Бас редактор



жүктеу 1.89 Mb.

бет12/15
Дата11.01.2017
өлшемі1.89 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ЖОО-ДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ӘЛЕУЕТІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Даулеткелды Ж. – 

эксперт,

Абай атындағы ҚазҰПУ

публикасының  мемлекеттік  рәміздеріне, 

Конс титутциялық  құқығына  бағынып,  шын 

ниетімен қадірлеуі. Қазақстанды ортақ үйіміз 

деп,  қазақтың  ұлттық  менталитетіне,  тілі 

мен дініне құрметпен қарауы, жетістіктеріне 

шаттануы – осы мемлектетте тұрып жатқан 

әрбір ұлт өкілінің азаматтық борышы екенін 

түсінуі. 

Ұлт  тәрбиесінде  замандар  бойы  қалып-

тасып келген, асыл рухани құндылықтардың 

ұрпақтан-ұрпаққа мұрагерлікпен жалғасқан, 

адамның  адамдық  қасиетін  нығайтып,  ас-

ылдандыра  түсетін,  халықтың  даналық  өм-

ір-салтынан  туындап  отыратын  бұлжымас 

ережелер мен қағидалардан құрылған таби-

ғи сезімді білім беру бағдарында жан-жақты 

саралап, енгізе білсек, Елбасы ұсынған жо-

баның тәрбиелік қыры ашылады.

Бүгінде  Елбасының  «Интеллектуалды 

ұлт  –  2020»  жобасын  жүзеге  асыру  жо-

лындағы,  көңіл  бөлген  мәселеміз  –  ата-

баба ларымыздың  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра-

герлікпен  жалғастырған  рухани  құн ды-

лықтарын  ЖОО-ның  студенттеріне  қазіргі 

заманға  сай,  жаңа  әдiстемелермен,  ұлттық 

интеллектпен 

байланыстыра 

отырып 

оқыту  және  тәрбиелеу,  яғни  ЖОО-дағы 



студенттердің 

ұлттық 


интеллектуалды 

әлеуетін қалыптастыру.



Ұлтжандылықты 

қалыптастыруда 

салт-дәстүрлердің  атқаратын  орны  ерекше. 

Ұлтының  наным-сенімдерін,  саяси  көз-

қарастары  мен  ұстанған  бағыт-бағдарын, 

өз  ұлтының  ерекшеліктерін  ұлттың  әрбір 

азаматы танып білуі керек. 



Ұлтжандылықтың негізгі факторлары:

1.  Ақылды,  намысқор  және  көпшіл  бо-

лу.  Өнегелі  және  арманшыл  болып  өсу. 

Айтқан сөзді тыңдау. Адамгершіл, шыншыл 

және байсалды болу;

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық 

мәселелері. – Алматы: РБК, 1993. – 16 б.

2. Сарсенбаев Н. Обычаи, традиции и общественная жизнь. – Алматы, 1965. – 326 б.

3. Сейтқұлов Н.А. Этнопедагогикалық ортаның тәрбиелік мүмкіндіктерін іске асыру // 

Тәрбие құралы. – 2010. – № 1. - Б. 9-11.



Резюме

В  статье  рассматривается  казахская  народная  педагогика  и  основные  вопросы 

воспитания детей в независимом состоянии страны.

Summary

In the article the Kazakh folk pedagogy and key issues of raising children in an independent 

state of the country.

Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл - саясатшы даналығы дегеніміз де 

осы!

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазіргі  кезде  жоғары  оқу  орындарында 

Елбасы  ұсынған  «Интеллектуалды  ұлт  – 

2020»  ұлттық  жоба  бойынша,  тәрбие  беру 

мәселесіне  жаңаша  көқарас  тұрғысынан 

қарауды  және  студенттердің  ұлттық  пат-

риоттық  сана-сезімін,  сапаларын,  мінез-

құлқын  қалыптастыруды  көздейтін  тәр-

биенің  формалары  мен  әдістерін  жетілдіру 

жолдарын қарастыруда. 

Бүгінгі  күндегі  Еліміздің  егемендікке 

жетуі,  халықтардың  ұлттық  дүние  та-

нымының  өсуіне  жағдай  жасады.  Ендігі 

кезекте  «Қазақстанда  интел лек туалды  ұлт 

негізін қалай мыз», – деген ұранмен, Елбасы 

ұсынған  жобаны  жүзеге  асыру  барысына 

белсенді  түрде  қатысып,  бір лесе  отырып 

алдымызға  қойыл ған  барлық  мақсаттарға 

жетуді мақсат еткеніміз жөн. 

Біздің  көтеріп  отырған  ұлттың  ұлттық 

тәрбие  мәселесінің  негізгі  бөлігі,  өз  ұл-

тының  ғасырлар  бойы  қалыптастырылған 

ұлттық  мінезін  студент-жастарға  өнеге 

тұ тып,  қасиетті  ұлттық  мінезімізді  са-

лауаттылық,  ұлттық  намыс,  ұлттық  сана, 

ұлттық  әдеп,  ұлттық  рух,  ұлттық  дәстүр, 

ұлттық  болмысындығы  қағидаларымен 

жандандыру.

Осы  тұр ғыда  халықаралық  деңгейдегі, 

бәсекеге  қа білетті,  білімді,  ғылымды  жетік 

меңгер ген  студент  тәрбиелеудің  теориялық 

негіздерін  ашып,  интеллекталды  ұлт  тәр-

биесінің факторларын қарастырайық. 

Интеллектуалды ұлт қалыптастыруда тәр-

бие  мәселесінің  рөлі  ерекше.  Ұлт  тәрбиесі 

мәселесіндегі  негізгі  мақсат  –  ұлтжанды 

тұлға қалыптастыру. Осы тұрғыда ғылыми-

еңбектерге сүйене отырып, «ұлтжандылық» 

терминін анықтайтын болсақ, ол

 

– елімізде 



тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілдерінің 

барлығы,  қазақ  халқына,  Қазақстан  Рес-



83

82

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

2. Өскен ортаның ықпалдарына мән беру. 

Табиғат  заңдылықтарымен,  жануарлар  мен 

өсімдіктер дүниесімен танысу;

3.  Ақылды,  білімді  болып  өсу.  Ақыл-

ойды  дамыту  әрекеттері.  Дамыта  отырып 

тәрбиелеу үрдістері;

4.    Қонақжайлылық.  Сыпайылық. 

Мейірбандылық.  Әдет-ғұрыптарды  қас-

тер леу.  Үлкен  адамдарды  сыйлау.  Бата-

тілектерді дәріптеу;

5. Парасатты, қанағатшыл, елжанды және 

отансүйгіш болып өсу. Қайратты, әділетшіл 

һәм  адалдық  қасиеттері  бойына  сіңірген 

тұлға болу;

6. Тыйым сөздер мен ырым-сырымдарды 

сақтау және қастерлеу;

7.  Тәлім-тәрбиенің  біртұтас  этно ком-

плексті түрде жүргізілуі;

8. Денсаулықты шыңдау және тазалықты 

(гигиенаны) сақтау. Салауатты өмір салтын 

қалыптастыру;

9. Үлкенді өнеге тұту. Кішіге ізет көрсету. 

Ұлттық  қазыналарды  қастерлеу.  Өсиеттер 

мен аманаттарға назар аудару. 

Жоғарыда  көрсетілген,  қазақ  халқының 

дәстүрлері,  мәдениеті  мен  рухани  құн ды-

лықтарын  бойымызға  сіңіру  арқылы  пайда 

болатын  ұлтжандылық  –  Отанымыздың 

әлеу меттік  дүнисіне,  ғылымына,  тарихына 

қосатын үлесі шексіз. 

Осы  ұлтжандылық  жайында,  хал-

қымыздың  ардақты  ұлы  Бауыржан  Мо-

мышұлы: «Патриотизм түсінігін мемлекеттің 

азаматы  ретіндегі  жеке  адамның  мүддесі-

нен  тыс  жалпылама,  жадағай  түсіндіруге 

болмайды.  Патриотизмнің  құрамдас  бөлігі 

болып  табылатын  маңызды  элементтердің 

бірі  –  ұлттық  рух  немесе  ұлтжандылық 

өз  халқына  деген  сүйіспеншілік  ретін-

де  қарастырылуға  тиіс.  Ұлтжандылық 

өзінің  шыққан  тегінің  бірлігі  мен  ор-

тақтығы,  туған  жеріне,  тіліне,  өскен 

ортасына,  мінез-құлқына,  психологиялық 

және 

этнографиялық 



ерекшеліктеріне 

басқалардан  өзгеше  әрі  ерекше  тарихи 

ұлттық  дәстүрлерге  тығыз  байланысты. 

Ұлттық  сезімдерді  патриотизм  арнасына, 

Отанға,  ұлтқа  деген  сүйіспеншілік  рухына 

бағыттау  үшін  бұл  ерекшеліктерді  жақсы 

білу  және  олармен  міндетті  түрде  санасу 

қажет» – деп өз ойын ортаға салған. 

Ал  тәрбиенің  маңыздылығын  өткен  ке-

зеңнің  прогрессивті  педагогтары  мойын да-

ған. Мысалы, ұлы  славян  педагогы  Ян Амос 

Коменский «Табиғат адамға дүниеге келген 

сәтінде білім игеруге мүмкіндік береді, бір-

ақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана 

дами  алады  деп  оқытқан».  Педагогиканың 

ұлы  классигі  К.Д.Ушинский  жеке  тұлға-

ның  қалыптасуындағы  тәрбиешінің  ерекше 

орны туралы былай деген: «Білім беру мен 

тәрбиенің негізгі міндеті – елін сүйген адал 

ұрпақ  тәрбиелеу»  –  арқылы  анықтамалар 

берілген.

Расында  да,  «Білім  беру  мен  тәрбиенің 

негізгі  міндеті  –  елін  сүйген  адал  ұрпақ 

тәрбиелеу»  –  деген,  Ушинскийдің  ойы  өте 

орынды,  тәрбиеші  мен  тәрбиенің,  ЖОО-да 

интеллектуалды студент қалыптастырудағы 

орны өте ерекше және маңызды. 

Студенттер  –  біздің  болашағы мыз.  Сол 

студенттерімізді  Отанын,  ұлтын  сүйетін 

ұлтжанды,  жоғары  адамгершілік  иесі, 

ұлт тық  рухы  биік  парасатты  азамат  етіп 

тәрбиелеп,  нәтижесінде  интеллектуалды 

ұлт қалыптастыру қамын бәріміз ойлаймыз. 

Бірақ  оған  барар  сара  жолда,  іске  асатын 

нақты бір жүйемен, бұлжымас ережелер мен 

қағидаларды ұстануымыз керек. 

Біріншіден  әр  мамандықты  теориялық 

білім  деңгейінде  меңгертіп  қана  қоймай, 

оның  тәрбиелік,  ұлттық  негіздерінен  хабар 

бере отырып, еңбек сүйгіштік, елжандылық, 

ар-намыс,  адамгершілік,  ізгілік  қасиеттер-

ді  қалыптастыруды  көздеу  керек.  Сонда 

ғана,  ұлттық,  саяси,  құқықтық,  ізгілік, 

патриоттық,  адамгершілік,  экологиялық, 

экономикалық  тәрбие  түрлерімен  ұштасты-

ра  жүргізу  арқылы  жемісті  нәтижелерге 

жетеміз.  Осы  арқылы,  қазақстандық  ұлт-

жандылық,  азаматтық,  ізгілік  пен  жалпы 

азаматтық  құндылықтар  идеяларының  не-

гізінде  тәрбиелеушінің  жеке  тұлға  ретінде 

сапа  қасиетін  қалыптастыру  мақсатында, 

білім беру ұйымындағы ұлттық мәдени ер-

ек шеліктерді  ескере  отырып,  тәрбиелеудің 

тиімді  жүйесін  әзірлеу  мен  енгізуді  міндет 

етеміз.

Түйіндей айтсақ, жалпы дамудың бағыты 



тіпті  де  әрбір  сабақ  сәтінде  сүзгіден  өткізе 

бағдарлауды  аңғартады,  ал  бұл  әр  қилы 

нақтылы  өзіндік  көріністермен  айқындала 

жүзеге аспақ.



Ұлттық  тіл  мен  әдебиеті  бойынша:( 

Қазақ ұлттық әдеби тілі және оның уақыт 

пен  кеңістіктегі  даму  жолдары,  ұлттық, 

жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды 

жинақтау, сақтау, жаңғырту)

География және табиғатты пайдалану, 

қорғау  дәстүрлері  бойынша:  (Аңшылық 

және  саятшылық салты. Экологиялық та-

қырыптарға арналған тыйым сөздер.)

Биология және биотехнология факуль-

теті бойынша: (Мал өрісі және оны түрлері, 

жануарлар дүниесін және өсімдік-топырақ 

жамылғысын қорғау.)

1.  Музыкалық  аспаптарда  ойнау 

бой ынша:  (Халық  әндері  мен  билерінің 

тарихы. Зергерлік бұйымдар мен әшекейлер 

жасау.  Айтыс  дәстүрі.  Ою-өрнектердің 

тарихы.  Сурет  салу.  Таңбалы  тастар. 

Ұлттық қолөнер туындылары. Тән мен жан 

сұлулығы,  халықтың  музыкалық  мұралары 

һәм фольклорлық аспаптарын қастерлейтін 

ұрпақты дайындау).

2.  Экономикалық  тәрбие  бойынша: 

(тәуелсіз  қазақстан  мемлекетінің  эко-

номикалық  дамуына  жеке  үлесін  қосуды 

мақсат ететін тұлғаларды дайындау).

3.  Әскери-жауынгерлік  өнерін  да-

мыту:  (Адамзат  перзентінің  асыл  құн-

дылықтары  негізінде  ұрпақ  санасында 

ізгілік  қасиеттерін  қалыптастыру,  туған 

жерін,  ата-жұрты  һәм  Отанын  қорғай-

тын жалынды жас ұрпақты тәрбиелеу Ат 

құлағында  ойнау.  Төзімділік,  қаһармандық 

һәм  батырлық  дәстүрлері.  Соғыс  өнері. 

Әскери-көшпенділік  тұрмыс  салты.  Дене 

болмысы.).

Философия  және  саясаттану,  тарих, 

археология  және  этнология  пәндері 

бойынша:

Ақыл-ой  тәрбиесі:  (танымдық  жетілуі-



нің онтотгенездік сипаты, терең ойлау һәм 

тұспалдау, ұлттық дүниетаным негіздері).

Ата  тағылымы:  (ата-баба  салты, 



әке  дәстүрі,  әулет  ғұмырнамасындағы 

этногенеалогиялық  ерекшеліктер,  ағай-

ындық қарым-қатынас).

Ана  һәм  ене  тәрбиесі:(халық  тұр-



мысындағы  қыз  балалар  тәрбиесі,  ана 

шуағы,  ене  мейірі,  апа-сіңілілік  қарым-

қатынас).

Әулет тәрбиесі: (отбасы һәм қоғам дәс-



түрлерін ұрпақ санасына сіңіру).

Имандылық, 

мұсылмандық 

тәр-


бие:(әлемдік  діни  конфессиялардың  гума-

нистік  құндылықтары  негізінде  ұрпақ 

санасына  діни-теологиялық  қасиеттерді 

дарыту,  Қасиетті  Құран  кітабы  һәм 

мұсылмандық  діни-мәдени  құндылықтар 

арқылы нағыз адамды тәрбиелеу).

Еңбек тәрбиесі:(жас ұрпақты халық һәм 



ауылшаруалығының  қыр-сырларын  білуге 

баулу). 

Эстетикалық тәрбие:(этномәдени мұралар 

һәм халық өнерінің қыр-сырларын ұғынуға 

баулу).


Құқықтық  тәрбие:(қазақ  халқының  үк-

ім-кесім  һәм  тыйым  дәстүрлері  мен  ҚР 

Заңдары негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу).

Саяси-идеологиялық  тәрбие:(Қазақстан 



мемлекетінің ұлттық рәміздерін, Заңдарын, 

ҚР Президентін құрметтеу). 

4. 

Салауатты  өмір  салты,  ұлттық 

спорт тәрбиесі бойынша: 

(ұлттық  ойындарды  қастерлейтін,  са-

лауаттылық  өмір  салтын  сақтайтын, 

денсаулығын  шыңдайтын  ұрпақтарды 

дайындау).

Екінші  мәселе,  жоғарыда  көрсетілген 

мамандықтар  бойынша,  елімізге  белгілі 

әр  саланың  мамандарын,  көрнекті-пе-

дагог  ға лым  дарды,  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  қызметкерлерін,  эстрада 

жұл дыздары, спорт шеберлері, әлемге қазақ 

елін  танытып  журген    ұлт  мақтаныштары 

мен  жанашырлары  және  визажист,  киім 

үлгісінің  дизайнері,  хореограф,  стилист, 

сөз  өнер  шебері  сияқты  мамандар  арнайы 

шақырумен келген мастер-класс сабақтарын 

ұлттық интеллектпен байланыстырып өткізу 

мүмкіндігін жасап, оқу үрдісіне қосу керек. 

Бүгінгі  күнде  масстер-класс  сабақтары 

тиімді және терең білім алудың көзі болып 

табылады. Жеке дағдыланған озық тәжірибе 


85

84

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТ

нәтижесін  3D  –  пердеде  әлемiмен  көру 

мүмкiндiгi  арқылы  және  интерактивтік 

құралдармен  жабдықталған  аудиторияда 

қатысушылардың,  қысқаша  теориялық 

бағытпен  жүргізетін  білім  жетілдіретін 

тиімді  әдіс.  3D  тиiмдi  ғана  емес,  пайдалы 

бола  алады.  Ең  алдымен,  3D,  яғни  үш 

өлшемдi  сурет    –  өз  көзіңмен  көргендей, 

көру мүмкiндiгi. 

Мысалы:  Өз  ұлтының  ерекшеліктерін, 

оның  құрылымын,  негізін,    наным-сенім-

дерін,  саяси  көзқарастары  мен  ұстанған 

бағыт-бағдарын  түсініп-білу  үшiн,  жан-

жағынан  ізденіп  оқып,  есте  қалу  үшін 

семинарлар  жүргіземіз.  Ал,  мастер  класс 

сабағының  семинардан  айырмашылығы, 

жаңа  технологияның  ерекше  даму  мүм-

кіндігімен,  әдiстерді  іс  жүзiнде  көрсетуі, 

яғни  виртуалдың  жандануы,  нақтылануы. 

Мастер-класс сабағы – бұл жаңа технология 

арқылы  әлеммен  танысып,  өнер-бiлiмге, 

тәлім-тәрбиеге,  ғылымға  деген  жаңа  ой 

туындындауына,  жаңа  эмоциялар  алуға 

мүмкiндiк  бередi.  Әр  саланың  жетекші 

мамандары  теориялық  білім  деңгейінде 

меңгертіп  қана  қоймай,  оның  тәрбиелік, 

ұлттық  негіздерінен  хабар  бере  отырып, 

еңбек  сүйгіштік,  елжандылық,  ар-на-

мыс,  адамгершілік,  ізгілік  қасиеттерін  қа-

лыптастыруын  көздеп  дайындаған  видео-

роликтерін,  тәжрибелік  әдістерін  нақты 

дә лелмен  жүргізсе,  студенттердің  ынтасы 

көтеріліп,  зерттелетiн  мәселені  жүрегiмен 

сезінуге  мүмкіндік береді. 

Мүмкіндікті  қалай  жасаймыз  дегенде, 

басты мәселе, ЖОО-да шеберлік сыныптар-

ын  ашып,  оны  жаңа  технологиялармен, 

интерактивтік  құралдармен  және  әр 

сала    бойынша    керекті  материалдармен 

жабдықтау керек.  

Келесісі  жетекші  маман  таңдауда,  ол  өз 

мамандығын жетік меңгерген, ұлттық тілде 

сөйлеген сөзі де, іс-қимылы да, жүріс-тұрысы 

да, қарым-қатынасы да ұлттық әдепті бойы на 

сіңірген, кішіні  ізеттілікпен құрметтеп, үлгі 

алады  арқылы  ұлтжандылыққа  тәрбиелей 

алатын,  басқаларға  үйретуден  жалықпай, 

басқаларға  барынша  жақсылық  жасауға 

тырысатын білікті адам болу керек.

Мастер-класс  сабағында  жеткекші  ма-

мандар  студенттерді  сөйлеу  әдебіне,  киім 

кию  әдебіне,  дастархан  басындағы  әдепке, 

қо ғамдық  орындардағы    мінез-құлық  әде-

біне,  адамның  қимыл-қозғалыс  әдебіне, 

кәсіби  қарым-қатынас  әдебіне,  сәнді  билеу 

әдебін үйреулері керек. 

Мастер класс сабағында, жетекші маман  

жаңа  әдiстемелер  және  авторлық  жұмыс 

нәтижелерiн,  ұлттық  интеллектпен  бай-

ланыстыра отырып  өткізуін қадағалау.

Қорытындылай  келе,  Жоғары  оқу 

орындарында  студенттерге  заманға  сай 

жағдай  жасалып,  интеллектуалды  ұлт 

қалыптастыру  жолында  жоғарыда  көр-

сетілген  мәселелерге  көңіл  көліп  са-

ралағанымыз  дұрыс.  Интеллектуалды  ұлт 

қалыптастыру  жолында,  осы  мәселелерді 

оқу  үрдісіне  қосудың  маңызы  ерекше 

және  кепілдігі  бар.  Өйткені,  Егеменді  ел 

болған  соң,  сол  елдің  елдік  белгіс,  ұлттық 

патриотизм  тәрбиесі  айқын  көрінетін  дә-

рістер жүргізілуі заңдылық болуы керек. 

Қазақ    халқы    ұлттық  әдепті    бойына  

сіңі ріп, 

өскен 


ұрпақты 

ұлағаттаған, 

әдептілік  міне зін  қалыптастырған.  Әдепті 

халық  –  ұлттық  әдепті  қастерлей  біледі, 

адамгершілікті  ардақтайды  Сондықтан, 

біз  осы  бір  қасиетті  ұғымға  біржақты 

білімділік  талап-тілегінен  келмеуіміз  ке-

рек  екен.  Сондықтан  да,  интеллигенттік 

дегенді білімнен емес, әдептілік пен жақсы 

адамдық  қасиеттерден  іздеген  жөн.  Оның 

бірден-бір көрсеткіші өзіңнің мемлекетіңді, 

қоғамыңды, ұлтыңды сүю. Қазір қазаққа сын 

көп,  сүрінбей  өту  міндет.  Міндет  –  мінсіз 

болғанда ғана орындалады. 

3.  Ұлттық  тәлім-тәрбие  мазмұны  Абай  мен  Мұхтар  Әуезовтың  педагогикалық 

идеяларында//Шәкәрім  Құдайбердіұлының  шығармашылығын  зерттеудің  өзекті  мәселе-

лері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Семей, 2006, 126 б.

4. Малдыбаев Ә. Мұны әркім де білуі тиіс. – А., 1987, 45 б.



Резюме

В  статье  рассматриваются  о  формировании  интеллектуального  потенциала  сту-

дентов основанные на идеях автора, как формировать национальный характер, такт, дух, 

национальные традиции, честь и качества будущего Казахстана.

Summary

In the article on the development of intellectual potential of students based on the ideas of the 

author, as to form a national character, rhythm, spirit, tradition, national honor and the quality of 

the future of Kazakhstan.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. – А.: 1999, ҚЭ, 2 том, 135 б.

2. Педагогика және психология //Қазақ тілі терминдерінің салааралық ғылыми түсіндірме 

сөздігі. – А.: Мектеп, 2002, 152 б.



МҰХТАР ӘУЕЗОВ ПРОЗАЛАРЫНДА БЕРІЛГЕН ДӘУІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ 

ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

Сеитова Жанат

Көркем  шығармаларындағы  ұлттық 

өмірдің  шындығын  арқау  ете  суреттеген 

талант  иесі  көркем  шығармашылық  жолда 

қырық  бес  жылдай  еңбек  еткен  аралықта 

артына мол өшпес мұра қалдырды. Қазақтың 

ұлттық драматургиясын жасау, ұлттық эпо-

пеясын  жазу,  ең  бастысы  әлем  әдебиетін 

қазақ  халқының  рухани  дүниесімен  жал-

ғастыру тек Әуезов маңдайыңа біткен бақыт.

Адам баласына ой саларлық, көркем ғиб-

рат беретін әдеби мектепте кейіпкерлерінің 

ойы  мен  сезімін  терең  меңгеріп,  солардың 

жү регіне  жол  таба  білуімен,  көркемдік  ой-

лау ерекшелігі, ұлт психологиясын жанымен 

түйсіне отырып дарытқан, нағыз көкейкесті 

мәселені тап басуы, тіл шеберлігі, мегзеген 

мақсатына жетуімен дара қолтаңбасын өзін-

дік  оймен  бағалау  мен  байыптау,  саралау 

қашанда  ұрпақтың  күн  тәртібінен  түспек 

емес.  Әрине,  ұлттық  әдебиеттегі  үдеріс 

төркінін,  ондағы  шығармашыл  күштердің 

ара  қатынасын  тереңнен  ұғынбай,  әдеби 

туындыға  баға  беру  күрделі  екенін  естен 

шығармаймыз.  Дегенмен,  жазушының  ру-

хани болмысы, өмірді тереңнен бай ыптауы, 

адам  жан-дүниесін,  қоғамды,  ха лықтың 

ұлттық  сипаттарын  жан-жақты  қамтуы  оқ-

ыр манын өзіне тылсым күшпен тартқандай 

әсер  етуімен  құдіретті.  Соны мен  қатар, 

М.Әуеов  суреткер  ретінде  әлі  де  біз  үшін 

жұмбақ,  өйткені  қаламгер  шығармашылық 

тұлға ретінде қаншалықты дара болса, оған 

баға беру де соншалықты қиын. 

Жалпы,  М.Әуезов  шығармаларына  қазақ 

халқының  сан  ғасырлар  бойы  жасаған 

бай  ауыз  әдебиетімен,  жазба  әдебиеттегі 

қазыналар нәр беріп, көркемдігін арттырып 

қана  қоймай,  қазақ  өнерінің  ұлттық  және 

әлемдік  аренада  сипатын  танытуға  зор 

үлес  қосты.  Әлемге  шығармалары  арқылы 

қазақ  халқының  өзіндік  мені  бар  екенін  де 

дәлелдеп берді. 

Қазақ  жазба  әдебиетінің  алғаш  игерген 

прозалық жанрларының бірі – әңгіме жанры 

өзінің  уақыт  күйіне  үндесе  білетін  ық-

шамдығымен,  әрі  ойының  ұшқырлығымен 

қашанда  оқ  бойы  озық  тұрады.  Тұңғыш 

қалам  тербеген  Абай  мен  Ыбырайдан  соң 

кең көлемде ізін жалғастырушылардың бірі 

–  М.Әуезов  қаламынан  да  көрініс  тауып, 

өз  заманының  кескін-келбетін  суреттеуге 

төселіп,  үлкен  прозаға  бет  алуына  септігін 

тигізді. 



87

86

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТ

Әңгіме  –  қаламгердің  жазушылық 

жолындағы  шынайы  талабын  шыңдайтын 

шеберлік  мектеп  саналады.  Осы  орайда, 

М.Әуезов жазушылықтың нағыз шеберлігін 

әңгіме  әлемінен  бастағаны  да  ақиқат. 

Сондықтан  да,  біз  ең  алдымен  қаламгер 

әңгімелерінің замана шындығына, идеялық-

көркемдік  ерекшеліктері  мен  кейіпкер 

келбетін  даралау  сипатына,  тәлімдік  қыр-

ларына үңілеміз. Жазушының шеберлігі сол, 

өмір  шындығын  жіті  көре,  аңдай  білуінде, 

түсінуі,  сан  алуан  адамдардың  мінез, 

қимыл,  іс-әрекетін,  бітімін,  психологиялық 

ерекшеліктерін тани-білгендігінде және мұ-

ның  барлығын  шағын  ғана  жанрда  ерекше 

көркемдікпен сыйдыра білгендігінде.

Қаламгердің  өзі  үшін  де,  жалпы 

оқыр ман  үшін  де  оның  прозаиктік  та-

лантының  алғашқы  көрінісі  саналатын 

«Қорғансыздың  күні»  әңгімесі  мен  «Еңлік-

Кебек»  драмасының  мәні  зор.  Өмір  бойы 

талантының осы екі қырын ұстап өтті. 

М.Әуезовтың  «Қорғансыздың  күні» 

(1921)  әңгімесінің  атауынан-ақ  қорғансыз 

адамдар  тағдырын  суреттеп,  трагедиямен 

аяқталатынын  іштей  қолға  ала  бастағаннан 

сеземіз.  Қаламгер  тақырыбымен-ақ  оқыр-

манына  әңгімесін  қалай  аяқталатынан 

хабардар  етіп,  тұспалмен  оқиға  барысынан 

білдіреді.  Бұл  жайында,  қорғансыздарға 

төнген  қауіпті  әдебиет  зерттеушісі  Ы.Дүй-

сенбаев:  «...Шағын  кіріспенің  өзінен-ақ 

қорқынышты  оқиғаның  төнгенін  сезініп, 

дегбірсізденгендей  боласыз.  Күннің  райы 

да,  табиғат  ерекшелігі  де  көңілдегі  күдікті 

күшейте түседі» [1. 4-5.], – дейді. 

«Қорғансыздың  күнінде»  жазушы  Ақан 

сияқты  қатігез,  безбүйрек,  айуанмен  пара-

пар болыстың және оның алаяқ ат қосшысы 

Қалтай  арамзаның  қанды  шеңгелінен  қаза 

тапқан уыздай жас Ғазизаның, оның отбасын 

аянышты  халмен  баяндап,  асыраушысынан 

айырылған  қаралы  үйдегі  жандардың  қор-

лық пен күңдікте өткен өмірін, шеккен жә-

бірін  шыншылдықпен  суреттейді.  Бұл  тек 

бір  ғана  Ғазиза    басындағы    жай  емес,  сол 

кезде  қоғамда  мұндай  әрекеттер  молынан 

кездесетін.  Сұм,  жауыздардың  кінәсіз, 

өзі  жарым  жан  болып  отырған  жандарға 

арқылы білдіреді. Жазушы ойын ишарамен, 

меңзеумен жеткізеді. Философиялық ұғым-

да  мән  бере  қарасақ,  қорғансыз  аруақ, 

қорғансыз  жандар,  қорғансыз  мекен 

образдары  тұтасып,  қорғансыз  қалайын 

деп  тұрған  қазақ  даласына  деген  автордың 

көзқарасы аңғарылады. Астарлы ой – бейіт, 

мола  көрінісі.  Жазушының  оған  көңіл 

бөлгені  қазақ  салтындағы  аруақты  сыйлау, 

пір  тұту,  жалбарыну  сынды  ұғыммен  ас-

тасып  жатуында  болса  керек.  Қорғансыз 

жандардардың  ауыр  тұрмысын,  Ғазизаның 

өлімін, кедейлердің ауыр тұрмыс-жағдайын 

қыстың  қаһарлы  аязы  мен  боранды  күн-

дерін  қат-қабат  табиғатпен  байланыстыра 

отырып,  шығармаға  жан  кіргізген.  Тегінде, 

кейіпкерлерінің  ішкі  жан  дүниесіне  үңіліп, 

оны  нәзік  лиризм,  табиғат  құбылыстарын 

адам сезімдерімен сәйкес суреттеу М.Әуезов 

қаламына тән ерекшелік болса керек. 

Осы тәріздес қорғансыз жандардың қилы 

тағдыры  жазушының  бірқатар  әңгімелерін-

де  де  көрініс  тапты.  «Қыр  суреттерінде» 

әмең гер  шалдан  қашып  боранға  ұшыраған 

Рабиға,  «Жетім»  әңгімесіндегі  әке-шеше-

сінен  айырылғаннан  соң  байшыкеш  туысы 

Иса  мен  әйелі  Қадишаның  қолында  қалып, 

жетімтіктің  қасіретін  тартқан  Қасымның 

қашып,  жолда  қатып  өлген  ащы  тағдыры 

–  барлығы  да  ескілікке  мойынсұнбаған 

қорғансыз жандар. 

Қаламгер  қаламынан  туған  осы  тәріздес 

қорғансыз  жандар  өмірі  баяндалған  әң-

гімелерінен  үлкен  мәселені  көруге  бо-

лады..  «Бұл  жазып  отырған  жандар  ғана 

ма  қорғансыз?  Жалпы  қазақ  қауымына  кім 

қорған,  кім  пана?»  деген  сияқты  сұрақтар 

мүмкін  туындауы  да  ғажап  емес.  Бүгінгі 

жастар  осындай  шығармаларды  оқи  отыр-

ып,  өз  отандастарының  кешегі  халін 

білмесе, бүгінгіны бағалай да алмаған бола 

еді.  Осындай  үлкен  мәселені  кішкене  ғана 

парақ  беттеріне  сондай  нәзік  тілмен  шебер 

бергендігіне қайран қаласың. 

Сонымен  қатар,  қаламгердің  әрбір  әң-

гімесіндегі  ұлттық,  этнографиялық,  фоль-

клорлық  ұғымдарды  ескерсек,  асқақ 

рухта  беру  тәсілі  жеке  дәстүр  ретінде 

қалыптасты.  Мысалы,  «Қорғансыздың 

қылған  жан  түршігерлік  айуандығы  оқыр-

манға    ыза,  жиренішпен  әшкереленсе, 

ал  Ғазиза  мен  оның  қайсар  әжесін  автор 

сүйініш,  әрі  аяныш  сезіммен  бере  отырып, 

творчестволық  тәсілдің  екі  жақты  қырын 

береді. Олардың жасаған қатігездігіне қарсы 

тұрарлық  күші  бұлшық  еттерінде  емес, 

рухани  тазалығында,  ар-инабаттылығында 

де сек  әбден  болады.  Олай  айтуымызға 

себеп, қорланған қыз басын ажалға байлай-

ды.  Халқымыздың  «Малым  –  жанымның 

садағасы, жаным – арымның садағасы» деген 

ежелгі  мінезі  бойына  сіңген  ажар  байқала-

ды.  «Қорғансыздың  күні»  әңгімесінде 

зор  тәрбиелік  мағына  жатыр.  Шығармада 

суреттелетін  тұрмыс-тіршіліктен,  мінез-

ғұрыптан  аса  айқын  ұлттық  бояу  байқала-

ды.  Оны  Күшікбай  батыр  жайлы  аңызды 

әңгімелеу барысында көрінеді. Қаламгердің 

өзі  де  екі  түрлі  қасиетін  анық  аңғартады: 

өмірді шыншылдықпен бейнелейді; ортаны 

ұлттық ерекшелікпен танытады. 

Ғазизаның отбасы кешкен күйді жазушы 

оқырманына ескі ауыл көрінісін, табиғатты 

шебер,  әсерлі  тілмен  байланыстыра  бе-

ре  отырып,  кейіпкерінің  пасық,  озбыр 

әрекеттерінен жиіркеніңдер дегендей де ал-

дарына  тартады.  Әңгіме  Арқалық  тауының 

етегінде,  қақаған  қыста  өтеді.  Адамдардың 

бақытына,  еркіне  тұсау  болған  ескі  әдет-

ғұрыптар осылай әшкереленеді. Шығарманы 

реалистікпен  шыншыл  тұрғыда  батыл 

суреттеген  қаламгер  еңбегі  –  нағыз  талант 

екенін бағалаған мына бір пікір айқын дәлел 

бола алады: 

«М.Әуезовтің сомдаған әйел кейіпкерлер 

жүйесінен  олардың  өзіндік  ерекшеліктері 

танылады.  Жазушының  «Қорғансыздың 

күні»  шығармасында  суреттелетін  үш  әйел 

–  тағдыр  тәлкегінің,  ескілікті  заманның 

құрбандары. Өзінің бейнелік айқындығымен, 

трагедиялық  сипатының  тереңдігімен  Ға-

зиза  Шекспирдің  әйелдер  бейнесімен, 

Островскийдің  Катеринасымен  қатар  тұра 

алады» [2. 313.]. 

Әңгімеде  үйдегі  қорғансыз,  қауқары 

жоқ  жандардың  өмірден  еш  шарасы,  үміті 

жоқ  екендігін  өлімге,  қазаға  байланысты 

айтылатын – «кебін» сынды астарлы сөздер 

күні»  әңгімесіндегі  найзаға  сүйеніп  тұрып 

жан  тапсырған  батырлық  рухтың  символы 

Күшікбай  батыр  бейнесін  дәріптейтін  аңыз 

бен  «Жетімдегі»  өгейлік  тепкісіне  көне 

алмай,  қараңғы  түнде  әке-шеше  зиратын 

іздеп  шығып,  өлімді  қорлықпен  зорлыққа 

қарсы  құрал  ретінде  мойындаған  он  жасар 

Қасым рухы – осының дәлелі. Жазушының  

«Бүркітші»  атты  әңгімесінде  Бекбол 

аңшының  қасиеттері  мен  қыран  құстың 

қимыл-қозғалысы,  ұшу  бағыты  мен  тілек-

қалауын  тәптіштей  суреттеледі.  Бұл  ежелгі 

аңшылық,  саяткерлік  өнердің  қыр-сырын 

жетік білетіндігін аңғартады. Бұл турасында 

ғалым  Б.Майтанов:  «Әуезовтей  қаламгер 

«аңшы  мен  бүркітті  бірінен  бірін  айырып, 

ажырағысыздай бір тұтастыққа айналдырып 

жіберді.  Мөлдіреп  тұнып  тұрған  табиғат 

құшағындағы  ақынның  іс-әрекет,  қимыл-

қозғалыс, мінез қылығы ұлттық өзгешелікке 

әңгіме  көлеміне  лайық  береді»  [3.  132.],  – 

деп тұжырымдайды.

Жазушы  халықтың  бай  әдебиетін  де 

шығармаларына  кірістіріп  отырған.  Бұл 

бір  жағынан  оқырманына  халықтық  фоль-

клордан  хабардар  берумен  қатар,  танымын 

кеңейтуге  де  өзіндік  үлесін  қосады.  Қара 

сөз  үлгісіндегі  фольклорды  «ертегі,  аңыз, 

күй  аңызы»  деп  ғылыми  тұрғыдан  жіктеп 

қана  қоймай,  оны  көркем  туындыларында 

ұтымды пайдалана білген. Бұл өз кезегінде 

шығарманың  көркемдік  құнын  арттыруда 

мол үлес қосқан. 

Мәселен,  «Қыр  әңгімелері»,  «Сыбанның 

моласында» атты шығармаларында дәстүрлі 

әңгімешінің тұлғасын тірілтіп, ауызекі әңгіме 

заңдылықтарын  прозада  пайдаланудың 

тың  ізденісін  көрсетеді.  Мұндай  хикаялық 

сарынды  өзінің  жазған  әңгіме,  повесть, 

роман т.б. жанрларына икемдеп, пайдаланып 

отырған.  Ұлттық  көркем  әдебиеттің  атасы 

М.Әуезовтың  кез  келген  шығармасында 

қазақтың  әдет-ғұрыптары,  салт-санасы, 

кәсібі, ойын түрлері т.б. аса кең пайдаланыла 

отырып,  көркем  тілмен  аса  ұғынықты 

етіп  оқырманына  жеткізілген.  Халықтың 

сан  ғасырлар  келе  жатқан  бай  тілінің 

бейнелі,  алыстан  орағытар  шешендігі  мен 

әсерлі  сөз  келісімдерін  сақтай  білгендігі 


89

88

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТ

де  аңғарылады.  Өйткені,  жазушы  ұлттық 

характер, ұлттық болмыстың тек бір күннің 

жемісі  емес,  сан  ғасырлық  тарихтың  ізі 

екендігін жете зерделеген.

М.Әуезовтың  «Кім  кінәлі?»  (1923) 

әңгімесінен  сол  кездегі  қазақ  әйелінің 

жабырқау  жүзін,  бас  бостандықты  аңсауын 

және  олардың  санасының  жаңғырып  келе 

жатқандығын  көреміз.  Бұл  әңгімесінде  бас 

кейіпкері  Ғазизаның  атастырған  күйеуіне 

шыққысы  келмей,  сүйген  ғашығы  Ісләмға 

қосылғысы келетіні суреттеледі. Оған әкесі 

Ысмайыл ақсақал ата-баба дәстүрін бұзғаны 

үшін  қызы  мен  әйелі  Қалиманға  ашулы. 

Ескіліктен  арылып  болмаған  көшпенді  ел 

санасы  қыздың  тағдырын  өз  қолдарына 

алуымен  ерекшеленеді.  Шығармадан  қазақ 

халқына  тән  тәлімдік  асыл  қасиеттерді 

де  байқауға  болады.  Қазақ  халқында  қыз 

баланы  айрықша  көрген.  Бала  тәрбиесінде 

ана  ролі  басты  орын  алады.  Басқа  шығыс 

халықтарындай  емес,  қызды  ер  баламен 

тең  ұстаған,  бетін  бүркелемеген,  ешқашан 

бетінен  қақпаған.  Сол  себепті,  ерлермен 

тең  дәрежеде  сөйлесетін  болған.  Мұндай 

сипатты  әңгіме  барысынан  да  байқауға 

болады:


«– Өсіргенің, асырағаның адыра қалсын! 

Балаға жақсылық үйрететін ақыл бар ма сен-

де? Сенің ақылың емес пе осыған жеткізіп 

отырған!  Сенен  басқа  өзің  теңдес  кісіде 

кімнің  қызы  бүйтіп  бұзылып,  ел-жұртқа 

жаманаты  шығып  еді?  Осы  елден  сенен 

ақымақ шеше, сенің қызыңнан антұрған қыз 

көрдің  бе?  Айтып  бер  деймін  соны,  құдай 

ұрғыр! – деп қатты зекіді. Қалиман ашуынан 

басылған жоқ. 

–  Бишар-ау,  өз  балаңды  өзің  қорлап  не 

болды. Дұшпан айтпайтын сөзді өзің айттың 

ғой. Менің Ғазизамдай кімнің қызы бар екен 

осы  атырапта?  Патшаның,  ханның  қызы 

қандай болса, менің балам да сондай. Кінәсі 

–  қатыны  өлген  кәрі  күйеуге  бармаймын 

дейтіні  ме?  Ол  үшін  балам  жазықты  емес. 

Тіпті, қас-қабағыңа қарап үйдемеймін де сем 

де қоймадың ғой, өл де маған!» [4, 157.].

М.Әуезов  кең  даланың  осындай  тағы 

мінезіне  наразы.  Мұндай  тұрмыстың  арты 

жақ сылыққа апармайтынын да білдіреді. 

361.],  –  дейді.  Жұмағұл  мен  Қадиша  ауыл-

ға  келеді.  Басында  «сіз-біз»  деп  сыйласқан 

сыпайы «оқығандар» мен туыстарының на-

ғыз келбеті ашыла бастайды. Бала мен әке, 

келін  мен  ене  бір-біріне  жақындаса  түседі. 

Оны  жақындастырған  –  дүниеқоңыздық, 

сараңдық.  Жалғыз  қалған  кәрі  шешені 

зар  еңіретіп,  о  дүниеге  өз  қолдарымен 

жібергендей  болады.  Олардың  мұраты 

орнына келеді. Жазушы осы әңгімесінің та-

қырын тырнақшаның ішіне алған. Мұндағы 

айтпақ  ойы,  білім  алып,  адамгершілік  са-

падан  жұрдай,  ар-инабатын  болмаса  елге 

тигізер пайдаң да шамалы дегенді айтқысы 

келеді.  «Оқығандар»  бойындағы  қатігездік 

де көрінеді.

Мұхтар  Әуезов  «Оқыған  азамат»  деп 

әңгімесінің  атын  тырнақшаның  ішіне  ал-

ған.  Жазушы  әңгімесінде  білім  негізінде 

адамгершілік, ар-инабаттылық болмаса, елге 

пайдасы шамалы дегісі келеді.

Жазушы  қалаға  келіп  «мәдениетке  үй-

рене» бастаған қазақ жастарының тұрмысы-

на  енген  өзгерістерді,  сонымен  қатар  жас-

тар  тәрбиесі,  құлықтылық,  ар-инабаттылық 

проблемларды алға тартады.

Жазушының  бұл  уақытта  жазылған 

шығармаларынан «Көксерек» (1929) хикая-

сын ерекше атаған жөн. Бұл ұзақ әңгіменің 

тақырыбы  басқа  әңгімелерінен  оқшау 

көрінеді.

М.Әуезов  қоғамдық-әлеуметтік  құбы-

лыс тарды,  қоғамдағы  қайшылықтарды  сұс-

ты,  реалистік,  трагедиялық  шығармалар 

арқылы  шынайы  бейнеледі.  Осы  кездегі 

М.Әуезовтың  реалистік  қолтаңбасы  айқын 

аңғарылған,  шығармаларының  ішінен  шоқ-

тығы  биік  екі  шығармасы  –  «Қараш-қараш 

оқиғасы»  (1927)  мен  «Көксеректі»  (1929) 

атауға  болады.  Әрине,  екеуі  біріне-бірі 

мүлде  ұқсамайды.  Әйткенмен  де,  өмірді 

жан-жақты  қамтып,  терең  сипаттағаны 

өзгелерден  айқын  аңғарылады.  «...Біздің 

әдебиетімізде  философиялық  символика 

М.Әуезов  шығармаларынан  басталады. 

«Көк серек» – осы арнаның басы» [5. 120.], – 

деп,  сыншы  С.Әшімбаев  пікіріне  сүйенсек, 

ұлы  жазушының  бұл  шығармасы  ойды 

символикамен жеткізу әдісін батыл игерудің 

жемісі  іспеттес.  Автор  ойын  жарыққа 

шығарудың  тәсілі  ретінде  символиканы 

қолдануы әбден заңды.

Көп  ізденісінің  нәтижелі  жемісі,  әлем 

әдебиетіндегі  классикалық  шығармалар-

мен  салыстыруға  тең  тұрарлық,  тұтас 

философиялық  шығарма  –  «Көксерек»  әң-

гімесінен  де  зор  шеберлікті  көреміз.  Бұл 

повесть  жайында  әр  кезеңде  жазылған 

зерттеулер  біршама  бар.  Шығарманың 

көр кемдік  қуатын,  тілдік  ерекшелігін, 

құрылымдық  даралығын  саралаған  зерт-

теушілердің 

қатарында 

М.Қаратаев, 

Ы.Дүйсенбаев,  З.Қабдолов,  Р.Нұрғали, 

М.Мырзахметовтерді 

айтуға 

болады. 


«Көксеректегі»  образ  бен  символға  бай-

ланысты  жаңа,  құнды  пікірлер  айтқан 

академик  Р.Нұрғали  болды.  Шығарма 

көлемі  жағынан  шағын  болса  да,  қаламгер 

көп  мағына  сыйдыра  білген.  Бірер  деталь 

арқылы көп сыр аңғартады.

Кезінде теріс, жат сарындар басым деген 

эстетикалық  қате  тұжырыммен  дау  туғыз-

ған  болатын.  М.Әуезовтың  осы  әңгімесі-

нен  дүниежүзі  классика  үздіктері  Эрнест 

Сетон-Томпсонның  «Лобо»,  «Қуғынды-

лар»,  «Аюдың  өмірі»,  «Винипег  қасқыры» 

әңгімелерімен,  Джек  Лондонның  «Ақазу» 

романымен  таныс  болғандығын  ешкім  де 

шек  келтірмейді.  Сонымен  қатар,  ұлттық 

әдебиетті  биікке  көтерген  бұл  туынды 

арқылы  жазушы  әлем  әдебиетінің  осы 

бағыттағы Джек Лондон, Эрнест Хемингуэй, 

Эдгар  По,  Марсель  Пруст  шығармалары-

мен  көркемдік  шеберлiгi  жағынан  шығар-

машылық  бәсекеге  түсе  алатыны  даусыз. 

Қасқырдың  «психологиясын»  ағылшын 

жазушысы  Джек  Лондон  дәрежесінде 

бейнелеп,  баяндауы  қандай  қаламгерлік 

өнер  десеңізші!  Шығарманы  оқи  отырып, 

әсіресе,  Канадалық  жазушы  Э.Сетон-

Томпсонның  «Виннипег  қасқыры»  мен 

ағылшын  жазушысы  Д.Лондонның  «Ақ 

азуы»  шығармалары  арасындағы  ұқ-

састықтарды  бiрден  байқауға  болады. 

Кеңестік  дәуірдегі  әдебиеттанушылардың 

зерттеуінде  Көксеректі  бас  кейіпкер  ет-

іп  алуының  сыры  жоғарыдағы  аталған 

туындыларға  еліктеушілікте  жатқандығына 

М.Әуезов  1920-30  жылдардағы  қоғам 

болмысын, 

шындығын 

«Сөніп-жану» 

(1923), «Оқыған азамат» (1923), «Кінәмшіл  

бойжеткен»  (1925)  сынды  «оқығандар  об-

раздары»  арқылы  да  ашып  береді.  Қазақ 

әдебиетінде  осы  тұста  жарық  көрген 

бірқатар  шығармаларға  оқыған,  жаңа 

адамдардың  бейнесі  әр  қырынан  көрінеді. 

М.Әуезовтың және басқа да жазушылар дың 

1920-30  жылдардағы  көркем  туындылар 

арқылы  берген  «оқыған  азаматтардың» 

типтері  әр  алуан.  Онда  жазушы  қалаға 

келіп,  «мәдениетке  үйрене»  бастаған  қазақ 

жастарының  тұрмысындағы  өзгерістерді 

баяндайды. Сонымен қатар, жастар тәрбиесі, 

ар-инабаттылық  сынды  мәселелерді  алға 

қояды.  Сондай  оқыған  азаматтың  біреуі  – 

«Сөніп-жану»  әңгімесіндегі  Сыздық.  Оның 

ауыл дағы    әйелін  ұмыттырып,  сымбатты 

орыс  әйеліне  еліккен  көрсеқызар,  тұрақсыз 

сынды  ішіндегі  мінез-құлықтарын  бере 

отырып,  қоғамдық,  әлеуметтік  ортадағы 

тоғышарлық, 

пендешілік 

сипаттарын 

таны тады.  Мұнда  қаламгер  айтпақ  ойын 

жарқыратып,  ашып  тастамайды,  сим-

воликалық  сипатпен  береді,  яғни  айтпағын 

көлегейлеп,  астарлап,  символмен,  мең-

зеумен,  шағын  деталь  арқылы,  астарлы 

метафора  көмегімен,  тұспалдап,  ишарамен, 

емеурінмен ұсынады. 

Ал,  «Оқыған  жігіт»  әңгімесінде  жазушы 

кейіпкерлерінің  мінезін  шынайы  түрде 

ашып береді. Бұл әңгімесінде Мақсұт деген 

оқыған  жігіттің  айықпас  дертке  ұшырап, 

досы  Мейірханды  шақыруымен  басталады. 

Демі  таусылып,  Мақсұт  қайтыс  болған 

соң  Мейірхан  көп  келмейтін  болады.  Жиі 

келетін жолдары – Жұмағұл мен Ақай ғана. 

Жұмағұлдың  мақсаты,  түпкі  ниеті  жас 

әйелді  өзіне  қарату,  артындағы  мұраға  ие 

болу.  Оған  бұл  көп  қиындық  келтірмейді. 

Сөйтіп, көп кешікпей Жұмағұл мен Қадиша 

үйленіп,  жолдастарын  қонаққа  шақырады. 

Кәрі шеше жалғыз қалады. Баласы Жұмағұл 

байдың қызына үйленді дегенді естіген әкесі 

мен  шешесі  мәз  болысады.  «Ол  немені  біз 

оқытқанда, «ылғи бізден шығын шығара бер, 

кемпір-шалдың  қолындағы  азын-аулағын 

тауыса  бер»  деп  оқытып  па  едік?!»  [4. 


91

90

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТ

тоқталғаны рас. Алайда, жазушының өзінің 

ғылыми  зерттеулерінен  аңғаратынымыз, 

ең  алдымен,  арысы  ежелгі  түркілердің, 

берісі қазақ  халқының  көне  дүниетаны мын 

шығармашылық  мақсатта  қолдануға  ұм-

тылысына негізделгенін байқаймыз.

Онда  қолда  өскен,  асыранды  Көксерек 

атты  бөлтіріктің  тарихы  жайында  айтыла-

ды.  «Көксерек»  әңгімесінде  еркіндік  және 

ұлттық  сана-сезім  ролін  алған  қасқыр 

күшігі  бір  жасына  келгенде  ит  және 

адамзат  атаулыны  да  қызғандырып  қайран 

қалдырады.  Бөлтірік  өсе  келе  қасқырдың 

табиғаты  жеңіп,  күндердің  күнінде  тағы 

да  тектестерінің  үйіріне  қосылып  кетеді. 

Енді өзі өсірген ауылға маза бермей, малға 

тиседі. Бұл жерде Көксеректің жыртқыштық 

мінезі  қатал  беріледі:  «Ін  ішінен  жат  иіс 

сезіп,  Көксерек  басы  мен  кеудесін  сұғып 

«ырр»  етіп  кішкене  күшікті  тістеп  суырып 

шықты. Бұны істегенде ақ қасқыр арсылдап 

тап берген еді, Көксерек сонда да тоқтамай 

көк  күшікті  жерге  жұлқып–жұлқып  соғып, 

қабырғаларын  кірт–кірт  сындырып  өлтіріп 

тастады»  [6.13].  Өз  күшігін  аямаған 

Көксеректен  адамға  қайырым  қайдан  бол-

сын.  Ақыры  Көксерек  өзін  асырап  өсірген 

Құрмашты  ат  үстінен  жұлып  ап,  өлтіріп 

кетеді. Мұнда Әуезов қасқырдың сүлдесінен 

мейірімсіз қарақшының мінезін танытады.

Адам  –  бөлтірік  –  ортаны  жазушы 

диа лектикалық  байланыста  береді.  Бөл-

тіріктің  көбінше  зоолоиялық  өсіп-өнуіне 

емес,  сыртқы  ықпалға,  яғни  оның  мінез 

ерекшеліктеріне,  қатын-қалаш,  ауыл  ит-

терінен  көрген  жәбірінің  жалғыз  бала 

Құрмаштың жібіте алмағандығын нанымды 

береді.  Қырдың  дүлей  күшінің  еріксізден 

қолға түсіп, өсе келе бостандыққа ұмтылуы, 

ұяластарын  іздеуі  жаратылыстың  заңы. 

Нәсілі  бір  болса  да,  өзге  қасқырлар 

Көксеректі  оп-оңай  тобына  да  қоспайды... 

Осылай  жүйесі  үзілмеген  шығармаларды 

оқи  отырып,  астарлы  сырлар  мен  ойларға 

жетеленесің.  Мәселен,  «...Көк  шолақтың 

аузы  арандай  ашылып,  тынысы  құрып, 

тыпырлауға  шамасы  келмей  қалды.  Сол 

уақытта  артқы  қасқырлар  топырлап  келіп 

жетіп, көк шолаққа ауыз салысты. Былбырап 

аққан  қызыл  қанның  иісі  аш  қарындарға 

мас  қылғандай  белгі  берген  еді.  Шаптан, 

қолтықтан,  жалаңаш  төстен  мықты,  өткір 

тістер  жұлқып-жұлқып  тартқанда,  көк 

шо лақтың  қаны  жосылып  ағып,  ішінен 

бұрқырап бу да шықты. Бұл арада бар ауыз 

түгелімен  жабылып  кетіп  еді.  Аз  уақытта 

көк шолақтан будыраған жүн мен төрт табан 

ғана  қалды.  Қалған  топтың  жалғыз  даусыз 

басшысы  Көксерек  болды...»  [4.  26.].  Осы 

эпизодты  оқи  отырып,  «опасыз  пәни  деген 

осы»  деп  тұжыруыңыз  да  әбден  мүмкін. 

Кеше  ғана  өздерін  оттан,  судан,  жаудан 

сақтап жүрген басшы көкжалды, бүгін одан 

да  мықтырақ  біреу  шығып  еді,  артындағы-

лар  жарып,  оған  ғана  қанағаттанбай  жеді 

де  салды.  Егер  ертең  тағы  бір  күш  иесі 

шықса,  бүгінгі  жеңімпазды  өткеннің  кебін 

кимесіне  кім  кепіл.  Қасқырлардың  осы 

жа саған  іс-әрекеті  адамзат  қоғамында  да 

кездесетінін ойлағанда, Көксерек – көкбөрі 

зұлымдық  бейнесінде  алынғаны  ма?  Кеше 

ғана бауырына тартып, қорғап жүретін пана-

сыз  дала  бейнесіндегі  Құрмаштан  бүгін 

Көксерек  сырт  айналып,  ажал  болып  келе 

жатқаны  несі?  Кешегі  жасаған  жақсылық, 

адамгершілік қарымтасы қайда? Әлде әлсізге 

күшті  қашанда  ықпалын  жүргізу  керек 

пе?  Адам  қоғасы  мен  хайуанат  арасында 

бітіспес күрес бар ма? Т.б. осы сынды адам 

мен  адам  арасында  болатын  сұрақтар  да 

кесе-көлденеңнен тұратындай. 

Шығарманың  сюжеті  Құрмаштың  өлімі-

мен  аяқталады.  Бұл  жерден  автордың 

Құр маш  өлімін  трагедиямен  аяқтауының 

себептері  астарлы.  Осында  көрінетін 

қатігездік,  сатқындық,  жауыздық  сынды 

қоғамдағы  адамдар  арасындағы  ахуалды 

сипаттағандай әсер береді. Жазушы шығар-

маны Құрмаштың өлімімен аяқтаса да болар 

еді.  Бірақ  мұндағы  жазушының  айтпағы 

қашанда  зұлымдыққа,  озбырлыққа  қарсы 

тұратын, оны жеңетін күш бар деген астарлы 

сарынды да білдіре түскендей...

Әйгілі  «Қараш-қараш  оқиғасы»  оқиға-

сы  жазушының  1920-30  жылдардағы  ізде-

ністерінің тиянақталғанындай көрінісі деуге 

келер.  Өйткені,  жоғарыдағы  әңгімелерінің 

барлығында  зорлықшылдар  бар  да,  оған 

қарсы  тұратын  күрескер  жоқ.  Олар  үшін 

оқырманы  кек  қайырар  болса,  өмірден 

алынған  бұл  шығармасында  күрескер 

бар.  Барлық  алынбаған  олардың  кегі  осы 

шығарма  арқылы,  Бақтығұлдың  атылған 

оғымен  қайтқандай  болады.  Басқалай  амал 

жоқ  еді.  Үй  ішін  асырау  үшін  аң  аулау 

кәсібімен  қатар,  амалсыздан  алыстағы 

елдерден  анда-санда  барымталап  қайтады. 

Бір  күні  ауа  райының  кенеттен  бұзылуына 

орай,  алысқа  бара  алмай,  кез  болған 

үйірден мал ұрлап, сойып алғанның үстінен 

ұсталады, қуғыншылардан есі ауғанша дүре 

жейді.  Ұрлықтың  төлеуі  есебінде  жалғыз 

аты  мен  сиырын  алып  кетеді.  Есіне  келіп, 

барлық мән-жайды әйелінен естіп білген соң, 

ұрлықты  тастап,  адал  күн  кешпек  болады. 

Сөйтіп, Жарасбай болысқа барып жалдана-

ды  да,  бір  жыл  қызмет  атқарып,  болыстың 

шабарманы  ретінде  белгіленіп,  ескі  кәсібін 

ұмытқандай бола бастайды. Бірақ, Жарасбай 

өзі мен жауласқан рудан кек алу мақсатын да 

Бақтығұлды  еріксіз  барымтаға  аттандыра-

ды.  Ру  арасындағы  тартыс  толастаған 

уақытта  өзін  ақтап  шығу  үшін  Жарасбай 

Бақтығұлды  баукеспе  қарақшы  деп  билер 

сотына  тапсырып,  түрмеге  жаппақ  болады. 

Мұны сезген Бақтығұл болысты өлтіріп кек 

алмақшы болады. 

Повестегі кейіпкерлердің барлығы өмірде 

болған, протиптері бар жандар. Бақтығұл – 

Рысқұл  (Т.Рысқұловтың  әкесі),  Саймасай  – 

Жарасбай болыс. Осы шығарманың желісін-

де тамаша кинофильм де түсірілген. Бақты-

ғұл  –  М.Әуезов  кейіпкерлерінің  ішіндегі 

елеулісі.  Кейіпкерінің  басындағы  ащы  тағ-

дыр  арқылы  сол  кездегі  өмірдің  күрмеуі 

көп  қайшылығын,  адамдар  арасындағы 

теңсіздікті  шыншылдықпен  суреттейді. 

Шығарма  қазақ  қоғамының  шындығынан 

туған,  ескі  ауылдағы  әлеуметтік  теңсіздік 

тар тысына құрылған. Мұндағы бас кейіпкер 

өз  тағдырының  қожасы  болуға  ұмтылған 

және  де  өзіне  дейінгілерден  өзгеше  күрде-

лі  тип.  «Қараш-қараш  оқиғасы»  стихиялы 

түрде жүріп жатқанмен де – күрес, тіршілік, 

әділдік  үшін  айқас,  кек  қайтарушы  әрекет 

адамы. 

Әуезов  және  қазақ  халқы  –  айыруға 



көнбейтін,  ажырағысыз  ұғымдар.  Осы 

заманғы  қазақ  тарихының  жарты  ғасыры 

көркем  сөз  кемеңгерінің  көз  алдында  өтті. 

Ол өз мойнына ескі көшпелі әлемнің күйреуі 

алдындағы халық болмысының дәуірін та ну 

мен зерделеу, біз кімбіз, жаңа өмірге қалай 

келдік, оған не ала келдік деген сауалдарды 

ой  таразысынан  өткізу  сияқты  ұлан ғай ыр 

жауапкершілік  жүктеді.  Сондықтан  да  бү-

гінгі  қазақ  жастарының  ұлы  қаламгердің 

шы ғармаларынан алатын тағылымы аз емес.

Мұхтар  Әуезов  дүниежүзі  әдебиетіне 

үлкен үлес қосқан, барлық халықтарға ортақ 

классик.  Әрине,  Мұхтардай  ұлы  тұлғаны 

бағалауға қандай эпитет, сипаттаманы алсақ 

та, жеткіліксіз.Оның халық даналығынан нәр 

алған,  өмір  өзенінің  тұнығынан  суарылған 

тағылымы  мол,  тартымды  шығармалары 

қайталап  оқыған  сайын  рухани  дүниемізді 

байытып,  баға  жетпес  жан  азығы  бола 

бермек.

Қазіргі  кезеңде  біз  өз  халқына  өлмес 



туындыларын  тарту  еткен  жазушымыздың 

есімін  мақтанышпен  айтамыз.  Осындай 

рухани  қазынасы  бар,  барлық  адамзатқа 

дос ниетпен қарайтын қазақ халқын тамаша 

болашақ  күтіп  тұр  деп    айтқым  келеді. 

Мұхтар  Әуезов  есімі  қазақ  әдебиетімен 

мәңгі бірге жасамақ.



1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал