Бас редактор



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/15
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

47
жарияламағанына келіспеймін.
Сұрақ: -Қандай әдебиеттерге ынта қоясың?-
деген сауалға қайтарған
Жауабы: - Тарихи әдебиеттерге ерекше ынта
қоямын...
Мәннанды жастай іліккен «жетімдік тағдыр»
тырнағынан  құтылып,  жалынды  жігерін
жасытпай,  қайта  жетімдік  жетесін  жетілдіріп,
шыңдай  ширатқан  санасын  сарабдал  ойға
жетелей түссе керек. Оның туған мекені, кіндік
қаны  тамған  қасиетті  топырақ-Берікқара
жерінің  қойнауынан  кен  қазып,  жер  кезген
шетжұрттық  ағылшындардың  іс  әрекеттеріне
зер салып, көрші, жапсарлас жұрт-қарқаралыда
оқыған біраз құрбы, жастардың асқақ үндеріне
құлақ  түру,  зейін  қоюы  Алаш  көс емдері
Ақбайдың  Жақыбы  , Әлихан  мен  Ахмет  және
Әлімхан  Ермековтармен  жақын  танысып,
олармен жанаса түсуі, революциялық сыңайдың
өрістеуге бет алысын аңдауына оң әсері болғаны
да шындық. Бұл оның олардың сенімді серігіне
айналуына басты себеп болған. Мәннаның 1915
жылы «Ғалия» медресесін бітіріп куәлік алғаны,
мұғалімдік мамандыққа қоса әдебиетші».. деген
құжатым бұған айғақ.
Мәннан Семейде алғашында Алаш Орданың
«Сары  Арқа»  газетінің  редакторының
орынбасары  қызметін  қолға  алады.  Ред-ы
С.Кәдірбаев  (Торғайлық)  Семейдің  қосымша
«Сары  Арқа»  газетінде  Алаш  көс емдері
мақалалары  мен  бірге  Ж.Аймауыто в,
С.Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың да
шығармашылық  жолының  басталуына  үлкен
ықпалы болған. Мәннан Семейде рухани күшке
бастаушы ретінде рухани достар тапты. Қазіргі
заман  тарихының  құжаттама  орталығындағы
ресми 
мұрағатындағы 
1917 
ж. 
18
желтоқсанында  Семей  уездік  басқармасы
құрылғаны туралы деректер бар. (РК ВКО СЕМ.
Ц.Д.Н.И.  фонд-  37  опись-01,  дело-36).  Бұл
негізінен  жергілікті  халыққа  білім  беру
дәрігерлік қызмет көрсету, сауда және өнеркәсіп,
ауылшаруашылық  жұмыстарын  жүргізу  т.б.
толып  жатқан  істерге  басшылық  жасаумен
айналысты. 
Семей 
қалалық 
Земство
басшылығын  Райымжан  Марсеков  пен
Ахметжан  Қозыбағаров  атқарады.  Облыстық
Земство  басқармада  Халел  Ғаббасов,  Әбікей
Сәтбаев,  М.Тұрғанбаев,  К.Ляшкевич  т.б.
белсенді жұмыстар атқарады. Земство Семейде
1919  ж.  желтоқсанда  большевиктер  билігінің
орнауына байланысты жұмысын тоқтатты.
Әлихан  Бөкейханов  «Земство  қолға  алып
қылатын  істің  бір  зоры  -  бала  оқыту»,  деп
көрсеткенді.  «Алаш  қайраткерлері  Мәннан
Тұрғанбаев, Әбікей Сәтбаев, Биахмет Сәрсенов,
Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар
Әуезов,  Қ.Ибрагимов, Сейітбаттал  Мұстафин,
Абзал  Жиенбаев,  т.б.  басқаларының  күш
салулары  нәтижесінде  Семейдің  Алаш  қаласы
бөлігінде  тұңғыш  бастауыш  қазақ  мектептері
ашылып, жұмыс істей бастады. Семей облысына
қарасты  уездерде  мектеп  саны  әжептәуір  өсіп
көбейді»».
(Ерлан 
Сыдықов. 
«Шәкәрім 
және
Алашорда»-2008, 100 бет)
1918 ж. Жақып Ақпаев Семейдегі Әкімшілік
басқармасының ұйымдастыру жұмысын қолға
алған  болатын.  Сол  жылы  12  қазанда  Семей
шаһарына  Орынбордан  арнайы  келген  Алаш
Орданың  автономиялық  үкіметінің  төрағасы
(Ә.Бөкейханов  европалық  тәрбие  алған,
еуразиялық  деңгейдегі  энциклопедист-ғалым,
қоғам  қайраткері,  Ресей  реформаторлары
көсемінің бірі болатын.  С.Т.) Әлиханды қарсы
алу  рәсім  салтанаты  өтеді.  Митингіні  ашқан,
әйгілі 
Тәттімбет 
күйшінің 
немересі
Алашорданы  жақт аушы,  Зиялы  азамат
Мұсатайдың  Шайхысы  еді.  Ол  бірінші  сөзді
Мәннан  Тұрғанбаевқа  беруі  де  кездей  соқтық
емес-тін. Мәннанның сөзі: «Сүйікті басшымыз!
Еңбегің  жанды.  Ұлтыңыздың  жандана
бастағанын  көзіңіз  көрді.  Өзінің  оқытушы
екенін  жасырып  жүретін  оқытушылар  мынау
отырғандар.  Бұрынғы  келгендеріңізде
дидарыңызды көрсетпей жауып қойған да уақыт
болып еді. Жүзіқаралардан қорқып, біз де бүйтіп
көрініп алдыңыздан шыға алмаушы едік. Құдай
бізді  бүйтіп  қарсы  алуға  жеткізді.  Біз
оқытушылар пікіріңізді жайып, еліңізді тірілтуге
даярмыз!  Жаса  біздің  биік  басшымыз!  Сізді
көрумен  өзімізді  бақытты  санаймыз!..  деп
тебірене, ақтарылып, ашық лебіз білдіріпті.
Одан кейінгі сөз кезегін алған, белгілі қазақ
ақыны  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  пен  Алаш
арысы,  жазушы  Жүсіпбек  Аймауытовтар  да
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

48
Мәннанның  сөзін  қостап:  «Өмірің,  жүрген
жолың, біз-інілеріне жағып қойған шамшырақ!
Жасасын  сүйреген  Алашың!  Жаса,  жаса
сабазым!-деп,  асқақ  ұранды  «көтерілген  туың
бар,  көтеретін  ерім  бар!»  -дейтін  жүрекжарды
қуаныштарын паш еткені мәлім.
Ахмет  Байтұрсынұлының  тілімен  айтсақ,
Алаш зиялылары «жұртым деп халықтың арын
арлады, зарын зарлады, халықтың сөзін сөйлеп,
пайдасын  қорғады».  Ол  жалпы  ұлттық  зар-
отаршылдар  тартып  алған  нулы,  сулы  ата
қонысы, ұлттық ділі, ана тілі, ислам діні еді.
Қазағым елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып,-
деп қалың қазақ еліне дабыл қақты.
Бұл  сарын  Абай  заманында  тұспалдап
айтылса, Ахмет заманында қазақ зиялыларының
ұлттық  тұғыр  намасына  айналды.  Бұл  жалпы
ұлттық,  одан  қалды  езілген  35  миллион  түркі
халықтарының  ортақ  ұраны  болатын.  Демек,
Мәннан  Тұрғанбаевтың  сөзі  мен  ісінен  оның
халық  мүддесі,  тіл,  дін  мәселелерін  ерекше
көтере білген, бірден бір ағартушы, ұстаздардың
ұстазы  екенін,  Әмбе,  ұлтшыл  да,  түрікшіл  де
болған  азамат  ретінде  танылып,  орынды
бағасын  алды.  Ол  жәйлі,  Семейлік  ғалым,
университет ректоры Ерлан Сыдықов: «Мәннан
араласпаған,  ақыл  кеңесін  бермеген  істер
болмаған  тәрізді.  Өйткені,  заман  талабы  соны
талап еткенді. Ол көпке өнеге, үлгі көрсеткен.
Шәкәріммен де, тығыз байланыста болып, пікір
таласта болған жан»-деуі қисынды. Мәннанның
Семей  облысы бойынша  басты   ағартушылық
жүкті иығына көтергені де ақиқат. Ол жәйінде
Семей  оқытушылар  институтының  қазақ  тілі
кафедрасының меңгерушісі болған, жас ғалым,
Кеңесқазы  Ахтамбеков  марқұмның  «Қаламы
ұшқыр  ұстаз  жолы»  атты  ғылыми  еңбегін
Мәннанға  арнауы  бұған  дәлел  екені  дау
тұрғызбайды.17-ші  Маусым  1924  ж.  №218
санды «Еңбекші қазақ» газетінде «Көз сүйінеді»
деген бас мақалада Орынбор қаласында Әлихан
бастаған  білімназдар  тобының  тұңғыш
жиналысы  болғанынан  хабардар  етеді.  Оның
күн  тәртібінде:
1. Оқу-ғылым кітаптарын көбейту,
2. Ауыз әдебиетін жинау шаралары,
3.  Бастауыш  мектептің  оқу  жобасы  т.б.  тіл
мәселелері  ұсынылады.  Осы  мәселелерді
талқыға  салған  жиынға  Семейден  жалғыз
Мәннан  Тұрғанбаев  қана  шақырылып,
қатысады.  Ол  уақытта,  Кеңес  өкіметінің  жол-
жобасын,  құрылысын  білетін  кісі  жергілікті
халықтың арасында  тіпті жоқ дерлік болатын.
Сондай  алас апыран  заманда,  Алаштық
«Сарыарқа»  газетін  басқарған  адам-Мәннан
Тұрғанбаев,  1919  жылдың  4-желтоқсанынан
бастап  Кеңестік  қоғамның  Жаршысы  «Қазақ
тілі»  газетінің  бас  редакто ры,  алғашқы
шығарушысы болған кісі екендігі де біраз жайды
аңғартатын еді.
Мәннан  Тұрғанбаевтың  1918  жылы  жарық
көрген  «Абай»  журналының  №2  санында
«Шежіре»  және  «Ұлтшылдық»  дейтін  құнды
мақалалары,  ой-пікірлері  басылады.  Демек,
Мәннан  мен  Мұхт ар  Әуезо в,  Жүсіпбек
Аймауытовтар шешуі қажет болған мәселелерді
бірге  бас  қосып,  аға-інілер  ақылдаса  отырып,
бірлесе шешкендеріне иланасыз, бір мақсат, бір
мүдде көздеген азаматтар ісіне сүйсінесіз. Сол
кезде  Мәннанға  арнап айтылған  өлең  шумағы
ел аузында айтылып, жадада сақталып бізге де
жеткені.
Мәннан ибн Тұрғанбай,
Сөз сөйлейді толғанбай.
Күле сөйлеп айтқаны
Дәл төбеңнен ұрғандай-
делінуі оның биік өресін,
Биязы мінезін, сабырлы ағалық қасиетін паш
еткендей-ақ. Мәннанның қазақ балалары үшін
мектеп  ашып,  оқулықтар  жазып,  көптеген
көркем де көсем сөзді мақаллар жариялатқаны
мәлім.  Демек,  «Халық  көкейінде  олар  сепкен
ұлы мұраттардың дәні көз тасада көктеп жатты.
Ұрпақтар  жүрегінде  жатқан  сол  бір  құпия
махаббат әділет сағатын күтті. (Ә.Кекілбаев)
1917-1919 жылдары Семейдегі (Алаш қаласы
Жаңа  С емей  бөлігі)  екі  жылдық  қазақ
мұғалімдерін оқытып, даярлайтын курс- мектебі
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

49
ұйымдастырылады.  Оның  меңгерушілігіне
Мәннан Тұрғанбаев тағайындалады. Бұл курс-
мектепке  оқытушылар  таңдауында  Мұхтар
Әуезовпен  ақылдаса  отырып,  сол  кездегі  ең
жақсы деген таңдаулы мұғалімдер іріктеледі.
Олар:  Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев  –
география,  жалпы  тарих,  зоология,  орыс  тілі
пәндерінен, Сейіт-Баттал Мұстафин-қазақ тілі,
қазақ  тарихы,  физика,  педагогика  пәндерінен
(бұл  кісі  1889  ж.  Ақмолада  туып,
Константипопольде Түрік семинариясын 1913
ж. бітірген екен.)
Мәннан  Тұрғанбаевтың  өзі  болса  есеп,
тазалық, ислам тарихы, дін ғылымы пәндерінен
сабақ берген. (Есеп, тіл, діни оқулықтар жазған).
Жүсіпбек Аймауытов (Павлодарлық азамат)-
курс  меңгерушісінің  о рынбасарлығына
тағайындалады.(Ф-97.  0-1.  з-117.  Л-ІІ).
Қоқымбаев Шакер (Қарқаралық азамат-1899 ж.т.
Омбыда  мұғалімдер  семинариясын  бітірген).
Мұғалімдер тізімінде бұлардан басқа Ахметжан
Күзембаев және курс-меңгерушісінің хатшысы-
Ыдырыс Мұстамбевтар бар.
Қазақ тарихын оқытуға Шәкәрімнің «Түрік,
қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресі», Ал қазақ
тілін  оқытуға  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Тіл
туралы»  кітаптарын,  Ислам  тарихын  оқытуға
Фатих  Каримовтың  1,2,3  бөлім  оқулықтарын
пайдалану  ұйғарылған.  Курста  14  түрлі  пән
оқытылған.
Аталған  мектепке  Семей,  Қарқаралы,
Павлодар,  Өскемен  уездерінен  келіп  оқыған
екен.  Олардың  ішінде  Ыбырай  Матаев,
Дүйсенбай  Есенжолов,  Қажыгелді  Орынбаев,
Биназаров  Иса,  Төребаев  Ғалиаһбар,  Қабір
Махмұтов  пен  әйелі  Оразбибі  Махмұтова,
Сарсенбай Аманжолов, Жармұханбет Төленов,
Оспан  Раев  т.б.аты-жөндерін  оқуға  болады.
Бұларда  бәрі  дерлік,  өз  ауылдарында  мектеп
ашқан,  елге  есімдері  абыроймен  жәйылған,
жоғарғы  өкімет  марапатауларына  ие  болған,
әмбе үкімет билігіне-министрлікке дейін қызмет
лауазымдары өскен белгілі қайраткерлер, ақын,
жазушылар шыққан, ұлттық мақтаныш болған
Алаш тұлғалары.
 Мәннан Тұрғанбаев пен Мұхтар Әуезовтың
өте жақын байланыстарын айғақтайтын тарихи
құжаттар  көп  кездесіп  қалады.  Мәселен,  1925
ж.  15  сәуірдегі  методикалық  кеңесте  Ауыз
әдебиеті үлгілері мен қазақ халқының тарихына
байланысты  материалдарды  ел  арасынан
жинауға жазғы маусымда оқушылардың күшін
пайдалану туралы екеуі бір-бірін қолдап сөйлеп,
нақты шешім шығарылып, көп іс тындырғаны.
Бұл тұста Мәннан Семей Губоно да методист-
инспекторлық  қосымша  қызметте  болғаны
белгілі.  Әр  дайым  методикалық  Кеңес
отырыстарында  екеуі  жұбын  жазбаған,  бір
пікірде  болған.  Тұрғанбаевтың  бір  сөзінде:-
Мектеп  инспекторларының  жасаған  жоспары,
мәдениеті  жоғарғы  тұрған  облыстарда  іске
асатындай  дәрежеде  жасалғанымен,  қазақ
даласының  жағдайына  келе  бермейді.  Қазақ
өмірінің  барлық  жағдайын  есепке  алған  жөн.
Жоспардың өзін соларға лайықтап жасау керек»-
дегенін Мұхтар қолдай пікір қосқан: мектеп ашу
ісін  тездету,  қадағалауды  баса  айтады.  Сол
жылдың шілдесінде өткен мет-кеңесте Мұхтар
болмайды. Өйткені, ол оқуын жалғастыру үшін
С-Петербурге кеткен екен.
  Бұдан  кейінде,  Мұхтар  қайда  жүрмесін,
Мәннанды назарынан еш шығармайды. Мұхтар
Әуезов  1925  ж.  «Қазақ  тілі»  газетінің  40-
санындағы  мақаласында:  «Ескілікті  тірілтудің
зор керегі-мектеп үшін. Әрбір мектеп нағыз ұлт
мектебі  болуы  үшін-екі  діңгекке  тіреледі...
Біреуі-сол елдің тілі. Екіншісі– тарихы. Осы екі
тараудағы білімменен әрбір мектептің бір ұлтқа
тиісті  болған  пішіні  құралады»-  деп  ғылыми
тұжырым  жас айды.  «Таң»  журналының
(шығарушысы  Жүсіпбек  Аймауытов)  №  3
санында  М.Тұрғанбаев:  «Жазу  таныту  һәм
жаздыру  әдісі»  деген  көлемді  ғылыми  еңбегін
жариялатқан.  Мұхтармен  Мәннанның  ой
болжамдары сол дәуір ғана емес, бүгінгі дәуірде
мектеп жүйесі үшін данышпандық бағдарлама,
ескірмейтін құндылық деп қарау жөн.
Мәннандар  шығарған  газетпен  журналдар,
жазылған  мақалалары  кеңестік  кезде  жарық
көргенімен,  заты  алаштікі  екенін  тарих  тезі
дәлелдеді. Сол арқылы олар Алашқа мол қызмет
қылды.
Мұхтар  Әуезов,  Мәннан  Тұрғанбаевта
Семейдегі Пед-техникумында (бүгінде Мұхтар
атындағы 
Педколледж) 
бірі 
қазақ
граматикасынан, бірі әдебиет фольклордан дәріс
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

50
оқыған.  Осы  пед.  техникумында  Мәннаннан
білім-тәрбие  алған  шәкірттері:  Әлікей
Марғұлан,  Мұсатай  Ақынжанов,  Төлеужан
Мусин,Жүнісбек  Нұрмағамбетов,  Игембек
Төлеутаев т.бт елімізге әйгілі түлектер болатын.
Мәннан  Тұрғанбаевтан,  Әлімхан  Ермеков
басқарған Қарқаралы медтехникумында да дәріс
алған  Ақжан  Машанов,  Ақмадья  Ысқақов
сынды  академиктер  өсіп  жетілген.  Бұларда
ұстазы Мәннан Тұрғанбаевты ғұмырлары бойы
естерінде  ұстап,  мақтан  тұтатын  еді,  ашып
айтуға,  жазуға  замана  т алабы  мүмкіндік
бермегені өкінішті, әмбе түсінікті жәй! Бүгінде
жасы  тоқсанға  таяс а  да,  «Қызыл  ауыл»
мектебінде  Мәнаннан  сабақ  алған  оқушы  қыз
Мұхаева  Нұржамал  аузынан  тастамауы  әйгілі
ұстазға деген өшпес шәкірт махаббаты дерсіз!.
Қазақстанның  тұңғыш  үркердей  шоғыр
«Оқыған зиялылары-жазушы ағартушылардың
революция дабылшысының биік тұғырына, әр
қайсысы  әр  түрлі  жолмен  келді.  Бәріде
ұстаздықтан жұмыс бастап: ата-баба дәстүрінен
өмір  бойы  айныған  жоқ.  1928  ж.  Мәннан
Қарқаралы  педтехникумынан  қайта  Семейге
шақырылды. Ақбаев Жақып, Нұрмаңов Нағмет
т.б.  до с-жолдастары  ұйғарған  аса  қажетті
қызметтерге  жегілді.  Облыстық  соттың
орынбасары,  губерниялық  қазақ  комитетінде,
оқу саласында қызметтер атқарды.
1930  жылы  4  сәуірде  ОГПУ  сот
коллегиясының  үкімімен  М.Тұрғанбаевте
Семейде қамауға алынды. Оны Қапал түрмесіне
айдайды.
«Азамат  түзде  үйіріне  қосылады»  деген  де
халқымызда  ұлағатты  сөз  бар  еді.  Демек,
Мәннан  ол  жақтада  «қарап  жатпағаны»,  «бос
сенделмегені жәйлі бертінде селт еткізер дерек
ұшығын көзіміз шалды, құлақ естіді.
Зерттеуші  ғалым  Болатбек  Касеновтың
«Абыралының  халық  жаулары»  атты  10-шы
кітабында:  1930ж.  -1932  жылдары  сол  Қапал
түрмесіне 
С емей 
облысынан 
Алаш
партиясының  көсемі  Мәннан  Тұрғанбаев
айдалып  келіп  түседі.  Солтанбек  пен  Дәмеш
Мәннанды  уақытша  босаттырып  алады.  Біраз
уақыт еркіндікте, өз үйлеріне тұрғызады. Бірақ,
кеңесшіл  жендеттер  Мәннанды  қанды
тырнағынан босатпайды...
1932  жылдың  қылышын  сүйретіп  қысы
келеді.  Ашаршылық.  Елбасына  Зұлмат  Заман
орнайды.  Семей  өңірі  жағынан  басып  келген
қалың жұрт Қапалға келіп, қырғын табады... Сол
ке зде  Қапалдан  бірнеше  «Халық  жауы»
ұсталады. Келдібеков, Сәрсеков т.б. Бір ғажабы
осының, бәрі қазақ халқына жасалған геноцид
(әдейі  қыру)  екеніне  сенгісі  келмегендерде
болды»... (Мұхаметбай Мыңбаев, том VII. 243 ,
бет)
Ендігі  сөз  кезегін,  ұстаздықты  ғұмыр  бойы
мұрат тұтқан, белгілі ақын,
Алматы қаласындағы №12 қыздар мектебінің
қазақ 
тілі 
маманы-мұғалім 
Дәмеш
Берсүгірованың аузынан тыңдаған едік. Дәмеш
апай  жалғыз  ұлы  Талап  Солтанбековтың
Абыралы ауданындағы Қайнар орта мектебінде
орыс  тілі  мен  әдебиетінен  оқытушы  болған
1953-1954  оқу  жылы  соңында  әдейлеп  ел-
жермен  таныса  келіп,  өткен  күннен  шерлі
шежірелі  сыр  сабақтаған  еді:  «Жұбайым
Берсүгіров  Солтанбек  деген  Талдықорғандық,
Ақсу  ауданыныңтумасы.  Атақты  «Біржан  мен
Сара» 
айтысында 
Сараның 
аузынан
жырланатын  Есенғұл  қажы,  Маман  байлар
салғызған Қараағаш мектебінің түлегі. Ол Ғани
Мұратбаев,  Санжар  Асфендияров,  Әлімхан
Ермеков  сынды  қазақтың  біртуар  ұлтжанды
ұлдарынан дәріс алған, бірге жүрген өрен екен.
Солтанбектің  немере  інісі  әйгілі  Ілияс
Жансүгіров... Солармен бірге қаншама қазақтың
ардақтылары запа шегіп, жаман атақ байланды...
Халық  жауларының  жақындары  түгілі,  есімін
атағандар, кезінде әлде қалай бастары қосылса,
қонақ болса, үйіне қонып шықса, соның бәрін,
зұлмат заманның іздегені табылғандай, дереу әй-
шәйсіз,  қолдарынан  ұст ап,  желкелерінен
түйгіштеп,  қараңғы  қапас  түрмеге  тықты,
соттады, айдады, атты емес пе?!
Солтанбекке 1928 ж. 13 жасымда тұрмысқа
шықтым.  Өзім  найман  ішіндегі  Садыр  елінің
бетке  ұстар  қасиетті  адамы  Нияз  батырдың
немере сімін.  Оқуды  Алматы  шаһарында
қазақтың белгілі білімді, беделді азаматы Біләл
Сүлеевтің үйінде тұрып тағлым-тәрбие алдым.
Бұл үйде не бір ұлтымыздың (Алаштың) бетке
ұстар,  көш  бастар  ірі  тұлғалары  Мұхаметжан
Тынышпаев, 
дүл-дүл 
ақын 
Ілияс
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

51
Жансүгіровтерді көріп, көзім  қанып, көкірегім
танып,  табиғи  дарын  ақындыққа  бейімделдім.
Бірақ, кейінде заман ағымына қарай ақынықты
қумадым. Жұбайым екеуміз қол ұстасып Жетісу
өңірінен  Алакөл,  Сарқанд,  Ақсу,  Қапал  дейтін
елді  мекендерде  қазақ  балалары  үшін  мектеп
ашып,  ұстаздық  қызмет  атқардық.  1930  ж.
ежелден  қаржы  жинап,  Қапалда  тұңғыш
оқытушылар  даярлайтын  техникумын  ашып,
Солтанбек өзі директор болды.
Қапалға айдалуымен келген Семейлік, Алаш
арысты Мәннанды көріп, таныса келе, үйімізге
алып,  шайын  құйған,  қамқорлық  пейілде
сыйласқан, барымызды бөліскен аяулы жанның
бейнесі, кісілік келбеті, батыр тұлғасы жадымда
еді.  Міне,  ойламаған  шақта,  оның  елі-
Абыралыға  дәм  тартып,  туыстарымен  қауышу
мен  үшін  зор  мәртебе,  аллаға  мың  қайтара
шүкірлік етемін» -деген еді.
Бәлкім,  Мәннанның  Әлімхан  Ермековпен
достығының шарапаты, әрі Солтанбектің де ұлт
мүддесі  асыл  мұраты  бір  мақсатқа  бастаған
кемел  ой,  пәк  гуманизм,  терең  сезімдері
сенімдерін  жанастырған  болар  да?  Солтанбек
Берсүгіровте  Алматы  облысы  Түрген
педтехникумына  директорлық  қызметке
ауысқан  күндері  ОГПУ  (үштік)  қармағына
ілініп, х/ж атанып атылып кете барады.Дәмеш
алты  жылға  (1943  жылға  дейін)  Жамбыл
облысына жер аударылады. Аңырап Дәмеш пен
1  ұл  1  қыз  артында  қалады.  Дәмеш  ақын-ана
жүрегінен  «Шипагер»  атты  үлкен  дастан
жазылған. Сондағы.-
Тегі бекзат болғандар,
Өмірдің мәнін ұғады.
Тұғырында өмірдің
Әрқашан биік тұрады»-
деген  өлең  біршумақта,  қаншама  пәл  сапа  ой,
пайымды  тұжырым  бар,  Алаштың  бауырлар?!
Мәннанның  сөзін,  осы  орайда,  жаңғырта
жазудың әбестігі болмас: «Россияда болып өткен
ұлы  төңкеріс,  оның  салдары  мен  қазақ  еліне
келген  қиындық,  әм  теңдік  оқиғалары  үлкен
дарияда  болған  қорқынышты  толқын  сияқты.
Дауыл  күнгі  қалың  өрт  сияқты.  Сондай
уақиғаның  арасында  жүріп  қызмет  істеген
азаматтарда бір ғана жол, бір ғана идея болып,
басқаға қатыспай тұруы мүмкін емес.
Дәл  о сы  қазақ  елінің  өткерген  халін
тексеретін  тарих,  қазақ  азаматына  «идеялист
болмады» деп кінә қоя алмас деп білемін. Мен
жоғарғы санаған қызметтің бәрін өзіме лайықты
деп қалап алып отырғаным жоқ. Иесіз жұмысшы
арта  бергеннен  кейін  көтеруді  ғана  біліп
отырмын.  Міне,  кітап  жазуды  да  ұмытқаным
жоқ.  Арымның  алдында,  халқымның  алдында
өзіме  борышты  екенімді  білемін».  («Қайран,
Мәннан-Алматы «Қағанат» баспасы 2002 ж. 77
бет)
1932ж. айыптары дәлелденбегендіктен Қапал
түрмесінен  бо с аған  Мәннан  Тұрғанбаев
Семейіне  оралады.  Өзі  жоқта,  ашаршылықта
ажал  құшқан  Мәруа  жұбайынан  айырылған
шақта да аңырамай өзіне лайық қосағын тауып,
біраз ай-күндерін Семейде өткізеді. Уақ руының
Уәли  деген  азаматтың  қызы  Сағындыққа
үйленеді.  Отбасын  жинап  (6  жан)  қайта  ошақ
көтереді.  Уақытша  Семей  қаласындағы  Кен
барлау  техникумына  орналас ады.  Қазақ
үкіметінің  оқу-ағарту  орталығынан  жолдама
күтіп, Ресейдің Ойрат автономиялы облысына
баруы туралы ұйғарымына келісуіне тура келеді.
Жат-жұрттың  дәмі-тұзы  шеттен  бұйырады.
1932-1936  жылдар  аралығындағы  Алт ай
өлкесіндегі  Ойрат  еліне,  Усть-Канскі
аймағындағы  жеті  жылдық  мектепке,  «Қызыл
Ұлтшыл»  деген  қазақтар  жинақталған  ауылда
мұғалімдік  қызметке  ауысады.  Сол  жердегі
колхозға  мүшелікке  де  өтеді,  тағдыр  салған
талайға  мойын  ұсынады.  Елмен  араласып,
таныст артабады.  Бо сқындықпен  келген
Шыңғыстау,  Абыралы,  Кереку  елдерінің
адамдары  ұшырасады.  Жергілікті  тұрғындары
«Бозторғай»,  «Жәдігей»  ұрпақтары  бір  кезде
жауыққан  қалмақ  тума-туыстарының  қалың
ішінен жаңа қосындар да, оларды пана тұтып,
жатсынбай тұрақтайды. Ажар Бықин, Мәкежан
Құлкенов  (Жармалың),  Сыздық  Мырзатаев
(тобықты)  сынды  азаматтарымен  бірден
шүйіркелесіп, жанаса жүреді.
Ре сей  федерациясының  т аулы  Алт ай
аймағындағы  Шүй  жазығында  қалың  қазақ
қауымы  қоныстанған.  «Қосағаш»  ауданына
қарайтын «Ақтал,» «Жаңаауыл», «Төбелер» елді
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

52
мекендерінің  басым  көпшілігі  қазақтар.  Ал,
жазотар-Көкори, 
Төлеңғіт-Сартоғай
ауылдарында қазақ пен Төлеңғіт аралас. Алтай
қазақтарының кіндігі дерлік ауданды басқарушы
(әкімі) бүгінде Әбеухан Жәзитұлы Жатқанбаев-
іскер  басшы,  ұлттық  рухы  биік  азамат.  Жаңа
ауылда –(Тамаша кеден бекетінен 25 шақырым
жерде) -1800 дей қазақ отбасы тұрмыс кешуде.
Қаймағы бұзылмаған қазақы өмірдің орталығы
дерсіз.  Ал,  Устькан  ауданының  Тұраты
ауылындағы  хал-ахуал  бұдан  біраз  өзгеше.
Мұнда  түрлі  тарих  тақсіретімен  бас  сауғалап
Тұраты жеріне келген.
Қазақтарға сұрқия саясатты ұстанған патша
өкіметі  ең  ауыр,  ең  басты  шарт  қойған.
(Шоқынуға  тиіс  болған).  Тұрғанбаев  пен
Елеусов сынды ержүрек алаш азаматтары бұған
қасқая  қарсы  тұрып,  мойын  ұсындырмауға
әрекет жасаған. Тау- тасшы паналап, ен даланы
мекенеткен талай жандарға араша түскен. Бұған
да Мәннан Тұрғанбаевтың кезінде араласқаны
белгілі.  Сол  кездегі  жас  ұрпақ  өсіп  бүгінде
жоғарыда  есімдері  аталған  екі  азамат  атында
көше,  мектеп  есімдері  берілуі  ұрпақ  құрметі
дерсіз.
«Жаңа ауыл» елді мекеніндегі мектебінің 80
жылдық мерейтойы өткен.
Тұратылдағы  өзек  өртер  өкінішті  жәйіт-
көпшілігінің  ат а-жөндері  орыс-шаланып
жазылып  кеткендігі.  Мысалы,  Черный  Ануй
орта  мектебінің  директоры  Орынбас ар
Беркімбай ұлын-Валерий Васильевич деп атап
кеткен.
Балқия  қыз  есімі–Валентина,  Сандуғаш-
Виктория, Ғалия-Галина, Әлия-Амина, Жанар-
Ирина..  деген  сияқты  екі-екіден  е сімдер
еншілегенге  мәз  болатын  бойжеткендерде
молынан  ұшырасады.  Әдемі  қазақ  қызының
бұлайша  өзгеріске  түсуі  бүгінде  өкінішті-ақ.
Сондай-ақ,  мұндағы  «Жаңа  қазақтар»  жеті
атасын  білмейді.  Жетелі  деген  бір  азаматтың
айтқаны: Әкеміз бойынша біздің атамыз Көкен
айтулы  тұлға  болған.  Совхоз  басқарған,  араб,
қазақ,  орыс,  татар  тілдерін  білген.  Латынша
оқыған екен. Алаш арыстары, көсемдері жәйлі,
Мәннан  туралы  е стелік  айтатын.  Қазақи
қасиеттерді де мықты сақтаған адам болыпты.
Айтыс  өткізу,  мейірімділік,  бауырмалдық,
адалдықты      жақтайтын  кісі  екен.  Ал,  Ғалия
Қабылқызының айтуынша: «Өздерін түпкілікті
(байырғы)  сібірлік  қазақпыз  дейді.  Түн  тегін
ажырата  алмайды.  Әжеміз-Клавдия  Ивановна
атанып кеткен. Алайда, бірнеше тіл білген, қолы
өнерлі, қазахи өрнектерді кестелеуді меңгерген,
латынша,  арабшаға  жетік  болған.  Өңді-сұлу,
әдепті,  ерекше  кішіпейіл,  көпшіл,  қолы  ашық
қасиеттерімен Бекзат ана еді дейді.
Міне,  осындай  бұрынғы  –соңғы  қазақи
буындардың ортасында ғұмыр кешу, білім беріп,
өнеге,  үлгі  жаю  Мәннанға  оңайға  соқпағаны
аңғарылады. Ол немере інісі Жәмәли Сыздықов
пен келіні Қайшаны өзі шақыруымен Семейден
көшіріп  алып,  Қо сағаштағы  мектепке
мұғалімдікке  орналастырған.  Үлкен  ұлы
Мұратты орыс мектебінде оқытқан. Сол жаққа
«Отан» атты ұл мен Гүлбаһрам есімді қыз бала
сүйген. Жәмәлиден туған ұлдың атын «Ойрат»
деп қоюлары бекерден болмасса керек. Мәннан
жыл сайын жазғы демалыс кезінде елге-Семейге
келін  қайтып  байланыс  үзбеген.  О  жақтағы
балаларға  қажетті  оқулықтар  іздеп,  жеткізіп,
таратып беруді өзіне азаматтық борыш санаған.
1934 ж. Семейге келген сапарында қайын атасы
Уәли  Қорғанбаев  пен  Тілеубай  Антиков,
Сүлеймен  Жүмаділов,  Слям  Сәрсенов  т.б.
азаматтар үйлерінде болады. «Әкенің ғана емес,
адамның  баласы  бол»,  Адамның  бәрін  сүй
бауырым деп»,- дейтін ұлы Абай сөзін жадында
ұстап, бұлжыпастан орындай жүріп, төңірегіне
үлгі шаша жүргенін жүлділігін аңғаруға болады.
Мәннаның қайда жүрседе «жақсыда жаттық
жоқ»  деген  ұлағатты  ұстанғанына,  «Құрметті
ұстаз»  атанғанына,  елдің  сүйікті  азаматы,
«Алаштың  Мәннаны  болғанына  лайық
қасиетпен  қадірдің  иесі  екеніне  көз  жетеді.
Отанды, Ұлтты сүю керек, бірақ қалай сүю керек
дәл осы мәселенің байыбына баруды бір сәтте
ұмытпау  керек.  Мұның  керемет  үлгісін  бізге
(ұрпаққа)  Алаш  зиялылары  көрсетіп  кетті.
Олардың  қилы  да  қайғылы  тағдырына
немқұрайды қарау қиянат.
1936 жылы күзге қарай Мәннан Тұрғанбаев
Отаным  деп  аңсап,  елінің  шетіне  жаяу-
жалпылап,  арбаға  кәрі  ана,  жас  сәбилерін
отырғызып Алтайдан Семей шекарасы-Қызыл
ауылға  жетеді.  Қатардағы  мұғалімдік  қызмет

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал