«Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет6/24
Дата30.04.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Резюме 
И.Құрманәлі, А.Жұмағұлов – магистрант 2-курса специальности физическая культура и спорт,КазНПУ им.Абая 
институт PhDдокторантуры и магистратуры, Научный руководитель: д.п.н., профессор Ильясова А.Н. 
«Особенности обучения техники вольной борьбы школьникам» 
В  статье  говорится  о  том,  что  базовая  техника  должна  обеспечить  формирование  в  сознании  обучаемого 
представлений  об  основных  требованиях  к  организации  движений  с  учетом  смысла  и  условий  решаемой 
двигательной задачи. В соответствии со смыслом двигательной задачи базовые действия структурируются в сознании 
обучаемого,  превращаясь  из  предмета  преподавания  в  предмет  научения,  определяясь  как  условия  восприятия, 
формирования, запоминания, воспроизведения операций в их логической последовательности. Таким образом, овла-
деть базовой техникой вольной борьбы — значит научиться правильно ставить перед собой цель и реализовать ее в 
последовательности обязательных операций и действий в их целостной динамике. 
Ключевые слова: борьба, техника, тактика, тренировка, физическая подготовка, спортсмены, методика обучение 
 
Summary 
I.Kurmanali, A.Zhumagulov - 2-course undergraduate specializing in physical culture and sport,Named afterAbai Kazakh 
National Pedagogical Institute PhD doctoral and graduate, Scientific adviser: Ph.D.,ProfessorIlyasovaA.N. 
«Featurestrainingequipmentfreestyle wrestlingschoolboys» 
That the basic equipment has to provide formation in consciousness of the trainee of ideas of the main requirements to the 
organization of movements taking into account sense and conditions of the solved motive task. According to sense of a motive 
task basic actions are structured in consciousness of the trainee, turning from a teaching subject into a learning subject, being 
defined as conditions of perception, formation, storing, reproduction of operations in their logical sequence.Thus, to ovlakdet 
basic  technology  of  free-style  wrestling  -  means  correctly  to  learn  to  set  before  itself  the  purpose  and  to  realize  it  in  a 
posledovatelknost of obligatory operations and actions in their complete dynamics. 
Keywords: fight, technique, tactics, training, physical training, athletes, techniquetraining 
 
УДК: 796.853.23 
 
ЕРКІН КҤРЕС ТҤРІНДЕ БАСТАПҚЫ ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫНЫҢ ІРІКТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
А.Жҧмағҧлов, И.Қҧрманәлі – Абай атындығы ҚазҰПУ-нің 2-курс магистранттары, 
Ғылыми жетекші: п.ғ.д.,профессор А.Н. Ильясова 
 
Мақалада  кӛпжылдық  жаттығу  күресшінің  жаңадан  спортқа  келгеннен  спорт  мастері  болғанға  дейінгі  ұзақ 
уақытты (5-12 жас аралығы) қамтып, ережеге сәйкес, 6-8 жыл аралығында қаблетті жас күресшілер алғашқы жоғары 
жетістікке (спорт шебері нормативтерінің орындалуы), ал жоғары жетістікке 9-10 жылда арнайы дайындықта жететуі 
қарастырылады.  Зерттелген  мәселеге  қатысты  қарастарылатын  негізгі  және  міндетті  тақырыптар:  жастар  мен 
жасӛспірімдердің жас ерекшеліктері, кӛпжылдық дайындықтың  негізгі әдістемелік ережелері, дайындық кезеңдері 
және олардың жылдық алған білімімен ӛзара байланысы, жас күресшілердің дене қасиетін дамытуға байланысты жас 
ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  жаттықтыру  процесін  жыл  сайын  оқытудың  жеңілдетілген  бағыттары,  оқу 
топтарының  толықтылығы  және  БмЖСМ-гі  еркін  күрес  бойынша  бастапқы  дайындық  кезеңдеріндегі 
оқу-жаттықтыру жұмыстарының күнтізбесі болып табылады. 
Тірек сӛздер: күрес, техника, тактика, жаттығу, дене дайындығы, спортшылар, іріктеу 
Ӛзектілігі.  Әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарынан  орын  алу  Қазақстан  Республикасының 
стратегиялықбасты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №2(45), 2015 г. 
28 
қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен 
шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.   
Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және халықаралық жарыстарға жеке спорттық 
команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық 
жұмыс  екендігін  ескере  келіп,  болашақ  сапалы  спортшы  ізбасарларды  дайындау  қазіргі  кезде 
Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады.   
Денемәдениеті  және  спорттеориясы  мен  тәжірибесініңнегізін  қалаушыларжасспортшылар  дайындық 
жүйесін спорт теориясымен практикасының негізі ретінде, ал спорттағы іріктеуді – спорт әлеміндебірінші 
тұрған негізгі шарт ретіндеқарастырған. 
Спорт  резервіндегідайындық  пен  іріктеубұл  ұзақ  жылғы  оқу-дайындықүрдісінің  қажеттілігінен 
туындаған. 
90-шы  жылдардан  қазірге  дейін  жаттықтырушылар  спорт  мәдениетінің  қызметкерлері  іріктеу 
жүйесінжетілдіру  сапасын  жақсарту  жӛнінен  бастамалар  кӛтерді.  Бұл  жаңа  әдістемелік 
зерттеулердіңжоқтығына заманауи кезеңде акселерация қатарының кемістігіне байланысты. 
Бүгінгі  таңдағылым  алдында  тұрған  ең  маңызды  сұрақтардың  бірі  келешекспортшыларды  іріктеу. 
Сондықтан жоғарыда айтылған фактылар жас және қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі еркін күреске 
оқу-жаттығу  кезеңінде  дене,  техникалық,  психологиялық  және  психофизиологиялықдайындығын 
кӛрсететін модельді мінездеме жасалды. 
Зерттеу  мәселесі:  Спорт  түрлерінің  қайсысы  болмасын  ӛз  қатарларында  ең  мықты,  ең  шебер 
спортшылардың  болуын  қалайды.  Ал  болашақта  ең  үлкен  спорттық  жарыстарда  жеңіске  жете  алатын 
ізбасарды іздеу, спорттық мектептердегі бастапқы дайындық тобынан басталады. Осы іріктеу мәселесіне 
байланысты, оның сапалы болуына арналған ғылыми ізденістер мен жасалған тәжірибелерді шартты түрде 
тӛмендегідей  бағыттарға  бӛлуге  болады,  оларға:  акселерациялық  ӛсудің  ықпалы;  антропометриялық 
кӛрсеткіштердің  әсері;  паспорттық  және  биологиялық  жас  әсері;  спортқа  ерте  келу  мәселесі;  жаттығу 
жұмыстарын жоспарлау мен жаттығу жүктемелерінің орны; спорттағы қазіргі техника мен технологияны 
қолдану; допинг мәселесі. 
Зерттеудің ғылыми болжамы. Бастапқы дайындық топтарына келген жас балалар ӛздерінің қай спорт 
түріне бейімі бар екендігін білмей келеді. Осы жағдайды зерттеу болашақта балалардың спорт түрлеріне 
бейімділігін  ерте  кезден  анықтауға  кӛмектесіп,  жаттықтырушыларға  балалардың  денсаулығын 
сақтауларына, спортқа дарынды балаларды ерте кезден анықтауға және отандық спорттың сапалы сатыға 
кӛтерілуіне кӛмектеседі. 
Зерттеу нысаны.Бастапқы дайындық топтарындағы еркін күрес түрімен айналысушы балалар. 
Зерттеу  пәні.Жасӛспірім  еркін  күрес  спортшыларымен  ӛткізетін  оқу-жаттығу  жұмыстарының 
мазмұны. 
Зерттеу  мақсаты.  Жасӛспірім  еркін  күрес  спортшы  ізбасарлар  дайындау  мақсатында  бастапқы 
дайындық  топтарындағы  жұмысты  жүргізу  әдістемесін  ӛзгерте  отырып,  балалардың  спорт  түріне 
бейімділігін анықтау.   
Зерттеу міндеттері: 
жасӛспірім спортшы ізбасарлар даярлаудағы қазіргі проблемаларды анықтау; 
бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығужұмыстарының мазмұны мен міндетін зерттеу; 
спортшы  балалардың  дене  қабілеттері  мен  физиологиялық  ӛсу  ерекшелігін  анықтай  отырып  спорт 
түрлеріне балалардың бейімділігін анықтауға жол ашу; 
болашақ  спортшы  ізбасарларды  үлкен  дене–күш  жүктемелеріне  дайындықтарын  арыттыру  арқылы 
спорттық шеберлікке жетудің тиімді жолдарын кӛрсету; 
спортшы  ізбасарларды  іріктеу  мақсатында  спорт  мектептеріндегі  оқу-  жаттығу  бағдарламаларын 
жетілдіру. 
Зерттеу  әдістері.педагогикалық  әдебиеттерге  шолу,  анкета-сұхбат  жүргізу,тесттік-сынақтаралу, 
педагогикалықтәжірибе жүргізу. 
Қазақстан  Республикасындағы  дене  шынықтыру  және  жоғары  жетiстiктер  спортының  жай-күйi, 
әлемдiк  спорт  дамуының  қазiргi  заманғы  үрдiстерi  республикада  спортты  дамыту  жӛнiнде  түбегейлi 
шұғыл  шаралар  қабылданбайынша  Қазақстандық  спортшылардың  әлемдiк  аренадағы  кӛрсеткiштерi 
тӛмендей беретiнiн кӛрсетiп отыр. 
Халықаралық  стандарттардан  қалуымыздың  себебi  ең  алдымен  бүгiнгi  күнi  әлемдiк  биiк  талаптарға 
жауап  беретiн  қазiргi  заманғы  спорт  базаларының  аздығы  және  спортшы  даярлаудың  жаңа 
ғылыми-әдістемелерінің әлсіз дамуы болып табылады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(45), 2015 ж. 
29 
Қазiргi  заманғы  спорт  деңгейi  ӛзiнiң  даму  сатысында  спорттық  нәтижелердiң  ӛсуiнде  ғылыми  және 
инженерлiк  жетiстiктерге  негiзделген  жаңа  кӛзқарастарға  маңызды  рӛл  бередi.  Жаңа  спорт 
ареналары,жаттығулар  мен  жарыстар  үшiн  арнайы  жағдайлар  жасау  iсiндегi  жаңа  жетiстiктер,  арнайы 
киiм,  құрал-сайманмен  жарақтандыруды  қолдану  және  құрастыру  әлемнiң  мықты  спортшыларының 
кӛрсеткiштерiн  күрт  жақсартуға  жеткiздi,  ХХI  ғасырға  спорттың  қандай  негiзгi  бағыттарда  қарыштап 
енетiнiн кӛрсетіп отыр. 
Республика  халқының  дене  қозғалысы  белсендiлiгiнiң  тӛмендiгi  жүрек-қан  аурулары  мен  тыныс 
жолдары органы ауруларынан ӛмiр сүру жасының қысқартуына әсер етіп және ӛлiм деңгейiнiң жоғары 
болуына  әкеп  соқтыратын  факторлардың  бiрі  болыпотыр.  Ел  тұрғындарының  тұратын  аймағына  қарай 
5-тен  10,5  пайызы  ғана  дене  шынықтырумен  және  спортпен  жүйелi  түрде  шұғылданатындығы  белгілі 
болып отыр. Осы жағдайды шұғыл түзету үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев ӛзінің 2014 жылғы жолдауында 
Бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 2030 жылға дейін 70 %-ға жеткізу қажеттігін атап кӛрсетті. 
Іріктеу кезінде тӛмендегі жайттардың іріктеуге қатысушының бойында бар болуын ескеру: 
1. Ӛзін-ӛзі жақсы кӛру мен ар–намысының күштілігі; 
2. Тұрғылықты орны мен негізгі жаттығу базасының арасындағы қашықтықтың жақындығы; 
3. Кӛп кӛлемдегі жаттығуларды орындауға септігін тигізетін, жоғары дегейдегі тӛзімділік; 
4. Тепе-теңдікті сақтай алу (координация) дарындылығы. Күрес тепе-теңдікті жақсы сақтай білуді талап 
етеді. Бұл қасиетті жетілдірудің нәтижелілігі тепе-теңдікті сақтай алу қасиетіне тәуелді.   
5.  Бойдың  ұзындығы.  Бойдың  ұзын  болуы  жоғарытық  жетістіктерге  жетуге  септігін  тигізеді  деп 
есептеуге негіз бар.   
6. Спортшылар жанұясынан шығу.   
Жоғарыда келтірілген  ұсыныстарды  талдай келе, олардың негізінде жетіліп, дамуы гелетика  заңына 
сәйкестендірілген адамның анағұрлым орнықты мінездемелері жатқанына кӛз жеткіздік. 
Еркін  күрес  үйірмесіне  барлық  ниет  білдірген  балаларды  жазады.  1,5-2  айдан  кейін  50%-ға  дейіні 
кілемді  тастап  кетеді.  Ең  бірінші  болып  жүйке  жүйелері  әлсіз  балалар  кетеді.  Кілемде  ӛз  әлсіздігіңді 
жасырып қалу мүмкін емес. Одан ары қарай, физикалық салмақ салу артқан сайын, физикалық жағынан 
әлсіздеу болғандары кетеді. Ең соңында, жүйке жүйелері жарыстыруларға шыдамаған балалар кетеді.   
Шетелдік мамандар y. Plagi and est, M. Kodim, L. Nadort спорттық шеберліктің анағұрлым маңызды 
алғышарты жас спортшының антропометриялық сипаттамалары  мен тепе-теңдікті сақтау қозғалыстары 
емес, оның талпынысы, ӛз дегенінен қайтпайтындығы, дене жағынан дайындығы, ұмтылысы, жарыстарда 
ӛзін барлық жағынан кӛрсетуі, стресс жағдайларын жеңе білу қасиеті деп есептейді. Оны былай негіздейді: 
дене  дамудың  кемшіліктерін  салыстырмалы  түрде  қысқа  мерзімде  жоюға  болады,  ал  жеке  бастың 
қасиеттерін еш нәрсе алмастыра алмайды.   
Қортындылай  келе,  айтарлықтай  мӛлшерде  спортшылардың  негізгі  кӛрсеткіштерінің,  яғни  арнайы 
дайындығы мен спорттық шеберлігінің деңгейін бағалаумен байланыстыіріктеу сапасы туралы ой-пікірін 
атап айтуға болады. Дене мінездемелерінің даму деңгейі (тӛзімділігі, икемділігі, тепе-теңдікті сақтай алу 
қабілеттілігі),  күштілік  мүмкіндіктері,  спорттық  техникасын  кемеліне  жеткізуі,  жұмыс  үнемділігі, 
физикалық  салмақтарды  кӛтере  алуы  мен  нәтижелі  түрде  қайта  күш  жинау  қабілеттілігі  –  үнеміжас 
спортшылармен жұмыс жасайтын бапкердің бақылауында болуы керек.   
Спорттық  шеберлікті  арттыруға  байланысты  іріктеуге  қойылатын  талаптар  анағұрлым  табиғатынан 
гомогенді белгілерден бастап анағұрлым күрделі интегралды спорттық кӛрсеткіштерге дейін ӛзгереді.   
Тіпті ең соңғы іріктеу кезеңінде жеке бастың кӛрсеткіштерін кешенді бағалау, спорттық нәтижелерге 
қарағанда, спортта жетістіктерге жете алу мүмкіндіктерін болжау критериі ретінде ерекше маңыздылығы 
бар.  Оның  үстіне,  бір  ғана  кӛрсеткіштің  кӛпжылдық  спорттық  дайындығына  байланысты  бірнеше 
мәліметтілік  деңгейіболуы  мүмкін.  Іріктеу  критерилерінің  болжас  жасауының  маңыздылығы  жас 
аралығына, мамандану саласы мен квалификациясына тәуелді.   
Спорттық  іріктеу,  біздің  еліміздегі  сияқты,  шет  мемлекеттерде  де  жастар  спортының  теориясы  мен 
әдістемесінде, кӛптеген мамандарды тартса да әлі күнге дейін ӛзекті және шешімін таппаған мәселелердің 
бірі болып отыр. Г.С. Туманяніріктеу мәселелерінің қиындығын оның әр қырлылығынан деп есептейді. 
Оның философиялық, педагогикалық, экономикалық, этикалық, метрологиялық, әлеуметтікжәне басқа да 
аспектілері  бар.  Алайда,  оның  тәжірибелік  бағыты  да  бар:  қалай  және  нәтижелілігі  жоғары  болу  үшін 
қандай  кӛрсеткіштердің  негізінде  іріктеу  жұмыстарын  жүргізу  керек,  бағытын  анықтау  керектігін 
қарастырады.  Оның  үстіне,  зерттеулердің  педагогикалық  бағытының  негізгі  жолы  спортшылардың 
дайындық  деңгейін  және  келешегі  барын  алдын  -  ала  болжау  үшін  жинақы,  әрі  мәліметті  және  қол 
жеткізуге болатын жүйені жасап шығару.   

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №2(45), 2015 г. 
30 
Осылайша,  ғылыми  -  әдістемелік  әдебиеттерден  алынған  мәліметтерге  талдау  жасау  мен  оларды 
жалпылау  келесідей  қортынды  жасауға  мүмкіндік  береді:  кейінгі  уақытта  нақты,  спорт  түрімен 
айналысатын  балаларға  іріктеу  жұмыстарын  жүргізу  мәселелеріне  арналған  кӛптеген  жұмыстар 
атқарылды.  Кӛптеген  жылдар  бойына  педагогикалық,  мендициналық  –  биологиялық,  психологиялқ, 
ұйымдастырылған  іріктеу  критерилері  бойынша  қарқында  жұмыстар  жүргізілуде.  Іріктеудегі 
қажеттіліктерді теориялық жағынан негіздеуде айтарлықтай жетістіктерге қол жетті. Кӛптеген авторлар 
спорттағы бағдармен іріктеуде негізгі қағида- жас спортшылардың мүмкіндіктерін кешенді бағалау болу 
керек деген бір тоқтамға келеді. 
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген спорттық іріктеу жас, әрі талантты, спортшыларды кең кӛлемде 
таңдап алуға және олардың келешектегі спорттық нәтижелерін білуге мүмкіндік бермейді, ӛйткені, бұл 
мәселенің әдістемесі толығымен жасалып бітпеген, жалпы топталған талаптар, іріктеу әдістері жоқ.   
Сондықтан,  негізгі  алдыға  қойған  мақсат  қалыптастыратын  педагогикалық  тәжірибе  барысыда 
оқу-жаттықтыру кезеңінде жасалған спорттық іріктеу нәтижелілігін ғылыми түрде дәлелдеу (негіздеу).   
Нақты  дене,  техникалық  және  психологиялық  дайындықтармәліметтерінің  негізінде  Еркін 
күресшілерді оқу-жаттықтыру кезеңіндеіріктеу үлгісін жасап шығару.   
Бұл үлгіні жасау үш кезеңнен тұрады, олардың мақсаты дайындық деңгейін және жоғарғы спорттық 
нәтижелерге қол жеткізетін потенциялдық мүмкіндіктерін анықтау.   
I кезең – күресшілердіңсалмақтарын ескере отырып анағұрлым ақпаратты тесттер бойынша дайындық 
деңгейлерін тестілеу келесідей бӛлімдерден тұрады: 
1 бӛлім–дене және техниалық дайындықтарын анықтау үшін педагогикалық тестілеу; 
2  бӛлім  -  жеке  басының  психологиялық  ерекшеліктерін  және  интенсивтілік  мүмкіндіктерін  анықтау 
үшін жас спортшыларды психологиялық тестілеу; 
II кезең – дене және техникалық дайындықтың, психофизиологиялық профилінің үлгісін жасау, еркін 
күресшінің психологиялық суретін жасау; 
III кезең – кӛп жылдық спорттық жаттықтырудың келесі кезеңіне ауысу туралы соңғы, әрі нақты шешім 
шығару, жаттықтыру жоспарларын түзету. 
 
 
 
1-сурет. Еркін күресшілерді бақылау оқу-жаттығу тобына іріктеу қортындылары 
 
Сынақ тобында (18 адам) іріктеу салмақ категориялары бойынша біз жасаған үлгілік сипаттамаларға 
сәйкес жүргізілді. Педагогикалық тестілеуді орындағаннан кейін топтағы балалар саны барлық сынаққа 
қатысушылардың  (12  күресші)  67%-ын  құрады.  Бұл  спортшылар  дәрежелері  жағынан,  техникалық 
дайындықтары  жағынан  талаптарға  сай  келді.  Мұнда  іріктеуден  ӛтпеген  жасӛспірімдердің 
дайындықтарының кӛрсеткіш деңгейлерінің тұрақсыздығы анықталды. Бұл ӛз кезегінде, оқу-жаттықтыру 
процесін ары қарай жалғастыруға кері әсерін тигізуі мүмкін.   
Бастапқы  кезеңдердегі  іріктеу  процесінің  пайыздық  мӛлшерінің  аз  болуын,  салмақ  категориясында 
үлгілік сипаттамалардың бастапқы кӛрсеткіштерінің жоғары болуымен түсіндіруге болады.   
Іріктеудің  қортынды  кезеңінде  барлық  жаттығушылардың  50%-ын,  яғни  9  баланы  сынақ  тобына 
ауыстыруға  шешім  қабылдадық  (2-сурет).  Айта  кету  керек,  күресшілерді  оқу-жаттықтыру  процесінің 
келесі кезеңіне ауыстыру үшін шешім қабылдауға, олардың физикалық, психологиялық және техникалық 
дайындықтарын кешенді бағалауға аса үлкен мән берілді.   
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(45), 2015 ж. 
31 
 
2-сурет. Оқу-жаттығусынақ тобына іріктеудің қортындысы 
 
Жасалған  әдістеменің  нәтижелілігін  анықтай  отырып,  күресшілердіңспорттық  кезеңдегі  жарыстық 
қортындылары талданды (3-сурет).   
 
3-сурет. Сынақ және бақылау топтарындағы еркін күресшілердің 
жарыстық қортындыларының динамикасы 
 
Жас спортшылардың жарыс қортындылары бойынша мәліметтер алынды. Олар облыстық деңгейдегі 
алты  жарыстық  біріншіліктерге,  турнирлерде  ӛнер  кӛрсетті.  3-суретте  кӛрсетілген  жарыс 
серияларынаталдаудың  қортындысы  кӛрсеткендей,  сынақ  тобындағы  күресшілердің  жарыстық 
қортындылары  3,2-ден  2,2  орындар  аралығында  ауытқып  тұр,  ал  жеке  ӛнер  кӛрсетуде  1-разрядты 
жасӛспірімдер  арасында,  1–разядты  ересектер  арасында  сәйкес  талаптарды  орындап,квалификациялық 
кӛрсеткіштерге қол жеткізді. Бақылау тобы іріктеу кезіндегі болашақ баға берудің нақты болмағандығын 
кӛрсетті,  оны  жарыс  сериялары  бойынша  алған  орындардан  кӛруге  болады.  Соған  орай,  келесідей 
қортындыға келуге болады: сынақ топтарына күресшілерді салмақ категорияларын ескере отырып болжау 
негізінде іріктеу әлдеқайда әділ ӛткен.   
Қорытынды:  Арнайы  ғылыми-әдістемелік  әдебиет  талдауы  бойынша,  практикалық  тәжірибеде 
жасӛспірім  еркін  күресшілерді  іріктеуде  және  ӛзіндік  зерттеулердің  нәтижелері  бойынша  еркін 
күресшілердің қазіргі кездегі спорттық іріктеу жүйесі оқу-жаттығу кезеңіндегі нәтижесі жеткілікті емес 
екендігін кӛрсетті. Ол объективтілік талаптары үшін жауап бермейді және кешенді түрде болмайды, тек 
жаттықтырушылардың  тәжірибесінде  құралады.  Бұл  кӛп  жылдық  дайындықта  ең  маңызды  кезеңін 
жаңарту қажеттілігін және дайындықтың бастапқы сипаттамаларын кешенді бағалау ғылыми негіздеулер 
еріксіз кӛндіреді. 
 
1Алимханов Е.А. Балуанның дене-күш қабiлетiн арттыру.- Алматы,2004. 
2Турлыханов Д.Б. Отбор перспективных спортсменов и планирование учебно-тренировочного процесса в ДЮСШ 
и СДЮШОР.- Астана, 2002. – С. 22. 
3 Қаражанов Б.К. Медико-биологические и психологические особенности спортивной борьбы. - Алма-Ата: Каз 
ИФК, 1985.- С. 15. 
4Сиккут  Т.Х.  Отбор  юных  борцов  на  начальном  этапе  обучения  //  Эффективность  ст.  тренировку.-  Тарту, 
1999.- С. 55. 
5Мелихова  Т.М.  Организационно-методические  основы  технологий  спортивного  отбора  //  Теор.  и 
пр.физ.культ.-М., 2007.- №4.- С. 32. 
6Шахмурадов Ю.А.Вольная борьба. Научно-методические основы многолетней подготовки борцов. - М.: Высш. 
шк., 1997. -189 с. 
 
Резюме 
И.Құрманәлі, А.Жұмағұлов – магистрант 2-курса специальности физическая культура и спорт,КазНПУ им.Абая 
институт PhDдокторантуры и магистратуры, Научный руководитель: д.п.н., профессор Ильясова А.Н. 
«Проблемы отбора начальной подготовительной груп по вольной борьбе» 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №2(45), 2015 г. 
32 
Многолетняя  тренировка  охватывает  длительный  период  становления  борца  от  новичка  до  мастера  спорта 
международного класса. Этот период составляет 5-12 лет. Как правило, способные юные борцы достигают первых 
больших  успехов  через  6-8  лет  (выполнение  норматива  мастера  спорта),  а  высших  достижений  —  через  9-10  лет 
специализированной  подготовки.  Основными  и  обязательными  темами  для  изучения  являются:  возрастные 
особенности детей и подростков; основные методические положения многолетней подготовки; этапы подготовки и их 
взаимосвязь с годами обучения; преимущественная направленность тренировочного процесса по годам обучения с 
учетом возрастных периодов развития физических качеств у юных борцов; наполняемость учебных групп и режим 
учебно-тренировочной работы в ДЮСШ по вольной борьбе на этапе начальной подготовки. 
Ключевые слова: борьба, техника, тактика, тренировка, физическая подготовка, спортсмены, методика обучение, 
отбор 
 
Summary 
I.Kurmanali, A.Zhumagulov - 2-course undergraduate specializing in physical culture and sport,Named afterAbai Kazakh 
National Pedagogical Institute PhD doctoral and graduate, Scientific adviser: Ph.D.,ProfessorIlyasovaA.N. 
«Selectionproblemsinitialpreparatorygroupfreestyle wrestling» 
Long-term training covers the long period the fighter's stanovlekniya from the beginner to the world class master of sports. 
This period makes 5-12 years.As a rule, capable young fighters make the first great progress in 6-8 years (implementation of the 
standard  of  the  Master  of  Sports),  and  the  highest  achievements  —  in  9-10  years  of  specialized  preparation.The  main  and 
obligatory subjects for studying are: age osobennokst of children and teenagers; basic methodical provisions of mnogoletkny 
preparation;stages of preparation and their interrelation over the years training;primary orientation of training process by years 
of training taking into account the age periods of development of physical qualities in young fighters;fullness of educational 
groups  and  the  mode  educational  -  the  training  works  in  junior  sports  school  on  freestyle  wrestling  at  a  stage  of  initial 
preparation. 
Keywords: fight, technique, tactics, training, physical training, athletes, teaching methodology,selection 
 
ӘОЖ: 612.217 
 
Каталог: docs -> vestnik -> nach shkola i fiz podgotovka
vestnik -> Абай атындағы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
nach shkola i fiz podgotovka -> «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»
nach shkola i fiz podgotovka -> Хабаршы вестник «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті»
nach shkola i fiz podgotovka -> Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет