Баспасӛздегі поэзиялық сатира ерекшелігі ералина Жанерке Ералықызы



жүктеу 41.49 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.03.2017
өлшемі41.49 Kb.

1533 

ӘОЖ 76.01 (5Қаз) я 431   



БАСПАСӚЗДЕГІ ПОЭЗИЯЛЫҚ САТИРА ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

Ералина Жанерке Ералықызы 

eralina_z@mail.ru

 

ЕҰУ-дің Журналистика және саясаттану факультетінің 2 курс магистранты, Астана 

Қазақстан 

Ғылыми жетекші – C.Е.Тапанова  



 

Кез  келген  елдің  ойының,  кӛркем  сӛзiнiң  тәуелсiздiгi  алдымен  әдебиетiнен  кӛрiнедi. 

Соның  iшiнде  сатира  жанры  рух  тәуелсiздiгiн  танытатыны  белгiлi.  Ғалымдар 

сатиралық жанрларды мынадай екі салаға 

топтастырып 

қарастырып 

жүр: 

сатираның поэзиялық   жанрларына:  мысал,  эпиграмма,  пародия,  сықақ,  ӛлең,  шарж, 



карикатураны  жатқызса,  сатираның прозалық  жанрларына:  фельетон,  памфлет,  сатиралық  

әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық  повесть, сатиралық роман топтастырады. 

Сатираның ӛзіндік табиғаты жағынан әдебиеттегі жанр ұғымынан әлдеқайда аясы кең 

екендігі туралы таным бар. Бұл бағыттағы ғалымдар сатираның жеке жанр бола алмайтынын

оның  тәсіл,  стиль  сондықтан  барлық  жанрларда  кӛрініс  табатын  кӛркемдік  құбылыс 

екендігін  айтады.  Сатира  тұтас  күлкі  мәдениетінің  феномені  ретінде  қарастырылады: 

«Мәдени-философиялық сӛздікте» сатираға мынандай қысқаша анықтама берілген: «Сатира 

(лат.  Satura  -  қосынды)  –  болмыстағы  жарамсыз  құбылыстарды  сықақ  етіп,  әшкерелеп 

кӛрсету және сол жанрда жазылған шығарма. Сатира алғашқыда антик дәуіріндегі халықтық 

«күлкі  мәдениетінің»  шеңберінде  дүниеге  келген»[1,228-б].  Сатиралық  сынау,  сатиралық 

әжуаның бастауы халықтық күлкіге барып ұласады.  

Сатира  мен  юмор  –  халық  мәдениетінің  кӛрінісі.  Әр  дәуір,  әр  кезең  ӛз  күлкісін, 

сатирасын  тудырып  отырған.  Ал  қазақтың  сатирасы  да  әр  жанрда  кӛрініс  тапқаны 

әдебиеттану  тарихынан  белгілі.  Сатиралық  жанр  фольклорда,  ауыз  әдебиетінде,  кейінгі 

ғасырлардағы  әдебиетте  дәстүрлі  жалғасын  тауып  келіп,  әсіресе  әдебиет  классиктерінің 

шығармаларында  айырықша  кӛрініс  тапқан.  Сатира  ең  алдымен  поэзиялық  жанр  ретінде 

әлемдік әдебиет тарихында белгілі. Сондықтан ХХ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасыр басындағы 

позиялық  сатираның  тақырыптық-жанрлық  ерекшелігіне  келетін  болсақ,  бұл  бағытта  қазақ 

сатирасы аса қарқынды дамыды. Тақырып аясы да кең, жанрлық ізденіс те мол. Сатираның 

басты  табиғаты  адамзат  қоғамындағы  түрлі  құбылыстарды  сынға  алу.  Бұл  аса  биік 

танымдағы  мақсат.  Қалай  адамзат  қоғамын,  оның  ішіндегі  адамның  бойындағы 

кемшіліктерді жоямын деген мәңгілік арманның кӛрінісі.  

 «Қазақ  әдебиеті»,  «Жас  алаш»  басылымдарындағы  сатиралық  шығармаларға  назар 

аудару  барысында  ақын-жазушылар  Мыңбай  Рәш,  Оспанхан  Әубәкіров,  Үмбетбай  Уайдин, 

Ғаббас Қабышұлы, Қажытай Ілиясұлы, Кӛпен Әмірбек, Толымбек Әлімбекұлының сатирасы 

шын  мәнінде  жанрлық  жағынан  да,  тақырыптық  жағынан  да  кең  арналы  екеніне  кӛзіміз 

жетті.  

Сатираның поэзиялық   жанрлары:  мысал,  эпиграмма,  пародия,  сықақ,  ӛлең,  шарж, 

карикатура.  

Мысал  –  тұспалмен,  ишарамен  айтылатын  жанр.  Мұндағы  ой  астармен,  жұмбақпен 

беріледі. Мысалдың басқа жанрлардан, мысалы ертегіден ерекшелігі оған адам қатыспайды. 

Мысал  жанрына  аң,  құс,  ӛсімдік  бейнесі  алынады.  Әдебиетті  оқу  бағдарламасында  мысал 

жанрын оқыту кӛбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанры сонау Эзоп заманынан 

бастау  ала  отырып,  қазақ  топырағында  да  дамыған.  Жазба  әдебиетінен  бұрын  қазақ  ауыз 

әдебиетінде  де  осы  жанрдың  элементтері  кездесіп  отырған.  Ақын-жыршылардан  бастап, 

мысал  жанрына  ықылас  білдірген  әдебиет  ӛкілдері  мол  болған.  Мәселен,  А.Құнанбаев, 

Ы.Алтынсарин,  Д.Бабатайұлы,  А.Байтұрсынов,  С.Дӛнентаев,  С.Кӛбеев  секілді  қаламгерлер 

ӛздерінің тӛл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше кӛңіл бӛлген. 

Зерттеуші М.Әуезов: «Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың 



1534 

аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс кӛркем 

әдебиетінің  ӛлең  сӛз,  қара  сӛздегі  әр  алуан  үлгісін  ӛз  жазған  оқу  кітабына  кіргізіп,  алғаш 

аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. Абай Алтынсариннің еңбегін жақсы білген де, зор 

бағалаған»[2,243-б],  - дейді. Зерттеуші  Абайдың Крылов мысалдарынан оның заманындағы 

әлеуметтік,  саясаттық  ерекшеліктерінен  туған  әжуа,  сатира  жақтарын  кӛп  алмай,  оның 

орнына ӛз оқушысына оңай, ұғымды боларлық мысалдарды алғанын айтады. Мәселен, «Есек 

пен бұлбұл» мысалында Крылов бір ауыз сӛзбен ғибрат айтса, оны Абай тӛрт жол ӛлеңмен 

береді. 

Поэзиялық сатираның жанрлық ӛрісі ӛте кең. Енді сол поэзиялық сатираның ең қысқа, 

әрі  ӛткір  жанры  –  эпиграмма.  Эпиграмма  сонымен  қатар,  әдеби  жанр.  Бұл  жанр 

ұшқырлығымен  ерекшеленеді.  Ӛткір  шығарма,  кӛркем  шығарма  оқырманға  бірден  жол 

табары  сӛзсіз.  Эпиграмманың  түп  атасы  эпитафия.  Бұдан  байқағанымыз,  эпитафия  тарихта 

бар, бүгінде жоқ жанр емес екен. Қалай болғанда да сӛз ӛнерінде ол да кӛрініс тауып келеді. 

Қазақ  әдебиетінде  эпиграмманың  ерекше  түрі  бірқақпайлар  бар.  Бұл  ұлттық  әдебиетте  бар, 

бастауын  ауыз  әдебиетінен  алады.  Бірқақпай  айтыста  да  кӛрініс  бабуы  мүмкін.  М.Рәштің 

бірқақпайлары  нақтылығымен  ерекшеленеді.  Қазақ  поэзиясында  бірқақпай  ӛте  дамыған 

шағын  жанр.  Ұлттық  поэзияның  сатиралық  жанры  десе  де  болады.  Кӛрнекті  ғалым 

Т.Қожакеев  былай  деп  атап  ӛтеді:  «Қазір  сатиралық  жанрлардың  біздегі  ең  кӛп  жазылып 

жүргені  –  осы  мысал.  Оны  аға  және  орта  буын  ақындар  да,  жас  талапкер  де  жазады. 

Қарасӛзбен де, ӛлеңмен де жазады. Сӛз жоқ, бұл күнде жанрдың тақырыбы кеңейіп, мазмұны 

тереңдей  түсті.  Кӛп  мысалдар  іс-тіршілігіміздегі,  адам  мінезіндегі  жағымсыз  қылықтарды 

дәл  тауып  сынайды.  Олар  бірде  басқаның  ісін  парықтай  білмейтіндер  мен  ӛз  мінін 

кӛрмейтіндерді,  ойсыз,  кӛзсіз  еліктегіштер  мен  ӛзіне  ӛзі  сұқтанып  тоқмейілситіндерді 

кӛрсетсе,  енді  бірде  барқырауық  әншілерді,  ауырдың  үсті,  жеңілдің  астымен 

жорғалайтындарды,  әлін  білмес  әлектер  мен  бастық  болса,  бастан  қиқу  кетірмейтін 

мазасыздарды кӛлденең тартады. Тағы бірде күштіні кӛрсе, басы жерге жеткенше иіліп, кіші 

пейілси қалатын, ілсізді кӛрсе, қағып кететін есерсоқтар мен әйтеуір лауазым, кресло тигенге 

мәз  болатын  мансапқорларды  келеке  етеді»  [3,45-б].  Қандай  да  бір  кӛркем  шығарманың 

тақырыптық-жанрлық,  тіпті  басқа  да  кӛркемдік-эстетикалық  болмысын  зерттегенде  аса 

ыждаһаттылықпен,  жауапкершілікпен  келу  керек  екен.  Эпиграмма  –  ерекше  жанр.  Ерекше 

жанрда біреуге достық әзіл арнаса, шекесіне «Эпиграмма» деп қоя салатындар бар. Мұндай 

сауатсыздық жанрды ажырата алмаудан шығады. Эпиграмма белгілі тұлғаларға арналады.  

Эпиграмма  -  грек  тілінен  аударғанда  «тастағы   жазу  -  бұл  сипаттаманың,  сынау 

ауқымының, мазақтың шекті тығыздығымен ерекшеленетін сатиралық миниатюра. Ол нақты 

объектіге, кейбір жағдайда    жағымсыз     құбылысқа     бағытталған.   

   Эпиграмма  карикатураға мәтін ретінде жиі қолданылады. Кезінде пародия дегеннің 

не  екенін  бірегей  болмысты  ғалым  Темірбек  Қожакеев  айтып,  жазып,  түсіндіріп  кеткен 

болатын.  Ол:  «Жалпақ  тілмен  айтқанда,  поэзиядағы  пародия  дегеніміз  –  шикі,  иі  қанбаған 

ӛлеңге сол ӛлеңнің ұйқасын да, буын санын да, ырғағын да, шумақ санын да сақтай отырып 

жазылған  сын  [3,47-б],-дейді.  Пародияның  нақты  қандай  болу  керектігіне  мысалды  «Жас 

Алаштың» 2013 жылғы 5 наурыздағы   №17  (15787) санында бірнеше пародия жанрындағы 

шығармалардан келтірсек. Авторы Мырзан Кенжебай Серік Қирабаевқа арнаған пародиясын 

«Ӛлең емес ӛлеңге бата беріп» деп ат қойып, былай сынайды: 

Болса болды үлкендер сыйға лайық, 

Үлкендердi сыйлайық қинамайық. 

Ақсақал ма? Ол жағын ӛзi бiлер, 

Академик, әйтеуiр, Қирабаев. 

  

Даусыменен дәрiстiң қалай сәнi 



Келетiнiн шәкiрттер әлi айтады. 

Робертино Лоретти қартайып кеп, 

Шырқап тұр деп ойлайсың «Ямайканы». 


1535 

  

Ақсақалдар болса да академик, 



Бейнетiнiң зейнетiн жатады емiп. 

Қартайғанда бұл ағаң жорға шықты

Ӛлең емес ӛлеңге бата берiп. 

  

«80 жаста Сәкең кең даладай» деп, 



Мақтаушыға сендi де баладай кеп. 

Жауап-мақтау жазды ол, 

Күлдiк бiз де: 

«Взаимно мақтайтын заман-ай» – деп [4]. 

К.Мырзанның  сол  кездегі  Алматы  қаласының  әкімі  Ахметжан  Есімовке  жазған  «Бір 

күн жауған қарды бір ай тазалайды» атты пародиясы сәтті шыққан. 

«Әкiм болған Алматыдай қалаға 

Сүтке тойып томпаңдаған бала ма?», –деп қалмаңыз 

Сӛйлеп кетсе мiнберден, 

Кейбiр сӛзi ой салады санаңа. 

  

Таппағасын бар кiнәнiң иесiн, 



Жӛндесе де жаздай жылу жүйесiн, 

Үй iшiнде iшiк киiп мына жұрт 

«Тоңып қалдық» – дегенiне күйесiң. 

  

Саясаттың сиқыр сырын ұққан боп



«Тiл заңына» әлi тұмсық сұққан жоқ, 

Залда отырған қалың қара қазаққа 

Сӛз бастайды «қазақстандықтар» деп. 

   


«Кӛше кӛк мұз... жүру де бiр азап-ақ..,» 

Деп күңкiлдеп қайтесiңдер, мазаны ап, 

Ахметжан жүре берсiн аман-сау 

Бiр күн жауған қарды бiр ай тазалап[5]. 

Бұл  пародияларда  сатиралық,  юморлық   белгі,  қасиет бар,  әзіл-қалжың  ретінде  

айтылып,  біреуді іліп-шалып,  қағытып-мұқататын   сыншыл  сӛз,  міншіл  пікірлер 

кӛп ұшыраспайды.  Пародия  айналадағы  ӛзің  білетін  адамыңды  ұзақ  уақыт байқап-кӛрудің, 

зерттеп-білудің   нәтижесінде туады.  Ол  кӛп ойланып,  толғанудың,  ақыл-ой,  дүниетаным 

елегінен ӛткізудің жемісі ретінде кӛрінеді. Ал әзіл-қалжың түріндегі шымшыма  сӛз, пікірлер 

табан астында,  күтпеген  жерден  тілмарлықпен,  тапқырлықпен  айтала  салынады.  Олар  –

 бақылап-болжау,  үңіліп-ұғынудың  жемісі  емес,  бір нәрсеге   адамның аяқ астынан  кӛңіл  

бӛле, ой жүгірте, пікір білдірудің жемісі екені кӛрініп тұр.  

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.

 



Мәдени-философиялық  энциклопедиялық  сӛздік.    Ғабитов.  Т.,  Құлсариева  А.  – 

Алматы: Раритет, 2004. -320 б. 

2.

 

Әуезов М.  Шығармалар. Он екінші том. - Алматы: Жазушы, 1969. 



3.

 

Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. – Алматы: Мектеп. 1983. 



4.

 

Кенжебай М.  Ӛлең емес ӛлеңге бата беріп. // Жас Алаш. №17 (15787) 5 наурыз.  2013.  



5.

 

Кенжебай  М.    Бір  күн  жауған  қарды  бір  ай  тазалайды.  //  Жас  Алаш  №5  (15775)  22 



қаңтар, 2013. 


жүктеу 41.49 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет