Бас редактор



жүктеу 12.81 Kb.

бет7/11
Дата09.01.2017
өлшемі12.81 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

білім беру жүйесінде жеке тұлғаға ұлттық 
тәрбие  берудің  Кешенді  бағдарламасы» 
деп аталды [17].
Қ.Бөлеев  пен  С.Бупетаеваның  құ-
рас тыруымен  шыққан  «Қазақ  халық 
педагогикасы    арқылы    мектеп  оқу-
шыларына  ұлттық  тәрбие»  атты  оқу-
әдістемелік  құралында  республикалық 
ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» 
журналы  беттерінде  1990-2012  жылдары 
мектеп  мұғалімдерінің  оқушыларға  пән 
сабақтарында,  сабақтан  және  мектептен 
тыс жұмыстарда қазақ халық педагогикасын 
пайдаланып,  оқушыларға  ұлттық  тәрбие 
беру  бойынша  озық  іс-тәжірибелерінің 
мазмұны берілген [18].
М.Е.Абикееваның  «Білімгерлерге  қа-
зақ  халқының  салт-дәстүрлері  арқылы 
ұлттық тәрбие беру» атты оқу құралының 
«Жеке  тұлғаға  қазақ  халқының  салт-
дәстүрлері  арқылы  ұлттық  тәрбие  берудің 
теориялық  негіздері»  атты  бөлімінде  қазақ 
ағартушы-педагогтарының  халықтық  салт-
дәстүрлер  арқылы  ұлттық  тәрбие  беру 
туралы ой-пікірлеріне, қазақ ғалымдарының 
халықтық  салт-дәстүрлер  туралы  зерттеу 
еңбектеріне  мазмұндық  талдау  жасалынған 
[19]. Екінші «Колледж білімгерлеріне қазақ 
халқының  салт-дәстүрлері  арқылы  ұлттық 
тәрбие  берудің  әдістемесі»  атты  бөлімінде 
қазақ  халық  салт-дәстүрлері  арқылы 
колледж  білімгерлеріне  ұлттық  тәрбие 
берудің педагогикалық шарттары, онда қазақ 
халқының  салт-дәстүрлері  арқылы  ұлттық 
тәрбие  берудің  жайы  және  оны  жақсарту 
жолдары  және  білімгерлерге  «Қазақ 
халқының  салт-дәстүрлері  -  ұлттық  тәрбие 
берудің  негізі»  атты  бағдарлама  бойынша 
ұлттық тәрбие беру мазмұны сипатталған.
С.Ғ.Тәжібаеваның  «Мектептің  тәр бие 
үрдісінде  оқушының  ұлттық  келбетін 

60
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қалыптастыру»  және  «Жоғары  оқу 
орындарында  ұлттық  тәрбие  жұмысын 
ұйымдастыру  әдістемесі»  атты  оқу-
әдістемелік құралдарында қазақ жастарының 
ұлттық  келбетін  қалыптастырудың  негізі  - 
халқымыздың  тарихи  жолылда  жинақтаған 
тәрбие-тәжірибесі 
мен 
педагогикалық 
ойлары  көрініс  беретін  салт-дәстүр, 
халық  творчествосының  түрлі  жанрлары, 
шаруашылық  кәсібі,  қоғамдық  өмірі, 
материалдық мәдениет ескерткіштері болуы 
қажеттілігі  көрсетіледі  [20,  21].  Сондай-
ақ,  құралдарда  жан-жақты  жарасымды 
дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі 
мол, ел қамын ойлайтын – азамат тәрбиелеу 
мақсатыңдағы  тәрбие  тұжырымдамасы 
мен  жоғары  оқу  орындарында  тәрбие 
жұмысын  ұйымдастырудың  түрлері  мен 
әдістері  ұсынылады.  Ұсынылып  отырған 
оқу-әдістемелік  құралда  Жоғары  оқу 
орындарында  ұлттық  тәрбие  жұмысын 
ұйымдастыру  технологиясының  әдістері 
мен тәсілдері берілген. 
Ж.Наурызбаевтың «Ұлттық мектептiң 
ұлы  мұраты»  атты  еңбегiнде  отандық 
педагогика  ғылымында  тұңғыш  рет 
оқушыларға 
мәдени-этникалық 
бiлiм 
беру  проблемасы  көтерiлген.  Кiрiспеде 
ұлттық  мектеп  жасау,  оның  белгiлерi  мен 
оған  қойылатын  талаптар,  онда  мәдени-
этникалық  бiлiм  беру  жүйесiн  жасаудың 
рөлiне  тоқталған  [22].  Мәдени-этникалық 
бiлiмнiң  iргетасы  негiзiнен  отбасында, 
әке  өнегесi,  шеше  тәрбиесiмен,  мектеп 
қабырғасында  қаланатыны  белгiлi.  Ал 
бүгiнгi  таңда  оқу-тәрбие  процесiнде, 
рухани-мәдени түлеуiмiзге, тарихи тазалану 
түсiнiгiмiзге, салт-дәстүрдi жаңғыртуымызға 
байланысты  басқан  қадамымызда  мәдени-
этникалық  бiлiм  берудiң  маңызы  ерекше. 
Сондықтан  еңбектiң  мақсаты  –  Қазақстан 
халықтарының  ұлттық-мәдениетiн,  рухани 
қазынасын,  адамгершiлiк  бастауларын 
қайта  түлетудi  нысана  еткен.  Кiтаптың 
ғылыми-практикалық  негiзi  –  «Қазақстан 
Республикасында  мәдени-этникалық  бiлiм 
беру  тұжырымдамасы».  Бұл  тұжырымдама 
оқу  орындарында  арнайы  талқыланып, 
баспадан жарық көргендігі, оған байланысты 
көптеген  ой-пiкiрлер  айтылып,  мақалалар 
жарияланғандығы айтылады.
Бірінші  тарауда  «Мәдени-этникалық 
бiлiм беру: педагогикалық теория» қоғамды 
өзгертетiн рухани ахуал, бiлiм беру саласында 
этникалық  мүдденi  жүзеге  асырудың 
жайы,  республиканың  ұлттық  құрамы, 
этникалық топтар арасындағы тiлдiк-мәдени 
айырмашылықтар,  бiлiм  беру  саласындағы 
халықтың  мәдени-этникалық  мүддесiн 
жүзеге асыру тұжырымдамасы болуын, бұл 
салада  отандық  зерттеулердiң  жоқтығын 
айта  келiп,  автор  шетел  ғалымдарының  әр 
түрлi  тұжырымдамаларына  шолу  бередi. 
Сонан  соң,  ол  өзiнiң  мәдени-этникалық 
тұжырымдамасының негiздерiн баяндайды.
Проблема – мәдени-этникалық бiлiм беру 
тұжырымдамасы керек, ал ол тұжырымдама 
қандай болу керек? Тұжырымдама, автордың 
пiкiрiнше, қазақ халқының мәдениетiн, тiлiн 
және дәстүрiн жаңғыртуға қөмектесуі керек, 
орыс тiлiнiң қазақ тiлiмен бiрдей қолданыс 
аясын  сақтау  және  балаларды  ұлтаралық 
қатынас  тiлiнде  оқытуға  және  мамандар 
даярлауға  мемлекеттiк  кепiлдiк  берілуi 
керек.
Мәдени-этникалық 
бiлiм 
берудiң 
стра тегиясы  өзара  өрiлген  екi  мақсаты: 
этникалық  тектестiктi  және  мемлекеттiк 
интеграцияны жүзеге асыруға бағытталады. 
Сонымен,  мәдени-этникалық  бiлiм  берудiң 
негiзгi  мiндеттерi  –  жан-жақты  мәдениеттi 
тұлғаны  тәрбиелеу  және  көптiлдi  тұлғаны 
қалыптастыру.  Қазақстанда  мәдени-этни-
калық  бiлiм  жүйесiн  қалыптастыруға  қа-
жеттi  алғышарттар  –  бұл  үшiн  қолайлы 
жағдай жасау, яғни мәдени этникалық бiлiм 
кеңiстiгiн құру болып табылады. Ал мәдени-
этникалық  бiлiм  беру  кеңiстiгi  –  отбасы, 
ана  тәрбиесi,  мектепке  дейiнгi  балалар 
мекемесi, мектеп, жоғары оқу орны, ұлттық 
мәдени орталықтар, үйiрмелер мен курстар. 
Сонан соң автор мәдени-этникалық бiлiмнiң 
мазмұндық  мағынадағы  құрылымын  ұс-
ынады да, оған жеке-жеке түсiнiк бередi.

61
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Екінші  тарауда  «Мәдени-этникалық 
бiлiм  беру:  педагогикалық  тәжiрибе» 
қазiргi  отбасындағы  тәрбиенiң  жайы  мен 
кемшiлiктерi,  балабақшалардағы  тәрбие, 
отбасылық  балабақшалар  туралы  және 
балабақшалардағы 
мамандар, 
оларды 
даярлау  мәселесi  нақты  iс-тәжiрибелер 
арқылы  баяндалған.  Тарауда  тәрбие  басы 
–  тiл,  ана  тiлi,  ұлттық  тiл,  елiмiздегi  тiл 
ахуалы,  оны  жөндеу,  ол  үшiн  мемлекеттiк 
тiл  саясатының  негiзгi  принциптерi, 
ұлттық  тәлiм-тәрбие,  оның  қазiргi  жайы, 
жақсарту  жолдары,  оған  мектептер  мен 
жоғары  оқу  орындарында  жинақталған  оң 
тәжiрибелерге  шолу  жасалынып,  оларға 
талдау жасалынған, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң 
ғылыми-әдiстемелiк  негiзiнде  –  халықтық 
педагогиканы  кеңiнен  пайдаланып  жатқан 
әр  түрлi  оқу  орындарындағы  озық  iс-
тәжiрибелер жинақталып, қорытылған.
Үшінші  тарауда  «Мәдени-этникалық 
бiлiм  беру:  өмiрге  ендiру  механизмi» 
қарастырылған,  ондағы  мәдени-этникалық 
бiлiм  берудi  өмiрге  ендiру  үшiн  заңдарды 
жетiлдiру, 
ұйымдастыру, 
үйлестiру, 
бақылау,  қаржыландыру  мен  материалдық-
техникалық  жағынан  қамтамасыз  ету, 
кадрлар даярлау, ана тiлiнде төл оқулықтар 
шығару,  тiл  қуатын  арттыру  және  тiл 
мәдениетiн  көтеру,  басқа  ұлттардың  тiлiн 
дамыту шаралары нағыз көкейкестi шаралар 
болып табылады.
Сонымен, аталмыш еңбекте қазiргi ең бiр 
көкейкестi  проблема  –  жас  ұрпаққа  ұлттық 
тәлiм-тәрбие  берудi  мақсат  еткен,  өйткенi 
онда  мәдени-этникалық  бiлiм  берудiң 
теориялық,  тәжiрибелiк  және  өмiрлiк 
мәселелерiн  шешуге  бағыт-бағдар  берерлiк 
ғылыми  дәйектi  тұжырымдамалар  мен  iс-
шаралар ұсынылған.
К.Ж.Төребаеваның  «Ұлттық  тәрбие 
негіздері» 
атты 
монографиясында 
жаһандану  жағдайында  ұлттық  тәрбие 
берудің  теориялық-әдіснамалық  негіздері 
айқындалған, жаһандану жағдайында ұлттық 
тәрбие берудің тиімділігінің студенттік жас 
кезінің  психологиялық  ерекшеліктерімен 
байланыстылығы  дәлелденген,  ұлттық 
тәрбие 
берудің 
мақсаты, 
мазмұны, 
формалары  мен  әдістері  анықталған, 
ұлттық 
тәрбиенің 
тұжырымдамалық 
қағидалары, 
құрылымдық-мазмұндық 
моделі  жасалынған,  ұлттық  тәрбие  беруде 
ұсынылған  оқу-әдістемелік  кешені  және 
тәрбие  жұмыстары  жүйесінің  тиімділігін 
тәжірибелік-эксперимент 
барысында 
сынықтан  өткізудің  нәтижелері  берілген 
[23].
Қ.Бөлеев  пен  Л.Бөлееваның  «Мұғалім 
және ұлттық тәрбие» оқу құралында жалпы 
білім  беретін  орта  мектеп  мұғалімдерін 
этнопедагогикалық  дайындаудың  мазмұны, 
формалары мен әдістері қарастырылған [24]. 
Бірінші  тарауда  «Қазақ  мектептері 
мұғалімдерінің  оқушыларға  ұлттық  тәрбие 
беруге  даярлығының  жайы»  деп  аталып, 
онда  қазақтың  ұлттық  мектебін  жасау 
қажеттілігі,  оқушыларға  ұлттық  тәрбие 
берудің  жайы  және  республиканың  қазақ 
мектептері  мұғалімдерін  ұлттық  тәрбиеге 
даярлаудың  жайы  және  оны  жақсарту 
жолдары көрсетілген.
Екінші  «Қазақ  мектептері  мұғалімдерін 
оқушыларға 
ұлттық 
тәрбие 
беруге 
дайындаудың  әдістемесі»  атты  тарауда 
мұғалімдерді арнайы «Ұлттық тәлім-тәрбие» 
бағдарламасы  бойынша  дайындау,  олардың 
этнопедагогикалық  білімдері  деңгейлерін 
анықтау, мұғалімдердің оқушыларға ұлттық 
тәрбие  беру  бойынша  іс-тәжірибелерін 
жинақтау, қорыту және тарату мен олардың 
іс-тәжірибелері баяндалған.
Қ.Бөлеевтің  «Болашақ  мұғалімдерді 
оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  кәсіби 
дайындау»  атты  монографиясы  кіріспеден, 
төрт  бөлімнен,  қорытынды  мен  әдебиеттер 
тізімінен тұрады [25].
Монографияның бірінші бөлімі «Болашақ 
мұғалімдерді  оқушыларға  ұлтық  тәрбие 
беруге  кәсіби  дайындаудың  теориялық 
негіздері» деп аталып, онда қазақ ағартушы-
педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие 
беру  және  оған  болашақ  мұғалімдерді 
дайындау  туралы  ой-пікірлері,  қазақ 

62
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ғалым-педагогтарының  этнопедагогикалық 
еңбектеріне  мазмұндық  талдау  және 
болашақ  мұғалімдерді  оқушыларға  ұлттық 
тәрбие  беруге  дайындау  тұжырымдамасы 
жасалынған; екінші бөлім «Қазақ мектептері 
мұғалімдері  мен  болашақ  мұғалімдердің 
оқушыларға 
ұлттық 
тәрбие 
беруге 
даярлықтарының  жайлары  және  оларды 
жақсарту жолдары» деп аталып, онда қазақ 
мектептерінде ұлттық тәрбие берудің жайы, 
жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің 
ұлттық  тәрбие  беруге  даярлық  жайы  және 
оны  жақсарту  жолдары,  педагог  мамандар 
даярлайтын  жоғары  оқу  орындарында 
болашақ  мұғалімдерді  ұлттық  тәрбие 
беруге  дайындау  барысы  мазмұндалған; 
үшінші «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға 
ұлттық  тәрбие  беруге  кәсіби  дайындаудың 
мазмұны,  формалары  және  әдістері»  атты 
бөлімінде 
«Қазақ 
этнопедагогикасы» 
бағдарламасы 
бойынша 
болашақ 
мұғалімдерді  ұлттық  тәрбие  беруге 
дайындау,  «Қазақ  этнопедагогикасының 
тарихы» 
бағдарламасы 
бойынша 
болашақ  мұғалімдерді  ұлттық  тәрбие 
беруге  дайындау,  болашақ  мұғалімдерді 
ұлттық  тәрбие  беруге  дайындауда  қазақ 
этнопедагогикасы  мен  оның  тарихынан 
арнайы  курстар  мен  семинарлардың  және 
факультативтердің  рөлдері  көрсетілген; 
төртінші 
«Болашақ 
мұғалімдердің 
оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  кәсіби 
даярлықтарының 
көрсеткіштері» 
атты 
бөлімінде  қазақ  этнопедагогикасынан  және 
оның  тарихынан  болашақ  мұғалімдердің 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстары, 
болашақ 
мұғалімдердің  педагогикалық  практика 
кезінде  ұлттық  тәрбие  беру  бойынша 
жұмыстары, болашақ мұғалімдердің ұлттық 
тәрбие  беруге  даярлық  көрсеткіштерін 
анықтау  нәтижелері,  болашақ  мұғалімдерді 
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау 
тиімділігін  арттырудың  математикалық-
статистикалық бағасы анықталған.
Сонымен,  Қазақстанның  білім  беру 
жүйесінде  оқыту  үрдісінің  тәрбиелік 
құрамдасын  күшейту  арқылы  жеке  тұлғаға 
ұлттық  тәрбие  беру  және  оған  мектеп 
мұғалімдері  мен  болашақ  мұғалімдерді 
дайындау  проблемалары  бойынша  ғылыми 
зерттеулер жүргізілуде екен.
Әдебиеттер 
1  Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуның басты 
бағыты // Егемен Қазақстан, 28 қаңтар 2012 жыл.
2  Ұлттық тәрбие. Типтік оқу бағдарламасы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. 
– 18 б.
3  Толеубекова Р.К., Хайруллин Г.Т., Бейсенбаева А.А., Қайдарова А.Д. Народная 
педагогика и национальное воспитание. Учебное пособие. – Алматы: Әрекет-Принт, 2010. 
– 67 с.
4  Төлеубекова Р.К., Бейсенбаева А.А., Джанабаева Р.А. және т.б. «Ұлттық тәрбие 
негіздері. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰПУ, 2010. – 91 б.
5  Пірәлиев С.Ж., Нуриев М.А., Сейсенбаева Ж.А., Оразымбетқызы Ә. Ұлттық тәрбие 
(салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде). Оқу құралы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. 
– 164 б. 
6  Пірәлиев С.Ж., Нәрібаев К.Н., Төлеубекова Р.К., Бейсенбаева А.А., Ғаббасов С.Б., 
Атемова Қ.Т., Қоңырбаева С.Ж. Отбасындағы ұрпақ тәрбиесі. Әдістемелік көмекші құрал. 
– Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. – 162 б.
7  Ұлттық тәрбие (салауатты өмір салтын қалыптастыру) / Құрастырушылар: Пралиев 
С.Ж., Нәрібаев К.Н., Төлеубекова Р.К., Шолпанқұлова Г.К., Махметова Б.Т., Берикханова 
А.Е., Нұрғалиева Д.Ә. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. – 208 б.

63
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
8  Ұлттық тәрбие (ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері) / Құрастыру шылар: 
С.Ж.Пралиев, М.А.Нуриев, А.Н.Якупова, Ж.А.Сейсенбаева, Қ.Ж.Аганина. – Алматы: 
Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. – 224 б.
9  Пірәлиев С.Ж., Керімов Л.К., Нәрібаев К.Н., Молдабеков Ж.Ж., Әбдіғапбарова 
Ұ.М., Нұркеева С.С. Ұлттық тәрбиенің патриоттық мазмұны. Оқу-құралы. - Алматы: Абай 
атындағы ҚазҰПУ, 2011. – 542 б. 
10  Сманов Б., Боранбай Ж. Ұлттық тәрбие және дін мәселесі. Оқу құралы. – Алматы: 
Ақ Толған-Ай, 2011. – 200 б.
11  Табылды Ә. Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. 
– 350 б.
12  Сейсенбаева Ж.А. Ұлттық тәрбиенің ғылыми негізі. Монография. - Алматы: Абай 
атындағы ҚазҰПУ, 2011. – 158 б. 
13  Төребаева К.Ж. Ұлттық тәрбие негіздері. Монография. – Ақтөбе, 2008. – 256 б.
14  Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. 
Монография. – Алматы: РБК, 1998. – 130 б.
15  Сейсенбердиева А. Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру. Оқу-әдістемелік 
құрал. – Алматы, 2004. – 40 б. 
16  Бөлеев Қ., Оразова Ә. Педагогикалық мерзімді баспасөз және оқу шыларға ұлттық 
тәрбие беру. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Нұрлы әлем, 2008. - 154 б.
17  Бөлеев Қ. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жеке тұлғаға ұлттық 
тәрбие берудің Кешенді бағдарламасы. – Тараз: ТарМПИ, 2011. – 84 б.
18  Қазақ халық педагогикасы арқылы мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие / Құраст.: 
Қ.Бөлеев, С.Бупетаева. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2012. – 204 б.
19  Абикеева М.Е. Білімгерлерге қазақ халқының салт-дәстүрлері ар қылы ұлттық 
тәрбие беру. Оқу құралы. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2010. – 240 б.
20  Тәжібаева С. Мектептің тәрбие үрдісінде оқушының ұлттық кел бетін қалыптасуы. 
Оқу құралы. - Алматы, 2010. - 214 б.
21  Тәжібаева С.Ғ. Жоғары оқу орындарында ұлттық тәрбие жұмы сын ұйымдастыру 
әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: ҚазҚызМемПУ, 2010. – 223 б.
22  Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. Монография. – Алматы: Ана тілі
1995. – 192 б.
23  Төребаева К.Ж. Ұлттық тәрбие негіздері. Монография. – Ақтөбе, 2008. – 256 б.
24  Бөлеев Қ., Бөлеева Л. Мұғалім және ұлттық тәрбие. Оқу құралы. - – Алматы: Нұрлы 
Әлем, 2004. – 304 б.
25  Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби 
дауындау: теориясы және практикасы. Монография. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. – 304 б.

64
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 37.015.311:81
Ф.Ш.Оразбаева
 п.ғ.д., профессор,
ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҮШТІЛДІ МАМАН 
ДАЙЫНДАУДЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бұл мақалада интеллектуалды тұлға қалыптастыруда үштілді маман дайындаудың басты 
мәселелері ашылған.
Түйінді  сөздер:  интеллект,  тұлға,  болмыс,  маман,  интеллектуалдық  әлеует,  тіл 
мәдениеті.
В  этой  статье  рассматривались  вопросы  формирования  интеллектуального  развития 
личности с помощью подготовки специалиста на трех языках.
Ключевые  слова:  интеллект,  личность,  натура,  специалист,  интеллектуальная 
потенция, культура языка.
In this article questions of formation of intellectual development of the personality by means of 
preparation of the expert in three languages were considered.
Keywords: intellect, personality, nature, specialist, intellectual potency, culture of language.
Бүгінгі  педагогика,  психология,  әлеу-
меттану, философия, мәдениеттану және т.б. 
ғылымдардың даму бағыты мен жаңашылдық 
сипатын  айқындайтын  жаңа  бағыттағы 
зерттеулерде  интеллектуалдық  тұлға  әлеу-
етінің  мәнін  ашу,  оны  қалыптастырудың 
тиімді  жолдарын  іздестіру  ұлттық  ерек-
шеліктермен,  ұлттық  ділмен  сабақтаса 
келіп, қазіргі дәуірдің әлеуметтік-қоғамдық, 
ғылыми-техникалық 
мүмкіндіктерімен 
бір лікте  қарастырыла  бастады.  Бұл  әр-
түрлі  ғылым  салаларында  пайда  болған 
тың  ұғымдық  категориялардың  қорын 
қалыптастыруға  назар  аударды.  Олардың 
ішкі  бірлігі  мен  өзара  үйлесімі  мәселені 
әлеуметтік-философиялық,  педагогикалық-
психологиялық  тұрғыдан  жан-жақты  ашуға 
мүмкіндік береді.
Әлбетте  тұлғаның  дамуын  өзінің  басты 
нысаны  етіп  алатын  педагогика  ғылымына 
қатысты  еңбектерде  білім  алушының 
ақыл-ой  қабілетін  дамыту  мен  тәрбие 
беру  мәселелері  түрлі  нүктелерде  тоғыса 
қарастырылып  келе  жатқаны  белгілі.  Олай 
болса,  білім  мен  тәрбиенің  бірлігінен 
құрылатын  оқыту  үрдісінде  бұл  жайттың 
іргетасы  ғасырлар  бойы  бекіп,  орныққаны 
аян.  Бүгінгі  күн  талабы  сол  дәстүрлі  жүйе 
мен жаңа талаптардың тоғысынан ғаламдану 
дәуірінде  бәсекеге  қабілетті  тұлғаның 
қалыптасуына  тудырылатын  жағдайларды 
екшеп,  олардың  интеллектуалдық  қасиетін 
шыңдаудағы  басты  мәселелерді  айқындап 
беруді қажет етіп отыр.
Осыған  байланысты  қазіргі  білім  жүйе-
сінде интеллектуалдық тұлға қалыптастыру-
да іске асырылатын педагогикалық үдерістің 
басты  ұстанымдарын  айқындап,  үштілді 
ма ман  дайындауға  қатысты  методология-
лық негіздерді зерттеу бүгінгі күн тәртібіне  

65
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
қойылып отыр. Ол үшін «интеллектуалдық», 
«интеллект», «интеллектуалдық әлеует» се-
кілді  тірек  ұғымдарды  талдап  алу  қажет. 
Сөздіктерде  бұл  терминдерге  төмендегідей 
түсініктеме берілген:
Интеллектуалдық  тұлға  қалыптастыру 
мә  селесін зерттеп жүрген ғалымдардың пай-
ымдауынша,  «тұлғаның  интеллектуалдық 
әлеуетінің  қалыптасуы  дегеніміз  –  сол  ад-
амның өзі өкілі болып саналатын халықтың 
мәдениетіне бойлау, өзі өмір сүріп отырған 
дәуірдің ағымына бейімделе алу үдерісі».
Ғалымдар  интеллектуалды  әлеуетті  «қо-
ғамның  интеллектуалдық-шығар машы лық 
жемісі болып табылатын ғылым мен білімнің 
тоғысуынан туындаған адами материалдық, 
қаржылық  ресурстардың  бірлігі»  деп  са-
найды.  Бірақ  «интеллектуалдық  әлеует 
арнайы  мамандырылған  білімсіз  адамның 
жоғары  деңгейге  жетуіне  мүмкіндік  бер-
мейтінін» айтады.
Ғалым А.С.Сәрсеновтың пайымдауынша, 
«интеллектуалдық  әлеует  -  қоғамдағы  сұр-
аныс  үдерісінен  шығуға  даяр  әлеуметтік 
субьектінің  уақыт  пен  орта  алға  тартқан 
міндеттерден,  қиыншылықтардан,  ұсыныс 
пен қажеттіліктен, бұрын беймәлім талаптан 
тұтастай  болмаса  да  негізінен  биік  тұрып, 
ілгерілеу  динамикасы  мен  заңдылығына 
кіріге, бейімделе алу, соны ел мүддесіне, өз 
мүддесіне жегу арқылы бойындағы қабілеті 
мен мүмкіндігін ашу өресі».
Түйіндей  келгенде,  интеллектуалдық 
әлеует – субьектінің саналы ойлау қабілетін 
ғылым мен білімді игеру арқылы жетілдіруі, 
соның  нәтижесінде  пайда  болған  қабілеті 
мен мүмкіндігін өзінің, ұлтының, Отанының 
мүддесіне  жарата  алуы.  Сондықтан 
интеллектуалдық  әлеуетті  үнемі  жетілдіріп 
отыру  қажеттігі  дау  тудырмайды.  Өйткені 
«ұлттар,  тауарлармен  және  қызметтермен 
ғана  бәсекелеспейді  –  олар  қоғамдық  құб-
ылыстар жүйесі мен білім беру жүйелерімен 
де  бәсекелеседі.  Осы  заманғы  экономикада 
салмақ 
материалдық 
тауарлар 
мен 
қызметтерге  қарағанда,  интеллектуалдық 
әлеуетке көбірек түсіріледі.
Ұлттың  осы  заманғы  тиімді  білім  беру 
жүйесі,  елдің  интеллектуалдық  қоры, 
оның  бәсекеге  қабілеттілігі  аса  маңызды 
болуда».  Ал  қоғамдық  құндылықтың  іш-
індегі  аса  маңызды  мәселе  –  білімнің  кіл-
ті,  өміртанымның  негізі  ана  тілін  тер-
ең  меңгерту.  Олай  болса,  үштілді  еркін 
меңгерген  маман  дайындау,  көптілді  тұлға 
қалыптастыру  ана  тілінің  орнын,  маңызын 
дұрыс  түсіндіруді  талап  етеді.  Болашақ 
маманның  интеллектуалдық  деңгейі  мен 
бәсекеге қабілеттілігінің басты өлшемі оның 
ана тілінің орны мен маңызын, доминанттық 
рөлін  жете  түсінуін,  ал  ресми  тіл  ретінде 
орыс  тілінің,  әлемдік  тіл  дәрежесінде 
ағылшын  тілінің  өз  өміріндегі,  келешек 
ұрпақ  тәрбиесіндегі  мәнін  дұрыс  бағамдай 
алуына байланысты. 
Гносеологиялық,  аксиологиялық,  гуман-
истік  аспектілер  тұрғысынан  қарастырған-
да  мәдениет  –  адамның  рухани  дамуы  мен 
шығармашылық  қабілеттерінің  қайнар 
бұ лағы.  Сол  себепті  руханилық  пен  шы-
ғармашылық  интеллектуалдық  тұлғаның 
басты  көрсеткіші  болса,  оны  ұлттық 
құндылықтардан:  ана  тілінен,  ұлттық  са-
на  мен  ділден,  ұлттық  болмыстан  бөліп 
қарастыру мүмкін емес.
Әрі  танымның  негізі,  әрі  қоғамның  да, 
жеке  тұлғаның  да  мәдениетінің  өлшемі 
болып  табылатын,  әрі  рухани  дамудың 
бірден-бір тетігі саналатын тіл – бүкіл құн-
дылықтың  бастау  көзі;  олай  болса,  тілді 
сақтау – елдікті сақтау, тілді сақтау – ұлтты 
сақтау деген ұғыммен барабар.
Міне,  осы  айтылған  тұжырымдардың 
барлығы  төл  мәдениеттің  атқаратын  рө-
ліне  басымдылық  берудің  қажеттілігін 
көрсетеді.  Өйткені  «адами  ресурс»,  «терең 
ойлау»,  «парасат»  және  т.б.  ұғымдардың 
тоғысында  адамның  белгілі  бір  ұлттық 
мүддеге  қызмет  ету  жауапкершілігі  жа-
тады.  Ұлттық  даралығын  сақтай  отырып, 
жалпыадамзаттық құндылықтардың ешбірін 
жатсынбайтын,  жаңашылдықа  құмар,  еркін 
де ерікті ел ғана тарих сахнасында өз орнын 
еншілемек. 

66
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Бүгінгі  ғаламдану  үдерісінде  ұлттық 
құндылықтарды  сақтау  мен  өзінің  бет- 
бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы 
күрес  ұлттық  сананы  сақтау  күресі  екенін 
түсіну қиын емес. Ал мұның бәрі мәдениет, 
таным, тіл деген ең негізгі құндылықтардың 
беріктігіне келіп тіреледі.
Әлбетте,  бұл  үшеуі  –  халықтың  рухани 
дамуының  түп  қазығы,  тірегі.  Олай  болса, 
осы үштаған сақталған жағдайда ғана, оны 
барлық кері ықпалдарға төтеп бере алатындай 
деңгейге  жеткізу  ғана  халықтың  және  сол 
халықты  құрайтын  әрбір  қоғам    мүшесінің 
интеллектуалдық  деңгейін  арттырады,  әрі 
оның болашақ тағдырын оң шешеді. Ендеше, 
білім беру саласындағы барлық өзгерістердің 
өзегіне  осы  тұрғыда  келу  заңды.  Түйіндей 
келгенде, жаңа дәуірдің талабына жауап бере 
алатын  интеллектуалды  маман  дегеніміз 
–  өзінің  ана  тілін  ұлт  болашағының  кепілі 
деп  санайтын,  тілдің  құндылықтық  мәнін 
жас ұрпаққа сіңіруді кәсіби мұрат тұтатын, 
олардың рухани әлеуетін арттыруға мүдделі, 
жаңашыл әрі бәсекеге қабілетті тұлға болып 
саналады.  Болашақ  маманның  осындай 
дәрежеде  қалыптасуы  педагог  мамандарды 
даярлау  жүйесінде  түбегейлі  бетбұрыстар 
жасауды қажет етеді.
Үш  тілді  меңгерген  маман  даярлау 
үдерісін  жүзеге  асыру  интеллектуалдық 
тұлға  қалыптастыруға  негіз  етіп  алатын 
басты бағыттарды анықтауды қалайды. Осы 
тұрғыдан келгенде үштілді интеллектуалды 
тұлға  дайындауда  басшылыққа  алынатын 
негізгі мәселелер мыналар:
Тіл мен танымды үйлесімде меңгерту;
Тілді пікірлесу, түсіну, яғни тілдік қатынас 
құралы ретінде меңгерту.
Тіл  мен  танымды  үйлесімде  меңгерту, 
үштілді  тұлға  қалыптастыру  когнитивтік, 
яғни танымдық теорияға негізделеді.
Тілді  білу  –  сол  тілде  сөйлейтін  елдің 
болмысын,  тарихын,  өзіндік  ерекшеліктер-
ін,  психологиялық  жай-күйін,  тұрмыс-
тіршілігін,  өмір  сүру  тынысын  т.б.  танып 
білу  деген  сөз.  Белгілі  бір  ұлттың,  елдің 
сыртқы-ішкі табиғатын  
зерделеп  білу 
ар қылы біз сол елдің тілін де тез әрі терең 
меңгереміз.  Тіл  –  әр  елдің  ой-болмысының 
айнасы.  Сөз  –  сол  ойдың,  пайымның, 
өмірдегі барлық құбылыстарды сана арқылы 
қабылдаудың  көрсеткіші.  Бұл  мәселе  тіл 
ғылымында  лингвокогнитивтік  аспект  деп 
аталып,  танымдық  теорияның  қағидасына 
сүйенеді.
Үш  тілді  меңгертудің  лингвокогнитив-
тік  аспектісі  әр  тілдің  өзіне  тән  танымдық 
ерекшелігін  зерттеуден  көрініс  табады.  Әр 
халықтың басынан өткен ұзақ тарихи дәуірі 
олардың  шаруашылығы  мен  тұрмысын, 
әдет-ғұрпын қалыптастырады. Нәтижесінде 
әр  халықтың  өзіне  тән,  басқаларға  тең 
келмейтін  мәдениеті  орнығады.  Осыған 
орай,  олардың  тілінде  ұлттың  мәдени-
танымдық  ерекшелігін  көрсететін  тілдік 
фактілер  өмір  сүреді.  Мәселен,  қазақ 
тіліндегі мал атауларына байланысты құнан, 
дөнен,  байтал,  мәстек,  баспақ,  қашар, 
тайөгіз,  саулық,  қошқар,  нар,  інген,  атан 
т.б.  сияқты  сөздер  орыс  тілінде  немесе 
ағылшын  тілінде  жоқ.  Сол  сияқты    құрт, 
ірімшік, жент, сөк т.б тәрізді тағам атаулары 
немесе  бөле,  жиен,  жиеншар,шөбере 
сияқты туыстық атаулар тек қазақ тіліне тән. 
Филлиппиндегі  Хануну  халқында  күріш 
түрлерінің  шамамен  тоқсан  екі  атауы  бар 
екені белгілі. Осындай әр халықтың тұрмыс-
тіршілігіне  сай  қалыптасқан  атаулар  сол 
халықтың  мәдени-танымдық  ерекшелігін 
анықтауға арқау болады. Демек, әр халықтың 
дүниені қабылдау тәсілі немесе өмір, ғалам 
туралы  ой-пайымы  тілден  көрініс  табады. 
Осыған орай, лингвистикалық детерменизм 
заңдылығы  бойынша  ойдың  тілге  әсерін 
қарастыратын  жүйе  дамып  отырады. 
Мысалы, қазақта ақ түс жылылық, жақсылық 
ұғымымен  ассосациаланады.  Нәтижесінде 
ақ  ниет  -  ниеті  оң,  жақсы;  ақ  бата  -  жылы 
тілек,  жақсы  ниет;  ақ  жүрек  –  көңілі  таза, 
жақсы  ниетті  адам  т.б.  сияқты  тілдік 
қолданыстар  қалыптасқан.  Осындай  тілдік 
фактілер  әрбір  тілдің  танымдық  астарынан 
кеңінен табылады. Үш тілді үйрету үшін әр 
тілдің өзіне тән лингвокогнитивтік сипатын 

67
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жүйелі  түрде  зерделеп,  этнотанымдық 
тұрғыда  талдау  жасау  арқылы  тілді  сапалы 
меңгертеміз.
Тілді  пікірлесу,  түсіну,  қарым-қаты-
нас  құралы  ретінде  меңгерту  үштілді 
интеллектуалды  тұлға  тәрбиелеуде,  негізі-
нен,  тілді  коммуникативтік  тұрғыдан 
үйретудің әдістемелік негіздерін басшылық-
қа  алғанда  нәтижелі  болады.  Тілді  қарым-
қатынас  құралы  ретінде  меңгерту  ғылымда 
лингвокоммуникативтік  теориялар  мен  қа-
ты сымдық әдіснамаларды негізге алады.
Үштілді  меңгерудің  лингвоком му ника-
тивтік  аспектісі  тілдік  қатынасқа  түсу-
шілердің  қарым-қатынас  жағдайына  бай-
ланысты  тілді  қолдану  принциптерін  бас-
шылыққа  алады.  Дәлірек  айтқанда,  тілдік 
қатынас  өтетін  жағдайға  байланысты 
адресант  пен  адресаттың  тіл  бірліктерін 
нормаға  сай  қолдануын  талап  етеді.  Бұл 
жағдайда  тілдік  қатынасқа  түсушілердің 
әлеуметтік мәртебесіне, қызмет жағдайына, 
мамандығына,  ұлтына,  дініне,  жасына, 
жынысына,  мінезіне,  т.б.  сияқты  өзіндік 
ер ек шеліктеріне  баса  назар  аударылады. 
Сонымен қатар, тілдік қарым-қатынас өтетін 
орынның  да  (отбасы,  жұмыс  орны,  сабақ, 
той, мереке, жиын, конференция, симпозиум 
т.б.)  бұл  мәселені  шешуде  алатын  орны 
ерекше.
Кез  келген  қарым-қатынас  процесінің 
бастапқы кезеңі, негізгі кезеңі және аяқ талу 
кезеңі  болады.  Осыған  байланысты  ком-
муниканттар  тілдік  бірліктерді  қай  кезең де 
қалай қолдану жайын білгені ұтымды.
Қарым-қатынас процесінің бастапқы кез-
еңіне  амандасу  жатады.  Коммуниканттар 
қай әлеуметтік топ өкілі болса, соған қарай 
амандасудың  да  өзіндік  ерекшеліктері  бар. 
Осыған  байланысты  қарым-қатынас  про-
цесінің  бастапқы  кезеңіне  жататын  тілдік 
қолданыстарды  өз  ішінде  бірнеше  топқа 
жіктеген жөн. (қызмет бабындағы амандасуға 
тән  тілдік  қолданыстар,  достар  арсындағы 
амандасуға  тән  тілдік  қолданыстар, 
туыстар  арасындағы  амандасуға  тән  тілдік 
қолданыстар, т.б.)
Қарым-қатынас  процесінің  негізгі  кез-
еңіне  жататын  тілдік  қолданыстар  си-
туацияға,  оқиғаға  байланысты  туындайды. 
Олар  айтушының  ойын,  тыңдаушының  ре-
ак циясын,  сұрақ,  жауап  репликаларын  т.б. 
тудыратын  жағдайдан  көрініс  табады.  Бұл 
кезеңде  осыған  сай  тілдік  қолданыстарды 
игеру мақсат етіледі.
Қарым-қатынас  процесінің  аяқталу  кез-
еңіне  қоштасу,  шығарып  салуға  қатысты 
тілдік қолданыстар жатады. Тілдік бірліктерді 
қарым-қатынас  процесінің  кезеңіне  қарай 
жіктеп,  сөйлеуші  мен  тыңдаушының  оған 
қатынасы  тұрғысында  үйретудің  үш  тілді 
меңгертуде маңызы зор. 
Қарым-қатынастың  өту  жағдайы  мен 
сипатына  және  коммуниканттардың  өзара 
байланысына  қарай  ресми  және  бейресми 
қатынас  түрлері  болады.  Ресми  қатынас 
түрлерін  де,  бейресми  қатынас  түрлерін  де 
өз  ішінде  кезеңдерге  бөліп,    ондағы  қол-
данылатын  тілдік  бірліктерді  саралаған 
дұрыс. 
Әр  тілдің  материалдық  формасын  жете 
меңгеріп,  олардың  қолданыс  аясындағы 
қызметін зерделей алған кезде, сол тіл арқылы 
тілдік  қатынас  жасау  мүмкіндіктеріне  ие 
боламыз.  Тілдік  қатынас  жасау  арқылы 
адамзат  бір-біріне  хабар  береді,  өзара 
ақпарат  алмасады.  Онда  әрбір  тілдік 
элемент  қызмет  атқарады.  Тіл  үйренуші 
тілдік  элементтердің  қолданыс  аясы  мен 
ақпарат  берудегі  қызметін  білуі  тиіс.  Үш 
тілді  меңгеру  үшін  әр  тілдің  материалдық 
формасын, тілдік элементтерін, құрылымдық 
жүйесін анықтай отырып, олардың ақпарат 
берудегі  қызметін  саралау  қажет.  Тілдің 
ақпараттық  қызметі  іске  қосылған  кезде 
сөйлеу процесі толық жүзеге асады. Сөйлеу 
процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір 
айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе 
жазбаша  айту,  2-3  адам  қатысқан  диалог 
түрінде  сөйлесу,  көпшілік  алдына  шығып 
сөйлеу,  тыңдаушының  білім  дәрежесі, 
жасын  ескеру,т.б.)  сай  түрліше  құралады. 
Сондықтан да сөйлеудің әр коммуникативтік 
жағдайға  сай  ыңғайланған  стилі  болады. 

68
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Мұнымен  бірге  сөйлеу  үстінде  әр  кісінің 
өзіне  ғана  тән  сөз  жұмсауы,  сөз  тіркесі, 
сөйлем  құрау  ерекшеліктері  аңғарылады. 
Бұл  баяншының  өз  ойын  дәл,  әсерлі  етіп 
мәнерлеп айту талабынан туады. 
Сөйлеу  процесі  тілдік  әрекет  арқылы 
жүзеге  асады.  Бұл  туралы  Б.Қалиұлы: 
«Психологтар  тілімен  айтқанда,  сөйлеу 
дегеніміз  –  адам  әрекеттерінің  бір  түрі. 
Адам  біреуге  бір  нәрсе  туралы  айтуды 
мақсат етеді. Сол мақсатқа жету үшін, адам 
өзінің  дыбыстау  мүшелері  арқылы  әртүрлі 
артикуляциялық  әрекеттер  жасайды.  Яғни 
сөйлеу  әрекеті  дыбыстау  мүшелерінің 
қимылы  арқылы  пайда  болады.  Ендеше, 
сөйлеу дегенге тілдік таңбалардың қатынас 
құралы  қызметінде  қолданылуы  деп 
анық тама  беруге  болады»,-дейді.  Ғалым 
сөйлеу  әрекеті  сөйлеу,  есту,  ұғыну  сияқты 
3  бөлімнен  тұратындығын,  сөйлеушінің 
айтқандары – артикуляциялық жиынтық, ал 
тыңдаушының  еститіндері  –  акустикалық 
жиынтық  болатындығын,  сөйлеуші  мен 
тыңдаушы  бірін-бірі  түсінуі  үшін  тағы  бір 
жиынтық керектігін, ол – сөйлеу әрекетінің 
ұғымдық  жағы  екендігін,  бұл  3  жиынтық 
берік бірлікте болу керектігін айтады. 
 Тілші: «Сөйлеу дегеніміз – қатынас жасау 
процесінде  өз  ойын,  сезімін  басқаларға 
білдіру,  басқаның  ойын  білу  мақсатында 
тілдік  қолдану  деген  сөз.  Сөйлеу  тілдік 
элементтер  арқылы  болады  және  ол  тілдік 
заңға,  тілдік  нормаға  бағынады»  деп 
тұжырымдайды. 
Сөйлеу процесі – тілдік қатынас жасаудың 
басты  белгісі.  Тілдік  қатынас  жүзеге  асуы 
үшін тілді қолданудың заңдылықтарын жете 
игеру қажет. 
Аталған  мәселе  тіл  үйренушінің  тілдік 
біліктілігі,  лингвистикалық  білімі,  ішкі 
түйсігі, қабылдау, ой жүйесі, тілдік іс-әрекеті, 
тілдік  ортасы  т.б.  толық  іске  қосылғанда 
нәтижелі шешімін табады. Ол үшін үш тілді 
игерудің  әдіснамалық  негізін  жан-жақты 
игеруге тиіспіз. 
Осы  тұрғыдан  келгенде  үштілді  интел-
лектуалды  маман  дайындауда  басты  ор-
ын  алатын  тұлға  –  педагог.  Педагог  тек 
білім  беруші  емес,  ол  -  мемлекеттің  туын 
жоғары  ұстайтын  интеллектуалды  дара 
тұлға  тәрбиелеуші  жетекші  маман.  Бұл  өз 
кезегінде  түбірімен  жаңарған  озық  білім 
жүйесін  жүзеге  асыруға  келіп  тіреледі. 
Сондықтан  болашақ  маманның  кәсіби  біл-
імі  мен  кісілік  білігі  тең  түскен  жағдайда 
ғана  интеллектуалды  ұлт  болашағының 
баяндылығына  сенуге  болады.  Бұл  педагог 
мамандарды  даярлайтын  отандық  білім 
саласының әлемдік озық үлгілерге сәйкес өз 
бағыттарын белгілеуін қажет етеді. Осы тұста 
инновациялық  серпіліс  пен  жаңартулардың 
барлығы  ұлттың  тарихи-  мәдени  және 
рухани негіздеріне сай дамытылып, әлемдік 
тенденцияларға  орай  жетілдіріледі.  Сол 
жаңа  өзгерістердің  бір  тармағы  ретінде 
көп  тілді  меңгерген  педагог  маман  даярлау 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал