Бас редактор



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/15
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

41
азаматтардың  жүріп  өткен  жолын,  ерлікке
татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың
жадынан  шықпайтын  қастерлі  борышы  деп
білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар
үлкенді-кішілі  ізденістер  жасалды.  Әсіресе,
К.Нұрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың,
М.Қойгелдиевтің, 
Т.Омарбековтің,
Ү.Субханбердинаның, 
Т.Жұртбайдың,
М.Әбдешевтің, 
М.Құл-Мұхамедтің,
Ө.Әбдиманұлының, 
Ғ.Әнестің,
Д.Қамзабекұлының, 
М.Тәж-Мұраттың,
А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың,
А.Махаеваның, 
Д.Сүлеймено ваның,
К.Ілиясованың,  Қ.Сақтың  т.б.  еңбектері  –
алаштануға  қосылған  қомақты  үлес.  Алаш
тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет
етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде
Алаш  қозғалысының  мәнін,  идеяларын  халық
санасына  сіңіру  –  қазақ  қоғамы  үшін  аса
көкейкесті  мәселелердің  бірі.  Өйткені,  Алаш
қозғалысының  идеялары  –  ұлтымыз  үшін  ең
қасиетті,  ең  қымбатты  құндылық  –
тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.
Ат а-бабаларымыздың 
қазақ 
елінің
тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері,
істері,  ұрандары  –  бүгінгі  ұрпаққа  үлгі  һәм
аманат.  Қазіргі  қол  жеткен  еркін  шағымызды
баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған
ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа
айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын
осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына
бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек.
Біздің  ата  рухы  алдындағы  адалдығымыз  бен
перзенттік  парызымыз  Алаштың  аманатын
санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге
құрмет  көрсету.  Ал  құрметтің  көкесі  –  Алаш
идеясын ұрпақ бойына сіңіру.  Алаш идеясы –
ұлтты  біріктіруші,  тұтастырушы  идея  ретінде
қашан  да  қазақпен  бірге  жасайды  десек,  онда
сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі
мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен
салт-дәстүрі,  айналып  келгенде,  қазақты  ел
ететін,  мемлекет  ететін  рухани  олжасы
Қазақстанда  айрықша  орынға  ие  болу  керек.
Сонда  ғана  ұлттығымызды  әлемге  әйгілейтін,
жасампаздығымызды  жаһанға  жариялайтын
тұрпатымыз  бен  тұлғамыз  айқын  көрінбек.
Тағылымды істі аманат ретінде қабылдау – алаш
баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жоралғысы
десек,  Алаштың  жолы,  Алаш  қайраткерлері
қалыптастырған  ұлттық  санамызды  жаңғырту
сапары – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер
берік  ұстындардың  бірегейі  болатынын  естен
шығармағанымыз абзал.
Қазақстанның белгісі қазақ болса, қазақтың
белгісі – қазақ тілі.
 Хасен Оралтай
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ
Резюме
Resume
Статья  "Алаштың»  жолы",  посвященный  историческим  событиям,  которые  показывают
историю  независимости  нашей  страны  и  малоизвестные  имена  казахских  интеллектуалов  и
лидеров движения " Алаш".
The article headlines "Alash Joly" is devoted to the historical events that reveal the history of our
country's independence and reveals the unknown names of Kazakh intellectuals and leaders of the Alash
movement.

42
2013 №2 (19)
АЛАШТЫҢ МӘННАНЫ
Алыстан Алаш десе, аттанамын,
Қазақты қазақ десе, мақтанамын.
Болғанда әкем-қазақ, шешем- қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Бұл,  өткен  ғасырдың  басы  шамасында,
«Қалқанша  жарты  жаңқам  мен  сендікі  –
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» – деп еңіреп
өткен  Алаш  Орда  көс емдерінің  бірі
Міржақыптың жүрек сөзі, жан сыры болатын.
Ол өзі жәйлі:
Болады Торгайский Уәләятым,
Таифам-Арғын, Мадьяр – асыл затым.
Бұд сөздің мухаррирі һәм наширы,
Дулат-оғлы Мир Яһкуб – өзім атым» – деп-
ті.
М.Дулатов  қаламынан  туған  о сындай
татымды  да  тағлымдық  асыл  мұра  халқының
жүрегін  жаулап,  ел  мүддесінің  ұранына
айналғаны  шындық.  Ол  саяси  күрескерліктің
алғашқы  сабақтарын  Омбы  мен  Қарқаралыда
Әлихан  Бөкейханов  пен  Ахмет  Байтұрсынов
мектебінен  алған  белсенді  қайраткер,  саяси
күрескер  ғана  емес,  сонымен  бірге  Алаштың
шабытты ақыны да еді. Оның Уфа қаласындағы
(Ресейдің)  «Шарқ»  баспасынан  1909  ж.
бастырып  шығарған.  «Оян  қазақ!»  еңбегі
мәңгілікке жол тартты. Қазақ санасына сөнбес
от берді.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты...
Өткен «Қанды ғасырдың» (ХХ ғ.) Ақты қара,
қараны  ақ  деп  түсіндірген  зорлық-зомбылық
дәуірдің құрбаны (боз тоқтылары С.Т.) болған
Алаш  арыстарының  тағы  бірі,  ақиық  ақын
Мағжан  Жұмабаев  «Мен  кіммін?»  деген
өлеңінде:
...Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім-патша, өзім-қазы, өзім-би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?-
деп арыстан айбатын аңдатады.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсемде, алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.-
деуінің өзі көрегендік қой.
Оның  ақындық  табиғаты  өзінен  бұрын
халқының  мұңын  мұңдап,  шерін  шеккен,  ұлы
кемеңгер Абайға да, онан кейінгі ақындарға да
ұқсамайды, үндеседі.
С. ТӘБӘРІКҰЛЫ, алаштанушы, тарихшы
АЛАШТАНУ
ӘОЖ 957.4
Мақалада  Алаш  Орда  көсемдерінің  халық мүддесі  жолындағы  игі  істері  насихатталып,  өз
ұлтының асыл арманын, тілек-мұратын, жөні мен жолын ашуды қасиетті парыз санаған Мәннан
Тұрғанбаев туралы деректер келтірілген.
Тірек сөздер: Алашорда, М.Тұрғанбаев.

43
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ
Мәселен, оның «Пайғамбар» деген өлеңіндегі
мына бір ғана шумақ:
Күншығыстан таң келеді – мен келем,
Көк күңіренед: мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін. Күн берем!.
Ғажап, даналық құбылыс қой!
Мағжан өзі дәріс алған әмбе рухани ұстазына
балаған  Міржақып  Дулато вты,  ерекше
бағалайды.  Оның  өлеңдерінде  де  «Алаш»  сөзі
жиі ұшырап, түркі жұрты жәйлі терең толғайды.
«Қиял құлы мен бір ақын» деуі тегін бе еді?
Мен жастарға сенемін,
Аспандатар аспанға,
Алаш атын бір таңда!-
деуі бұған айғақ.
Күні кешегі, Сарыарқа Салтанаты – Астана
шаһарының  он  бір  жылдық  мереке  мәртебесі
мен  аспан  көкке  ұмтылда,  биік  тұғырда
көтерілген  ұзындығы  30,  ені  15  метрлік
желбіреген көк туымыз – Алаш туының зәулімге
асқақтауы  емес  пе?!  Бұған  кім  таңырқап,  кім
сүйінбес?!
Алаш  «сөзі»  мен  оның  туы  да  байырғы
айбарымыздың рәмізі деуге әбден сияды. Алаш
азаматтары (қазақпыз дейтін) бүгінгі ұрпақтың
маңдайына  жазылған  бақыт  –  ХХ  соңы  ХХI
ғасыр басында өмірге әлем көп өзгеріске түскен
кезде  келуіміз,  дүние  дидарындағы  ең  ерекше
жаңғыруларды  көзбен  көруіміз.  «Уа,  кімбіз?!»
дейтін  сұраққа  пәлсапалы  жауап  берер  күннің
туғаны дерсіз.
Демек,  Алаш  сөзін  жатсынбай,  Алаш
рухынан алыстамауды, адаспауды өскелең ұрпақ
әрдайым  жадында  қадірлеп  ұраны  ұстарына
күмән болмаста.
Кешегі  Кеңестік  жүйенің  тұмшалауымен
«Алашқа» қатысты ашық айтылмай, «ақтаңдық»
тарих беттері ашылмай, жазылмай келгені мәлім
болды.  Бұрынғы  кеңестік  (таптық)  мүддеден
аршылып,  ұлттық  мүдде  тұрғысынан
пайымдалған  құнды  деректер  жариялығын
күткен  күн  енді  туды.  Тарихты  зерделеп,
келешекке бағыт, сабақ ету әр қазақ баласы үшін
қасиетті де, басты да парызы.
Қытай  ғалымы  Су  Бей  Хай:  «Қазақ  ұлты
біздің  дәуірімізден  бұрынғы  ІІ-  ғасырда
қалыптасқан»,-дейді.  Үйсіндер  IV-V  ғасырдан
кейін тарихта көп аталмайды, десе де олар көне
қазақтың тікелей ұрпағы. Қазақтың арғы атасы
сақ екеніне дау жоқ.
«Қазақтың «қазақ» аты Парсы, Бұхар, Хиуа
һәм өзге Азия жұртының көбіне бағзы заманнан
мәлім  еді.  1020  жылы  өмір  сүрген  атақты
Фердауси  өзінің  тарихында  қазақ  жұрты  һәм
қазақ хандары туралы жазды. Бұған қарағанда
қазақ  Фердаусидан  бұрын  мемлекетті  жұрт
болғандығы көрінеді. Сондай-ақ, белгілі Бабыр
мырзаның  Шағатай  тілінде  жазған  кітабында
қазақ  деген  Атау  сөз  (қазақ  –  өз  бетімен,  өз
еркімен  жүруші  мағынасын  береді.)  Атау  сөз
(қазақ) – жұрттың сол кездегі тұрмыс-салтынан
алынған  деу  қисынды.  Қазақ  қашаннан
жауынгер  жұрт  болған.  Қазақтың  бұрынғы
хандары,  батырлары,  билері  жеңген  елдерінен
сұлуларын  олжа  с алып,  қалыңсыз  қатын
алмағаны  кемде-кем.  Ұлттың  асыл  тегін
сақтауды  ерте  ойлаған,  ұрпағына  кең  жер
мирасын көздеген.
Шыңғысхан  үлкен  ұлы  Жошы  өлген  соң,
оның иелігіне берген елі – Дешті қыпшаққа бір
баласы  Батуды  хан  қойғаны  мәлім.  Батуханға
алтыннан  ақ  отау  көтеріп  беріп,  билеген  елін
Дешті-Қыпшақ  «Алтын  Орда»  аталсын  деген
екен.  Ал,  сонау  көне  тарих  баст ауында»
Қалмақтар Ахметханға «Алашы» ден, «Алаш»
ат андырып,  одан  туған  ұлының  «Аққаз»
есімінен  «қазақ»  атауының  шыққаны,  елін
«Алаш Орда» деп жария көруі тегін еместігіне
илануға  да  болатын  еді.  Данышпан  Шәкәрім
қажы  шежіресінде:  «Алаш,  Алаш  болғанда,
Алашы хан болғанда, қалмаққа не қылмадың»
–  деп  жазады.  Алаш  тек  қазақ  руының  ғана
ұраны емес. Оған дәлел, Қырғыз жұрты өздерін
«Алашпыз»  деп  жазғанында  оқуға  болады.
Демек,  Алаш  жұртына  телінер.  «Алты  Алаш»
атауларында  да  заңдылық  барына  бас  ұрасың.
Алаш ортақ ұранға айналған.
Халық  мұратын  ту  етіп  көтерген  ұлттық
(Алаш) қозғалысының көсемдерінің де «Алаш
Орда» өкіметін құрып, Алаш партиясын өмірге
әкеліп,  тәуелсіздікке  үндеген  жан  кешті

44
тағдырлары,  төккен  тер,  аққан  қандарының
төлеуін  жаңа  заман  тарихы  әлемге  паш  етуді
тарихи  құбылыс  деп  түсінуге  болады.  Кезінде
ұлы тарихшы, саясаттанушы, Арнольд Тойнби
«Уақыт  талабы»  теориясын  енгізген  еді.  Ол
бойынша  адамзат  қоғамы  ұдайы  белгілі  бір
ғаламдық  міндетті  шешу  проблемасының
алдында  тұрады.  1917  ж.  ақпан  революциясы
В.И.Ленинді шынымен-ақ қапыда қалдырғаны
белгілі.
Бұл  ретте  Семей  қаласының  орны  ерекше.
Өйткені,  Семей-  Алаштың  алғаш  ту  көтерген,
рухани  алтын  бесігі.  Қазақстанда  Алаш  Орда
көсемдері  большевиктердің  өкімет  басына
келуін  «Өкіметті  басып  алу»,  және  «әскери
төңкеріс»  ретінде  бағаланған.  1917  жылдың
ақпан  төңкерісін  Ә.Бөкейханов  бірінші
дүниежүзілік  соғыс  майданына  қара  жұмысқа
күштеп жіберілген қазақтардың мүддесін қорғау
мақсатында  Белоруссияның  Минск  қаласында
жүргенде қарсы алғанын білеміз. Алаш көсемі
бастаған  бір  топ  ұлт  зиялылыары  сол  кезде
Минскіден  Семейдегі  Мәрсеков  пен  Тұрағұл
Құнанбаевқа,  Павлодардағы  Сәтбаевқа,
Қарқаралыдағы  Жақып  Ақбаев  пен  Смаханға,
Хасен  Ақайұлына  ,  сондай-ақ  Зайсандағы
Боштаевқа жолдаған жеделхаттарында (жалпы
мұндай  жеделхаттар  қазақ,  өзбек  орыс
жерлеріндегі бетке ұстар қарындастырымыздың
бәріне  де  жіберілген).  Ро ссиядағы  барша
халыққа  ағайындық,  теңдік,  бостандық  күні
туды»  деп  келіп,  басты  мақс ат  Уақытша
үкіметтің көмегіне сүйеніп ел билігін қолға алу,
сөйтіп  Ұланғайыр  жерімізге  иелік  ететіп
Демократиялық  республика  құру  керектігін
айтады.  Олар  президенттік  институт  енгізуді
ұсынған  болатын.  (Тең  құқылық  пен
сайланбалық  принциптері,  білім  берудің
Зайырлы сипаты негізгі идеясы.)
Ақпан төңкерісінен соң іле-шала 7-наурызда
Семейде Р.Марсеков, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасовтың
басшылығымен  губерниялық  забақ  комитеті
құрылды.  1917  жылдың  сәуірінде  Орынборда
Ә.Бөкейхано в 
пен 
А.Байтұрсыновтың
ұйымдастыруымен  қазақ  халқының  тұңғыш
съезі  өткізіліп,  онда  мемлекет  өміріне  аса
қажетті  он  үш  мәселе  бойынша  шешімдер
қабылданды.  Мысалы,  сондай  мемлекеттік
маңызды  мәселенің  бірі-Ресей  демократиялық
федеративтік  республикасы  құрамында  қазақ
автономиясын  құру  мәселесі  болатын.  Мұны
алғаш  талқылаған  да,  барша  қазақққа  жария
қылғанда  Семейліктер  еді.  Оны  Торғайда
(Ә.Бөкейханов),  Оралға  (Ж.Досмухаметов),
Ақмола,  Жетісу  (Тынышбаев)  съездерінің
делегаттары  қызу  мақұлдап  қолдады.  Семей
қаласында алғаш облыстық  съезд «Бостандық
үйі»  деп  аталатын  бұрынғы 
әскери
губернатордың,  ал  бүгіндегі  Семей  тарихи-
өлкетану  мұражай  үйінде  өткізілді.  Съезді
ұйымдастырып өткізуші Жақып Ақбаев, Халел
Ғаббасо в,  Р.марсеко в,  Әлімхан  Ермеков,
Б.Сәрсеков,  М.Малдыбаевтың  атына  Омбы,
Томск, Орынбор, Ташкенттен және алаш көсемі
Әлихан Бөкейхановтың жеке өзінен құттықтау
жеделхаттар  келіп  түсті.  (К.Нүрпейісов,  Алаш
һәм Алашорда, Алматы, 1995ж.
1917  ж.  21-26  шілдесі  күндері  Орынборда
өткен  бірінші  жалпы  қазақ  съезінде
Ә.Бөкейхановтың  қолдауымен  Семейліктердің
қазақ 
авто номиясы  туралы  ұсынысы
қабылданып  және  сол  жолы  Тұңғыш  «Алаш»
саяси  партиясы  құрылды.  Партия  төрағасы
Халел  Ғаббасов  сайланды.  Уақытша  Сібір
үкіметінің  қазақ  автономиясын  ресми  түрде
танып,  мойындауына  сол  кездегі  Сібір
автономистерінің    идеялық  көсеміне  айналған
Григорий  Николаевич  Потаниннің  көмегі  көп
тиді. Ә.Бөкейханов кейінде 1920ж. Г.Н.Потанин
жәйлі  «Қазақ»  газетінде  жазғаны  бар.  Ол
қазақты автономия қылсақ, Қараөткел алаштың
ортасы,  сонда  университтер  салып  қазақтың
ұлын, қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баянды»
шығарған,  Шоқан,  Абай,  Ахмет,  Міржақыпты
тапқан қазақтың кім екенін Европа сонда білер
еді-ау деймін»,- деп көрегендікке мезгеген. Өзге
орыс демократтарының да әсері болғаны анық.
Дәп сол бір күндерде Семей қазақтың емес,
бейне  бір  орыстың  жері  секілді  күй  кешеді.
Шынында орысы көп Қазақстанның солтүстік
облыстарының бәріне дерлік ортақ ауыр жағдай
болатын.
Семей губерниясы басқа жерлерге қарағанда
шаруасы күйлі, оқығаны, көзі ашығы көбірек ел-
тін.  Семей-Абай  мен  Шәкәрімнің  Отаны,
данагөй ойшылдарымен және саяси белсенділігі
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

45
барша  өздерінің  ұйымшылдығы  және  саяси
белсенділігі  мен  барша  қазақ-орыс  қауымына
жақсы  танымал  еді.  Семей  әрі  жан-жақпен
байланысқа қолайлы жағрафиялық орнымен де
қолайлытын.  Кезінде  «Қазақ»  газеті  алғаш
шыққан  жылы  Семейден  612  кісі  алдырып
оқитын  көзі  қарақтылар  мекені  боп-ты.
Міржақып  Дулатов  «Оян  қазақ»  романы  үшін
1911  ж.  Семейде  абақтыға  жабылып,  жыл
жарым жатын шығатыны де белгілі. Семей, жаңа
Семей (Алаш) ұлт саясатының кіндігін кескен
бірегей қала, ұлттық идеяның туған киелі мекені
дерсіз. 90 жыл бойы сол идея адамдарды іштей
толғандырды да.
Алмағайып  кезеңде  амал  тауып,  халқының
басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы
топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі.
ХХ  ғасыр  басында  ұлтының  теңдігі  үшін
қауымдасуымен де, қалам қарымымен де, қару-
жарақпен  де,  жанкешті  күреске  түскен  алаш
қайраткерлерінің  пәрменді  еңбегі  Алаш
баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі-
тәуелсіз  Қазақстанның  барлық  түкпіріндегі
қазақ  зиялы  қауымының  ісіндегі,  ойындағы
алашшылдық сана. Алаш зиялыларының қазақ
даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында»
кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты
тарауында:  «ХХ  ғ.  Басында  ұлттық  бірлікті
нығайту  идеясын  алға  тартқан  рухани-зерделі
игі жақсылар қазақтың  ұлттық идеясын жасау
міндетін  өз  мойнына  алды»-деп  көрсеткен
болатын.
Ендеше,  Алаш  қозғалысының  қарқынды
жүруіне  ерекше  еңбек  сіңірген,  тіпті  оның
дүниеге  келуіне  атс алысқан,  басын  о ққа
байлаған  бірқат ар  тұлғалардың  е сімдері
аракіндік  болмаса,  өз  деңгейінде  бағаланбай,
айтылмай да келе жатқанына назар аударуымыз
қажет. Өйткені, Алаш арыстары дегенде, көбіне,
біздің  аузымызға  да,  жазба  ескерткіштерімізде
тек жаттанды көсемдері мен ақын, жазушылары
ғана ілігеді. Әрине, бұл әлі де, саз білім,тар өрені
аңдатпақшы.  Әрібірден  соң,  қозғалыстың  өзі-
адамға,  ұлтқа  деген  жанашырлықтан  туған
гуманистік әрекет.
«Алаш  қозғалысының  қазақтың  Жаңғыру
дәуірі болғандығын, оның елім деген, жұртым
деген азаматтардың басын қосқандығы мен де
дәлелдеуге болады. Абылай заманында сыртқы
жаудың  қауіп-қатерінен  басы  қосылған  қазақ,
Кенесары,  Махамбет,  Абай  дәуірінде  «бас-
басына  би  болған»  қазақ  алаш  тұсында  бас
біріктірді, ат біріктірді, қимыл біріктірді. Оның
негізінде Отанына, сол Отанның ұрпағына деген
ұлы  жанашырлық  жатты.»(Е.Тілешов  Алаш
қозғалысы-2008, 7 бет)
Алаш  қозғалысының  қазақ  Ренессансы
болғандығына иланасың. Адамдар (азаматтар)
арасындағы  адалдық  пен  сенімге  сүйенесің.
Алаш  қозғалысы  дәуірі-  қазақтың  ұлт  ретінде
бірігуі,  тұтасу,  етене  араласу  дәуірінің
ұйытқысы, бастауындай-тын. Бұл-ерекше бағаға
лайық!  Алаш-зерделі, зайырлы қазақ баласын
адастырмас  темірқазық.  Алаш  көс емдері
Әлихан  Бөкейханов  ісі  мен  Алаш  ұғымында
рухтық,  өрлік  мән-  мағына  бар.  Әр  буын  өзі
арқалар  жүгін  белгілі  орынға  жеткізсе,  оны
келесі буын  ілгері жылжыта  алса ұлттың  адал
ұлы,  ұлттық  идеяға  шын  берілген  жанашыр
ретінде  танылмақ.  Өзінен  кейінгі  іні  буынды
тәрбиелейтін, баулитын бапкер, ағартушы ұстаз
болмақ. Міне, осы тұста Семейде, шоғырланған
алаш  қайраткерлері  ішінен  ерекше  үлкенге  іні
кішіге  аға  болған,  ірі  тұлға  Мәннән
Тұрғанбайұлы  Тұрғанбаев  1886  жылы  Семей
губерниясы,  Қарқаралы  уезінің  Абыралы
болысына  қараған  №  2  «Сарынан»  ауылында
туған.  Сүйегі-арғын,  Қаракесек-Қамбартегі.
Бергі  аталары:  Тілеуден–Аман–Қожамбет–
А қ с а р ы – М а ң д а й – М ә м бе т – Т ұ р ғ а н б а й –
Мәннан.Тұрғанбайдан  Мәннан,  Шәден  және
Зүбайда  есімді  қыз  туған.  Мәннаннан  Мұрат,
Отан  және  Гүльбахрам  есімді  ұлдармен  қыз
болған.  Шәденнен-Ерғали  есімді  немере  інісі
болған.  Зүбайда  дан  туған  жиені-Жүнісхан
Нұрмағамбетұлы (ірі кен инженері, ғалым)
Мәннанның  туып-өскен  ауылы,  сол  кездегі
ұғымша,  іргелі,  әйгілі  Қарақасқа  атты  Қамбар
батыр  ұрпағы  Толыбай,  Жиенбай,  Кемелбай,
Майда және Қабан батырлар мен Борсылдақ би,
Жарылғас  пірадар,  Рай  молда  сынды  айтулы
тұлғалардың  мекені.  Осындай  ортада  дүние
есігін  ашқан  жас  түлек.  Мәннан  белгілі
батырлар  мен 
мықтылар 
(жақсылар)
шарапатына  шомылып  өсіп,  есейе  келе  арман
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

46
қуып,  намысын  жаныған,  өнер-білімге
құштарлық танытқан. Мәннан әкесінен жасында
жетім  қалып,  әкесінің  інісі  Шәденнің  тәрбиесі
мен қамқорлығын көре он жүріп, өмірге ерте ой
жіберіп, санасын оятқан. Балғын бала шағында
оқу іздеп, өз талабымен тіршілік ету үшін Семей
қаласына жетеді. Кәмелиден хазіреттеп арабша
дін  оқуын  оқиды.  Бір  жағынан  жұмыс  істеп
күнін  көріп,  алты  жылда  Семейдегі  медресені
тәмамдайды.  Қаршадайынан  зерек  жас  түлек
ауылға  оралып  балаларға  мектеп  ашып,  сабақ
үйретеді. Бұл 1906-10 жылдар аралығы. Мәннан
ұстаздық  жолын бастап,  ел-жұртқа  танылады.
Зейінді жас білімін көтеру үшін, өзіне де ілгері
оқу қажеттілігін түсініп, білімге құлшынады.
Мәннанның немере ағасы Шәден мен жездесі
Нұрмағамбет  қажы    да  жас  өскіннің  талабын
жасытпай,  бетінен  қақпай,  шама  шарқынша
қолдау  жасап,  қамқор  болады.  Сөйтіп,  1910
жылы  Мәннан  Ресейдің  Уфа  қаласындағы
«Медресе-Ғалияға»  түсуі,  оның  болашағын
ашады.  Қазақтың  ол  кездегі  ерте  оянған
тобының бәрі «Ғалия шәкірттері еді» деп жазады
Мұхтар Әуезов. (Ақжол-19 бет).
Мәннан  Уфада  оқи  жүріп,  жан-жақты
білімдар,  озық  дарынды  жас  екендігімен
замандастары ортасында ғана емес, өзінен жасы
үлкен,  ғұлама  татар,  ғалым  ұстаздарының
назарына ілігеді. Медреседе оқитындар ішінде
бірнеше  тіл  білетін  (орысшаға  жүйрік,  араб,
түрік,  татар,  парсы  тілдеріне  жетік,  еркін
меңгереді.  Уфадан  Орынборға  жиі  қатынас
жасай  жүріп,  Әлихан,  Ахметтермен  бірге
Шоқайұлы  Мұстафалар  мен  жақын  жүріп,
Шиелідегі ағайынды Қоңыратбаевтармен аралас
байланыста болады. Шиелі–Сыр бойында қазақ
өнерінің  әдеби-  фольклорлық  қомақты  үлесін
құрайтын  ертеден  белгілі  ауыл.  Ең  бастысы  –
Бұхара,  Самархан  медреселерінен  білім  алған
оқымыстыларымен  әйгілі.  Солардың  бірі  де
бірегейі–Халжан  Қоңыратбаев  пен  Садық
сынды  ахун-ұстаздардың  тәлімін  алған  інілері
Әуелбек  пен  Әнуәр  Қоңыратбаевтардың  дос,
дарынды көп шәкірттері де осы өлкенің рухани
даңқын    көтере  түскендейтін.  Жас  өскін.
Мәннаның да назарын аударып, жаңа белестерге
жетелегені де шындық. Мұндай мүмкіндік оған
медреседе тәлім-тәрбие ала жүріп ислам дініне
мүлде ден қойып, дін танушылық қабілетке бет
бұрып,  «Пайғамбар  заманы»  атты  500  беттік
кітап  жазу  мүмкіндігіне  ие  болады.  Бұл  кітап
1915 
ж. 
Шиелі 
азаматы, 
Халжан
Қоңыратбаевтың  қаржылай  көмегімен  жарық
көріп,  таратыла  бастағаны  жәйлі  «Айқап»
журналында жария болған. Сол шамада Мәннан
Түркияға сапарлап, Стамбұлға  қысқа мерзімді
курс  пен  Каирдегі  (Мысыр)  мұсылман
академиясынан дәріс алып, бай кітапханасында
болуы оның келешек тағдырына оң әсері тиеді.
Ғалия медресінде журналшы мамандығын игере
жүріп, газет шығару ісіне де белсене араласқаны
жәйлі жазба естеліктерден оқуға болатын еді.
Мәннан  Тұрғанбаев  1917  жылғы  сәуірде
өткен  Алаш  қайраткерлері  бас  қосқан  айтулы
съезден кейін, оның туған-өскен жері Семейге
келуі  ұйғарылуы  да  тегін  емес,  әмбе  оның
мұндағы  талапты  жастардың  дарын-
таланттарын ашуда, Алаш қозғалысына лайық
мүшелер  тартып,  оқу-ағарту  майданына
көшбасшылық    жасауы  сияқты  сан  салалы
істерге белсене араласуына жол ашылады.
Ол кезде Семейде жергілікті басқару билігіне
ұмтылған  қазақ  комитетінен  басқа  Уақытша
үкіметтің 
өкілетті 
органы 
о блыстық
комиссариат,  большевиктердің  жұмысшы,
шаруа  және  солдат  депуттатары  кеңестері,  ақ
офицерлер  одағы,  қарулы  казачество,  әскери-
өнеркәсіпшілер  тобы,  ноғайлар  мен  татарлар
комиттеттері,  сауда  кооперациялары,  т.т.
көптеген қоғамдық саяси ұйымдар болды. Оның
үстіне  Ресейде  азамат  соғысының  тұтануына
байланысты  Атаман  Анненков  пен  Дутовтың,
қанқұйлы Колчактың аттылы-жаяулы қаптаған
қалың  әскері  болуы  Алаш  қайраткерлерінің
өзіне де аса сақтықпен жұмыс істеуге тура келді.
Семейлік Алашорда қайраткерлерінің «Алла
Алаш  үшін  өзгеше  туғызған,  ұлтымыздың
жансебіл  ұлдары»  екендігін  айғақтайтын.
Мәселен,  Мәннан  Тұрғанбаевтың  тар  қанасқа
түскен күндері (1922 ж) айтқаны бар екен.
Сұрақ:  - Қудалауға түстің бе?-дегенге
Жауап:  -  Колчак  үкіметі  ке зінде  с аяси
көзқарасым үшін қудалау мен аңдауға түстім.
Сұрақ: -Кеңес өкіметінің саясатының қандай
түрімен  келіспейсің?
Жауап:  -Кеңестің  елге  еркіндік  еңбек

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал