Бас редактор



жүктеу 1.89 Mb.

бет8/15
Дата11.01.2017
өлшемі1.89 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

                                               

ЖАҺАНДАНУ АЯСЫНДАҒЫ  ЖАЛПЫТҮРКІЛІК  РУХАНИ 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ  ҚАЙТА  ЖАҢҒЫРТУДЫҢ  ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аташ Б.М. – 

философия ғылымдарының докторы

әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті

Алматы энергетика және байланыс университеті

бірігу  идеясы.  Түркішілдік  –  мұрат,  саясат 

болса,  билікке  қол  жеткізу  –  оны  жүзеге 

асырудың  әдіс-тәсілі.  Сондықтан  негізгі 

сенім мен көзқарас болып табылатын мұрат 

ешқашан өзгермейді, ал саясат, яғни, саяси 

әдіс  ұстанымы  үнемі  құбылмалы»  [3,2-9 

бб.]  десе,  А.Құсайнұлы  мен  Р.Башарұлы: 

«Жаһандану  жағдайында  негізінен  үш 

түрлі  (Батыстық,  Еуразиялық,  Шығыстық) 

мәдени  құндылықтардың  бақ  сынасар  кезі 

келді.  Түрік  жұрты  өзінің  рухани,  мәдени 

құндылықтарын түгендесе ғана өз келбетін 

сақтап,  әлемдегі  ұлы  халықтар  қатарында 

болады.  Ұлы  халыққа  тән  барлық  түрік 

жұртына ортақ ұлы түрік тілін түзу, сөйтіп 

оны  Еуразиялық  кеңістіктің  мемлекеттік 

тілі  деңгейіне  жеткізу,  одан  асып,  әлемдік 

халықаралық  тілдер  қатарына  қосу  – 

ХХІ  ғасырдағы  жалпытүріктік  мәдени 

ұлттық  идея  болып  санаға  енуі  тиіс»,  – 

деп  [4,3  б.]  тұжырымдайды.  Осы  ұстаным 

кейінгі  кездерде  түркі  халықтарының 

аясында  арнайы  құрылған  ұйымдар  мен 

қозғалыстардың  шеңберінде  нақты  сарап-

талып,  кейбір  қағидалары  таразыланып  та 

жүр. 

Ендеше, біз ұсынып отырған түркі ха лық-



тарының  рухани  құндылықтарын  сараптап, 

оны  қайта  жаңғырту  пайымының  қолға 

алынуы  идеялық  тұрғыдан  мынадай  өзекті 

мәселелер ауқымын тұтастандыра алады:

1.  Жаһандану  жағдайындағы  түркі 

халықтарының  рухани  құндылықтарына 

сәйкес  келмейтін  әр  түрлі  жат  пси-

хологиялық  ықпал  өрісі  аясындағы  идео-

логиялардан  сақтану  үшін  қажетті  бағдар 

болып  табылады.  Шындығында,  қазіргі 

Бүгінгі таңдағы әлемдік жаһандану үрді сі 

өз  кезегінде:  экономикалық-саяси,  мәдени-

әл еу меттік, рухани-психологиялық тұрғы дан 

қауымдасудың үлгісін сабақтастырып келе ді. 

Жаһандануды  зерттеушілер  оның  осындай 

көп жақты құбылысын екендігін пайымдап, 

оның көп қызметті тұрпатын ашып көрсетеді 

[1]. Жаһандану  құбылысы бүгінгі  заманғы  

әр бір ұлт  мен ұлыстардың,  жалпыадамзат тың 

біріңғай өмір сүруді жалғастыруының өзекті 

мәселелерінен пайда болған, жалпы алғанда, 

гуманистік  тұғырлы  болып  келетін  әлемдік 

интеграциялық  беталыс  болып  табылады. 

Бұл  беталысты  зерттеуші  ғалымдарымыз 

бен қоғамдық санадағы пікірлер көп жағдай-

да  әрқалай  ұстанымдармен  сараланады: 

глобалистер  мен  антиглобалистер,  бейта-

рап көзқарас ұстанушылар. Жалпы алғанда, 

антиглобалистердің ой тасқынындағы негізгі 

бір  жүйелі  ұғымдық  себеп  –  ұлттар  мен 

ұлыс тардың  өзіндік  болмысының  сақталу-

сақталмау  мәселесіне  келіп  тіреледі  [2,9-13 

бб.]. Шындығында да, бұл пайым мен зерде 

тұрғысынан  кең  толғанылатын  түйткіл  мен 

ой түрткі. 

Осы орайда, ғалымдарымыз ұлт мүддесі 

мен  болашағы  туралы  пайымды  пікірлерін 

де  әр  тарапты  шешу  жолдарымен  ұсынып 

келеді. Соның бірі – соңғы жылдары қолға 

алынып  жүрген  жалпытүркілік  бірлік 

идеясы,  демек,  түркі  халықтарының 

мәдени  деңгейде  өзара  ұйысуы  мен 

ынтымақтастығының 

жалпы 


моделі. 

Мәселен;  «Ендеше  ғаламдасу  тұсында  біз-

ге  түрікшілдікпен  қоса  Тұраншылдық  та 

қажет.  Түркішілдіктің  екінші  белгісі  болып 

табылатын  тұраншылдық  –  түркілердің 


59

58

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ  ТАҒЫЛЫМ

адамзаттық  идеологиялық  кеңістік  арна-

сында,  әрбір  қауымдастық  пен  ықпалды 

күштер  өзінің  насихаттық-психологиялық 

тү сініктерін  жалпыға  таңуға  ұмтылу  үстін-

де. Мәселен, еуропаландыру, қытайландыру, 

америкаландыру тәрізді ықпалдармен қатар 

әр  түрлі  діндердің  насхатшылдық  әрекеті 

өрістей түсуде. Осы орайда, біз, қазақ халқы 

және  басқа  да  түркі  халықтары  бұрынғы 

тарихи  дәстүршілдік  қағидасын  және  оны 

қа зіргі заманға сай қайта жаңғырту идея сын 

қолдауды  ұсына  аламыз.  Себебі,  әр  түрлі 

болмыс-бітімімізге  сәйкес  келе  бермейтін 

идеологиялардың  ықпалынан  алдымен,  ру-

ханилықты бетке ұстау арқылы сақтана ала-

тындығымыз тарихи тәжірибеде бінеше рет 

дәлелденген шара. 

2.  Түркілік  рухани  құндылықтарды  қай-

та  жаңғыртудың  тарихи  қажеттілігі  мен 

хронологиялық  жағынан  да  мезгілі  келіп 

жетті,  бұл  тарих  таразысының  обьективті 

шарты  десек  те  болады.  Кеңес  үкіметі 

ыдырағаннан  кейін  түркі  халықтарының 

егемендік  алуы,  түркия  мемлекетінің  түр-

кілік  идея  аясындағы  мәдени  ұмтылысы, 

ұмыт  болып  бара  жатырған  руханияттық 

деңгей т.б. оны қайта жаңғыртудың уақыты 

келгендігінің  обьективтілігін  паш  етіп 

отыр.  Шынайы  тарихты  тану,  тарихи  өзін-

дік  сананың  қалыптасып,  дамуы  бүгінгі 

күні  сол  рухани  құндылықтарды  қайта 

жаңғыртуды  қалайды.  Мәселен,  «Көрініп 

тұрғандай,  кілемдерде,  киімдерде  дәл 

сондай  ою-өрнектер  бізді  бір  ұлт  ретінде 

көр сететін  мыңдаған  жылдық  үлгілер  бо-

лып  саналады»,  –  деп  көрсетілген  түркілік 

мәдени  ынтымақтастықты  қолдаушы  тү-

рік азаматтарының пікірі де [5,2б.] осы мә-

селенің тарихилық қырын нығайта түседі. 

3. Бұл мәселенің тағы бір өзекті қыры – 

жалпыадамзаттық  рухани  дағдарыстардың 

пайда  болуы  мен  қылаң  беруі.  Ол  утопия 

ма,  әл де  өмірдің    шындығы  ма,    немесе  

әлеуметтік  миф  пе  –  бұл  да  күрделі 

мәселе.  Бірақ,  кейбір  зерттеушілеріміз 

әлемдегі  «тұтынатын  адам»  дағдарысының 

руханияттықа  жат  қылығын,  оның  тым 

тұрпайы  ерекшеліктерін  былайша  ашып 

көрсетіп отыр: «...қалтаңда қаражат көп бол-

сын,  соның  арқасында  өмірден  мейлінше 

тәндік-сезімдік  ләззат  ал,  керегіңді  еш 

кедергісіз ала бер, ала бер. Жұмақ дегеніміз – 

бәрі де бар аса үлкен супермаркет..» [6,334б.]. 

Егер  біз  жалпыадамзаттық  рухани  дағ-

дарысты  анық  сезіп  келе  жатырған  бол сақ, 

сондай  беталыс  бар  екен  деп  пайымдасақ, 

сөз  жоқ  түркілік  рухани  құндылықтарды 

қайта жаңғырту осы сәттегі сұранып тұрған 

өмірдің  заңдылығына  айналады.  Түркілік 

тұ тас руханияттық асқақтық әлемдік рухани 

дағдарыстардың ықпалында болмауды жә не 

оған тиісті емес екендігін де паш ете алады, 

мүмкін  ол  әлемдік  рухани  дағдарысты 

тежеуде  өзіндік  бір  орнын  айғақтап  бере 

алатындай үлес қосуы да ықтимал. 

4.  Бүгінгі  таңда  адамзаттық  өрлеу 

мен  ілгерілеу  түркілік  өмір  салты  мен 

руханияттық  деңгейіне  біршама  қы-

зығушылық  тудыруда,  ол  дүниежүзілік  мә-

дени  аренада  айтарлықтай  беделге  де  ие 

болып  келеді.  Мәселен,  қымыз  бен  шұбат 

сынды  сусындар,  киіз  үй  баспанасы  мен 

ою-өрнектер,  ұлттық  аспаптарымыз  т.б. 

адамзаттық  қоғамдық  эстетикалық  пікірде 

аса құрметтеледі. Осы орайда, руханияттық 

деңгейімізді  қайта  сараптау,  оның  ғылыми-

теориялық  негіздерін  құру,  алдымен,  бұл 

құндылықтарға  иелік  етуімізді,  содан  соң, 

түркілік экзотиканы әлемге қайтадан таныс-

тыруымызды заманауи тұрғыдан талап етуде 

деп айта аламыз. 

5.  Бүгінгі  таңдағы  жалпытүркілік 

экономикалық-саяси  ынтымақтастық  ұс-

та нымының  іргетасы,  оның  теориялық  не-

гіздерінің  алғышарттарын  жасау,  тұтастық 

идеясының  түпнегіздерін  көрсету  үшін, 

алдымен,  руханияттық  бірліктің  терең 

тарихи-мәдени негіздерін қайтадан өрістету 

туралы  концептуальді  идеялар  қажет.  Бұл 

–  рухани  құндылықтарды  қайта  сараптау 

арқылы  өзіндік  бір  жаңа  белестерді  тани 

алады. 

6.  Түркі  халықтарын  тұтастай  және 



оларды жекелей алғанда да, өзінің тұғырлы 

мәртебесін  әлемдік  саяси-мәдени  аренада 

анықтайтын  мезгілдің  келіп  жеткендігі 

де  осы  рухани  құндылықтарды  сараптап, 

қайта  жаңғыртып,  ешкімге  ұқсамайтын 

төлтума 


ерекшеліктерімізді 

әйгілеудің 

бірден-бір  себебі  болып  табылады  деп  ай-

туымызға  болады.  Бұндай  заманауи  талап, 

мәселен, қазақ халқының әлемдегі орнының 

салмақты  түрде  айғақталуы,  дүниежүзілік 

ха лықаралық  кеңістікте  өзіндік  мәртебесі-

нің  нығаюы  сияқты  мәселелер  шеңберін-

де  руханияттық  деңгейімізді  паш  ететін 

мезгілдің  келіп  жеткендігі  де  осының  ай-

ғағы.  Осы  орайда,  «Необходимо  научно-

философское 

осмысление 

тенденций 

развития  культуры  этих  государств, 

сохранения  самобытности  и  специфики 

менталитета  тюркских  народов,  как 

самоценного  явления  в  общечеловеческой 

культуре»,-деген пікір де [7,17 б.] біздің тұ-

жы рымдарымызды дәйектей түседі.

7.  Тарихтағы  түркілік  бірлік  рухын 

еске  алсақ,  өткенге  көз  жүгіртсек,  жер 

бетінде  бірнеше  түркі  тектес  халықтардың 

империялар  құруы,  шындап  келгенде, 

зерттеушілеріміз  атап  көрсетіп  жүргендей, 

олардың  тарихтың  қозғаушы  күші  ретінде 

танымал  болуы,  әлемдік  өркениетке  ай-

тарлықтай  ықпал  еткендігі  т.б.  [8,105-204 

бб.] шынайы тарихи әділ бағасын алуы тиіс. 

Осы  әділ  бағаға  ие  болу  оларды  қайтадан 

жаңғыртып,  өркендете  түсуді  талап  етеді. 

Бұл  өз  кезегінде,  түркі  халықтарының 

тарихи  өзіндік  санасының  орнығуы  мен 

өзін дік мақтанышына айналары сөзсіз. 

8.  Құндылықтарымызды  қайта  жаң-

ғыртудың  өзекті  мәселелерінің  бірі  – 

олардың  руханияттық  кеңістік  алаңынан 

жо ғалып  бара  жатырғандығы  мен  жоғалып 

кет кен кейбір тұстарын қалпына келтіру мен 

шартталады. Мүмкін, тек түркі халықтары-

на  ғана  емес,  жалпыадамзатқа  игі  ықпал 

ете  алатын  руханияттық  деңгей  заманауи 

сұраныстардан  туындап  отырғандай  деп 

болжамдауымызға болады. Бұл шындығын-

да  да  солай.  Мәселен,  Ш.Ибраевтың:  «Ал 

адамзаттың  дамуына  өлшеусіз  зор  үлес 

қосқан  түркілік  мәдениеттің  орны  мен 

бағасын,  мазмұны  мен  даралық  сипатын, 

құрамдас  бөлігін  зерттеу  –  түркілерге 

ғана  емес,  жер  бетіндегі  адам  баласы 

үшін  қажетті  іс»,  –  деген  пікірі  де  [9,10б.] 

жалпыадамзаттық  рухани  дағдарыстарды 

тежей  алатын  бірден-бір  күш  осы  түркілік 

ру ханиятта жатыр деген ойды меңзеп тұр ған 

сыңайлы. 

9.  Бұдан  түркі  халықтарының  руханият-

тық  деңгейінің  жалпы  үлгісін  құру  мен 

идеалды бейнесін тұтастай жасап шығудың 

өзектілігі  түп  мақсат  ретінде  анықталатын-

дай  болуы  тиіс.  Бұл  –  келешекте  түркілік 

дүние үшін және адамзаттық таным аймағы 

үшін өзіндік бір үлгі боларлық тұтас бейне 

жасап  шығаратындығы  сөзсіз  немесе  со ған 

ұмтылуымыз керек. 

10.  Қазіргі  түркі  халықтарының  бір лігі 

идеясының  болашақ  моделінің  алғы шарт-

тарының руханияттық деңгейін көрсе ту үш-

ін де біз қарастырып отырған мәселе өзек ті 

болып  табылады.  Бұл  түркі  халықтарының 

бір  мемлекет  құру  идеясына  жетелемейді, 

тарихи  саяси-әлеуметтік  бірліктің  бүгінгі 

рухани-мәдени-экономикалық  бірлігі  идея-

сын  қайтадан  тани  алуымызға  ықпал  ете 

алды. «Түркі халықтарының рухани, мәдени 

жэәне  тілдік  туыстығы  тиімді  де,  сенімді 

экономикалық  ынтымақтастықтың  кепілі», 

–  деп  тұжырымдаған  ғалымдарымыздың 

пікірлеріне сәйкес [10,19 б.], алдымен, жал-

пы түркілік  руханияттық  кеңістікті  өріс тету 

мәселесі жолға қойылып тұр. 

Бұдан  түркілік  рухани  құндылық тары-

мызды  сараптау  мен  қайта  жаңғыртудың 

мынадай нәтижелі қадамдары туындайды: 

–  жаһандану  жағдайында  ұлттық  құн-

дылықтар  мен  түркілік  құндылықтарды 

сақтап қалудың іргелі тетігі;

–  шынайы  тарихымызды  қайта  қалпына 

келтіру мен дүниетанымымызды әйгілеудің 

негізі;

–  тарихи  туыстық  қалпымыз  рухани 



құндылықтарды  қайта  жаңыртудың  суб-

страт ық іргетасы болмақ;

–  әлемдік  саяси-мәдени,  рухани-


61

60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

экономикалық аренада түркі халықтарының 

өзіндік беделін әйгілеудің қозғаушы күші;

– әлемге түркілік рухани құндылықтарды 

паш  етудің  және  оңды,  тиімді,  ұтымды 

тұстарын таратудың негізі болып табылады 

т.б.

Түркілік  рухани  құндылықтарды  сарап-



тау мен қайта жаңғырту да олардың бірнеше 

ғасырлық белестерден өтіп кеткен шағында, 

мінсіз  ыңғайласқан  аса  оңтайлы  жұмыс 

емес  екендігі  де  шындық.  Кей  жағдайда, 

бұл  мәселені  өрістету  сәтінде  мынадай 

қиыншылықтары  мен  күрделілігі  үнемі 

алдымыздан шығады. 

Атап  айтқанда,  ұмыт  болған  құн-

дылықтарды еске түсіру; түркі мемлекеттері 

мен автономияларының аз еместігі; түркілік 

ұлыстардың құндылықтар жүйесінің әр түр-

лілігі  мен  олардың  кейіннен  өзгеріп  кетуі; 

бұл  құндылықтардың  ұлттық  бедел,  бренд 

ретінде  жеке  дара  сақталуы;  түркі  халық-

тарында бүгінгі күні тек экономикалық қана 

емес,  рухани  бірліктің  де  арнайы  жүйелі 

құрылмауы;  кейбір  түркі  халықтарының 

этникалық  санасының  жойыла  бастауы; 

рухани  құндылықтардың  өзіндік  ішкі 

қайшылықтарының  кездесуі;  түркі  мем-

9.  Ибраев  Ш.  Халықаралық  түркі  академиясының  құрылғанына  1  жыл//Түркі  әлемі, 

№12(116), 2011ж.

10.  Момынқұлов  Ж.Б.  Түркітілдес  мемлекеттердің  интеграциясындағы  Қазақстан 

Республикасының орны//Түркі әлемі, №2(118), 2012 ж. 



Резюме

В  статье  рассматриваются  пути  возрождения,  развития  древнетюркские  духовные 

ценности в условиях глобализации и раскрывается его историко-познавательное, социально-

практическое значение. 

Summary

V article discusses the ways Renaissance, development of ancient Turkic spiritual values in the 

context of globalization and expands its historical-cognitive, social and practical significance.

лекеттерінің  саяси  ұстанымдарының  тұтас-

тай  біркелкі  еместігі;  түркілік  рухани  құн-

дылықтардың  жеке  ұлттар  мен  ұлыстар 

аясында  тарамдалып,  ішкі  жағдайда  иелік 

етуі  мен  сол  мемлекеттің  идеялық  құнары 

ретінде  меншіктелуі;  түркілік  рухани  құн-

дылықтарды  әртарапты  түсіндірулердің 

кез десуі;  түркілік  өркениет  тарихы  аясын-

дағы  оның  көшпелі  немесе  отырықшыл 

халық  болғандығы  туралы  бүгінгі  ғылыми 

дискурстың  нақты  бір  шешімге  келмеуі; 

түркілік  жалпытұтастық  идеясының  өзін 

бүгінгі күнгі әр түрлі түсінушілік т.б. 

Қорыта  айтқанда,  осындай  қиындықтар 

мен  кедергілерге  қарамастан,  оның  субь-

ективті  жақтарының  алдын-ала  отырып, 

түркілік  рухани  құндылықтарды  сараптау 

мен  қайта  жаңғыртудың  мәселелерін 

таразылау – оның бір өзіндік жүйесін ашып 

көрсету, оларды зерттеу мен ой таразысынан 

өткізудің негізгі бағдары болмақ. Сондықтан 

түркі  халықтарының  руханияттық  кеңісті-

гін  нығайту  мен  өркендету  талабы  үшін, 

алдымен, оның ғылыми-теориялық жүйесін 

құру маңызды, әрі бастапқы іс шаралардың 

бірі деп айта аламыз. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Гранин  Ю.Д.  Глобализация  и  национализм:  история  и  современность.  Социально-

философский анализ. Автореф: дисс. док. филос. наук. – Москва, 2008 – 38 с.

2. Казахстан в глобальном мире: вызовы и сохранение идентичности. //Адам әлемі, №4 

(50) 2011.-с.9-13

3. Тайжанов А. Ғаламдасу: Түркілік таным мен тағылым. // Жалын, №8, 2007, 2-9 бб. 

4. Құсайнұлы А., Башарұлы Р. Жаһанданудағы ұлттық идея. //Президент және халық. №5 

(075), 2 ақпан, жұма, 2007 жыл.

5. Заим Гөк. Түркі халқының тіл, дін, мәдениет салаларында жақындасу үрдісі және алға 

қойылған үлкен мақсат//Түркі әлемі газеті, №2 (118), 2012 ж.

6.  Абдраимова  А.С.,  Мырзалы  С.  Рухани  адамгершілік  дағдарыс:  себептері  мен  одан 

шығу жолдары//Шулембаевские чтение. Материалы международной научно-практической 

конференции,  посвященной  75-летию  доктора  философский  наук,  профессора  К.Ш. 

Шулембаева. 2-4 марта 2012. – Алматы: КазНПУ им. Абая.-407 с.

7.  Абаев  Н.В.,  Аюпов  Н.Г.  Тенгрианская  цивилизация  в  духовно-культурном  гео-

политическом пространстве Централтной Азии.-Часть 2. Алматы, 2010.-200с. 

8. Әкім Ж. Қазақ идеясы. Түркі өркениеті негізінде. – Алматы: Өлке, 2006.-232 б.

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ЕГІЗ ҰҒЫМ

Тәуелсіз елімізде өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, ал сол мектеп 

қабырғасының  басты  тұлғасы,  жүрегі  –  мұғалім.  Бауыржан  Момышұлы  айтқандай 

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын 

да, данасын да, дарасын да, ғалымын да, жазушысын да, әртісін де, еңбекқор егіншісін де, 

кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты 

тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген еді. Солай демекші, 

мектеп қабырғасында жақсы тәрбие алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең 

алдымен  келешек  ұрпағымызды    біліммен  бірге  ұлттық  тәлім  тәрбиеге,  адамгершілік 

әдетке,  рухани  мәдениетке  баулып,  имандылық  қасиеттерін  жетілдірсек,  сонда  ғана 

халқының дәстүрін білетін, елі үшін аянбай қызмет ететін азамат қалыптастырғанымыз. 

Осы ретте, біз білім беру саласындағы соны мәселелерді жіті бақылап, оның нақты шешу 

жолдарын  тауып,  оқу  мен  тәрбие  жүйесінің  жандануына  өз  ықпалын  тигізіп  жүрген 

Алматы қаласындағы Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы математикалық бағыттағы 

№39 лицей директоры Тоқтаргүл Ахметқалиқызы Қарабалаевамен ой бөлістік. 

– Тоқтаргүл Ахметқалиқызы, ең әуелі 



өзіңіз басқарып отырған лицейдің тарихы 

туралы тоқтала кетсеңіз?

–  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз 

мемекет  мәртебесіне  ие  блуы,  білім  беру 

және  мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы 

заңдардың  қабылдануы  жастар  тәрбиесі 

мәселесіне  жаңаша  қарауды  талап  етеді. 

Соңғы  жылдары  жаңа  тиіптегі  қазақ 

мектептерінің ашылуына көп көңіл бөлінуде. 

Солардың  бірі  С.М.Ходжиков  атындағы 

лицей. Лицей 1933 жылы орыс тілінде білім 

беретін  орта  мектеп  болып  ашылған.  2003 

жылы  мектепке  Сұлтан  Ахмет  Ходжиков-

тың  аты  берілді.  2009  жылы  қазақ  тілінде 

оқытатын  математикалық  бағыттағы  №39 

лицей болып қайта ашылды. 

–  Тоқтаргүл  Ахметқалиқызы,  қазақ 



халқында  ұрпақ  тәрбиесі  алғашқы 

орында  тұрған  мәселе.  Дана  халқымыз 

ерте  заманнан  ақ:  «Бір  жылын  ойлаған 

адам  астық  өсіреді,  келешегін  ойлаған 

ұрпақ  өсіреді»  деп  айтып  келеді.  Осы 

жолда  атадан  балаған  ұласып  келе 

жатқан  бұл  қағиданы  әр  заманда,  әр 

кезеңде  жаңғырта  түсіп,  жетілдіріп 

келеміз.  Қазіргі  кезеңде  гуманитарлық 

жә не  педагогикалық  ғылымдар  негізін-

де тәлім тәрбиенің мазмұны мен мағына-

сы,  әдістемелік  бағдарын  жаңа  заман 

63

62

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

талаптарына  сай  инновацияландыру 

міндеттерін  айқындап,  оны  шешу 

үстіндеміз.  Осы  тұрғыда  шәкірт  тәр-

биелеуде  қандай  қағидаларды  басшы-

лыққа алып отырсыздар?

Қазіргі  таңда  ұлттық  тәрбие  жайлы  мә-

селе өте орынды қозғалып жүр. Мен бұл мә-

селені  өте  орынды  деп  қолдаймын.  Тәрбие 

– жеке тұлғаның рухани, бiтiмдiк, бiлiмдiк, 

ой-саналық  дамуының  негiзгi  факторы. 

Бұл фактор жеке тұлғаға сыртқы әсер, iшкi 

әсер  арқылы  ықпал  жасайды;  iшкi,  сыртқы 

қайшылықтар  арқылы  басты  қозғаушы 

күшке айналады.

Бiз  тәрбиеде  жеке  тұлғаның  тектiк  асыл 

қасиеттерiн айқындап; тәрбие мақсаттарына 

қайшы  келетiн  оның  iс-әрекетiндегi,  мiнез-

құлқындағы  тектiк  келеңсiз  жағдайларға 

қарсы  тәлiм-тәрбиелiк  тәсiлдердi  қол-

данамыз.  Ол  үшiн  жас  ұрпақ  бойындағы 

дарын  нышандарын,  өмiрге  бейiмдiлiк 

деңгейiн,  қабiлеттiлiгiн  айқындап,  еңбекке, 

игi  iс-әрекеттерге  дағдыландырып,  жат-

тықтыру  арқылы  тәрбие  мақсаттарына 

жетемiз.

Сонымен қатар, батыстың берекесіз тәр-

биесіне  бас  ұрып  кеткен  жастарымыздың 

бетін  бұруда  осы  көтеріп  отырған  ұлттық 

тәрбие  жайлы  мәселеге  бәріміз  бір  кісідей 

ат салысып, балаларға осы таңның талабына 

сай  болуларын  талап  ету  керек.  Міне,  осы 

тұрғыда біз де қолдан келгенше балаларды 

тәрбиелеуге  үлесімізді  қосып  келеміз  деп 

ойлаймын.

  Бүгінгі  күннің  ұстазы  қандай  болу 

керек деп ойлайсыз?

–  Ұстаз  –  ең  алдымен  оқушы  үшін 

білім  нәрін  құюшы  ізгілік  иесі,  өмірлік 

тәжірибелерді  үйретуші  тәлімгер,  адам-

гершілікке  баулитын  тәрбиеші  психолог 

екені  даусыз.  Ұстаз  шәкіртіне  әрқашан 

бүгінгі  білімнің  ертеңгі  күні  қажеттілігін 

сездіре  алатында  қасиеті  бар,  мектеп  та-

бал дырығын  аттаған  әр  бір  жас  өреннің 

болашақтағы  көздеген  мақсаттарына  қол 

жет  кізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға бо-

луы  керек.  Халқымыздың,  ата-бабамыздың 

ежелден  келе  жатқан  өмірлік  тәжірибесін, 

салт-дәстүрін,  әдет-ғұрыптарын,  жақсы 

қа сиеттерін,  бүгінгі  заманның  озық  же-

тістіктерін  жас  ұрпақ,  ұстаз  арқылы,  оның 

айтқан  тәлімді  сөздері  мен  өнегелі  істері 

арқылы  үйренеді.  Ал,  бұл  міндет  қашанда 

қиын,  жауапты  екені  белгілі.  Бүгінгі  таңда 

жастарға  әлемдік  ғылым  мен  порогресс 

деңгейіне  сәйкес  білім  мен  тәрбие  беру. 

Оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, 

ойлай  білу  мүмкіндігін  жетілдіру,  сонымен 

қатар  әр  адамның  кәсіби  біліктілігі  мен 

білімділігін,  іскерлігін  арттыру  өркениетті 

қоғамның міндеті болып табылады. 

Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, 

талайдың  таланты  мен  талабына  қамшы 

болып  жүрген  ұстаздар  қауымы  дүниенің 

әр  бұрышында  адамзаттың  сауатын  ашып, 

рухани  және  материалдық  құндылықтар-

ды  мүмкіндігінше  тиімді  меңгерудің 

әдіс-тәсілдерін  терең  зерттеп,  теориялық 

талдаулар  мен  тәжірибелер  жасап,  зор 

табысты еңбек етуде. 

–  Қазіргі  таңдағы  ұстаз  бен  оқушыға 




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал