Бастады 2 шілде 2014 жыл сәрсенбі



жүктеу 472.47 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата28.04.2017
өлшемі472.47 Kb.
  1   2   3   4   5

xat.

janaozen

-gazeti@mail.ru



27 (1682)

ГАЗЕТ 


1990 ЖЫЛДЫҢ

1 ҚАҢТАРЫНАН 

ШЫҒА 

БАСТАДЫ


2

 

ШІЛДЕ



 

2014 ЖЫЛ


СӘРСЕНБІ

ГАЗЕТ АПТАНЫҢ 

СӘРСЕНБІ КҮНІ 

ШЫҒАДЫ


ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ЖАНА  ЗЕН

»»»

 

3-бетте

»»» 5-бетте

Бәрі де сапалы 

білім үшін

оқу жылының қорытындысы 

бойынша

 

Ел тілегі - 

бейбітшілік пен 

татулық


Б

ұқаралық ақпарат құралдарының 

үлкен  шығармашылық  әлеуеті 

уақыт тынысын дер кезінде сезі-

ніп,  еліміздің  даму  жағдайы  мен  тұрғын-

дарды  нақты  хабардар  етуде  ұдайы 

қызмет  етіп  келеді.  Журналист  –  іргелі 

істер  мен  оң  өзгерістерді  оқырмандарға 

дер кезінде және объективті түрде жеткізіп, 

мәселенің мәнін терең түсіндіретін, халық 

пен  билік  арасындағы  алтын  көпір.  Орақ 

тілді,  жұмыр  жүректі,  көре  білетін,  ести 

білетін  журналистер,  әрбір  сәтті  қалт 

жібермейтін қырағы операторлар, көгілдір 

экран  мен  газет  санының  арғы  жағында 

қалатын  түрлі  қызметкерлер  еңбегі  атап 

өтуге қашанда лайықты. 

Осы  күні  Мұрат  Өскінбаев  атындағы 

облыстық  филармонияда  облыс  әкімі 

А.Айдарбаев  бұқаралық  ақпарат  құрал-

дары  қызметкерлерін  төл  мерекесімен 

құттықтады.  Республикалық,  облыстық, 

қалалық  арналар  мен  газет  тілшілері 

салтанатты  түрде  марапатталды.  Алды-

мен  көрермен  назарына  өңір  тілшілерінің 

қарбалас жұмысы жайлы бейнеролик көр-

сетілді. Сосын аймақ басшысы қай кезде 

де тынбай қызмет ететін БАҚ өкілдерінің 

еңбегін бағалады. 

Ақпарат  айдынында  көп  жылдар  ең-

бек  сіңірген  ардагер  журналистер  ардақ-

талды. Марапатталған ұжымның арасын-

да  «Жаңаөзен»  қалалық  газеті  де  бар. 

Облыс  басшысы  газет  ұжымына  түрлі-

түсті теледидар табыстады. 

***   ***   ***

Жұма  күні  әкімі  қала  әкімшілігінің 

ұйымдастыруымен  «Баспасөз, теледидар 

және радио күні мерекесіне орай «Өркен» 

кафесінде салтанатты кеш өтті. Салтанат-

ты  кешке  қаладағы  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының өкілдері мен бірқатар жур-

налистер  қатысты.  Кеште  құттықтау  сөз 

алған қала әкімі С.Трұмов билік пен БАҚ 

өкілдерінің  әріптестік  қызметіне    жоғары 

баға  берді.  Ол  ақпарат  құралдарының 

қоғамның  дамуына,  экономиканың  ны-

ғаюына үлесі ерекше екендігін айта келе, 

журналистерді  төл  мерекелерімен  құт-

тықтады. Бұдан соң Серікбай Өтелгенұлы 

түрлі  ақпарат,  байланыс  құралдарында 

жұмыс істейтін қызметкерлерге қала әкімі 

атынан  Алғыс  хат  тапсырды.  Мерекелік 

шара соңы ән-шашумен аяқталды.

***   ***   ***

Сенбі  күні  журналистердің  төл  ме-

рекесінде  «Өзенмұнайгаз»  АҚ  жұртшы-

лықпен  байланыс  департаменті  Ақтау 

қаласында  тілшілер  арасында  боулинг-

тен  жарыс  ұйымдастырды.  Жеңімпаз 

командаға  кубок  тапсырылды.  Бай-

ланыс  және  ақпарат  қызметкерлері 

мерекесіне  арналған  салтанат  «Кишлак» 

мейрамханасында 

жалғасты. 

Мұнда 


бұқаралық  ақпарат  құралдары  өкілдерін 

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат 

Ибағаров  құттықтады.  «Өзенмұнайгаз» 

компаниясы  бұқаралық  ақпарат  құрал-

дарымен  тығыз  байланыста  жұмыс  істеп 

келеді,  -  деді  ол.  Сондықтан  Сіздерді 

кәсіби  мерекелеріңізбен  шын  жүректен 

құттықтаймын,  баршаңызға  табыс,  зор 

денсаулық  тілеймін.  Осылай  дей  келіп 

Мақсат  Оңғарбайұлы  журналистердің 

үлкен  бір  тобын  Құрмет  грамотасымен 

және сыйлықтармен марапаттады.



Гүлсім Оспан.

КӘСІБИ МЕРЕКЕДЕ 

ҰЛЫҚТАЛДЫ

Өткен аптаның бейсенбі күні байланыс және ақпарат қызметкерлері 

күні  қарсаңында  облыстық  әкімшілікте  мерекеге  арналған  салтанат-

ты  жиын  болып  өтті.  Оған  облыстағы  барлық  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  өкілдері  шақырылды.  Салтанатқа  қатысушыларды 

облыс  әкімі  Алик  Айдарбаев  құттықтады.  «Қиын  да  қызығы  мол, 

салмақты  саланың  тізгінін  ұстап  жүрген  журналистер  қауымын  төл 

мерекелерімен құттықтаймын», - деп облыс әкімі өз лебізін білдірді. 

Келешекке қол созған 

ЕЛОРДА

• 6 ШІЛДЕ - АСТАНА КҮНІ

Б

үгінде  бірлігі  бекем,  тұтастығы  мол 



егемен  елде  тұрып  жатырмыз.  Ал 

еңселі  елордамыз  Астана  күннен 

күнге  қарыштап  дамып,  әсемдігімен  баурап 

алуда.  Бүгінде  Астана  –  болашақтың  каласы. 

Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы 

болып  табылатын  жас  қала,  баршамыздың  ар-

ман  қаламыз.  Еліміздің  көгілдір  туы  желбіреген 

тәуелсіздігіміздің  ордасы.  Жаңа  Астанамыздың 

құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка 

ұмтылысының,  бүкіл  қоғамымыздың  жаңаруы-

ньң  ерекше  символына  айналған  кұбылыс. 

Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, 

бас-аяғы  төрт-бес  жыл  да  Астана  салған  мем-

лекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында 

астанасын  жаңғыртқан  мемлекеттер  жетерлік. 

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті 

ұлт  ретінде,  тарих  сахнасына  егеменді  ел 

ретінде  ендік.  Әлемдік  қауымдастыктың  көшіне 

жеке  керуен  болып  қосылдық.  Тәуелсіздігіміздің 

айғағындай,  елдігіміздің  белгісіндей,  алтын 

күндей  елтаңбамызды,  желбіреген  көк  байра-

ғымызды  көргенде  әуелеген  әнұранымызды 

естігенде  бойыңды  ерекше  бір  асқақ  азаматгық 

сезім  билейді.  Бұны  көру,  сезіну  де  бір  бақыт, 

мандайға  біткен  бақ  емес  пе?!  Аз  уақыттың 

ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, 

Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің 

жаңа бетгерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп 

тұр.  Жастарымызды  болашаққа  бастайтын  бас 

қаламыз, арман қала - жас қаламыз - өнер, білім 

мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. 

Бүгінде  бүкіл  әлем  сұлулығына  тамсанып, 

болашақтың  қаласы  деп  көз  тігіп  отыр.  Күн  са-

нап жаңарып келе жатқан Астанамызға биыл 16 

жыл.  Осынау  торқалы  тойды  қазақ  елінің  әрбір 

адамы  қалыс  жібермейді  десек  артық  айтпаған 

болар  едік.  Әрбіріміздің  жүрегімізге  ерекше 

қуаныш  сыйлайды.  Сөздікке  жүгініп,  парсы 

түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, аста-

на  -  табалдырық,  босаға,  кіре  беріс,  сарайдың 

қақпасы,  салтанатты  орда  есігі  деген  ұғымды 

білдіреді екен. Босағамыз берік болсын, ағайын!



Сандуғаш ҚУАНЫШБАЙҚЫЗЫ.

Астана - 

мүмкіндіктер қаласы

М

аусымның  жиырма  жетісі.  Астана-



Маңғыстау    жолаушылар  пойызында 

отырмын.  Бір  сөмке  киімдерім  және 

орта мектепті бітірген туралы құжаттар мен ҰБТ-

дан  алған  сертификатым  бар.  Мен    мектепті 

бітіріп,  үлкен  өмірге,  арман  қуып  Астанаға  ат-

танып  бара  жатырмын.  Алдымда  не  күтіп  тұр, 

қандай  оқуға  түсемін,  қандай  маман  боламын 

барлығы  беймәлім?  Бар  білетінім  -  арманым 

Астанаға  апара  жатыр.  Ата-анамның,  ұстаз-

дарымның  үмітін  ақтап,  жоғары  оқу  орнына 

түсіп,  жақсы  студент,  білікті  маман  атансам  - 

арманымның орындалғаны деп білемін. 

Астана - болашақтың қаласы, үлкен мүмкін-

діктердің  қаласы.  Біз  әрқашан  ел  дамуы  үшін 

үлесімізді қосып, ел игілігі жолында еңбек етуге 

дайынбыз.  16  жыл  ішінде  жай  ғана  кішкентай 

қаладан  алып  арман  қалаға  айналған  бұл  ша-

һарды,  мейлі,  әлем  мойындасын,  мойындама-

сын,  Астана  -  қазақ  халқының  тарихының  жаңа 

парағы, рухани дүниесінің есігі. Шығармашылық 

қиялыма  әлі  із  тастап  үлгермеген  келешекті 

бағалай  аламыз  ба?  Бағалай  аламыз.  Өйткені, 

болашақ бізге армандарымыз арқылы із тас-тап 

отырады. Яғни, Астананың болашағы ай-қын: көз 

алдыма  сағат  сайын  өсіп-өркендеп,  әлемнің  ең 

озық ғимараттарынан асып түскен сәулеті асқан 

қала,  экологиялық  жағдайы  мұнтаздай  Аста-

наны  елестетемін,  жаңа  астанамен  бірге  кемел 

келешекті сезінемін! 

Астана  туралы  айтатын  сөз  де,  арман  да 

биік  шыңды  таудан  жоғары,  байлығымыздай 

алапат  мол.  Астана  -  Отанымыздың  жүрегі, 

тәуелсіздігіміздің  тірегі.  Ендеше,  мейрамдары-

ңызбен,  құрметті  қазақстандықтар!  Еліміз  аман, 

жеріміз тыныш болсын!  

Манас ҚОСАЙ.

ҚЫЗУ ЖЕЛІДЕ: 

Жаңаөзен қалалық қаржы 

бөлімінің басшысы Раушан 

Қалдығұлқызы Жантілеуова

»»» 2-бетте


2



27 (1682) СӘРСЕНБІ 2 ШІЛДЕ 2014 ЖЫЛ



ЖАНА  ЗЕН

- Бүгінгі таңда қала бюджеті және 

орындалысы қандай жағдайда?

-  Қалалық  маслихатының  шеші-

міне сәйкес нақтыланған қала бюдже-

тінің  жылдық  жоспары  18  030  469,2 

мың теңгені құрап, есепті кезге орын-

далысы - 6 838 445,1 мың теңге. Оның 

ішінде, жергілікті бюджеттің жоспары - 

11 414 208,0 мың теңге, орындалысы - 

4 126 521,0 мың теңге, республикалық 

бюджеттің жоспары - 6 616 261,0 мың 

теңге, орындалысы - 2 711 924,0 мың 

теңге. Ағымдағы жылдың 1 шілде ай-

ына  күтілетін  орындалыс  98,9  пайыз. 

Қаламыздың  даму  бюджеті  бойынша 

жылдық жоспар 6 626 977,0 мың теңгені 

құрайды. Оның ішінде республикалық 

бюджеттен  бөлінген    қаражат  4  279 

149,0 мың теңге, орындалысы  - 1 879 

787,0  мың  теңге.  Жергілікті  бюджет-

тен  2 347 828,0 мың теңге бөлініп, 583 

921,0 мың теңгеге  орындалды. 

-  Бюджетке  түсетін  түсімдер 

жайында не айтасыз?

-  Жалпы  қала  бюджетінің  кіріс 

бөлігінің  бүгінгі  таңға  орындалысы 

126,0  пайыз,  оның  ішінде,  бюджетке 

түсетін  түсімдердің  басым  көпшілігі 

салықтан  түседі,  орындалысы  157,0 

пайыз. Екінші, салықтық емес түсімдер 

105,0  пайыз,  үшінші  негізгі  капитал-

ды  сатудан  түскен  түсімдер  бойынша 

246,0  пайызға орындалды. 



-  Қаламыздағы  Даму  бюджеті 

қандай қарқында жүріп жатыр?

-  Даму  бюджеті  бойынша  2014 

жылға  барлығы  42  құрылыс  монтаж-

дау  жұмысы,  оның  ішінде  7  өтпелі 

нысан  және  27  жобалық-сметалық 

құжаттама  жасақтау  жұмыстары  жү-

ріп  жатыр.  Атап  өтсек,  ірі  көлемде 

қаламызда  қалаішілік  автомобиль 

жолдарының  құрылысына  103  952 

мың  теңге  бөлінді  және  де  Теңге 

кентінде, Қызылсай ауылында автомо-

биль  жолдарының  құрылысына    661 

354 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар 

осы Даму бюджеті бойынша Жаңаөзен 

қаласының 

тарату 


канализация 

желілерін  қайта  құрылымдау,  спорт 

алаңдарының  құрылысы,  Жаңаөзен 

қаласының  орталық  көшелерінің 

жарықтандыру  желісін  қайта  құры-

лымдау  және  салу  бойынша  құрылыс 

жұмыстары жүргізіліп жатыр.

-  Осы  жылға  Республикалық 

бюджеттен ағымдағы трансферттер 

бойынша қай салаға қанша көлемде 

қаражат бөлінді және орындалысы 

қандай деңгейде?

-  Жалпы  Республикалық  бюд-

жеттен  ағымдағы  нысаналы  транс-

ферт бойынша 2 211 906,0 мың теңге 

көлемінде  қаражат  бөлінді.  Оның 

ішінде ағымдағы қаржы жылына білім 

саласына 885 021,0 мың теңге бөлініп, 

оның  есепті  кезеңге  қарастырылған 

353  956,0  мың  теңгесі  100  пайызға 

орындалды. 

«Жұмыспен  қамту-2020»  бағдар-

ламасы  шеңберінде  барлығы  104 

041,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда 

21 079,9  мың теңгесі  игерілді.

Сонымен қатар, Жол картасы-2020 

бағдарламасы бойынша 278 272,0 мың 

теңге бөлініп, есепті кезеңде 117 274,0 

мың  теңгесі  Теңге,  Рахат  кенттерін 

аббаттандыру  жұмыстарына  игеріліп 

жатыр.  Моноқалаларды  дамытудың 

2012-2020 жылдарға арналған бағдар-

ламасы шеңберінде бөлінген 611 144,0 

мың теңгенің 304 889 мың теңгесі, және 

де  қаладағы  кәсіпкерлікті  дамытуға 

бөлінген 374 000,0 мың теңгенің бүгінгі 

таңда 2 400,0 мың теңгесі игерілді.   



-  2014  жылға  мекемелердің 

мемлекеттік  сатып-алу  жоспары 

мен  олардың  орындалысын  вэб-

порталдан қадағалу мүмкіндігі?

-  2014  жылға  Жаңаөзен  қаласы-

ның  мемлекеттік  76  мекемелер    мен 

кәсіпорындардың  мемлекетік  сатып 

алулардың  жылдық  жоспарлары 

бекітіліп    толықтай  мемлекеттік  са-

тып-алу  вэб-порталына  жариаланды. 

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың 

келісім-шарттарының 

атқарылуы 

аталған  жүйеде  тіркеліп,  кез  келген 

азаматқа көруге қолжетімді.  



-  Мемлекеттік  коммуналдық 

меншіктегі ғимараттарды жалға алу 

мәселесі бойынша не айтасыз?

Мемлекеттік 



коммуналдық 

тұрғын-үй  емес  меншіктегі  қордың 

жайын  мүліктік  жалға  беріп,  жалға 

беру  келісім-шарты  бойынша  жалға 

алу    төлемдерін  өтеу  жұмыстары 

жүргізілуде. 2014 жылы коммуналдық 

меншіктегі  бос  тұрған  мүлікті  жалға 

беру  үшін  баланс  ұстаушының 

келісімімен  мекемелер  және  жеке 

кәсіпкерлерді  қоса  алғанда  барлығы  

77 келісім-шарт  жасақталды.

2014  жылы  коммуналдық  меншік-

тегі  бос  тұрған  мүлікті  жалға  беруден 

түскен  түсімдер  бойынша  жылдық 

жоспары  7  597,0  мың  теңге.  Есепті 

кезеңге түсімнің көлемі 6 568 8,0  мың 

теңге.

Тұрғындар назарына!

Келесі  аптадағы  «Қызу  желінің»  қонағы  Жаңаөзен  қалалық 

құрылыс  бөлімінің  басшысы  Мереке  Көбентайұлы  Рымбаев. 

Қонаққа  сұрақтарыңыз  болса  редакциямыздың  51-5-78  телефонына 

жолдауыңызға болады. 

 

ҚЫЗУ ЖЕЛІДЕ:



 

Б

ес  бала  тәрбиелеген 



Бақтыгүл 

бүгінде 


көрінген  «жаман  күшік-

терінің»  әжесі  болып  отырған 

жайы  бар.  «Үйге  барғанда  тілі 

шыққан немере-лерімнің «мынау 

несіне»  жауап  беремін  деп  өзің 

де  «мынау  не»  болып  кетесің» 

деп  әзілдеп  күледі  мақала 

кейіпкері.

Отағасы  да  1983  жыл-

дан  бері  аталмыш  мекемеде 

бақылаушы-механик 

болып, 


бұйырған  несібесін  теріп  жеп 

жүр.


Бақтыгүл  «кісінің  пейілі 

қандай  болса  -  соған  лайық 

ырзық-несібе  береді»  деп  ой 

түйеді.


Қазаны 

оттан 


түспеген, 

ынтымағы  жарасқан  мұнайшы-

лар  отбасы  төрі  қашанда 

қонақтардан  арылған  емес. 

Қонақ  деген  қызыр  деп,  өз 

сыбағасын  өзі  алып  келеді  деп 

баяғыда пайғамбарлар айтыпты 

деген  сөз  бар.  Аталарымыздан 

қалған  қонағы  арылмаған  үйдің 

құты арылмайды деген нақыл да 

бекер айтылмаса керек.

Тәжірибелі  мұнайшы  «адам 

өмірінің бар түйіні - бір-біріне де-

ген  шуақ,  мейірім  екен»  деп  ой  

өрбітеді. 

Бос 


уақытында 

Тама-


ра  Асардың  әнін  тыңдағанды 

ұнататын  Бақтыгүл:    «Қызы-

мыздың  үлкен  сахнаға  ұлттық 

киімдерімізді  киіп  шығуы  көз 

сүйіндіріп,  көңіліңді  семіртеді. 

Кейбір 


әншілердей 

қысқа 


көйлек  киіп,  омырауын  ашқан 

сіңлілерімізге  қарап  отырып 

қаралай  қарның  ашады»  -  деп 

қынжылыс білдірді.

Сондай-ақ,  ол  отбасын 

құрып,  үлгілі  әйел,  құрметті  ана 

және  отбасының  сүйеніші  болу 

әйел  мың  жерден  білімді  де 

ақылды, іскер де алғыр болса да 

бірінші кезекті мәселе екенін алға 

тартты.  Бақытты  мұнайшының 

бұл  пікіріне  алып-қосарымыз 

жоқ.

Бибігүл БӨБЕКБАЙ.

Мұнайшы бақыты



«Өзенмұнайгаз»  АҚ  №5  Скважиналарға  қызмет 

көрсету  басқармасында  1987-жылдан  бері  табан  ау-

дармастан  инженер  мамандығы  бойынша  абыройлы 

қызмет  жасап  келе  жатқан  Бақтыгүл  Сүлейменованы 

ұжымы қатты сыйлайды.

Жаңаөзен қалалық қаржы 

бөлімінің басшысы 

Раушан Қалдығұлқызы 

ЖАНТІЛЕУОВА

ИНВЕСТИЦИЯ

Махаббат  пен  адамгершілікті  мадақ-

тайтын, жеңіл әзілге құрылған сырлы картина 

секілді зу ете түсіпті.

Маңғыстаусыз  бір  жыл...  Маңғыстау! 

Бөлек  әңгіменің,  басыбайлы  бір  толғаудың 

иесісің ғой, атакүлдік... Сенде туып, сенде өсіп 

ап,  сырт  кетіп  сағынбай  жүрсем,  мені  балам 

деме...  Сарыарқаның  самиян  самалы  Батыс 

жақтан  соға  қалса,  Сенің  иісіңді  әкелердей 

елегізіп қалушы ем...

Астаналы бір жыл... Астана! Маңғыстауға 

Тәңір  жеке  маған  нәсіп  ете  салғандай 

елжірегенімде,  Сені  күллі  қара-көз  жақсы 

көрді.  Қазақияның  қақ  ортасына  қағылған 

қазықтай  елге  ұйытқы  болған  берекеңнен 

айналдым,  Бас  шаһар!  ...Қазақияның 

ұшы  қиырына  апталап  сапар  шектірер 

сахарасының тұс-тұсынан ағылған дүрмекпен 

Мен де жеттім... Менен бұрын жүргені де көп 

екен, менен кейін де қаншама Үміт келді...

Содан  бері...  Ауыз  толтырып  айтардай 

аттай он жыл өткен жоқ. Білінбей, беймарал 

сырғып  бес  жыл  да  өткен  жоқ,  бар  болғаны 

бір-ақ жыл. Он екі ай, әлденеше апта, қаншама 

күндер...  Дейтұрғанмен,  етек-жеңді  қымтап, 

жақсылыққа  ұмтылам  дегенге  бір  жыл  да  аз 

мерзім емес. Сүрінуден бекем болуды; қате-

ліктен қырағылықты; опасыздықтан достықты 

қадірлеуді үйретті Астана!

Маңғыстау  деген  енемнің  бауырында 

ойнақтаған алаңсыз құлыншақ күндерім екен 

де,  Астана  ереуіл  атқа  айналып,  иыққа  жүк, 

сауырға қамшы батқан, ауыздықпен су ішкен 

«қызығы» мол күндерім екен... Бірақ бір сәтке 

де есімнен шығарған жоқпын: бұл қиындықтың 

басы  ғана  екенін  және  жан  қиналмай  келген 

жақсылықтың ғұмырлық болмасын!



Баспана

Бас  шаһардың  бас  ауруы  -  баспана. 

Астананың  ауасымен  тыныстап  жүргендер 

біледі-ақ  мұны.  Қазақтың  бас  қаласының 

сұлулығына  шәгім  жоқ,  ал  жылылығын 

мақтасам күлкіге қаларым хақ. Алғаш келген-

де байқағам, Астана - cалқын қала. Қысының 

алты айға созылаpы бөлек әңгіме. Астананың 

жалпы аурасы суық, зәрлі. Сірескен ресмилік 

бар  кескінінде.  Сіңісіп  кеткенше  сіңіріңе 

ілініп  әрең  жүресің  жүйкең  ширығып.  Осын-

шама  сұлу  қаладағы  әдемі  әйнек  үйлерде 

кімдер тұратынын білетін астаналық аз. Тіпті, 

астаналықтардың  өзі  азғантай  ғана.  Жаңа 

таныстықтың  екінші,  үшінші  сауалы  «Қайдан 

боласың?» түрінде келеді. Жан-жақтан келген 

қазақтың басыбайлы баспаналысы сирек.

Бір жылдың ішінде мен де бірнеше пәтерге 

көштім.  Елде  жүргендегі  «Маған  пәтер  мен 

көлікті  үкімет  береді»  деген  ақжолтай  ойды 

қара басты... «Басы бүтін үй алуға Бай Шал 

бірдеңе етіп көмектесер, болмаса өз шамама 

қарай құлаш сермеп көрем» деген шыншыл ой 

ғана қазір... Басы бар, панасы жоқ жігітпін...

Бірақ  бір  сәтке  де  есімнен  шығарған 

жоқпын: менің ең аяулы Панам – Елім екенін!



Қызмет

Астанаға  ұшам  деп  Ақтау  әуежайында 

тұрғанда көп ойланғам... Алда не тұрғанынан 

гөрі, артта не қалғаны көбірек мазалаған... Ар-

тымда Ел қалмақ... Ал мақсатым айқын еді... 

Бір  жерден  жарып  шығу,  бір  биіктен  көріну! 

Бірақ оған қалай жеткізем, бағытым не болмақ 

деген  ой  болмапты.  Дәл  қазір  қорқынышты, 

әрі күлкілі. Алдағы бір жылдың осылай қызық 

пен шыжыққа толы боларын сезсем Астанаға 

кету  туралы  тәуекелге  барар  ма  ем,  бармас 

па ем?!


Өзіме тым сенімді болыппын... Ең алғашқы 

ұсынысқа  келіспедім.  Іргелі  бір  жоғары  оқу 

орнының  қоғамдық  пәндер  факультетін  бас-

қарудан  бас  тарттым.  Бәрі  шешіліп  қойған 

кезде,  соңғы  кезең  оқу  орнының  ректоры-

мен  кездесуге  барып  тұрып,  кірмей  кеттім... 

Шенеунік болуға әлі-ақ үлгерем, азғана уақыт 

жүгіріп жұмыс жасайын деп ойладым.

Республикалық  телеарнаның  «ас  үйіне» 

кіргенде  өзімді  жоғалтып  алдым.  Тәртіп  пен 

талап  мүлде  бөлек. Соңғы  екі жылда  журна-

листикадан  да  қол  үзіп  қалғам,  соның  аза-

бын тарттым-ақ... Төрт ай өткенде басшылық 

маған  өз  талаптарына  сай  келмейтінім 

жөнінде ескертті. Сезген ем осылай боларын, 

еңсемді түсірмей кеттім Астанадағы алғашқы 

қызметімнен. Бұл алғашқы қиындық еді...

Абырой  болғанда,  келесі  жұмыс  оңай 

табылды.  Сол  саладан.  Бетім  қайтып-ақ 

қалыпты... Қызметке шақырған жігітке бірінші 

жұмыстан қандай «масқара» жағдайда кетке-

німді  айттым.  Азамат  екен,  арқамнан  қақты, 

сенім артты.

Жаңа  жұмыс  орным  да  алғашқы  кезде 

самарқау қабылдады. Десек те, ішімде өткен 

төрт айға сұрапыл ыза бар еді. Екі апта, тағы 

екі  күнге  созылған  сынақ  мерзімінен  соң  мен 

қайта  республикалық  арнаның  штаттағы 

қызметкері  болып  шыға  келдім.  Артыма 

тығылып  алған  сенім  мен  «менім»  қайта  бас 

көтерді. Алла берген нәсіп еді бұл. Ал, Пенде-

лер себепкер ғана!

Бірақ  бір  сәтке  де  есімнен  шығарған 

жоқпын:  жақсы  адамдарымен  ғана  мүмкін 

жақсы дүниені!

Жеке өмір

Бір жылдан бері Астанада тұрамын. Бірақ, 

осы  мерзім  ішінде  «Бәйтеректің»  ұшар  ба-

сына  көтеріліп  Астанаға  «шекесінен  қарап» 

көрмедім.  Ақордаға  қызмет  бабымен  ғана 

бірнеше  рет  бас  сұқтым...  Қалаға  келген  ту-

ристер  алдына  тұрып  суретке  түсетін  тағы 

қандай нысандар бар еді... Қаланың тұрғыны 

үшін бұл жәй әдемі ғимараттар ғана. Бір жыл 

бойы  желігіп  қыдырған  да  емеспін.  Астанаға 

не үшін келгенімді жақсы білемін, оңды-солды 

бос  жүрістен  гөрі  мақсатыма  қарай  нақты 

қадам жасағанды жөн көрдім.

Жоқ! Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа ғана 

баруға себеп болған бір ерекше Жаратылыс 

болды.  Оны  айтпай  кете  алмаймын.  Жоға, 

жұмыстасым емес.

Дүниеде соның бары, онымен пікірлесудің 

өзі  шексіз  қуат  сыйлады.  Ол  –  тұман  кіреу-

келесе жанарыма жарық болды, бұлт торласа 

аспаныма  Күн  болды,  қараңғылықта  қалсам 

бағыт  берер  сәулем  болды.  Ол  болса  ешкім 

де, ештеңе де қажет емес-тін. Мендегі бардың 

бәрін бір Өзі-ақ алмастыра алатын. Көп рет-

те  сол  жанға  алғыс  айтам...  Бірақ  бір  сәтке 

де  есімнен  шығарған  жоқпын:  тағдырымның 

осындай  жылы  жанмен  байланысқанда  ғана 

шуақты боларын!

Жаңа достар, жақсы қызметтестер де менің 

астаналық  алғашқы  жылыма  жарқын  сәттер, 

жағымды  бояулар  қосты.  Астананың  салқын 

аурасын,  сірескен  ресмилігінің  сеңін  бұзуға 

қуат берген де осы мұраттас қыз-жігіттер.

Жұмыр Жерден тағы бір жыл ауды...  Аста-

наның  сұрапыл  қысын  көрдім.  Бас  кенттегі 

қытымыр қыстың қаһарына төзу үшін сол ең 

суық кезінде келгем. Кәдімгі темірқанаттанған 

балапанын  ұшуға  баулу  үшін  күздің  алапат 

дауылын күтетін қырандар секілді.

Астананың көгілжім көктемін көрдім. Кеш-

ке  қурап  тұрған  теректің  таңертең  жапырақ 

жамылғанына куә болдым.

Астананың  жайнаған  жазын  көрдім. 

Елорданы  екіге  бөлген  ерке  Есілді  жағалап 

қыдырған  жұрттың  жүзіндегі  жылылыққа 

қарап  қыста  осы  кескіндерде  сірескен  суық 

күлкі тұрғанына күмәнданып та қалдым.

Астананың  алтын  күзін  көрдім.  Қысқа 

ғана, бірақ естен тандырардай сұлу Күз. Сары 

алтынға суарып алғандай көркем мезгілдің біз 

жақтағы  жылауық  мезілге  еш  ұқсамайтынын 

амалсыз мойынадым.

Астана сыйласудан достық, құлтасыз, ри-

ясыз  достық  пейілдің  бауырластыққа  баста-

рына сендірді. Ал, Бауырластық Рухтастыра-

ды, идеяға топтастырады!

Бір жылда Астанаға кірігіп кете алдым, аса 

бір  биіктен  болмаса  да  жуан  ортадан  өзіме 

орын  белгіледім.  Бірақ  бір  сәтке  де  есімнен 

шығарған жоқпын: Өзімнің Маңғыстаудың ин-

вестициясы екенімді!


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 472.47 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет