Бас редактор



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/15
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2013 №2 (19)
С.Мұқанов    сияқты  әдебиетке    зор
құлшыныспен  келген  жазушыға  да  қоршаған
қоғамдық- саяси орта  зиянды ықпалын тигізді.
Тұстасы М.Әуезов  жөнінде «1921 жылы жазған
«Қорғансыздың күні» әңгімесімен Мұхтар  қазақ
прозасын европалық дәрежеге  көтеріп тастады»
деп ағынан  жарылды. Жыл өте сала 1923 жылы
1    февральда  баспа  көрген  «Қара  тақтаға
жазылып қалмаңдар, шешендер» мақаласымен
қазақтың біртуар тұлғаларына аямай қара күйені
жақты.  Күйені  заманы  жақты,  айыпты
мейірімсіз уақыты тақты.
Тұрсынбек Кәкішев: «ҚазАПП съезінде (1932
жылы)  жасалған  баяндамада  тұрпайы
социологизмнің  дауылы  көтеріліп,  бірқыдыру
әдеби-мәдени мұраларды, Абай творчествосын
да сыртқа тепкен кезіміз жоқ емес. «Әдебиет
энциклопедиясына»  байшыл-ұлтшыл  ақын-
жазушыл ар  туралы  мақалалар  орынсыз
жазылды дегенде, «қара тізімнің» ең басынан
Абай орын алған болатын».
Өткен    ғасырдың  30-жылдары  әдебиет
ғылымында  РАПП,  ҚазАПП-тың  әсері  орасан
зор  болды.  «Біріңғай  ағым»  теориясы  белең
алып,    «таза  мәдениет»  жасауға  ұмтылыс
ұлғайды.
Сондықтан  адамды  адам  қанау  дәуірінде
жасалған  әдеби-мәдени  мұраның  бағасы  өте
төмен, одан алар үлгі-өнеге жоққа тән, өйткені
олар  қанаушы  таптың,  халықты  езіп-қанап
отырғандардың  шашпауын  көтерді,  даңқын
шығарды  деген  ойға  шырмалып,  дөрекі
социологизмнің етек алуына «теориялық» негіз
дайындады.
Совет  әдебиет  сыны  мен  әдебиеттануының
басып  өткен  өткелдерін  проф.  С.Машинский
«Жолдар  мен  бұралаңдар.  Совет  әдебиет
ғылымының  тарихынан»  деген  еңбегінде
арнайы зерттей келіп: «Тұрпайы социологиялық
құйын  30-жылдардың  бірінші  жартысында
совет әдебиеттануының едәуір бөлігін қамтыды.
Классиктер, өнер саласындағы қайраткерлердің
барлығы дерлік арнайы «өңдеуден» өтті. Өткен
заманның ұлы шығармалары буржуазияның не
дворянствоның, не әралуан әлеуметтік жіктердің
«психологиясын» жырлаушылар деп табылды.
Пушкин  –  «І  Николайдың  малайы»,  Гоголь  –
«феодалдық  идеологияны  қайтадан  қалпына
келтіруге  жанталасқандардың  өкілі»  деп
жарияланды. 
Тұрпайы 
социологт ар
псевдомаркстік  сөздерді  жамылғы  етіп,
классиктердің  көркем  туындыларына  әділетсіз
зорлық  жасады»  («Наследие  и  наследники»,
1967,  69-73  б.),  -  деген  пікірлері  қазақ
әдебиетінің  сын-зерттеу  саласына  да  арнап
айтылғандай.
Әуезұлы  Мұхтардың  хаты    (1932)  «Менің
әдебиет  пен  саясат  жолында  бұрын  қандай
адам  болғандығым  туралы  Қазақст ан
партиялық  кеңестік  жұртшылығы  өзінің
қоғамдық  сынын  айтқан  болатын.  Ол  сын
ашық,  нық  айтылған  дұрыс  сын  еді.  Ондағы
берілген  баға  бойынша  мен:  «байшыл,
алашордашы одағындағылардың салт-санасын
әдебиет жүзінде іске асырушы кісі» болғам...
Өзге  алашорда  басындағы  жазушылар
сияқты мен де бұрынғы ауыл мен пролетариат
қожалығының  тұсындағы  ауылдың  байы  мен
ру  басыларының  тілегін,  мұңын  жоқтайтын
салт-санасы  болдым.  Сол  қателерім  кейбір
кейінгі  тексерулерімнен  де  арылған  жоқ.
Мысалы,  соған  ұқсаған  қател ер  Абай
шығармаларын тексеруімде де бар».
Бұл  жәй әншейін сырғытпа сөз емес. Әбден
қажыған,  жігері  мұқалған,  шарасыз  пенденің
жанайқайы деп  ұғыңыз.
М.О.Әуезов.  Абай  ақындығының  айналасы
(1934)  «Абай  шығармаларының  ішінен  «мен
мұндалап» атой  беріп тұрған  Шығыс-Батыс
ақындарына  көз  салайық.  Әуелі  Шығыстан
бастаймыз.
Медіресе  түнінен  саңылау  іздеп,  алғаш
бұлқынғанда  жас  ақын  Шығыс  поэзиясына
осылайша  шылбыр  созады  да  жаңағыдай
жағаға бір соғады.
Басы осы. Содан әрі балалық күннің еліктеу
үлгісін тастағанмен, өмірінің ақырына шейін
Абай  осы  жағадан  қол  үзбеді.  Абай
ақындығының ішінде Шығыс арқауы ұзыннан
ұзақ тартылған желідей болып созыла келіп, ең
ақыры 1902 жылы жазылған «Алланың өзі де
рас, сөзі де распен» аяқтайды. 1902 жылы Абай
өлеңін сарқып кеп толғантқан жылы. Сондағы
көрген  түбі  жаңағы  өлең.  Бұл  мұсылман
дүниесінің ортасынан шығып, өзінше бастап,
өзінше  таныған  ақынның  бір  алуан  «Көкей
АБАЙ АРМАНЫ

8
2013 №2 (19)
кестісі».  Шығыс  поэзиясы,  исләм  діні  деген
сарынның  Абай  шерткен  құлақ  күйі  соңғы
аккордын осылайша қайырады».
Абай    мұрасын  зерттеудегі  концептуалдық
мәнге ие  аталмыш мақаласы  Әуезовтің өзіне
қарсы  пайдаланылды.  Жазым,  жаңылдым  деп
көзқарасын  бүркемелегенмен  «пантюркистік»,
«панисламистік»  әдетіне      қайта  басты,
шығыстың  керітартпа идеясын қайта әдебиетке
енгізуде деп байбалам салды «қырдағы көздер».
1947 жылғы 21 январьда «Қазақ ССР Ғылым
академиясы  Тіл  және  әдебиет  институтының
жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы»
қабылданды.  М.О.Әуезов  қызмет  істейтін
институт және оның жеке басы дөрекі сынның
объектісіне айналды. Ай өтпей жатып С.Бәйішев
мақаласы жарық көрді.
С.Бәйішев.  Профессор  М.Әуезов  өткендегі
қателерінің шырмауында: «Профессор М.Әуезов
жолдастың  қазіргі  еңбектерінде  болып
отырған осы ірі қателер білместіктен немесе
кездейсоқ бола қалған жаңа қателер ме? Жоқ,
ол ай  емес.  Бұл ардың  т амыры  М.Әуезов
жолдастың  басында  болып  өткен  бұрынғы
кездегі ұлтшылдық ірі қателерімен жалғасып
жатыр.
М.Әуезов  жолдастың  бұдан  дәл  15  жыл
бұрын жұртшылыққа берген уәдесі айтқан сөзі,
міне осындай еді. Ал, енді М.Әуезов жолдастың
осы  айтқан  сөзі  мен  қазіргі  нақты  ісінің
арасында қандай байланыс бар? Сөзі мен ісі бір
жерден  шығып  отыр  ма?  Өмір  шындығына
сенсек,  М.Әуезов  жолдастың  сөзі  мен  ісінің
арасында жер мен көктей қайшылық бар.
Сөз  жоқ,  профессор  М.Әуезов  жолдастың
мұндай ірі қателері қазақ әдебиетінің тарихын
жасау  ісіне,  қазақ  совет  әдебиетінің  күрделі
мәселел ерін 
шешу 
ісіне, 
еңбекшілер
жұртшылығына, 
әсіресе 
жастарға
коммунистік тәрбие беру ісіне теріс жағынан
әсерін  тигізді.  М.Әуезов  жолдастың  бұл
қателері, ең алдымен, қазақ халқының басынан
кешкен  бұрынғы  дәуірлерді,  феодалдық  ру
дәуірін  дәріптеуге,  сыпыра  мақтауға  әкеліп
соқты».
Жазушыға    қолұшын  беріп,  жағдай  жасау
емес, әлі де тұңғиыққа батырудың қам-харекеті
жасалып жатқандығын айғақтайды.
Өткен  ғасырдың  50-жылдары  абайтануға
байланысты  бірнеше  күнге  созылған  айтыс-
дискуссия,  Қазақстан    тарихының  өзекті
мәс елелеріне  арналған  талқылау,  әсіресе
Кенесары  Қасымов  бастаған  қозғалысқа
шүйлігу,  Қайым  Мұхамедқанов  кандидаттық
диссертациясын  қорғау  барысында  Абайдың
ақындық  мектебі  концепциясын  жо ққа
шығаруға  бағытталған  науқандардың  ішкі
астары тереңде жатты. Осының бәрінде басты
нысана – Мұхтар Әуезов болатын.
1943  жылы  Қазақстан  Жазушылар  Одағы
жалпы жиналысында талқылады (Баяндамашы
Е.Ысмайыло в).  Жиналыста  Ғ.Мүсірепов
байсалды  пікірімен,  с алмақты  ойымен
шығармаға жоғары баға берді.
«Абай»  романына  арналған  әдебиет  кешін
өткізейік  деп,  жазушылар  ұйымында  сөз
болғанда,  не  үшін  сөз  ететінімізді  түсініскен
сияқты  едік;  және  «екінді»  мен  «бесіннің»
арасындағы  алас-құласта  емес,  дұрыстап
өткізейік деп, уақытын кеңірек алып едік. Бірақ
баяндама «Абайдың» шын салмағына орай бола
алмады: сырты бар да, іші бос, ананы-мынаны
теріп айтуы  бар да,  байлауы жоқ,  бытыраңқы;
ортаға  саларлық  ойы  қораш  болып  шықты.
Мақтауында қуаныш, жамандауында кейіс жоқ.
Сондықтан,  сөйлеушілер  де,  романның  терең
сырын, қалың шатқалдарын бойлаудың орнына,
одырайып көзге көрініп тұрған шоқы-төбелерін
қуыңқырап  кетті,  -  деп  Е.Ысмайыловтысынап
алып М.Әуезов романын бұтарлап талдап берді.
Үйреншікті 
сарыннан 
іргесін 
аулық
салып,барынша объективті ой өрбітті.
Ғабит Мүсірепов «Абай» романы туралы:
«Мұхтардың Абайына» шын мағынасында сын
айтуға  мен  де  жүрексінемін.  Әлгі  айтқан
«түсінсем  екен»  деген  ойдан  туған  өз
ұққандарымды  айтпақпын  дегенім  –  дәл
шыным. «Абай»  романын неше  рет қайталап
оқысам – сонша, әрдайым жаңа бір ой, жаңа
бір  көркемдік,  бұрын  оқығанда  байқалмай
кеткен  тереңдік  табам.  Көбінесе,  өз
шығармаларымдағы  кемшіліктерді  түсіне
түскендей боламын.
Әдебиетіміздің  көркем  қара  сөз,  поэзия,
драматургия  сияқты  барлық  саласын  түгел
алғанда  «Абайдай»  шығарма  бұл  күнге  дейін
АБАЙ АРМАНЫ

9
2013 №2 (19)
бізде  болған  емес.  Бәріміз  де  жазушымыз,
бәрімізде  де  күндеушілік  сезім  жоқ  емес,
жамандағанды  ешкім  жақсы  көрмейді.  Бірақ
үлкен істің үстінде, қараулық етіп, көз жұмсақ,
ол  барлық  әдебиетімізге  содырын  тигізетін
қылық  болады  -  бұрын  қазақ  оқырманының
құлағы шалмаған жаңаша байлам. «Абай»- қазақ
әдебиеті  шыққан  жаңа  белес,  шын  мәнінде
жанрлық  талапқа  сай,  қазақ  әдебиетін  соны
сатыға 
көтеріп 
шығарған 
дүние, 
-
Есмағамбеттің роман деп атаған «Көк үйдегі
көршілер»,  «Тулаған  толқындасы»,  «Менің
мектептерім», «Балуан Шолағы» - бірнеше рет
қайта  суарып,  қайта  пісіруді  керек  ететін
нәрселер. Бұл шығармалардың әрқайсысының өз
маңызы, өз орны бар. Әрқайсысының өз бағасы
бар. Бұларсыз «Абай» романы, мүмкін, тумаған
да болар еді. Осылардың бәрі қосылып, бүгінгі
өсіп, ер жеткен қазақ әдебиетін жасап отыр.
Бірақ, бұлардың  бірі де  «Абай» емес,  теңдесе
алмайды.  Ой  адал  да,  тілек  олақ  орындалған
шығармалар  бұлар.  «Абайдай»  шығарма  бұл
күнге дейінгі бүгінгі қазақ әдебиетінде болған
емес».
«Романның басты міні, үлкен кемшілігі деп
мен мыналарды айтқым келеді:
Ел бойынан арылмаған әлі де көп тағылық
барын сипаттайтын біраз нәрселер бар. Олар
Қодар  мен  Қамқаның  түйеге  асып  өлтірілуі;
оларды  таспен  ұрып,  тағы  жандардай
жаныштаулар.  Және  елдің  ендігі  сапы  деп
саналатын  екі  жас  жігіттің  келіншектерін
айырбастасулары».
«Абай»романының  өзіне  тиесілі,  лайықты
бағасын  беру  сөз  зергері  Ғ.Мүсіреповтен
басталатынығын  тарих  үшін  бөліп  айту
парызымыз.
Екі үлкен кемшілік:
1)  Жігітек  жігіттерінің  әйел  айырбастауы.
Ғабит  сынын  қабылдаған.  1942  жылғы
басылымнан басқаларынан алып тастаған.
2)  Қодар  мен  Қамқа  өлімі.  Тарихта  болған.
Өсекті  қалың  көпшілік  арасына  ду  еткізіп
таратып  жіберіп  Құнанбай  өз  пайдасына
икемдеген  деседі.  Мұхтар  жазбаларында  бұл
жөнінде деректер бар: алдымен, шұрайлы жерді
тартып  алу,  екінші,  өзге  руларға  қыр  көрсету,
айтқанына  жүрмесе,  айдағанына  көнбесе
былайғы  жұрттың  алдында  күтіп  тұрған  жаза
бар екендігін айғақтау, басқа рулардың алдында
үстемдігін таныту.
М.Әуезо в  романда  бұл  эпизодты  жас
Абайдың  санасына  түскен  зілбатпан  салмақ,
қоршаған 
орта 
т абиғатын 
барша
қайшылықтарымен игеру мақсатында енгізген.
Туған  әкенің  қаныпезерлігін  әшкерелеп,  бала
Абайдың  есейіп,  ширауы  жолындағы    сын
сағатқа зор идеялық-эстетикалық жүк артқан.
Қазақ өмірінің энциклопедиясы.
• Бөжейдің асы.
•  Бөжей  Ералыұлы  (1812-1853).  Кеңгірбай
бидің немересі.
Құнанбай мен Бөжей  дос болған. Жер дауына
байланысты  1846   жылдары аралары  ашылып
кеткен. Бөжеймен татуласу үшін Айғыздан туған
қызын Бөжейдің баурына салады, бір күң  қосып
береді. Бөжейге берген қыз да, күң де өліп, дау
қайта  өршиді.  Бөжей  де  кенеттен  қайтыс
болады.
Мақсат  –  Абайды әлеумет  ісіне  араластыру.
Ел билеуге жарарлық кемел, ақылды екендігін
көрсету. Атадан қалған араздықты кейінгі бала
буынның тапқырлықпен, даналықпен тарқатуы.
Дала дипломатиясының салтанатын әспеттеу.
• Абайдың ұрын баруы.
Уақытында  сыншы-ғалымдар  елемей,
ескермей  тоңмойындық  танытса  да,  алтынды
тот басқан жоқ. Жарқырап халқымен қауышты,
іргелі сыйлықтарға лайықталды. Ұлы ақынның
13-тен 25 жасқа дейінгі өмір жолын  романның
асыл өзегіне айналдырып, әлемдік өнерге соны
ой,  көркемдік  құбылысты  халқының  атынан
сыйға ұсынды.
Бүгінгі  күннің  «тірі  классигі»,  «өзін  бастан
аяқ  «Әуезовтің  өнімімін  деп  есептейтін»
Әбдіжәміл  Нүрпейісовтің:  «Әуезов  қазақ
әдебиетінің  абыройы  ғана  емес,  айбары  да.
Жасыратыны жоқ, Әуезов барда әуесқойлардың
бәрі  өзін  әдебиетші  санай  қоймайтын.  Кейінгі
кезде  әдебиетте  кәсіпқо йлардың    төбесі
қылтыңдап  көбірек  көріне  бастаған  сияқты»,-
деп қамығуы тегін емес.
Бұл  табысқа  жетелеген,  ең  алдымен,  ана
сүтімен  дарыған  асқан  дарындылығы  болса,
келесі кезекте зор білімдарлығы тұрғаны анық.
• Андронников
АБАЙ АРМАНЫ

10
Резюме
Resume
2013 №2 (19)
АБАЙ АРМАНЫ
• Либединская
• Мажип
«Аяулы Абайыммен қош айтысқаныма міне
екі жыл: содан бері бүгінгі шындықтан шығарма
жазсам  деген  ойдан  бір  күн  ажырап  көрген
емеспін»,-деп жоспарымен бөліскені белгілі...
The article deals with the exact data about the publication of “Abay” novel, which is considered to be
the top work in Kazakh literature.
В статье рассматриваются новые данные об истории появления в свет романа “Абай”.

11
2013 №2 (19)
АБАЙТАНУ
А. КАРТАЕВА, филология ғылымдарының докторы
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АБАЙ ДӘСТҮРІ
Абай  өздігінен  ұлы  ақын  болған  жо қ.
Ақынның өзгеден алған нәрі бар және өзгелерге
берген нәрі  де бар.  Өзгеден алған  нәрі туралы
айтқанда,  өскен  ортасы,  ақындық  айналасы,
сусындаған  рухани  қазына  көздеріне  терең
үңілгеніміз жөн. Абайдың асқан ақындық және
данышпандық қасиетке жетуіне себепші болған
М.Әуезов атап көрсеткен «үш қайнар бұлағы»
еді. Мәдениеттің, өнердің, адамгершіліктің мол
үш  арнасы  данышпан  ұлы  ақынның
шығармашылығына  рухани  азық  болады.
«Мәдениеттің бұл айтылған үш саласын өзінің
творчестволық    ісіне  пайдаланғанда,  Абай
оларға тек еліктеп қана қойған жоқ немесе кесек
шығарманы  ұсақтап,  көшіріп  алған  жоқ.  Ол
өзінің  сүйегіне  біткен  қасиеті,  даналығы,
дарындылығы, тілге бай, көркем сөзге шеберлігі
арқасында 
өткен 
дәуірдің 
әрбір
шығармашылығына  сын  көзімен  қарап,  ең
жақсыларын ғана іріктеп алды, өзінің идеялық-
көркем шығармаларын, поэзиясын осылармен
байыта  отырып,  оған  жаңа  түр,  жаңа  мазмұн
берді»,  -  дейді  академик  М.Әуезов  [1,  160  б.].
Аталған үлкен үш арна Абайдың тек ақындық
қабілетіне  әсерін  тигізіп  қана  қоймай,  оған
рухани  азық  болып,  ой-өрісін,  дүниеге
көзқарасын өзгертіп, ақындық өнеріне жаңа жол
ашты.
Абай  ең  алдымен  халық  даналығынан
сусындайды, сөз байлығы, өнерпаздық үлгісінен
нәр  алады.  Шешендік  орамды  сөз  сөйлеу  мен
қисынды  кесек  ой  тастауды  өз  ортасынан
үйренеді. Тамыры тереңде жатқан халқымыздың
бай  ауыз  әдебиетінен,  бірнеше  ғасыр  бойы
кеңінен  қанат  жайып  өркендеген  жыраулар
по эзиясынан, 
өзіне 
дейінгі 
ақындар
по эзиясынан  үлгі  алып,  қанатт анады.
«...анықтап айтатын нәрсе – Абай поэзиясының
негізгі  тірегі,  қайнар  көзі,  ана  сүтіндей
нәрлендірген  арнасы  –  халық  по эзиясы,
қазақтың ақындық өнері, Абай поэзиясы қазақ
топырағында  өсіп-өнді»,  -  деген  академик
З.Ахметовтің пікірі ойымызды айғақтайды.
Абайға  Шығыс  пен  Батыс  әдебиетінің  де
ықпалы  мол  болғаны  талассыз.  Ақынның
өзгеден  алған  нәрін  білу  үшін  ең  алдымен
«Абайдың  ақындық  кітапханасының  жайын
терең  талдап  білу  қажет»,  -  деген  пікірді
про фессор  М.Мыр захметұлы  көпшілік
қауымның алдында үнемі көтеріп жүр.
Жалпы ақын  не жазушы,  яғни өнер  иесінің
белгілі бір өнерге, ғылымға, ізгі жолға түсуіне
әсер ететін, өнеге көрсететін мектебі болады. Әр
ұрпақтың өткеннен алған өнегесі мен кейінгіге
берер  үлгісін  дәстүр  жалғастығы  дейді.  Бұл
табиғаттың  заңдылығы.  «Дәстүр  мен
жаңашылдық дейтін проблема кең мағынасында
–  философиялық  проблема.  Себебі  бұл  дүние
жүзіндегі  барлық  даму  атаулының  тетігі.
Мұнсыз  өсу,  өрбу,  өзгеру  жоқ»  [2,  4  б.].
ӘОЖ 821.512.122
Қазақ мәдениетіне, әдебиетіне халықтың рухани өміріне шексіз мол жаңалық әкелген ХХ ғасыр
басындағы әдебиет өкілдері шығармашылығындағы Абайдың ағартушылық, демократиялық озат
ой-пікірлерін, өнерпаздық дәстүрлерінің насихатталуын автор нақты дәлелдермен көрсеткен.
Тірек  сөздер:  Абай  дәстүрі,  қазақ  поэзиясы,  Шәкәрім,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,
С.Торайғыров, ХХ ғасыр.

12
АБАЙТАНУ
2013 №2 (19)
Философиялық  тұрғыдан  алғанда,  дәстүр  мен
жаңашылдық  құбылыстарының  сабақтаса
байланысынсыз  өмір,  тірлік  болмақ  емес.  Ал:
«Көркемдік  ойлаудың  ұлттық  ерекшеліктері
негізінде  қалыптасқан  әр  халықтың  әдеби
дәстүрі  дегеніміз,  -  дейді  академик  Р.Нұрғали:
бір  ке зең,  бір  дәуір  емес,  ұзақ  ғасырлар
тудырған,  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп,  үнемі
өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын рухани
игілік. Қашанда әдеби дәстүр мен әдеби даму –
әдеби  қозғалыстың  өзара  ажырамас,  тығыз
диалектикалық  байланыстағы  құрамдас
қайнарлары.  Жаңашылдық  ізденістерінің
арнасы  ең  алдымен  жүйелі  дәстүрді  игеруде
жатыр,  табанды  қаламгер  үйрену,  үлгі  алу,
тәжірибе  жинақтау  кезеңдерінен  өтіп  алып
барып, соныға тартады» [3, 6 б.].
Жалпы  дәстүр,  оның  ішінде  поэзиядағы
дәстүр  дамиды,  өзгеріп-өседі,  жаңғырып-
жаңарады.  Бірақ  ол  үшін  көбінесе  халықтың
өмірінде, 
с анасында, 
көркемдік
дүниетанымында  жаңа  бетбұрыс,  үрдіс,  даму,
өзгеше  бір  жайттар  болуы  қажет.  Міне  осы
талаптарға сай туындап, жалпы қазақ әдебиетіне
келген ұлан ғайыр әлем, ерекше бір құбылыс –
Абай  поэзиясы,  Абай  әлемі,  Абай  дәстүрі
болғаны айқын.
Қазақ  әдебиетіндегі  ұлы  дәстүр  –  Абай
дәстүрі.  Абай  дәстүрі  деген  ұғымның  сан
салалы,  күрделі  екендігі  баршаға  мәлім.  Абай
мұрасы тақырып-мазмұн жағынан  алғанда да,
ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде
де ұлан-ғайыр. Қазақ әдебиеті тарихында Абай
дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат
жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында
зор маңызын көрсетіп отыр. Себебі Абай дәстүрі
деген  тақырып  өте  кең  ауқымды  әрі  өзекті,
ғылыми айналымға түскен сала. Абай дәстүрінің
Шәкәрім шығармашылығындағы жалғастығын
зерттеген ғалым Б.Әбдіғазиевтің пікірін негізге
алсақ:  «Абай  дәстүрі  –  қазақ  әдебиетінің  даму
тарихында заңды жалғасын тауып, жан-жақты
байып келе жатқан асыл арна», - дейді [4, 16 б.].
Қазақ  әдебиеті  тарихында  Абайдың  әдеби
мұрасын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген
қалам  қайраткерлері  –  Алаштың  ардақты
азаматтары.  ХХ  ғасырдың  басында-ақ  Алаш
арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов Абайға
«қазақтың бас ақыны» деп, ал Мағжан Жұмабаев
«хакім  ақын»  деп,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров
«ақындар пайғамбары» деп лайықты бағаларын
берген болатын.
Қазақ әдебиеттану ғылымында Абай дәстүрі
көп зерттелді. Әлі де зерттеліп жатыр. Ежелден
күрмеуі қиын, алып тынысты, кең ауқымды сала
болғандықтан,  зерттеуін  жалғастыра  береді
деген ойдамыз. Абай дәстүрі туралы М.Әуезов,
С.Мұқанов,  Е.Ысмайылов,  Ы.Дүйсенбаев,
А.Нұрқатов, Қ.Мұхамедханұлы, Ы.Мұстамбаев,
Ә.Жиреншин,  З.Ахметов,  М.Базарбаев,
З.Қабдолов,  Т.Кәкішев,  М.Мырзахметұлы,
Ж.Ысмағұлов,  Б.Әбдіғазиев  т.б.  ғалымдар  әр
қырынан  зерттеп,  ақын  салған  сара  жолдың
кейінгі  қазақ  әдебиетінің  дамуына,  әдеби
үрдістің  жалғасуына  тигізген  игі  ықпалын
көрсетті. Абай дәстүрінің кейінгі поэзияға әсері
жөнінде  арнайы  монография  жазып  зерттеген
ғалым  А.Нұрқатов  өзінің  «Абайдың  ақындық
дәстүрі»  атты  еңбегінде:  «Шын  мәнісінде
халықтық  бағыттағы,  таланты  сау,  ниеті  таза,
мақсаты айқын қаламгерлердің қай-қайсысы да
дәуір  талабын  батыл  сезіну  мен  сол  жайында
толғануды, алға және алысқа көз тігуді Абайдан
үйренді.  Сөйтіп  олар  Абай  дәстүрін  дамыта
отырып,  оның  поэзиялық  халықтығын,  өзекті
принциптерін  дәуір  талабына  сай  өрбіте,
тереңдете түсті, қазақ әдебиетін онан әрі өсірді,
оны 
жаңа 
тақырыптармен 
байытып
молықтырды,  сол  заманда  өмір  ағысы  алға
тартқан күрделі мәселелерді қозғай да, шеше де
білді», - дейді [5, 8 б.].
Абай  дәстүрінің  сан  салалы,  өте  күрделі
екенін айта келіп, белгілі ғалым Ж.Ысмағұлов
кеңестік  дәуірдегі  қазақ  әдебиетіне  Абайдың
тигізген  ықпалы  жайында  сөз  қозғау  мүмкін
болмағанын  ескертеді.  Қазақ  әдебиеті
тарихында  Абай  дәстүрінің  алдыңғы  шептен
орын  ала  алмағанының  бірнеше  с ебебін
түсіндіреді. Бұл тақырыпты арнайы қолға алып,
артына көлемді еңбек қалдырған ғалым Айқын
Нұрқато в  екенін  айт ады.  Абай  дәстүрін
жалғастырған Алаш ұранды қаламгерлер жайлы
А.Нұрқатовтың жаза алмағанына Ж.Ысмағұлов
өкініш  білдіріп:  «Бірақ,  амал  не,  марқұм  сол
кездегі  қат аң  тәртіп  жағдайында,  Абай
мұрасының  ең  етене  мирасқорлары  –  Алаш

13
АБАЙТАНУ
2013 №2 (19)
әдебиетінің өкілдері, яғни ХХ ғасыр басындағы
ең  шұрайлы  кезең  туралы  да,  оның  жаңағы
аталған ұлы тұлғалары туралы да ауыз аша алған
жоқ», - дейді [6, 33 б.]. Сол кездегі билеп тұрған
саясат  кесірінен  Айқын  Нұрқатовтың  бұл
тақырыпты 
жаза 
алмағанын 
айтып,
Ж.Ысмағұлов: «Бұл тақырып қазіргі Тәуелсіздік
тұсында, біздің Әуезов институтында ғана там-
тұмдап  қолға  алынып  отыр»,  -  деп  зерттеудің
қолға алына бастағаны жайын баяндайды.
Бұл тақырып «Абайдың кейінгі дәуірде қазақ
әдебиетінде  жаңаша  сипат  алып  қалыптасқан
биік  қоғамдық-эстетикалық  идеялар,  мақсат-
мұраттар  ұлы  ақынға  ілесе  шыққан  Шәкәрім,
Сұлтанмахмұт,  Мағжан,  Ахмет  Байтұрсынов
пен Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлердің
шығармаларында  әрқайсысының  өмірдегі,
өнердегі  ұстаған  бағыты,  ізденістеріне  орай
өзгеше  жарқын  көрініс  т апты.  Қазақ
мәдениетіне,  әдебиетіне  халықтың  рухани
өміріне  шексіз  мол  жаңалық  әкелген  осы
ақындардың әрқайсысы Абайдың ағартушылық,
демократиялық озат ой-пікірлерін, өнерпаздық
дәстүрлерін өзінше жалғастырды» [7, 7 б.].
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінде
Абайдың  дәстүрін  тікелей  жалғастырған
ақындарды академик З.Ахметов атап көрсетеді:
«Абайдың ұлы ізашар ақын деп қарағанда оның
шығармашылық  дәстүрлерін  дамытып
жалғастырған  ізбасар  ақындар  деп,  қазақ
по эзиясының  бір  туар  ас а  көрнекті
қайраткерлерінен  Шәкәрім,  Сұлтанмахмұт,
Мағжан,  Ахмет  Байтұрсыно в,  Міржақып
Дулатовты 
алдымен 
айтамыз. 
...Кең
мағынасында Абай дәстүрлерін дамытқан деп,
мысалы,  Сәкен  мен  Ілиясты  да,  ал  жеке  бір
қырларынан келсе М.Әуезовті де , кейінгі атақты
ақындардың да қайсысын болса да алып қарауға
мүмкін екені талассыз» [8, 70-71 б.].
«ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  ақын-
жазушыларының бүкіл шығармашылығы Абай
атты ұлы арнадан бастау алады. Сондықтан ХХ
ғасыр  басындағы  әдебиетті  сөз  еткенде,
Шәкәрім,  Ахмет,  Міржақып,  Сұлтанмахмұт,
Мағжан сынды ұлы тұлғалар поэзиядағы Абай
салған  дәстүрдің  с ан  қырын  ашып,
жаңашылдықпен  жалғастырғанын  атап  өту
ләзім.  Онсыз  сол  кездегі  по эзияның  даму
барысын,  көтерілген  биігін  аша  алмаймыз»,  -
деген  ғалым  Ө.Әбдиманұлының  пікірі
ойымызды растайды [9, 91].
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақтың  бірқатар
көрнекті  ақындары  Абайдан  үйренді,  Абайды
өздеріне  ұстаз  санады.  Абай  үлгісімен  өлең
жазды,  халқының  мұңын  жырлады.  Сол
ақындардың  ішінде  «қараңғы  қазақ  көгіне
өрмелеп  шығуға»  талпынған  өршіл  рухты
С.Торайғыров Абайды оқуға шақырады.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге
С.Торайғыров асыл сөзді іздесең, адамдықты
көздесең  Абайды  оқы,  ерінбе  деген  өсиет
айтады.  Ақынның  айтқан  өсиеті  бүгінгі  және
ертеңгі  ұрпақ  үшін  маңызы  зор.  Себебі  Абай
мұрасында асыл сөз бен терең ойдың, адамдық
қасиеттің бар қазынасы жатыр.
Каталог: files -> journ shakarim
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 ШӘКӘрім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет