Бас редактор


–  Ата  Заңда  мемлекет  пен  дін



жүктеу 1.89 Mb.
Pdf просмотр
бет10/15
Дата11.01.2017
өлшемі1.89 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

–  Ата  Заңда  мемлекет  пен  дін 

бөлінген,  тәрбие  жұмысы  мемлекеттік 

құры лымның  ішінде  қарастырылған, 

ал діни тәрбиені ысырып қою біздің ұлт 

үшін зиян екені белгілі, сіздің ойыңызша 

бұл үшін ата-аналар не істеу керек?

Бүгінгі  күні  босағамыздан  именіп  аттап, 

елдің  төріне  шығып  күйленіп  жатқан  діни 

бірлестіктер  мен  сұмпайы  сарқыттарын 

сыйға  тартып  жүрген  секталар  ел  ішінде 

қаптап кетті. Қазіргі таңда жасыратыны жоқ, 

етек-жеңімізді  жинаған,  қонағын  төріне 

шығарып, көршісін сыйлаған халық болсақ 

та,  сырттан  қаржыландырылатын,  іштей 

ірітуді  мақсұт  қылған,  ұлт  қауіпсіздігіне 

қауіп  төндіретін  ағымдардың  қыр  асып 

келіп  тайраң  басып,  ойран  салып  жүрген-

дері  аз  емес.  Ащы  болса  да  шындық  екені 

рас. Мұндай қолтыққа ши жүгіртіп отырған 

арамза  пиғылды  ағымдар,  жастарымыздың 

албырт шағын өз мақсаттарына тиімді пай-

даланып,  іздеріне  ілестіріп,  керек  десеңіз, 

ұлтқа  қарсы  күрестіріп  жатқандары  да 

баршылық. Сондықтан, бір жеңнен қол, бір 

жағадан  бас  шығарып  осынау  ағымдардың 

алдын  алуға  күш  салуымыз  аса  қажет 

болып тұрған жайы бар. Әйтпесе бұдан ұлт 

қауіпсіздігіне  айтарлықтай  қатер  төнуде. 

Өйткені қой терісіне бөрідей оранған олар, 

дін  атын  жамылып,  бетпердесінің  аржағы-

нан  жастардың  сана-сезімін  улауда.  Әрине, 

жоғарыдағы сұрақта айтылғандай, мемлекет 

діннен  бөлек  екені  белгілі.  Дегенмен  ол 

қоғам  дінді  қажетсінбейді  деген  сөз  емес. 

Екінші  тұста  ойланатын  жағдай,  осындай 

келеңсіз  дүрмектерден  өз  балаларымызды 

қалай  қорғай  аламыз?  Әрине,  уақыт  пен 

заман  талабы  мемлекет  құрылымындағы 

тәрбие  жұмысымен  айналысатын  мектеп 

ұстаздарына,  сондай-ақ  ЖОО-дағы  білікті 

мамандарға  еліміздегі  жастарды  өркениет 

пен  мәдениетке  бет  түзеген,  күннен-күнге 

қа рыштап дамыған жаңа заман талаптарына 

сай, озық үлгідегі мәдениетті, тәрбиелі тұл-

ға етіп тәрбиелеп шығару, бала көңілді дана 

өмірге бейімдеу секілді жауапты міндеттерді 

жүктеп  отырғаны  айқын.  Қабырғалы  қазақ 

елінің  сүйегіне  таңба  түсірмейтін,  ұлттың 

мүддесі  үшін  басын  бәйгеге  тігетін,  өршіл 

рухты,  тәрбиелі,  адамзаттың  ортақ  бақыты 

үшін  тер  төгетін  ұрпақты  тәрбиелеп  шығу 

үшін,  халықтық  педагогикада  көрініс  тап-

қан  ұлттық  тәлім-тәрбие  мен  білім  беру 

барысында  жинақталған  бай  тәжірибені 

қолдануда  ұстаз  қауымы  қапы  қалмай, 

эстетикалық  тұрғыдан  шыңдай  түсетіні 

анық.  Дегенмен  ұлт  болашағының  кепілі 

болған ұл-қыздарымызға жалғыз ұстаз, тәр-

бие  мамандарының  қадым  заманнан  келе 

жатқан  білім  беру  үрдістері  мен  жаңашыл 

тәлім-тәрбиелері  әсер  ете  қояр  ма  екен?! 

«Педагогикалық  тәрбиемен  қатар  діни 

тәрбиені  қалай  ұштастыра  аламыз?»  деген 

сұрақ  та  санамызға  түрткі  болып  жүргені 

анық.  Жауап  беріп  көрелік.  Жоғарыда 

айтқанымыздай  ұл-қызымыз  көрінгеннің 

жетегінде,  біреудің  етегінде  кетпес  үшін, 

тәлім-тәрбие  беруді  тек  қана  ұстаздың 

міндеті деп білмей, өзіміз де, яғни ата-аналар 

да  тәрбиенің  қаншалықты  маңызды  екенін 

ұққанымыз  абзал.  «Біреудің  жоғын  біреу 

өлеңдетіп  жүріп  іздейді»  дегеннің  керін 

келтірмей, өз ұл-қыздарымызға сонау бесікте 

жатқан  кезінен  бастап-ақ  тәрбие  беруіміз 

керек. Баяғыда бір адам ғұлама кісіге келіп: 

– Балам бір жасқа толды. Оған тәрбие беруді 

қай жастан бастағаным дұрыс? – деп сауал 

қойғанда:  –  Сіз  тәрбие  беруді  бір  жылға 

кешіктірдіңіз,  –  деген  екен.  Аңдағанымыз-

дай, балаңыз оң-солын танып, қолы аузына 

жеткенде  бойында  бүр  жарған  иман  гүлін 

одан әрі өсіруге күш салуымыз керек. Күллі 

әлемді  құдіретті  уысында  ұстаған  Жарат-

қан  Алланың  хикмет  сырларынан  сабақ 

бергеніміз және дұрыс. Әрі ата-ана ретінде 

өзіміздің  де  діннен  хабарымыз  мол  болса, 

әрі айтқандарымызды іс жүзінде баламызға 

көрсетіп отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. 

Өйткені  көкірек  көзі  ояу,  көңілі  кіршіксіз 

таза  балалар  біздің  әрбір  айтқанымызды, 

істегенімізді  жадына  тоқып  отырады.  Сон-

дықтан  халқымыздың  «Ережеден  өнеге 

артық»  деген  қағидасын  естен  шығармаған 

жөн.  Аталарымыз  осы  тұрғыда  «Сөзіңмен 

мазалама, ісіңмен көрсет», «Сөз шақырады, 

ал үлгі қызықтырады» деген екен. Ендеше, 

жас өскінге сөзден гөрі ісімізбен үлгі-өне ге 

болуымыз керек. 

Гүлден ұрық шашылса,

Гүл тарайды әлемге (С. Мұқанов). 

Демек,  тұла  бойымыз  әсемдікке  толы 

болса,  бала-шағамыздың  да  өн-бойынан 

сұ лулық  көзге  ұрары  даусыз.  Осы  ақиқат 

Құранда былай баяндалады: 

«Жаннаттық  адамдардың  қасында  әр-

дайым  пәк  балалар  болады,  сен  оларды 

көрген  кезіңде  жерге  шашылған  інжу-

маржан  деп  ойлайсың»  («Инсан»  сүресі, 

19-аят).  Сөздің  тура  болуымен  қатар  істің 

туралығы да аса маңызды. Өйткені, жалған 

сөйлегеніңізді  аңғарған  немесе  сөзіңіз  бен 

ісіңіздің  үйлеспегенін  көрген  бала  сізге 

сенімсіздікпен  қарайтын  болады.  Титтей 

ағат тығыңызды байқап қалса, сізден суынып, 

біртіндеп бойын аулақ ұстай бастайды. Он-

дай  кезде  айтқан  сөздеріңіздің  ешқандай 

қадірі қалмайды. Бала бүкіл ізгі қасиеттерді 

әке-шешесінен  табуы  тиіс.  Бұндай  ата-

аналар  бір  жағынан  ұлағатты  ұстаз  болып 

табылады. 

Егер  тәрбиелегіңіз  келген  адамның  қо-

ғамдық  санасын  әрі  ақыл-ой  деңгейін 

анықтамай  жатып  оған  тәлім  беруге  тал-

пынсаңыз,  оны  өзіңізден  бездіріп  алуыңыз 

мүмкін.  Бүгінгі  күні  білім  саласының 

көптеген кемшіліктеріне қарамастан, кейбір 

жастарымыздың  сана-сезімі  тұнық  қалпын 

сақтаған.  Мұны  Аллаһтың  жақсылығы  не 

олардың  санасының  жетілмегені,  жиырма 



71

70

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

бес  жаста  бола  тұра  он  бес  жасар  бала 

тәрізді  өз  заманынан  артта  қалып  қойған 

деп  түсінуіміз  керек.  Сана-сезімі  жетілмей 

қалған  адам  бір  күні  алда-жалда  діни  әрі 

ұлттық,  қоғамдық  пікірі  өзінен  әлдеқайда 

биік адаммен кездессе, Құдай сақтасын, іш-

тей  өз  құндылықтарынан  жерініп,  өмірден 

түңіліп кетуі кәдік. 

Балаға  берілетін  тәрбие  кішкентайынан 

қолға  алынса,  оған  да,  өзіңізге  де  жеңіл 

болмақ.  Егер  олар  балиғат  жасқа  толы-

сымен  діни  парыздарды  міндетті  түрде 

орындасын  десек,  оны  осыған  алдын  ала 

дайындағанымыз жөн. 

Ғалымдардың  тұжырымдауынша,  бала 

жиырма  бір  жасқа  дейін  қоғамдық  санасы 

өсіп, діни тұрғыдан кемелденуі тиіс. Демек, 

баланы  бұл  жастан  кейін  тәрбиелемек 

болсаңыз,  қиынға  соғады.  Олай  болса, 

жиырма  бір  жасқа  дейін  оның  мінез 

ерекшелігін  ескере  отырып  діни,  ұлттық 

құндылықтарды  санасына  сіңіруіміз  керек. 

Осы  жасқа  дейін  ол  дінді  практикалық  әрі 

теориялық  жағынан  толық  меңгерсе,  кейін 

кездесетін  қиындықтарға  мойымайтын 

болады.

Бала  бұл  кезеңге  дейін  сіздің  барлық  іс-



әрекетіңіздің маңызы мен мақсатын түсінетін 

дәрежеге  жетеді.  Сіздің  ендігі  міндетіңіз  – 

осы  күнге  дейін  оның  көріп-білгендерінің 

түп-төркінін түсіндіру.

Аллаһ  елшісі  «Ұят  –  иманның  маңызды 

бір  тірегі»  деген.  Тағы  бір  хадистерінде 

«Ұяты  жоқтың  –  иманы  жоқ»  деп  айтып 

кеткен.  Олай  болса,  ұрпағымыздың  арлы, 

ұятты, ибалы болып өсуін тілесек, тәрбиесін 

бүлдіршін  кезінен  бастап  қолға  алуымыз 

керек.  Олар  есейе  келе,  Құран  тәрбиесін 

бойға сіңірген сайдың тасындай нағыз атпал 

азаматтарға айналады. 

– Интеллектуалды ұлт қалыптастыру-



да  азаматтардың  діни  сауаты  жоғары 

болуы үшін қаншалықты маңызды?

Жасыратыны  жоқ,  қазіргі  таңдағы  елі-

міз дің  діни  ахуалы  жайында  әңгіменің 

бір  ұшы  шыға  қалса,  жаңалыққа  қашан 

да  құлағы  түрік  жүретін  ағайынның  өңі 

өзгеріп  сала  беретіні  рас.  Бұл  тақырыпқа 

келгенде  ара  ағайынның  арасында  талас 

туып,  өзара  қызылкеңірдек  бола  қалуының 

өз себебі бар. Себебі түрлі діни ағымдардың 

ағысымен  шетел  асып,  мұхит  асып  кетіп 

жатқан қандастарымыз қаншама?! Одан қал-

са  жекелеген  бауырларымыз  арандатушы 

топтардың  ықпалымен  өз  отбасының  шыр-

қын бұзып қана қоймай, ауыл-аймақтың да 

ішіне  ылаң  салып  жүргендерін  көз  көріп, 

құлақ  естіп  жүр.  Шірікті  (ширк)  түсінбей, 

ел  ішіне  іріткі  салуды  көздейтіндері  да 

табылады.  Туған  елдің  тұрақтылығына, 

кемелді  келешегіне  нұқсан  келтіретін  мұн-

дай  келеңсіз  оқиғалардың  алдын-алып 

ауыздықтауға  күш  жұмсауымыз  қажет-ақ. 

Діни  ахуалды  реттейтін  Діни  істері  жө-

ніндегі  агенттіктің  алдында  мұратты  істер 

мен  сынақты  міндеттер  жүктеліп  тұрғаны 

белгілі.  Әрине,  елімізде  соңғы  уақыттарда 

орын алған оқиғаларға қатысты агенттік те 

өз іс-шараларын қолданып бағуда деуге негіз 

бар. Себебі, алдағы уақытта кез келген діни 

бірлестіктердің  қызметі  ерекше  тексеруден 

өтіп,  заңнамаға  сөйкестендіріледі.  Олай 

болмаған  жағдайда  оларға  тосқауыл  қойы-

лады  деген  сенімдеміз.  Жалпы  агент тіктің 

ғана емес, тұтас елдің басты мақсаты – елдің 

бірлігін  нығайту,  дінаралық  келісім  мен 

бейбітшілікті сақтау.

Дегенмен  әлемде  болып  жатқан  ірілі-

ұсақты толқулар біздің де елімізді айналып 

өтпей қойған жоқ. Сондықтан арбауға түсіп 

арандап  қалмас  үшін,  үлкен-кіші  болсын, 

кәрі-жас  болсын,  қысқасы,  халықтың  діни 

сауаттылығын  арттыру  кезек  күттірмейтін 

мәселелердің бірі. Сол үшінде бүгінгі таңда 

ел  ішінде  жүйелі  түрде  діни-таным дық, 

ақпараттық-ағартушылық 

жұмыстарды 

жүр гізу үлкен маңызға ие болып отыр. Жә-

не  келешектің  іргетасын  қалайтын  жас 

өрендерімізге  берілетін  ұлттық  тәлім-

тәрбие  мен  рухани-танымдық  тәрбиенің 

мән-мазмұнын  күшейте  түсуіміз  керек-

ақ.  Рас,  кешегі  кеңестік  қызыл  империя 

салған  зобалаңның  ащы  уытынан  айыға 

қоймаған еліміз есеңгіреп, діннің діңгегінен 

қонысын  аулақ  салғаны  мәлім.  Алайда 

өткен  күнге  өкпе  артпай,  бүгінгі  күннің 

биігінен  қарауымыз  керек.  Дініміз  бен 

тіліміз  қайта  оралған  шақта,  ұлттық 

құндылықтарымызды  жандандыру  басты 

парызымыз. Жаратқанның хақ жолы Ислам 

діні – қазақ топырағында тамырын тереңге 

жіберген, салт-дәстүрімізбен біте қайнасып 

кеткен  рухани  әлемі  бай,  асыл  дін  екенін 

естен  шығармауымыз  керек.  Халықтың 

Исламға  деген  ерекше  ықыласының 

арқасында  елімізде  күмбезді  мешіттердің 

күннен-күнге саны артып келе жатқаны көңіл 

қуантады.  Дінімізге  ешкім  тыйым  салып 

жатқан  жоқ.  Исламның  аясында  емін-еркін 

тыныстап, намазымызды оқып, оразамызды 

тұтып,  зекетімізді  беріп,  садақамызды 

таратып, қажылығымызға барып-келіп жат-

қан  жайымыз  бар.  Ендеше  осынау  Тәуел-

сіздікпен  қатар  бұйырған  басымыздағы 

бармақтай  бақты  салмақтай  алмай  жүрген 

сыңайлымыз. Неге? Өйткені діни біліміміз 

сын  көтермейді.  Сыңаржақ  пікірлерге 

сүйеніп  алған,  ұлттық  құндылықтан,  қат-

таулы тарихтан хабарсыз кейбір кісілер ис-

ламды  басқаша  түсініп  жатады.  Бұл,  әрине 

өз  кезегінде  дұрыс  емес.  Әрі  жат  пиғылды 

жамағаттың  жетегінде  кеткен  адамның  қо-

ғамға  қайта  оралуы  екіталай.  Кейбірі  өз 

көсемдерінің  айтқанынан  шыға  алмайтын 

сарбазға айналғанын да аңдамайтын болар. 

Көпке  күл  шашқандығымыз  емес,  әсілінде 

кейбір жастар саналы түрде діни ағымдардың 

қанатының  астында  жүрген  жоқ,  олар 

діни  сауатының  төмендігінен  адасып  жүр. 

Интеллектуалды ұлт болудың да өз шеңбері 

бар.  Оның  ішінде,  ұлттық  мүдде,  ұлттық 

ұстаным,  ұлттық  құндылық,  ұлттық  тәлім-

тәрбие, ұлттық болмыс жатыр. Ал ондай ір-

гесі берік ұлт болу үшін рухани тазалық пен 

терең білім керек екені белгілі. Қазіргі таң-

да  әлемде  ақпараттық  соғыс  болып  жатыр. 

Дұрысын  айтқанда  «мылтықсыз  майдан». 

Осыбір аласапыран уақытта дара халқымыз 

адасып, қадамын қия баспай, өз сүрлеуімен 

жүріп, өзінің дәстүрін, ата дініміз исламды 

берік  ұстанып  қалуы  күн  өткен  сайын  тол-

ғандырып келеді. Діни сауатсыздықтың сал-

дарынан  еліміздің  мирасына  қол  жеткізуді 

көздейтін    миссионерлердің  қармағына 

ілі  ніп  қалу  мұсылмандығымызға  сын. 

«Ағаштар көп, бірақ оның бәрі жемісті бо-

ла бермейді. Жемістер көп, бірақ оның бәрі 

тәтті бола бермейді. Сол секілді ілімдер көп, 

бірақ  оның  бәрі  пайдалы  бола  бермейті-

нін» ескергеніміз жақсы. Діни сауатымызды 

ашып,  рухани-танымымыздың  көкжиегін 

кеңейту  барысында  адасқан  ағымдардың 

жетегінде  кетпеуді  көздесек,  Абайша  айт-

қанда,  «ақырын  жүріп,  анық  басқанымыз 

абзал». 

–  Жастарды  рухани  кемел  адам  етіп 



тәрбиелеудегі діннің рөлі қандай?

Ислам  дінінде  бала  –  өмірдегі  сынақ-

тардың  бірі  ретінде  қаралады.  Сол  себепті 

сынақтан  сүрінбей  өту  үшін  балаға  өмірде 

жақсы-жаманның,  обал-сауаптың  не  еке-

нін,  қалай  еткенде  жақсы  адам  болып  қа-

лыптасудың  жолдарын  үйрету,  парасатты 

тәрбие беру – ата-анаға міндеттелген іс. 

Парасатты,  ізгі  тәрбие,  тәрбиенің  ке-

мел дігі  неден  басталмақ?  Бұл  ең  әуелі 

баланың  өз  ата-анасын  сыйлауы,  иманды 

болып  өсуі,  жанашыр,  адал,  еңбекқор, 

кішіпейілдік  секілді  ізгі  қасиеттерді  бойға 

сіңіруі.  Есейгенде  қоғамға  пайдалы  азамат 

болуы,  жас  кезінен  анаша,  есірткі,  автомат 

ойындары,  сыра,  арақ,  темекі,  зинақорлық 

секілді  теріс  қылықтарға  үйір  болмауы, 

ешкімнің ала жібін аттамауы. Әдепті болуы, 

қай кезде де текті тәрбиенің жемісін көрсет-

уі. Міне, мұндай ұрпақ – Абайша айтсақ, ата-

ананың көз қуанышы, қызығы мен сүйіні ші.

Ғалымдар  Исламдағы  бала  тәрбиесінің 

негіздерін  анықтауда  хазірет  Мұхаммед 

пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

 

өмірінде  кездескен  нақты  оқиғаларға 



сүйенген.  Өйткені,  Құрандағы  Аллаһ 

тағаланың  көрсеткен  үлгілі  тәрбиесі 

сүннетпен  ажарланып  толыға  түскен. 

Адамзаттың  асылы  пайғамбарымыз  Ислам 

тәрбиесін 

қалыптастыруда 

балаларды 

көзден  таса  қылмаған.  Қайта  дүниеге 

келмей  жатып,  балаға  алаңдаушылық 


73

72

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

білдірген. Бала дүниеге келісімен діни салт-

жоралғылар  жасалып,  мұсылман  үмбетінің 

тағы  бір  адамға  толысқанын  қуаныш  көр-

ген. Осы орайда, балаға жақсы, мазмұнды ат 

қоюға шақыруының өзі қандай тәрбие еке ні 

айтпаса да түсінікті. 

«Баланың жақсысы қызық, жаманы күй-

ік» демекші, балаға «Аллаһтың аманаты» деп 

қаралуының өзі Исламда балаға қаншалық-

ты көңіл бөлінгендігін білдіреді. Хадистер де 

де бұның мысалдары көптеп кездеседі. 

Сүннеттегі  тәрбие  кең  көлемдігімен, 

тым  ерте  қолға  алынумен  ерекшеленеді. 

Онда  баланы  жастайынан  имандылыққа 

тәрбиелеу,  үлкендерді  құрметтеу,  ысы-

рапқа  бармау,  бұзақылық  жасамау,  өті рік 

пен  ұрлықтан  аулақ  жүру  секілді  адам-

гершілік қасиеттермен қоса жас кезінен мә-

дениеттілікке,  әдептілікке,  дұрыс  сөйлеуге 

баулу,  иман  негіздерін  сіңіру,  Құран,  дұға, 

намаз  үйрету,  мешітке  үйір  қылу,  дене 

тәрбиесі,  дұрыс  киіну,  дұрыс  тамақтану, 

тазалық – бәрі қамтылған. 

Исламдағы тәрбие  баланы адамгершілік ке 

баулу үшін бүкіл қоғам мәдениетін жетілдіру 

керектігін аңдатады. Өйткені, бала тәрбие сі 

ата-анаға  да,  балабақша,  мектеп,  ұстаздар-

ға,  дос-жарандары,  ойын  түрлері,  үйірме, 

клуб, газет-журнал, теледидар, радио секілді  

қоғамның  басқа  да  тетіктеріне  тікелей 

қатысты.  Осының  барлығы  қадағаланып, 

игі мақсатта жұмылғанда ғана тәрбие жақ сы 

нәтиже бермек. 

Бүгінгі  бала  –  келешектің  тұтқасы.  Сон-

дық тан  қазіргі  ата-аналар  Ислам  дініндегі 

мәні  терең,  мазмұнды  тәрбие  негіздері-

мен  танысып,  иманды,  көргенді  ұрпақ 

тәрбиелеп  жатса,  бұл  тектілігімізге  қайта 

оралғандығымыз,  ата-бабаларымыздың  ар-

манын  орындағандығымыз.  Артына  сауап 

жолдап тұратын ізгі, иманды ұрпақ қалдыра 

білген ата-аналардың екі дүниеде де жүздері 

жарқын болмағы хақ. 



ӘДЕТ-ҒҰРЫППЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОРЫНДАЛАТЫН ЫМ-ИШАРАЛАРДЫҢ 

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Әбжан Гүлмарт Мәдіханқызы ‑ 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

«Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасының оқытушысы

филология магистрі

құлықтық іс-қимылдары. Әдет-ғұрыптар та-

рихи  жолмен  қалыптасып,  одан  қоғамның 

өнегелілігі де қалыптасады /2,54/.

Әдет-ғұрыптардың  пайда  болуына  және 

сипатына  халықтың  тарихын,  шаруашы-

лық  өмірінің  ерекшеліктері,  табиғаттың 

ауа,  жер-су  жағдайлары,  адамдардың  әлеу-

меттік  ахуалдары,  діни  көзқарастары 

т.с.с.  әсер  етеді.  Әдет-ғұрыптың  қоғамдық 

дағды  ретіндегі  күші  бар,  ол  адамдардың 

іс-қимылына,  мінез-құлқына  әсерін  ти-

гізеді.  Сондықтан,  ол  ғибраттық  тұрғыда 

бағаланады. Социологияның  әртүрлі іс-қи-

мылды  немесе  іс-қимылдар  жиынтығын, 

олардың    тиімділігін  анықтау  тұрғысынан 

зерт  тейтін саласы праксиология саласы.

Даму  барысында,  адамның  психикалық 

іс-әрекеті  сыртқы  және  ішкі  болып  бө-

лінеді.  Бұлардың  біріншісі  қолды,  аяқты, 

саусақтарды  жұмсау  арқылы  іске  асатын 

реалды  заттарға  әсер  етудің  адамға  тән 

түрлерінен  тұрады.  Екіншісі  «ой  жүгірту» 

арқылы  іске  асып,  бұл  жерде  адам  реалды 

әрекет арқылы, реалды заттарға әсер етпей-

ді,  олардың  ойлау  процесінде  жасалатын 

идеалды  динамикалық  модельдерін  пай-

даланады /2,495/.

Әл-Фараби  Аристотельдің  «өсімдіктер 

жа ны, жануарлар жаны, адамдар жаны дей-

тін  үш  түрлі  жаны  болады  деген  пікірін 

қуаттай келіп, адам жанын үшке бөледі, одан 

соң адамның жан қуатын – ішкі жан қуатын 

(еске түсіру, талпыну). Сыртқы жан қуаты ( 

көру, есту, дәм, иіс, сипау) деп екіге бөледі 

/3,79/. 


Үйлену тойында өтетін ойын сауықтарда 

«қол  ұстатар»,  «шашсипатар»,  «сақина  са-

лар»  жол-жоралары  да  ишаралар  арқылы 

Әңгімелескен Анар Құрманғали



Жалпы екі заттан ‑ діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан бірдей 

сақтанған жөн

Нұрсұлтан Назарбаев

Әрбір  халықтың  ұлттық  тұрмыс-тір ші-

лігінің  тарихи  даму  барысында  ғасырлар 

бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрлер,  әдет-

ғұрыптар  ерекше  рөл  атқарады.  Қазақтың 

ұлт тық  сана-сезімін  қалыптастырған  –  он-

ың әдет-ғұрыптары, салт-жоралары. Ұлттық 

әдет-ғұрыптар,  салт-дәстүрлер  әрбір  адам-

ның  жеке  индивид  ретіндегі  ғұмырынан 

бастап,  ұлттық  мүддеге  қызмет  ететін  аза-

мат  болып  қалыптасуына,  сол  адамдардан 

тұратын  халықтың  ұлт  ретінде  ұйысып, 

қоғамдық  өмір  сүруіне  барлық  жағдайлар 

жасайды.  Ұлттың  ұлылығы  оның  ұлттық 

дәстүрлерінен,  ұлттық  табиғатынан  көріне-

ді.  Бүгінгі  ұрпақты  ата-баба  дәстүрімен 

тәрбиелеу,  халықтық  педагогикалық  нәрлі 

қайнарымен сусындату негізгі міндеттердің 

бірі болып табылады.

Қазақ  халқының  батыс  елдерінен  айыр-

машылығы, негізгі ерекшелігіміз де – адам-

гершілік принциптеріне негізделген ұлттық 

дәстүрлеріміздің,  ұлттық  мәдениетіміздің, 

ұлттық  рухымыздың  сақталуында,  –  деп 

атап  көрсетеді  фил.ғыл.док.,  профессор 

Д.Ысқақұлы /1,33/. 

Ұлттық  салт-сананың  қалыптасуының 

екі негізі бар: игі әдеттер көп қолданыстан 

әдет-ғұрыпқа,  яғни  өмір  қолданысына  заң-

ды түрде енеді. Сөйтіп дәстүр салтқа (заңға, 

заңдылыққа)  айналады.  Оны  салт-дәстүр 

дейміз.  Салт,  дәстүрлердің  ұлттық  санаға 

айналған  биігі  –  салт-сана  деп  аталады. 

Дәстүр,  салт-дәстүр,  салт-сана  –  ұлттық 

болмыстың  мәдени  сәулеті  болады.  Яғни 

ұлттың  салт-санасы  сол  ұлттың  мәдениеті-

нің биіктік деңгейін көрсетеді.

Әдет-ғұрып  –  адамдардың  белгілі  бір 

жағдайларға байланысты, үйреншікті мінез-


75

74

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

жүзеге  асады.  Тарихшы  –  этнограф  ғалым   

Х.  Арғынбаевтың  пікірінше,  «ұрын  бару-

дың»  мақсаты  жастардың  өзара  тілдесіп, 

бет-жүздерін көрісіп, құшақ айқастырып жа-

қындасуы  нәтижесінде  олардың  арасында 

махаббат  сезімін  ояту  екені  даусыз  /4,36/. 

Келтірілген  деректер  негізіне  сүйенсек, 

әдет-ғұрыптардың жанасу ишараты арқылы 

жүзеге асқандығы мәлім. 

Халқымыздың  ежелден қалыптасып келе 

жатқан  әдет-ғұрып,  дағдысына  байланыс-

ты  көңіл  аударарлық  ым-ишараттар  көп 

кездеседі.  Соның  ішінде  сезімді,  көңіл-

күйді,  ыммен,  ишарамен  бет-пішін,  түрлі 

қимылдар  арқылы  жасау  арқылы  мән-

мағынаға  ие  болады.  Олардың  көпшілігі 

адамның  дене  мүшелерімен  байланысты 

орындалады. Мыс: арқа. Арқаға қағу-риза 

болу,  мақұлдау,  қолпаштауды  бейнелейді. 

Яғни  «рахмет»,  «бәрекелді!»,  «жарайсың!» 

деген  сөздердің  орнына    қолданылатын  ал-

ғыс белгісі.

Алақан. Алақанға түкіру    ынталылық, 

құлшыну.  Бір  іске  ынталана  кіріскенде 

алақанға  түкіріп  алатын  әдет  бар.  Мы-

салы,біреу  «іске  құлшынып  отыр»  дегісі 

келсе,  «алақанына  түкіріп  отыр  екен» 

дейді.  Алақанын  уқалау  да  осындай  мәнге 

ие.  Алақан  жаю  –  амалсыздық,  «енді 

қайтейіннің» белгісі. Мұның екінші бір мән 

мағынасы  –  сұрау,  сұрамсақтықты  көрсе-

теді.  Алақан  жаю    –  жаман  ырым,  оны  жиі 

қолдануға  болмайды».  Халық  тәрбиесінде 

«Алақаныңды  жайма»  деген  тыйым  бар. 


Каталог: docs -> novosti
novosti -> Бас редактор
novosti -> Бас редактор
novosti -> Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірəлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Всероссийская олимпиада школьников по географии. Районный тур. 7 класс Часть I
novosti -> Всероссийская олимпиада школьников по географии. Районный тур. 8 класс Часть I
novosti -> Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірəлиев

жүктеу 1.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет