіру) 
10-11 
12-13 
10-11 
13-14 
Жеңіл атлетика 
10-12 
13-14 
10-11 
12-13 
Жүзу 
7-8 
8-10 
9-10 
10-11 
Суға секіру 
7-8 
9-10 
9-10 
10-11 
Ауыр атлетика 
13-14 
14-15 
13-14 
14-15 
Конькимен мәнерлеп сырғ. 
7-8 
9-10 
9-10 
10-11 
Шайбалы хоккей 
10-11 
12-13 
10-11 
12-13 
 
Барлық оқушылар үшін міндетті болып табылатын дене тәрбиесінің негізгі формасы бұл дене тәрбиесі 
сабақтары. Ол мүмкіндігінше арасына 1-2 күн салып, аптасына (45 минуттен) 3 рет ӛткізіледі. Сабақтарды 
қосарлау, қажетті жағдайда тек шаңғы дайындығында ғана болады. 
Дене  шынықтыру-сауықтыру  шаралары  сабаққа  дейінгі  күн  сайын  ӛткізілетін  гимнастикадан,  сабақ 
кезіндегі  дене  шынықтыру  үзілістерінен,  үлкен  үзілістердегі  қозғалыс  ойындары  мен  дене 
жаттығуларынан тұрады. 
Сабаққа  дейінгі  гимнастика  сабақта  оқушылардың  жүмыс  қабілеттілігін  арттыру  үшін  ӛткізіледі. 
Гимнастиканың негізі иық белдеуінің (қолдар мен бастың қозғалыстары), арқаның, іштің (алға, артқа және 
жанға  еңкею),  аяқтың  (отыру,  секіру)  еттері  секілді  әр  түрлі  ет  топтары  үшін  дене  жаттығуларының 
жиынтығынан тұрады. Қозғалыстың күрделі үйлесімділігін талап ететін жаттығулар кешеніне күшті қажет 
ететін жүктемелерді енгізудің қажеттігі жоқ. Ашық ауада ӛткізілетін гимнастикалық жаттығулар ағзаны 
шынықтырып, салқыннан болатын сырқаттарға оның қарсылығын арттырады [5]. 
Ауа райы қолайсыз (жаңбыр, салқындық) жағдайда гимнастиканы (жаттығуларды) сынып белмесінде 
емес, желдетілген дәлізде т.б. кеңдеу орындарда ӛткізу керек. Оның үзақтығы 6-7 минуттен аспайды. 
Дене шынықтыру үзілісінің (сергектік минутының) үзақтығын сабақты ӛткізетін мүғалім анықтайды. 
Оның  тапсырмасы  бойынша  сынып  кезекшісі  терезені  немесе  оның  желдеткішін  ашады,  оқушылар 
сабақты  тоқтатып,  партада  отырып,  не  оның  жанында  түрып  жаттығуды  жасай  бастайды.  Дене 
шынықтыру  үзілісінің  әрбір  кешені  әлбетте,  әрқайсысы  4-рет  қайталанатын  4-5  жаттығудан  түрады. 
Кешенге күрделі емес жаттығулар, онда да сабақтың сипатын есепке ала отырып, енгізіледі. Мысалы жазу 
жұмысынан  кейін  дене  шынықтыру  үзілісіне  саусақтарды  белсенді  түрде  бүгіп,  жазатын  қимылдарды, 
қолды және қолдың басын еркін қағып-сілкілейтін қозғалыстарды, мұрын арқылы терең дем ала еңкею мен 
жартылай еңкеюді, түрған қалыпта аяқ еттері үшін жаттығулар мен орнында жүруді енгізеді. 
Үлкен үзілістердегі қозғалыс ойындары оқушылар қажуының алдын алудың, оқу күні ішінде жүмыс 
қабілеттілігінің жоғары деңгейін сақтаудың жақсы қүралы. 
 
Ойынның  түрін,  орындалу  екпіні  мен  ұзақтығын  оқушылардың  ӛздері  таңдауы  тиіс.  Алайда, 
жоғарылаған  дене  жүктемелерін,  екі  жақты  ойындарды  (футбол,  қол  добы,  баскетбол)  пайдалануға 
болмайды.  Олар  адамды  шамадан  тыс  қоздырады,  ойыннан  кейін  оқу  қызметіне  кірісу  қиынға  соқпақ. 
Тӛмен  және  орташа  қарқындылықтағы  қозғалыс  ойындарын  келесі  сабақ  басталғанға  дейін  5-6  минут 
қалғанда аяқтау қажет. 
Үлкен үзілістердегі қозғалыс ойындары мен дене жаттығуларын табысты ӛткізу кеп жағдайда спорттық 
жабдықтардың  (доптар,  секіртпелер,  шығыршықтар,  батпандар,  жалаушылар,  эстафеталық  таяқшалар 
және  басқалар)  қаншалықты  бар,  не  жоқтығына  және  жаттығу  ӛткізетін  орынның  дайындығына 
байланысты. 
Сыныптан  және  мектептен  тыс  спорт-кӛпшілік  жұмыстарына  спорт  секцияларындағы  сабақтарды 
ұйымдастыру,  сондай-ақ  денсаулық  және  спорт  күндерін  еткізу  енеді.  Бұл  жұмысты  дене  тәрбиесінің 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №2(45), 2015 г. 
40 
мұғалімі жүргізеді, әр түрлі секциялар құрылады, олардағы сабақтар аптасына 2-3 рет әткізіледі, жаттығу 
сабақтарының әрқайсысының ұзақтығы 1,5-2 сағат. 
ҚР-сы Үкіметінің «Дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын одан әрі арттыру туралы» қаулыларына 
сәйкес жалпы білім беретін барлық мектептерде ай сайын денсаулық және спорт күндері ӛткізіледі. Бұл 
шаралар  денсаулықты  нығайтуға,  Президент  сынамалары  нормаларын  тапсыруға  жақсы  дайындалуға 
кӛмектеседі,  оқушылардың  белсенді  демалуын  қамтамасыз  етеді  және  дене  тәрбиесімен  айналы-суға 
олардың қызығушылығын арттырады [6]. 
Денсаулық және спорт күндерінің бағдарламасына жаяу серуендеу, қозғалыс және спорттық ойындар, 
туристік жорықтар (жаяу, шаңғы және т.с.с), «Үміт сӛресі» бағдарламасы бойынша бұқаралық жарыстар, 
Президент  сынамаларының  нормаларын  тапсыру,  икемділік  пен  күш  кӛрсетуден  жарыстар,  шаңғымең 
шанамен, конькимен сырғанау енуі мүмкін. Осы спорттық жарыстардың ұзақтығы белгіленген нормадан 
аспауы керек. 
Мектептен тыс спорт-кӛпшілік жұмыстарды бұқаралық спорттық үйымдар мектеп және ата-аналармен 
тұрақты ӛзара жұмыс жасай отырып үйымдастырады. Оған балалар-жасӛспірімдер спорт мектептерінің 
(БЖСМ),  сауықтыру  лагерлерінің,  балалар  туристік  станцияларының,  «Жастар»  спорт  қоғамының,  су 
станцияларының,  оқушылар  үйлері  мен  сарайларының,  мәдениет  пен  демалыс  парктерінің,  сондай-ақ 
түрліше спорт клубтарының қызметі енеді. Соңғысы балалар арасында бұқара-лық ойындарды, аула және 
кӛше командаларының жарыстары мен спорттық кӛңіл кӛтерулерді ұйымдастырады [7]. 
Денсаулық жағдайында ауытқушылығы бар балалар, әсіресе оқу күнінің дүрыс режіміне, оның ішінде 
дене  шынықтыру-сауықтыру  шараларына  мұқтаж  болады.  Бұл  оқушыларға  дене  тәрбиесі  бойынша 
сыныптан тыс жұмыстарға (бұқаралық дене шынықтыру мейрамдары, серуендер, экскурсиялар) шамасы 
жеткенше қатысқаны ете пайдалы. 
Олар  үшін  күн  сайын  таза  ауада  2-2,25  сағат  демалудың  үлкен  маңызы  бар.  Демалыс  күндердегі 
серуенніңұзақтығы екі есе кебейтілуі тиіс. Мұндай қозғалыс режімі ӛзін-ӛзі сезінуге, дене дамуына және 
денсаулығы нашар оқушылардың жұмыс қабілетіне жағымды әсер етеді. 
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі кейбір ерекшеліктерге ие. Бастауыш сынып оқушыларының дене 
тәрбиесі бағдарламасындағы жалпы міндеттерді шешу, дене дайындығы қарастырылады. Оның мақсаты 
бастауыш  сынып  оқушыларында  таңдап  алған  спорт  түрі  үшін  ерекше  маңызды  дене  қасиетерін 
тәрбиелеу;  жанама-қолданбалы  қозғалыс  дағдыларын  қалыптастырып,  жетілдіру;  әр  түрлі 
кәсіби-ӛнідірістік  жағдайлардың  әсеріне  ағзаның  тұрақтылығын  арттыру.  Бастауыш  сыныптағы  дене 
тәрбиесінің әртүрлі формалары сабақ үдерісінде пайдаланады, бірақ олардың мазмұнында кӛп жағдайда 
бір-бірінен айырмашылықтар бар. 
Таңертеңгілік  гигиеналық  гимнастика  жалпы  дамытатын  және  кәсіби-қолданбалы  сипаттағы  дене 
жаттығуларынан  тұрады.  Ол  үй  жағдайында  ӛткізіледі,  жатаханада  жақсы  желдетілген  бӛлмеде,  ал 
мүмкіндік  болса  таза  ауада  ӛткізген  қолайлы.  Жаттығу  ұзақтығы  20-30  минут,  оның  ішінде 
кәсіби-қолданбалы  дене  дайындығына  5-7  минут  бӛлінеді.  Дене  жаттығуларының  кешенін  оқушының 
болашақ  мамандығының  ерекшеліктерін  есептей  отырып  дене  тәрбиесінің  оқытушысы  жасайды. 
Жатаханаларда гимнастиканы қоғамдық нұсқаушылар ӛткізеді. 
Кіріспе гимнастика сабақта және сабақтың алдында ӛткізіледі. Жаттығу дәліздерде, тынығатын және 
оқу  бӛлмелерінде,  таза  ауада  ұйымдастырылады.  Жаттығу  кешені  10-12  минутке  есептеледі.  Жалпы 
дамытатын және жалпы нығайтатын жаттығулармен бірге, оларға жұмыс кезінде негізгі ауырлық түсетін 
еттер  үшін  3-5  ар-найы  жаттығулар  қосылады.Дене  тәрбиесі  және  спортпен  күн  сайын  шұғылдану 
жасӛспірімге немесе қыз балаға ӛз денсаулығын нығайтуға, ауырмауына, ӛнімді еңбек етуіне, бос уақытын 
түрлендіре, қызғылықты ӛткізуіне кӛмектеседі. 
Қозғалыс  қимылдарына  үйрету  ерекшеліктері.  Қандай  да  болсын  дене  жаттығуларын  және 
жаттығулардың кез келген тобын үйрету тӛмендегідей ерекшеліктермен сипатталады. 
1. Оқушылардың белсенді қозғалыс қызметі - оқу материалын меңгерудің қажетті шарты. Баланың дене 
жаттығуларын үйренуі ӛзінде бар психикалық және дене күшін жұмсауды талап ететін оқу-еңбек қызметі. 
Жұмысқа  қабілеттілік  бірнеше  факторларға:  тұқым  қуалаушылық,  ӛмірде  жинақталған  және  нақты 
жағдайларға  бейімделу  қызметінің  тәсілдеріне  байланысты  Олар  кӛбірек  дамыған  сайын  адам  жоғары 
жұмыс қабілеттілігін кӛрсете алады. Жай уақытта адам ӛзінің жалпы жұмыс қабілеттілігінің белгілі бір 
бӛлігін ғана пайдаланылады. «Қор» деп аталатын басқа белігі ең жоғары талаптар қоятын жағдайларда 
ғана іске қосылуы мүмкін. Кездейсоқ жағдай жұмыс қабілеттілігі қорын кӛрсетуді арттырып қана қоймай, 
адам  қабілеттілігін  ең  жоғары  деңгейде  дамытады.  Ӛз  кезегінде  мұндай  қабілеттілікті  дамыту  әр  түрлі 
жағдайларға  байланысты.  Қимылды  үйретуге  қолданылатын  қолайлы  жағдайлар  үйрету  әдісін 
жетілдіргенде кӛрінеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(45), 2015 ж. 
41 
2. Қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастыру. Тек қана қимыл жүйесі оқушының дене дайындығының 
сипатын анықтайды. Бірақ жүйелер түрлерінің кӛп болуы нәтижесінде олар  дене тәрбиесінің бағытына 
және оның нақты міндеттеріне байланысты іріктеліп алынуы қажет [8]. 
Бұл жүйелерді анықтау тәсілдері бір не ӛзге қимылдарды пайдаланудың кӛп жылдық тәжірибесімен, 
олардың  теориялық  және  тәжірибелік  негізіне  сүйенеді.  Мысалы,  мектеп  бағдарламасы  үшін  дене 
жаттығулары жүйесін жасауда қолданбалылық қағидасына сүйене отырып, емірлік тәжірибемен ең тығыз 
байланыста болған қимылдар ғана іріктеліп аына-ды. Ол жүйе тәжірибеде ыңғайлы болуы үшін бірін-бірі 
қайталайтын қимылдар немесе екінші кезектегі қимылдар қолданылмайды. 
3.  Қозғалыс  қимылдарына  үйрету  дене  мүмкіндіктерін  қалыптастырумен  ӛзара  байланысты.  Екі 
процестің  ӛзара  шарттылығы  үш  бағытта  кӛрінеді:  кейбір  қозғалыс  қимылдарына  үйретуді  дене 
мүмкіндіктерінің  тиісті  деңгейінсіз  жүзеге  асыру  мүмкін  емес  (мысалы,  ӛрмелеуге  үйрету  қолдың 
жеткілікті жоғары күш-қуатын талап етеді); қозғалыс дағдыларының қалыптасуы дене мүшелерінің тиісті 
деңгейінің бір мезгілде артуымен қоса жүреді (мысалы, кіші допты лақтыруға үйрету күш, шапшаңдық 
мүмкіндігінің  ӛсуімен  қоса  жүреді);  қалыптасқан  дағдының  нәтижелілігі  арнайы  мүмкін-діктердің 
деңгейіне  байланысты  (мысалы,  қысқа  қашықтыққа  жүгіруге  үйреткенде  шапшаңдық  мүмкіндіктері 
дамытылады,  бірақ  олардың  дамуы  күш  пен  шыдамдылықтың  қолайлы  деңгейі  жағдайында  тиімді 
болады). 
4. Қимылға үйрету нәтижелілігі дене туралы білімнің қол жеткен дең-гейімен ғана емес, дене дамуының 
жинақталған  деңгейімен  де  анықталады.  Білім  жүйелерін  және  қимылды  меңгерудің  дұрыс 
ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстары дененің даму кӛрсеткішінің артуымен де қоса жүруі керек 
[9]. 
 
1
 
Матвеев  Л.П.  Общая  теория  спорта.  Учебная  книга  для  завершающих  уровней  высшего  физкультурного 
образования. –М. :Воениздат,1997. – 264-279б. 
2
 
Озолин Н.Г. Современная система спортивной тренировки – М.:ФиС, 1970 – 478б.   
3
 
Бозжанова К.Б. Бала туралы сӛз етсек.-Алматы: Мектеп,-1971,-71б. 
4
 
Каражанов Б.К. Основные понятия теории и методики физической культуры и спорта.- Алма-Ата КазИФК, 
1991. 
5
 
Вайцеховский С.М. Книга тренера.-М.:ФиС., 1971. 
6
 
Ахметова Ш. Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі дәстүрі. -Алматы: Мектеп, 1966,-25 б. 
7
 
Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания.-М.: ИП, 1990. – 287с. 
8
 
Коробейников  Н.К.,  Михеев  А.А.,  Николенко  И.Г.  Физическое  воспитание:  Учеб.  Пособие.-М.:Высш.шк., 
1989.-384 с. 
9
 
Воробьев А.Н. тренировка работоспособность реабилитация.-М.: Физкультура и спорт,1989.-272 с. 
Каталог: docs -> vestnik -> nach shkola i fiz podgotovka
vestnik -> Абай атындағы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
nach shkola i fiz podgotovka -> «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»
nach shkola i fiz podgotovka -> Хабаршы вестник «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»
nach shkola i fiz podgotovka -> Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет