Бас редактор



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/15
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2013 №2 (19)
Резюме
Resume
Автор статьи дает психологические портреты героев поэмы "Калкаман-Мамыр".
The author of the article gave the psychological portrait of the poem’s heroes in detail. It was considered
an artistic image of the characters in different situations which was made in the realistic form.

86
Р.КӨРКЕМБАЕВ, абайтанушы-ұстаз, филолог
Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі
ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ
Тақырыбы: «Жүрегінді нұрмен жу»
Мақсаты:  Оқушылардың  ақын  өлеңдерін,
шығармашылығын  қалай  меңгергендігін
бақылап,  жатқа  айту,  өлеңді  талдау,  машығын
жетілдіру. Тағылымдық, тәрбиелік бағытта туған
Шәкәрім  өлеңдерін  жинақтай  отырып,  ақын
өлеңдерінің  үлгі-өнегелік,  тәлім-тәрбиелік
маңызының 
меңгерілуі 
барысында
оқушылардың танымдық қабілеттері мен дүние
танымдық 
көзқарастарын 
жүйелі
қалыпт астыруда  алған  білімдерін  бекіту.
Шәкәрімнің  хакіми  қазынасын  және  білім
танымдық көз қарастары мен ойларын бүгінгі
ұрпаққа  дәрменді  дәйектер  арқылы  нақтылап
насихаттау.
Тәрбиенің  мәні:  Оқушыларға  адамгершілік,
эстетикалық,  экологиялық  тәрбие  беру.
Шәкәрімнің  ұлылығын,  оның  поэзиясының
тереңдігін  сезіндіру.  Туған  елін,  Отанын  сүю,
құрметтеу  сезімдеріне  әсер  ету.  Шәкәрім
ұст анған,  ақыл  көзімен  ойлау  үрдісінің
түпбұлақтарын  түсінуге  ұмтылу.  «Ақылдын
шолғыншысы-  ойқұмарлық»  -  деген  өнегелі
өсиет  сөзін  бүгінгі  шәкірттердің  ой  өлкесіне
жеткізу.
Дамытушылық: 
оқушылар
шығармашылықпен  жұмыс  істеу,  шеберлігін,
сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру.  Шәкәрім
лирикасынан  білім  алудың  бағдаршамындай
оқушылар  оған  қарап,  әр  түрлі  іздену,  зерттеу
жұмыст арын  орындау.  Модель  әрі  тірек
карточкасы,  әрі  көрнекілік,  әрі  көмек-нұсқау
ролінде  атқару.  Оқулық,  ғылыми  еңбектермен
жұмыс істеуге баулу. Терең, тиянақты білім алуға
(өз беттерімен) өнімді, нәтижелі көмек көрсету.
Анализ,  синтез  бағаға  дейін  көтеру.  Өнерді
сүюге,  түсіне  білуге  үйрету,  байланыстыра
сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: лоторея – сабақ, топ арасында
жарыс  ұйымдастыру.  Толғау  сабағы.  Зерттеу,
жүйелеу, кіріктірілген  сабақ.
Сабақ типі: Қайталау сабағы.
Әдіс  тәсілдері: Мәнерлеп оқу, ән айту, сұрақ-
жауап,  баяндау,  түсіндіру,  логикалық  ойлау,
әңгіме құрату, сайыс, рольдік ойын.
Көрнекілік: Ш. Құдайбердіұлы  өмірі туралы
кесте, ақын туралы пікірлер жазылған таблица,
альбом,  ақын  кітаптары,  суреттер.  Ақын
портреті, өлеңдер жинағы, газеттер, сөзжұмбақ
«Азамат  -  болу  борышың»  интеллект    зерттеу
те сті,  үнт аспа.  «До  мажор»  гаммасын
орналастыру үшін жасалған бес сызық.  Бейне
фильмнен  Шәкәрім  болған  жерлерді  көрсету,
фотостенд.
Кестедегі ойлар:
«Шәкәрім – Абай шәкірті.  Абайдан аталық,
ағалық,  ұстаздық  тәрбие  алған...»  Мұхтар
Әуезов
«Шәкәрім  -  өзінің  ізгі  ойларын,  халқына
деген  ақ,  адал  көңілін    өлеңмен  өрнектеген
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ
2013 №2 (19)
Мақалада  автор  Шәкәрімнің  хакіми  қазынасын  және  білім  танымдық  көзқарастары  мен
ойларын  бүгінгі  ұрпаққа  дәрменді  дәйектер  арқылы  нақтылап  мектеп  жасындағыларға
насихаттау технологиясын қарастырады.
Тірек сөздер: Шәкәрім лирикасы, «Қалқаман-Мамыр» поэмасы, эпитет, метафора.
ӘОЖ 372.882.151.2

87
ақын»
Қалимолда Мырзағалиев
«Еңлік –Кебекте» де, «Қалқаман -Мамырда»
да жеке  бас трагедиясы  халық трагедиясының
бір  бөлшегі  ретінде көрінеді.  Айшықты  сөздің
қас зергері Шәкерім екі поэмасында да кәдімгі
қара өлең үлгісіне жүгінеді».
Мұхтар Мағауин
«...Шәкәрім  бір  қазаққа  хат  жазған  жоқ.
Маған ғана бір хат жазған еді, сол хаты менде
бар, сонда барлық  пікірін жазған»
Сәбит Мұқанов
...  Шәкәрім  Абай  қамқорына  сай  саналы,
талантты ақын болып қалыптасты.
Шамшиябану Сәтбаева
...Шәкәрім  қазақ  лирикасын  айтарлықтай
жаңғыртып  байытты,  по эзия  мәдениетін
дамытты.
Әбділда  Тәжібаев
...Шәкәрім Құдайбердіұлы шалққыған ақыл–
парасаттың  ақыны,  пәлсапашыл,  ойшыл
қаламгер.
Мұзафар Әлімбай
...Шәкәрім  адамның    адамгершілігі,  заман
туралы көп  біледі... Шәкәрім  анық біліп  отыр.
Заман  озған  сайын,  білім  молығып,  адамдар
білімді бола бастайды.
Ғарифолла  Есім
...Шәкәрім  шығармаларын  мерейтой
қарсаңында емес,үзбей зерттейтін Орталықтың
Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университет жанында жұмыс істей бастауын
–  Семей  қаласындағы  ілгерішіл  оң  іс  деп
танығанымыз  абзал.
Тұрсын Шаңбай
...Дүниеге    Абай    мен    Шәкәрім,  Мағжан,
Ахмет,  Ілияс,  Жамбыл,  Шәкер  сынды
алыптарымыз  келгенде  қазаққа  олармен  қоса
күн туған еді.
Айгүл Кемелбаева
...Қазақ  даласын  дүр  сілкіндірген  Шәкәрім,
Ахмет,  Халел,  Мағжан,  Сұлтанмахмұт,
Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық дәстүрді өз
туындыларының  негізгі  арқауы  еткен
педагогикалық, психологиялық тұжырымдары
қазіргі  заман  талабымен  сөйлесе  үндесіп
жатқандығымен белгілі.
Шәмша Беркімбаева
Сабақ барысы: 1. ұйымдастыру.
ІІ. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, идеясын
ашу.
ІІІ. «Бостандық таңы атты» (әнін айту)
ІV. Ақын өлеңдерінің тәрбиелік маңызы бар
Абай өлеңдерімен байланысын ашу.
V. Викториналық  сұрақтар:
№1 ...Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға,
         Талаптың алты түрлі бар ноқтасы,- деп
ақын  адам  бойындағы  қандай  қасиеттерді
орынды іске жұмсалады деп санайды?
№2.  Шәкәрім  ақынша нағыз  адам  –  қандай
адам? Яғни, ақын адамның бойынан қандай ізгі
қасиеттерді көргісі  келеді?
№3. 
Адамның 
 
мейірімділігін,
рақымшылдығын  Шәкәрім    қандай  өлі
табиғатпен теңестіре жырлайды?
№4.  Ақын  өмірде  адамның  адамдық
борышын,  міндетін  анықтап  береді.  Соларға
жекелеме тоқтала қой.
VІ.  Ақын  өлеңдерінде  кездесетін  қанатты
сөздердің  мағынасын  қара  сөзбен  ашық
түсіндіріп,  күнделікті  өмірден  мысал  келтіре
отырып дәлелдеу. (Оқушының рухани – ой-өрісі
мен  дүние  танымдық  қабілетін,  сөйлеу
шеберлігін айқындау мақсатында.)
№1. ...Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар:
           Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек.
№2. Арың сатпа, терің сат.
№3. Жылы жүрек, тәтті тіл
       Берекені берер, біл.
№4. Өмірдің өкінбейтін бар айласы
        Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.
VІІ.  Шәкәрім  шығармаларының  айқын
көрінген  тұсы  –  оның  ағартушылық
тақырыптағы  лирикасы.  «Жастарға»,  «Сен
ғылымға», «Ғылымсыз адам айуан», «Насихат»
өлеңдерінде Абайдың ағартушылық идеяларын
жалғастырушы.
VIII Шәкәрім көрсеткен адамдық қасиеттер
туралы қандай мақал-мәтелдер, қанатты сөздер
білетінін байқау ( «Кім көп біледі?» ойыны. )
ІХ. Әлемде жоғалатын ешбір зат жоқ
        Өзгеріп  түрленеді  ойла    шырақ...
шумақтары  арқылы  зат  массасының  сақталу
заңынм    тұжырымдау,  реакция  теңдеулерін
жазып теңестіру.
Х. Сөзжұмбақ  шешу.
2013 №2 (19)
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

88
ХІ. Шәкәрімнің  «Қасқыр, түлкі, бөдене» деп
аталатын  мысал  өлеңінің  тәрбиелік  маңызын
ашу. (рольдік ойын түрінде)
ХІІ.  Шәкәрім  поэма  жанрында    да  жемісті
еңбек еткен қаламгер.  Ақынның  «Қалқаман -
Мамыр» дастанын талдау
ХІІІ. Қорытындылау
ХІV. Бағалау.
ХV. Үйге тапсырма. «Шәкерімнің  поэзиясы
туралы  сөз»,  «Шәкәрім  -  ұлы  тұлға»  деген
тақырыптар бойынша шығарма жазу.
Шәкәрім  тобы:  лоторея  билеттерін  сатады.
Билеттің  құны – поэзия.
«Тоқтамыс»,  «Жағғазы»  топтары  Шәкәрім
Құдайбердіұлының  өлеңдерін  жатқа  айтып,
лотерея  билеттерін сатып алады.
 Шартты: жаңылыспай, мәнерлеп жатқа  айту.
«Шәкәрім» тобының  үш мұғалімнен  тұратын
қазылар алқасы оқушылардың  мәнерлеп жатқа
айтуына,  кейін    ұтыс  кезіндегі  жауабына  баға
беріп отырады.
  Мұғалімнің    кіріспе  сөзі:  «Қалихан
Алтынбаевтың»  «Қоғамнан  биік  бір  бейне»
өлеңінен  үзінді оқу.
Шәкәрім қазақтағы  будда тектес,
Дәл өзі болмаса да сол іспеттес.
Дінді өзгеше түсінген, еркін ойшыл,
Тік  қалды отыз жылдай тізе бүкпей,
Табиғаты солай ғой ұлы адамның,
Қойнауынан  құр құдық, терең сайдың.
Тартты ақыры топырағы Жидебайдың,
Жидебайдан  екі күн қатар шығып,
Жатты  барып жанына  ұлы Абайдың.
(Бұл сабақтың  эпиграфы).
Таспадан:    Шәкәрімнің  «Бұл    ән-бұрынғы
әннен өзгерек» әні тыңдалды.
Сұрақ:  1998  жылы  Семей  қаласында,  Абай
ауданында  қандай  даталы  күндер  аталып  өтіп
еді?
Жауап:  Ш.  Құдайбердіұлының  туғанына  –
140,  Семей  қаласына-270,  Абай  ауданына  –70
жылдық тойлары өткізілді. XIX ғасырдың аяғы
XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиеті
тарихында  Абайдан  кейінгі  ірі  ақын,  ғұлама
ойшыл  Ш.  Құдайбердіұлының    орны  үлкен.
«Ғылымды  іздеп,  дүниені  көздеп,  екі  жаққа
үңілдім» деген, Абай мектебінен тағылым алған
,  о ның  жолын  жалғастырған.  Шәкәрім
жастайынан  домбыра  тарту,  гармонда  ойнау,
өлең  айту,  сурет  салу,  ою  өрнек  жасау,    тасқа
бедер салу сияқты өнер және қол өнер түрлерін
үйренуге ден қойған.  Оның бойында ақындық,
сазгерлік  өнері  қатар  дамыған.  Шәкәрім  –
Абайдың    сазгерлік  ән  дәстүрін  әрі  қарай
дамытушы.  Оның  әсем  сазға  толы  «Жастық»,
«Шын  сырым»  әндері  21-23  жаст арында
жазылса,  өмірінің  соңына    дейін  әр  жылда
шығарылған әуені мен өлеңі үйлесім тапқан 20-
ға  жуық әні бар.  Шәкәрім ән ырғағына өлшеуіш
етіп  жазған    өлеңдеріндегі    жаңаша    буын,
бунақсыз  үздіксіз  ізденіс  жемісі,    қазақ
по эзиясындағы    жаңа    үлгі  болды...
Оқушылардың    қатысуымен    «Анадан  алғаш
туғанымда»  әні  орындалды.  Тақт адағы,
плакаттағы сөздерге назар аударылып, Шәкәрім
шығармаларына талдау жасалды:
Кейбіреулер жазады «қу өмір» деп,
Тұрағы жоқ,алдамшы «су өмір » деп
Көрген қызық, қылған іс-бәрі де ұмыт,
Иә көлеңке, яки түс, «у өмір» деп.
Сұрақ:     Эпитет сөздерді кім табады?
Бойдағы бар қуаттың бәрін алып,
Қайрат, өнер, талапқа қат қылғандай.
Ойым-у, өмірім-су, үмітім-бу
Қалмады,  бір сүйеніш шат қылғандай.
«Кәрілік-шал  деген  бір  ат  қалғандай»
өлеңінен.
Сұрақ: Эпитетті метоним, синоним, антоним
көркемдегіш сөздерді табыңдар?
Ән -өлшеуіш, өлең-күміс,
Қоспаңыз  мыс аралас.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» (өлеңінен).
Көңілден суреті кетпес,
Қасы  –жай,  кірпігі-оқ  реттес.
Нұрына күн, нұр жетпес,
Жүзі-сиқыр, шашы-тұзақ.
«Жарымды  жарым  сүйді,  сүйе  алмай  тәнім
сөнді» өлеңінен.
Сұрақ: Метафоралар қайсысы?
Үйге    тапсырма:  Шәкәрім  өлеңдерінен
қанатты,  асыл  сөздерін  теріп  жазып  келу
тапсырылған.  Ұлы    атамыздың    бізге  берген
еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері:
«Ақылды сол-ынсап пен ар сақтайды,
2013 №2 (19)
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

89
Арсыз сол-арамдықпен жан сақтайды».
«Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды».
«Алдыңғының соқпағын арты түзер».
 «Асыл іздеп асылды аласұрар».
 «Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды,
 Бабын таппай мінгенді, қылар жынды».
 «Арамдықпен шыға алар кім жоғары».
 «Доссыз өмір – шоғы жоқ қара көмір».
 «Адал жолда өлгеннің арманы жоқ».
«Ақылыңа ұстат қол,
 Тура апарар сені сол».
«Жер айналмай тұрмайды дүние жай,
Келер-кетер адамзат із қалдырмай».
Біз оны ардақтаймыз. Аз өмір сүріп, азаппен
өткен  Шәкәрім  бүгін  бізбен  мәңгі  жасамақ.
Ойшыл ақын Ш. Құдайбердіұлы  бүкіл қазақ ұлт
мәдениетінің,  әдебиетінің    өркендеп  жетілуіне
орасан  еңбек  сіңірді.    «Тоқтамыс»  пен
«Жанғазы»топтарының  оқушылары  кезекпен
өлең  оқып,  лоторея  билеттерін  сатып  алады.
Содан кейін оқушылар қолындағы лотореяның
нөмірі бойынша сәйкес сұрақтарға жауап береді.
Ұтыс  таблицасындағы сұрақтар:
      1.  Шәкәрім  «Үш  анық»  философиялық
кітабы қай жылы басылып шыққан, алғы сөзін
кім жазған?
    2.  Шәкәрім  «Үш  анық»  деп  аталатын
философиялық    трактатын  жазуға  даярлықты
қай жылдан кіріскен, қай жылы аяқтаған?
  3.  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  Һәм  хандары
шежіресі»,  «Мұсылмандық  шарты»  кітаптары
қай жылы, қай баспада басылып шықты?
4.  Семей  өңірінің  үні «Үш анық» газеті қай
жылы, қай айда шықты?
5.    Шәкәрім  өзінің    қай  өлеңінде    халық
мұрасын, ауыз әдебиетін, жырау поэзиясын аса
жоғары бағалаған.
6.  Шәкәрімнің    шығармаларын  жиі
насихаттап,  жо ғары  бағалаған  қандай
журналдар мен газеттер?
7.  Шәкәрімге ең алғаш домбыраны үйреткен
кім және қай рудан шыққан?
8.  Шәкәрімнің  ән кітабының  аты, қай жылы,
қай баспадан шыққан?
9.  Шәкәрімнің  анасы кім?
10. Шәкәрімнің  өмір тауқыметін бірге көрген
серігінің  аты кім?
11.  Шәкәрім  қай  жылдары  қажыға  сапар
жасап оралды?
12.  Шәкәрімді  Кеңе с  Одағының  бас
прокуроры қай жылы толық ақтады?
13. Шәкәрім  үлкен үмітпен қараған  «Тарих
қазақ  жайынан»  еңбегінде  үлкен  баға  берген
Семейде,  Жетісуда  кеңес  үкіметін  орнатуға
белсене қатысқан тарихшы, журналист кім?
14.  Шәкәрімге орысша  хат тануға  үйреткен
алғаш  ұстазы  кім?
15. Шәкәрімнің  әкесі кім, қай рудан шыққан,
кімнің  баласы?
16. Шәкәрім қандай тілдерді білген?
17. Шәкәрімнің  қандай поэмалары бар? Бір
поэмасынан үзіндіні жатқа айт.
  Осы  сұрақтардың  жауаптары  тыңдалып,
әділқазылар алқасы білімдерін бағалайды.
Қорытынды. Шәкәрім шығармашылығы бір
жырдың  тағдыры  «Өсиетнама»  дастаны,
«Жақыным, жанашырым...» немесе Шәкәрімнің
жаңадан табылған шығармасы туралы тоқталу.
Шәкәрім  –  дәуір,  заман,  тарихи  арпалыстар
тудырған  күрделі  поэзия  авторы,  халқының
бақыты  үшін құрбан болған, жазықсыз  жапа
шеккен, сол жолға адал бола білген қазақтың бел
баласы,  азаматы.  Әдебиет    теориясынан
берілетін  ұғымдар:  реализм  принциптері,
поэзиядағы  романтикалық  леп,  лиро-эпостық
поэма,  драма,  лириканың    жанрлары  туралы
көлемдірек  ұғым  беру.  Жаңашыл  ақын  деп
кімдерді  айтамыз?  Шәкәрімнің  өлеңінгің
формасы,  құрылысына  әкелген  жаңалығы  түр
мен  мазмұн  бірлігі,  дәстүр  мен  жаңашылдық
туралы сөз қозғау.
  Икем  дағдысы.  Оқушыларға  қойылатын
талаптар  –лирикалық  өлеңдерді    жатқа  оқу;  -
лирикалық    өлеңдерге  поэтикалық  талдау
түрлері;  -  сын  –  зерттеу  еңбектерімен,  тарихи
материалдармен жұмыс істей білу; а) цитаталар
ала  білу;  ә)  тезис-конспект  жасау.  Жазба
ұұмыстарының    әр-түрлі  жанрына  баулу.  а)
цитата алу. Рецензия – талдау, баяндама жазу; ә)
Реферат жазу; б) цитатты микро -мінездемелер
жазу;  в)  жазбаша,  ауызша,  қысқаша
хабарламаларға    дағдыландыру.  Поэзиялық
шығармаларға  инсценировка  жас ай  білу.
(Мысалы: «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек»,
поэмалары).  «Қалқаман-Мамыр»  поэмасы  Ой
шақыру (Поэманың мазмұны мен сюжетін еске
2013 №2 (19)
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

90
түсіру үшін)
1.  Поэманың  көтерген  мәселесі  не  деп
ойлайсың?  а)  махаббат    ә)  тарих  б)әлеуметтік
өмір шындығы 2. Қалқаман мен Мамыр не үшін
қашуға  уәде  байласты?  а)  әлеуметтік  теңсіздік
ә) ел берекесіздігі б) алып-қашпа ауыз бірлігінің
жоқтығы.  3.  Мамыр  өліміне  кім  себепкер?  а)
Әнет  баба  ә)  ел  арасындағы  дау-дамай  б)
бойдағы  жаман  –  әдеттер    в)  ел  арасындағы
бірін-бірі көре алмаушылық.
ІІ.  Көрініс:  Қалқаман  мен  Мамырдың
кездескен  жері.  Үнтаспадан    (Қаратаудың
басынан  көш келеді...) халық әні айтылады.
Автор:
Өткен іс ойға күңгірт, көзге таныс,
Көрмесе де, білгенге бәрі қанық.
Мың  жеті жүз жиырма екінші жыл
Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.
Мамыр:
Жоқ болса махаббатлы бір сүйгенің
йлашы, дүниенің не керегі?
Қалқаман:
Махаббатлы жарым жоқ, жәрдемшім жоқ,
Өлейін  бе, қайтейін, кімге айтайын?
Мамыр:
Сүйген жарым, сүйенген жақыным-сен,
Не қылсаң да біле бер мейлің өзің.
Қалқаман:
Олай болса кетейін қазір алып,
Тұрсақ жазым болармыз қапы қалып.
Автор:
Мәмбетей жатып алды ырық бермей,
Қалың   мал ал, біт деген сөзге келмей.
Қалқаман  мен Мамырды өлтірмесе,
Кетеміз деп бабаңды тіпті көрмей.
Әнет  баба:Бабаң  айтты:-өлтірер жұмыс
емес,
Таспен атып өлтірмек- бұл іс емес.
Біреудің некелесін бұзбаған соң,
Қанына  ортақ  болу дұрыс емес.
Көкенай:
Жақыным қызымды алды, ұнамаймын,
Қорлыққа  тартып алған шыдамаймын.
Егерде Қалқаманды тірі қойса,
Ел болып Күшікпен бас құрамаймын.
Мамыр:
Мойныңа менің қаным халал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.
Қалқаман:
Аямай елім ққа, байлаған соң.
Кетер ме өлгенімше ойдан зарым.
Автор:
Көкенай садақ  тартты дүрілдетіп,
Қақ  жарды ердің қасы оғы жетіп.
Әйтеуір,  ұлы дене аман қалды,
Оң жақта қара саннан өтіп кетіп.
(Осы  оқиғадан  соң  Қалқаман  Тобықтыға
өкпелеп,  Елібай  нағашысын  жағалап  Бұқар
жаққа кетіп қалады).
ІІІ.  Мұғалімнің  сөзі:  поэмадағы  Мамыр
бейнесі. Еңлік пен Мамыр бейнесін салыстыра
суреттеу.  Мамыр  .1.  Өз  махаббатын  өзі  шеше
алады. 2. Уәдесіне тұра алады. 3. Сүйген жігітін
таңдай біледі. 4. Баласы  жоқ. 5. Қалқаманның
туыстарымен бірге тұрады. 6. Қазақ  қыздарына
тән 
ақылы 
мен 
биік 
парасаты. 
7.
Сезімталдығымен тапқырлығын Қалқаманның
жылқыда  жүріп  тілдесуінен-ақ  байқатады.  8.
Сабырлылық  мінезімен  жігітке  бірден  уәде
бермейді. 9. Үмітін үздірмейді. 10. Ажал оғының
алдында айрықша батылдық көрсетеді.
Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,
Іс емес Құдай кешер қылған ісің.
Өлтіртпе, тілегенім сол, Қалқаманды
Барарың  Тәңір  алдында  білемісің-дейді
Көкенайға.
11. Оның мақсаты – ел бірлігі, ғашықтардың
бақыты.
Еңілік  1.  Біреудің  айттырған  қызы.  2.  Өз
ойын білдіреді. 3. Балалы болады.
4. «Үй тасты» паналайды. 5. Махаббат үшін
өлімнен  қорықпайды.  Ортақ  қасиеттері.  1.
Байдың қызы. 2. Махаббат үшін от кеше алады.
3. Серттеріне берік, ұстамды. 4. Сұлу, парасатты.
т.б.
Әнет  баба. Ел  ағасы, Би, ғұлама. Көкенай.
Қаталдық.  Қатыгездік,  Намысшылдық....    Қай
2013 №2 (19)
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

91
жерде  көрінеді?
4. Бекіту. Кеңесте 2 авторефарат талқыланды.
Негізгі  қарастырылған  мәселе:  Шәкәрім  –
Табиғат – Адам – Қоғам.
Ақынның  идеялық  –  эстетикалық  шешімі,
табасы.  1.  Авторефарат.  Қазақ  әдебиетіндегі
табиғат  лирикасының  туу,  даму,  қалыптасу
мәселелері.  Шәкерім  орыны.  2  авторефарат.
Қазақ  әдебиетінің  Шәкәрім  лирикасына  әсері.
Авторефараттар мынадай үлгіде орындалды:
-Тақырыптың  мақсаттылығы;  -зерттеудің
өзектілігі,  міндеті.
Жүрісі: - авторефераттар тыңдалды, сұрақтар
қойылды, жауаптар алынды; әр рефераттың өз
оппонентері  сөйледі;  ғылыми  кеңес  мүшелері
(мұғалім-оқушы) қорытынды шығарды.
V.  Үйге  тапсырма:  Мынадай  шығарма
жо спарының  үлгісі  ұсынылды:  I.Кіріспе
«Шәкәрім - ұлы тұлға» (Шәкәрімнің поэзиясы
туралы сөз). II. Негізгі бөлім: «Шәкәрім – Абай
шәкірті»
а) Бір білімді данышпан жан іздеген
ә) Соқыр сенім алдауына көнбедім...
б)  Қазағының  ертеңін  ойлап,  болашағын
болжаған,  өлеңмен  халқына  ой  қозғаған...  в)
Халқына  даналықты,  еліне  даралықты  жыр
еткен.
III.  Қо рытынды  бөлім:  Ақын  мұрасы
қайталанбас,  с арқылмас  арна.(Шәкәрім
поэзиясының өзіндік ерекшелігі)
VI.  Қорытынды  сөз:  Бағалау.  Ұлы  дана
мұрасының  биік  ныс анасы  –  мәдениет,
өркениетке, өнер – білімге, ізгілік, имандылыққа
үндеу.  Шәкәрім  лирикалары  туралы  берілетін
көлемдік түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды
түрде,  көрнекті  түрде  ғана  жып-жинақы  етіп
бере  білуімізде.  Салыстыру  жұмыстары,  өз
беттерімен белгілі бір проблемалық мәселелер
айналасында  зерттеу  жұмыстарына  төселу.
(Мысалы: «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын Мағауия
Абайұлының  «Медғат-Қасым»  поэмасымен
салыстыру  т.б.).  Шәкәрім-халық  тарихынан,
этникалық,  этнографиялық  деректерден  мол
хабары  бар  ақын.  По эмадағы  халықтық
сахналар  әрі  нанымды,  әрі  көркем.Жалпы
Шәкәрім  трагедиялық  халды,  шытырман
оқиғаларды  баяндау  үстінде  халық  бейнесі
арқылы қоғамдық психалогияны бейнелеу, жеке
адам  басындағы  ахуалды  халық  табиғатымен
байланыстыру  –  Шәкәрімнің  ақындық
шеберлігінің бір сипаты. Шәкәрім лирикасы мен
по эмаларындағы  фило софиялық  терең
ойшылдық  пен  поэтикалық  көркемдік  Абай
дәстүрімен  әрдайым  үндесіп  жатады.  Оның
бүкіл әдеби мұрасынан Абай іргетасын қалаған
ре алистік  әдеби  дәстүрдің  жалғастығы
жарқырай  көрінеді.  Жоғарыда  біз  мысалға
келтіріп талдаған қанатты сөздер өткен-кеткен
ғасырлардағы 
ақылмандардың 
түйін-
тұжырымдарымен бой таластырар туындылар.
Шәкәрімнің кемел ойларын, келісті ақылиясын
терейікте  халқымызға  өнеге  тұтайық.  Сонда
елдігіміздің туы  биіктей түседі.
2013 №2 (19)
Резюме
Resume
В  статье  автор  излагает  новую  технологию  обучения  творчества  Шакарима  в  учебных
заведениях.
The author considers technology of pupils’ upbringing through a literary heritage and Shakarim's
enlightening ideas in the article.
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

92
ТҰЛҒАЛАР
2013 №2 (19)
Бөкейханов  Әлихан
(1866-1937) — XIX ғ. соңы
мен XX ғ. басындағы қазақ
зиялыларының,  қоғам
және 
мемлекет
қ а й р а т к е р л е р і
қатарындағы  аса  ерекше
тұлға. Көрнекті қоғам және
мемлекет  қайраткері,  ұлт-
азаттық 
және 
Алаш
қозғалысының  жетекшісі,
Алашорда  автономиялы  үкіметінің  төрағасы,
публицист, ғалым, аудармашы.
1866 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы,
Қарқаралы  уезі,  Тоқырауын  болысының  7-ші
ауылында  туған.  Бұл  қазіргі  Қарағанды
облысының  Ақтоғай  ауданындағы  бұрынғы
Қаратал  кеңшарының  жеріне  қарасты,  1992
жылы  Ақтоғай  аудандық  кеңестің  шешімімен
Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата
тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед -
Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды
әкесі  Қарқаралыға  алып  барып,  жергілікті
молданың  қолына  оқуға  береді.  Бірақ  ол
молданың  қолынан  оқуды  канағат  тұтпай,
қаладағы  үш  сыныпты  бастауыш  мектепке
ауысады.  Оны  бітіргеннен  кейін  1879-1886
жылдары  Қарқаралы  қаласындағы  қазақ
балаларына  арналған  мектепте  оқиды.  1886-
1890  жылдар  аралығында  Омбыдағы
техникалық  училищеде  оқып,  оны  "техник"
мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894
жылдар  аралығында  Санкт-Петербургтегі
Орман технологиялық институтының экономика
факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу
пікірт аластарға  қатысып,  XX  ғасырдың
босағасын  аттағалы  тұрған  Ресейдің  қандай
жолмен  дамуы  тиімді  болатындығы  туралы
қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды,
өз ойын да шыңдай түсті.
Ат а  тегі  Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлы
Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы
ат ақты  Сұлтан  Барақ.  Қазақтың  соңғы
хандарының  бірі  Бөкей  осы  Сұлтан  Барақтың
баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан
Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға
апарып,  жергілікті  молданың  қолына  оқуға
береді.  Бірақ  зерделі  бала  молдадан
оқығандардан  гөрі  осындағы  мектепте  оқып
жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы
үш  кластық  бастауыш  мектепке  өз  еркімен
ауысып алады.
Бұдан  кейін  ол  Қарқаралы  қаласының  үш
жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы»
деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он
алты  жасар  Әлихан  1888  жылы  Омбы
техникалық  училищесіне  қабылданады.  Төрт
жыл  бойы  үздік  оқыған  алғыр  шәкіртіне  риза
болған мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп  ол  жиырма  жасында  Дала  генерал
губернатор  кеңсесінің  ұсыныс  хаты  мен  қазақ
қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып,
1894  жылы  Ресей  империясының  елордасы
Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы
институтының  экономика  факультетіне  түседі.
Ол  мұнда  жүріп  күнделікті  сабақтарына  қоса
студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және
тағы  басқа  үйірмелердің  жұмысына  қызу
араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны
екі  ғасырға  жуық  Ресей  империясының  қол
астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты
толғандыра  бастайды.  Қараңғылық  пен
надандықтың  шырмауында  отырған  халқына
білім  мен  мәдениет  керек  екенін  ұғады,  елдің
тұрмысын,  мәдениетін,  білімін  көтеруді  өзінің
алдына мақсат етіп қояды.
Оқуын 
бітіріп, 
Омбыға 
оралғанда
Ә.Бөкейханов  Ресей  империясының  қазақ
даласына  жүргізген  отаршылдық  саясатына
деген  өзіндік  көзқарасы  қалыпт асқан,
марксизмнің  экономикалық  қағидаларымен
қаруланған,  саяси  астыртын  күрестің  түрлері
мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан
біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын.
Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік,
қоғамдық жұмысына белсене араласады.
«Народная  свобода»  (Халық  бостандығы)
партиясының  қатарына  өтіп,  өзі  қазақ
зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында
осы партияның шағын тобын ұйымдастырады.
Әлиханның  саяси  көзқарасының  пісіп,
жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет
қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының
ұйымдастырушысы  және  көсемі  ретінде

93
ТҰЛҒАЛАР
танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына
Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-
демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі,
оның  қазақ  бөлімшесін  құру  мақсатында
Оралда, 
Семейде 
жиындар 
өткізген.
Қарқаралыда  патша  өкіметінің  отаршылдық
саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14
500  адам  қол  қойған  Қарқаралы  петициясын
ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905  жылы  Әлихан  Бөкейханов  Семей
облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік
думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші
Мемлекеттік  дума  жұмысына  қатыса  алмады.
Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған
кезде  Дала  өлкесі  генерал-губернаторының
негізсіз  жарлығымен,  соттың  тергеуінсіз,  3  ай
Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан
шығып  Санкт-Петерборға  жеткенде,  Дума
патшаның  үкімімен  таратылып,  оның  біраз
мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол
кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп
кеткен  еді.  Ә.Н.  Бөкейханов  да  солардың
артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды.
Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот
палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3
айға Семей түрмесіне жабылды.
1906  жылы  Омбыдан  шығатын  кадеттік
«Голо с  степи»,  «Омич»  және  «Иртыш»
газеттерінде,  1908  жылы  Санкт-Петерборда
жарық  көрген  меньшевиктік  «Товарищ»,
кадеттік  «Речь»,  «Слово »  газеттерінде
редакторлық қызмет атқарды.
1909-17  жж.  «До н  егіншілік  банкі»
бөлімшесінде жұмыс істеді.
1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және
оның  жалпы  ұлттық  деңгейге  көтерілуіне  зор
еңбек  сіңірді.
20  ғасырдың  басында  қазақ  даласында  екі
ағымның  болғаны  белгілі.  Бірі  Бұқар  мен
Түркістан  өлкесіне  бет  бұрған  дәстүршіл,
панисламшыл  ағым,  екіншісі  негізінен  Батыс
өркениетін үлгі  тұтқан жаңашыл,  пантүркішіл
ағым.  Осы  екінші  ағымның  басында  Әлихан
бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған
озық  ойлы  қазақ  зиялылары  тұрады.  Бұл  топ
саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына
қарсы  ашық  күреске  шығудың  әлі  ерте  екенін
анық  түсінеді.  Сондықтан  олар,  ең  алдымен,
халықтың  сана  сезімін  оятатын  жағдай  жасау
керек деп білді.
Бар  күш  қуаттарын  о сы  мақсатқа
жұмылдырады.  Бірақ  олардың  ойдағыдай
жұмыс  істеуіне  жандармерия  басқармасының
жансыздары  мүмкіндік  бермейді.  Солардың
көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады.
Бұдан  студент  кезінде-ақ  сенімсіздердің  қара
тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс
қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып,
кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек
ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға
ғана мәжбүр болды.
1916  жылы  жер  аудару  мерзімі  бітіп,
Самардан  Орынборға  келген  Әлихан  бірден
қаланың  қоғамдық,  саяси  өміріне  араласып
кетеді.  Қаланың  қазақ  тұрғындары  атынан
қалалық думаға сайланады.
Бүкіл  мағыналы  өмірін  халқының  азаттық
алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың
соңғы  демі  біткенше  сол  мақсат  жолында
жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті
және  қалалық  қоғам  қайраткерлері  съезінің
делегаты,  Ресейдің  I  Мемлекеттік  думасының
және мұсылман халықтары съезінің депутаты,
IV  Мемлекеттік  Думаның  мұсылмандар
фракциясының Бюро мүшесі болды.
Ол  Ақпан  төңкерісінен  үлкен  үміт  күтеді.
Бірақ  ол  үміті  ақталмайды.  Уақытша  үкімет,
оның  ішінде  өзі  мүшесі  болып  жүрген  кадет
партиясының  көсемдері  қазаққа  аутономия
беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер
мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да,
ол  бұл  партиядан  шығып,  қазақтан  сайланған
тоғыз  өкілді  бастап  барып,  Томск  қаласында
Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады.
Осында  болашақ  Сібір  республикасының
құрамында  Қазақ  аутономиясы  құрылмақ
болады.
Құрылтайдан  оралысымен  Әлихан  қазақ
тарихындағы  тұңғыш  саяси  ұйым  Алаш
партиясын  ұйымдастыруға  кіріседі.  Артынша,
1917  ж.  желтоқсанында  бүкіл  қазақтардың
құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып,
Ә. 
Бөкейханов 
сол 
алғашқы 
Қазақ
ре спубликасының 
тұңғыш 
төрағасы
(президенті) болып сайланады.
жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет