Бас редактор



жүктеу 12.81 Kb.

бет9/11
Дата09.01.2017
өлшемі12.81 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Отан-мәңгі  сақталған  жүректегі  жан 
сырым.  Отан-халықтың  өткені  мен  бүгіні 
және  келешегі.  Ол-оның  өзіндік  мәдениеті, 
оның  тілі,  оның  мінез-құлқы,  ол-халық 
жасайтын  революциялардың,  оның  тарихи 
желілерінің  тізбегі.  Отан  адамға  өмір  сүру 
қуанышын,  өзінің  күшіне  деген  сенім,  елі 
үшін  мақтаныш  сезімін  сыйлайды.  Ежелгі 
заман  ойшылы,  әйгілі  шешен  Цицерон: 
“сүйіспеншілік туралы барлық түсініктеріміз 
“Отан”деген бір ғана сөзге біріккен”, - дейді. 
Біздің  халқымыздың  атамекенді  ардақтау 
сезімі  өте  терең,  олар  үшін  туған  жерді 
қасиет  тұту  -қанға  сіңген  мінез,  ежелгі 
дәстүр.  Бұл  таным  біздің  жанымызға  ана 
сүтімен  тараған,  ана  тілімен  дарыған,  ақ 
нанымен бекіген. 
“Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ  боп  жаралмасқын  терегіне”, 
-  деп  ақиық  ақын  Мұқағали  жырлағандай 
Отан  біздің  ғұмырымыз,  жүректегі  жан 
сырымыз.
Адамдардың  атамекен  мен  жан  дүние 
жақындығының қаншалықты терең тамырлы 
әрі  мәңгілік  екенін  айтып  жеткізу  мүмкін 
емес.  Отанды  шексіз  сүйіп,  ардақтауға 
қоса, оны жауларынан жан аямай қорғау-әр 
перзентінің парызы, міндеті де.
Өмір-мен  үшін  қымбат,  ал  Отанға  деген 
махаббат  өмірден  де  қымбат,  бірақ  елімнің 
еркіндігі мен азаттығы үшін, Отаным  үшін 
қажет болса, екеуін де құрбан етуге бармын.  
Осы  ойымызды  Елбасының  сөздерімен 
ұштастырар болсақ, ол өз сөзінде «Болашаққа 
деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет 
құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың 
мақсаттары  барлық  бағыттар  бойынша 
сәйкес  келуі  өмірлік  тұрғыдан  маңызды. 
Мемлекеттің басты міндеті де осы».
«Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: 
Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің 
тірегісіңдер.
Біздің  бүгінгі  атқарып  жатқан  қыруар 
шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда.
Сендер  тәуелсіз  Қазақ  елінің  перзент-
терісіңдер.
Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие 
алдыңдар.
Сендердің  азат  ойларың  мен  кемел 
білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес 
алыста,  қол  жетпес  қиянда  көрінетін  тың 
мақсаттарға апаратын құдіретті күш.
Мен  барша  халқымды  жарқын  бола-
шаққа  жол  бастайтын  адамзат  баласының 
мәңгілік  құндылықтары  –  ерік-жігер  мен 
еңбексүйгіштік,  мақсаткерлік  қасиеттерді 
бойға сіңіруге шақырамын» және «Қазақстан 
патриотизмінің  іргетасы  –  барлық  аза-
мат тардың  тең  құқылығы  және  ол-
ардың  Отан  намысы  алдындағы  жалпы 
жауапкершілігі»  [1],  -  деді.  Сондықтан  да 
қорыта  айтсақ:  «Отан  –  мақсат,  мұратым, 
Отан  –  мәңгі  сақталған  жүректегі  жан 
сырым!».
Әдебиеттер
1  Назарбаев  Н.  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты» ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012.
2 Шаханов М.  Шығармадар жинағы. – Алматы, 2008.
3 Мақатаев М.  Шығармалар жинағы. – Алматы, 2009.
4 Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1том Біртұтастығы және ерекшелігі. 
Тарих және этнография. – Алматы: Арыс, 2005 ж.
5 Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 1-3том. – Алматы, 2000.

79
ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ
ӘОЖ 784. 92193:37.01
А.Қ.Утепова 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
 «Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушысы
ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ 
Мақала қазақ даласының мәдениеті мен кеңестік заманнан бастау алған ұлтжандылық 
қасиеттерден  басталады.  Бүгінгі  таңда  жас  ұрпақты  өз  халқының  тарихын,  тегін,  салт-
дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп 
тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Еліміздің жарқын болашағы тәрбиелі, өнегелі 
жастар демекші. Қазаққа тән ұлтжандылық, патриоттық сезімнің алау оты- туған жер.Бұған 
лайықты    тәрбие  -  арнайы  ұйымдастырылған  және  саналы  жүргізілетін  педагогикалык 
қызметті  қажет  етеді.  Осы  ретте,  мақала  шетел  ғалымдарының  ой  толғаныстарынан 
басталып, тәрбиенің мән-мағынасына тоқталады.
Түйінді сөздер: ұлттық тәрбие, қасиет, ұлтжандылық, ғылым, білім, мәдениет.
Научная статья посвящена анализу патриотических качеств, в свои истоках восходящих 
к  культуре  казахской  степи  и  советской  эпохе.  Вместе  с  тем,  в  статье  предложена 
конкретная классификация характерных для воспитательного процесса казахского народа 
патриотических  чувств,  чувства  любви  к  Родине  на  научной  основе.  Светлое  будущее 
нашего народа - это воспитанная, образцовая молодежь. Источником патриотизма, чувства 
любви  к  Родине,  характерным  для  казахского  народа  является  родная  земля.  В  данной 
работе отображены основные направления современной педагогики, с учетом особенностей 
национального воспитания казахского народа. 
Ключевые  слова:  национальное  воспитание,  качество,  патриотизм,  наука,  знание, 
культура.
The scientific article is devoted to analysis of the patriotic qualities in its origins dating back 
to the culture of the Kazakh steppe and the Soviet era. However, the article proposed a specific 
classification specific to the educational process of the Kazakh people of patriotic feelings, the 
feelings of love for the country on a scientific basis. Bright future of our nation - is brought up, a 
model youth. The source of patriotism and love for the motherland, characteristic of the Kazakh 
people is the native land. This paper displays the major trends of modern pedagogy, having regard 
to national education of the Kazakh people.
Keywords: national education, quality, patriotism, science, knowledge, culture.
Шыны  керек,  кеңестiк  кезеңде  қазақ 
ұлты  туралы  қоғамда  қым-қиғаш  пiкiр 
күшпен  қалыптастырылды.  Ал  қазақ  болса 
–  ежелден-ақ  өз  жерi  мен  елiнде  ру-тайпа 
болып  қалыптасқан  байырғы  халықтың, 
қала бердi ұлттың бiрi. Соған орай тiлi мен 
мәдениетi  дамыған.  Оған  көне  тарих  куә 
болар  айғақтар  толып  жатыр.  Мәселен  қа-
шанда ақиқаттан аттамайтын, арабтың орта 
ғасырлық жиһанкездерi: Ахмед ибн Фадлан, 
Әл-Маруазилер 
қыпшақ 
даласындағы 
найман,  керей,  жалайыр,  арғын  руларында 
болып, жақын танысқанда олардың өзiн-өзi 
«қазақ»  деп  атайтынын  сөз  етедi  және  осы 
жағдаятты соңына жазып, қалдырып кеткен. 
Олардың пайымдауы бойынша, әр тайпаның 

80
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
атам  заманнан  берi  қалыптасқан  қыстауы 
мен  жазғы  жайлауы  болған.  Оларға  ешкiм 
де  қол  сұға  алмапты.  Бәрiн  де  қазақтар 
қызғыштай  қорғаған.  Мiне,  сол  дәстүрдiң 
тамтығы ғасырдан ғасырға жалғасып, бiздiң 
заманымызға дейiн жеттi. Сондай қайсарлық 
пен  қажырлылықтың  арқасында  сақталып 
қалған  Қазақ  елi  –  жерiнiң  көлемi  жөнiнен 
әлемде  тоғызыншы  орында.  Мiне,  осыны 
қазақтың  әрi  ұлтжандылығы,  әрi  ұлылығы 
дер едiм. 
Ал  енді  осындай  мінез,  тәрбие  қасиет 
қазіргі  заманда  бар  ма?  Бұл  әсіресе  бала 
тәрбиесіне  бесігінен  назар  аударып,  бір-
шама  зерттеулер  мен  еңбекті  қажет  етеді.
Педагогикадағы  ғылыми  тұжырымдарға 
қарасақ,  адам  баласының    дамуы  тәрбие 
ісінің проблемалары.
Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  жеке  адамды 
қалыптастыру  және  оның  жан-жақты  то-
лыққанды  дамуын  қамтамасыз  ету.  Ал  бұл 
міндеттердің  табысты  шешімін  беру  жеке 
адамның  дамуы  қалай  өтетіні  және  оның 
қалыптасуына  қандай  жағдаяттар  ықпал 
ететінін білумен байланысты.
Педагогика, тәрбие үшін мәнді мәселенің 
6ipi “жеке адам” түсінігінің өзін айқындап алу. 
Шынында да тәрбие аясы “жеке адам” нені 
білдіреді? Бұл түсініктің “адам” түсінігімен 
арақатынасы  қандай?  Бұл  сұрақтардың 
жауа бын генетикалық тұрғыдан берген жөн.
Ең  алдымен  ескертетін  жәйт:  адамның 
дамуында  6ip-6ipiне  байланысты  екі  өзек 
байқалады, оның 6ipi -биологиялық екіншісі 
-  әлеуметтік.  Осы  бағыттар  адамның 
дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы 
мен  қалыптасуында  көрініс  бере  бастайды. 
Адам  туылғанда  тек  биологиялық  тіршілік 
иесі  болып  танылады,  жеке  тұлғалыққа 
жету  әлі  ерте.  Биологиялық  нышандар  мен 
қасиеттердің  дамуы  адамның,  өмір  бойы 
мүшелік  пiciп  жетілуі  және  қалыптасуы 
процесінің  сипатын  көрсетіп  отырады. 
Адамның  биологиялық  кемелдену  және 
өзгеру  процесі,  оның  дамуының  жас-
тық  сатылары  мен  мінез-құлығында  көр-
ініп,  осыдан  балалық  жасөспірімділік,  ер-
есектік  және  қариялық  табиғи  бітістерін 
ажыратамыз.
  Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды 
әрі  сан  алуан  әлеуметтік  салалар  мен  қа-
сиет терді қабылдауымен тығыз байланыста 
6ipгe дамып барады, бұл адамды қоғамдық 
тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, 
нәрестенің  жақын  адамдарды  танып, 
күлімсіреуі, кейін тілге келуі жүру қабілетін 
игеруі,  үйдегі  және  көпшілік  арасындағы 
қалыптары,  еңбектеуі  және  т.б.  Өсе  келе 
ол  білім  игереді,  моральдық  қалыптар  мен 
ерекшеліктерді  орындайды,  әртүрлі  жұмыс 
iстeyгe  ептіліктер  мен  дағдыларды  қалып-
тастырады  және  олардың  барлығы  да  өмір 
барысында  адамда  пайда  болып,  дамып 
отырады.
Сонымен,  адам  баласы  тұлға  ретінде 
өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мән-
ін  сипаттайтын  көптеген  әлеуметтік  са-
палар  мен  қасиеттерді  қалыптастырады 
әрі  дамытады.  Mінe  осыдан,  ол  ғылымда 
биоәлеуметтік  тұлға,  субъект,  яғни  тарихи-
қоғамдық  қызмет  пен  таным  иесі  деп 
танылады.  Демек,  “адам”  түсінігі  осыдан 
био логиялық  және  әлеуметтік  (қоғамдық) 
сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал “жеке адам” түсінігін алатын болсақ, 
ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді 
игерген  тұлғаны  танумен  байланысты.  Бұл 
тұлға  қоғамдық  тіршілік  иесі  сипатында 
көрініп,  тіл  игepyi,  санасы,  әртүрлі  әдет-
терімен  ерекшелінеді.  Жеке  адамдық  ка-
сиетке  ие  болу,  оның  табиғи,  биологиялық 
болмысына  емес,  коғамдық  қасиеттерге 
тікелей байланысты. Сонымен “жеке адам” 
дегеніміз  адамның  коғамдық  сипатын 
танытып,  оның  өмір  барысында  өзінe  топ-
таған  әлеуметтік  сапалар  мен  қасиеттер 
жиынтығын білдіреді.
Жеке  адамдық  сапалар  өмір  барысында 
қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын 
көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай 
болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай 
білеміз және оның өлшемдері қaндай деген 
сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
С.Л.Рубинштейннің  зерттеуі  бойынша 

81
ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ
жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы 
басқаруға  мүмкіндік  беретін  психикалық 
даму  деңгейімен  сипатталады,  яғни  өз 
әрекетін  ойластыра  біліп,  жауапкершілікті 
сезіну қабілетінің 6олуы: өз бетінше дербес 
іс-әрекетін жасай бiлyi - жеке адамның мәнді 
белгілері [1] .
Жеке  адамдықтың  критерийлерін  (өл-
шемін)  белгілеумен  В.П.Тугаринов  бұл 
түсінікті  адамның  жастық  әpi  психикалық 
кемелденуімен  байланыстырады  [3].  Егер 
жеке  адам  өз  сапа  және  ic-әрекетін  қоғам-
дық  прогресс  бағытымен  ойластыра  алса, 
өз  бойына  игерген  сапа  мен  қасиеттерді 
неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне 
ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның 
құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан “адам” 
және “жеке адам” түсіктерінің сипаттамасы 
“даралық” түсінігімен толықтырылады.
Даралық  6ip  адамның  екіншісіне  ұқса-
майтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін 
сипаттайды.  Даралық  әдетте,  мінез  бен 
темпераменттің айрықша бітістері (салмақты, 
сабырлы),  шығармашылық  ic-әрекет  және 
қа6ілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш. 
ұқыпты, өзіндік көріністерімен бөлектенеді.
 Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық 
белгілері  оның  терең  білімдарлығында, 
педагогикалық  ой-өрісінде,  балаларға  жай-
лылығы  мен  еңбектегі  жасампаздығында 
танылуы  мүмкін.  Даралық  түсінігі  6ip 
адамды  екіншіден  айырып,  oғaн  өзіндік 
қайталанбас  сән  беретін  жалпылық  және 
жалқылық қасиеттерді білдіреді.
Адамның  қоғамдық  тіршілік  иесі  сипа-
тының толықтығы үшін “индивид” түсінігін 
де  білген  жөн.  Бұл  латын  сөзі  қазақша 
“жекелік” дегенді білдіреді. Түсінік ретінде 
одан адамзат тегінің әp6ip бөлек өкілін, оның 
сапа-қасиеттеріне қатысынан. Бұл тұрғыдан 
әрбір  ақыл-есі  дұрыс  адам  “индивид”  бола 
алады. “Жеке адам” түсінігінің және онымен 
байланысты  ғылыми  категориялардың  мәні 
міне осындай.
  Ал жеке адамдық сапалар адамның өм-
ір  барысында  дамуы  және  қалыптасуынан 
педагогика  үшін  “даму”  және  “қалыптасу” 
категорияларының  мәнін  ашып  беру  өз  ал-
дына маңызды. Сонымен бұл түсініктер нені 
білдіреді?
  Даму  -  бұл  жеке  адам  сапалары  мен 
қасиеттеріндегі  сандық  өзгерістер  жүйесі. 
Адамның  туған  күннен  бастап  дене  құ-
рылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол 
сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі; 
көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани 
ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттер-
ді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып 
дамуындағы  басты  белгі,  ондағы  сапалық 
өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге 
болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның 
танымдық  кабілетін  арттырады,  сезімдік 
аймағын  кеңейтеді.  Танымдық  қызмет 
барысында  абстракт  ойлау,  логикалық  ес 
дамиды,  өмірге  деген  көзқарас  пен  наным-
сенімдер  орнығады.  Еліктеушілік  мінез-
құлық  6ipтe-6ipтe  белсенді  -  жасампаз, 
шығармашылық  ауысады,  өз  қылық-әре-
кетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті 
көркейеді.  Бұл  өзгерістердің  бәрінен 
адамның 
анатомиялық-физиологиялық 
ке мел денуіндегі,  жүйке  жүйесі  мен 
пси хикасының  және  танымдық  пен 
шығармашылық  іс-әрекетінің  жетілуіндегі, 
дүниетанымдық,  имандылық,  қоғамдық-
саяси  көзқарастары  мен  нанымдарындағы 
бip-бipiнe  кipiгe  байланысқан  сандық  және 
сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.
Қалыптасу  түсінігіне  келетін  болсақ, 
ол  жеке  адам  дамуының,  нәтижесі  ретінде 
оның  кемелденуі  мен  тұрақты  сапалар  мен 
қасиеттерді  иемденуін  білдіреді.  Мінеки, 
бұл адам баласының даму процесі курделі, 
бірте бірте қалыптасып, дамитын құбылыс.
Бұдан келіп түсетін сұрақ, ал тәрбие үрдісі 
қалай  болмақ,  қазақ  даласы  тәрбиеге  мән 
беріп, ғылыми тұрғыда түсінік беріп откенді 
жөн көрдім.
Тәрбие заңдылықтары туралы mүcінік К. 
Д.Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылық-
тарын ғылыми тұрғыдан тану өтe қажет [4]. 
Ce6e6i,  оның  айтуынша,  педагогикалық 
ережелерді  қара  дүрсін  жаттау  eш6ip  пай-
да  бермейді.  Сол  ережелерді  туындататын 

82
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ғылыми  негіздерді  зерттеу  міндетті  ic. 
Ұлы  педагогтың  кеңеci:  басқарылуы  қа-
жет  болған  психикалық  құбылыстардың 
заңдарын ашып, өз ic-әрекетіңді сол заңдарға 
және  оларды  қолданатын  жағдайларға  ор-
айластырған жөн. Тәрбиенің астарлы терең 
заңдылықтарын білместен, оны жетілдіруге 
ұмтылудың  өзі  бос  әрекет,  өмір  шындығы 
заңдылықтары  мен  жеке  адамның  дамуы 
және кемелденуіндегі қайшылықтарды тану 
ғана белгілі 6ip дәуір тәрбиесіндегі күнделікті 
шараларды іске асырудың және сол процссті 
ғылыми  тұрғыдан  басқарудың  теориялық-
әдіснамалық  негізін  бере  алады.Міне  біз 
даму,  сапа  және  терең  ой  толғаныстарды 
жан –жақты бақыладық. Небір әдемі, әдеби 
сөздер,  пайымдауларды,  ұлы  ғалымдардың 
еңбектерінен  мысал  келтірілді.  Мемлекет- 
жастар  үшін  ұлы  қорған,  ғаламат  көлемді 
дүние,  әрине  сауатты  болашақты,  дарынды 
ұрпақты қажет етеді. 
Қорыта  келгенде  көздеген  мақсат 
та,  ойлаған  ойларымыз  да  бір  ел,  бір 
тағдыр  демекші,  ұйыған  отбасымыздай 
мемлекетіміздің  жастары  беделді,  пат-
риотты,  ұлтжанды  болып  өсуіне,  тәрбие-
ленуіне  сенімдімін.Бұл  ғылыми  тұрғыда 
қарастырылған ой, тұжырым әрине көптеген 
мәселелерге  көз  жүгіртіп  қоймай  әлі  де 
қомақты  еңбекті  қажет  етеді.  Қазақ  елінің 
болашағы  жарқын,  ұлтжанды,  өнегелі 
ұлт  екендігі  жоғарыда  айтып  өткендей 
ғасырдан  ғасырға  жалғасын  табады  деген 
оймен,  жастарға  жалынды  рух,  қайсарлы 
жүрек,  отты,  жігерлі  мінез  қанымен  келіп, 
одан  әрі  осындай  педагогикалық  тәрбие 
үрдісімен  шыңдалса  нұр  үстіне  нұр  болар. 
Мiне,  осыны  қазақтың  әрi  ұлтжанды,  әрі 
ұлы қайсар болашағы мол халық деп білем. 
Бүгінгі  таңда  жас  ұрпақты  өз  халқының 
тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін 
меңгерген  мәдениетті,  адами  қасиеті  мол, 
шығармашыл  тұлға  етіп  тәрбиелеу  –  өмір 
талабы, қоғам қажеттілігі.
Әдебиеттер
1 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.  – Издательство: Питер, 2002. - 720 с.
2 Балаубаева Б.М. Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді // Айқын.  – 2013.  – №91 
3 Педагогика / под ред. В.А.Сластенина и др. – М., 2002. – 566 с.
4 Подласый И.П. Педагогика. В 2-х кн. Кн.1.  – М., 2002. - 573 с.
5 Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. – Астана, 1998. 

83
ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ
ӘӨЖ 784. 92193:37.01
К.М. Шыныбекова
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
«Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы
ПАТРИОТИЗМДЕГІ КӨРКЕМӨНЕРДІҢ РӨЛІ
Мақалада көтерілген мәселе аса актуалды тақырып. Жас ұрпақтың бойында елсүйгіштікті 
қалыптастырудағы көркемөнердің орыны жайлы ұтқыр ой айтады. Ақыл айту емес, оны 
орнықтыруға ұтымды пікір де келтіреді. Оқырманның намысын жанып, қамшылау да бар. 
Мұндағы айтылған ой- пікірлер қолдайтын, жұрт болып ойланатын мәселе екені анық.
Түйінді  сөздер:  Отан,  сүйіспеншілік,  патртиотизм,  ұлтжандылық,  тәрбие,  ғылым, 
білім, өнер.
В статье рассмотрена особо актуальная тема. В данной работе высказаны содержательные 
мысли,  раскрывающие  роль  художественного  творчества  в  формировании  патриотизма, 
чувства любви к Родине. Здесь приводятся мнения, которые позволят укрепить развитие 
патриотических  чувств.  В  статье  имеются  и  критические  взгляды  по  данной  проблеме. 
Очевидно, что высказанные в работе мысли, заставляют задуматься об актуальных вопросах.
Ключевые слова: Родина, патртиотизм, воспитание, наука, знание, искусство.
The actual theme is described in the article. The main ideas, describing the role of art creation in  
forming patriotism, love to. Motherland are considered in this work, there are opinions to strengthen 
the developing of patriotic feelings. There are the critical points to this problem. Obviously, the 
data ideas are forced to think about the actual questions.
Keywords:  Motherland, патртиотизм, education, science, knowledge, art.
Адамзат  баласы  үшін  ошақтың  үш 
бұты  секілді  үш  тірегі,  үш  ұстыны  болады 
екен.  Әрине,  тіршілік  қажеттілігі  ретінде 
одан да көп нәрсе керек. Ал біздің сөз етіп 
отырғанымыз  көзге  көрінбейтін,  қолға  ұс-
талмайтын, алайда онсыз ұлт болып құрала 
алмайтын,  ұлыс  болып  ұйыса  алмайтын 
аса құнды рухани мызғымас мықтылық. Ол 
толыққанды өзіңді азамат сезінудің үш алып 
діңгегі - Отаның, Ұлтың, Дінің.
Әгәрәки,
 
сенің шет жерде, шет елде жүріп 
басыңа бір қиындық орнай қалса, ол мені ұс-
тап тұрар рухани демеуің. Сен кімсің дегенде, 
сен:  «Мен  қазақстандықпын,  отаным  бар  - 
ол Қазақстан дейсің. Мен сұрауы жоқ адам 
емеспін, ұлтым бар - ол Қазақ ұлты дейсің. 
Содан  соң,  дінім  Ислам  -  мұсылманмын, 
іздеуші қауымым бар дейсің. Бұлай сұрамаса 
да,  осы  үш  жауап  сенің  көкейіңде  тұрады. 
Міне, бұл сенің қашанда сенімді тірегің. Бұл 
үш  діңгекке  деген  сүйіспеншілігің  болмаса 
тағы  да  жоғарыдағыдай  сенімділікті  сезіне 
алмайсың» [1].
Енді дүниеде еш асыл тең келмейтін осы 
құндылықты сезіну үшін не керек? Отанға, 
елге,  туған  жерге,  қандасқа,  жерлеске, 
бауырға деген сүйіспеншілік керек. Мұның 
бәрін  бір  сөзбен  -  патриотизм  дейміз.  Ал 
мұны  қалыптастыру  -  оқудан,  тоқудан, 
көруден,  сезінуден  там-тұлдап  құралатын, 
өзіңде  сезбей  қалатын  тылсым  құдірет  ісі. 
Міне, осынау аса құнды түсінікті тудыруда 
көркемөнердің алатын орны орасан. «Әуелі 
сөз  деп  құран  кәрімде  айтылатындай, 
алғашқы  әсер  етуші,  әрине  құдіретті  сөз. 
Яғни, сөз өнері. Оның да аса, әсерлісі өлең, 

84
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ұлы Хакім айтқандай, «Өлең сөздің патшасы, 
сөз сарасы», немесе өнер алды-қызыл тіл». 
Отанға,  ұлтқа,  жерге  деген  мақтаныш 
сезімдерді  бәріміз  осы  өлең  аталатын  құ-
діреттен  сезіндік,  серпер  ақын  Сағи 
Жиінбаев: 
«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда жүзімнен түн түрілген» дейді. 
Отан, Отан! Сен болмасаң нетерем, 
Бұл өмірден бақытсыз боп өтер ем.
Жыртқыш інсіз, құс ұясыз болмайды,
Отансыз жан бұл өмірде оңбайды.
Бәрінен  де  сол  қайғы,  дейді  алып 
Мұқағали.
Міне, осылай көркемөнер өз қызметін, өз 
ағынымен жалғастыра береді. Біз оны дұрыс 
пайдалана  білсек,  үйлестіре  әсемдеп  ұрпақ 
бойына  сіңіре  білсек  болғаны.  Мәселен, 
ардақты  ақынымыз,  Дихан-баба  Әбіловтың 
сөзіне жазылған Е.Брусиловскийдің «Отан» 
деп  аталатын  әнін  аға  буын  арасында 
білмейтін жан кем де-кем. Ол:
   Отаным кең дала орманды,
  Болаттан соғылған қорғанды.
  Бақыттың, шаттықтың мекені; 
  Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды.
 Туған жер алтын тақ,
  Кең далам, таулы орман,
 Ұл мен қыз қорғаймыз
 Бақытты сені  – Отан,
 Сені- Отан!,  – [2] деп шырқалады,
Екпінді,  шалқыта  орындалатын  бұл  ән 
кез-келген адамның Отанға, туған елге деген 
ұлы мақтаныш сезімін оятады. Бұл ән негізі 
хорға  арналған.  Сол  хорға  іштей  қосылып 
тұрып  сезді  де.  Керемет  мақтаныш  сезімі 
баурап  алады.  Бір  құдіретті  тылсымның 
әсерімен  желпіне  түсесіз.  Дәл  сол  кезде 
Отан  үшін  ойланбай  отқа  түсіп  кетуге 
даяр  сезінесіз  өзіңізді.  Міне,  өнердің, 
орнықтырудағы ғажайып ролі.
Біз  сан  ғасырлар  бойы  бабалар  аңсаған, 
арман  еткен  мемлекеттікке  қол  жеткіздік. 
Тәуелсіз  ел  бодық.  Шекарамызды  қамтап, 
еуразия  кіндігінен  Елорда  салып,  жаңа 
тұрпатты,  жалынды  тәуелсіз  мемлекет 
құрдық. Өзіміз мақтанышпен айтып жүрген 
20 жылда, ғасыр жүгін көтерер алапат істер 
атқардық.  Бұл  нағыз    –  мақтаныш.  Міне, 
нағыз-патриотизм.
Бұл  жер  бетіндегі  қазақ  деген  ұлттың 
жалғыз  мемлекеті,  жалғыз    –  Отаны.  Сон-
дықтан  да  «қорғаймыз,  қолдаймыз  Отан-
ды»  деп  шырқағанымызда  жүрегіміз 
мақтаныштан жылап тұрады.
Осы қол жеткен тарихи бақытты баянды 
ету  үшін,  оған  деген  сүйіспеншілікті 
беки  түсу  үшін  ұрпақты  отансүйгіштікке, 
елжандылыққа,  ұлтжандылыққа  тоқтаусыз 
тәрбиелеп отыруымыз керек.
Ол  үшін  оны  орнатудың  ең  басты,  ең 
әсерлі тетігі өлең, музыка, би, жалпы бүкіл 
көркемөнерді бағыттауымыз ләзім.  
Жасыратыны  жоқ,  өзіміз  өтпелі  кезең 
атап  жүрген  мемлекеттілігіміздің  алғашқы 
жылдар кезеңінде бұл үрдіс ескерусіз қалды. 
Жоғарыда  біз  тілге  тиек  еткен  туындылар 
тәуелсіздіктен  бұрын  туған,  дегенмен 
сол  күнді  іштей  аңсаудан  туған  дүниелер. 
Әрине  мұны  ешкім  жоққа  шығарып,  дауда 
айта  алмайды.  Себебі:  кез-келген  қазір 
орындалып жүрген, елжандылыққа өлшеусіз 
қызмет  етіп  келе  жүрген,  елжандылыққа 
өлшеусіз  қызмет  етіп  келе  жатқан:  Е. 
Хасанғалиевтің:  «Жасыл  жайлау,  түкті 
кілем көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, 
көп  күлем,  -  деп  басталатын  әнін  іштей 
шырқап көріңіз, тіпті Қасым Аманжоловтың 
«Шықшы  тауға  қарашы  кең  далаға...»  деп 
басталатын  «Туған  жер»  әнінен  бастап 
аға  буын  ақын,  композиторлардың  әндері 
соған айғақ. Бұған ең бұлтартпас, мызғымас 
жауап,  Ж.Нажмединовтың  сөзіне  жазылған 
Ш.Қалдаяқовтың  «Менің  Қазақстаным» 
әнін Елбасымыз заман, уақыт талабына сай 
өз  қолымен  толықтырып,  Мемлекетіміздің 
«Гимні» етіп алуы.
Әрине,  біз  мұнымен  тәуелсіздік  алғалы 
көркем  өнерде  мұндай  туынды  мүлде  жаз-
ылмады  деуден  аулақпыз.  Жазылды.  Бір 
ғана  Президентіміз  Н.Назарбаевтың  сөзіне 
жазылған  А.Қоразбаевтың  «Сарыарқа» 

85
ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ
әні  неге  тұрады.  Сарыарқа    жер  екенсің 
-  деп  жүректі  тербеп,  тұла  бойыңды 
шымырлатады.  Көкірегімізді  Сарыарқа  тө-
сінде  ертегі  әлеміндегідей  жылдамдықпен 
бой  түзегел  ғажайып  Астанаға,  оның  бас 
бастамашысы,  бас  сәулетшісі  Елбасының 
жасампаздығына  замандастарымыздың  ер-
лігі, жігері көкірекке қуаныш ұялатады. Бұл 
әрине  атқарылған  іс,  жеңіс,  табыс  пен  ән 
әлемінің  шынайы  астасып,  нақты  суретке 
және жанды, әуезді көрініске айналуы.
Ия, ұлттық патриотизм осылай туындаса 
ғана  әсерлі  және  жалпыхалықтық  болмақ. 
Рас, бұл жағынан біздің өнер жасаушылардың 
әлі ұшан теңіз дер едік.  
Дәл осы тақырып біздің елде әлі де болса, 
кино,  театр,  ұлттық  музыка,  дәстүрлі  ән 
өнерінде  кемшік  түсіп  келеді.  Жалпы  кез-
келген  дүниені  салыстырмалы  түрде  алып 
қарау  өмірдің  өз  заңдылығы.  Бұл  тұрғыда 
біз  көбіне  байырғы  одақтасымыз  Ресейге 
қарайтынымыз бар.
Олай  болса  бұрынғы  одақ  тараған 
аласапыраннан  кейін  Ресей  осы  мәселе 
бойынша  тез,  ерте  есік  жиған  сияқты. 
Бәлкім, бұрыннан партиотизмің жетпіс жыл 
бойы қалыптасқан сара жолы болғандықтан 
ба,  олар  бұл  үрдісті  сәл  үзіп  барып  қайта 
қолға  алды.  Кейінгі  он  жыл  бедерінде 
түсірілген кинофильмдерінде, театрларында 
сахналанған қойылымдарында, классикалық 
өнерде  орыс  патриотизмі  асқақтай  түсті. 
Сіз  бен  біз  білетін  сол  баяғы  «орыс  халқы 
ұлы»,  «орыс  халқы  батыр»,  «орыс  халқы 
жеңімпаз»,  «жігіттері  жігерлі»,  «қыздары 
сұлу», «адамдары ақылды, мейрімді» деген 
сурет  қай  өнер  түрінде  де  қалың  бояумен 
берілетін болды.
Тіпті  жарнама  мәселесінде  де  біз 
ескермей, елемей жүрген аса күрделі мәселе 
бар. Ол Ресей газет - журналдарында жалпы 
баспа өнімдерінде жарнама арқылы өздерін 
жарнамалайды.  Кез-келген  басылымының 
бірінші  бетінен  бастап  аяғына  дейін  өз 
ұлтының  әдемі  қыздары  мен  көркем, 
сымбатты  жігіттерінің  суретін  береді. 
Қытайда, кәрісте, жапон да солай. Олардың 
ондағы ойы әлемде әдемілік бізде, тек біздің 
қыздар мен жігіттеріміз сұлу дегені. 
Осылайша  ел,  мемлекет  араларында  ай-
қайлап  айтылмайтын,  арнайы  жарияланған 
мәдениет  «соғысы»  үнсіз,  бүркеме  түрде 
жүріп жатады. Саясаткерлердің де «Америка 
қанша қарулы күштері жағынан зор, қуатты 
болғанымен  Қытай  мәдениеті  алдында 
құлайды» дейтіні де соны меңзесе керек.  
Ал  біз  бұл  орайда  не  атқардық,  не 
тындырдық? 
Әрине,  мүлдем  мақұрым  қалғанымыз 
жоқ. Жеке мемлекет болуыңызбен шынында 
да  өшкеніміз  жанды,  өлгеніміз  тірілді, 
өткенімізді іздедік. 
Бұрын «аға» ұлтқа жалтақтап атын атауға 
үрейіміз  ұшып  тұратын  арыстарымызды 
ардақтай  бастадық.  Қазақ  мемлекеті  деп 
ат  үстінде  күндері  өткен  хан  төрелерімізді, 
би  батырларымызды  іздедік,  түгендей 
бастадық. Міне, осы тұста да әлгі жоғарыда 
айтқан көзге көрінбейтін «жарнама» ұлттық 
патриотизмді,  еркектік  намысты  елеусіз 
қалдырдық.  Себеп?...  «Көшпенділерді» 
түс іріп,  қазақтың  алып  перзенті,  ұлт  ай-
быны  Абылайды  –  американдық  актерге 
ойнаттық. Қазақ деп, қарқара басын құрбан 
еткен  Мұстафа  Шоқайды  қырғыз  жігітіне 
ойнаттық.  Кезінде  қазақтың  маңдайына 
бітіп,  алашқа  рух  болған  Бауыржан 
Момышұлында  Бейшеналиев  деген  қырғыз 
жігітіне сомдатып едік. Ұлт деп жай отындай 
жарқылдаған жай оғы Тұрарымыздың әкесі 
Рысқұлды да Бақтығұл деп атап қырғыздың 
актері  С.Чоқморовқа  ойнатып  едік-ау. 
Міне,  мұнымен  біз  «біздің  ұлтта  ондай 
мықтыларды  ойнайтын  тұлғалы  жігіттер 
жоқ, өңшең мықырлар» деп тұрғанымыз жоқ 
па? Өзге қай ұлт осылай жасайды? 
Кеше  ғана  украина  сұрапыл  соғыста 
қазақстаннан  барып  отандарын  қорғасқан 
халық  қаһарманы  Қасым  Қайсенов  жайлы 
«Қасым»  деген  көп  сериялы  көркем  фильм 
түсірді.  Міне,  солар  Қасымның  рөлін 
өздерінің  бір  актеріне  ойната  салған  жоқ, 
қазаққа  ойнатты.  Іздеп  жүріп,  Астана 
қаласындағы  Қ.Қуанышбаев  атындағы 

86
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
академиялық  драма  театрының  актері 
Қуандық  Қыстықбаевты  тапты.  Бұл  кино. 
Лентаға түсіп қойды. Енді оны ешкім өзгерте 
алмайды.  Алайда,  осылар  әр  деңгейдегі 
мінберлерде  атылуы  керек.  Содан  соң, 
еңбастысы  бұл  әр  ұлтын  сүйетін,  отанын 
сүйетін  режиссердің,  киносценаристің, 
драматургтың,  композитордың,  суретшінің 
жалпы  өнер  тұдырушы  азаматтарымыздың 
жеке-жеке жүрек түкпірінде тұратын мәселе 
[3].
Ал музыка өнеріне келсек, әрине, әлемдік 
деңгейдегі 
классикалық 
туындыларды 
білуіміз  керек.  Солай  ете  тұра,  операда, 
оперетта  да  ұлттық  туындыларымызды 
сөйлетуіміз  қажет.  Ал,  біз  бұл  орайда  да 
көбіне  шет  елдің  өнеріне  бет  бұрамыз. 
Демек,  солардың  өнерін  насихаттадық. 
Олар  үшін  мемлекетімізден  қыруар  қаржы 
бөлдік. Бұл да ойланатын жұмыс. Қаржы да, 
қажыр  да  ұлт  өнеріне,  сол  арқылы  ұлттық 
патриотизмге қызмет етсе, нұр үстіне нұр!

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал