Бастады 2 шілде 2014 жыл сәрсенбі



жүктеу 472.47 Kb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата28.04.2017
өлшемі472.47 Kb.
1   2   3   4   5



Қабылдау 

жүргізушінің 

тегі, аты-жөні

Қабылдау 

жүргізушінің 

лауазымы

Қабылдау 

күндері мен 

уақыты

Мекеменің ор-

наласқан орын 

ж/е телефоны

1.

Трұмов 



Серікбай 

Өтелгенұлы

Жаңаөзен 

қаласы-


ның әкімі

шілде – 09, 23

тамыз – 06, 20

қыркүйек - 10, 24

сағ.15.00-18.00

Қ . С ә т п а е в 

к-сі  №  1-үй  № 

201-бөлме  тел: 

52-816

2

Көшмағанбетов 



Тілек 

Жеткізгенұлы

қала 

әкімінің 



орынба-

сары


шілде – 11, 25

тамыз – 08, 22

қыркүйек – 12, 26

сағ.15.00 - 18.00

Қ.Сәтпаев к-сі

№1-үй


№ 227-бөлме

тел: 52-889

3.

Худибаев 



Нұрберген

қала 


әкімінің 

орынба-


сары

шілде – 17, 31

тамыз – 14, 28

қыркүйек - 04, 18

сағ.15.00 - 18.00

Қ.Сәтпаев к-сі

№1-үй

№ 210-бөлме



тел: 51-359

4.

Сағынбаев 



Исахан

Қала 


әкімінің 

орынба-


сары

шілде – 15, 29

тамыз – 12, 26

қыркүйек - 10, 24

сағ.15.00-18.00

Қ.Сәтпаев к-сі

№ 1-үй

№ 227-бөлме



тел. 53-269

5. Қалдығұл Серік  

Сырымұлы

қала 


әкімінің 

орынба-


сары

шілде – 10, 24

тамыз – 07, 21

қыркүйек - 11, 25

сағ.15.00-18.00

Қ.Сәтпаев к-сі

№ 1-үй

№ 201-бөлме



тел. 50-985

Қала  әкімі  мен  оның  орынбасарларының  қабылдауына  жа-

зылу қала әкімдігінің № 108-бөлмесінде ( тел: 52-816)  күн сайын 

сағ.10.00-12.00 жүргізіледі.

«Нұр Отан» партиясының Жаңаөзен қалалық-

филиалының  мәжіліс  залында  жақында  қала 

кәсіпкерлері бас қосты.

Б

асқосуды  филиал  төрағасының  орынбасары 



Т.Тәжібаева ашып, жүргізіп отырды. Кәсіпкерлер 

кездесуін  «Нұр  Отан»  партиясы  мен  «Даму» 

қоры  кәсіпкерлердің  ұсыныстарын  зерделеу  мақсатында 

ұйымдастырды. 

«Атамекен»  кәсіпкерлер  палатасының  Жаңаөзен 

қалалық филиалының төрағасы К.Қызамбаев сөз сөйлеп, 

кәсіпкерлерге  мемлекеттік  қолдау  шараларын  «Даму» 

қоры арқылы түсіндірді. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының 

кеңесшісі  М.Байкенжеев,  кәсіпкерлер  Ж.Әділгереева, 

Н.Махамбетова  қалалық  кәсіпкерлер  бөлімінің  маманы 

А.Шәмшебаевалар сөз сөйлеп, кәсіпкерлерді тегін оқыту, 

жарнама  мекемесі,  жәрмеңке  ұйымдастыру,  базардан 

орын  бөлу,  «Бизнес-инкубатордан»  бөлінген  кәсіпкерлік 

бөлмелер  мерзімін  ұзарту  жөнінде  ұсыныстар,  пікірлер 

айтты.

Айжан СӘРСЕНОВА.

Кәсіпкерлер кеңесі

Маңғыстау облысы бойынша ЭСЖКД (қаржы полиция-

сы) Департамент бастығының аптаның 



әр сәрсенбісінде 

шағын  және  орта  бизнес  өкілдерін  кәсіпкерлік 

қызметке  заңсыз  араласу  мәселесі  бойынша  жеке 

қабылдау жүргізетінін, сондай-ақ азаматтарды күнбе-күн 

қабылдайтынын хабарлайды. 



Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы, 23 шағынаудан, 100 

үй, байланыс телефоны - 531609.

Сондай-ақ 



«Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-

терін қарау тәртібі туралы» және «Мемлекеттік сатып 

алу туралы» Қазақстан Республикасы заңдары бойынша 

қоғамның  ой-пікірін  қабылдайды.  Өз  ұсыныстарыңызды 

144аktau@mail.ru  электрондық  адреске  жолдауларыңыз 

сұралады.

Жеке қабылдау жүргізеді


5



27 (1682) СӘРСЕНБІ 2 ШІЛДЕ 2014 ЖЫЛ



ЖАНА  ЗЕН

Ел тілегі - бейбітшілік пен татулық



І. РУХАНИ БАЙЛЫҒЫМЫЗДЫҢ 

КӨРІНІСІ

«Бейбітшілік  әлемі»  Халықаралық  Қазақ 

Творчествалық  Бірлестігінің  ұйымдастыруы-

мен осы жылғы 4-5-6 маусым күндері Атырау 

қаласында  «Тәуелсіздік  -  тірегім,  теберігім» 

атты  IV  халықаралық  балалар  фестивалы 

болып  өтті.  Оның  негізгі  мақсаты-еліміздің 

бейбіт  аспаны,тәуелсіздігі  аясында  бала-

лар  мен  оқушыларға  байқаулар,  мәдени-

танымдық  экскурсиялар,  кездесулер  арқылы 

рухани  байлығының  жоғары  болуына,  жан-

жақты өнерлі, заманауи білімді азамат болып 

қалыптасуына үлес қосу. Балалардың өнерін, 

көркем  туындыларын  еліміздің  тарихының 

жаңа  беттеріне  жаза  отырып,  балғын  шағы 

мен мектеп кезеңі жайлы ұмытылмас естелік 

қалдыру. Ұстаздарға, тәрбиешілерге, оқушы-

ларға  Отанымыздың  басқа  өңірлерінен  жаңа 

достар  табуына  және  тәжірибе  алмасуына 

ықпал ету.

Оқушылардың ғылыми-теориялық конфе-

ренциясын  ұйымдастырып,  интеллектуалды 

дамуына  үлес  қосу,  жасөспірімдерді  ғылыми 

зерттеу  және  жобалау  жұмыстарына  баулу, 

талантты оқушылардың ғылыми жетістіктерін 

қоғамға танымал ету, ғылыми қызметкерлерді 

талантты  оқушылармен  бірлескен  жобаларға 

шақыру,  жалпы  білім  беру  орындарындағы 

оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 

ұйымдастырудың үздік тәжірибелерін халыққа 

таныту.

«Бейбітшілік  әлемі»  Халықаралық  Бір-



лестігінің президенті Қазақстан Республикасы 

білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері,  Ресей 

Федерациясы  Педагогика  академиясының 

академигі,  Қазақстан  Жазушылар  Одағының 

мүшесі,  экономика  ғылымының  докторы, 

профессор  Әбен  Алдабергенұлы  Нұрманов 

осы  мәдени  шараны  өткізуге  белсенділік 

танытты.  Қазылар  алқасының  құрамында 

мәдениет  және  білім-тәрбие  саласына  та-

нымал  қайраткерлер,  ғалымдар,  тәжірибелі 

ұстаздар, Халықаралық және Республикалық 

конкурстардың 

лауреаттары 

болды. 


«Тәуелсіздік  -  тірегім,  теберігім»  фестива-

лын  ұйымдастыруда  Атырау  қаласынан 

Сәулеш  Сатқалиева,  Алматыдан  Қанымай 

Сұлтанқызы және Аят Медібекұлы, Маңғыстау 

аймағынан Ажар Сейтенова, «Құрмет Белгісі» 

орденінің  иегері,  «Әлия  мен  Мәншүк» 

сыйлығының  лауреаты,  Ә.Нұршайықовтың 

әдеби хатшысы болған Гулия Иманова сияқты 

азаматтардың еңбектеріне алғыс айтамыз.

Атыраудағы  «Тәуелсіздік  -  тірегім,  те-

берігім» атты фестивалға Алматыдан, Шығыс 

Қазақстан,  Батыс  Қазақстан,  Ақтө-бе,  Аты-

рау,  Маңғыстау  облыстарынан  130-дай 

үміткер, соның ішінде Маңғыстау облысының 

Ақтау,  Жаңаөзен  қалалары  мен  Маңғыстау 

ауданының оқушылары қатысты. Фестиваль-

дағы  басты  жанр:  вокал-ән,  жыр,  терме, 

эстрада, опера; музыкалық аспаптарда ойнау 

шеберлігі;  би-классикалық,  ұлттық,  шығыс, 

африкалық  және  заманауи  билер;  көркем 

сөз  -  өлең,  әңгіме  оқу,  авторлық  шығарма 

оқу,  т.б.;  театрлық,  қойылымдар,  әзіл-сықық 

өнері, КТК, фокус; көрме-қолөнер бұйымдары, 

көркемсурет, фотосурет, дизайн; т.б. 

Үміткерлерге  барлық  жанрда  өнерін, 

білімін,  қабілетін,  жан-жақты  танытуда 

мүмкіндік  берілді.  Мұнда  бейбітшілік,  тәуел-

сіздік  тақырыптарындағы  шығармаларға 

жоғары  көңіл  бөлінді.  Үміткерлерге  жанр-

ларда  қабілеттерін  жан-жақты  танытуға 

шек  қойылмағандықтан  және  фестиваль 

қызметтері  барлығына  теңдей  ұйымдас-

тырылғандықтан  топ,  оркестр,  ансамбльдің 

әрбір  мүшесіне  жеке  үміткермен  теңдей  та-

лаптар белгіленді.

«Тәуелсіздік 

тірегім, 



теберігім» 

атты  халықаралық  балалар  фестивалы 

жоғары  деңгейде  ұйымшылдықпен  өтті. 

Жасөспірім  өнер  майталмандары  арасынан 

болашақта  дарынды,  елімізге,  әлемге  таны-

мал  қайраткерлердің  шығатындығына  куә 

болдық.  Әртүрлі  жанрларда  өнер  көрсеткен 

балалардың  орындау  шеберліктері  жоғары 

деңгейде  болып,  көрермендер  мен  қазылар 

алқасын риза етті.

Жеңімпаздарды 

марапаттау 

жас 

деңгейіне  қарай  бағаланды:  төменгі  топ 



-  4-6,  кіші  топ  -  7-10  жас,  орта  топ  -  11-14 

жас,  жоғарғы  топ  -  15-17  жас.  Жеке  жанр-

лар  бойынша  жеңімпаздар  анықталды. 

Жеңімпаздар «Тәуелсіздік - тірегім, теберігім» 

Халықаралық  фестивалының  Лауреаты, 

Дипломанты,  «Бейбітшілік  әлемі»  лауреа-

ты  атағымен,  Құрмет  Дипломдарымен,  Бас 

жүлде,  1-орын,  II-орын,  III-рын  дипломда-

ры  және  сыйлықтарымен  марапатталды. 

Әр  салада  ұзақ  жылдар  бойына  еңбек  етіп, 

қосқан  қомақты  үлестері  үшін  бір  топ  аза-

маттар  және  фестивалға  қатысқан  өнерпаз 

балалардың жетекшілері «Бейбітшілік әлемі» 

халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігі 

алқасының  ұйғарымымен    жоғары  атақтарға 

ие болып, Дипломдармен марапатталды. Осы 

жолдардың авторының ұзақ жылғы бұқаралық 

ақпарат  құралдарындағы  журналистік  еңбегі 

жоғары бағаланып, «Бейбітшілік әлемі» Қазақ 

Творчестволық  Бірлестігінің  «Халықаралық 

журналистер  одағының  мүшесі»  төсбелгісі 

және  куәлігімен  марапатталды.  Атырау-

да  болып  өткен  халықаралық  фестивалы-

на  Жаңаөзен  қаласынан  №20  мектептің 

оқушысы  Самира  Қарлыбай  бірінші  орынға 

шығып Халықаралық фестивалының лауреа-

ты атағына, №19 мектеп оқушысы Қаламқас 

Бердіханова  үшінші  орынға,  алты  жастағы 

өнерпаз Арай Қарлыбай екінші дәрежелі Дип-

ломмен марапатталды.

Қаламыздан  үш  өнерпаз  шәкіртін  алып 

барған  «Мұнайшы»  Мәдениет  үйі    дирек-

торының  орынбасары  Сәуле  Қибасова 

Мәдениет  саласына  зор  үлес  қосқаны  және 

балалар  мен  жасөспірімдерге  тәрбие  беру 

ісіне  сіңірген  мол  еңбегі  үшін  «Халықаралық 

ұстаздар  Одағының  мүшесі»  болып  қа-

былданып, төсбелгісімен және куәлігімен ма-

рапатталды.

Атырау  қаласында  болып  өткен  «Тәуел-

сіздік - тірегім, теберігім» атты  Халықаралық 

балалар  фестивалының  ашылу  салтанатын-

да  ардагер  ана,  зейнеткер  Ділда  (Иманғали 

Тасмағамбетовтың  анасы)  апай  сөз  сөйлеп, 

өнерпаздарға  ақ  батасын  берді,фестиваль 

аяталған  соң  марапаттаулардан  кейін 

осы  жолдардың  авторы  өнерлі  жастардың 

болашағына  сенім  артып,  оларға  еліміздің 

бірлігі  мен  әлеуметтік-экономикалық  және 

мәдени-рухани 

байлығының 

дамуына 


үлестерін  қосуға  жұмылуы  бағытында  бата-

сын беріп, шығармашылық табыстар тіледі.

6-маусымда  Атырау  қаласының  мәдени 

орындарына, 

«Сарайшық» 

мұражай 


кешеніне  арнайы  автобустармен  экскурсия 

ұйымдастырылды.  Сарайшықта  мұражай 

кешенінің  директоры  Молдаш  Бердімұратов 

қарсы алып, жинақталған жәдігерлер арқылы 

Сарайшықтың  бұрынғы  тарихын,  мұражай 

кешенін ашу бағытындағы ұйымдастырылған 

жұмыс  шаралары  бағытында  нақты  мысал-

дармен  айтып  өтті.  Мұражай  қоры  әлдеде 

толықтырылуда екен.

II. САРАЙШЫҚ - ТАРИХИ МЕКЕН

Қазіргі  Атырау  қаласынан  50  шақырым 

жерде,  Жайық  өзенінің  оң  жағасында,  бір 

кездегі ұлы да атақты Сарайджук (қазіргі атауы 

-  Сарайшық)  қаласының  қираған  құландысы 

жатыр.  Сарайшықта  салтанатты  сәулетті  са-

райлар,  керуен-сарайлар,моншалар,  мешіт-

медреселер  және  басқа  да  ғимараттар 

салынған.  Оларды  атақты  сәулет  өнері 

мектептерінен  өткен  дарынды  шеберлер 

тұрғызған.  Қаланың  өте  тамаша  жобаланып 

салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары 

болған.  Қаланың  келбетінен  шығыстың  әсері 

айрықша  байқалады.  Керуен  саудасынан 

келетін  түсім,    әскери  олжа,  жергілікті  халық 

төлейтін  салық  және  аса  мол  арзан  еңбек 

күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті.

«Сарайдан  шығып,  он  күннен  кейін 

біз  Сарайджук  деген  қалаға  жеттік,  джук  - 

«кіші» деген мағынаны білдіреді. Ол Ұлысу 

деп  аталатын  үлкен,әрі  ағынды  өзеннің 

жағасына  орналасқан.  Онда  Бағдаттың 

көпіріндей  қайықтардан  жасалған  көпір 

бар...  Осы  қалада  біздің  аттылы-арба-

лы  сапарымыз  аяқталды.  Біз  онсызда 

арып-жадаған  ат-көлігімізді  қаладағы 

арзаншылыққа байланысты, әр жылқыны 

төрт күміс динарға бағалап, төмен бағаман 

саттық.  Арбаға  жегу  үшін  біз  түйелер 

жалдадық.  Бұл  қалада  түркіден  шыққан 

құрметті  тақуа  діндар  кісінің  тұраржайы 

(Завия) бар, оның аты ата. Ол бізді қонақ 

қылды  әрі  батасын  берді.  Бізді  тағы 

да  осы  қаланың  аты-жөні  менің  есімде 

қалмаған  бір  қазысы  қонаққа  шақырды. 

Біз  осы  арадан  Хорезмге  дейін  отыз  күн 

суыт  жүрдік,  жол  бойы  тек  екі-ақ  сағат, 

бірде түс әлетінде, енді бірде ақшамда ғана 

аялдадық», - деп жазады атақты саяхатшы 

ғалым Ибн Батута  Сарайшық қаласы тура-

лы «Жиһан кезу» - деп аталатын кітабында.          

Сарайшықтың 

ұлылығы 

онда 


тек 

мұсылман  діндарларының  жерленгендігінде 

ғана  емес,  ең  алдымен  оның  Алтын  Орда 

хандарының 

қасиетті 

зиратханасына 

айналғанында. XIV ғасырдың басында  мем-

лекетте  мықты  өрлеу  басталды,  әсіресе 

Тоқта  патшалық  құрған  соңғы  жылдар  Ал-

тын  Орданың  әскери  және  экономикалық 

құдіретінің дамуындағы алғашқы кезең болды. 

Сарайшықта кейін жерленгендер Алтын Орда 

билеушілері  Жәнібек  пен  Бердібек.  Жәнібек 

билік  құрған  кезінде  (1432  ж.)  Орта  Азиядан 

астана  Сарайшыққа  келген  тақ  мұрагері, 

өзінің ағасы Тыныбекті өлтірді. Жәнібек әуелі 

Әзірбайжанды  Алтын  Ордаға  қосып  алғаны 

да  белгілі.  Ол  билік  құрған  кезде  мемлекет-

те  өзі  тежей  алмаған  құлдыраудың  алғашқы 

нышандары көрінді. Оның өлімі 1357жылы өз 

ұлы Бердібектің төңірегіндегі билікті көксеуші 

қаскүнемдер  тарапынан  болды.  Әкесінің 

өлімінен соң Бердібек те өз бауыры Құлнаның 

қастандығынан  қаза  тауып,  Сарайшықтағы 

өз  әкесінің  моласының  жанынан  орын  алды.

Әміре  Едіге  (1365-1419)  жайындағы  бір 

дастандағы болжамда айтуынша, 1406 жылы 

қазіргі  Түмен  қаласының  жанында    қаза 

тапқан, кейбір деректерде айтылғандай «Ал-

тын  Орданың  ең  соңғы  және  ұлы  тұлғасы» 

Тоқтамыс  ханның  басы  да  Сарайшықта 

жерленген  екен.  Сондай-ақ,  осындай  ноғай 

бекзадалары  мен  мырзалары,  Ер  Тарғын 

мен Қамбар сынды эпикалық батырлар және 

көреген, өз халқының қамын ойлаған қазақтың 

ханы Қасымхан да жерленген.

1996-2000  жж.  зерттеулер  нәтижесінде 

Сарайшықтың  қалыптасып  дамуының  үш 

кезеңі  анықталды.  Қаланың  гүлдену  уақыты 

XIV  ғ.  сәйкес  келеді  XV-XVI  ғасырларда. 

Шаһар тағы да өзгеріске ұшырады. Орталық   

бөлігі көлемі жағынан біртіндеп кішірейе келе, 

оңтүстік  шығыста  Жайықтың  қазір  Сорочин-

ка  деп  аталатын  саласына  қарай  жылжыды. 

Жыл  сайынғы  су  тасқыны  қаланың  біраз 

бөліктерін шайып кетіп отырды. 

Сарайшықтың  қиындыларымен  жәді-

герліктерін 

ғылыми 

тұрғыдан 



зерттеу 

жұмыстарының  екі  ғасырдан  астам  та-

рихы  бар.  XVIII  ғасырдың  60  ж.  соңында 

қалашықты  П.С.Паллас  көріп  қайтты.  1834 

ж  Ф.Гебель  осында  шағын  қазба  жұмысын 

жүргізді.  Қала  туралы  қызықты  мәліметтер 

XVII-XIX  П.Рычковтың,  А.Левчиннің,  Н.М.Ка-

рамзиннің  шығармаларында  бар.  1937  ж. 

Н.К.Арзютовтың  жетекшілігімен  қазақстанды 

зерттеу  қоғамының  Батыс  Қазақстандық  бө-

лімшесі Саратов облыстық мұражай қызмет-

керлерімен бірге қалашықтың  кейбір жерінде 

зерттеулер  жүргізді.  1950  ж.  Ә.Х.Марғұлан 

тағы  да  Жайықтың  суы  мәдени  қабаттарын 

үздіксіз  жуып-шайып  жатқан  Сарайшық 

ескерткіштерін жедел де кешенді түрде зерт-

теу  туралы  үлкен  мәселе  көтерді.  Сол  жылы 

Ә.Х.Марғұланның жетекшілігімен археология-

лық  экспедиция  ұйымдастырылды,  алайда 

ол  бір  маусым  жұмыс  істеді,  өкінішке  орай 

нәтижелері  осы  уақытқа  дейін    толықтай 

жариялаған  жоқ.  Сарайшықтың  тарихи  мәні, 

оның қазақ мемлекетінің алғашқы қалыптасу 

кезеңіндегі  ролі  және  ұрпақтар  арасындағы 

байланыстар үшін ата-бабалар мұраларының 

төтенше  маңыздылығы  ескеріліп,  осы  жерде 

символды  Пантсон,  археология  мұражайы 

және  мешіт  тұратын  мемориалды  мұражай 

кешенін құру ісі қолға алынды. Ә.Х.Марғұлан 

атындағы  археологиялық  экспедициясының 

1996-2000  жж.  жүргізілген  тыңғылықты  зерт-

теулер  барысында  қаланың  әр  бөлігінен 

оның  өмір  сүруінің    бірінші  кезеңіне  жата-

тын  ауқымды  жерлер  аршылып,  алғашқы 

тұрғындардың үй құрылыстары айқындалды. 

Қала құрылысы  белгілі жобаман, көпенділерге 

тән-дәстүрмен салынған.

Бөлмелерден  табылған  ыдыстар  фор-

масы  жағынан  сан  алуан.  Атап  айтсақ,  олар 

жергілікті көзешілер жасаған қыш құмыралар, 

құтылар,  құмғандар  және  қазандар.  Осы 

ыдыстар  жиынтығын  Хорезмнен  әкелінген 

тас    қазандар,  төменгі  Волга  қалаларынан 

әкелінген  кашинді  түрлі-түсті  жылтыр  кесе-

лер,  сондай-ақ  жергілікті  бай  адамдар  тым 

жоғары  бағалайтын  өте  қымбат  жасыл  түсті 

Қытай  фасфоры  -  селоданнан  жасалған 

табақтың,  кесенің,  тостағанның  сынықтары 

толықтырады.  Қалада,  сондай-ақ,  сүйектен 

әртүрлі  бұйымдар  жасайтын  шеберхана-

лар  болған.  Онда  әртүрлі  тоғалар,  садақтың 

қаптамалары,  қорамсаның  әшекей  бөліктері, 

пышақтың  саптары,  садақ  атуға  арналған 

сақиналар және т.б. бұйымдар жасалды.Тері 

өңдеушілердің  көптеген  былғарыдан  жасаған 

дорба,  белдік,  мәсілер  мен  өкшелі  етіктер, 

күртелер,  местер  мен  ертоқымдар  сияқты 

жоғары  бағаланатын  бұйымдар  кездесті. 

Сарайшық  тұрғындары  өздерінің  жоғары 

деңгейдегі  сауаттылығымен  ерекшеленеді. 

Оған  қазба  кезінде  табылған  ыдыстардағы, 

қола  бұйымдардағы  және  қағаздағы  әртүрлі 

мағынадағы  жазулар  дәлел  бола  алады. 

Әсіресе  қыш  ыдыстағы  жазулар  жақсы 

сақталған.  Иран    және  Сириялық  оюлармен 

өрнектелген,  шыңылтырмен  (эмаль)  және 

алтынмен  апталған  әшекейлі  құмыралар, 

құтылар,  шамдалдар  көздің  жауын  алады. 

Сарайшық  тұрғындары  ішіндегі  тамақ  аса 

дәмді болады деп ерекше жұмсақ тастан ойы-

лып жасалған Хорезмнің қазандарын ерекше 

ұнатқан. Қара қыштан құйылып, күн түскенде 

ою-өрнектері  жарқырап  тұратын  құмғандар, 

кеселер  мен  табақтар  молынан  саудаға 

түскен.  Алтын  Орданың  басқа  қалаларының 

тұрғындарының  сұранысына  қажет  әшекейлі 

әдемі  сырлы  табақтар  мен  құмыралар 

Сарайшық шеберлерінің қолынан да шыққан.

Осындай ыдыстардың біреуі Мәскеудің Қызыл 

Алаңындағы  мемлекеттік  Тарихи  Мұражайға 

қойылған. Қала өмірінің үшінші кезеңі  XV-XVI 

ғғ.  сәйкес  келеді.  Австрияның  Московиядағы 

елшісі  Сигизмунд  Герберштейннің  1549 

жылы  айтуынша,  Сарайшықты  бұл  кездегі 

ноғайлының  бекзадасы  Шидак  басқарған.

Ол картада Сарайшықты Жайық өзенінің сол 

жағалуына  орналастырды.  1558  жылы  осы 

жерлерде болып қайтқан ағылшын көпесі Ан-

тоний  Дженкинсон  осы  пікірді  растайды.  Ол 

күндері Сарайшық Ноғай ордасының астана-

сы  болды.  «Ноғай»  этнонимі    XV  ғ.  аяғында 

ғана  пайда  болды.  Ноғай  Ордасының  негізгі 

территориясы  Еділ  мен  Жайық  арасындағы 

далада жатты. Ноғай Ордасының құрамында 

жиырмадан астам тайпа мен рулар енді: най-

мандар, қыпшақтар, алаштар, қаңлылар, ал-

шындар,  қоңыраттар,  қатағандар,  ұйғырлар, 

ткайлар,  маңғыттар  және  т.б.  Бұл  негізінен 

этникалық емес, саяси бірлестік еді.

Ноғай ордасының мұсылман діни басшы-

ларының  орталығы  осында  орналасты. 

Сарайшықта  тұрған  сейідтерге  өз  қыздарын 

беруді  ноғай  бекзадалары  мен  мырзалары 

өздеріне  бедел  санады,  Сейідтер  Мұхаммед 

Пайғамбардың ұрпақтары деп саналды және 

дінбасылардың  ерекше  тобын  құрайды.  Со-

нымен  бірге  Сарайшықта  сейідтерден  басқа 

бөлек  топқа  жататын  ислам  қызметкерлері 

өмір сүрді: шейхтер, молдалар, қажылар, ха-

физдер,  суфийлер,  дервиштер.  Бұл  дәстүр 

XIII  ғ.  Ислам  дінін  қабылдаумен  орнықса  ке-

рек.  Дінбасылар  әр  жағдайларды  ойланып-

толғанды және мемлекет қайраткерлеріне ізгі 

кеңестер берді. Олардың көбісі Сарайшықта 

жерленген.  Қазіргі  уақытты  қалашық  жер 

бетінен тым тез жоғалып барады. Бұл процесс 

Жайық  өзенінің  арнасының  ауытқуына  бай-

ланысты болып отыр. Судың асау ағысының 

мәдени  қабаттарын  күн  сайын  және  жылдам 

шайып  жатыр.  Тек  қана  Каспий  атырабы 

аймағындағы ғана емес,тұтас Шығыс пен Ба-

тыс  елдерінің  геосаяси  мүддесінің  осы  жер-

де  тоғысуы,  оның  ерекше  байланыстырушы 

ролі,  экономикалық,  мәдени,  саяси  қарым-

қатынастарды  қамтамасыз  ету  шараларын 

жүзеге  асыру  көне  Сарайшықтың  қираған 

орнына жақын орналасқан Атырау қаласына 

ауысты.  Ата  бабаларымыздың  қажырлы 

еңбегіңің арқасында  осынау шұрайлы жерге 

орныққан мұнайға бай, саудасы абат Атырау 

қаласына жарқын, әрі ұзақ болашағы бар.    

«Сарайшық» мұражай кешенінің директо-

ры халыққа білім беру ісінің озық қызметкері, 

осы  өлкедегі  тарихи  деректердің  білгір  ма-

маны  әрі  төкпе  ақын  Молдаш  Бердімұратов 

айтқан  осы  деректер  қазақ  мемлекеттігінің 

құрылуының  алғашқы  көріністері  екендігі 

белгілі.  Жас  ұрпағымыздың  еліміздің  өткен 

тарихи  кездерін  білуі  осындай  деректерден 

бастау алады.



Асылбек АЙДАРОВ,

Халықаралық Журналистер Одағының мүшесі. 

Жаңаөзен-Атырау-Сарайшық-Жаңаөзен. 

(жалғасы бар).

1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет