Бас редактор


жүктелетін қандай тұшымды міндеттерді



жүктеу 1.89 Mb.
Pdf просмотр
бет9/15
Дата11.01.2017
өлшемі1.89 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

жүктелетін қандай тұшымды міндеттерді 

атап өтер едіңіз?

–  Ұстаздың  оқушы  бойына  коммуника-

тивті  мәдениетті  қалыптастырудың  тиімді 

жолдары  мен  әдіс-тәсілдерін  білуі  тәрбие 

жұмыстарын  жүргізуде  үлкен  жетістікке 

жеткізеді.  Бұл  турасында  ұстаздың  мына-

дай  міндеттерін  айтуымызға  болады: 

Оқушылардың  дүниетанымын  кеңейту; 

Жеке  қаблеттерін  көре  білу,  оны  дамытуға 

толық  мүмкіндік  туғызу;  Қаблетіне  қарай 

шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға 

машықтандыру; Бойындағы қаситңіне қарай 

ізденуге  жол  көсету;  Өз  жұмысының  нәти-

жесін  көру;  Жеткен  жетістігіннен  ләззәт 

алуға  мүмкіндік  туғызу;  Білім  біліктерін 

қалыптастыру;  Оқушаардың  белсенділігін 

арттыру;  Оқу  үдерісінде  ұйымдастырушы 

болу.  Инновациялық  жаңалықтарды  тиімді 

пайдалану; Таным қаблеттерін анықтай оты-

рып,  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  баулу;  Іс-

керліктерін қалыптастыру. 

Ал,  оқушы  ұстаздардың  көрсеткен 

жолдарымен  мынадай  әрекеттерді  талпын-

ып  үйренуге  тиіс  деп  ойлаймын.  Олар:  қо-

ғамның  белсенді  азаматы  болуға,  қалаған 

іске  жауапкершілікпен  қарауға,  өз  ойын, 

көзқарасын  айта  білуге,  сұрақтар  қойып 

оны  жан-жақты  талқылай  білуге,  ойын 

еркін  жеткізіп,  шығармашылық  ізденістер 

қалыптастыруға, өз өзіне сын көзбен қарау-

ға, қабылетін жетілдіруге.

Біз осы аталған бағыттармен жұмыс жа-

сай отырып, білім мен тәрбие беру жүйесінің 

жаңа мазмүнға ие болуына қол жеткізбек піз, 

яғни, қазіргі мектеп бәсекеге қаблетті және 

құзіретті тұлғаны қалыптастыру мен дамы-

ту  үшін  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру 

ордасы болуы қажет. 

–  Лицей  жетістіктеріне  тоқтала  кет-

сеңіз.

–  Лицей  болып  ашылғаннан  бері  үш 

жыл  ішінде  айтарлықтай  жетістіктерге 

жеттік,  біздің  ұстаздар  аудандық,  қалалық, 

републикалық,  халқаралық  олимпиадалар 

мен  әрүрлі  ғылыми  жобалар  жеңімпаздар-

ын  тәрбиеледі.  Жыл  сайын  Алмалы  ауда-

ны  бойынша  ҰБТ  нәтижелерінен  жоғары 

көрсеткіштерге ие болуда. Мектеп ұжымы – 

жас, шығармашылық қуаты мол ұжым. 

–  Сіздердің  лицейде  тәрбие  мәселесі 

қан шылықты қолға алынған? 

–  Тәуелсіз  ел  тірегі  білімді  ұрпақ  десек, 

жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе 

–  білім  беру,  ғылымды  дамыту.  Өркениет 

біткеннің өзегі ғылым, білім, тәрбие кендігіне 

ешкімнің дауы жоқ. Осы орайда, мектептің 

жаны, мұғалімнің басты міндеті өз ұлтының 

тарихын,  мәдениетін,  тілін  қастерлей  және 

жалпы  оны  адамзаттық  деңгейдегі  рухани 

құндылықтарға  ұштастыра  білетін  тұлға 

тәрбиелеу. 

Жалпы,  қазақ  ұлты  бауырмал,  мейірімді 

қонақжай  ұлт.  Халқымыздың  шешендігі, 

көрегендігі, білгірлігі, алдын болжағыштығы 

өз  алдына  жеке  бір  қасиеттері  емес  пе? 

Осы қасиеттері қазіргі жас ұрпаққа дарыту 

кезек  күттермейтін  келелі  іс.  Қай  халық 

болмасын  өткенінен  сабақ  алады.  Өткені 

арқылы  болашағын  барлайды.  Жеткенімен 

мақтанады.  Біздің  де  алдымызға  қойып  от-

ырған үлкен мақсаттарымыздың бірі – оқу-

шыларымыздың  бойына  мақтан  тұтарлық 

қасиеттерді  тереңдеп  сіңіру,  ата-баба 

жолын  таныту  арқылы  осыған  қол  жеткізу. 

Лицейде  ардагер  ұстаздармен  кездесулер 

өткізіліп  тұрады.  Расын  айту  керек,  көпті 

көрген  көнкөз  қарияларымыздың,  қойнауы 

құпияға  толы  қарттарымыздың  азайып 

кетуіне  байланысты  көптеген  ұлттық 

құндылықтарымыз  жоғалыпта  бара  жатыр, 

бұл  –  өкінішті  жағдай.  Алайда,  осының 

орынын  толтырар,  ұлғатты  ата-әжелеріміз-

дің  орынын  алмастыратын,  ардақты 

ұстаздар  мен  ата-аналар.  Оқушыларға 

ұлттық 

құндылықтарды 



насихаттауда 

үнемі  алдына  жүретін  белсенді  ата-

аналарымыз  баршылық.  Сонымен  қатар, 

ұлттық 


құндылықтарды 

оқушыларға 

сіңіру  мақсатында  домбыра,  сурет,  шахмат 

үйірмелері  жұмыс  жасайды,  және  аталған 

үйірмелерге  деген  қызығушылық  өте 

жоғары  деңгеде.  Аталған  іс-шараларды  өт-

кізуде  салт-дәстүрлерді  дәріптеумен  қатар, 

оқу шылардың сезімін, мінезін, адамгершілік 

қасиетін  ұштауға  атақты  домбрашылар-

дың, суретшілердің өмірбаянымен, жасаған 

жұмыстарымен  таныстыруға  ерекше  көң іл 

бөлінеді. 

Әр  оқу  жылының  басында  бекітілген 

тәрбие  жұмысының  жылдық  жоспарына 

сәйкес, лицей тәрбиеленушілері үшін алуан 

түрлі  сынып  сағаттары,  тәрбие  сағаттары 

ұйымдастырылады.  Білім  мен  тәрбие  егіз. 

Кемеңгерліктің  қос  қанаты  осы  білім  мен 

тәрбие  болып  табылады.  Тәрбиенің  өзі 

күнделікті  сабақтың  әрбір  сәтінде  оқушы 

бойына сіңіре бастайды. Лицей оқушылары 

ұлттық қасиеттерді, құндылықтары жеке бір 

тәрбие  сағаттарында  ғана  емес,  бүтіндей 

лицейдің  тыныс-тіршілігі  аясында  да 

атқарылып жатыр. 

Әңгімелескен: Құрманғали Анар


65

64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТАМЫРЫ САНАЛЫ ТӘРБИЕДЕ

Сабырова З.Қ. –   

Тәрбие ісі жөніндегі проректор

Айдарбекова А.А.–   

Физика магистрі, аға тәлімгер-эдвайзер

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

әдістемелік көмек ретінде эдвайзер ережесі 

жасалып,  студенттермен  жүргізілетін  тәр-

бие жұмыстары айқындалды. Университет те 

ортақ  мүдделерін  ортаға  салатын,  қызығу-

шылықтарын  көрсете  алатын  қыздарға  ар-

нал ған клубтар мен ұйымдар құрылды. 

Қазіргі  таңда  университет  тәрбие  беру 

саласы  бойынша  негізгі  стратегиясын  қа-

был дады.  Бұл  стратегия  тәрбие  жұмысы 

саласында келесі міндеттерді белгілейді:

Бірінші  міндет      Университеттің  тәр-

бие  жүйесін  жаңа  парадигмаға  және  қазақ-

стандық  жоғары  білім  беру  орталықтарын-

да  құрылатын  білім  берудің  жаңа  ұлттық 

үлгісіне сәйкестендіру. 

Екінші міндет   болашақ мамандарды тек 

кә сіби құзырлылықты ғана емес, сындарлы 

әлеуметтік-мәдени анықталу, Университетте 

ашық ақпараттық, білім беру, қызметтік жә-

не  коммуникациялық  әлеуметтік  кеңістік ті 

құру.


Үшінші міндет   кәсібилік қасиеттермен 

қатар болашақ маманның бойында жаһан дану 

жағдайында  басқа  ұлттардың  мәдениетіне 

нұқсан  келтірмей,  оның  дәстүрін,  ұлттың 

мәдени  қайнар  көзін  бағалауға  және  сақ-

тауға,  терең  түсінуге  қабілетті,  халық ара-

лық стандарттар деңгейінде ұлттың мәде ни 

қабатын қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету.

Төртінші міндет   Отаны мен өзінің көр -

кем деуіне бағытталған дұрыс таңдау жасап, 

өзіндік шешім қабылдауға қабілетті, жауап-

кершілігі мықты және басқа да адамгершілігі 

берік, жасампаздық оң көзқарастағы азамат 

тұлғасын қалыптастыру;

Бесінші міндет   тұлғаның тиімді кәсі би 

өсуі мен өзін-өзі дамытуы, болашақ маман-

ның әлеуметтік білікті және жауапкершілікті 

өсуі  үшін,  өзінің  рухани,  интеллектуалды, 

өнегелі өмірі, денсаулығы мен көркеюі үшін 

жағдай жасау.

Алтыншы міндет   болашақ мамандардың 

бойында  интеллектуалды  және  құзіреттілік 

мәдениетін қалыптастыру.

Мұнда  тәрбиенің  басты  бұлағы  –  «ана 

мектебі»,  сондықтан,  қыз  бала  тәрбиесіне 

ерекше  көңіл  бөлу,  оларды  келешекте 

отанасы деп есептеп қыз баланы отбасының 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  жастар  

еліміздің  жарқын  болашағы  деп  үнемі  айт-

ып  келеді.    Еліміздің  жастарының  заманға 

сай  білім  алып,  денсаулықтары  мықты 

болып,  еңбекке  араласуына  жан-жақты 

жағдай  жасалуда.  Бұл  –  Мемлекет  басшы-

сы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  ең 

негізгі стратегиясы бағыттарының бірі. Осы 

бағыттар  арқылы  экономикада,  саясатта, 

әлеу меттік  және  басқа  да  салаларда  ерен 

табыстарға  жетіп  отырмыз.  Спорттағы 

қазіргі  тамаша  жетістіктеріміз  де  осыған 

куә. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Назарбаев 

Университетінде»  оқыған  лекциясында: 

«Ме нің  дәрісімді  еліміздің    миллиондаған 

жас  өрендері  тыңдап  отыр.  Мен  оларға: 

сендер  біздің  болашағымызсыңдар,  еліміз-

дің  келешегі  сендердің  қолдарыңда»      деп 

атап  өтті.  Университеттегі  тәрбие  жұмысы 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауларын-

да, жастарға арналған онлайн дәрістеріндегі 

алға  қойған  міндеттері  негізінде  Білім 

және ғылым министрлігінің әр оқу жылына 

арналған  тәрбие  жұмысы  және  жастар 

саясаты  жөніндегі  жылдық  нұсқауларына 

сәйкес  жоспарланған  тәрбие  бағыттары 

бойынша жүргізіледі. Елбасымыздың халық-

қа  Жолдауларының  басым  бағыттарының 

бірі – тәрбие ұлттың рухани тамыры екендігі 

басты назарда.

Үшінші  мыңжылдықтың  табалдырығын 

аттаған  заманда  университетіміздегі  білім 

алушыларға  тәлім  берудегі  мақсатымыз 

–  қазіргі  ғаламдану  заманында  ұлттық 

мектепте  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру-

дың  концепциясы  мен  стратегиясын  құру, 

ғылым-білім  пәндерін  әлемдік  стандартқа 

сәйкестендіру  барысында  тек  ана  тілі 

құнарында  өркендету,  кәсіби  еңбек  тәрбие-

сін  және  саламатты  өмір  салтын  дамыту 

болып табылады. 

Университетіміздің ең негізгі міндеті   әд-

ет-ғұрпымызды,  салт-дәстүрімізді  ұстана

-

тын,  елінің  патриоты,  қоғамда  белсенді, 



ұлттық  сана-сезімі  жоғары,  жаңашыл 

ұрпақты  тәрбиелеу.  Бүгінгі  жастардың 

ертеңгі  әлеуметтік  –  саяси  қоғам  мүшесі 

ретінде  қалыптасуында  тәлім-тәрбиенің 

маңы зы зор екендігі белгілі.

Қазақ    ағартушысы    Мағжан  Жұма баев: 

«...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасын-

да өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандық-

тан,  тәрбиеші  баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен 

тәрбиелеуге міндетті» деген. Бұл жас ұрпаққа 

ұлттық  тәрбие  және  жоғары  білім  беру  ең 

алдымен  оқытушының  даярлығына,  оның 

іс-тәжірибесінің  шыңдалуына  байланысты 

екендігін  көрсетеді.  Біздің  университет-

те  тәрбие  жұмысын  ақпараттық-талдау, 

ұйымдастырушылық  және  әдістемелік  қам-

тамасыз  ету,  азаматтық-патриоттық  жә-

не  құқықтық,  рухани-адамгершілік,  жас 

таланттарды  қолдауға  және  дамытуға,  сту-

денттердің  бойында  әлеуметтік  маңызды 

қасиеттер  мен  коммуникативті  мәдениетті 

қалыптастыруға    бағытталған  іс-шаралар 

ұдайы жүргізіледі. 

Қазіргі  таңдағы  толастамайтын  ақ-

параттар  ағыны  жас  буынға  әртүрлі  әсер 

етеді,  университетіміз  қанаты  қатпаған 

жастарымызды  тәрбиелеу  ісін  оқыту 

үдерісіне  орайластырып,  педагогикалық 

іс-әрекеттің 

қажетті 


бөлігі 

ретінде 


жүзеге  асырып  келеді.  Осы  оқу  жылында 

университетте  258  эдвайзер  жұмыс  жасап 

келеді. 

Университет 

эдвайзерлеріне 

береке-құтын  сақтайтын  келін,  ана  ретінде 

имандылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, 

кешірімділікке, жан сұлулығы мен тән сұлу-

лығының  жарасымды  қасиеттеріне  жас-

тайынан бейімдеу; отбасына қажетті іскерлік 

пен  дәстүрлі  еңбектің  түрлеріне:  ас  пісіру, 

іс  тігу,  кесте  тоқу,  үй  ішін,  өзін-өзі  таза 

ұстау,  үнемдеу,  бала  тәрбиелеу,  т.б.  үйрету, 

дағдыландыру қажет.

Білім беру жүйесін жаңғырту үшін бәсе-

кеге  қабілетті  білімді  меңгерген,  ой-өрісі 

дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және 

адамгершілік  ұстанымы,  отансүйгіштік 

сезімі  мен  әлеуметтік  жауапкершілігі 

қалыптасқан  зияткер  ұлтты  қалыптастыру 

болып табылады. 

Жалпы  жоғары  оқу  орындарында  сту-

денттерді тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу 

мәселелері өте маңызды. Университетіміздің 

Әлеуметтік  мәселелер  және  тәрбие  ісі 

жөніндегі  бөлім  осы  бағыттағы  жұмысты 

қарқынды жүргізіп келеді деп айтуға болады.  

Мамандықтар  бойынша  білімге,  шеберлік-

ке,  дағдыға  ие  болу,  болашақ  маман  және 

әлеуметтік  белсенді  тұлға  үшін  жеткіліксіз 

болып табылады. 

Елбасы  міндеттеп  отырған  интел-

лектуалды  ұрпақты  қалыптастыру  үшін 

студенттерді тек мамандандырып қана қой-

май,  дұрыс  тәрбие  жұмыстарын  жүргізу 

қажет.  Бұл  бағыт  Қыздар  университетінде 

қарқынды  дамуда.  Университет  оқытудың 

кредиттік  технологиясына  толық  көшуіне 

байланысты  тәрбие  үдерісі  дербестігінің 

алғышарты болып табылатын оқытудың бел-

сенділігі  жандандырылды.  Бұл  үдерістегі 

тәрбие жұмысының аса маңызды субъектісі 

куратор-эдвайзер болып табылады. Кура тор-

эдвайзер  –  студенттермен  тәрбие  жұмысын 

жүргізу  барысында  негізгі  тұлға.  Куратор-

эдвайзердің  басты  мақсаты  –  жастардың 

тұлғалық  дамуының  үйлесімділігін  қа-

лып тастыру,  студенттерді  азаматтық  бел-

сенділікке тәрбиелеу, оқу жоспары аясында 

білім  алу  траекториясының  таңдамалығы 

не гізінде өзін-өзі қалыптастыру мен өзін-өзі 

көрсету қабілеттерін дамыту.



67

66

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Куратор-эдвайзерлердің  негізгі  міндеті 

оқу  тобында  тәрбие  жұмысын  ұйымдас-

тыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және 

студенттерді университеттің қоғамдық және 

шы ғармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу 

траекториясын  таңдауға  (жеке  оқу  жоспа-

рын құрастыру) ықпал ету және білім алу ке-

зеңі барысында білім алу бағдарламаларын 

меңгерту. 

Нағыз маманды қалыптастыру көбіне дұ-

рыс  құрылған  оқу-тәрбие  үдерісіне  тәуелді 

болады, сондықтан да куратор-эдвайзер сту-

денттен маман дайындауға тікелей жауапты. 

Тәрбиені  ұтымды  үйлестірген  ұтады  деген 

ұғыммен  куратор-эдвайзерлер  жұмысын 

үйлестіруде  кафедрадағы  тәрбие  қызметі-

нің  мүмкіншіліктерін  ұтымды  пайдалануға 

ерекше  көңіл  бөлген  жөн.  Себебі  кафедра 

–  білім,  ғылым,  тәрбиені  қатар  алып  жү-

ретін  бірден-бір  басты  университет  құры-

лымы.  Кафедрада  оқытушыларының  әр-

дайым  студенттермен  бір  аумақта  кездесу 

ықтималдығы  көп  болғандықтан,  тәрбие 

жұмысын жақсарту мүмкіндігі де артады. 

Білім  алушылармен  жұмыс  жасауда 

оларға  деген  махаббат  және  олармен 

қарым-қатынаста  көрінетін  педагогикалық 

қабілеттілік  те  өте  маңызды  болып 

табылады.  Ж.Ж.  Руссо:  «Ұстаз  болу  өз 

уақытын  аямау,  өзгенің  бақытын  аялау», 

–  деп  бекер  айтпаған.  Болашақ  жас  маман-

ның  қалыптасуы  үшін,  үздіксіз  еңбек  пен 

білгірлік,  сыни  пікір,  интуиция,  оптимизм, 

тапқырлық,  алдын  ала  болжам,  рефлексия 

және  педагогикалық  сауаттылық  маңызды 

кәсіби қасиет болып табылады. 

Университетте  куратор-эдвайзерлердің 

тәр бие қызметі рейтингісі көрсеткіштері де 

ескеріліп,  тәлімгер  беделін  арттыру  тетігі 

жасалынып,  куратор-эдвайзерлердің  тәрбие 

қызметінің  негізі  студенттердің  әлеуметтік 

белсенділігін арттыру болып отыр. 

Үнемі жаңартылып отыратын мәліметтер 

арқылы жыл соңында «үздік студент», «үздік 

студенттік топ», «үздік куратор-эдвайзерді» 

анықтай  отырып,  жүргізіліп  жатқан  тәрбие 

жұмыстары  бойынша  үздік  кафедра  мен 

факультетті де анықтауға мүмкіндігі бар. 

Қоғамның  болашағы  жоғары  мектептегі 

тәрбие  қызметінің  сапалы  жүргізілуіне, 

студенттердің  бойында  құндылықтардың 

берік 

қалыптасуына 



тәуелді 

екені 


айқындалып келеді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев  үнемі  айтатын  біліктілік  пен  әл-

еуеті қалыптасқан интеллектуалды ұлт тәр-

биелеудегі басты құндылық екені даусыз.



БАЛА – БҮКІЛ ІЗГІ ҚАСИЕТТЕРДІ АТА-АНАСЫНАН ТАБУЫ ТИІС

Құдайберді Бағашар – 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты

дінтанушы, «Исламдағы бала тәрбиесі», 

«Исламдағы тазалық», «Ислам және өнеге», 

«Тағылым тамшылары» кітаптарының авторы

жапсырмай, шын мағынасымен адам қы лып 

шығару».

Демек,  баланы  тәрбиелеудегі  мақсат  – 

оны  жан-жақты  кемелдендіріп,  қоғамға 

пайдасы  тиетін  азамат  етіп  қалыптастыру. 



Осы  орайда,  Ислам  дінінің  кемел  тәрбиеге 

қосар  үлесі  зор.  Ал,  Исламдағы  тәрбие  не-

гіздерімен  танысуға  руханият  дамып  келе 

жатқан бүгінгі күні толық мүмкіндік туып 

отыр. Исламда бала тәрбиесі жігіттің өзі-

не қалыңдық таңдау сәтінен-ақ басталады. 

Өйткені,  болашақ  ананың  ары  бар,  ақылы 

бар,  ұятты,  көргенді,  діндар  болуы  ұрпақ 

тәр биесіне өз әсерін тигізбей қоймайды. 

Исламда  отбасы  құрудағы  негізгі  мақ-

сат тардың бірі – өмірге ұрпақ әкелу, иман-

ды,  ізгі  ұрпақ  тәрбиелеу.  Хадисте  бұл 

турасында «Балаға әкенің берер ең жақсы 

сыйы – ол тәрбие» делінген.

Балаға  көңіл  аудару,  өскенде  жаны 

ізгілікке  толы  мұсылман,  қоғамға  пайдалы 

азамат етіп қалыптастыру – үлкен сауапты іс-

тің бірі. Сондықтан сүйікті пайғамбарымыз 

Мұхаммед 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  ата-аналарға: 



«Балаға  бір  мәрте  көңіл  бөліп,  тәрбие 

беру  –  бір  сағ

1

  көлемінде  садақа  бергеннен 

де  жақсы»,  «Кімде-кім  жылаған  баланы 

жұбатса,  Аллаһ  тағала  жаннатта  оған 

қалағанынша  сый-сияпат  береді»  –  деп, 

балаға  көңіл  бөлудің  сауап  жағынан  да  ар-

тықшылығын ұқтырған. 

Шығыс  халықтарында  айтылатын  «Бала 

қымбат  болса,  баланың  тәрбиесі  одан  да 

қымбат»  деген  нақыл  сөздің  мәні  терең. 

Өйткені,  тәрбиелі  ұрпақ  –  ата-ананың 

мақтанышы,  елдің  ертеңі.  Кез  келген 

халықтың  болашағы,  оның  өміршеңдігі 

рухани  қайнардан  сусындаған,  ұлттық 



Резюме

В  статье  рассматриваются  задачи  основного  стратегического  плана  по  сфере 

воспитания  студентов  Казахского  государственного  женского  педагогического 

университета. 

Summary

This paper deals with the basic strategic plan for the field of education of students of Kazakh 

State Women’s Pedagogical University.

–    Балаға  ұлттық  тәрбие  мен  діни 



тәр биені  қалай  байланыстырып  беруге 

болады? 

«Тәрбиә»  –  арабтың  сөзі.  «Көктету,  өсі-

ру,  жетілдіру»  деген  мағынаны  білдіреді. 

Мағжан  Жұмабаев  «Педагогика»  атты 

ең бегінің  алғысөзінде  адамның  басқа 

жаратылыстардан бөлек екенін, тәрбиені қа-

жет сінетінін былай деп білдірген екен: 

«Жер  жүзіндегі  басқа  жан  иелерімен 

салыстырғанда,  адам  баласы  туғанда  өте 

әлсіз, зағип, осал болып туады. Малдың төлі 

туа  сала  аяқтанады.  Тауықтың  балапаны 

жұмыртқадан  жарылысымен  жүгіріп  ке-

теді.  Ал  адам  баласы  –  туғанда  іңгәлаған 

айғайы  мол  бір  кесек  ет.  Ақылы,  есі  жоқ. 

Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, 

тым  шабан.  Мінеки,  адам  баласы  осылай 

өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, 

оның  денесіне,  жанына  азық  беріп,  өсуіне 

көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай 

болмайды».

Тәрбие  кешенді,  жан-жақты  қолға 

алынуы  тиіс.  Алайда  тәрбиенің  өзегін 

қайдан  алу  керек?  Кемел  тәрбиені  қайдан 

табамыз?  Қала  берді,  тәрбие  берудегі 

мақсатымыз  не  болуы  тиіс?  Тәрбиеден  не 

күтеміз? 

Бұл  мәселеге  аталмыш  еңбегінде 

М.Жұма  баев төмендегідей жауап айтады:

«Тәр биеден  мақсұт  –  адамды  һәм  сол 

адамның  ұлтын,  асса,  барлық  адамзат 

дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір 

адам  бақытты  болса,  ұлт  бақытты, 

адамзат  дүниесінің  мүшесі  әрбір  ұлт 

бақытты  болса,  адамзат  дүниесі  бақыт-

ты.  Қысқасын  айтқанда,  тәрбиеден  мақ-

сұт  –  адам  деген  атты  құр  жала  қылып 


69

68

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

рухы  кемел,  жақсы  тәрбиеленген  ұрпақтың 

қолында. Егер ұлт өз болашағын аманат етіп 

тапсыратын текті, саналы ұрпақ өсіре алмаса, 

оның келешегі бұлыңғыр тартпақ. Сөз жоқ, 

ұрпақ  тәрбиесіне,  ұлттың  келешегіне  ата-

ана жауапты. Сондай-ақ баланың тар ойлы, 

жетесіз  болып  өсуіне,  парықсыз  қылық 

танытуына  тәрбиешінің  кінәланғаны  тегін 

емес.  Тіпті  «Бала  істеген  жауыздықтың 



жазасын  тәрбиеші  көтерсін»  деген  Иран 

елінің мәтелі де осыдан туған. Сол себепті 

ұрпағының  өзінен  оза  туғанын  қалаған 

мұсылман халықтары бала тәрбиесіне үлкен 

жауапкершілікпен қараған. 

Халқымыздың  бір  ерекшелігі  –  тәрбиеге 

үлкен  мән  беруінде.  Өйткені,  бүкіл  салт-

санасы, әдет-ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал-

мәтелдері,  жыр-термелері,  ойын-сауығы, 

жұмбақтары  мен  жаңылтпаштары  барлығы 

да айналып келіп тәрбиеге тірелген. 

Бірақ,  өкініштісі,  соңғы  жылдары  қазақ 

қоғамында да ұлттық тәрбие жүйесі қағажу 

көріп,  тәрбиелік  ырғағы  бұзылып,  бала 

тәрбиесінің  тым  нашарлап  кеткені  белгілі. 

Оған  есірткі  мен  анашаға  тәуелділер, 

ішкілік пен темекіге әуестер, жасөспірімдер 

арасында  бұзақылықтар  мен  қылмыстың 

өршіп кетуі т.б. дәлел. Себептер де аз емес. 

Көбіне  іскерге  қоймадағы  жүгі,  саудагерге 

сатқан  малы,  шенеунікке  шен-шекпенінің 

қымбат  болуы,  үй  ішіндегі  күйбең  тір-

шіліктен  шешенің  қолының  бір  босамауы, 

жұмысбастылықтан  әкенің  уақыт  таппауы 

т.б.  Қазіргі  уақытта  теледидардағы  кино 

мен  мультфильмдердің  көбі  атыс-шабыс, 

төбелес, қирату, ұру, сындыру, күш көрсетуге 

негізделген. Ал бұл себептердің санасы әлі 

қалыптаса  қоймаған  балаға  зиянды  екені 

айтпаса да түсінікті. 

Ұлттық тәлім-тәрбие – халықтың рухани 

мұрасына  аса  бай.  Дегенмен,  олардың 

да  озығы  мен  тозығы  бар.  Маңыздысы, 

осы  халықтық  мұраларды  ислам  дінінің 

аясында,  бүгінгі  күннің  талап-тілегімен 

байланыстыра  отырып  артымыздан  ерген 

қарамыздың  бойына  еге  білуіміз  керек. 

Дана  халқымыздың  тағылымы  терең, 

мәнді  ой  толғаныстары  бесік  жырында, 

батырлық 

эпостарда, 

ертегілер 

мен 


аңыздарда,  шешендік  сөздерде,  терме-

жырда,  мақал-мәтелдерде  жатыр.  Мұның 

астарында  халықтың  арман-аңсары,  талап-

тілегі,  ниеті,  ақыл-ойы,  тәлім-тәрбиесі, 

әдептілік, имандылық, адамгершілік, ізгілік 

сияқты  басы  бүтін  асыл  қасиеттер  тонның 

ішкі  бауындай  жымдаса  түскен.  Демек, 

имандылық  та,  дін  де  ұлттық  тәрбиемен 

біте  қайнасып  жатқандықтан,  екеуін  бөліп-

жарып қараудың қажеті жоқ секілді.



Каталог: docs -> novosti
novosti -> Бас редактор
novosti -> Бас редактор
novosti -> Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірəлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Всероссийская олимпиада школьников по географии. Районный тур. 7 класс Часть I
novosti -> Всероссийская олимпиада школьников по географии. Районный тур. 8 класс Часть I
novosti -> Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірəлиев

жүктеу 1.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет