Бас редактор



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/15
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ПАРЕМИОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Жер  бетіндегі  әрбір  этностың  бір-біріне
ұқс амайтын  мәдениеті  мен  өзіне  тән
ерекшеліктері  болатыны  –  тарихи  заңдылық.
Мұндай құбылыс сол тілдік ұжымдағы ортаның
қарым-қатынасынан, олардың сөйлеу мәдениеті
мен 
өмір 
сүру 
дағдысынан, 
тектік
құрылымының 
коммуникативтік
ерекшеліктерінен анық байқалатынын аңғаруға
әбден болады. Бұл ерекшеліктер сол кезеңге тән
қоғамдық сананың тілінде  жақсы сақталады да,
сол 
этно стың 
рухани, 
мәдени
құндылықтарының  негізін  көрсетеді.  Осыған
орай  қазіргі  тіл  ғылымында  халықтың,
индивидтің 
этноментальды 
өмірін,
дүниет анымдық  сипатын    қарастыратын
антропоцентрлік  бағыттағы  зерттеулер  өз
нәтижесін беріп келеді. Себебі, тіл адамдардың
іс-әрекетінен тыс дамымайды. Тілдік ұжымды,
жеке  адамды  тілі  арқылы  тану  арқылы  оның
шаруашылық,  мәдени  өмірінен  толық  ақпарат
алуға болады.
Тілдік  ұжым  мүшелерінің  дүниетанымы
адамзат  пен  мәдениеттің  даму  кезеңдерінің
сатысынан  өткен  сайын  ақиқат  дүниені  тек
логикалық-позитивтік  қана  емес,  этикалық-
моральдық,  ментальдық  тұрғыдан  да  таныта
алады. Осыған сай, тілде қалыптасқан тұрақты
тіркестерді 
– 
мақал-мәтелдер 
мен
фразеологизмдерді антрпоцентристік аспектіде
қарастырған еңбектер соңғы уақыттарда жедел
қолға алына бастады.
Қоғамның  дамуы  мен  заманның  талабына
байланысты пайда болған көзқарастар тілге де
өз  әсерін  тигізе  бастады.  Тілді  құрылымдық
тұрғыдан 
зерттеумен 
бірге 
о ны
антропоцентристік парадигмада қарастыратын
кешенді  жұмыстар  жүргізіле  бастады.  Бұл
дәстүрлі  тіл  біліміндегі  жүргізілген  зерттеу
жұмыстарынан кейін, тілді жаңаша бір қырынан
қарастыруды өз алдына міндет етіп қойды.
Түрлі  деңгейдегі  когнитивтік  зерттеулер
дәлелдегендей,  олардың  барлығына  ортақ
мәс еле  тілдік  антро поцентризм,  дәлірек
айтқанда, тілде тілді тұтынушының танымдық
тәжірибесі, мәдени білімі концептуальды түрде
ғаламның  тілдік  бейнесі  ретінде  көрініс  табуы
екендігі анықталады.
Бай  мұрамыздан  орын  алатын  мақал-
мәтелдер  кез  келген  ұлттың,  халықтың
шежіресі,  тарихы  болып  табылады.  Мақал-
мәтелдер  –  халықтың  сан  ғасырлық  көрген-
білгенін, бастан кешкен оқиғаларынан қорытқан
ақыл-ойының  жиынтығы,  анықт амасы,
табиғатта,  өмірде  үнемі  қайталанып  тұратын
оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған
сөздің  тобықтай  түйіні.  Сонымен  бірге  оның
мазмұнында  халықтың  әлеуметтік  тіршілігі,
әдет-ғұрпы,  ақыл-ойы,  даналығы  көрініс
табады.  Мақал-мәтелдер  ой  дәлдігімен,
тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
ӘОЖ 811.512.122
Бұл мақалада сөздік қорымыздағы «достық» концептісіне байланысты қалыптасқан мақал-
мәтелдердің бірқатары ұсынылып, талдау жасалынды.
Тірек сөздер: фразеологиялық тіркес, паремиология, концепт.

67
Мақал-мәтелдер  де  этнолингвистикалық
арнаның  ең  құнарлы  бұлақтарына  жатады.
Әрбір  мақал-мәтелдердің    бо йына  этно с
болмысына, оның рухани заттық (материалдық)
мәдениетіне,  дүниетанымына,  салт-дәстүр,
әдет-ғұрып,  наным-сеніміне  т.б.  қатысты  бай
ақпарат  жинақталғанын  ескерсек,  олардың
этнос болмысын танып-білуге қосар үлесі зор.
Қазақ  тіліндегі  астарлы  мағыналы  мақал-
мәтелдердің    молдығы  сол  тілде  сөйлеуші
ұлттың  танымдық  деңгейінің  тереңдігін
көрсетеді.  Яғни,  мақал-мәтелдер  халық
танымындағы ұғымдармен тікелей байланысты
болып, ұлттың менталитетті  танытатын тілдік
көрсеткіші болып табылады [1, 25 б.].
Мақал-мәтелдер бұрын да, қазір де көбінесе
ауыз  әдебиетінің  кіші  жанры  ретінде
әдебиетшілер 
тарапынан, 
ұлттық
фило со фияның  т анымдық  негізі  ретінде
философтар  тарапынан,  ұлттық  диалектика
бұлағы  ретінде  педагогтар  тарапынан,  көркем
шығарма аудармасымен шұғылданушылар оның
баламасын  дұрыс  беру  тұрғысынан  зерттеп
келген болса, академик Ә.Қайдар негізін салған
жолмен  келе  жатқан  тілші-ғалымдар  әбден
тұрақтанған,  қолдануға  сайланып,  жұрт
жадында  дайын  тұратын  көркем  сөз
арсеналының аса бір қуатты да құнарлы, бейнелі
де  әсерлі  тіл  құралы,  тұрақтанған  күрделі
мағыналық бірлік ретінде қарастыруда. Мақал-
мәтелдер  ендігі  жерде:  1)  фразеологизмдерге
кейбір  ұқсастығына  қарай  –  фразеология
объектісі,  құрам-құрылымы  тұрғысынан  –
синтаксис  объектісі,  мағына,  т ақырып
тұрғысынан  –  жалпы  лексикология  объектісі,
қолданыс,  тілдік  норма  тұрғысынан  –
стилистика  объектісі  болып  отыр.  Сонымен
қатар мақал  мәтелдердің мән-мағынасы  мен о
бастағы  жасалу  уәжіне  тереңірек  үңілуге
байланысты  оның  этнолингвистикалық  қыр-
сыры да ашыла бастағанын соңғы кезде жарық
көріп  жатқан  еңбектерден  көреміз.  Ғалым
Ә.Қайдардың  бұл  саладағы  өзіндік  түсінік-
тұжырымы  бо йынша,  «фразеоло гиялық
тіркестер де, Мақал-мәтелдер де – тіл астында
тілі бар құбылыс».
Мақал-мәтелдер 
фразеоло гиялық
тіркестерден  өзгеше  лексика-грамматикалық
параллель қатар түзейді, өздеріне тән айырым
белгілерге ие. Мақал-мәтелдер фразеологизмдер
сияқты  компоненттері  тұрақты,  о рын
ауыстыруға болмайды.
Фразеологиялық  тіркестерден  мақал-
мәтелдердің айырмашылығы – эмоционалдық-
экспрессивтік  немесе  әр  түрлі  мезгілдік  не
мөлшерлік  өлшем  бірліктерінің  орнына
нақтылай  белгілі  бір  тұжырымды  ой  түйінін
білдіреді.
Біз  мақал-мәтелдердің  этнолингвистикалық
сипатын  анықтау  деп  –  көне  дәуірден  келе
жатқан  тұла  бо йы  т арихқа  толы  мақал-
мәтелдердің мағына қалыптасуының уәждерін,
шығу  тарихын,  дерек  көздерін,  қазіргі  тілдегі
қолданылуын, яғни ауыспалы мағыналарының
қалыптасуын  зерттеуді  айтамыз.  Мағына
қалыптасуындағы  уәждері  дегенді  –  мақал-
мәтелдердің  шығуына  негіз  болған  жағдайлар
деп түсінеміз. Біртұтас жүйесін, тұлға-тұрпаты
мен мән-мағынасын сақтап қалған әрбір мақал-
мәтелдердің 
ішкі 
фо рмасынан, 
яғни
мағынасынан ұлттық діл, мәдени-ұлттық нақыш
айқын  көрінеді.  Тілді  халықтың  рухани
мәдениеті мен тарихына, салт-дәстүріне, ұлттық
дүниетанымына байланыстыра зерттеуді мақсат
ететін  этнолингвистика  болғандықтан,  мақал-
мәтелдер  тіл  білімінің  осы  жаңа  да  құнарлы
саласының зерттеу нысаны бола алатынына көз
жеткіземіз  Этностың  өткендегі  тарихы  мен
этнографиялық  байлығы  көрінетін  мақал-
мәтелдер  тарихымызды,  халқымызды  тануда
маңызды төл тарихи деректеріміз.
Фразеологизмдер сияқты, мұнда  да күрделі
мәселе  – мақал-  мәтелдердің  тілде пайда  болу
факторлары мен дами келе, адамға (оның сын-
сипатына,  мінез-құлқына,  іс-әрекетіне,  қалып-
күйіне  т.б.  қасиеттеріне)  ауысу  уәждерін  тап
басып,  дәл  айқындау,  мән-жайын  таратып,
түсіндіру.
Әр  халықтың  мақал-мәтелдері  –  сол
халықтың  өзі  жасап  алған  ло гикалық
формуласы,  ережесі.  Ол  кез  келген  оқиғаның,
мәселенің  тұсында  еске  түседі,  тілге  оралады.
Сөйтіп,  көп  ойлауды,  ұзақ  баяндауды  керек
ететін қиын нәрсені жеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ
ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады.
Мақал-  мәтелдердің 
пайда 
болып,
2013 №2 (19)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

68
қалыптасуы үлкен екі түрлі объективті факторға
байланысты  екенін  академик  Ә.Қайдар  өз
зерттеуінде атап көрсетеді [2]. Оның біреуі және
негізгісі  –  ішкі  фактор  да,  екіншісі  –  сыртқы
фактор.  Мақал-мәтелдердің  ішкі  факторға
байланысты  пайда  болып,  қалыптасуын  әрбір
этно стық 
қауымның 
халық 
болып
қалыптасуының ұзақ тарихи процесіне, рухани
өмірі  мен  мәдени-әлеуметтік  жағдаятына,
тіршілік-тірлігі  мен  күн  көріс  тәсілдеріне,
өзіндік  дүние  танымы  мен  болмыстағы
құндылықтарды  бағалай  білуіне  байланысты
деп  білсек,  сыртқы  факторын  сол  этникалық
қауымның  бір  табиғи  ортада,  жағырапиялық
аумақта (уақытша не тұрақты) бірге жасап, біте
қайнасып  кеткен 
басқа  халықтармен
араласуының, бір-біріне тигізген рухани-мәдени
әсеріне байланысты деп қараған жөн.
Қазақ 
тіліндегі 
мақал-мәтелдерді
этнолингвистикалық  тұрғыдан  зерттеу  ісінде
академик Ә.Қайдардың «Халық даналығы» атты
зерттеуі  құнды  еңбек  болып  саналады.  Бұл
зерттеуде  ғалым  тіліміздегі  қолданылатын
мақал-мәтелдерге  этнолингвистикалық  түсінік
береді  және  мақал-мәтелдердің  табиғатына
ғылыми талдау жасайды.
Біз  де  зерттеу  жұмысымызда  осы  еңбекті
басшылыққа ала отырып, сөздік қорымыздағы
«до стық» 
концептісіне 
байланысты
қалыптасқан  мақал-мәтелдердің  бірқатарын
ұсындық:
Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды. Шынайы
дос кемшілігіңді емес, артықшылығыңды ақыл-
ой, парасат ұйытқысы. Басыңа қарап танығысы
келсе,  дұшпан  керісінше,  кемшілігіңді  осал
жеріңнен,  яғни,  былғаныш  болып  жүретін
аяғыңнан тапқысы келіп тұрады. Оның тек аяққа
қарайтын себебі сол.
Дос  есебі  көңілде.  Дос  адамдар  көңілмен
табысып,  көңілмен  түсінісе  білетіндер.
Сондықтан  достықтың    бұзыла  қоймайтын
ұйытқысы алыс-беріс, қарым-қатынастың басқа
түрінде  еме с,  ең  алдымен  сол  көңіл
жақындығынағана,  өзара  түсіністікке  ғана
байланысты болмақ.
Дос  көңілде  болмасын,  көңіліңде  болсын.
Достар  үшін  достық  тек  көңілде  ғана  болуы
жеткіліксіз.  Шынайы  достық  дос  адамдардың
ылғи көңілінде жүргені абзал. Демек, «көңілде
болу»  мен    «көңілінде  жүрудің»    мәнінде  зор
айырмашылық бар. Біріншісі реті келсе еске алу,
еске түсіру,  екіншісі,» әрқашанда есінде сақтау,
бір сәт те ұмытпау».
Досы  көппен  сыйлас,  Досы  азбен  сырлас.
До сы  көп  бір  адаммен  сыйлассаң,  оның
сырласып  жүрген  көп  досымен  де    сыйлас
болғаның. 
Сыйлас 
до сыңның 
санын
көбейткенің.  Досы  көп  адаммен    сырласуға
болмайды,  өйткені,    сырың  көптің  арасына
шашылып та, тез тарап кетуі ықтимал.
Досыңнан  көңілің  қалса  да,  одан  қолыңды
үзбе. Дос болып жүрген адамыңмен қас болу  өте
қауіпті., өйткені, ол жақын жүргендіктен сенің
барлық  сырыңды,  кемшілігіңді  басқалардан
жақсы  біледі.  өштессе  зиян  келтіруі  де  оңай,
сондықтан  онымен  өкпелессең  де  онымен
біржолата қол үзбеу қажет.
До сыңның 
пышағымен 
мүйіз 
ке с,
Дұшпаныңның  пышағымен  киіз  кес.  1.  мүйіз
ке скен  до сыңның  пышағы  сынып  қалс а,
басқалардай  емес,  ол  көп  ренжімейді,
дұшпаныңның  пышағын  тек  киіз  және    сол
сияқты  жұмсақ  затт арды  кесіп,  ұқыпты
пайдаланбасаң,  сынып  қалса  дауласып,  реніш
білдіруі  мүмкін.2.  ауыс.    досың  қиналса  да
шыдайтын,  қиын  іске  салып  шыда.  Жауыңды
жанықтырғың  келмесе,  оңай  іс  тапсырып,
жеңіл- желпі араласқаның жөн.
Дос  іздесең,  жақыннан  ізде,  Қас  іздесең
алыстан  ізде.  Ауыс.  дос  адамның  іздегенде
жанынан  табылғаны  жақсы.  Қас-дұшпанның
алыста жүргені жақсы. Өйткені, досың– керек
адам, оның жақын жүргені жөн, қасыңды өзің
іздемейсің, ал ол іздей қалса, сен алыста жүр[
2, 274-275 бб.] .
Демек,  кез-келген  мақал-мәтелдер  жайдан-
жай айтылмайды, белгілі мақсатты ойды жүзеге
асыру үшін, тыңдаушының жан сезіміне ерекше
әсер ету үшін қолданылады. Мақал- мәтелдердің
көпшілігі  игі  қасиеттерге  үндеу,  уағыздау
сипатында болады.
Әдебиет
1. Дина Б. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің
танымдық прагматикалық аспектісі. Ф.ғ.к. дисс.
қолжазбасы. 10.02.02. – Алматы, 2002, - 110 б.
2013 №2 (19)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

69
2.  Қайдар  Ә.  Халық  даналығы.  -  Алматы:
«Тоғанай Т», 2004. -560 б.
Резюме
Resume
2013 №2 (19)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
В этой статье анализируется функционирования концепта «дружба» в пословицах.
There was analyzed functioning of the concept of "friendship" in the proverbs was analyzed in the
article.

70
2013 №2 (19)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
Ә. ТЛЕУБЕРДИЕВА, 2-курс магистранты
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
М.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МЕНТАЛЬДЫ
ДҮНИЕСІНЕ ТӘН ПРЕЦЕДЕНТТІ БІРЛІКТЕР ҚОЛДАНЫСЫ МЕН АТАҚ-ЛАУАЗЫМ
АТАУЛАРЫ
Бұл  мақалада  М.Әуезов  шығармаларындағы  қазақ  халқының  ментальды  дүниесіне  тән
прецедентті бірліктер қолданысы мен атақ-лауазым атаулары қарастырылады.
Тірек сөздер: лингвомәдениттану, этноним, геноним, патроним, коннотация, прецеденттік
атаулар.
Этностың  өзіндік  болмысын  оның  «тілдік
әлемі» арқылы танып-білу  маңызды. Сондай-
ақ    ұлттың  өткенін  білу  бүгіні  мен  болашағы
үшін  де  аса  қажет.Этноәлеуметтік  атаулардың
әрқайсысында  түрлі  мәдени  ақпараттар    бар,
олардың  генетикалық  сипаты,  пайда  болу
тарихы мен шежіресі жайында этимологиялық,
этнографиялық зерттеулер арқылы мол ақпарат
алуға болады.
Этнонимдер, оның ішінде Шығыс Қазақстан
аймағына  қарасты    ру-тайпа  атауларының  да
белгілі бір кезеңдегі қоғамның даму барысынан,
оның  әлеуметтік  жағдаяттарынан,  ұстанған
ұстанымдарынан,  тарихи  оқиғалардан  көрініс
беріп  отыратындығын  ұлы  суреткер  жазушы
М.Әуезо в  шығармаларында  кездесетін
этнонимдерді  бағдарлау  арқылы  да  көруге
болады.Және  ол  этнонимдер  құнды  тілдік
дереккөз  болып  табылатындығын  айырықша
айтуға болады.
М.Әуезо в 
шығармаларындағы
этноәлеуметтік мазмұндағы атаулар ежелгі қазақ
қауымының туыстық, генеалогиялық байланыс
ұғымына  қатысты  пайда  болып,  ол  халықтың
санасында,  дүниетанымы  мен  рухани
мәдениетінде  кең көрініс тауып, тілдік бірліктер
арқылы вербалданған.  Қазақ халқының тарихи,
ірі этнонимдік бірліктерімен қатар генонимдер
мен  патронимдер  кең  қолданыс  т апқан:
То бықты,  Ырғызбай,Уақ,  Бура,  Найман,
Жалықбас,  Бәсентиін,  Матай,     Әнет,      Керей,
Мұрын,  Сыбан,  Бошан,  Шоқантай  Топай,
Торғай, Көтібақ, Жуантаяқ, Сақ-Тоғалақ, Көкше,
Бұғылы  болысындағы  Қарамырза,  Тасболат
және Есболат, Мамайдың ең үлкен руы – Мырза.
Бұл аталғандардан Тобықты руы мен басқа ру-
тайпалардың  туыстық,  генеалогиялық
байланысын аңғарамыз. Қазақ халқына тән ру
ат ауларының 
әрқайсысы 
қоғамдық,
географиялық тұрғыдан да,  әлеуметтік жағынан
да мәдени, тарихи ақпараттарға ие тілдік таңба.
Онда  бүкіл  қоғамдық  сананың  таным-түсінігі,
болмысы көрініс тапқан.
Мәселен, «Абай жолы» роман-эпопеясында
кездесетін ұлттық этноәлеуметтік атаулар да сол
қоғамдық  ортаның  мәдени-шаруашылық
тәжірибесінен  мол  ақпарат  береді.  Сондай-ақ
этноәлеуметтік  атаулар  лингвомәдени  таңба
ретінде  өзінің  тарихи-мәдени  семантикасында
түрлі  мәдени  коннотацияларды  жинақтайды.
Мәдени коннотация әртүрлі ескі семиотикалық
жүйені,  яғни  тіл  мен  мәдениетті  салыстырып,
олардың байланысын іске асырады. Романдағы
Жiгiтек, Көкен,  Үйсін, Дулат,  Арғын, Найман,
Ноғай,  Каракесек  т.б.  тәрізді  ру  атаулары  өз
бойында белгілі бір қоғамдастыққа байланысты
аялық білімдер жүйесін жинақтап, прецедентті
атау ретінде ұлттың ментальды дүниесі туралы
ӘОЖ 811.512.122

71
2013 №2 (19)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
мәдени  ақпараттардың  қоймасы  қызметін
атқарады.
Тіл  –  күрделі  жүйе.  «Этнос  пен  оның  тілін
біртұтас, өзара тығыз байланысты құбылыс деп
қарасақ, тіл қоғамда тек сол этностың қарым-
қатынас  құралы  ретінде  ғана  емес,  сонымен
қатар,  оның  (этностың)  бүкіл  рухани,  мәдени
байлығының  куәгері  іспетті  барлық  болмысы
мен өмір тіршілігінің, дүниетанымы мен әдет-
ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасы, асыл қазына
ретінде  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізіп  отыратын
қызметі  бар. Сондай-ақ тілдік бірліктер соңғы
кезеңде тіл білімінде әр түрлі пәндердің аясында
қарастырылып зерттеліп жүр.
Лингвомәдени  жүйеде  анықт алатын
бірліктер  қатарына    прецеденттік  бірліктер
жатқызылады.    Прецеденттік  бірліктер  көне
дәуірлерден  этникалық  ақпарат  жеткізетін
тарихи,  мәдени  және  рухани  әлеуметтік
құбылыс.  Осы  жүйеге  кіретін  прецеденттік
бірліктердің  бойынан  халықтың  этномәдени
және  тарихи  болмысына  қатысты  алуан  түрлі
ақпараттар көрініс табады.
Халық жадында өткені мен бүгінгісін жалғап,
белгілі  бір  дәрежеде  «көпір»  іспеттес  бола
алатын  прецеденттік  ұғымына,  прецеденттік
құбылыс  түсінігіне,  оның  ішінде  прецеденттік
мәтін термині орыс тіл білімінде 1986 ж. орыс
тілі  мен  әдебиеті  оқытушыларының  YI
халықаралық  ко нгре сінде  Ю.Н.Караулов
енгізген болатын.
Қазақ  тіл  білімінде  прецеденттік  терминін
қолданбағанмен,  осы  мәселенің  прецеденттік
есімдерге  қатысты  бір  қырын  зерттеген
ғалымдардан  Т.Жанұзақов,  Т.Қо ңыро в,
Е.Керімбаевты атауға болады.
Прецеденттік айтылымға атақты адамдардың
сөздерінен  цитата  келтіру,  ұран  сөздер  мен
қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді жатқызады.
Ал  тұрақты  тіркестерді  прецеденттік
бірліктердің 
сөздің 
баламасы 
бола
алатындықтан,  қолдану  барысында  «қайта
жаңғыру»  қасиетіне  ие  еместігін,  сондай-ақ
тұрақты  тіркестердің  астарында  прецеденттік
жағдаяттың  немесе  прецеденттік  мәтіннің
болмайтынын  ескеріп,   кейбір ғалымдар  (В.В.
Красных)  оларды  (тұрақты  тіркестерді)
прецеденттік  айтылымдарға  жатқызбайды.  Ал
Қ.Рысберген тұрақты тіркестердің құрамындағы
прецеденттіліктің  бар  болуына  және  оның
сақталу  дәрежесіне  қарай  фразеологиялық
тіркестерді  прецеденттік  айтылымдардың
қатарына жатқыза отырып, мысал ретінде қазақ
тіліндегі  «Күлтөбенің  басында  күнде  жиын»
тұрақты тіркесін  келтіреді.
Ұлттық когнитивті сананы иеленуші белгілі
бір  этностың  өкілі  реципиент  (қабылдаушы)
ретінде  ешқандай  қиындықсыз  ұлттық-
прецедентті есімді  қабылдайды, себебі  ұлттық
санадағы  реципиент  ұлттық  мазмұнды
прецедентті  есімде  жинақталған,  сақталған
ақпараттарды  бірден  ұғып,  күмәнсіз  түсінеді.
Мәселен,  шығармадағы  Ырғызбай,  Борсық,
Көкше, Көтібақ, Бөкенші Торғай, Топай, Әнет
т.б.  этнонимдері  бір  географиялық  ортадағы
этно стық  құрылым  жүйесін  көрсет се,
екіншіден,  этностың  шежіресіне  қатысты
мәдени 
ақпараттарды 
белгілейді.
Этноәлеуметтік атаулардың әрқайсысында түрлі
мәдени ақпараттар  бар, олардың генетикалық
сипаты,  пайда  болу  тарихы  мен  шежіресі
жайында  этимологиялық,  этнографиялық
зерттеулер арқылы мол мағлұмат алуға болады.
Оның  кейбірін  мәтіннің  мазмұны  арқылы
анықтай  алсақ,  кейбірі  жабық  код  күйінше
ақпараттық қорды иеленіп отыр.
«Абай  жолы»  романындағы  этноәлеуметтік
атаулардың  мол  қолданылуы  сол  тұстағы  ел
аумағын  құрайтын  этностың  даму  тарихын
айғақтайды.  Абай  дәуіріндегі  тайпалық
одақтардың құрамын, қалыптасып,  мемлекеттік
құрылым  ретінде  дамып  келе  жатқан
онимдердің  қатарын  толықтырады.  Тілдік
ұжымның  танымы,  қоршаған  ортаны
қабылдауы,  ұлттық  өмірлік  тәжірибені  санаға
сіңіруі  этно стың  тарихы  мен  мәдениеті,
шежіресі  туралы  ақпаратты  шынай  бере  білу
қаламгердің  шеберлігіне  де  байланысты.
Мәселен,    «Ырғызбай»,  «Олжай»,  «Топай»,
«Торғай»,  «Айдос»  тәрізді  ру  ұрандарының
семантикасы  мен  «көз  таңба»,  «ашамай»,
«шөміш»  тәрізді ру таңбаларының сипатынан
этностың бірігу идеологиясын аңғарамыз.
Қазақ халқының ментальды дүниесіне тән ру,
тайпа, ата,  тек, жеті  ата, ел,  жұрт, сүйек,  жүз,
алаш, аталас т.б. атауларда ұлттық қазына, мол

72
мұра  жатыр.  Оның  көрінісін  М.Әуезов
шығармаларынан  байқауға  болады:  Ордадағы
Мамайдан, Шыңғыстағы Көкшеден де жоқтық
қанатын  қырқып,  шабан-шардақ  болған
тайпалар  бар  (Абай  жолы,  111б.).  Мамай-
Әйгерімді айттырған жер Мамайдың өз руының
бірі  екен  (Абай  жолы,  38б.).  Олар-  Абайдың
өзінің аталас елі емес, Мамайдан шыққан жатақ
балалары    (Абай  жолы,  295б.).  Біреуі  –
Ырғызбайдың белгілі қырты Жұман, екіншісі –
дәл  сондай  аталас,  жақын,  Өсер  ауылнікі-
бақырауық Мақа болатын (Абай жолы, 7б.).
Мұндай  құндылықтар  қазақ  халықтың  сан
ғасырлық  өмір  тәжірибесі.  Ата-бабаларымыз
басқа  халықтар  сияқты    жаңадан  құрылған
қауымдағы  билік  ету,  ұжымды  ұйымдастыру
жүйесін  қалай  болса,  солай  емес,    қоғамдық-
әлеуметтік қажеттіліктен туындаған  ыңғайына
қарай құра білген.  Сондықтан сол бір кезеңнің
өзінде  бір  атақ-лауазымның  мәні,  екінші  атақ-
лауазымның 
атқаратын 
жүгі 
мен
жауапкершілігіне  қарай  сатыланған.      Жоғары
не  төмен  болуына,  мәртебесіне  қарай  билік
жүргізу  тәртібіне,  сый-құрметіне  т.б.
ерекшеліктеріне сәйкес анықталып, белгіленген.
Міне,  о сы  заңды  талап  атақ-лауазым
жүйесінде  ғасырлар  бойындағы  тәжірбие
нәтижесінде  жалпы қоғам мақұлдап, қабылдауы
арқылы жүзеге асып, қалыптасқан. Лексикалық
байлықтың  ерекше  бір  саласын  құрайтын,
бірыңғай  тақырыптық  жүйе  ретінде    атақ-
лауазым    атауларының    белгілі  бір  мағыналық
топ  қалыптастыруы  –  қоғам,  қауым,  хандық,
ұлыс,  мемлекет  құрып    келген    барша    түркі
халықтары үшін көп жағдайда ортақ құбылыс.
Пайымдап қарағанда атақ-лауазымға ие болған
субьектілер    көп  жағдайда    өздері  басқарып
отырған  қоғамның бір сипаты болып саналады.
Атақ-лауазымға  байланысты  лексиканың
басты  ерекшелігі  –  өз  бастауын  сонау    көне
дәуірлерден  алып,  үнемі  даму  үстінде
қалыптасып, даму үдерісінде толығып,  өзгеріп,
жаңарып, жаңаланып отыруында. Сондықтан да
лексиканың  бұл  саласы  –  қазақ    этносының
сатылы  дамуының,  қоғамдық  өзгерісінің,  ру,
тайпа,  ұлыс,    халық,  ұлт  болып    қалыптасу
кезеңдерінің    бірден-бір  куәгері,  халықтың
өзімен де, тілімен де бірге дамып, біте қайнасып
келе жатқан мұрасы.
Осындай  атақ-лауазым атауларының қатарын
құрайтын бірнеше сөздердің жазушы М.Әуезов
шығармаларындағы  қолданысына,  оның  сол
кезеңде өмір сүрген қоғам, ру-тайпаға қатысын
зерделеп көз жүгіртсек. Мәселен, «батыр» сөзі
–  жаумен  шайқастарда  асқан  ерлік  жасаған,
қарсыласынан  ешқашан  тайсалмайтын,
қаймықпайтын, өз намысын,  ел намысын  өзгеге
таптатпайтын қаһарман, ержүрек адам. Жаумен
шайқаста жеке ерлік жасап, даңқы шыққан, сол
үшін  елдің  құрметіне  бөленген,  ел  ардақтаған
тұлға.  Байырғы  мәдени-тілдік  ұжымның
когнитивті  санасында    батыр  –  мәртебелі
әлеуметтік топтың өкілі, бірақ биден мәртебесі
жоғары емес (Би батырды жорыққа жұмсайды,
батыр биден  бата сұрайды). Батыр  өзінің ғана
емес, елдің намысын жоғары ұстайтын  тұлға.
Батырдың  ұстаған  туы,  найзасының  қылы,
дулығасы  т.б.  атадан  балаға  мирас  болып
қалады.    Мирастық  жол  жеті  атаға  дейін
сақталуы тиіс, батырдың мирасқа қалған затын
жеті  атаға  толғанша    бөтен  біреуге  бермейді.
Батыр өзіне атақ-дәрежесі теңдес қарсыласпен
жекпе-жекке  шығады.  Қарсыласының  жолын
сыйлап  кезегін береді. Осындай қасиеттері ел
есінде,  жадында  сақталып  берік  орын  алады.
Сондай  батырлар  олардың  ерлігі  турасында
М.Әуезов  шығармаларының  бірінде  Сыбан
руының  ішіндегі  белгілі  батыр  Төбет  батыр
туралы  былайша  суреттейді:  «Төбет  батыр
жайлы сөз  болады. Қарашаның   кезі  еді. Өрге
қарай  жүріп, Сыбанның ішіне жеткенімде сол
елдің Төбет деген батыры есіме түсті».  Әрбір
рудың  өз  ортасында  белді,  батыр,  шешен-биі
болатындығы, ел үлгі тұтатындығы баршамызға
аян.
Атақ-лауазым    қатарын  құрайтын  келесі
сөздің  бірі  –  «болыс».  Белгілі    бір  аймақ
болыстық деп аталатын болса, оның билеушісі
«болыс» болып белгіленеді.  Сөйтіп «болыс» сөзі
19  ғасырдағы  мемлекеттік  ел  басқару,  билік
жүйесінен  берік  орын  алған    атау  ретінде  жиі
жұмсалады.  «Болыс»  сөзі  кірме  атау  сияқты
болып көрінгенімен  оның түркі тектес сөзден
шыққандығы 
туралы 
мәлімет 
бар.
Е.Жанпейісовтың айтуына қарағанда, «болыс»
сөзін  о рыстың  «воло сть»  деген  сөзінен

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал