Бас редактор



жүктеу 5.01 Kb.

бет13/15
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2013 №2 (19)

80
мың  артық.  Көкенай  баст аған  жақтың
ойындағысы да, орындары да осы. Ақыры сөзге
тоқтамаған  тобыр  осынау  аласапыранның
басынан  аяғына  дейін  екі  жастың  өмірі  үшін
арпалысқан Әнет бабаны осы шешімге мойын
ұсынуға мәжбүр етеді. Дел-сал күйге түсіп, нұр
жүзін  ащы  тер  жуған  дана  қарт  сонда:  «
Қалқаман жүйрік атпен көлденең шауып өтсін.
Көкенайдың атқан оғы дарыса кегінің қайтқаны
деп  білсін,  ал  Қалқаман  аман  қалса  одан  әрі
мазаламасын»,  -  деген  екен.  Қиын  да  болса
орынды  шешімге  кім  қарсы  болсын,  екі  жақ
осыған тоқтасады. Сөйтіп Көкенайдың оғынан
Қалқаман  аман  қалады.  Мына  көрініске  куә
болып тұрған жұрттың қуанышы ойран-асыр.
Осы  сәтте  Қалқаман  ғана  қуанған  жоқ  еді.
Туып-өскен  жұртынан  осыншалық  қиянат
көрген жігіт ендігі жерде осынау опасыз елден
безіп,  көз  көрмес,  құлақ  естімес  алысқа  кетіп
қалады.  Ағайындарының  о ны  іздеуге
әрекеттенген ниеті артынша бүкіл сахара басына
төнген  «ақтабан-шұбырынды»  алапатының
дүрбелеңімен ұмыт қалып қояды.
Елдің  жадында  сақталып  қалған  қайғылы
хикаяның  желісі  о сы.  Алайда  қарапайым
айтушы  мен  тыңдаушы  үшін  мұндағы  назар
аударар мәселе қыз бен жігіттің аянышпен өткен
тағдыры,  махаббат  драмасы  болса,  ал  осынау
астары  терең  оқиғаны  ойшыл  Шәкәрім  мүлде
басқа  қырынан,  өзгеше  мазмұнда  қабылдады.
Ақын  қыз  бен  жігіттің  басындағы  махаббат
трагедиясының 
дерегін 
емес, 
соның
айналасында  өрбитін  оқиғаның  әлеуметтік
астарын  негізгі  нысана  деп  білді.  Біріне  бірі
қаншалықты  ынтықса  да  белгілі  себептермен
қосыла алмай, өмірден жылаумен өткен ғашық
жандар  әр  дәуірде  де  болған.  Олардың
айналасында  тілеулес  жанашырлары  да  жоқ
емес-ті. Сонда да болса, көптің сөзі көлеңкеде
қалып, мұңлық жандар өз мұңдарын өздерімен
бірге  мәңгілікке  арқалап  кете  баратын  болған.
По эма  авторы  о сындай  қасіреттің  түпкі
тамырына  үңіледі.  Шығарманың  әлеуметтік
астарының  терең  болуы  да  сондықтан.  Оның
идеялық арқауы да осыдан бастау алады.
Поэмадағы  негізгі  ой  арқауы  –  ғашығы
Мамырды өлтірген, өзін ажалға байлап берген
опасыз елдің ішінен Қалқаманның оқшауланып
кетуі.  Оның  себебі  –  қоғамдағы  әділетсіздік,
ескілік  психоло гиясы,  ата-баба  салтына
негізделген халықтық сана. Қалқаманның оқтан
аман  қалған  сәтте  қуана  айқайлаған  қалың
көпшіліктің  ішіне  еніп  кетпей,  жаралы  күйде
атының жалын құшқан қалпы сонадайдағы бір
төбенің  басына  барып  тоқтауы  да  шығарма
идеясынан хабар беріп тұрған әдемі эпизод. Осы
оқшаулану  Қалқаманның  жан  дүниесіндегі
алапат  өзгерістерді,  шариғат пен  ұлттық  әдет-
ғұрып арасындағы тартысты көре тұрып, соған
қарсы істер айла таппаған ағайындарына деген
көзқарасындағы,  пер зенттік  сезіміндегі
төңкерісті байқатса керек. Бұл төңкеріс оның:
Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,
Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.
Өлерде аямады, қайда аяйды,
Сендерге енді мойын бұра алмаймын, -
деген  батыл  шешімге  келу  сәтінде  жарқ  етіп
көрінеді.
Дастандағы  сан  алуан  оқиғалар  барысында
Қалқаман  батыр  ретінде  суреттелмейді.
Шәкәрім  жігіт  образын  сомдауда  басы  артық
әсірелеуге  бармайды.  Оның  бейнелеген
Қалқаманы  қара  күштің  иесі  емес,  ерлік  те
жасамайды. Сонымен қатар ол адамдық сезімнің
жетегінде зарланып еткен боркемік ез де емес.
Оның  бойында  байсалды  ақыл  мен  байыпты
батылдық  бар.  Сүйгенін  алып  қашар  сәттегі
шұғыл  шешімге  келуі,  поэманың  соңында
опасыз елін артқа тастап, беймәлім қиырға кетіп
қалуы  оның  ішкі  жан  сарайындағы  өмірдің
қайшылықтарын жеңсем деген жігіттік жігерін,
әділетсіздікке  қарсы  күрестегі  батылдығын
дәлелдейді.  Бірақ  бозбаланың  мұнысы  көзсіз
ерлік,  негізсіз  батылдық  емес  еді.  Ақылдың
таразысынан  өткен байыпты  байлам  болатын.
Ол осынау кеңістікте жалғыз еместігін, соңында
демеу  жасайтын  елі,  Әнет  баба  секілді  дана
қариялары  бар  екенін  ойлайды.  Солар
тарапынан  күшті  сүйенішті  сезеді,  соларға
сенеді.  Қандай  қиын  сәтте  де,  тіпті  қатерлі
әрекетке  тәуекел  етер  кезде  де  ол  Әнет  баба
бастаған  елге  арқа  сүйейді.  Өз  ісінің  оғаш
еместігін,  оны  дәлелдерлік  айғақтарын  олар
түсінер деп үміт қылады. Сонымен қатар ол көзі
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)

81
ашық,  саналы  азамат  екенін  де  көрсетеді.
«Шариғат қосады екен немерені» деген сөздері
оның  бірқатар  нәрс еден  хабардарлығын
байқатса керек.
Қалқаманның  соңғы  шешімі,  яғни  туған
елінен  кетіп  қалуы  жас  жігіттің  әділет
жолындағы  күресінің  бір  көрінісі  еді.  Бір
қарағанда  шарасыздықтан  туған  қарсылық
әрекеті секілді. Ал мәселенің мәніне тереңірек
үңілсек,  бұл  Қалқаман  үшін  тағдыр  ұсынған
бірден-бір  жол  еді.  Ол  мына  ортада  енді  өмір
сүре  алмайды.  Мамыр  о ққа  ұшты,  асқар
тауындай  арқа  сүйген  елі  мен  Әнет  бабада
жақсылыққа  жанашыр  болар  қауқар  қалмады.
По эманың  финалындағы  Қалқаманның
көкірегінде  осындай  сурет  тұрды.  Оның  ішкі
психологиясының ширыға-ширыға жеткен жері
де  осы  тұс  еді.  Оның  оқыс  шешімге  келуі
осындай шиеленістің шарт үзілуінен туындаған
әрекет болатын. Қалқаман образын идеялық биік
тұғырға көтеріп тұрған қасиеттердің бірі де осы
еді.
Поэмадағы уақыт пен кеңістік аясында өткен
осынау  тарихи  оқиғаның  тұсында  ел  ішіндегі
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып заңдылықтары
гуманистік,  адамгершілік  қағидаларына
қарағанда  біршама  биіктеу  тұрды.  Рас,  екі
жастың  тағдырына  жанашырлық,  аяушылық,
амандығына  тілеулестік  сезімдері  оқиға
барысында  мүлде  көрінбейді  деуге  болмайды.
Дегенмен  оның  бәрі  де  ел  бірлігі,  ағайын
арасының  тұтастығы  жолында  құрбандыққа
шалынады.  Поэмада  ақын  ел  бірлігін  бәрінен
жоғары  қояды.  Сол  себепті  де  болар,  ойшыл
Шәкәрім  тарихи  дамудың  осы  секілді  ішкі
заңдылықтарына,  тіпті  оның  келеңсіздіктеріне
де  төрелік  айтып  жатпайды,  қарсылық
білдірмейді, өз үкімін ұсынбайды. Бір жағынан
екі  ғашықтың  тағдырына  жанашырлығын
сездіріп, гуманистік қалыпын танытса, сонымен
бірге оған қарсы күштердің іс-әрекетіне оң-теріс
дегендей  баға  да  бермейді.  Тарихи  кезеңнің
мінез-құлық  психологиясын  бағалауды
оқырманның үлесіне қалдырады.
Қалқаман  образының  даралығы  оның  оққа
байланып, тағдырының қыл үстінде тұрғандағы
көңіл  күйі  мен  іс-әрекетінен  айқын  көрінеді.
Осы  эпизодтағы  қайғы  тынысын  Шәкәрім
көпшілік  қауымның  көз  жасымен  жеткізеді.
По эмада  Қалқаманның  күйзелуі,  торығуы
сияқты  сезім  көріністері  жоқ.  Керісінше,
қайғыға  шомған  ортадан  енді  бір  мезетте
Қалқаманның  батыл  да  ашық  үні  естіледі.  Ол
егілмейді,  елімен  қоштаса  сөйлейді.  Өз  өлімі
мұнда  жай  ғана  «мен  өлемін,  сендер  қалдың»
деген сияқты информация түрінде ғана беріледі.
Оның  үстіне  жеке  басының  мұңы  жоқ,  сұм
ажалға  шарасыз  мойын  ұсынушылық  та
байқалмайды. Бәріне батыл тәуекел етеді. Себебі
оған ендігі жерде Мамырсыз өмірдің мәні жоқ.
Әйтсе де ол артынан қалып бара жатқан елінің
тағдырына алаңдайды.
Назасы нахақ жастың қате кетпес,
Деймісің қалмақ сені тентіретпес.
Белгілі Мамырдан соң көп жүрмесім.
Жалғыз-ақ Тобықтының дұспандары
Рахымсыз, бауырсыз ел деп жүрмесін, -
деп толғанғанда да ол өзінің көпшілік жағында
екенін, ойы да, арманы да халқымен ортақтығын
дәлелдегендей болады. Озін оққа байлаған еліне
қаншалықты  қарғыс  айта  тұрса  да,  оның
болашағын,  халқының  арына  таңба  түспеуін
ойлайды. Тарихи дәуірдің моралі осы. Бұл тұста
ол  Көкенайлармен  пікірлес  болып  шығады.
Бәрінің  де  ойлайтыны  ағайынның  бірлігі,
жақсылығы.
Сүйіктісінен  қапыда  айырылған  Қалқаман
ата салтының өзіне шығарған үкімін аттап кете
алмайды. Өйткені дәстүрлі салтты бұзу қасиетті
заңды бұзумен пара-пар. Қалқаман да, Мамыр
да ел ішіндегі осындай заңды бұзғандықтарын
жақсы 
біледі. 
Екеуінің 
әдет-ғұрып
қағидаларынан да, шарғаттың ережелерінен де
мағлұматы  аз  емес.  Со нымен  бірге  өз
жүректерінің  әміріне  де  қарсы  тұра  алмайды.
Осылайша екі оттың арасына түскен Қалқаман
мен  Мамыр тарихи  уақыт  пен тарихи  кеңістік
ауқымындағы  заңдылықтардың  шырмауынан
шыға алмайды. Бәлкім, бұдан да гөрі батылдау
шешімге  барып,  екеуі  қол  ұстасып  басқа
аймақтарға  кетіп  қалғанда  махаббаттарының
тағдыры әлде қалай болар еді. Бірақ олар ондай
ұйғарымға  бармайды.  Себебін  жақсы  біледі.
Егер  өздері дәл  осылайша  ата салтынан  аттап
кеткен болса, ел ішіне алауыздық кіріп немесе
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)

82
өзге  де  келеңсіздіктер  болатынын  түсінеді.
Оларды  қинайтыны  –  елінің  күні  ертеңгі
абыройы,  «өз  ұлын  өзі  оққа  байлаған,  Әнет
бабадай  қариясын  жер  еткен  неткен  надан  ел
еді»  деген  атақтан  алыс  болудың  жайы.
Сондықтан да екі жас тарихи жағдайдың әміріне
мойын ұсынады.
Оған қоса «Деймісің қалмақ сені тентіретпес»
деген  Қалқаманның  сөздері  сахара  халқының
басына  төніп  келе  жатқан  тағы  бір  алапат
қауіптің  ұшығын  аңғартады.  Көп  ұзамай-ақ
қалмақ  жорығынан  қан  қақсайтын  халқының
зары,  «ақтабан-шұбырындының»  дүбірі  оның
құлағына келгендей.
Тарихи  кезеңнің  мінез-құлық  сипатын,  ой-
парасатын  анық бейнелейтін  тұлғалардың  бірі
– поэмадағы екінші басты қаһарман Мамыр. Ол
–  халықтық  дәстүрлердің  бүкіл  қасиеттерін
бойына  жинақтаған  тұлға,  ұлтқа  тән  ізеттілік
пен инабаттылықтың, ақылдылықтың символы.
Өзге перзенті жоқ байдың жалғыз қызының ұл
балаша  киініп,  еркекшора  болып  өсуі  сол
дәуірдің сипатына сәйкес көрініс екені даусыз.
Шәкәрім  бұл  арада  да  тарих  суретіне  қиянат
жас амайды.  Абайдың  өзге  шәкірттерінің
шығармаларындағыдай 
портреттік
суреттемелер Шәкәрімнің аталмыш поэмасында
жоқ.  Ақын  өз  кейіпкерлерінің  ішкі-сыртқы
тұлғасын  суреттеп  жатпайды.  Бір  ғажабы,
Шәкәрімнің  барлық  дастандарында  бұрынғы-
соңғы жазылған махаббат жайындағы эпикалық
шығармаларда  кездесетін  елден  ерек  сұлу
қыздың  бейнесі  көрінбейді.  Шәкәрімнің
Мамыры  да осы  секілді. Ол  – шынайы  бейне,
ауылда  еркекшора болып  өскен байдың  қызы.
Әке даңқымен бой түзеген ақылсыз жан емес.
Бо збалаша  киініп,  қарына  құрық  іліп,
жігіттермен қатар жылқы бағып жүрсе де, оның
бойында  қазақ  қыздарына  тән  нәзіктік  те,
ибалылық  та,  саналылық  та  мол  байқалады.
Шәкәрім сыртқы  портретін жасамаса  да оның
ішкі  жан  сұлулығын нақты  әрекеттері  арқылы
түйсіндіре  отырып,  Мамырдың  өзге  де
ғашықтық  дастандардағыдай  ару  екеніне
көзімізді  жеткізеді.
Мамырдың  ақылы  мен  биік  парасаты,
сезімталдығы  мен  тапқырлығы  поэмадағы
Қалқаман екеуінің алғаш тілдесуі кезінде анық
байқалады.  Бұл  жердегі  қыз  бен  жігіт
арасындағы  диалогтың  берер  мағлұматы  мол.
Тұтастай  алғанда,  поэмадағы  кейіпкерлердің
өзара тіл қатысуына, монолог пен диалогқа ақын
ерекше  назар  аударған,  оларды  өзінің  айтар
идеясын  жеткізудегі  бірден-бір  құралы  деп
есептеген. 
Кейіпкерлердің 
диало г 

монологтары  арқылы сол  дәуірдегі  қоғамдық-
әлеуметтік  жағдайды  ақын  аса  шеберлікпен
бейнелейді.  Ақын  кейіпкерлерінің  бүкіл
болмысын ашудағы монолог пен диалогтардың
маңызы айрықша.
Поэманың  басты  кейіпкерлерінің  алғашқы
кездесуінде  жігіт  қызға  адамзат  баласының
жаратылуы жайында бір жұмбақ мысал айтады.
Қыз  жігіт  сөзінің  төркінін  ә  дегеннен-ақ
түсінеді.  Түсіне  тұрып,  өнегелі  жанға  тән
жауабын ұсынады. Махаббатты сезіне білмеген
адамның  өмірінде  мән  болмайтынын
тұспалдайды.  Екі  ғашықтың  ойы,  егіз
жүректердің  лүпілі  дәл  осы  арада  үндестік
табады.  Махаббат  атты  ұлы  мұхиттың  асау
толқындарының жалына жармасқан екі жасты
тоқтатар  күш  жоқ  сияқты.  Дәл  о сы  сәтте
Мамырдың  бойынан  ғажайып  бір  қасиет  –
тәрбиелі бойжеткенге тән сабырлылық оты жарқ
етті.
Мамыр да Қалқаманды ұнатады. Бірақ жүрегі
«тыншымай, тулап, жүз құбылса» да ол жігітке
уәдесін  бірден  бермейді.  Үмітін  де  үздірмейді.
Өзінің  жан  дүниесіндегі,  мінез-құлқындағы
өзгерістерді,  ішкі  түрленуді  се здірмейді.
Шындығында  о сы  мезетте  оның  бүкіл
табиғатында ғаламат жаңғыру болып жатқан-ды.
Үйіне келе сала бұрынғы киіп жүрген киімінің
бәрін  лақтырып  тастап,  қыздарша  киінуі  осы
түрленудің  хабаршысы  еді.  Шәкәрім  аталмыш
поэмасында  өзге  шығармаларындағы  секілді
қазақ  тұрмысына  тән  дәстүрлі  мінез,  дағды
көріністеріне  айрықша  мән  береді.  Атап
айтқанда,  қыз  бен  жігіттің  өзара  жұмбақтап
сөйлесуі,  ынтызар  с езімдерін  тұспалмен
жеткізуі,  өлеңмен  тілдесуі  тәрізді  детальдар
о сының  айғағы  бола  алмақ.  Сондай-ақ,
Қалқаман  мен  Мамырдың  бастанғы  үстінде,
қыз-бозбала  думанының  ортасында  отырып,
өзара ұғынысуы да соны дәлелдей түседі.
Адал сезімнің алауына шарпылып, сүйгенінің
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)

83
етегінен  ұстайтын,  яғни  үлкен  ерлікке  бел
байлайтын  екіұдай  мезетте  Мамыр  өз
табиғатындағы 
сабыры 
мен 
ақылын
жоғалтпайды. Басына төніп келе жатқан қатерді
се зген  Қалқаманның  «өлсем  де  өзіңнен
айрылмаймын,  ісіміз  шариғатқа  қайшы  емес,
қол ұстасып кетіп қалайық» деген сөзін Мамыр
бірден  мақұлдамайды.  Өзі  де  сондай  ойда
тұрғанмен ерекше ұстамдылық танытады. Өзін
ғана ойлағаннан туған әрекеті емес еді бұл.
- Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір,
Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір.
Өзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын,
Сен сау болсаң болар ем мен-ақ нәзір, -
дейді  ол  осы  бір  сергелдең  шақта.  Ежелгі
дастандарға тән дәстүрлі шешім. Бірі үшін бірі
жанын  беруге  даяр  жастардың  соңғы  сөздері
қашанда  осындай  болып  келеді.  Әйтсе  де  бұл
жолдардың астарында өздерінің әрекетіне орай
ел  арасында  болашақта  болуы  мүмкін  дау-
шарды  сезіну  жатыр.  Ел  бірлігін  ойлаушылық
бар.
Қалқаман  мен  Мамырдың  оқиғасы  елдің
ішіндегі ахуалды ушықтырып жібереді.
Тартыстың бірі басында
Жақыным қызымды алды, ұнамаймын,
Қорлыққа тартып алған шыдамаймын, -
деп Көкенай тұр. Екінші басында әрі ағайынның
татулығын,  әрі  екі  жастың  амандығын
армандаған Әнет баба. Шындыққа жүгінсек, екі
жақтың мақсаты бір: елдің бірлігін сақтау. Бірақ
қалай? Міне осы сауалға жауап табуға келгенде
екі жақтың пікірі екі арнаға тартады. Далалық
төреліктің заңымен құн алып, тоқтасуға Көкенай
қарсы.
- Ей, Баба, тәңірге аян адал ісің,
Сүйтсе де ел бүлінер бір бала үшін.
Болған соң қазақ та жау, қалмақ та жау,
Бұл елдің обалына қалмаймысың? – дейді
ол.  Бұл  жолдардың  астарында  онсыз  да  «Жау
жағадан  алғанда  бөрі  етектен»  дегеннің  кебін
киіп, жоңғардың алапат қатерінен ертеңгі күніне
сене  алмай  отырған  қазақтың  ең  болмағанда
ішкі  бірлігін  сақтайық  деген  ұлы  ниеттің
жатқаны сезіледі. Ел бірлігі үшін «Еркек тоқты
құрбандық»  болуы  тарихи  сана  талабына  сай
шешім.
Оқиға  барысында  Мамыр  Көкенайдың
оғынан көз жұмады. Үзілер алдында тілге келген
қыздың  Көкенайға  айтқан  сөздерінде  керемет
ірілік  бар.  Жалынышты  жылау  да  емес,  зарлы
өтініш  те  емес.  Мамыр  өзінің  Қалқаманмен
мәңгілікке табысқанына, қатыгез ажал оны бұл
бетінен  қайтара  алмағанына  ризашылығын
айтады. Ендігі тілегі – Қалқаманның амандығы.
Көкенайдан соңғы рет сұрайтыны да сол.
Мойныңа менің қаным халал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ,
немесе
Екі қан ауыр болар бір өзіңе
Сүйсінбе бұл рақымсыз мінезіңе, -
деген  зілді  жолдардан  қыз  табиғатындағы
батылдық  пен  парасаттылық  барынша
жарқырап  көрінеді.  «Қалқаман-Мамырдағы»
қай кейіпкердің іс-әрекеті болсын дастанда өзі
ғұмыр  кешкен  тарихи  уақыт  пен  кеңістіктің
сипатынан,  өз  заманына  сай  психологиядан,
салт-саналық  қағидалардан  өрбіп  жатады.
Ондағы тартыстың өзі психологиялық сипатта.
Ол  негізінен  салт-сана  аясындағы  тартыс,
әлеуметтік ой-түсініктер арасындағы қақтығыс
болып  келеді.  Ширақ  драматизмнің,  ішкі
шиеленістің бастауы осында жатыр. Поэмадағы
тартыс  жай  ғана  махаббат  қасіретін  арқау
етпейді, 
онда 
қоршаған 
ортаның
психологиясындағы 
қайшылықтармен
астарласқан салт-сана тартысы бар.
Дастандағы  Әнет  баба  мен  Көкенай  –
бойларына  заманына  лайық  қасиеттерді  мол
жинақтаған аса күрделі образдар. Олардың ішкі,
сыртқы  табиғатындағы  күрделілік  оларды
бірыңғай жағымды немесе бірыңғай жағымсыз
деп бағалауға жол бермейді. Әсіресе «Орта жүзге
үлгі  айтқан  әділ»  Әнет  баба  бейнесі  ішкі
иірімдері мол трагедиялық образ болып шыққан.
Бастапқыда ел ағасы, әрі би, әрі ғұлама кейпінде
көрінетін ол бұдан кейінгі тартыстардың тікелей
басы-қасында  жүреді.  Адалдық  пен  әділдіктің
жоқтаушысы  ретінде  көрінеді.  Қарсы  жақтың
қойған талабының сырын сезсе де ол шиеленісті
мейлінше  әділ  әрі  адам  қаны  төгілмейтіндей
бейбіт  жолмен  шешкісі  келеді.  Шариғат
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)

84
қағидасын  қару  еткенімен,  көздеген  мақсаты
елдің  бірлігі,  ғашықтардың  бақытты  өмірі
болды.  Әрине,  Қалқаман  мен  Мамырдың  қол
ұстасып кетуі Әнет бабаға  да оңай тиген жоқ.
Уайымға батырды, ойландырды, көрген түсінен
сескендірді.  Соған  қарамастан  дана  қарияның
шешімі  біреу  ғана:  «ел  арасын  ушықтырмау
керек!»  Осы  ниетпен  Мәмбетейлерді  бітімге
шақырады.  Қарсылыққа  ұшырайды.  Тіпті  өз
ағайындары да «елдің обалына қалмайық, қыз
жағының талабын орындайық, бір бала Тобықты
үшін  жанын  қиса  қисын»  деген  пікірге  ойыса
береді.  Баба  басындағы  трагедиялық  хал  осы
арадан  баст алады.  Ырқына  көнбеген
көпшіліктің қайтсе де айтқанын істетер қалыпқа
жеткенін  аңғарған  қарияның  осы  сәттегі  жан
дүниесі  астаң-кестең.  Қарсыласар  дәрмен
қайда?  Ер  азаматын  еріксіз  оққа  байлауға
мәжбүр.
Әнет бабаның шешімі шарасыздықтан, көпке
қарсы  қолданар  қаруы  жоқтықтан  туған
болатын.  Бір  қарағанда,  Әнет  бабадай  көпті
көрген  көненің  қазақ  ішіндегі  аталастардың
өзара  қыз  алыспауы  жайындағы  генетикалық
қағиданы білмеуі мүмкін  емес. Шығармада ол
шариғат  жолын  басшылыққа  алады.  Шариғат
жолын ұстағандағы Әнет бабаның мақсаты ізгі
ниеттен,  екі  жастың  қанына  ортақ  болмау
тілегінен 
туады. 
Оның 
көпшілікке
қарсылығының  төркіні  осында  жатыр.  Әнет
баба  –  халқының  басындағы  қуанышты,
күйінішті  ахуалдың  бәрін  арқалаған  жиынтық
бейне. Сондықтан халықтың трагедиясы оның
басындағы трагедия ретінде қабылданады.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасы екі ғашықтың
қайғылы  хикаясынан  кейінгі  оқиғалардан
деректер  берумен  аяқталады.  Атап  айтқанда,
азаматын  іздеуге  бекінген  ел  көп  ұзамай
қасіретке ұшырайды. Жоңғар шапқыншылығы
қазақты орныққан жерінен ауа көшуге мәжбүр
етеді.  Осынау  «ақтабан-шұбырындының»
аласапыранында  үдере  көшкен  елімен  бірге
ауған сапарында Әнет бабаның өзі де бір төбенің
басында жүруге жарамай қалып қояды.
Бір  қарағанда,  поэмадағы  Көкенай  образы
мінез-құлқы да, іс-әрекеті да айқын бейне болып
көрінеді. Шығармадағы тартыстың трагедиялық
бағыт  алуына,  Мамырдың  өліміне,  елдің
ішіндегі дау-дамайдың өршуіне тікелей Көкенай
себепкер болады.
Шәкәрім Көкенайға «Өзі батыр, мінезі қатты
кісі» деген сипаттама береді. Шынында да поэма
кейіпкерінің  іс-қимылынан  осы  қасиеттер  жиі
аңғарылып  жатады.  Сонымен  қатар  ол  әділ.
Қашанда  адалдық,  тазалық  үшін  күреседі.
Аталас  ағайындығы  бар  Қалқаман  мен
Мамырдың  оқиғасы  оның  жүрегіне  найзаның
өткір  жебесіндей  қадалады.  Оның  ұғымынша,
бұл  бүкіл  елдің  сүйегіне  түсер  таңба.  Сол
себепті  де  ол  Кішік  жағынан  Қалқаманды
жазалауды талап ете тұрып, «Ел болып Кішікпен
бас құрамаймын», - деп аса өктем сөйлейді.
Оллаһи, біз кетеміз, қазір ауып,
Менен басқа туысқан алсын тауып, -
деген  сөздері  арқылы  Шәкәрім  оның  бүкіл
болмысын, қара қылды қақ жарар қатал да әділ
характерін  ашып  береді.  Осынау  жолдардан
Көкенайдың 
қат алдық, 
қатыгездік,
намысшылдық  қасиеттері  анық  көрінеді.
Мақсатына  қол  жеткізу  жолында  ол  алған
бетінен қайтпайтын батыл. Соның арқасында өз
дегеніне жетеді де.
Поэмада  Шәкәрімнің  өзі  де  Көкенайды
«мінезі  қатты»  дегенмен  «қатал,  жауыз»  деп
тікелей  қараламайды.  Кейіпкерінің  бүкіл
қаталдығын іс-әрекеті  арқылы көрсетеді.  Ол –
поэмадағы тартыстың өрбуіне себеп болатын екі
түрлі  түсініктің  бірінің  басында  тұрған  тұлға.
Мақсаты  –  қисынсыз  әрекетке,  әділдіктің
бұзылуына  жол  бермеу.  Өзгелерден  де  осыны
талап етеді.
Қалқаман Тобықты үшін жанын қиса,
Кетпей ме шаһит болып оның жаны? –
дейді  ол  Әнет  бабаға.  Қажет  болса,  адалдық,
игілікті іс үшін жанын құрбан етуге өзі де даяр.
Түптеп  келгенде,  Әнет  баба  мен  Көкенайдың
мақсаттары  бір.  Екеуі  де  ел  ішінің  бүлінбеуін
ойлайды.  Бірақ  екеуі  түпкі  мақсаттарына  екі
түрлі  жолмен  жетпек.  Әнет  баба  шариғат
қағидаларын  алға  тартып,  екі  жастың  дауын
орайлы  шешуге  тырысады,  Көкенай  болса,
әділдікке халықтық салт-дәстүр, ұлттық мораль
қағидаларын қорғау арқылы жетуге ұмтылады.
Көкенайдың  түсінігінде  аталас  жастардың
қосылуы  генетикалық  тазалықты  көздеген
халықтық мораль қағидаларына қайшы келмек.
МҮШЕЛТОЙ
2013 №2 (19)

85
Ол – күні ертеңгі адам ұрпағының азуына жол
беру деген сөз. Сонымен бірге рудың сүйегіне
түсетін айықпас таңба. Көкенайдың қатыгездігі
де, намысқойлығы да осындай тазалықты қорғау
мақсатынан туындайды. Көкенай Қалқаман мен
Мамырға  деген  дұшпандық  кек  жоқ.  Оның
әрекетінде  қанішер  зұлымдық  та  көрінбейді.
Қайта  ол  халықтық  әдет-ғұрып  қағидаларына
жетік, сабырлы да салмақты жан.
Поэма  кейіпкерлері  психологиялық  жан-
жақты ашылған. Шәкәрім өз қаһармандарының
сыртқы портреттік кескіндеріне назар аудармай,
олардың  жан  дүниесін,  мінез-құлқын,  рухани
қасиеттерін жете суреттеуге ден қояды. Олардың
іс-әрекеттерінің  психологиялық,  мінез-
құлықтық негізі айқын. Соған орай кейіпкерлер
бейнесі нақты әрі нанымды. Қандай ситуацияда,
қандай  сипатта  бейнеленсе  де  олар  шынайы
реалистік үлгіде жасалған көркем образ күйінде
танылады.
МҮШЕЛТОЙ

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал