Басылым Ақпараттық-танымдық 2015 жыл №2 (75) ақпан



жүктеу 246.7 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата16.02.2017
өлшемі246.7 Kb.
  1   2   3

басылым

Ақпараттық-танымдық

2015 жыл  

№2 (75) ақпан

Ұлағатты ұстаз, танымал ғалым 

Арап Еспенбетов 70 жаста

Ұлағатты ұстаз, танымал ғалым 

Арап Еспенбетов 70 жаста

Әдебиетші,  ғалым,  сыншы, 

филология 

ғылымдарының 

докторы,  профессор  Тұрсынбек 

Кәкішев:  

– Қадірлі Арап!  Өзің де Сәкенге 

ұқсас жігітсің ғой. Ісің одан да артық 

болсын. Қазақтың сыни ойларының 

толқындарын  алыстан  аңғаратын 

азаматсың ғой. Абыройлы бола бер. 

Өмірдің әр соқпағында жүрген кезде 

түйген  ой,  көрген  сурет  араласқан 

жылғалардың кейбір елестері өзіңдей 

азаматтарға  ой  салып,  жөн  сілтесе 

игі.  Семей  өңірінде  қазақ  ғылымы 

мен  мәдениетіне  өздерінің  үлесін 

қосатын жас ұрпақтарды тәрбиелеп 

жатқан  бағытыңды  дамыта  түсуіңе 

тілектес ағаң!  

Ғалымның өмір жолы

Ғалымның өмір жолы

ҰСТАЗҒА АРНАУ

Қуып тастар қараңғы түнді өңірден,

Аға көрдім маңдайдан күн көрінген.

Әр сөйлемі ой салып санамызға,

Әр сабағы астасып тұрды өмірмен.

Туын тіккен шындықтың шыңына Абай,

Шыңғыстаудың тарқайды мұңы қалай?!

Өлең-жырға келгенде кең көсіліп,

«Асыл сөзді» көретін құбыладай.

Сайрап жатыр артында жолы ғалым,

Жүректе өрлік, қолында томы қалың.

Надандықпен күресіп келеді үнсіз,

Үмітіне жол сілтеп соңыраның.

Тектілердің қашанда бар жалғасы,

Арыстардың айдауда қалған басы.

Бар қазақтың көгертті бәйтерегін,

Бейсенбайдың көзінің тамған жасы.

Әлі талай ғалым да, шығады ақын,

Жүрегінде солардың тұрады атың.

Ұлтын сүйер ұрпаққа келеді ағам,

Ұстаздықтың көрсетіп ұлағатын.                                                        

Арман Шеризат, 

магистрант.

Еспенбетов  Арап  Сләмұлы  1945  жылдың  4 

наурызында  Семей  облысының  Абай  ауданы 

Қарауыл ауылында туған.

1961-65 

жылдары 


Семей 

педагогикалық 

институтының студенті. 

1967  -  Семей  педагогикалық  институтының 

оқытушысы.



1975 

жылы 


профессор 

Б.Кенжебаевтың 

жетекшілігімен 

«Сұлтанмахмұт 

Торайғыровтың 

лирикасы»  тақырыбында  кандидаттық  диссертация 

қорғаған.

–1978 -  Семей мемлекеттік педагогикалық институты 

филология факультетінің деканы қызметіне сайланған. 



–1987  -    «Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің  озығы» 

значогымен наградталды.



–1992    -  «Ғылым»  баспасынан  «Сұлтанмахмұт 

Торайғыров» монографиясы жарық көрді.



–1992    -  Семей  мемлекеттік  педагогикалық 

институты қазақ филологиясы факультетінің деканы, 

қазақ  әдебиеті  тарихы  кафедрасының  меңгерушісі 

қызметтеріне сайланды. 



–1993  -  Семей  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының оқу ісі жөніндегі проректоры қызметіне 

тағайындалды. 

–1993 

«Сұлтанмахмұт 



Торайғыровтың 

шығармашылық 

өмірбаяны» 

тақырыбында 

докторлық диссертация (ғылыми кеңесші – академик 

З.Қ.Қабдолов) қорғады. 



–1993 

профессорлар 



Б.Б.Мамраев, 

Қ.Ергөбековтермен  бірге  қазақтың  ұлы  ақыны 

С.Торайғыровтың  екі  томдық  академиялық  жинағын 

құрастырып, «Ғылым» баспасынан шығарды.



–1995  -  «Семей»  мемлекеттік  университеті 

гуманитарлық 

факультетінің 

деканы, 


қазақ 

әдебиеті  кафедрасының  меңгерушісі  қызметтеріне 

тағайындалды. 

–1998  -  М.О.  Әуезов  атындағы  Семей  университеті 

(гуманитарлық институт)   ректоры қызметіне бекітілді. 



–2001  -  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Алғыс 

хатымен» марапатталды. 



–2001  -  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық 

университеті жанындағы докторлық диссертация қорғау 

жөніндегі Кеңестің құрамына енді. 

–2004  - «ҚР Білім саласының құрметті қызметкері» 

атағы берілді.



–2008  -  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік 

университеті  гуманитарлық  факультетінің  деканы 

қызметіне тағайындалды. 

–2010  -  «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы - 

2010»  мемлекеттік грантының иегері.



–2011, ақпан -  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік 

университетінің  бірінші  проректоры,  ректордың 

кеңесшісі -  аппарат жетекшісі.

–2011,  қыркүйек  –  Шәкәрім  атындағы  Семей 

мемлекеттік 

университеті 

гуманитарлық-заң 

факультетінің деканы.

– 2011 - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 

20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.



–2011  -  «Қазақстан  Республикасының  ғылымын 

дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. 



–2012  -  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

Жарлығымен  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері 

құрметті атағы берілді.

–2013  -  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы 

мемлекттік университеті Педагогика жоғары мектебінің 

директоры

– 2014 - «Алтай – Ертіс кітапханасы» сериясымен 

«Фолиант»  баспасынан  шығармаларының  екі 

томдығы жарық көрді.

Ғалымның      жетекшілігімен  2  докторлық,  19 

кандидаттық  және  19  магистрлік  диссертация 

қорғалды.  

  А.С.Еспенбетовтің  оппоненттігімен  17  докторлық, 

16 кандидаттық диссертация  қорғалған. 450-ден аса  

ғылыми мақалалары, 10 монографиясы,  1 әдістемелік 

оқулығы және ғалымның редакциясымен  40-тан аса   

ғылыми еңбектер жарық көрді. Жақын арада «Алтай – 

Ертіс кітапханасы» сериясымен А.С.Еспенбетовтің  екі 

томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.  

Алдынан  неше  жүздеген  шәкірт  дәріс  алған 

ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым Арап Еспенбетовтің өз 

ортасында  ғылыми  мектеп  –  «Еспенбетов  мектебін» 

қалыптастыруы  шын  мәнінде  үлкен  дүние.  Қазақ 

әдебиетінде  әлі  зерттелу  аясы  кең  жолға  түсе 

қоймаған  әдеби  өлкетану  мәселесін  басты  нысанға 

алған  профессор  Еспенбетовтің  төл  шәкірттері  өз 

өңіріндегі  ақын-жазушылардың  өмірі  мен  әдеби 

мұрасын зерттеп, ғылыми айналымға түсіруде.

Сан  ұрпаққа  үлгі  болар  саналы  өмірін  ізденіс 

үстінде  өткізіп  келе  жатқан  Арап  Сләмұлы  сынды 

арыс  азаматқа  алған  асулар,  жеткен  жетістіктері  – 

кезекті биіктердің бірі ғана. Санасы тұнық, ойы озық 

ғалым, ұстаз, білікті басшы жанның алар асулары да 

таусылмақ емес. 



2015 жыл  №2 (75) ақпан

У н и в е р с и т е т   Ж а ң а л ы қ та р ы



«Екі жҰлдыЗ» әН бАйқАУы

14  ақпан  күні  №2  Студенттер  уйінде  “Екі  жұлдыз”  атты    ән 

байқауы өткізілді. Байқауға жатақхана студенттерінен құралған 4 

жұп катысты. 

Атап  айтқанда,  Төрехан  Ырыскелді  мен  Елеубек  Қарлығаш, 

Ерзатқызы  Гулжанат  пен  Мукатаев  Жанарбек,  Серікпек  Назгуль  мен 

Сержан Рабиға және Сағидолда Алтынбек пен Байжуманова Арайлым. 

Қызу дайындықтың нәтижесі болар биылғы байқау жылдағыдан өзгеше.  

Олардың үстіндегі сәнді киімдері, таңдалған әдемі әндер кештің ерекше 

әсерде өтуіне септігін тигізді. Ән таңдауға келгенде екі түрлі пікірдің 

де  болғаны  анық,  алайда  сайыстың  тәртібі  бойынша  өнерлі  жұптар 

алғашқы кезеңде махаббатты жырласа, екінші кезең еркін тақырыптағы 

әндермен  жалғасын  тапты.  Байқауға  бағасын  беріп,  таланттарға  әділ 

төрелік  білдіруге  университет  белсенділері  Ильяс  Молдір,  Сакенова 

Айдана, Төлеуханов Айдос, Оспан Олжас шақырылды.

Тартыс  бен  бәсекеге  толы  байқау  соңында  қазылар  алқасының 

шешімі  бойынша  бас  жүлдені  Серікпек  Назгуль  мен  Сержан  Рабиға 

дуэті өз қанжығасына байлады. Қатысушы жұптардың барлығы мақтау 

қағаздарымен  марапатталып,  кештің  соңы  «Екі  жұлдыз»  әнұранымен 

аяқталды. Студенттер арасындағы шығармашылық байланысты орнату 

мен дарынды жастардың қабілетін ашуды мақсат тұтқан байқау бұдан 

кейін де жалғасын таппақ.

Экономика, 

құқық 

және 

гуманитарлық 

ғылымдар  факультетінің 

аға 

кураторы 

Татиев 

Е.Е. 

және 

факультет 

спорт  жетекшісі  Орлов 

В.Г. 

ұйымдастыруымен 

университет 

спорт 

кешенінде  «Үздік  куратор 

және  топ»  атты  спорт 

сайысы өтті.  

Жарысқа  факультеттен 

11  команда  атап  айтқанда, 

психология ПХ-415, аударма 

теориясы  және  практикасы 

ПД-405,  Қазақстан  тарихы 

ИЯ-311,  философия  және 

саясаттану  ПТ-311,  есеп 

және  аудит  УА-305  топтары 

кураторлармен  бір-бірден 

қатысса,  журналистика  және  практикалық  қазақ 

тілі  ЖУ-302,  ЖУ-401,    қаржы  ФН-207,  ФН-

405,    экономика  және  бизнес  ЭН-302,  ЭН-401 

кафедралары екі-екіден куратор мен топтар өзара 

бақ сынады.

Куратор  -  топтың  студенттік  өмірін 

ұйымдастырушы.  Сонымен  бірге  ол  топтағы 

болатын  әр-түрлі  іс-шараларға  да  себепші. 

Куратордың топпен бірге атқаратын  іс-шаралары  

көп,  солардың  бірі  спорттық  сайыстар.  «Куратор 

және  біздің  топ»  спорттық  сайысының  мақсаты 

мықтыны анықтау емес.  Ол куратор мен топ және 

топтың  өзара  ұжым  бірлігін,  ынтымақтастығын, 

БАСПАСӨЗ  ҚЫЗМЕТІ

Қай  ғасырда  болсын  ұлт  өмірін 

өркендетуші  саналы  да  салауатты, 

ұлтжанды,  рухы  биік  парасатты 

ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдындағы 

басты  міндеттердің  бірі.  Жас 

ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  беру  - 

ел  болашағының  негізі  екенін 

ескерсек,  болашақта  жастарды 

отансүйгіштікке 

тәрбиелеу 

қажеттілігі туындайды. Сондықтан 

да студенттердің бойында белсенді 

азаматтық  ұстанымды,  әлеуметтік  

жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары 

адамгершілік  және  көшбасшылық  қасиеттерді 

қалыптастыру басты назарға алынған.

2015 жылдың 20-ақпан күні Семей қаласының 

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде 

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі мен 

Студенттік  парламенттің  ұйымдастыруымен 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың  «Нұрлы жол – болашаққа бастар 

жол»  Қазақстан халқына Жолдауын талқылау 

және  насихаттау  мақсатында    «Студенттік 

өзін-өзі  басқарудың  азаматтық-патриоттық 



ЕлбАСы  жолдАУы –  жАСТАР  көЗқАРАСы

қАЗАқСТАН хАлқы АССАмблЕяСы 

жылыНың бАСТАУы

Мемлекет 

басшысы 

Н.Ә.Назарбаевтың 

Жарлығымен  2015  жыл  -  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының жылы болып жарияланды.

Осы  ретте  6  ақпан  күні  Қазақстанның  барлық 

өңірлерінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының  

ашылуына арналған шаралар бастау алды.

Атаулы  күнге  орай  Семей  қаласының  Шәкәрім 

атындағы  мемлекеттік  университетінде  «Қазақстан 

халқы Ассамблеясы жылының бастау алуы» синхрон-

акциясы  өткізілді.  Бұл  шараға  университеттің 

профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. 

Іс-шара 

философия 

кафедрасының 

аға 


оқытушысы, 

ф.ғ.к. 


Ерзат 

Жетібайұлының 

«Қазақстандағы 

толеранттылық» 

тақырыбындағы 

баяндамасымен 

басталды.  Бүгінгі  таңда  этникалық 

және  діни  толеранттылық  мәселесін 

салыстырмалы түрде көрсете отырып,  

толеранттылық 

тек 

әлеуметтік 



климат,  тұлғааралық  қарым-қатынас, 

саясаттың  дамуына  ғана  әсер 

етпей,  оның  көкейкестілігі  қазіргі 

заман  адамы  мен  оның  тәрбиесіне 

бағытталғанын айтып өтті.

Сонымен  қатар,  іс-шара  барысында  философия  кафедрасының  доценті 

м.а.,  т.ғ.  к.  А.М.  Мамырбековтың  «Шығыс  Қазақстандағы  неміс  және 

поляк  диаспораларының  тарихы»,  тарих  кафедрасының  доценті  м.а.,  тарих 

ғылымдарының  кандидаты  Р.Д.  Ахметованың  «Этнокультурные  процессы 

в  Восточном  Казахстане  в  80-х  годах  ХХ  –  в  начале  ХХI  века»,  тарих 

ғылымдарының  докторы  Б.Ж.  Атантаева  және  т.ғ.к.  Т.А.  Камалджанованың 

«Влияние  миграции  на  формирование  этнических  диаспор  Восточного 

Казахстана в 1937-2005 гг.» атты кітаптарының тұсауы кесілді. Бұл еңбектер 

бірнеше  жылдар  бойы  зерттелген  жұмыстың  нәтижесі.  Онда  келтірілген 

деректер мен мағлұматтар Шығыс Қазақстан облысының этникалық мәдениеті, 

көптеген ұлт өкілдері және т.б.  жөнінде толық түсінік береді. 

Жалпы,  аталмыш  іс-шарада  қозғалған  мәселелер  біздің  қоғам  үшін 

аса  өзекті.  Себебі  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  еліміздегі  этностардың 

мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі үлес қосып келеді.

тәрбие берудегі рөлі» тақырыбында қалалық 

ғылыми-тәжірибелік  конференция  өткізілді. 

Конференция  жұмысына  Семей  қаласының 

жоғары және орта білім беретін 

оқу  орындарының  студенттері 

қатысып,  үш  бағыт  бойынша 

баяндамалар жасады.  

Ұйымдастырушылардың 

айтуы 


бойынша, 

аталмыш 


конференция 

Елбасы 


Жолдауында 

жүктелген 

міндеттерді  жүзеге  асыруға 

бағытталған. 

Іс-шара 

барысында  жоғары  және  орта 

білім беретін оқу орындарының 

студенттері 

«отансуйгіштік», 

«ұтжандылық», 

«азаматтық» 

ұғымдары  жайлы  өз  ойларын 

ортаға  салып,  студенттік  өзін-

өзі  басқарудың  азаматтық-

патриоттық  тәрбие  берудегі  рөлі  жайында 

көптеген мәселелерді сөз етті. 

Ұлт  көшбасшысының    сарабдал  саясатын 

бірауыздан  қолдайтын  студент  жастар 

болашақтың жарқын келбетін жасауда Елбасы 

Жолдауының берері мол екендігін тілге тиек 

етіп,  оны  жүзеге  асыру  үшін  сапалы  білім 

алып, янбай еңбек ететіндіктерін жеткізді. 



«ҮЗдік кУРАТоР жәНЕ Топ»

спорттық сайысы өтті

ең бастысы салауатты өмір салтын сақтау. Десек 

те сайыс болған соң жеңімпаздың болатындығы 

ақиқат.    Өте  тартысты  болған  бұл  жарыста 

«Үздік куратор және топ» атағы және дипломмен 

Қазақстан  тарихы  кафедрасының  командасы 

59  ұпаймен  «Геродот  ізбасарлары»  кураторы 

Құмар  А.  марапатталса,  екінші  орынды  49 

ұпаймен  «Журналист»  кураторы  Бароховский 

И.В.  иеленді.  Ал  үшінші  орын  дипломмен 

48  ұпай  жинаған  «Қаржыгерлер»  кураторы 

Омарова  А.Қ.  марапатталды.  Сонымен  бірге 

«Сұңқар»,  «Экстрим»,  «Көкжиек»,  «Алаш», 

«ЭкоStars»,  «Қырандар»,  «Болашақ»,  «Жалын» 

командаларына алғыс хаттар тапсырылды. 


2015 жыл  №2 (75) ақпан

Жақында  Семей  қаласының  Қайрат    Рысқұлбеков  атындағы    жалпы  білім  беретін  №  33  орта  мектебінің  акт 

залында  Кеңес  әскерлерінің  Ауған  жерінен  шығарылғанына  26  жыл  толуына  орай,  Семей  қаласының  Шәкәрім 

атындағы мемлекеттік университетінің инженерлік-технологиялық факультеті «Тамақ өндірісінің машиналары мен 

аппараттары» кафедрасының оқытушылар тобы мектеп бітірушілерімен кәсіби бағдар беру жұмысымен байланысты 

кездесу өткізді. Кездесу өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар рухты жауынгер ағалар ерлігін 

үлгі  ету,    Ауған  соғысында  опат  болғандардың  рухына  тағзым  ету,  есімдерін  қастерлеу  және  Отанына  қалтқысыз 

еңбек ететін болашақ сапалы жас мамандарды тәрбиелеу мақсатында  ұйымдастырылды. 

Мектеп директоры С.Ғ.Жансұлтанов алғашқы болып сөз алды. "Қанқұйлы соғыс өртіне толы Ауған соғысының 

аяқталғанына  26  жыл  өтсе  де,  осы  соғысқа  қатысқан  ардагерлерге  құрмет  көрсету  көнермек  емес.  Қиыр  шеттегі 

соғысқа  олар  сол  уақыттағы  биліктің  шешімімен  кетті.  Ал  олардың  алдында  бір  ғана  міндет  болды,  ол  –  санаға 

сіңген  патриоттық  тәрбие  –  Отан  алдындағы  борышын  өтеу,  қабылданған  антқа  берік  болу  еді.  Ардагерлер  осы 

соғыста  өз  міндеттерін  абыроймен  орындауды,  сын  сағаттарында  қаһармандықтың  үлгісін  көрсетті"  -  дей  келе, 

қазіргі бейбіт заманда елге қызмет ету осындай патриоттық сезімнен ұшқындайтынын және қазіргі таңда инженерлік 

мамандықтардың үлкен сұранысқа ие екендігін атап өтіп, кездесу қонақтарын таныстырды. 

Кездесу  басында  мектеп  директоры  С.Ғ.Жансұлтановқа  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік 

университетінің ректоры Ш.А.Әмірбековтің атынан «Алғыс хат» табысталды. 

Профессор  А.Е.Еренғалиев  пен  доцент  Ғ.Б.Абдилова  университет  мамандықтары  туралы  презентация  жасап, 

университетке  түсу  ережелерімен  таныстырды.  Ақпараттық-таратпа  материалдары  үлестіріліп,  оқушыларды 

қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.

Университет ұстаздары, Ауған соғысының  ардагерлері, ТӨМА кафедрасының меңгерушісі М.М.Әкімов және аға 

оқытушы Н.О.Түсіпов мектеп оқушыларымен өткізген  сұхбаттарында орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене 

араласа  отырып,  әлемдік  құрылым  қалыптасуының  негізгі  ғылыми  ұстанымдарын,  Отанға  деген  сүйіспеншілік, 

патриотизм,  танымның  заңдылықтарын  игеруі  тиіс  екендігін  атап  өтті.  Құпияға  толы,  қиындығы  көп  соғыстың 

сыры және сол жылдардың өмірдегі орны мен қиын сәттегі бетпе-бет келген көріністер туралы оқушылар сұрақтары 

бойынша әңгімелеп, кездесуді қыздыра түсті. 

Мектеп директоры өз кезегінде кездесу қонақтарына ұжымы мен оқушылары атынан алғысын білдіріп, мұндай 

іс-шаралар, оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары дәстүрлі түрде болуын атап өтті. 

Келешек  ұрпақпен  келелі  кездесу  Халық  қаһарманы  Қайрат    Рысқұлбеков  атындағы  мектеп  мұражайында 

жалғасты. 



 А.Ғ. Джилкишева,

ТӨМА кафедрасының аға оқытушысы. 

Тәлімі мол ЖИЫН

ұстазҒа  құрмет КӨрсетІЛДІ

Таяуда ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері, 

технологиялық  институттың  негізін  қалаушылардың  бірі    және 

Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің 

оқытушысы  Қилыбаева  Сағи  Қалиқызының  құрметті  демалысына 

шығарып салу салтанаты өткізілді. 

Сағи Қалиқызы өзінің 50 жылдық еңбек жолында аянбай тер төгіп, білім 

саласының өркендеуіне, қанаттанып гүлденуіне сүбелі үлес қоса білді. 

Салтанатты жиында Сағи Қалиқызының шәкірті, техника ғылымдарының 

докторы,  профессор  Кәкімов  Айтбек  Қалиұлы  жиналған  қауымға  Сағи 

Қалиқызының  еңбек  жолымен  таныстырып  өтті.  Университет  ректоры 

Әмірбеков  Шәріпбек  Ағабайұлы  да  өзінің  жүрекжарды  лебізін  білдіріп, 

алғыс хатын табыстады. 

Сонымен  қатар,  мерекелік  кешке  Семей  қалалық  әкімдігінің  аппарат 

жетекшісі Шаған Манапұлы Жұмақсанов, сонау Астанадан арнайы құттықтап 

келген шәкірттері, университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы 

да ұстазға деген құрметін көрсетіп, ақ тілектерін ақтарды. 

Айта кететін жайт, Сағи Қалиқызының білім нәрімен сусындатқан шәкіртттерінің алды Қазақстан Республикасының 

экономикасына және өнеркәсібінің дамуына ерекше еңбек сіңірген белгілі академиктер, ғалымдар және кәсіпкерлер. 

Сондай-ақ ол кісінің 60-жылдары еңбек жолын бастаған уақытта тәрбиелеген шәкірттері бүгінгі таңда университет 

қабырғасында қызмет атқаруда. 

Кеш соңы студенттердің дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. 

Елбасы  биылғы  Жолдауында  еліміздің  ауыл 

шаруашылығындағы  еңбек  өнімділігі  2014  жылдан 

2  есе,  ал  2020  жылға  таман  4  есе  артатындығын  атап 

өткен болатын. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

мәселесі де мемлекет басшысының назарынан тыс қалған 

емес. 

Ғылым  мен  тәжірибе-егіз.  Тәжірибенің  ғылымға, 



ғылымның тәжірибеге тигізер ықпалы зор. Сондықтанда 

ғасырлар  бойы  бізге  жеткен  халықтың  бай  тәжірибесін 

жинақтап, ғылыми сыннан өткізіп, оны өмірге, өндіріске 

енгізу  перспективтік  іс  болып  саналады.  Көптеген  

шаруашылықтарда    қазіргі  заманғы  технологияларды 

(компьютерлендіру)  пайдалана  отырып  мал  өсіру  және 

олардан жоғары сапалы өнім алу жолында жұмыс жасауда. 

Сондықтан  ауыл  шаруашылық  мамандары  әрдайым 

ауылға, шаруашылықтар үшін өте қажет. Маманның аты 

маман,  олай  дейтініміз  кейбір  ауыл  шаруашылығына 

мүлдем қатысы жоқ адамдар жеке шаруа қожалықтарын 

ашып  мал  өсірумен  айналысып  жатады,  алайда  түптеп 

келгенде олар да маманның көмегіне жүгінеді. 

Қазіргі кезде мал шаруашылығын өркендету және оның 

өнімділігін арттыру жолдары бұрынғыға қарағанда терең 

зерттеліп,  жаңа  прогрессивтік  тәсілдермен  байытылуда. 

Онымен  қоса  профессорлық  оқытушылар  құрамының 

қалыптасуымен  ғылыми  жұмыстар,  тәжірибелер, 

конференциялар  жиі  жүргізіліп  отырады.  Оған  мысал 

ретінде  Шығыс  Қазақстан  облысы  және  Семей  аймағы 

бойынша    асыл  тұқымды  мал  өсіретін  бірқатар  шаруа 

қожалықтары мен серіктестіктерді ауыз толтырып айтуға 

болады.  Мәселен,    «Нұр»  (Шакаримов  Қ.Ш.),  «Балке» 

(Токашев О.Н.), «Е.Зейтенов» (Е.Зейтенов), «Қасқабұлақ» 

(Мұқатаев А), «Багратион 2» (Воропай В.Г.) т.б.    шаруа 

қожалықтарымен университет ғалымдары асыл тұқымды 

мал  саны  мен  сапасын  арттыру  мақсатында  ғылыми 

жұмыстар  жүргізумен  қатар  мамандар  дайындауға 

да  зор  үлестерін  қосуда.  Сонымен  қатар,  аталған 

шаруашылықтарда  студенттер  өндірістік  іс-тәжірибеден 

өтіп, дипломдық жұмыстарын жазады.

Осындай  мал  тұқымын  асылдандыру  ісімен 

айналысатын  мамандарды  бүгінгі  таңда  «Мал 

шаруашылығы 

өнімдерін 

өндіру 


технологиясы»  

мамандығы 

бойынша 

дайындаудамыз. 

Кезінде 

«Зоотехния» деп аталған бұл мамандық иелері ауыл, аудан 

әкімдерін дайындаса, Кеңес үкіметі құлағаннан кейін бұл 

мамандықтың ғұмыры шектелді, алайда бүгінгі таңда мал 

шаруашылығы  мемлекет  тарапынан  өз  қолдауын  тауып 

өркендеу үстінде, асыл тұқымды шаруашылықтар көптеп 

бой  көтеріп  жатыр.  Осындай  шаруашылықтар  үшін 

мемлекет тарапынан субсидиялар беріліп, ғалымдар мен 

шаруа  қожалықтарының  ғылыми  жұмысты  жетілдіруі 

мақсатында  гранттар  бөлініп,  осыған  орай  жұмыстар 

жасалуда.  Сондықтан  осындай  елімізді  өркендету 

жолында ата кәсібімізді одан әрі қарай дамыту жас маман 

мен  болашақта  ауыл  шаруашылығы  маманы  боламын 

деген талапкер сенің қолыңда екенін ұмытпа! 




жүктеу 246.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет