«Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»


ЕР АДАМНЫҢ ТҤРЛІ ЖАС КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ АППАРАТ



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет7/24
Дата30.04.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

ЕР АДАМНЫҢ ТҤРЛІ ЖАС КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ АППАРАТ 
ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕЗЕРВІ 
 
Р.Ж.Нарибай –биология ғылымының кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Ер  адамдар  тыныс  аппаратының  резервтік  мүмкіншілігін  сипаттайтын:  ӛкпенің  тіршілік  сиымдылығы,  ӛмірлік 
индекс  және  ӛкпенің  ӛте  жоғары  желденуі  сияқты  кӛрсеткіштердің  жасқа  байланысты  динамикасы  зерттелінді. 
Бақылауға  жастары  12-ден  50  жас  аралығындағы  спортпен  шұғылданатын  және  спортпен  айналыспайтын  ерлер 
қамтылды  (барлығы60-ден  асатын  адам).  Негізінде  спортшыларда  сыртқы  тыныстық  қызмет  резервтерінің 
қалыптасуы 16-17 жаста аяқталады. Сонымен қатар, ер адамдардың студенттік жылдары спорттық жаттығулармен 
тыңғылықты шұғылданулары, кәмелеттік толысқан шақтарындағы жоғары тыныстық резерв дейгейінің сақталуына 
бірден-бір  себепші  екені  кӛрсетілген.  Осыдан,  адамның  респираторлық  аппаратының  жоғары  функционалдық 
жүктеме  кезіндегі  күштенуінен,  тыныс  бұлшық  еттерінің  ширыға  жұмыс  атқаруын  бағалайтын  жүйені  ӛңдеу 
қажеттілігі туындайды. 
Тірек сӛздер:тыныс аппаратының резервтік мүмкіншілігі,ӛкпенің тіршілік сиымдылығы, ӛмірлік индекс,ӛкпенің 
ӛте жоғары желденуі, тыныстың жасқа байланысты функционалдық динамикасы 
 
Адамның резервтік мүмкіншілік мәселесі, экстремалдік жағдайлардағы адам ӛмірінің фундаменталдік 
және қолданбалы аспектілерін зерттеуші мамандар назарында екені белгілі. Кез-келген бейімделіс, соның 
қатарында қарқынды инттелектуалді және бұлшықет қызметіне, қоршаған ортаның қолайсыз факторлер 
әсеріне  ағзаның  бейімделуі  –  оның  бүкіл  резервінің  тоғыса  бірігуі,  әсіресе  физиологиялық  резервінің 
жұмылдырылуы арқылы іске асады. Физиологиялық резерв эволюция үрдісінде қалыптасқан, мүшелердің, 
жүйелердің,  тұтас  ағзаның  тыныштық  жағдайымен  салыстырғандағы  ӛз  қызметінің  қарқынын  бірнеше 
есеге арттыра алу қабілеттілігі ретінде қарастырылады [1-3]. 
Негізінде, ағзаның функционалдық резерві адам денсаулығының дәрежесін анықтайды. Сондықтан да, 
академик Н.М.Амосов 1975ж. ӛзінде-ақ адам денсаулығының сандық бағалануының қажеттілігі туралы,ал 
функционалдық  резервті  басты  функционалдық  жүйелер  мен  мүшелердің  «резервтік  қуаттылық» 
жиынтығы  ретінде  қарастыру  керектігін  тектен-тек  айтып  ӛтпеген  [4].  Ал  тыныс  жүйесінің  резервіне 
қатыстысы,  ол  ӛкпе  желденуінің  артуы  мен  тыныс  бұлшықеттерінің  тӛзімділік  мүмкінішіліктерімен 
анықталады. 
Адамның  сыртқы  тыныс  резервін  зерттеп  білуге  деген  құштарлық,  респираторлық  аппараттың 
функционалдық  мүмкіншілігі  барынша  шексіз  деп  қалыптасып  қалған  кӛзқарасқа,  соңғы  уақытта, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(45), 2015 ж. 
33 
адамның жұмыскерлік қабылеттілігін шектеуші факторлерге,тек жүрек-тамыр жүйесі ғана емес, сонымен 
бірге  тыныс  бұлшықеттерінің  тез  қажуынан  туындайтынреспираторлық  жүйедегі  қиыншылықтар 
ықтималдығымен түсіндіріледі [5,6]. Бір жағынан тыныс бұлшықеттерінің жұмысы, тек ӛте максималдік 
режімде ғана емес, сонымен қатар ӛкпенің субмаксималдік желденуінде де, ӛте жоғары оттегін тұтыну 
шамасының 20-25%-на жете, оттегінің айтарлықтай шығындалуын құрайды. 
Ғылыми  әдебиеттер  мәліметтерін  жүйелей  талдау  барысы,  адам  тынысының  функционалдық 
резервінің  жастық  динамикасына  қатысты  мағлұматтарды  растайды.  Мәселен,  6  жастан  15  жас 
аралығындағы  ер  балаларда  бір  жағынан  тыныс  қызметінің  онтогенездік  дамуындағы  жеке  даралық 
айрықшылық  кӛрініс  тапса,  екіншіден  –  соматометрлік  кӛрсеткіштер  дамуына  байланысты  тығыз 
тәуелділік  байқалады  [7,8].  Назар  аударатын  жайт,  14-15  жастағы  жеткіншектер  тынысының 
функционалдық  резервінің  шектеулі  болуы,  сондықтан  жаттықтықтыру  жүктемесін  олардың  тыныс 
жүйесінің  жеке  даралық  мүмкіншілігін  есепке  ала  оңтайластыру  қажет  [9].  Осындай  кӛзқарастар, 
жеткіншектік  шақтағы  спортшылар  үшін  сыртқы  тыныс  қызмет  резервінің  аса  маңыздылығын  атап 
кӛрсеткен соңғы ғылыми еңбекте де [10] негізделе түседі.   
Ересек  адамдардың  функционалдық  резервін  бағалауда,  кӛптеген  зерттеуші  ғалымдар  мәліметтері 
бойынша 40 жастан соң респираторлық аппарат мүмкіншілігінің айтарлықтай тӛмендеуін атап ӛткен жӛн 
[11]. Егерде 20-29 жастағы ер адамдардың ӚӚЖЖ (ӛкпенің ӛте жоғарғы желденуі) шартты түрде 100% 
десек,  онда,  оның  деңгейі  40-59  жаста  77,3%-ды  құрайды.  Зерттеу  нәтижелері,  ер  және  әйелдердің 
респираторлық аппарат резерві мүмкіншілігінің айтарлықтай  тӛмендеуі 60-тан жоғары жаста жүретінін 
кӛрсетеді. Мұндай дәлелдемелер, тіпті жүгірумен белсенді шұғылданушыларда да байқалады. Олардағы 
ӛкпенің ӛте жоғары желденулері, 30 жастағылармен салыстырғанда 35%-ға тӛмендейтіні кӛрсетілген [12]. 
Қарт адамдардағы ӚӚЖЖ тӛмендеуінің басты себебінің бірі, ӛкпе созылғыштығының (эластика) жасқа 
байланысты нашарлауында деген жорамал бар. 
Адамның жұмыскерлік қабылеті мен сыртқы тыныс қызметінің резервтік мүмкіншілік арасында тығыз 
байланыстың барлығы жӛнінде, отандық және шет ел еңбектерінде оншалықты қарама қайшылық жоқ. 
Негізгі  сұрақ,  қоршаған  орта  жағдайының  ӛзгеруіне  адамның  бейімделу  сәтінде,  респираторлық  жүйе 
резервінің қандай жағдайда шешуші маңыздылығының артуында болып отыр. Спортпен айналыспайтын 
адамдардың дене жүктемесіне бейімделу үрдісінде сыртқы тыныс қызмет резервінің айрықша маңызды 
рӛлі кӛрсетілген [5]. 
Осы күнге дейінспортшылар мен спортпен шұғылданбайтындардың тыныстық функционалдық резерв 
деңгейлеріне қатысты қарама-қайшылықтар шешіле қоймаған мәселе. Кейбір деректерде адамның ӚӚЖЖ 
дәрежесі  50  литрден  180  литрге  [13]  дейін,  ал  басқаларда  –  125-тен  170  литрге  [14]  дейін  ауытқиды 
делінген. ӚӚЖЖ жеке даралық шамасының жоғары диапазоны: 50-ден 230 литрге дейін ер адамдарда, ал 
40-тан 170 литрге дейін әйелдерде кездесетіні келтірілген [15]. Осы автордың мәліметі бойынша тыныс 
бұлшықеттері жақсы жетілген спортшы ер адамдарда ӚӚЖЖ дәрежесі 350 литрге, ал споршы әйелдерде – 
250 литрге жеткен. 
Бұл  жұмыстың  мақсаты,  қозғалыс  белсенділігі  түрлі  режімдегі  (спортпен  шұғылданушылар  және 
спортпен  айналыспайтын)  ер  адамдар  жасын  есепке  ала  тыныс  аппаратының  функционалдық  резервін 
салыстырмалы бағалау болып табылады. 
Материалдар және әдістер 
Бақылауға  жеткіншектер,  жасӛспірім  және  ересек  спортшы  азаматтар  мен  спортпен 
шұғылданбайтындар орта жастағы ер адамдар қамтылды. Зерттеуге, бес топқа топтастырылған жалпы 60 
адам қатыстырылды. Алғашқы үш топқа: жеткіншек, жасӛспірім және ересек жастағы спортшы ер жігіттер 
қамтылды.  Тӛртінші  және  бесінші  топ  спортпен  айналыспайтын  жастар  және  толысқан  кәмелеттік 
шақтағылар топтастырылды. Мұнда, зерттелушілердің бесінші тобы студенттік кезеңде спортпен барынша 
шұғылданған ер адамдардан құралғанына кӛңіл аударта кеткен дұрыс. Зерттелген ер адамдар жасы 14-тен 
50 жас аралығын құрады. 
Зерттеу  жұмысы  бір  схема  бойынша  жүргізілді.  Алғашында  ВСВ-01  волюмоспирометр  кӛмегімен 
ӛкпенің тіршілік сиымдылығы (ӚТС) анықталынды. Әрбір зерттелушінің үш реттік ӛлшенілген ӚТС ең 
жоғарғы нәтиже есепке алынды. Сосын, тыңғылықты түсіндірілумен және дайындық кӛрсетілімінен соң 
ӛзіміз  ойластырған  модификацияланған  әдіс  бойынша  ӛкпенің  ӛте  жоғары  желденуін  анықтау  жүзеге 
асырылды. Бұл әдістің ерекшелігі, 30 секундтық ерікті максималді тыныс алу кезеңінде шығарылған дем 
ауасы  бір  ғана  ыдысқа  емес,  бұрынғы  тәсілдерден  ӛзгеше,  10  секундты  құрай  үш  Дуглас  қапшығына 
бӛлек-бӛлек жинақталды. Мұндай тестілеу нұсқасы бір жағынан ӚӚЖЖ дәрежесін кәдімгі процедураға 
сәйкес ӛлшеуді қарастырса, екіншіден зерттелушінің дүркін-дүркін уақыт аралығындағы максималді ӛкпе 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №2(45), 2015 г. 
34 
желденуіне  шыдамдылық  қабылетін  бағалауға  мүмкіндік  туғызады.  Бұндай  зерттеулер  тек,  тыныстың 
минӛттік кӛлемін (ТМК) ғана анықтауға байланысты емес, сонымен бірге Дуглас-Холден әдісі бойынша 
газ алмасуына да байланысты.Шығарылған дем ауасының газдық құрамын талдау ГВВ-2 аппаратында, ал 
оның кӛлемі ГСБ-400 типіндегі газ есептеуіш кӛмегімен анықталынды.   
ӚӚЖЖ анықтауда, тыныс жиілігі (ТЖ,цикл/мин) және тыныс тереңдігі, яғни тыныс кӛлемі (ТК, мл) 
тіркелінді.  ӚТС  және  ӚӚЖЖ  кӛрсеткіштерін  бағалау  үшін,  экстремалдік  зерттеу  үрдісінде  алынған 
олардың негізгі шамалары анықталынды [14,16]. Респираторлық аппарат мүмкіншілік резерві, ӚТС (мл) 
дене массасына (кг) бӛлгендегі бӛлінді, яғни ӛмірлік индекс негізінде де бағаланды. Бұл кӛрсеткіш шамасы 
спортпен айналыспайтындарда 60 литрді құраса, ал спортшы жігіттерде 68-70 мл құрады [17]. Бақылау 
нәтижелері вариациялық статистика әдісін қолданумен ӛңделінді. 
Нәтижелер және талдаулар 
Жалпы, адамның респираторлық аппарат мүмкіншілік резерві туралы пікірдің қалыптасуы, ӚТС мен 
ӚӚЖЖ-нің нақты және негізгі шамаларын салыстыруға мүмкіндік туғызады. 1-ші кестедегі мәліметтерді 
талдау  барысы,  жеткіншек-спортшылардың  нақты  ӚТС  деңгейі,  негізгі  дәрежеден  14,3%-ға  қалыс 
қалатындығын, ал жасӛспірімдер мен ересектерде керісінше ол кӛрсеткіш, одан 4,9% және 18,3%-ға асып 
түсетінін кӛрсетті. Ӛкпенің ӛте жоғары желденуіне келер болсақ, жеткіншек-спортшылардың нақты және 
негізгі  шамалары  арасындағы  болмашы  ғана  айырмашылықтың  барлығы,  ал  жасӛспірім  және  ересек 
спортшыларда ӚӚЖЖ нақты дәрежесі 22,2% және 40% артқаны байқалды. ӚТС және ӚӚЖЖ-нің негізгі 
деңгейлері,  күнделікті  белгілі  қозғалыстық  режімдегі  аламдарға  орайластырылған  формула  бойынша 
анықталғанын айта кету керек. 
1-ші кестеден тыныс бұлшықеттерінің ӛкпенің ӛте жоғары желдену режіміндегі жұмысы, шын мәнінде 
1  л/мин  дәрежесінен  аса  түсетін  оттегін  тұтыну  бойынша  талдасақ,  онда  біршама  энергия  жұмсалумен 
атқарылатындығын  кӛруге  болады.  Басқаша  айтқанда,  респираторлық  тыныс  еттерінің  жұмысына 
жұмсалынған оттегі мӛлшері, ӛте жоғары оттегін тұтынудың 20-25%-на жетеді. Жасӛспірімдер мен ересек 
спортшылардың бір литр желдену ауасындағы оттегі құндылығы 5,33-6,43 мл шамасында ауытқитынына 
назар аударған жӛн. 
1-ші  кестеде  келтірілген  эксперименттік  мәліметтер,  жеткіншек-спортшылардың  (14,7±0,65  жас) 
респираторлық  аппаратының  резервтік  мүмкіншілік  кӛрсеткіштері,  жасӛпірімдер  (16,6±0,41  жас)  мен 
ересек (22,8±3,2 жас) спортшылар кӛрсеткіштерінен айтарлықтай қалыс қалатындығын дәлелдей түседі. 
Әңгіме тек, жасӛспірімдер мен ересектердің, жеткіншектерге қарағанда ӚТС және ӚӚЖЖ дәрежелерінің 
абсолюттік  деңгейлерінің  біршама  жоғарылығында  емес,  сондай-ақ  дене  массасын  есепке  алғандағы 
функционалдық резерв кӛрсеткішін салыстыру жайында болып отыр. Мысалы, жасӛспірімдер мен ересек 
спортшылардың  ӛмірлік  индексі  орташа  12,2%  және  14,2%-ға,  ал  ӚӚЖЖ  –  9,7%  және  16,4%-ға 
жоғарылаған.  Осы  бақылау  нәтижелеріне  сүйенсек,  спортшылардың  респираторлық  аппаратының 
резервтік мүмкіншілігінің қалыптасуы негізінде 17 жаста аяқталады деп тұжырымдаға болады . Сондай-ақ, 
жасӛспірімдер  мен  ересек  спортшылардың  сыртқы  тыныс  аппаратына  түсірілген  максималді  жүктеме 
кезіндегі функционалдық резервтерін жұмылдырылу механизмінде айырмашылықтар байқалады. Едеуір 
жас спортшылар ӛкпесінің максималді желдену дәрежесі, тыныс компонентінің жиілену (тыныс жиілігі 
минӛтіне орташа 100 циклге жетеді) есебінен жоғарыласа, сонда тыныс кӛлемі, ӚТС-ның 37,2%-ын ғана 
құрайды  екен.  Бұл  жерде  кӛңіл  аудартатын  жайт,  ғылыми  әдебиет  мәліметтері  бойынша  тыныстық 
кӛлемнің оңтайлы деңгейі, ӚТС 45-55%-на шамалас болады [18]. Ересек спортшылардың тыныс жиілігі 
мен  тыныс  кӛлемінің  арасында  біршама  оңтайлы  қатынастың  барлығы  білінеді.  Тыныс  жиілігі  орташа 
минӛтіне 90 циклге жетсе, ал тыныс кӛлемі, ӚТС-ның 42,6%-ын құрайды. 
1-ші  кестеде  спортшылар  нәтижелерімен  бірге,  спортпен  шұғылданбайтын  жас  ер  азаматтардың 
(19±0,3)  және  ересектердің  (44±6,8)  респираторлық  аппарат  қызметінің  резерві  туралы  ақпараттар  да 
берілген.  Біршама  жас  айырмасының  барлығына,  тіпті  25жасқа  да  қарамастан,  бұл  екі  топтағы  ер 
адамдардың  ӚТС  және  ӚӚЖЖ  кӛрсеткіштерінің  сәйкестігі  жақын.  Мәселен,  ӛкпенің  тіршілік 
сиымдылығының нақты шамасы негізгі шамадан аз ғана ӛсімділікті кӛрсетсе, ал ӛкпенің ӛлшенілген ӛте 
жоғары желдену кӛрсеткіші есептелінген шамадан екі топта да (26,3% бен 62,1%) басымырақ. 
Бұл  бақылаулар  нәтижесі,  қозғалыс  белсенділігі  күнделікті  режімдегі  50  жасқа  дейінгі  ер  адамдар 
респираторлық  аппаратының  резервтік  мүмкіндігі,  20  жастағы  жігіттер  деңгейіндей  сақталыну 
ықтималдығын дәлелдей түседі. Осы тұрғыдан біз жүргізген бақылау нәтижелері, 40 жастан соң адамның 
репираторлық  аппарат  мүмкіншілік  резерві  айтарлықтай  тӛмендей  түседі  деген  пікірдегі  әдебиет 
мәліметтерінен  алшақтайды.  Бір  жағынан  жүргізілген  зерттеулер,  спортшылар  мен  спортпен 
шұғылданбайтындар  арасындағыӚӚЖЖ-інің  нақты  шамаларында  ешқандай  айырмашылықтың 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(45), 2015 ж. 
35 
жоқтығын  кӛрсетеді.  Тіпті,  біздің  бақылауға  алып  зерттелінген  спортшылардағы  ӚӚЖЖ-інің  нақты 
кӛрсеткіші,  негізгі  шамадан  әжептеурім  кӛбірек  екенін  аңғаруға  болады,  алайдаӛкпенің  ӛте  жоғары 
желденуінің осындай ӛсу деңгейін жалпылама оң мәнді деп сипаттауға бола қоймас, ӛйткені алдында атап 
ӛткеніміздей  бұл  кӛрсеткіш,  спортпен  шұғылданбайтын  денсаулығы  мықты  ер  адамдарға  лайықты 
оңтайластырылған  формуламен  есептелінген.  Жоғары  білікті  спортшылардың  негізгі  ӚӚЖЖ  шамасын 
есептеу үшін, олардың респираторлық аппаратының қызметтік резерв дәрежесіне мұқият салыстырмалы 
болжам жасалуын қамтамасыз ететін мұндай формулалар қажет. Жоғары білікті спортшылардың негізгі 
ӚӚЖЖ  шамасын  есептеу  үшін,  қарапайым  формула  ӛңделініп  негізделінді.  Бұл  формула  бойынша 
ӚӚЖЖ негізгі шамасының дәрежесі, ӛкпенің тіршілік сиымдылығының жартысын, минӛтіне 90 циклді 
құрайтын  тыныс  жиілігіне  кӛбейткендегі  кӛбейтіндіге  тең  болады.  Егер,  ересек  спортшылардың  нақты 
ӚӚЖЖ есептеуге осы формуланы пайдаланса, онда ол 141,2 литрге емес, 241,9 литрге сәйкес келеді (1-ші 
кестедегі  мәлімет  бойынша).  Олай  болса,  зерттелінген  споршылардың  респираторлық  аппаратының 
қызметтік резерві, шындығында негізгі шамадан әжептеурім тӛмен болғаны. 
 
Кесте 1. Жеткіншек, жасӛспірім спортшы ер балалар мен спортшы жігіттер, спортпен шұғылданбайтын 
ересектер мен орта жастағы ер адамдар тыныс аппаратының резервтік мүмкіншілік кӛрсеткіштері 
 
 
*1 – жеткіншек ұлдар; 2 – жасӛспірім спортшылар; 3 – ересек спортшы жігіттер; 4 – ересек жастағы 
спортпен шұғылданбайтын ер адамдар; 5 – спортпен шұғылданбайтын орта жастағы ер адамдар 
 
Сонымен,  жүргізілген  зерттеу  нәтижелерін  жалпы  түйіндей  келе,  келесі  жайттарды  атап  ӛту  керек. 
Шын мәнінде, ӛкпенің ӛте жоғары желденуі, тыныс жүйесінің қызметтік қабылеттілігін және механикалық 
желдену қасиетін толық айқындай алатын кӛрсеткіш болып табылады.   
Алынған  мәліметтер  бойынша  жасӛспірім  спортшылардың  кӛрсеткіштері,  тек  17  жаста  ғана 
ересектермен  теңесе  алады  деп  айтуға  болады.  Бұл  тұрғыдан  біз  жүргізген  зерттеу  жұмыстарының 
нәтижесі, спортшы-жеткіншектердің респираторлық аппаратының резервтік мүмкіншілігінің шектеулігін 
дәлелдейтін ғылыми әдебиеттік мәліметтермен сәйкес келеді. 
Жоғарыда айтып ӛткендей, ӚӚЖЖ кӛрсеткіші тек спортпен шұғылданатындар да ғана емес, сонымен 
бірге спортпен айналыспайтын адамдарда да негізгі шамадан айтарлықтай басым түсетінін кӛреміз. 1-ші 
кестедегі  мәліметтерді  талдаулардан,  спортшылардың  ӚӚЖЖ  аюсолюттік  дәрежесі,  спортпен 
шұғылданбайтындар кӛрсеткішінен айырмашылық мәні болмашы ғана екенін кӛреміз. Мұндай нәтижелер, 
спортшылардың  ӚӚЖЖ-ніңқанағаттандырмайтын  деңгейі  туралы  тұжырым  жасауға  жеткілікті  негіз 
болып  табылады.  Спортшылардың  ӚӚЖЖшамасының  тӛмендігі,  оны  спорттық  жетілдіру  үрдісінде, 
олардың  сыртқы  тыныс  резервінің  дамуына  барынша  кӛңіл  аудармағандықтан  бәсең  болатынын 
дәлелдейді.  Респираторлық  аппараттың  резервтік  мүмкіншілігін  жоғарылату  жӛніндегі  қамқорлыққа 
қадам жасау, әсіресе, баптандыру және жарыстық сипаттағы жүктемелерді орындау сәттері сыртқы тыныс 
қызметін  қуатты  жұмылдырумен  жүзеге  асып,  соның  нәтижесінде  жұмыстық  гиперпное  деңгейі  кейде 
минӛтіне 200 литрге дейін кӛтерілетін спорттың циклді түрлерімен айналысатындар үшін ӛзекті мәселе 
болыр отыр (18). 
Біздің мәліметтер бойынша дене салмағының әр кг-на шағып есептегендегі ӚӚЖЖ дәрежесі, циклді 
спорт түрімен шұғылданатын спортшыларда 3,5-4 литрден кем болмауы керек. Демек, дене массасы 75 кг 
құрайтын спортшыда ӚӚЖЖ 300 литр болуы тиіс. 
Студенттік  жылдары  спортпен  айналысқан  ересек  ер  адамдар  ӚӚЖЖ  анықтау  күтпеген  нәтижені 
кӛрсетті.  Кейіннен,  олардың  ӚӚЖЖ  деңгейі,  спортпен  шұғылданбайтын  19  жасар  студенттерден  кем 
Зе
рт
те
лу
ш
іл
ер
 т
оп
та
ры

Би
ом
ет
ри
ял
ы
қ 
кӛ
рс
ет
кі
ш
те
р 
Ж
ас
ы
, т
уғ
ан
 ж
ы
лы
 
Бо
йы
, с
м
 
Д
ен
е 
са
ла
м
ғы
, к
г 
Ӛкпенің тіршілік сиымдылығы 
Ӛкпенің ӛте жоғары желденуі 
Негізгі 
(кӛлем) 
Нақты 
негізгі 
нақты 
кӛлем 
ТЖ, 
цикл/
мин 
ТК, 
мл 
Оттегін тұтыну, мл 
мл 
мл/кг 
мл 
мл/кг 
л 
л/кг 
л 
л/кг 
мин 
кг 
ӚӚЖ
Ж бір 
кг 
шаққа
нда 


14,7 
170,7 
58,1 
4435 
76,3 
3800 
65,5 
130,0 
2,24 
138,7 
2,38 
 
 
 
 
 
σ 
0,65 
5,7 
5,03 
146 
6,3 
360 
5,42 
8,5 
0,33 
23,3 
0,35 
 
 
 
 
 


16,61 
177,1 
65,1 
4564 
70,1 
4790 
73,46 
138,5 
2,13 
169,3 
2,61 
99,4 
1782 
1082 
16,74 
6,43 
σ 
0,41 
5,2 
6,0 
515 
5,65 
540 
5,92 
17,5 
0,22 
21,4 
0,27 
18,0 
594 
147 
2,38 
0,90 


22,8 
181,1 
71,9 
4542 
63,1 
5375 
74,8 
141,7 
1,97 
198,4 
2,77 
89,6 
2291 
1137 
15,91 
5,77 
σ 
3,2 
4,9 
5,0 
123 
3,59 
770 
8,99 
12,0 
0,16 
17,8 
0,26 
17,7 
771 
207 
3,37 
1,0 


19,0 
175,3 
67,0 
4472 
66,8 
4620 
69,3 
138,6 
2,07 
175,1 
2,64 
89,9 
2059 
908 
13,86 
5,33 
σ 
0,33 
7,3 
10,9 
50 
10,7 
936 
6,93 
22,2 
0,33 
33,0 
0,42 
17,8 
694 
129 
3,14 
1,05 


44,6 
175,4 
75,7 
3969 
52,4 
4575 
60,8 
113,1 
1,149 
183,3 
2,42 
78,3 
2363 
1171 
15,43 
6,38 
σ 
6,8 
1,1 
4,3 
50 
2,62 
61 
3,18 
11,3 
0,8 
15,6 
0,09 
10,4 
287 
237 
2,11 
1,09 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №2(45), 2015 г. 
36 
түспейтіні  анықталды.  Бұдан  басқа  да,  ересек  ер  адамдар  ӚӚЖЖ  дәрежесі  жоғары  білікті  споршылар 
кӛрсеткіштерінен болмашы ғана айырмашылықтар барлығы білінді. Жастық шақтаспортпен тыңғылықты 
айналысу,  ұзақ  жылдарға  адамның  респираторлық  аппаратының  резервтік  мүмкіншілігінің  жоғары 
деңгейдесақталуына кепіл болуы да әбден мүмкін. 
Шешімін  табу  қажеттілігі  бұрыннан  туындаған  тағы  да  бір  сұрақтың  пісіп  жетілгені  анық.  Әңгіме, 
жоғары  функционалдық  жүктеме  жағдайында  адамның  респираторлық  аппарат  қызметінің  күштенуін 
бағалау  жүйесі  осы  сәтке  дейін  ӛңделініп  жасала  қоймаған.  Осыған  байланысты,  біздің  кӛзқарасымыз 
бойынша,  тек  сол  мезеттегі  ӛкпенің  желдену  дәрежесіне  ғана  емес,  оның  ӚӚЖЖ-іне  қатынасына  баса 
назар  аудару  қажет.  Бұған  байланысты,  аэробті  қуатты  бұлшықет  жұмысын  бағалауда  қолданылатын 
жүктеме градациясын критерийлік сапа ретінде қабылдауға да болады. Мысалы, егер тыныстың минӛттік 
кӛлемі ӚӚЖЖ-інің 40-50%-ын құраса, онда респираторлық аппаратқа түсетін жүктеме сылбыр қарқынды 
ретінде  бағаланады,  ал  ТМК,  ӚӚЖЖ-інің  55-65%,  70-80%,  85-90%  дәрежелі  кезінде  респираторлық 
бұлшықеттер қызметінің күштенуі орташа, субмаксималді және ӛте жоғарыға жақын сипатқа ие болады. 
Жалпы  алғанда  жүргізілген  зерттеу  нәтижелері,  спортшыларды  баптандыру  бағдарламаларын  ӛңдеп 
құрастыру  кезінде,  әртүрлі  жас  кезеңдеріндегі  ер  адамдардың  респираторлық  аппаратының  резервтік 
мүмкіншілікдинамикасын дамыту үшін ӛздеріне тән ерекшеліктерін назарға алу қажеттілігін дәлелдейді. 
Біздің кӛзқарасымыз бойынша, адамның бейімделу үрдісін қамтамасыз етуде респираторлық жүйенің шын 
мәніндегі маңыздылығын  бағалауға  қатысты мәселе, әліде терең зерттелуді талап етеді. Респираторлық 
жүйенің резервтік мүмкіншілігінің жастық динамикасын, адамның тек жас шағында емес, ересек толысқан 
кезінде де зерттеу керектігі жӛнінде сіңісіп қалған кейбір ескі кӛзқарастарды түбегейлі қайта қарастыру 
мезгілі жеткен сияқты. 
 
1
 
Мозжухин  А.С.  Характеристика  функциональных  резервов  //  Проблемы  резервных  возможнестей  человека. 
Сборник научных трудов. – М., 1982. – С. 43-50. 
2
 
Давиденко  Д.Н.  Общие  и  частные  проблемы  функциональных  резервов  адаптации  организма  к  мышечной 
деятельности // Функциональные резервы и адаптация. Материалы Всесоюзной научной конференции. – Киев, 1990. - 
С. 157-161. 
3
 
Давиденко  Д.Н.  Резервы  адаптации  организма  человека  //  Тез.  Докл.  Международной  научной  конференции 
«Адаптация организма к природным и экосоциальным условием среды».– Бишкек, 1998. – Часть 2. - С. 29-30. 
4
 
Амосв Н.М., Бендет Я.А. Физическая активность и сердце. – Киев: Здоровья, 1975. – 255 с. 
5
 
Кучкин С.Н. Резервы дыхательной системы и аэробная производительность организма: Автореф. дисс ... докт. 
мед. наук: 140017/. В надзаг.: Казанский государственный медицинский институт. – Казань, 1986. – 48 с. 
6
 
Исаев Г.Г. регуляция дыхания при мышечной работе. – Л.: Наука. 1990. – 120 с. 
7
 
Кузнецова  Т.Д.,  Гурова  О.Л.,  Самбурова  И.П.  и  др.  Особенности  возрастного  развития  системы  дыхания  у 
детей 6-15 лет // Физиология человека, 1991. Т.17, №5. – С. 142-150. 
8
 
Кузнецова Т.Д., Разживина И.И. Индивидуальные особенности развития дыхательной функции у детей от 7 до 
8 лет // Физиология человека, 1994. Т.20, №5. – С. 68-73. 
9
 
Босенко  А.И.,  Беликова  А.Г.,  Цонева  Т.К.  и  др.  Оценка  резервных  возможностей  дыхания,  кардио-  и 
гемодинамики юных спортсменов // Гигиена и санитария, 1985. -№2. – С. 20-22. 
10
 
Ванюшин  Ю.С.  Показатели  кардиреспираторной  системы  у  спортсменов  разного  возраста  //  Физиология 
человека, 1998. - Т.24, № 3. – С. 105-108. 
11
 
Глебовский В.Д., Анохин М.И., Коркушко О.В. и др. Дыхание // М.: БМЭ, 1977. – С. 510-522. 
12
 
Johnson B.D.,Reddan W.G.,Pegelov D.F. et al.Flow limitation and regulation of functional residual capacity during 
exercise in a physically active aging population // Amer. Rev.Respir.Disease. -1991. -143, № 5,1.- P.960-967. 
13
 
Исеев Л.Р., Переслегин И.А. Легочная вентиляция // БМЭ, 1980. – Т. 12. –С. 427-428. 
14
 
Комро Дж. Г., Форстер Р.Э., Дюбуа А.Б. и др. Легкие. Клиническая физиология и функциональные пробы. – М.: 
медгиз, 1961, - 196 с. 
15
 
Пономарев  В.П.,  Фуекциональные  резервы  дыхания  //  В  кн.:  Характеристика  функциональных  резервов 
спортсмена. Сборник научных трудов. – Л.: 1982. – С. 18-24. 
16
 
Baldwin  E.  De  F.,Cournand  A.  ,  Richards  D.W.  Pulmonary  insufficiency.I.Methods  of  analysis,  physiologic 
classification, standard values in normal subject // Medicine, 1948. -27, s.243-248. 
17
 
Дембо А.Г. Исследование функционального состояния системы внешнего дыхания. / Спортивная медицина. – 
М.: Физкультура и спорт, 1975. – С. 147-175. 
18
 
Михайлов В.В. Дыхание спортсмена. – М.: Физкультура и спорт, 1983. – 103 с. 
 
Каталог: docs -> vestnik -> nach shkola i fiz podgotovka
vestnik -> Абай атындағы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
nach shkola i fiz podgotovka -> «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»
nach shkola i fiz podgotovka -> Хабаршы вестник «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»
nach shkola i fiz podgotovka -> Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет