Басылым Ақпараттық-танымдық 2015 жыл №2 (75) ақпан



жүктеу 29.22 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.02.2017
өлшемі29.22 Kb.

басылым

Ақпараттық-танымдық

2015 жыл  

№2 (75) ақпан

Ұлағатты ұстаз, танымал ғалым 

Арап Еспенбетов 70 жаста

Ұлағатты ұстаз, танымал ғалым 

Арап Еспенбетов 70 жаста

Әдебиетші,  ғалым,  сыншы, 

филология 

ғылымдарының 

докторы,  профессор  Тұрсынбек 

Кәкішев:  

– Қадірлі Арап!  Өзің де Сәкенге 

ұқсас жігітсің ғой. Ісің одан да артық 

болсын. Қазақтың сыни ойларының 

толқындарын  алыстан  аңғаратын 

азаматсың ғой. Абыройлы бола бер. 

Өмірдің әр соқпағында жүрген кезде 

түйген  ой,  көрген  сурет  араласқан 

жылғалардың кейбір елестері өзіңдей 

азаматтарға  ой  салып,  жөн  сілтесе 

игі.  Семей  өңірінде  қазақ  ғылымы 

мен  мәдениетіне  өздерінің  үлесін 

қосатын жас ұрпақтарды тәрбиелеп 

жатқан  бағытыңды  дамыта  түсуіңе 

тілектес ағаң!  

Ғалымның өмір жолы

Ғалымның өмір жолы

ҰСТАЗҒА АРНАУ

Қуып тастар қараңғы түнді өңірден,

Аға көрдім маңдайдан күн көрінген.

Әр сөйлемі ой салып санамызға,

Әр сабағы астасып тұрды өмірмен.

Туын тіккен шындықтың шыңына Абай,

Шыңғыстаудың тарқайды мұңы қалай?!

Өлең-жырға келгенде кең көсіліп,

«Асыл сөзді» көретін құбыладай.

Сайрап жатыр артында жолы ғалым,

Жүректе өрлік, қолында томы қалың.

Надандықпен күресіп келеді үнсіз,

Үмітіне жол сілтеп соңыраның.

Тектілердің қашанда бар жалғасы,

Арыстардың айдауда қалған басы.

Бар қазақтың көгертті бәйтерегін,

Бейсенбайдың көзінің тамған жасы.

Әлі талай ғалым да, шығады ақын,

Жүрегінде солардың тұрады атың.

Ұлтын сүйер ұрпаққа келеді ағам,

Ұстаздықтың көрсетіп ұлағатын.                                                        

Арман Шеризат, 

магистрант.

Еспенбетов  Арап  Сләмұлы  1945  жылдың  4 

наурызында  Семей  облысының  Абай  ауданы 

Қарауыл ауылында туған.

1961-65 

жылдары 


Семей 

педагогикалық 

институтының студенті. 

1967  -  Семей  педагогикалық  институтының 

оқытушысы.



1975 

жылы 


профессор 

Б.Кенжебаевтың 

жетекшілігімен 

«Сұлтанмахмұт 

Торайғыровтың 

лирикасы»  тақырыбында  кандидаттық  диссертация 

қорғаған.

–1978 -  Семей мемлекеттік педагогикалық институты 

филология факультетінің деканы қызметіне сайланған. 



–1987  -    «Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің  озығы» 

значогымен наградталды.



–1992    -  «Ғылым»  баспасынан  «Сұлтанмахмұт 

Торайғыров» монографиясы жарық көрді.



–1992    -  Семей  мемлекеттік  педагогикалық 

институты қазақ филологиясы факультетінің деканы, 

қазақ  әдебиеті  тарихы  кафедрасының  меңгерушісі 

қызметтеріне сайланды. 



–1993  -  Семей  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының оқу ісі жөніндегі проректоры қызметіне 

тағайындалды. 

–1993 

«Сұлтанмахмұт 



Торайғыровтың 

шығармашылық 

өмірбаяны» 

тақырыбында 

докторлық диссертация (ғылыми кеңесші – академик 

З.Қ.Қабдолов) қорғады. 



–1993 

профессорлар 



Б.Б.Мамраев, 

Қ.Ергөбековтермен  бірге  қазақтың  ұлы  ақыны 

С.Торайғыровтың  екі  томдық  академиялық  жинағын 

құрастырып, «Ғылым» баспасынан шығарды.



–1995  -  «Семей»  мемлекеттік  университеті 

гуманитарлық 

факультетінің 

деканы, 


қазақ 

әдебиеті  кафедрасының  меңгерушісі  қызметтеріне 

тағайындалды. 

–1998  -  М.О.  Әуезов  атындағы  Семей  университеті 

(гуманитарлық институт)   ректоры қызметіне бекітілді. 



–2001  -  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Алғыс 

хатымен» марапатталды. 



–2001  -  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық 

университеті жанындағы докторлық диссертация қорғау 

жөніндегі Кеңестің құрамына енді. 

–2004  - «ҚР Білім саласының құрметті қызметкері» 

атағы берілді.



–2008  -  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік 

университеті  гуманитарлық  факультетінің  деканы 

қызметіне тағайындалды. 

–2010  -  «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы - 

2010»  мемлекеттік грантының иегері.



–2011, ақпан -  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік 

университетінің  бірінші  проректоры,  ректордың 

кеңесшісі -  аппарат жетекшісі.

–2011,  қыркүйек  –  Шәкәрім  атындағы  Семей 

мемлекеттік 

университеті 

гуманитарлық-заң 

факультетінің деканы.

– 2011 - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 

20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.



–2011  -  «Қазақстан  Республикасының  ғылымын 

дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. 



–2012  -  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

Жарлығымен  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері 

құрметті атағы берілді.

–2013  -  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы 

мемлекттік университеті Педагогика жоғары мектебінің 

директоры

– 2014 - «Алтай – Ертіс кітапханасы» сериясымен 

«Фолиант»  баспасынан  шығармаларының  екі 

томдығы жарық көрді.

Ғалымның      жетекшілігімен  2  докторлық,  19 

кандидаттық  және  19  магистрлік  диссертация 

қорғалды.  

  А.С.Еспенбетовтің  оппоненттігімен  17  докторлық, 

16 кандидаттық диссертация  қорғалған. 450-ден аса  

ғылыми мақалалары, 10 монографиясы,  1 әдістемелік 

оқулығы және ғалымның редакциясымен  40-тан аса   

ғылыми еңбектер жарық көрді. Жақын арада «Алтай – 

Ертіс кітапханасы» сериясымен А.С.Еспенбетовтің  екі 

томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.  

Алдынан  неше  жүздеген  шәкірт  дәріс  алған 

ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым Арап Еспенбетовтің өз 

ортасында  ғылыми  мектеп  –  «Еспенбетов  мектебін» 

қалыптастыруы  шын  мәнінде  үлкен  дүние.  Қазақ 

әдебиетінде  әлі  зерттелу  аясы  кең  жолға  түсе 

қоймаған  әдеби  өлкетану  мәселесін  басты  нысанға 

алған  профессор  Еспенбетовтің  төл  шәкірттері  өз 

өңіріндегі  ақын-жазушылардың  өмірі  мен  әдеби 

мұрасын зерттеп, ғылыми айналымға түсіруде.

Сан  ұрпаққа  үлгі  болар  саналы  өмірін  ізденіс 

үстінде  өткізіп  келе  жатқан  Арап  Сләмұлы  сынды 

арыс  азаматқа  алған  асулар,  жеткен  жетістіктері  – 

кезекті биіктердің бірі ғана. Санасы тұнық, ойы озық 

ғалым, ұстаз, білікті басшы жанның алар асулары да 

таусылмақ емес. 




жүктеу 29.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет