Бас редактор



жүктеу 1.89 Mb.
Pdf просмотр
бет11/15
Дата11.01.2017
өлшемі1.89 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Жұдырық    түю  –  «көресіні  көрсетемін 

!»  деген  күш,  сес  көрсетудің  нышаны, 

төбелестің басы. 

Саусақ.  Саусағын  безеу  –  сені  адам-

сынбаған, менсінбеген тәкәппарлық таныту 

деген сөз. Адамшылыққа жатпайтын әдет тің  

бірі – осы саусақ безеу болып саналады. 

Саусағын  танауына  тығу.  Кейде  бір-

еулердің  екі  саусағын  танауына  тығып 

келетіні бар. Бұл күлкілі көрініс – «құр қол 

қайттым» деген сөз. Қазақтар «олжасыз кел-

ді»  дегенді  «екі  саусағын  танауына  тығып 

келді» деп күліп отырып айтады.

Аяқ. Аяғына жығылу – жеңілу, кешірім 

сұрау,  масқара  болудың  ауыр  түрі.  Бұл  әрі 

қарай  алмайды.  Мұндайларға  «не  бетіңмен 

жүрсің»  деп  жекіреді.  Жайшылықты  бет 

басу жаман ырым.

Бұрым. Бұрым кесу    әйелдерге  беріле-

тін  ең  ауыр  жаза.  Қазақтың  ежелгі  заңы 

«Қасым  салған  Қасқа  жолдан»  бастап 

еріне  опасыздық  жасаған  немесе  өте  ау ыр 

қылмыс  істеген,  ел  алдында  масқара  бол-

ғанда әйелдердің бұрымын кесу тәртібі қол-

данылған. Әйелдер үшін жазаның ауыры  осы 

бұрымын кесу болған. Өйткені, шаш, бұрым 

әйелдің  сөні,  салтанаты,  әйелдік  белгісі 

болып  саналған.  Өкінішке  орай,  қазіргі  әй-

ел дер  мен  қыздар  шаш  кесуді  мақтаныш, 

сәндік .білімділік белгісі деп қабылдап жүр. 

Біз  шаршар    «құда  болайық»  деген 

өтініш,  елшілік  хабар.  Ақсақалы-қарасақа-

лы  аралас  бір  топ  ер  адам  қызы  бар  үйге 

түсе  қалады.  Нендей  шаруамен  жүргенін 

айтпайды,  қонақасын  ішкеннен  кейін  үн-

түнсіз аттанып кетеді. Үй иесі дереу көрпе, 

текеметтің  астын  қараса  шаншулы  бізді 

көреді. Кісілердің неге келгені енді түсінік-

ті  болады.  Шашын  жұлу  –  долы,  ашулы 

әйелдердің  ашуланған  кезінде  өз  шашын 

өзі  жұлып  бүлінетін  әдеті  болады.  Қайғы-

қасіретке  тап  болған  әйелдер  де  шашын 

жұлып зар шегеді. Шашын жаю – қайғылы, 

шерлі,  күйікті,  мұнды,  зарлы,  азапты,  ба-

қытсыз  әйелдің  ғана  ісі.  Мұндайда  әлгі 

әйел  «қара  бір  шашым  жаяйын,  Жайяйын 

да жылайын» деп жылайды. Бұл әдет дауыс 

қылу,  жоқтау  кезінде  жасалады.  Кешегі 

өткен  зұлмат  заманда  –  соғыс,  ашық,  тәр-

келеу, апат, жұрт кезінде әйелдердің шашын 

жайып  жылауы  көп  болды.  Әйелдер  мұң, 

шер  жырларын  да  шығарды.  Мұндай  кез-

де  ақсақалдар,  әйелдер  келіп,  мұнды 

адамға  тоқтам,  басу  айтып  жұбатуы  керек. 

Қазақ  қыздарына «шашынды жайма» деген 

тыйым сөз төркіні осындайда шыққан.



Бүйірін  таяну  –  жаман  ырым.  Әдетте 

қайғы  –  қасыретті  адамдар  екі  бүйірін 

таянады  да  дауыс  қылады,  жылайды, 

аянышты,  көңіл-күйін  білдіріп  зар  шегеді.  

Бұл  әйелдерге  тән  әдет.  Осыған  сәйкес 

жастарға  «бүйіріңді  таянба»  деген  тиым 

сөз.  Емшегін  көкке  сауу  –  ана  қарғысы-

ның ең ауыр түрі. Ана өз баласынан қатты 

зәбір  көргенде  ғана  осындай  әрекетке 

барады. Мұндай іс бала үшін ең ауыр жаза, 

кешірілмес күнә. Есекке теріс мінгізу – ата-

анасына  зәбір,  жапа  көрсеткен,  қол  жұм-

саған  немесе  ел-жұртна  ел  естімеген  ұят 

кел тірген жастарды дала заңы бойынша қа-

ра есекке немесе қара сиырға теріс мінгізіп, 

бетіне  күйе  жағып,  мойнына  қара  құрым 

ілім,  қорлап,  жазалайды.  Мұны  көргендер 

айыпкердің  бетіне  түкіреді.  Осындай  қатал 

заң дарды халық тәрбиелеу мақсаты ретінде 

де қолданған.



Жағасын  ұстау:  тілімізде  «жағасын  ұс-

тап,  шошыды»  деген  сөз  бар.  Бұл  қатты 

қорықты, шошыды дегенді білдіретін қазақи 

ұғым.  Жағын  таяну  –  торығу,  қамығу, 

мұңаю  белгісі.  «Жағыңды  таянба»  деген 

тиым негізі осыдан қалыптасқан.

Желке.  Желке  қасу  –  қолдан  келер  қай-

рат,  амалы  жоқ  жігерсіздікті,  әрекетсіздікті 

танытады. Желкеге қолын қою – айыпта лу, 

тұтқын болудың айғағы. Жерге түкіру, жер 



тебу – өкініш, «саған айтса да болар, айтпа са 

да болар» деген дөң айбат, ыза көрініс.



Иығын  көтеру  –  енді  қолынан  келетіні 

жоқ  жанның  соңғы  әрекеті,  «аржағын  енді 

өздерің біліңдер» деген екі ұшты әрі сұраулы 

пішін.


Көз алайту – ұрыс басы, сес, біруге рен-

жудің бір түрі. Жек  көрген адамдар да көз 

алайтады.  Көз  қысу  –  «ыммен  сөйлесу, 

үндемеу  отыр,  бәрін  білем»  деген  сөз. 

Сондай-ақ  бұл  ер  мен  әйелдің  арасындағы 

жасырын  ашыналы  қатынасты  да  білдіре-

ді.  Тәрбие  дәстүрінде  көз  қысу  әдептілік 

емес. Қабақ түю – біреуді ұнатпаудың, бір 

іс ті жаратпаудың немесе көңіл-күйі болмай 

ренжіп  отырған  жанның  кейіпі.  Мұндай 

адамдарға  «қабағың  түюлі  ғой»  немесе 

«қабағың түсіп кетіпті ғой» дейді.

Кеуде.  Кеудесін  соғу  –  мақтану  немесе 

жеңістің  үлкен  белгісі.  Бұл  әдетті  жауын 

жеңген  батырлар,  қарсыласын  жыққан 

палуандар  көп  қолданған.  Жеңімпаздың 

кеудесін  соққанының  ерсілігі  жоқ.  Жай-

шылықта, орынсыз жерде кеуде соғу – әдеп-

сіздік, тәрбиесіздік болады.

Қол.  Қол  сілтеу  –  ренжу,  өкпелеу,  «не 

болсаң,  ол  бол»    дегендей  көңілі  қалған, 

жаза, әрі біреуге мүдделі болды деген сөз.

Ауыз. Ауыз бұртиту – өкпелеу нышаны. 

«Немене,  аузың  бұртиып  кетіпті  ғой,  кімге 

өкпеледің?»  дейді  аузы  бұртиып  тұрғанды 

көргендер.  Ернін  шығару  –  мазақ  ету,  ке-

лемеждеу  деген  сөз.  Бұл  әдетте  көбінесе 

әйелдер, балалар қолданады. Біреулер өзіне 

жараспайтын  іс  істесе,  қылық  көрсетсе, 

оны көрген адамдар ернін шығарып күлген. 

Бұл  әдет    басқаларды  да  ерсі  іс-әрекеттен 

сақтандырады.

Баспен болатын іс-әрекеттердің мәні:

Бас  изеу    –  келісу,  мақұлдау.  «Осының 

жөн », дұрыс істедің дегенді білдіреді. 



Бас  ию  –  мұның  екі  түрі  бар.  Біріншісі 

–  ұлы  адамдарға,  ата-анаға,  ұстаздарға  ри-

залықпен  бас  ию,  яғни  бұл  құрметтеудің, 

сыйлаудың  белгісі.  Екінішісі  –  жеңілуді, 

тәу елді  адам  алдында  кішіреюді  білдіреді. 

Орынсыз жерде бас июге болмады, ол өзін-

өзі төмендету, бағасын түсіру болады.

Бармақпен байланысты іс-әрекеттер:



Бармақ тістеу – амалы құру, шарасыздық 

белгісі.  Амалсыздықтың  өкінішін  халық 

«бармағын тістеп қалды»дейді. 

Бет.  Бет  сызу  –  адам  ұялатын  сөздер 

естігенде  әйелдердің  сұқ  саусағымен  бетін 

сызатын  әдет  бар.  Демек,  бұл  –  ұялу    мен 

шо шынудың  бір түрі екені аңық. Ер адамдар 

бет сызбайды. Бет жырту. Мұның да екі түрі 

бар. Біріншісі – ең жақын туысы не күйеуі, 

баласы  «қайтыс  болғанда  бұрынғы  қазақ  

әйелдері « құдайға не жаздым?» деп өз бетін 

тырнап,  жыртып  тастайды.  Бұл  ертеден 

сақталып  келе  жатқан  ғұрып.  Екіншісі  – 

адам ренжіскенде, бір нәрсеге дауласқанда, 

қарсы  сөз жарыстырғанда «бет жыртысып » 

қалды дейді.



Бетке  түкіру  –  масқаралау,  қорлау  тү рі. 

Әдепсіз,  тәртіпсіз  немесе  ұят  басқан  адам-

дардың  бетіне  түкіріп  жазалайтын  әдет 

бар.      Бетіне  күйе  жағу  да  қорлықтың  әрі 

жазалау  көрінісі.  Мұны  әйелдерге  қол-

данады.  Қазақта  «беті  қара»  деген  сөз  бар. 

Ол «күйеуі қайтыс болған, қаралы » дегенді 

ұқтырады.  Мұны  «қара  бет»дегенмен  ша-

тыстыруға  мүлде  болмайды.  Бет  басу– 

ұятқа батқан адамның іс-әрекеті. Ұят басқан 

адамдар  екі    қолымен  бетін  басып,  жұртқа 


77

76

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

жәбірленген  кісінің  іс-әрекеті.  Біреуге  қол 

сілтесең – ол мұны өзін жәбірлеу, сөгу деп 

те  түсінеді.  Қол  сілтеу  соңы  жақсылыққа 

соқтырмайды. Қол соғу – қошамет көрсету, 

мадақтау,  қолпаштаудың  жарқын  да  әсерлі 

көрінісі.  Қол  соғу,  алақан  шапалақтау   

ақындарға,  әнші  –  өнерпаздарға,  спортшы 

жеңімпаздарға  жасалатын  көпшіліктің 

құрметі  әрі  алғыс  сезімі,  аса  зор  ризалық 

белгісінің  жиі  қайталанатын,  қолданатын 

дәстүрлі  әдет.  Мұндай  сәтте  құрмет  иелері 

жи налғандарға алғыс айтып, бас июге тиіс-

ті.  Қол  көтеру.  Тәжірибиелі  халқымыздың 

таным-түсінігінде бұл әдеттің бірнеше мән-

мағынасы,  ұғымы,  нышаны  бар.  Бірінші  – 

сөзім бар, айтарым бар бағындым»  дегені. 

Сондай-ақ «қол көтерді» деген сөз де бар. Ол 

«ұрды»,  «соқты»  дегенді  білдіреді.  Мұның 

сөз болып отырған «қол көтеруге» ешқандай 

қатысы жоқ. Қол қусыру – айыпты болу дың 

немесе  кешірім  сұраушының  «қате  менен» 

деген  ишарасы.    Дәстүр  бойынша  кешірім 

сұраушы қолын қусырып  (екі қолын жеңіне 

тығу)  өз  кемшілігін  мойындап,  ғафу  өтіне-

ді.  «Алдыңа  келсе  –  атаңның  құнын  кеш» 

деген аталы сөзге жығылған  қазақ мұндай 

жерде  кешірім  жасап,  қолын  алып,төріне 

шақыратын тектілігін де көп болған.

Маңдай. Маңдайын ұру – қатты өкінудің 

яғни  қатты  қателесудің,  тағдырға  моюдан 

туған  дағды.  Адамның  өзіне-өзі  белгілен-

ген және қолданатын қатаң жазасы. Мұның 

тәртібі  –  өкінішті  адам  өз  маңдайын  өз 

жұдырығымен соғады. Бұл жазаны көбінесе 

ер адамдар істейді.

Мұрын.  Мұрын  тыржиту  –  менсінбеу, 

теңсінбеу, «неге келесіңнің» тілсіз беоілетін 

нұсқауы.  Бұған  маңдай,  бет  тыржиту  да 

жатады. Мұның аржағыайтпаса да түсінікті.

Сан  соғу  –  қапы  кету,  «қап,  әттенген-

айдың»  зор  белгісі.  Бұл  жай  өкіну  емес, 

өксу. «күресте жығылғандар да санын соғып 

қалып  «қапы  кеттімін»  осы  ишарамен»– 

білдіреді.

От  басын  сабау.  Ел  ішінде  қиянат,  

зор лық-зомбылық 

болмай 

тұрмайды.



Әлі  келген дер  әлсіздердің  немесе  жетім-

жесірлердің ма лын тартып алатын кезде де 

болған.  Осындай  жағдайда  кеткен  есесін 

алуға  шамасы  келмейтін  әлсіздер  зорлық 

қылғанның  аулына  барып,  оның  үйін 

сабайды,  от  басын  сабап  күлін  шашады. 

Есесі  кеткендер  бұған  да  қанағат  тұтып, 

өшін алғандай сезімде болады. Қазақ елінде 

бұрын  бұл  әдет  көп  қолданылған,  қазір 

ұмытылып бара жатыр.



Туырлығын  тілу  –  өштескен  адамдар-

дың  бір-біріне  көрсететін  зәбірі  немесе 

күш көрсетуі десе де болады. Мұның арты 

ертеректе  дау-жанжалға,  қатты  іс-әрекет, 

ұрыс-керіске,  тіпті  жауласуға    да  апарып 

соқтырған. Махамбет ақынның  «туырлығын 

тілгілеп,  тоқым  етсем  деп  едім!»,  –  деп 

армандауында  бітіспес  кек  қалуы  да  осын-

дай батыл қимылдың көрінісі жатыр.

Төбесіне  қолын  қойып  шығу.  Ел-

жұртынан  безінуге  бел  буған  адам  ортадан 

төбесіне  екі  қолын  қойып  шығады.  Бұл 

сирек  көрініс  «енді  сендерді  желкемнің 

шұқыры көрсін», «көрмеймін», «келмеймін» 

деген ауыр кесім. Ауыр болса да ед ішінен 

көңілі  қалып,  безіп  кеткендер  болған. 

Мысалы, Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» 

дастанындағы  Қалқаман  өзін  оққа  байла-

ған  ел-жұртынан  осылай  кеткен.  «Төбеңе 

қолынды  қойма»  деген  тиым  осындай 

әдеттен сақтандырады.



Тізе бүгу. Халық әдетінде мұның бірне ше 

жолы бар. Біріншісі – бір үйге келген адам-

ның отырмаса да, шаңыраққа құрмет көрсе-

тіп  тізе  бүгуі.  Екінші  –  бұрынғы  дәстүрде 

бата тілегенде, батырдан мұраға қару-жарақ 

алғанда тізе бүгуі. Үшінші – ұрыста, айқаста 

жеңілген дұшпанның тізе бігуі.

Тістену,  тіс  қайрау  –  ашу-ызадан,  өш-

тесуден  туған  іс-қимыл.    Ашулы  адамды 

«тіс теніп  отыр  екен»  немесе  «пәленшеге 

түгенше тісіп қайрап отыр екен»  дейді.

Халықтың  ұрпақты  әдептілікке  (мәде-

ниетке)  тәрбие  дейтін  ұлағатты  ұғымдары 

мен  ырым,  тиым  сөздерінің  мәдени-тәр-

биелік  мәні  зор.  Салауаттылық,  сауап, 

үнем  мәндерінің  мәнін  халық  жас  ұрпаққа 

жастайынан  түсіндіріп,  үнемшілдік,  ұқып-

тылыққа,  яғни  мәдениеттілік  негіздерін 

білуге тәрбиелейтін. 

Қазақ    халқының  салт-дәстүрі  мен  әдет-

ғұрпы    жоғарыда  көрсетілгендей  түрлері 

өте  көп.  Оның  тәрбиелік,өнеге,тәлімі  де 

зор.  Халық  мінез  құлқын  жақсы  білетін 

тәжірибелі  адамдар  әр  адамның  жүріс-

тұрысынан,  іс-әрекетінен,  қас-қабағынан-

ақ  оның  көңіл-күйін  айтпай-ақ  сезіп-біліп 

отырған. Қорыта келгенде, әдет-ғұрып, ым-

ишара  ежелгі  ата-бабаларымыздың  салт, 

сана,  әдеп,  үлгі,  тәрбие,  тағылым,  таным 

саласындағы  ғасырлар  бойы  жинақталған, 

дәстүрге енген және қалыптасқан  халықтық, 

ұлттық бай қазыналарының бір тармағы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Д.Ысқақұлы.  Ұлттық  дәстүрлер  –  ұлттық  рухтың  қайнар  көзі.  //Сүлеймен  Демирел 

атындағы Университеттің Хабаршысы. Алматы, 2011, №3,4.

2. Философиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы», 1996.

3. Райыс Ғ. Эстетика: оқулық. –  Алматы: «Өнер баспасы, 2012.

4.  А.А.Ақажанова.  Әдет-ғұрып    ойындарының  атаулары.  //Хабаршы.  «Филология 

ғылымдары» сериясы. 2010 ж., №2 (32). 

Резюме

В статье рассматривается значение и смысл  воспитания обычаев у казахского народа.

Summary

The article discusses the significance and meaning of education practices in the Kazakh people.

ТӘУЕЛСІЗ  ЕЛ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  БАЛА  ТӘРБИЕСІНІҢ  ӨЗЕКТІ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ  ЖӘНЕ  ҚАЗАҚ  ХАЛЫҚ  ПЕДАГОГИКАСЫ

Көшербаева Қаракөз – 

№42 орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Тараз қаласы

Маймышева Ж.Д. – 

«Педагогика және психология» 

мамандығының 2 курс магистранты,

ТИГУ

Ұзақ 


жылдар 

бөтен 


елдің 

қы-


сымында  болып,  елдігіміз  бен  ұлттық 

құндылықтарымыз орасан зор зардап шегіп 

келді.  Бүгінде  тәуелсіз  мемлекет  болып, 

бабалар  арманы  орындалды.  Өз  тіз гініміз 

қолымызға тиіп, егемен ел атандық. Ұлттық 

мұрат,  ұлттық  рух,  ұлт  қуа тын  асқақта-

тып,  жоғымызды  түгендеуге,  өшкенімізді 

жандырып,  өлгенімізді  тірілтуге  барынша 

күш  салып  бағудамыз.  Бұл  орайда  ауыз 

толтырып  айтатын,  мақтанатын  жетіс-

тіктеріміз  де,  кей  ретте  қапа  болып,  қын-

жылатын кемшіліктеріміз де жоқ емес. 

Әрине,  айтарға  оңай  болғанымен,  ға-

сырлар  бойғы  бодандықтың  қамыты  оңай 

шешіле  салған  жоқ.  Бұл  ретте  150-ден 

астам  ұлт  өкілдері  қоныстанған  кең-байтақ 

ел  екеніміз  тағы  бар.  Дегенмен,  Елбасы 

Н.Назарбаевтың  жан-жақты  ойластырыл ып 

жүргізілген  саясаты  негізінде  бәсекеге  қа-

білетті  елу  елдің  қатарына  ену  мақсатында 

ру хани іс-шаралар да жемісті нәтиже беруде. 

Дүние жүзіне аз уақыт ішінде егемен ел ға-

на  емес,  бейбітшілік  пен  ынтымақтастық-

тың  жаршысы  ретінде  танылып,  бірқатар 

әлемдік  мәселелердің  оңтайлы  шешілуінің 


79

78

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ұйытқысы  болған  мемлекетімізді,  қазақ 

ұлтын білмейтін ел жоқ. 

Әсіресе,  жаңа  ғасыр  көгінде  білімнің 

асқар  туын  көкке  көтеріп,  ел  болашағы 

–  білімді  жастар»  –  деп  Елбасының  өзі 

біліммен қаруланған ұрпаққа сенім білдіруде. 

Ал,  ұлы  ойшыл  әл-Фараби  «тәрбиесіз 

берілген  білім  –  адамзаттың  қас  жауы» 

екендігін    дәлелдеп    айтып  кеткен.  Осы 

себепті де бәсекеге қабілетті білім берумен 

қатар,  жоғары  тәрбие  беру,  болашақ  ұрпақ 

санасына  ұлағатты  сезімдерді  сіңіре  білу  – 

келешектің  үлесіндегі  ең  өзекті  мәселелер-

дің бірі болып қала бермек. Еліміздегі білім 

беру  жүйесін  оңтайландыруда  осы  бағыт 

негізгі  назарда  болып  келеді.    Педагогика 

саласының белді ғалымдары да білім беру-

ді  тәрбиемен  ұштастыруға  ерекше  көңіл 

бөлуде.  Профессор  К.Қожахметова:  «Әрбір 

мектеп  адам  тәрбиелеуді  жалпы  міндет 

тұтса,  алдымен  оны  белгілі  елдің  азаматы 

қылып, сол қоғамның талабына сәйкес тәр-

биелеуге  міндетті.  Мектептің  бағыты  сол 

ұлттың мінезі мен жалпы бағытына тәуелді 

бо луға тиіс» [1], – дейді. Бұл ретте қазақ тың 

ұлттық  педагогикасы  негізінде  білім  беру 

мен  тәрбиелеуді  жүргізу  қажет.  Бұл  орайда 

да,  бірқатар  педагог  ғалымдар  зерттеу-

лер  жүргізіп  келеді.  Әсіресе,  ұлттық  салт-

дәстүр,  әдет-ғұрып  –  халқымыздың  ұлт-

тық ерекшеліктерінің негізгі компоненттері 

екендігі  белгілі.  Бұл  туралы  ғалым  Н.Сәр-

сенбаев:  «...  обычаи  есть  исторически  сло-

жившиеся,  более  или  менее  устойчивые 

нормы общественных отношений людей, их 

образа  жизни  и  быта,  которые  передаются 

от  поколения  к  поколению  и  охраняются 

силой  общественного  мнения..»,  –  деп,  ал 

салт-дәстүр  жөнінде:  «...  традиции  –  это 

исторически  сложившиеся  устойчивые 

и  наиболее  обобщенные  нормы  общес-

твенных  отношений,  передаваемые  из 

поколения  в  поколение  и  охраняемые 

силой  общественного  мнения»  [2],  –  деп 

айрықша анықтама беріп өтеді. Бұдан этно-

педагогика ғылымының бүгінгі таңда қоғам 

қажеттіліктерінен  туындаған  басқа  ғылым 

саласы  сияқты  өзекті  мәселелерге  толы  ек-

ендігін,  жаһандану  жағдайындағы  тәуелсіз 

ел ертеңіне саналатын – саналы да, білімді 

ұрпақ  тәрбиелеудің  өте  күрделі  екендігін 

көруге болады. 

Қазақ  этнопедагогикасының  әлеуметтік 

құбылыс  екенін  және  оның  қоғамдық 

қажеттіліктерден  туындағанын  ескере  ке-

ле  ғалымдар  өз  ойларын:  «...Адамның  өз 

ұрпағын  еңбекке,  кәсіпке,  өмірге  икемдеп 

үйретуі  адамзат  қоғамымен  бірге  жасасып 

келе  жатқан  тарихи  процесс  екені  белгілі. 

Мә селен, жас ұрпақты тәрбиелеудің жалпы-

ға ортақ моральдік-психологиялық норма сы 

белгіленді...» – деп жеткізеді. 

Тәуелсіз  мемлекет  ретінде  экономика-

лық-әлеуметтік  және  рухани  дамудың 

алғышарттарын, өз бағыт-бағдарымызды ұз-

ақ жылдар езгіде болып келген ұлтымызды 

ұлықтауға, халықтық дәстүрлерімізді дәріп-

теу мақсатына бар күш-жігер салынды. Бұл 

тұста ұлттық педагогика және халықтық пе-

дагогика  ұғымдарының  ара  қатынасы  қан-

дай деген сұрақ туындайды. 

Педагогикалық энциклопедиялық сөздік-

те «Халық педагогикасы дегеніміз – ұлттар 

мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған 

ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттың әдет-ғұрыптары 

мен  дәстүрлерінің,  мәдени  ойлау  процесі-

нің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің 

жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі 

түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік бі лім, 

дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына 

дарытып, адамгершілік, имандылық рухын-

да тәрбие беру» – деген анықтама берілген. 

Анықтама дұрыс ғылыми маңызға ие. Сайып 

келгенде,  аталған  ұғымдардың  арнасы  бір. 

Этнопедагогика  –  халықтық  педагогиканы 

зерт тейтін  педагогика  ғылымының  бір  са-

ласы  және  жалпы  педагогиканың  бастауы, 

қозғаушы  күші.  Халқымыздың  ұлттық 

педагогикасы  –  халқымыздың  ғасырлар 

бойы  қалыптастырған  мәдени  мұрасы, 

бала  тәрбиесіндегі  ұлттық  тәлімі,  сүйенген 

қағидасы. 

Біз  де  өз  мақаламызда  бүгінгі  қоға-

мымызда өте өзекті деп саналып, зиялы қау-

ым  өкілдерін  көп  ойлантып,  ашындырып 

келе  жатқан  өскелең  ұрпақ  тәрбиесіне 

қарай  ойысып  отырмыз.  Батыстың  даңғаза 

мәдениетіне  еліктеу,  ана  тіліміздің  өзге 

тілдердің  шырмауында  қалуы,  діліміз  бен 

дініміздің  дұрыс  насихатталмауы,  т.б.  көп 

айтылып келеді. Әрине, тәуелсіздіктің екін-

ші  онжылдығында  рухани  дамуымызда 

айтарлықтай  қарқын  байқалды.  Ұлттық 

негізде  оқытатын  мектептер  көбейіп, 

бала  бақшаларда  тәлім-тәрбиенің  ұлттық 

қағидаттары  басшылыққа  алына  бастады. 

Дегенмен,  ғылыми-техниканың  қарыштап 

дамыған заманында бүлдіршіндер мен жас-

өспірімдер  тәрбиесіне  теледидар,  қо ғамда-

ғы  әр  түрлі  толқулар,  мәдени  өзгерістер  өз 

әсерін  тигізбей  қалмайтыны  анық.  Халық 

мақалы  «Заманына  қарай  адамы»  деп 

жатады.  Дегенмен,  ұлттық  педагогиканың 

өзекті  мәселелерін  шешудің  ең  дұрыс 

жолы  –  ауыз  әдебиетін  салт-дәстүрлермен 

арқауластырып,  халық  ана  тілін  ұлттық 

ойдың  көрінісі  ретінде  айқындап  көрсете 

білуде  деп  білеміз.  Бұның  айқын  дәлелдері 

де жеткілікті. Мәселен, санамақ өлеңдерінің 

өзінің  тәлімдік  те,  тәрбиелік  те  қызметі 

зор.  «Бір  дегенім  бесік,  Шықтым  содан 

өсіп, Екі дегенім – есік», – деп басталатын 

өлеңдерде алдымен балаға заттың не екенін, 

қандай  екенін  ұғындырып,  санын  үй ре теді. 

Осылай  әдет  қалыптастырып,  тілін  ши-

рату  мақсатында  түрліше  жаңылтпаштар 

айтқызады, бала жадын өлеңдер жаттатқызу 

арқылы  бекіте  түседі.  Баланы  бес  жасына 

дейін  балаша  тәрбиелеп,  бес  жастан  кейін 

оған  еңбек  дағдыларын  қалыптастыруға, 

сол  арқылы  дарын-бейіміне  сәйкес  бола-

шақ  тұлға  ретінде  тәрбиелеуді  басты 

назарда ұстайды. Әсіресе, батырлық қисса-

дастандарды оқытып, ер баланың Алпамыс, 

Қобыланды,  Тарғын  секілді  батырларға 

еліктеп, ал қыз баланың Гүлбаршын, Құртқа, 

т.б. нәзіктігімен ақылдылығы қатар өрілген 

ибалы  қыз  болып  тәрбиеленуіне  жағдай 

жасалған. 

Олай  болса,  бүгінгі  тәрбиенің  тал  бе-

сігі  –  осы  халықтық  әдет-ғұрып,  салт-

дәстүр,  халықтың  ғасырлар  бойғы  тәлімдік 

қағидаларынан  бастау  алуы  тиіс.  Тарихқа 

көз  жүгіртіп  өтсек,  ұлтарақтай  жер  үшін 

болған  қанды  қырғындарда  басын  бәйгеге 

тіккен  халқымыз  жаугершілік  заманмен 

қатар  рухани  дамудың  жоғары  биігінде 

болды. Бұның дәлелі ретінде арыға бармай-

ақ,  кешегі  би-жыраулар  поэзиясын  айтуға 

болады.  Көреген,  дана,  елінің  қамын  күн 

ілгеріден  болжап  отыратын  олар  болашақ 

ұрпаққа  өздері  өмір  кешкен  заманның 

тарихи  шежіресін  ғана  шертіп  қоймай, 

тәрбиелік қуаты мол терең ойлар қалдырып 

кетті. Ал, XVIII ғасырдан XX ғасырға дейін 

Ресейдің  бодандығында  болған  кезең  қазақ 

халқының  ұлттық  тәрбиесіне,  ұлттық  білім 

беру  ісіне  кесір-кедергілерін  тигізгенмен, 

халық  педагогикасы  (ауыз  әдебиеті  мен 

салт-дәстүрлер)  дамып,  қалыптаса  берді. 

Осы  себепті  де,  тәуелсіздік  алғаннан  кейін 

этнопедагогиканың  жеке  ғылым  ретінде 

зерделеніп,  бала  тәрбиесінің  күрделі  мә-

селелерін шешудегі дербес үлесі ескерілді. 

Қандай  да  дарынға  немесе  жеке  тұл-

ғалық  ерекшелікке  ие  баланы  оқыту  оны 

тәрбиелеумен қатар жүргізіледі. Ал, біздің ай-

тып отырғанымыздай, оқыту мен тәрбиелеу 

тек ұлттық негізде болғанда ға на зор нәтиже 

бермек.  Демек,  жан-жақты  білімді  бала 

тәрбиелеу – ғылымның барлық салаларымен 

өзара  байланыста  жүргізіледі.  Бұдан  

шығатын    қорытынды    –    қасиетті  ғы лым 

ретінде  барлық  маман  иелерін  дайындауда, 

қай жастағы баланы болмасын тәрбиелеуде 

ұлттық педагогика ерекшеліктері ескеріліп, 

орта  мектепте,  жоғары  мектепте,  ғылыми 

орындарда зерттеп оқыту керек.

Ұлттық  дамуымыздағы  әжелер  мен 

аталардың  педагогтық  қызметін  жан-

дандырып,  тәрбиелік  қуатын  арттыруымыз 

қажет.  Ертеде  әке-шешесі  қайтыс  болған 

баланы  ата-әжесі  тәрбиелеп,  еш  жетімдік 

көрсетпеген.  Алайда,  бүгінгі  «әжелер» 

–  бұрынғының  орнын  баса  алар  ма?  Бұл 

жерде де, «балаңды – өскенше, немереңді – 

өлгенше  бағасың»  деген  нақылға  сүйенуге 

тура  келеді.  Мұндағы  тұспалдап  отырғаны 

–  балаңнан  гөрі  немереге  деген  мейірім-

ықыластың ерекше болатыны. Ал, жүректің 

түкпірінен  шынайы  берілетін  мейірім  мен 

жан жылумен айтылатын әрбір ақыл, өсиет 

сөз ізгіліктің алтын бұлағы іспеттес. Бүгінгі 

таң да, қоғамымыздағы небір жантүршігер лік 

жағдайлардың  орын  алуы,  мейірімділіктің 

төмендеуі,  үлкенге-құрмет,  кішіге  –  ізеттің 


81

80

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

азайып  бара  жатқандығы  –  аталмыш  мә-

селеге  немқұрайды  қарауымызға  еш  жол 

бермей отыр. 

Қорыта  келгенде,  дүниеге  келген  адам 

бойында  адам  болудың  нышаны  ғана 

болады.  Сол  адам  нышанындағы  тіршілік 

иесін  әлеуметтік-тарихи  тұлға  (личность) 

ретінде  қалыптастыратын  –  әр  халықтың 

тарихи-табиғи болмыс-бітімі, дәстүрдің құ-

діреті,  мәдениеттің  сабақтастығы.  Адам 

еш-уақытта өзінен өзі адам болмайды, адам 

болуды  шыр  етіп  дүниеге  келген  күннен 

бастап  үйренеді.  Ал  адамды  адам  ететін 

–  жұмыр  жерді  мекен  еткен  сан  толқын 

ұрпақтардың  ақыл-ойы  мен  тірнектеп 

жинаған  тәжірибесі.  Ғасырдан-ғасырға,  ұр-

пақтан-ұрпаққа,  әкеден  балаға  ауысатын 

тарихи-әлеуметтік,  қоғамдық  практикалық 

дәстүр сабақтастығы үзілген жерде адам ба-

ласы  бәрін  де  тырбанып  қайтадан  бастауға 

мәжбүр болар еді. Әрбір адамның бойында 

адамзат баласы жүріп келе жатқан жолдағы 

баға  жетпес  тарихи  тәжірибенің  үлгісі  бар. 

Сол  тарихи-мәдени  тәжірибені  танып-

білу  арқылы  адам  баласы  өзінің  парасат-

болмысын шыңдайды. 

«Қазақ  халқының  өмір-салты  көшпелі 

болғанымен,  рухани  болмысы  көшпелі 

болмаған.  Кез  келген  көшпелі  өзі  туған 

жердің  өзен-көлін,  тау-тасын,  орман-

тоғайын  ешбір  отырықшы  замандастары-

нан кем сүймеген. Сондықтан да кіндік қаны 

тамған жері үшін тайсалмастан жүрек қанын 

да  төге  білген.  Сондықтан  да  сол  даланы 

әнмен  әлдилеп,  күймен  тербеген»  [4],  – 

деген ғалым Н.Сейітқұловтың сөздері  мен өз 

мақаламызды қорытындылауды жөн көр дік. 



Каталог: docs -> novosti
novosti -> Бас редактор
novosti -> Бас редактор
novosti -> Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірəлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Всероссийская олимпиада школьников по географии. Районный тур. 7 класс Часть I
novosti -> Всероссийская олимпиада школьников по географии. Районный тур. 8 класс Часть I
novosti -> Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірəлиев

жүктеу 1.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет