Бас редактор



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/15
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

36
Б.Құлмановт ан, 
Ә.Бөкейханнан,
А.Байтұрсынұлынан, 
Р.Марсековтен,
М.Тынышбаевтан, 
С.Лапиннен,
Х.До смұхамедұлынан, 
Ә.Алдияровт ан,
М.Сералиннен, Жанайдаровтан, М.Дулатовтан,
Б.Есмахановтан, 
З.С ейдалиннен,
Б.Сыртановтан,  Ж.Ақпаевтан  хат  күтетінін
жазады. Ж.Сейдалиннің бұл хатына Ә.Бөкейхан
ашық  хат  түрінде  жауап  жазады.  Ол  хатын:
««Айқапқа»  Жиһанша  мырза хат  жазып  отыр.
Қазақ баласы бас қосса, қазақ жұмысы жақсы
орынға барар еді дейді. Қазақ баласы бас қосып,
шаруа,  жұрт  пайдасын  сөйлеп,  іс  қылып
тырбанса, бірте-бірте қазақ баласы ілгері басуға
басқыш табылар еді деп біз де ойлаймыз» – деп
бастап, сиездің қажеттілігін дәлелдей келе: «Тірі
болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді,
қазаққа  қызмет  қылмай  қоймаймын»  деген
сертті  сөздерімен  хатын  аяқтайды.  Міне,  осы
жылдан бастап пікір жүзінде көтеріле бастаған
жалпықазақ  сиезін  ашу  мәселесі  1917  жылға
дейін  жалғасты.  Өйткені,  патшалық  Ресейдің
отаршылдық қатал саясаты қазақ зиялыларының
бұл мақсатын іске асырмай келді. Оны жүзеге
асырудың  сәті  Ақпан  төңкерісінен  кейін  ғана
мүмкін болды. Орыс патшасы тағынан түскен
төңкерістен  кейін  Қазақстанның  әр  түкпірінде
қазақ  азаматтық  комитеттері  құрыла  бастады.
Оның  жұмыс  істеуіне  Уақытша  үкімет
комиссарларының  оң  ықпалы  тиді.  Мәселен,
Ә.Бөкейханның  Уақытша  үкіметтің  Торғай
облыстық комиссары болуы, М.Тынышбаевтың
Уақытша  үкіметтің  Түркістан  комитетінің
мүшесі  болуы.  Аталған  жылдың  сәуір-мамыр
айларында Торғай, Жетісу, Орал, Омбы, Семей
қалаларында облыстық қазақ сиездері өтті. Бұл
облыстық  сиездер  ұлт-азаттық  қозғалыстың
қарқын алуына ықпал ете отырып, шілде айында
өткен  бірінші  жалпықазақ  сиезін  дайындады.
1917 жылдың 21-26 шілдесі аралығында өткен
бұл  сиез  мемлекеттік  құрылыс,  саяси  партия,
Құрылтай жиналысына, Мұсылмандар кеңесіне
депутаттар  сайлау,  партия  бағдарламасын
дайындау  мәселелерін  көтерді.  Біздің
ойымызша,  сиездің  басты  маңыздылығы  –
хандық  дәуірден  кейін  барша  қазақтың  бас
көтерер көрнекті тұлғаларын біріктіріп, ірі елдік
мәселелерді  шешуде  олардың  бірлік  жолынан
табылатындығын  дәлелдеген  сенім  шарасы
болуында да еді.
1917  жылдың  5-13  желтоқсанында  өткен
екінші  сиез  қазақ  автономиясын  жариялады,
халық  кеңесін  сайлады,  Алашорда  үкіметінің
төрағалығына  демократиялық,  баламалы
жолмен  Әлихан  Бөкейхан  сайланды.  Алаш
қозғалысы, ендігі жерде саяси күшке, қолында
билігі бар үкіметке айналды. Бұл аз уақыт болса
да  империя  құрсауынан  шыққан  халықтың  өз
мемлекеттілігін қалыптастыруға жасаған тарихи
қадамы  болатын.  Осы  ке зеңдегі  тарихи
құжаттардан, баспасөз материалдарынан жалпы
қазақ қоғамының Алаш идеясына тартылғанын,
Алаш үкіметін қолдағанын аңғаруға болады.
Қо зғалыстың  өрістеуіне  ислам  дінінің
маңызы  ерекше  болғандығын  ұмытпауымыз
қажет. Алаш қайраткерлерінің имандылығы мен
кісілік  қасиеттері  –  олардың  мұсылманша
тәрбие, білім алғанынан дарыған табиғи қасиет.
Ұлт-азаттық  күрестің  ішінде  ислам  дінінің
көптеген  ірі  өкілдері  болды.  Сондай-ақ,
қозғалыстың қарқынды жүруіне, зиялылардың
бас  біріктіруіне  Мұсылман  сиездерінің,
Мұсылман  фракциясының,  «Шура-и-ислам»
сияқты  қоғамдық-саяси  ұйымның  рөлдері
айрықша байқалды. Бірінші, екінші жалпықазақ
сиездерінде дін мәселесі күн тәртібіндегі басты
мәселелердің  бірі  болды.  «Алаш»  партиясы
бағдарламасына  дін  ісі  жеке  тарау  ретінде
енгізілген  болатын.  Сонымен  бірге,  дін  бірлігі
сол  тұста  қазақ,  татар,  башқұрт,  қырғыз,
әзірбайжан  т.б.  ұлттардан  шыққан  елшіл
қайраткерлердің  ортақ  мүдде  тұрғысынан
серіктесіп,  өзара  байланыста  болуларына,  ұлт
тәуелсіздігі 
мәселе сі 
төңірегінде
ұйымдасуларына айтулы ықпал жасады.
Алаш  құбылысы  –  сол  тұстағы  қазақ
қоғамының  барлық  жағын  қамтыған  салалы,
саралы құбылыс. Бұл құбылыс, сондай-ақ, қазақ
өмірінің  өткенін  безбендеуге  ден  қойған,
бүгінгісін  таразыға  салған  және  болашаққа
бағыт  айқындаған,  тәуелсіздікті  ғана  мұрат
еткен  қасиетті  құбылыс.  Алаш  қозғалысы  сол
тұстағы  қазақтың  саясат,  әдебиет,  өнер
қайраткерлерін, 
дінбасыларын,
оқымыстыларын,  бақуатты  азаматтарын
медицина,  техника,  ауыл  шаруашылығы,
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

37
экономика, заң, әскери салалардағы мамандарын
топтастыра отырып, өздері өмір сүрген тарихи-
қоғамдық болмысқа реформа жасауды мықтап
қолға  алған,  жігері  мен  сенімі  жеткілікті,
бағдарламасы  айқын,  мақсаты  зор  қозғалыс
болатын.
Алаш қозғалысының көпжылдық тарихында
және  облыстық,  жалпықазақ  сиездерінде
Алашорда  үкіметінің  жұмысында  үнемі  басты
назарда  болған  мәселенің  бірі  –  жер  мәселесі.
Оны  Алаш  көсемдері  өте  жақсы  түсінген
болатын.  Айталық,  сол  дәуірде  Ә.Бөкейхан:
«Жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің ең зоры»
деген  болатын.  Бірінші  жалпықазақ  сиезінің
қаулысында:  «Қазақ  халқы  өзіне  еншілі  жерге
орнығып  болғанша  қазақ  жері  ешкімге
берілмесін» делінсе, бұл «Алаш» партиясының
бағдарламасында:  «Учредительное  собрание
негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен
жергілікті  жұртқа  берілсін  деу;  қазақ  жер
сыбағасын 
отырған 
жерлерден  алып
орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу»
делініп  бекітіле  түсті.  Ашашорда  үкіметі
автономия  жариялай  отырып,  оның  бірінші
бабында:  «Бөкей  елі,  Орал,  Торғай,  Ақмола,
Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана,
Самарқанд  облыстарындағы  һәм  Әмудария
бөлімдеріндегі  қазақ  уе здері,  Закаспий
облысындағы  һәм  Алтай  губерниясындағы
іргелес  облыстардың  жері  бірыңғай,  іргелі
халқы  қазақ-қырғыз  қаны,  тұрмысы,  тілі  бір
болғандықтан,  өз  алдына  ұлттық,  жерлі
автономия құруға...» деп жер тұтастығын басты
мәселе ретінде бекітті. Алашорда үкіметі 1918
жылы  24  маусымда  «Алаш  автономиясының
жерінде жер пайдалану туралы Уақытша Ереже»
өзінің мазмұны мен пәрмені жағынан маңызды
құжаттардың бірі болды. 11 баптан тұратын бұл
Ережеде  жерді  пайдаланудың  негізгі  тәртібі
көрсетілді.  Алаш  қозғалысының,  Алашорда
жетекшілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін
сақтап  қалуымен  байланысты.  Осы  күнгі
Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен
сақталып  қалуында  Алаш  қайраткерлерінің
орасан  зор  еңбегі  жатыр.  Олардың  кеңес
үкіметінің басшыларымен келіссөздері, әсіресе,
А.Байтұрсынұлының осы бағыттағы қажырлы
еңбегі  кейін,  Қазақ  автономиялық  советтік
социалистік  республикасын  құру  кезінде  осы
автономияның  аумағын  белгілеуде  шешуші
маңызға ие болды.
Қо зғалыстың 
өрістеуіне 
ақын-
жазушылардың қаламгерлік те, қайраткерлік те
үлестері  айрықша  болды.  Біздің  ойымызша,
Алаш  қозғалысы  дәуірі  –  ұлттық  жазба
әдебиетінің  тарихындағы  ерекше  жылдар.
Қазақтың  жазба  әдебиетінің  өмірге  келуінің
бастапқы  кезеңі  Абай  заманымен  байланысты
болғанымен, оның буыны бекіп, бұғанасы қатуы
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарына келеді.
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  жазба
әдебиетке Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкәрім,
Мәшһүр-Жүсіп 
Көпейұлы, 
Нарманбет
Орманбетұлы  т.б.  кейбір  жекеленген  әдебиет
өкілдерінің шығармашылығы мысал бола алса,
келесі  ғасырдың  басында  жазба  әдебиет
өкілдерінің  саны  е селеп  артты.  Жазба
әдебиеттің  жарық  көретін  қалыптары  –
баспасөз,  кітап  басу  ісінің  дамуы  жазба
әдебиетті өркендете түсті. Ендігі жерде әдебиет
оқырманға арнала бастады. «Айқап» журналы,
«Қазақ»  т.б.  газеттер  көркем  ойды  мыңдаған
оқырманға  жеткізушіге  айналды.  Үшіншіден,
көркем проза,  драма, әдеби  сын үлгілері  туып
қалыптасты. Әдеби сынның қалыптасуы, оның
шығармаға, әдеби мұраға, әдеби процеске баға
беруі 
– 
жазба 
әдебиеттің 
ес ейе
бастағандығының  айғағы  болды.  Абай
шығармаларының  тұңғыш  жинағының  жарық
көруі  –  жазба  әдебиеттің  қалыптасуына  игі
ықпал  етсе,  Міржақыптың  «Оян,  қазағы!»,
Ахаңның  «Масасы»  әдебиеттегі  ұлтшылдық,
елшілдік  ұрандарды  күшейтті.  Сөйтіп,  бұл
жаңашыл  дәстүрді  Жүсіпбек,  Мағжан,
Сұлтанмахмұт,  Мұхтар,  Бейімбет  секілді  жас
дарындар соны көркемдік сапада, тың қырынан
жалғастырып  әкетті.  Соның  нәтижесінде,
Алаштың қалам қайраткерлері қазақтың тұңғыш
романдары  мен  драмалық  шығармаларын,
алғашқы  әдеби-сын    мақалаларын  дүниеге
келтірді. Қазақтың сөз өнерін жанрлық жағынан
да,  идеялық-көркемдік  жағынан  да  байытып,
жазба  әдебиетін  қалыптастырды.  Шамасы  он-
он  бес  жылдың  ішінде  Алаш  қаламгерлерінің
ерен қабілеті, ұлтына деген ерекше махаббаты,
туған  жұртының  бүгінгісіне  көңілі  толмаған
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

38
күдігі  мен  азат  болашағына  сенген  үміті
кейінгілерге үлгі боларлық әдеби туындыларды
өмірге әкелді. Алаш ұранды әдебиеттің беті мен
екпіні, бағыты мен мазмұны Ахаң бастаған қазақ
ақын-жазушыларының ұсталып кеткен кезеңіне
дейін,  яғни  1920  жылдардың  соңына  дейін
жалғасты. Сол екпін, сол бет, сол бағыт қашанда
ұлтына  пер зенттік  сүйіспеншілігі  мен
адалдығын 
с ақтаған 
қаламгерлердің
шығармашылығында  баяу  болса  да  қан
тамырындай бүлк-бүлк соғып жатты. Алаштық
саралы жолдан ауытқыған советтік әдебиет әсіре
қызылдың тез оңатынын сезбестен, адамға емес,
саясатқа  қолбалалық,  құлдық  сапарын  айғай-
шумен,  беттен  алумен  бастап,  бір  кісінің
ғұмырындай  ғана  өмір  кешті.  Әуелден  таза,
әуелден  көркем,  әуелден  адамға,  ұлтқа  деген
жанашырлық пен ізгілікке, шуақ пен мейірімге
толы «Алаш әдебиеті» аталатын алып бәйтерек
қайта  жаңғырып,  ізгілік  тұқымдарын  шаша
бастады.  Ендігі  жерде  қазақ  баласы
жасағанынша жасайтын оның байтақ та баянды
мәңгілік өнегелі сапары басталды.
Қандай  ұлттың  болмасын  мәдени  деңгейін
көрсететін факторлардың бірі –  театр өнерімен
байланысты екендігі мәлім. Бұл жолда да Алаш
зиялылары «тұңғыш деген» атаққа ие. Айталық,
Б.Серкебаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов қазақтың
алғашқы  драмалық  шығармаларын  жазса,
М.Әуезовтің  «Еңлік-Кебегі»  тұңғыш  театрлық
қо йылым 
болғаны 
белгілі. 
Ал,
Қ.Кемеңгерұлының 
«Алтын 
с ақина»
пьесасымен  мемлекеттік  ұлт  театры  тұңғыш
шымылдығын  ашқан  болатын.  Жалпы  өз
заманында  Алаш  өкілдері  ұлт  мәдениетін,
өнерін танытуға, насихаттауға қатысты бірқатар
тағылымды шаралар атқарды.
Алаш  қайраткерлерінің  тіл  саласындағы
тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай.
Сол  асудың  төңірегінде  Алаш  зиялыларының
қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-
жара  айтуға  болады.  Алаш  зиялыларының
дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ
тілінің мәртебесі туралы да ойлар менмұндалап
тұрды.  Оны  олардың  сол  тұста  жазған
мақалаларынан  және  А.Байтұрсынұлының,
С.Сәдуақасұлының  Оқу  комиссариатында
басшылық  еткен  кезіндегі  іс-қимылдарынан
аңғаруға болады. Тіл – ұлт руханиятының негізгі
өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық
ойларынан  және  көркем  шығармашылығынан
көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі
жөніндегі  қисынды  пікірлер  Ахаң  бастаған
алашшылдардың мақалаларынан көрініп жатты.
Со ндай-ақ,  туған  тіл  тақырыбы  ұлтты
ұйыстырушы,  халықтың  төл  болмысын
айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында,
әсіресе, 
М.Жұмабаев, 
С.Торайғыров
өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады.
Абай  заманында  өмірге  келіп,  өркен  жая
бастаған жазба әдебиеттің нағыз бағбаншылары
Алаш  ұранды  әдебиет  өкілдері  болды.
А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатов,  Ғ.Қараш,
Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев,  С.Торайғыров,
М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Күлеев т.б. Алаш
қозғалысының  белді,  белсенді  мүшелері
қазақтың  жазба  әдебиетін  т ақырыптық-
идеялық,  жанрлық,  көркемдік  тұрғыдан
байытты,  кеңітті.  Яғни,  негізінен  ауызша
айтылып, тыңдалып жүрген көркем сөз үлгілері
хатқа түсіп, жазу түрінде газет, кітап беттеріне
көше бастады. Бұл әдебиеттің өмір сүру, таралу
типін  ғана  өзгертіп  қоймай,  ең  бастысы,
жазудың  мәдениетін  арттырды.  Көркем  ойды
жеткізудің 
тілдегі 
стилистикалық
мүмкіндіктерін еселеді. Соған орай жаңа көркем
түрлер  пайда  болды,  тың  сөз  тіркестері  мен
сөйлемдер  жасалды.  Жазба  әдебиет  үлгілері
дайындықпен, қажетті материалдар жинаумен,
ұзақ  толғанумен  жазылатын  дүниелер
болғандықтан,  мұнда  ұлт  тілінің  барлық
байлығы мен бейнелілігін сарқа пайдалануға зор
мүмкіншіліктер  туды.  Туған  тілінің  о сы
мүмкіншіліктерін тумысынан талантты, ұлтына
ұлы  махаббаттары  табиғи  Алаш  ұландары
ұтымды пайдалана алды. Сөйтіп, қандай да бір
қасаңдықтан  ада,  адами  құндылықтарды  ту
еткен,  халқының  халіне,  ұлтының  ұйысуына
зерек  ой,  адал  ниетпен  көмкерілген  көркем
туындылар дүниеге келді. Бұл «Алаш әдебиеті»
деп  аталатын  жаңа  әдеби  дәуірдің  бастапқы
кезеңдерінде  ұраншылдық,  насихатшылдық
басым  болғанымен,  шамамен  жас  дарындар
Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев,  М.Әуезовтердің
шығармалары  жазыла,  жарық  көре    бастаған
тұстан бері қарай көркемдігі кемел дүниелер бой
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

39
көрсете бастады. Осы эволюциялық жол – Алаш
әдебиетінің тез өсіп, жедел жылдамдықтармен
ілгерілегенін  көрсетеді.  Оның  мысалы,  «Оян,
қазақ!» пен «Батыр Баян», «Қорғансыздың күні»,
«Ақбілек» аралықтары.
Қазақтың 
жазба 
әдеби 
тіліндегі
публицистикалық  стильдің  қалыптасуы  1905-
1918 
жылдар 
аралығында 
баспасөз
құралдарының 
көбейе 
түсуімен
түсіндірілетіндігі белгілі. Осы тұстағы баспасөз
беттерінен  тіліміздегі  публицистикалық
стильдің  қалыпт аса  баст ағанын  көреміз.
«Қазақ»,  «Сарыарқа»,  «Бірлік  туы»,  «Алаш»,
«Жас  азамат»  газеттерінен  және  «Айқап»
журналынан т.б. баспасөз құралдарынан қазақ
сөзінің  қоғамдық-әлеуметтік  саланың  әртүрін
көрсететін  лексиканың  стильдік  реңктерге  ие
бола  бастағанын  байқаймыз.  Осы  баспасөз
беттерінде  саяси-қоғамдық  лексикамен  бірге,
мәселен, жаңа мазмұндағы салтанатты стильдің
де ерекше үлгілерін аңғарамыз.
Алаш  қозғалысы  қазақтың  жазба  тіліндегі
құжат  тілінің  де  белгілі  бір  қалыптарын  түзді.
Айт алық,  уе здік,  облыстық,  жалпықазақ
сиездерінің  хаттамалары,  қаулылары,  «Алаш»
партиясының  бағдарламасы,  қатынас  хаттары
құжат  тілінің  жаңа  бағыттағы  лексикасын
қалыптастырды.  Бұған қоса,  Алаш  қозғалысы
дәуірінде  эпистолярлық  жанрдың  қауырт
дамығанын 
әбден 
аңғаруға 
болады.
Ә.Бөкейханның, 
А.Байтұрсынұлының,
М.Шоқайдың, 
М.Тынышбаевтың,
Ж.С ейдалиннің,  Х.До смұхамедұлының,
М.Дулатовтың  т.б.  хаттары  о сы  жанрдың
тарихындағы үздік үлгілер.
Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық
кезеңді  зерттеуде  қазақ  лексикасының  зор
мүмкіндіктерін  айқындайтын  мысалдар
жеткілікті. Сөз  қолдану, ұғымды беру,  тың сөз
тіркестерін  жасау  –  олардың  ұлттық  ойлау
жүйесін,  сондай-ақ  Батыс  пен  Шығыс  ілімін
ізденгіштікпен  зерделегенін  байқатады.  Алаш
қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы
жолы  із-түссіз  кеткен  жоқ.  Оның  тамаша
дәстүрлері  өзінен  соңғы  сырты  советшіл
әдебиеттен  көрініс  тауып  жатты.  Бұл  да
зерттелуін қалап тұрған үлкен тақырыптың бірі.
Алаш  қозғалысын  қазақ  руханиятындағы
тағылымды орасан құбылыс болды десек, соның
бір  парасы  –  қазақ  әдеби  тілінің  жаңа  сатыға
көтерілуімен  сабақтас.
Қазақ  қоғамының  оянуына,  сілкінуіне  сол
кезеңдегі қазақ баспасөзі өлшеусіз үлес қосты.
Бұл  қатарда  ұлттық  қозғалыстың  серпінді
болуына,  қарқынды  өрістеуіне  зор  ықпал
жасаған «Қазақ» газеті алдымен аталады. Ахаң
басында тұрған бұл ұлы басылым Алаш идеясын
қазақ  сахарасына  тарата  отырып,  өзінің  зор
миссиясын  абыроймен  орындады.  «Қазақтан»
кейінгі  алаштық  идеяны  Х.Ғаббасов  пен
Р.Марсеков шығарушылары болған «Сарыарқа»
газеті  және  М.Шоқай  шығарған  «Бірлік  туы»
газеті    өрістетіп  отырды.  Бұл  газеттер  қазақ
баласының  бойына  ұлттық  сезімді,  ұлттық
ождан мен абыройды сіңірді.
Қазақ 
ғылымының 
тууына 
Алаш
зиялыларының тікелей ықпалы тигені бәрімізге
белгілі.  Қазақ  тіл білімі  мен  әдебиеттануының
басында  Ахаң,  Ахмет  Байтұрсынұлы  тұрса,
медицина, биология, табиғаттану салаларынан
Х.Досмұхамедұлы,  математикадан  М.Дулатов
пен  Ә.Ермеков,  психологиядан  Ж.Аймауытов,
педагогикадан 
М.Жұмабаев, 
ауыл
шаруашылығынан Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы
арнайы еңбектер жазды. Қазақ жазуының, ұлт
грамматикасының дүниеге келуіндегі Ахаңның
еңбегі айрықша  аталады. М.Әуезовтің  сөзімен
айтсақ:  «...Ахаң  ашқан  қазақ  мектебі,  Ахаң
түрлеген  ана  тілі,  Ахаң  салған  әдебиеттегі
елшілдік  ұраны  –  «Қырық  мысал»,  «Маса»,
«Қазақ»  газетінің  1916  жылдағы  қан  жылаған
қазақ  баласына  істеген  еңбегін,  өнер-білім,
саясат  жолындағы  қажымаған  қайратын  біз
ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын».
Алаш зиялылары қазақ ғылымын қалыптастыра
отырып, оның терминологиясын да жасағанын
және оның өміршең болғанын да атап өткеніміз
дұрыс.
Алаш  қозғалысы  қазақтың  тарих  ғылымын
дүниеге  әкелді.  Өткенді  аршу,  бағзы  өмірдің
даму тұстарын санадан өткізу сияқты еңбектер
–  ұлттың  есейе  бастағандығының  белгісі.
Өткенге  көз  салу,  оны  бүгінмен,  болашақпен
байланыстыру – оқуы мен мәдениеті өскен елдің
белгісі.  Міне  о сындай  ұлттық  рухани
жаңғырудың  басында  Алаш  қайраткерлері
2013 №2 (19)
АЛАШТАНУ

40
тұрды.  Бұған  Шәкәрімнің,  Ә.Бөкейханның,
М.Тынышбаевтың,  Х.Досмұхамедұлының,
Қ.Кемеңгерұлының,  С.Асфендияровтың
жазғандары куә. Халқымыздың өткен тарихына
үңілгенде  олар  ең  алдымен  Абылай,  Шоқан,
Абайдың есімдерін ұлықтады. Ал өз заманының
тұлғаларын бағалауға келсек, мәдениет көзімен
қарағанда  Әлиханды  Семей  жұртшылығының
қарсы  алуы,  Ахаңның  елу  жылдығын  зиялы
қауым  болып  арнайы  ат ап  өтуі  –  Алаш
қайраткерлерінің  жаңа  өркениеттік  жолға  бет
алғандығын көрсетеді. Осының барлығы Алаш
қозғалысы  дәуірінің  –  қазақтың  өткенін
бағалаудың,  өз  заманын  зерделеудің  ұлт
тарихындағы  алғашқы  ке зеңі  болды  деп
тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
«Алаш» партиясының, Алашорда үкіметінің
құрылуы  мемлекет  үшін  қажетті  саяси,
әлеуметтік,  экономикалық  және  құқықтық
атрибуттарды қалыптастыруды қажет етті. Алаш
қайраткерлері  бұл салада  да  өнімді еңбек  етті.
Олардың қазақ ұлтын ұйыстырудағы, оятудағы
бірнеше  жылдық  пәрменді  әрекеттерінде
жоғарыда аталған қажеттіліктер көрініп жатты.
Мемлекеттің  іргесін  қалау  мәселелері
Ә.Бөкейханның, 
М.Шо қайдың,
Ж.До смұхамедұлының, 
М.Дулатовтың,
Б.Құлмановтың, 
Ғ.Бірімжановтың,
Ж.Ақбаевтың, 
М.Тынышбаевтың,
Ж.Сейдалиннің, У.Танашевтың, Х.Ғаббасовтың,
А.Тұрлыбаевтың,  Ы.Жайнақовтың  т.б.  жазған
еңбектері  мен  атқарған  істерінен  айқын
аңғарылып  жатты.  Алаш  қайраткерлерінің
облыстық,  уездік  сиездер  мен  комитеттерді,
жалпықазақ  сиездерін  ұйымдастыруы,  сол
тұстағы  Уақытша  үкіметпен  келіссөздері,
бағдарлама  дайындауы,  қаулы-қарарлар
қабылдауы  –  олардың  қаншалықты  дәрежеде
саяси  өте  сауатты  қайраткер  болғандықтарын
көрсетеді.  Алаштықтар  Қазақстанның  сол
тұстағы шаруашылық жайын саралай отырып,
соған  орай  экономикалық  дамудың  бірқатар
жолдарын да мегзеді. Бір қызығы, сол кезеңде
олар  Қазақстанның  астанасы  жөнінде  де
орынды  мәселе  көтерді. Айталық,  1917  жылы
Семейді «Алаш астанасы» деп жариялап, оған
«Алаш» деген атау берді.
Алашорда  мен  Түркістан  мұхт арияты
жетекшілері  арасындағы  мәселеде  олардың
арасында  бірлік  болмады  немесе  әрқайсысы
өздерінше  дербе с  мемлекет  ретінде  өмір
сүргілері  келді  деудің  реті  келіңкіремейді.
Өйткені  біріншіден,  олар  қазақ  елінің
тәуелсіздігі  жолында  бір  бағыт  ұстанды,
екіншіден, олар ортақ мүдде төңірегінде ұйыса
алды.  Оған  М.Шоқай,  М.Тынышбаев  т.б.
Түркістан  қайраткерлерінің  Алаш  сиездеріне
қатысуы, М.Дулатов, Т.Құнанбаев сияқты Алаш
өкілдерінің  Сырдария  қазақтарының  сиезіне
арнайы  баруы,  бірлікке  шақыруы,  ақпан
төңкерісінен  со ң  Ә.Бөкейхан,  М.Шоқай,
М.Дулатов бірлесіп үндеу жариялауы т.б. ірілі-
ұсақты  байланыстар  тарихы  бізге  Алаш  пен
Түркістанның  мызғымас  бірлігін  айғақтайды.
Үшіншіден, егер кеңестік билік қазақ даласында
орнамағанда,  Ә.Бөкейхан,  М.Шоқай  бастаған
ұлт-азаттық  қозғалыс  жетекшілері  қалайда
бірігіп, туған елінің тәуелсіздігін ту етіп, Қазақ
мемлекетін 
құрар 
еді. 
Бұлайша 
ой
қорытуымызға  пікірімізге сол дәуірдегі сыртқы
саяси  жағдайлар  да,  қазақ  тұрмысының  ішкі
қоғамдық  қажеттіліктері  мүмкіндік  береді.
Сондықтан  да  тарих  жүзінде  оларды  дербес
нысан ретінде қарағанымызбен, өткен ғасырдың
басында  ең  ұлы  идея  –  ұлт  бо стандығын
көтерген  екі  ірі  қозғалысты,  Алашорда  мен
Түркістан мұхтариятын бөлуге әсте болмайды.
Ұлт тағдырына қатысты кез-келген өміршең
идеяның  із-түзсіз  жоғалып  кетпейтіні  сияқты
алаштық  идея  да  ұлтжанды  азаматтардың
ойында  жүрді.  М.Шоқайдың  эммиграцияда
жүргендегі 
еңбектері, 
М.Әуе зовтің
шығармашылығы,  тарихшы  Е.Бекмахановтың
зерттеулері,  І.Есенберлиннің,  М.Мақатаевтың,
Ж.Нәжімеденовтің, 
Қ.Мыр залиевтің,
О.Сүлейменовтің, 
Ә.Кекілбаевтың,
М.Мағауинның,  Қ.Жұмаділовтің  т.б.  ақын-
жазушылардың 
көркем 
туындылары,
Қытайдағы, Еуропадағы қазақ диаспорасының
санасындағы  ұлттық  идеялар,  Желтоқсан
көтерілісі  сияқты  көрнекті  мысалдар  Алаш
идеясының,  азаттық  идеясының  тәуелсіздікке
дейін үзілмей келе жатқандығын аңғартады.
Алаш  қозғалысының  тарихы  –  отандық
ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік
тарих.  Ұлтының  мәңгілігін  о йлаған  ұлы
Каталог: files -> journ shakarim
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 ШӘКӘрім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет