Бас редактор


The list of the used literatures



жүктеу 12.81 Kb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата09.01.2017
өлшемі12.81 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

The list of the used literatures
1  Auyelgazina T.K. Features of political socialization of the personality in the Republic of Kazakhstan. 
– Almaty: Saga, 2006. – Page 53.
2  Tsit. on: Dogan M., Pelassi. Comparative political sociology. – M: 1994. - Page 111.
3  Scherbinin A.I. Political education. – M., 2001.
4  Constitution of the Republic of Kazakhstan. – Almaty: Kazakhstan, 2000. - 96 pages.
5  Political science. Encyclopedic dictionary. – M: Publishing house Moskow, 1993. - 431 pages.
6  Non-governmental organizations of Kazakhstan: yesterday, today, tomorrow. – Almaty: 2002. – Page 
11.
7  Sovereign Kazakhstan, 2003. – 16.10.
8   Aujelgasina T.K. Besonderheiten der politischen Personlichkeitssozialisation im heutigen Kasachstan//
Sozialphilosophische, politische und rechtliche Aspekte der Modernisierung Kasachstans. - Berlin. - 2012. 
- S.95-101.

54
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 37.0
Қ. Бөлеев 
п.ғ.д., профессор,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 
«Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының меңгерушісі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕР 
Мақалада  қазақ  ғалым-педагогтарының  этнопедагогикалық    зертеулерінің  теориялық 
және  практикалық  негіздері,  ұлттық  тәрбие  беруге  мектеп  мұғалімдері  мен  келешек 
мұғалімдерді дайындаудың өзекті проблемаларына толық мәнді талдаулар берілген.
Түйінді  сөздер:  тәрбие,  тұлға,  болмыс,  педагогика,  этнопедагогика,  патриотизм, 
зерттеулер, ғылым.
В  статье  дается  содержательный  анализ  исследований  казахских  ученых-педагогов  по 
актуальной  проблеме  казахской  этнопедагогики  –  теоретические  и  практические  основы 
национального воспитания и подготовка к нему учителей школ и будущих учителей в вузах 
Казахстана.
Ключевые  слова:  воспитание,  личность,  натура,  педагогика,  этнопедагогика, 
патриотизм, исследований, наука.
In article is given the substantial analysis of researches of the Kazakh scientists-teachers on 
an actual problem of the Kazakh ethnopedagogics – theoretical and practical bases of national 
education and preparation of teachers of schools for it and future teachers in higher education 
institutions of Kazakhstan.
Keywords: training, personality, nature, pedagogics, ethnopedagogics, patriotism, researches, 
science.
Ұлт  көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Әл еу меттік-экономикалық  жаңғырту  - 
Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты 
Жолдауының жетінші бағыты «Қазақстанда 
адами капиталдың сапалы өсуі» деп аталып, 
онда ең алдымен, білім беру жүйесін жаңғырту 
қажеттігі, сол мақсатта нақты іс-шараларды 
жүзеге  асырудың  маңызы  зор  екендігі 
айтылды. Сол іс-шаралардың бірі - «Оқыту 
үдерісінің  тәрбиелік  құрамдасын  күшейту 
қажет.  Олар  -  патриотизм,  мораль  және 
парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім 
мен  толеранттылық,  тәннің  де,  жанның  да 
дамуы,  заңға  мойынұсынушылық»,  оларды 
қазіргі  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық 
құндылықтар  ретінде  жастардың  бойына 
«барлық  оқу  орындарында  сіңірілуі  тиіс» 
деп атап көрсетілді [1].
Жоғарыда қойылған міндеттерді шешуде 
Қазақстанның  бірқатар  оқу  орындарында 
оқыту  үдерісінің  тәрбиелік  құрамдасын 
күшейту  арқылы  жеке  тұлғаға  ұлттық 
тәрбие беру бойынша зерттеулер жүргізіліп, 
практикалық  игілікті  іс-шаралар  жүзеге 
асырылуда.
Жеке  тұлғаға  ұлттық  тәрбие  беру 
қажеттілігі  -  егемен  еліміздің  болашағы 
ұлттық  тәрбие  екендігі,  оны  жүзеге 
асырушылар  -  тәрбиешілер,  мұғалімдер 
және  оқытушылар  жоғары  педагогикалық 
оқу орындарында даярланатыны, сондықтан 
оларды ұлттық тәрбие беруге дайындау бүгін-

55
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
гі  күннің  әлеуметтік  және  педагогикалық 
көкейкесті  проблемасы  деп  санаған,  Абай 
атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университетінің ұжымы ел Президентінің 
«Интеллектуалды  ұлт  -  2020»  ұлттық 
бағдарламасындағы  идеямен  қаруланып, 
университетте ұлттық тәрбие проблемасына 
айрықша  ден  қойып  отыр.  Өйткені  ұлттық 
тәрбие алған жастар ұлтжанды, оқу-білімді 
өзінің өмірлік мұратына айналдырған, жан-
жақты ізденгіш, ғылыми жұмыспен тұрақты 
айналысатын азамат болып қалыптасады.
Ұлттық  тәрбие  туралы  идея  бүгінгі  күн 
талабы  әрі  өмірлік  қажеттіліктен  туындап 
отырған  өзекті  проблема  болғандықтан, 
университетте  төмендегідей  кең  ауқымды 
ғылыми-зерттеулер  мен  оқу-әдістемелік 
жұмыстар жүргізілуде:
-  университет  жанынан  «Жаңартпа 
технологиялар және білім мазмұнын ғылыми 
зерттеу институты» ашылған;
-  университетте  бұрын-соңды  Қазақ-
станның  оқу  орындарында  болмаған  жаңа 
«Ұлттық тәрбие» кафедрасы ашылған;
-  ұлттық  тәрбие  идеяларының,  оның 
мазмұны  және  оны  әдістемелік  жағынан 
қамтамасыздандырудың  ғылыми  негіздері 
жасалынған;
- «Ұлттық тәрбие» кафедрасының автор-
лық  ұжымымен  ұлттық  тәрбиенің  мақсаты 
мен міндеттері анықталған;
- студент жастарға ұлттық тәрбие берудің 
тұжырымдамасы жасалынған;
- болашақ мұғалімдер үшін интегративті-
практикалық бағыттағы «Ұлттық тәрбие» оқу 
пәнінің типтік бағдарламасы жасалынған;
- білім беру жүйесінің әрбір сатыларында 
берілетін    ұлттық  тәрбиенің  мазмұны 
жас алынған  «Ұлттық  тәрбие»  оқу  пәні 
негізделген;
- «Ұлттық тәрбие» оқу бағдарламаларына 
сай  «Этнопедагогикалық  білім  негіздері», 
«Халықтық  педагогика  және  ұлттық 
тәрбие», «Ұлттық тәрбие негіздері» атты оқу 
құралдары шығарылған;
-  оқу  үрдісіне  «Ұлттық  тәрбие»    оқу 
пәндерін  ендіру  үшін  «Ұлттық  тәрбие» 
журналы шығарылуда;
-  университеттің  оқу  үрдісіне  «Ұлттық 
тәрбие» пәні ендіріліп, оқытылуда.
Университет ғалымдары жасаған «Қазақ-
стан  Республикасының  студент  жастарына 
ұлттық  тәрбие  беру  тұжырымдамасында» 
студент  жастарға  ұлттық  тәрбие  беру 
тұжырымдамасының  мақсаты  мен  міндет-
тері, студент жастарға ұлттық тәрбие берудің 
теориялық-әдіснамалық  негіздері,  студент 
жастарға  ұлттық  тәрбие  беру  қағидалары, 
студент  жастарға  ұлттық  тәрбие  берудің 
негізгі  мазмұны,  студент  жастарға  ұлттық 
тәрбие беру тұжырымдамасын жүзеге асыру 
шарттары қарастырылады.
Аталған  эксперименттік  «Ұлттық  тәр-
бие»  типтік  оқу  бағдарламасы  үш  кредитті 
екі бөлімнен тұрады [2].
Бірінші бөлім «Әдеп негіздері» курсы деп 
аталып, онда әдептің даму тарихы және оның 
мәні,  әдептіліктің  түрлері  және  мазмұны, 
қазіргі  заманғы  күнделікті  әдептілік, 
сөз  сөйлеу  әдебі,  студент  әдебі,  іскерлік 
әдебі,  болашақ  маманның  қарым-қатынас 
мәдениеті,  ал  екінші  «Ұлттық  тәрбие 
негіздері»  бөлімінде  ұлттық  тәрбиенің 
әдіснамалық  негіздері,  ұлттық  сана-сезімге 
бағдарланған  тұлға  болмысы,  тұлғаны 
этникалық 
әлеуметтендіру, 
Қазақстан 
Республикасындағы  ұлттық  тәрбиенің  же-
тек ші  факторлары,  ұлтаралық  келісім  жә-
не  ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениеті 
қарастырылған.
Университеттегі «Ұлттық тәрбие» кафед-
расында  ұлттық  тәрбие  мәселелерімен 
ғылыми  зерттеулер  жүргізген  ғалымдар 
топтастырылған.  Сондай-ақ,  дәрістер  оқуға 
ұлттық тәрбие проблемасымен айналысқан, 
ол  туралы  еңбектері  жарық  көрген 
республикаға  белгілі  ғалым  философтар, 
тарихшылар, 
әдебиетшілер, 
тілшілер, 
этнографтар,  психологтар  мен  педагогтар 
шақырылып,  олардың  дәстүрлі  және 
интербелсенді  оқыту  әдістерді  пайдаланып 
өткізген  өте  қызықты  және  тартымды 
сабақтары студенттер көңілінен шығуда.
Енді  университеттің  ғалым-педагог-

56
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тарының  ұлттық  тәрбие  бойынша  жұмыс-
тары нәтижесінде жарық көрген еңбектеріне 
мазмұндық талдау жасалық.
Р.К.Төлеубекова, 
Г.Т.Хайруллин, 
А.А.Бей  сенбаева және А.Д.Қайдарованың 
«Народная  педагогика  и  национальное 
воспитание»  атты  оқу  құралында  халық 
педагогикасы  мен  ұлттық  тәрбиенің 
проблемасының  теориялық  және  прак-
тикалық проблемалары қарастырылған [3].
Құралда халық педагогикасы мен ұлттық 
тәрбиенің проблемаларын зерттеудің ғылыми 
негіздері,  жазбаша  көздердегі  халықтық 
педагогика  проблемалары,  проблеманы 
зерттеудің 
қазіргі 
жайы, 
халықтық 
педагогика  -  ұлттық  тәрбие  берудің  негізі 
екендігі, халықтық педагогикадағы жетілген 
адамның идеалы сөз болған.
Р.К.Төлеубекова, 
А.А.Бейсенбаева, 
Р.А.Джа набаева  және  т.б.  «Ұлттық 
тәрбие негіздері» атты оқу құралында алты 
дәрістер  курсының  мазмұны  жасалынған 
[4].  Ұсынылып  отырған  дәрістер  курсында 
ұлттық  тәрбие  идеясы  әдіснамалық  тұр-
ғыдан  негізделіп,  тұлғаның  ұлттық  сана-
сезімінің  қалыптастуына  әсер  ететін 
жетекші  факторлар,  қазіргі  жастардың 
әлеуметтік-тұлғалық мәселелері, этникалық 
әлеуметтендіру мен ұлтаралық келісім және 
ұлтаралық  қарым-қатыңас  мәдениеті  ашып 
көрсетілген.  Онда  мынадай  тақырыптарға 
оқылған  дәрістердің  мазмұндары  жас-
алынған:  ұлттық  тәрбиенің  теориялық-
әдіснамалық  негіздері,  ұлттық  сана  сезімге 
бағдарланған  тұлға  болмысы,  тұлғаны 
этникалық  әлеуметтендіру,  Қазақстан  Рес-
публикасының  тәрбие  берудің  жетекші 
факторлары,  ұлтаралық  келісім  және  ұлт-
аралық  қарым-қатынас  мәдениеті,  қазіргі 
жастардың әлеуметтік-тұлғалық мәселелері.
С.Ж.Пірәлиев,  М.А.Нуриев,  Ж.А.Сей-
сенбаева,  Ә.Оразымбетқызының  «Ұлт-
тық  тәрбие  (салт-дәстүр,  әдет-ғұрып 
негізінде)»  атты  оқу  құралында  қазақ 
халқының  ұлттық  тәрбиесінің  теориясы 
мен  практикасы  жан-жақты  ашылып 
қарастырылған [5]. 
Құралда  салт-дәстүрді  білім  беру 
үрдісіне  ендірудің  ғылыми  негізі,  ұлттық 
тәрбиелік  ұғымдарының  мән-мағынасы, 
рөлі,  салт-дәстүр  ұғымдарының  білім  беру 
мазмұнындағы  орны,  тұрмыстық  тәрбиеге 
байланысты  салт-дәстүрлер,  бала  дүниеге 
келгеннен  өскенге  дейінгі  аралықтағы 
қолданылатың  салт-дәстүрлердің  этно-
графиялық  мазмұны  жасалынған.  Сондай-
ақ,  ұлттық  тәрбиедегі  салт-дәстүрлердің 
алатын  орны  тақырыбына  арналған  тест 
сұрақтары берілген.
С.Ж.Пірәлиев,  К.Н.Нәрібаев,  Р.К.Тө-
леу бекова, А.А.Бейсенбаева, С.Б.Ғаббасов, 
Қ.Т.Атемова,  С.Ж.Қонырбаева  «Отба-
сындағы  ұрпақ  тәрбиесі»  оқу  құралында 
отбасының  бүгінгі  кездегі  жас  ұрпақты 
тәрбиелеудегі  ұлы  ғұламалар  идеялары 
іріктелініп  және  халықтық  педагогиканың 
тәжірибесіне  сүйене  отырып,  отбасын 
құруға  дайындық,  отбасы  тәрбиесінің 
мәні,  оның  мүмкіндіктері  көрсетілген 
[6].  Мектептің,  отбасының,  қоғамның 
психологиялық-педагогикалық  өзара  әрекет 
ету проблемалары қамтылған. 
Оқу  құралының  бірінші  тарауы  «Ұлы 
ғұламалар  мұраларындағы  отбасы  тәр-
биесі  идеялары»  деп  аталып,  онда  Қор-
қыт,  Әл-Фараби,  Ж.Баласағұни,  Махмұт 
Қашқари  және  қазақтың  ақын-жыраулары 
еңбектеріндегі  отбасы  тәрбиесі  туралы 
идеялары  баяндалған.  Сондай-ақ,  отба-
сындағы ұрпақ тәрбиесі, отбасын құрудағы 
этнографиялық салттар, отбасы тәрбиесінің 
бүгінгі күнгі жағдайы анықталған.
«Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру» 
арнайы  курс  бағдарламасына  сәйкес 
«Ұлттық тәрбие (салауатты өмір салтын 
қалыптастыру)» 
(Құрастырушылар: 
С.Ж.Пірә лиев,  К.Н.Нәрібаев,  Р.К.Төлеу-
бекова,  Г.К.Шолпанқұлова,  Б.Т.Махметова, 
А.Е.Берикханова,  Д.Ә.Нұрғалиева)  оқу  құ-
ралы  даярланған  [7].  Онда  салауатты  өмір 
салтын  қалыптастырудың  ерекшеліктері 
сипатталынып, қазіргі қоғамдағы салауатты 
өмір  салтын  қалыптастыру,  тәрбие  тал 
бесіктен  басталатыны,  адам  ағзасын 

57
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
уландыратың  заттар,  маскүнемдіктің  адам 
болмысына  және  мінез-құлқына  әсері, 
нашақорлық  -  өлім  тұзағы,  жезөкшелік  - 
азғындық  жолы,  жұқтырылған  қорғаныш 
тапшылығы белгісі - әлемдік індет екендігі, 
бүгінгі  жастар  және  құмар  ойындарының 
зияндылығы баяндалған.
«Ұлттық  тәрбие  (ұлттық  тәрбиенің 
этика-эстетикалық  негіздері)»  (Құрас-
тырушылар:  С.Ж.Пірәлиев,  М.А.Нуриев, 
А.Н.Якупова,  Ж.А.Сейсенбаева,  Қ.Ж.Аг-
анина)  оқу  құралында  қазақ  халқының 
ұлттық  тәрбие  берудегі  ұлттық  діл  мен 
ұлттық  нақышқа  негізделген  төл  мәдениеті 
мен  озық  өркениеті,  этика-эстетикалық 
тәрбиесі  теориясы  мен  практикасы  жан-
жақты 
ашылып 
қарастырылған 
[8]. 
Ғасырлар  қойнауынан  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбие негізі 
сарапталып,  олардың  әдеп  пен  әдемілік 
тұрғыда  тәрбиелік  қырлары  көрсетілген. 
Ұлттық  тәрбиелік  білім  негізін  әдеп  пен 
әдемілік  тұрғыдан  жастарға  бағыт-бағдар 
беру қыры жан-жақты сараланған. 
Оқу  құралының  мазмұнында  этикалық 
әдеп  дәстүрлерінің  ғылыми  негіздері  мен 
мән-маңызы,  сәлемдесу,  сыйластық,  қонақ 
күту,  ас  ішу,  сөйлеу  әдебі,  инабаттылық 
дәстүрлері:  түрлері  мен  қазіргі  сипаты; 
эстетиканың  ғылыми  негіздері,  тәрбиенің 
мән-маңызы,  оның  нормалары;  киім 
кию  тәрбиесі;  ұлттық  тәрбиедегі  еңбек 
тәрбиесінің  орны,  ондағы  ұқыптылық-
үнемділік әдебі; озық мәдениет үлгілері мен 
олардың тәрбиелік мәні ашып көрсетілген. 
С.Ж.Пірәлиев,  Л.К.Керімов,  К.Н.Нәрі-
баев, 
Ж.Ж.Молдабеков, 
Ұ.М.Әбді-
ғапбарова,  С.С.Нұркееваның  «Ұлттық 
тәр биенің патриоттық мазмұны» атты оқу 
құралында  патриотизм  құндылықтарының 
мәні,  патриоттық  дәстүрдің  тарихи  және 
шығармашылық кезеңдері, ұлттық тәрбиенің 
патриоттық 
бағыттары, 
қолданбалы 
әдістері  мен  табыстары  қарастырылады 
[9].  Сондай-ақ,  онда  патриотизм  ұғымы 
және  құндылықтары,  ұлттық  тәрбиедегі 
патриоттық  дәстүрлер,  ұлттық  тәрбиенің 
патриоттық  бағыттары,  ұлттың  патриоттық 
рухы және елдік мұраты мазмұндалған.
Б.Сманов  пен  Ж.Боранбайдың  «Ұлт-
тық  тәрбие  және  дін  мәселесі»  оқу 
құралында  ұлттық  тәрбиенің  негіздері, 
халықтық  педагогика  үлгілері,  діннің 
ұлттық  тәрбиедегі  орны,  мемлекет  пен 
діннің  арақатынасы,  еліміздегі  қазіргі  діни 
жағдай  мен  жаңа  діни  ағымдар,  өркениет 
пен  дін  жайлы  мәселелер  қарастырылады 
[10].  Сондай-ақ,  еңбекте  Қазақстанның 
дінаралық келісім мекені ретіндегі атқарып 
жатқан іс-әрекеттері, әлемдік және дәстүрлі 
діндер  жетекшілерінің  құрылтайы  жайлы 
мәліметтер беріледі. Еліміздегі дәстүрлі екі 
дін  -  ислам  мен  христиан  дініне,  олардың 
жаңа бағыттарына назар аударылады.
Құралдың мазмұнында ұлттық тәрбиенің 
негіздері,  халық  педагогикасының  үлгілері, 
дін  –  тәрбие  құралы,  ислам  діні,  христиан 
діні,  жаңа  діни  ағымдар,  Қазақстан  – 
дінаралық  келісім  мекені  екендігі  туралы 
баяндалған.
Ә.Табылдының  «Ұлттық  тәрбие»  ат-
ты  оқу-әдістемелік  құралы  кіріспеден, 
үш  бөлімнен  тұратын  теориялық  және 
практикалық тұрғыдан мазмұндалған еңбек 
болып саналады [11].
Құралда  халықтық  педагогика  -  ұлттық 
тәрбиенің  басты  құралы  екендігі,  қазақ 
этнопедагогикасының  ғылыми  негіздері, 
ұлттық  тәрбиенің  әдіснамалық  және 
дидактикалық  негіздері,  ұлттық  тәрбиенің 
негізгі  құралдары  мен  мазмұны,  ұлттық 
тәрбиені  оқытудың  әдістемелік  негіздері 
(инновациялық  әдістер,  сценалық  бейне-
лерді  пайдалану,  өзіндік  жұмыс,  жаңа 
технологиялық  дағдылар),  педагогикалық 
идеялар,  қазақ  эпостарын  оқыту  әдістемесі 
нақты мысалдар арқылы баяндалған.
Ж.А.Сейсенбаеваның  «Ұлттық  тәр-
биенің ғылыми негізі» атты оқу құралында 
қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесінің 
алғышарттары, мән-мағынасы және ғылыми 
негіздері жан-жақты сараланған [12].
Құралдың бірінші «Ұлттық тәлім-тәрбие 
берудің 
алғышарттары, 
мән-маңызы, 

58
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
рөлі»  атты  тарауында  ұлттық  тәрбиелік 
білім  ұғымдарының  мән-мағынасы,  рөлі, 
ұлттық тәрбие берудің ғылыми – теориялық 
мазмұны, ал екінші тарау «Ұлттық тәрбиелік 
білім негізінде тілді оқытудың ғылымилығы» 
деп  аталып,  онда  ұлттық  тәрбиені  оқытуға 
даярлық  жағдайы  мен  жақсарту  жолдары, 
тіл  мен  әдебиеттің  ұлттық  келбетімізді 
қалыптастырудағы маңызы қарастырылған.
«Ұлттық  тәрбие:  таңдамалы  лекциялар 
курсы» оқу құралында белгілі тұлғалардың 
қазіргі  таңдағы  тәрбие  мәселесіне  қатысты 
жоғары  оқу  орындарында  оқыған  дәрістері 
беріліп отыр. 
Жинақта  ұлттық  идеяны,  рухты,  салт-
дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптеп, жастарға 
заманауи  тұрғыда  тәлім-тәрбие  беруде 
ыкпал ету; жастардың бетін ата-дәстүрімізге 
бұру;  өз  халқының  бай  мұрасына  назарын 
аудартып,  халқымыздың  өзіне  тән  ұлттық 
құндылықтарын мақтан тұтуға тұрарлықтай 
тұлғалары  бар  екенін  аңғартып  отыру,  осы 
арқылы  туған  халқы  мен  жерін  сүйетін 
ұлтжанды  жастарды  тәрбиелеп,  еліміздің 
өркендеуі  мен  қауіпсіздігін  баянды  ету 
мақсаты көзделген. 
Сонымен,  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
педагогикалық  университетіндегі  ұлттық 
тәрбие беру проблемасы бойынша атқарылып 
жатқан  жұмыстар  Қазақстанның  басқа  оқу 
орындарында қолдау тауып, жалғасын тауып 
жатса, еліміздің болашағы – ұлттық тәрбие 
беруде  екендігі,  ұлы  Мағжан  армандаған 
ұлттық  тәрбиені  жүзеге  асырғанда  ғана 
Президентіміз алға қойған міндетті – зияткер 
ұлтты қалыптастыруға болады.
К.Ж.Төребаеваның  «Ұлттық  тәрбие 
негіздері»  атты  монографиясында  жа-
һан дану  жағдайында  ұлттық  тәрбие  бе-
рудің  теориялық-әдіснамалық  негіздері 
айқындалған, жаһандану жағдайында ұлттық 
тәрбие берудің тиімділігінің студенттік жас 
кезінің  психологиялық  ерекшеліктерімен 
байланыстылығы  дәлелденген,  ұлттық 
тәрбие  берудің  мақсаты,  мазмұны,  фор-
малары  мен  әдістері  анықталған,  ұлт-
тық  тәрбиенің  тұжырымдамалық  қағи-
далары,  құрылымдық-мазмұндық  моделі 
жасалынған,  ұлттық  тәрбие  беруде  ұс-
ынылған  оқу-әдістемелік  кешені  және 
тәрбие  жұмыстары  жүйесінің  тиімділігін 
тәжірибелік-эксперимент барысында сынық-
тан өткізудің нәтижелері берілген [13].
К.Ж.Қожахметованың 
«Мектептің 
ұлт тық  тәрбие  жүйесі»  атты  моно гра-
фиялық  еңбегінде  бүгінгі  таңдағы  ұлттық 
мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, әдет-ғұрып, 
дәстүр,  салттың  тағдыры  мен  болашағы 
мектептегі  жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие 
берумен  тікелей  байланысты  екендігі, 
ұлттық  тәрбие  туралы  түрлі  кезеңдердегі 
ағартушылар  мен  ғалым-педагогтардың 
мектептегі  ұлттық  тәрбиенің  маңызы  және 
қазақ  халқының  зиялы  азаматтарының 
ұлттық  мектеп  пен  тәрбиеге  қатысты  ой-
пікірлерімен дәлелденген [14]. 
Құралдың  екінші  тарауында  мектептің 
ұлттық  тәрбие  жүйесінің  ғылыми-тео-
риялық  негіздері,  тәрбие  жүйесінің  тео-
риясы,  мектептің  ұлттық  тәрбие  жүйесіне 
қойылатын  талаптары  анықталған,  ал 
үш інші  тарауда  қазақ  этнопедагогикасы 
идеяларын  мектептің  оқу-тәрбие  жүйесіне 
ендіру  жолдары  тірек  мектептерінің  іс-
тәжірибелері  негізінде  нақты  мысалдармен 
көрсетілген.
А.Сейсенбердиеваның  «Мектеп  оқу -
шыларына  ұлттық  тәрбие  беру»  ат-
ты  оқу-әдістемелік  құралы  ардагер  ұс-
таз  Ж.Нұрмаханның  ұлттық  тәрбиеге 
байланысты 
мақалалары 
басшылыққа 
алынып жазылған. Онда оның «Қазақ деген 
осы: міне, біліп қой», «Саусақтар қызметі», 
«Қадірі  кетпеген  сыйлы»,  «Жануардың 
атасы,  енесі,  төлі»,  «Тіршіліктің  мекені», 
«Арыңды  жастан»,  «Судың  да  сұрауы 
бар»  тақырыптарына  өткізген  тәрбие 
сағаттарының мазмұны берілген [15].
Қ.Бөлеев  пен  Ә.О.Оразованың  «Педа-
гогикалық  мерзімді  баспасөз  және 
оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беру»  атты 
оқу-әдістемелік құралында қазақ ағартушы-
педагогтары  мен  қоғам  қайраткерлерінің 
мерзімді  баспасөздің  оқушыларға  ұлттық 

59
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тәрбие берудегі рөлі туралы ой-пікірлері сөз 
болған. Екінші «Республикалық «Қазақстан 
мұғалімі»  және  «Учитель  Казахстана» 
газ еттерінің 
беттеріндегі 
оқушыларға 
ұлт тық  тәрбие  беру  мәселелері»  атты 
тарауында 1985-2000 жылдар аралығындағы 
педагогикалық  газеттер  беттеріндегі  оқу-
шыларға  ұлттық  тәрбие  берудің  басты 
бағыттары:  отбасында  оқушыларға  ұлт-
тық  тәрбие  беру,  мектептің  оқу-тәрбие 
үрдісінде  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беру, 
мұғалімдерді  оқушыларға  ұлттық  тәрбие 
беруге  дайындау  және  оқушыларға  ұлттық 
тәрбие  берудегі  педагогикалық  газеттердің 
мүмкіндіктері ашып көрсетілген [16].
Тараз 
Мемлекеттік 
Педагогикалық 
инс титутында  соңғы  10-15  жылда  жеке 
тұлғаға  оқыту  үдерісінде  ұлттық  тәрбие 
беру  проблемасы  бойынша  ғылыми-
зерттеу  жұмысы  жүргізіліп,  нәтижесінде 
бағдарламалар 
оқу-әдістемелік 
және 
оқу  құралдары,  монографиялар,  биб-
лиографиялық  көрсеткіштер  жарық  көрді. 
Мысалы, Қазақстан Республикасында білім 
берудің  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасын 
іс  жүзіне  асыру  мақсатында  болашақ 
мұғалімдердің  жеке  тұлғаға  тұтастай  және 
кешенді ұлттық тәрбие беру іскеліктері мен 
дағдыларын қалыптастыру үшін педагогтық 
мамандықтардың  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  элективті  курстар  ретінде  төмен-
дегідей  оқу  пәндерінің  бағдарламалары 
жасалынды:  «Отбасында  балаларға  ұлттық 
тәрбие беру», «Мектепке дейінгі мекемелерде 
ұлттық  тәрбие  беру»,  «Бастауыш  сынып 
оқушыларына ұлттық тәрбие беру», «Негізгі 
және бейінді мектептер оқушыларын ұлттық 
тәрбие  беру»,  «Техникалық  және  кәсіптік 
білім  алушыларға  ұлттық  тәрбие  беру», 
«Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық 
беруге дайындау тұжырымдамасы».
Аталған  курстар  бағдарламаларын  құ-
ру  үшін  тұратын  ғылыми  топ  құрылып, 
бағдарламалар даярланды. Бағдарламаларды 
дайындауда  балабақша  тәрбиешілері,  бас-
тауыш  және  орта  мектеп  мұғалімдері, 
техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  оқу 
орындарының оқытушылары қатыстырылды. 
Бағдарламалар  эксперттік  сараптамадан 
өткізіліп,  институттың  ғылыми  кеңесінің 
шешімімен  баспадан  шығарылды.  Ол 
бағдарлама «Қазақстан Республикасының 
Каталог: docs -> novosti
novosti -> Бас редактор
novosti -> Бас редактор
novosti -> Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірəлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Всероссийская олимпиада школьников по географии. Районный тур. 7 класс Часть I
novosti -> Всероссийская олимпиада школьников по географии. Районный тур. 8 класс Часть I
novosti -> Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев
novosti -> Бас редактор с. Ж. Пірəлиев

жүктеу 12.81 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет