Бас редактор



жүктеу 12.81 Kb.

бет1/11
Дата09.01.2017
өлшемі12.81 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2
БАС РЕДАКТОР
С.Ж. ПІРӘЛИЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Нуриев М.А. – Абай ат. ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры, ҚР 
Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор, бас редактордың бірінші орынбасары;
Сейсенбаева  Ж.А.  –  Абай  ат.  ҚазҰПУ,  Интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру  ҒЗИ 
директорының орынбасары, ф.ғ.к., жауапты редактор; 
Айдемір Окай  –   Ыстамбұл университетінің байланыс факультетінің деканы, профессор; 
Әлмұхамбетов  Б.А. – Абай ат. ҚазҰПУ, көркем  -сурет факультетінің деканы, пед.ғ.д., про-
фессор; 
Байсабаев Б.А. – ф.ғ.к., Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің доценті
Бейсенова Ә.С. – Абай ат. ҚазҰПУ-дың «География және экологиядан ғылыми-әдістемелік 
орталығының» меңгерушісі, геогр.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА акедемигі; 
Бөлеев Қ. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және этнопеда-
гогика» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор; 
Ғаббасов С. – жазушы, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина және педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор;  
Есполов  Т.И.  –  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінің  ректоры,  э.ғ.д.,  профессор,  ҚР 
ҰҒА академигі
Исамидинов И.Ч. – Жүсіп Баласағұн ат. Қырғыз ұлттық университетінің ректоры, пед.ғ.д., 
профессор;
Иманбаева С.Т. – Абай ат. ҚазҰПУ, «Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасының 
меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор; 
Қирабаев С.С. – ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі; 
Мардахаев Л.В. – Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетінің «Әлеуметтік және от-
басы педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор; 
Михайлова  Н.Б.  –  пс.ғ.к.,  доцент,  Халықаралық  білім  және  ғылыми  ақпараттандыру 
орталығының директоры (Германия); 
Молдабеков  Ж.Ж.  –  филос.ғ.д.,  әл-Фараби  ат.  ҚазҰУ  «Мәдени-антропология» 
кафедрасының профессоры;  
Мұтанов Ғ.М. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  ректоры, тех.ғ.д., 
профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі; 
Нәрібаев К.Н. – ҚР ҰҒА қоғамдық және гуманитарлық бөлімше төрағасының орынбаса-
ры, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі; 
Нөкетаева  Д.Ж.  –  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  ректоры, 
пед.ғ.к.; 
Сманов  Б.Ө.  –    аппарат  жетекшісі,  Абай  ат.  ҚазҰПУ  профессоры,  пед.ғ.д.,  ҚР  ҰҒА 
корреспондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей) және Халықаралық 
Айтматов (Қырғызстан) академияларының академигі; 
Шаханова  Р.Ә.  –  Абай  ат.  ҚазҰПУ-дың  Магистратура  және  PhD  докторантура 
институтының  филология  мамандықтары  кафедрасының  меңгерушісі,  пед.ғ.д.,  профессор, 
ХПБҒА мүше-корреспонденті.

3
 ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
С.Ж. ПРАЛИЕВ
Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,
член-корреспондент НАН РК
СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:
Нуриев М.А. – директор НИИ по Формированию интеллектуальной нации КазНПУ им. 
Абая, Заслуженный работник высшей школы РК, профессор, первый заместитель главного 
редактора; 
Сейсенбаева Ж.А. – зам. директора НИИ по Формированию интеллектуаль ной нации 
КазНПУ им. Абая, к.ф.н., ответственный редактор;
Айдемир Окай –  декан факультета связи университета Стамбул, профессор;   
Альмухамбетов  Б.А.  –  декан  художественно-графического  факультета  КазНПУ  им. 
Абая, д.пед.н., профессор; 
Байсабаев  Б.А.  –    к.ф.н.,  доцент  Кыргызского  Национального  университета  им. 
Ж.Баласагына; 
Бейсенова А.С. – руководитель научно-методического центра по географии и экологии 
КазНПУ им.Абая, д.пед.н., профессор, академик НАН РК; 
Болеев К. – зав. кафедрой “Педагогика и этнопедагогика” Таразского государственного 
педагогического института, д.пед.н., профессор; 
Габбасов С. – писатель, Заслуженный работник здравоохранения КСРО, доктор меди-
цинских и педагогических наук, профессор; 
Есполов Т.И. – ректор Казахского национального аграрного университета, д.э.н., про-
фессор, академик НАН РК; 
Исамидинов  И.Ч.  –  ректор  Кыргызского  национального  университета  имени 
Ж.Баласагына, д.пед.н., профессор;
Иманбаева С.Т. – зав. кафедрой национального воспитания и самопознания КазНПУ 
им. Абая, д.пед.н., профессор; 
Кирабаев С.С. – д.ф.н., профессор, академик НАН РК; 
Мардахаев Л.В. – заведующий кафедрой социальной и семейной педагогики Российско-
го государственного социального университета, д.пед.н., профессор; 
Михайлова Н.Б. – директор центра международного образования и научной информати-
зации (Германия), к.пс.н., доцент; 
Молдабеков  Ж.Ж.  –  профессор  кафедры  культурной  антропологии  КазНУ  им.  Аль-
Фараби, д.филос.н.; 
Мутанов  Г.М.  –  ректор  Казахского    Национального  университета  имени  аль-Фараби, 
д.тех.н., профессор, почетный член НАН РК; 
Нарибаев К.Н. – зам.председателя отделения общест венных и гуманитарных наук НАН 
РК, д.э.н., профессор, академик НАН РК; 
Нукетаева Д.Ж. – ректор Казахского Государственного женского педагогического уни-
верситета, к.пед.н.; 
Сманов Б.О. – руководитель аппарата  Казахского национального педагогического уни-
верситета имени Абая, д.пед.н., профессор КазНПУ имени Абая, член-корреспондент НАН 
РК, академик Международной академии наук педагогического образования (Россия), Меж-
дународной Айтматовской академии (Кыргызская Республика);  
Шаханова Р.А. – зав.кафедрой филологических специальностей Института Магистрату-
ры и PhD докторантуры КазНПУ им. Абая, д.пед.н., профессор, член-корреспондент МАН-
ПО.

4
EDITOR-IN-CHIEF
S.ZH. PRALIEV
the rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
corresponding-member of the NAS RK
EDITORIAL STAFF:
Nuriev M.A. – the director of scientific research institute of Intellectual Formation nation of 
KazNPU named after Abai, the deserved worker of the higher school of the RK, the professor, first 
deputy chief editor; 
Seysenbaeva Zh.А. – the deputy director of scientific research іnstitute of Intellectual Formation 
Nation of KazNPU named after Abai, the candidate of philological science, the managing editor; 
Aydemir Okay –  dean of the Faculty of Communications Istanbul University, the professor;
Almukhambetov B.A. – the dean of art-graphic faculty KazNPU named after Abai, the doctor 
of  pedagogical  sciences,  the  professor,  the  academician  of  the  National  Knowledge Academy 
named after Y.Altynsarina; 
Baisabaev B.A. – the candidate of philological science, the docent  Kyrgyz National University 
named by Zh. Balasagyn; 
Beysenova A.S. – the chair of sud department «the scientifically-methodical centre on geography 
and ecology» the doctor of pedagogical sciences, the professor, academician of the NAS RK; 
Boleev K. – the university chair of “Pedagogics and ethnopedagogics” of Taraz State Pedagogical 
Institute, the doctor of pedagogical science, professor; 
Gabbasov С. – the writer, the deserved worker of public health services KSRO, the doctor of 
medical and pedagogical sciences, the professor; 
Espolov T.I.  –  the  rector  of  Kazakh  national  agrarian  university,  the  doctor  of  economical 
sciences, the professor, the academician of the NAS RK;
Isamidinov I.Ch. – rektor of Kyrgyz National University named by Zh.Balasagyn, doctor of 
pedagogical sciences;
Imanbaeva S.T – Head of the Department of “national education and samoponaniya” KazNPU 
them. Abaya, the doctor of pedagogical sciences, the professor; 
Kirabaev S.S. – the doctor of philology, the academician of the NAS RK; 
Mardahaev L.V. – Head of the Department of Social and Family Pedagogy of the Russian 
State Social University, doctor of pedagogical sciences, professor; 
Mikhailova N.B. – Ph.D., Associate Professor, Director, Center for International Education 
and Information Science (Germany);
Moldabekov  Zh.Zh.  –  the  academician  of  social  academy,  the  academician  of  Academy 
International acmyology, the doctor of philosophic sciences, the professor of the chair “Cultural 
anthropology” of KazNU named after Al-Farabi
Mutanov G.M. – the rector of the Kazakh National University named after  Al-Farabi, the 
doctor of technical science, the professor, honorary member of the NAS RK; 
Naribaev K.N. – vice-chairman of separation of social and humanitarian sciences of NAS RK, 
the doctor of economics, the professor, academician of the NAS RK; 
Nuketaeva D.Zh. – rector of Kazakh State Female Pedagogical University, the candidate of 
pedagogical sciences; 
Smanov B.U. – head of the office of the Kazakh national pedagogical university of a name 
of Abay, doctor of pedagogical sciences, professor KazNPU of a name of Abay, corresponding 
member  of  National Academy  of  sciences  of  the  Republic  of  Kazakhstan,  academician  of  the 
International academy of Sciences of pedagogical education (Russia), International Aytmatovsky 
academy (Kyrgyz Republic);
Shahanova R.A – the university chair of philological specialties of PhD studies and magistracy 
Institute  of    KazNPU  named  after  Abai,  the  doctor  of  pedagogical  sciences,  the  professor, 
corresponding-member of the  IASPE. 
Меншік иесі: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2010 жылдың 
4-ші ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куәлігі берілді.
© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2012

5
      «Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы 
және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі»
Н.Ә.Назарбаев 
«Қазақстан – 2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауынан
                                                                                          2012 жыл 14 желтоқсан. 
 

6
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҚҰТТЫҚТАУ!
Бүгінде  Қазақстанға  аты  белгілі  эко-
но мист-ғалым,  мемлекет  және  қоғам  қай-
раткері,  Нәрібаев  Көпжасар  Нәрібайұлы 
2013 жылдың маусым айының 3 жұлдызын-
да 75 жасқа толып отыр. 
Адамның  бойындағы  ізгі  қасиеттер 
туралы  айтқанда  қай  жағынан  қарасаң  да 
алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын 
асыл  алмаз  сияқты  абзал  азаматтар  ойға 
оралады.  Осы  сынды  «алмаздың  сынығы» 
–  қадірменді  ұстаз,  экономист-ғалым, 
мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Көпжасар 
Нәрібайұлын өмірден тоқығаны мол, кемел 
ойлы  тұлға  ретінде  жақсы  білеміз.  Саналы 
ғұмырында  күрделі  жұмыстармен  қатар, 
ғылыммен  айналысуға  да  уақыт  тауып, 
экономика ғылыми докторы, профессор, Қа-
зақстан  Республикасының  Ұлттық  ғылым 
академиясының  академигі,  сонымен  қатар, 
Халықаралық және Қазақстан Жоғары мек-
теп  ғылым  академиясының,  Халықаралық 
Еуразия  экономикалық  академиясының, 
Украинаның экономикалық академиямының  
толық мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген 
ғылым және техника қайраткері дәрежесіне 
көтеріле  білді.  Көпжасар  Нәрібайұлының 
қабілеті  де  жоғары  бағаланып,  үнемі 
басшылық  жұмыстарды  абыроймен  ат-
қар ып  келеді.  Осы  орайда  Көпжасар 
Нәрібайұлының  басшы  ұстаз,  ғалым  ұстаз 
қасиеті көзге түседі. Ортасына сыйлы. 
Қашанда  қызығы  мен  қиындығы  қатар 
жүретін  бұл  өмірдің  бұлтарысы  көп, 
бұралаң  ұзақ  жолында  таңдаған  ғылым 
жолыңыздың  қыры  мен  сырын  шебер 
меңгеріп,  бүгінде  Абай  атындағы  Қазақ 
ұлттық  педагогикалық  университетіндегі 
басшылық  лауазымында  қалтқысыз  қызмет 
атқарып  келесіз.  Өзіңіз  еңбек  етіп  жүрген 
ұжым  Сізді  үлкенге  ілтипатты  іні,  кішіге 
қамқор  аға,  қатарластарына  адал  дос  бола 
білген  ізгі  жүректі  азамат,  еңбекте  беделді 

7
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
маман,  абыройлы  жетекші,  қаталдығы  мен 
әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі 
тұтады. 
Өзіңізге  қонар  бақтың  баяндысын,  бітер 
дәулеттің  көл-көсірлігін,  келер  ырыстың 
ысырап  болмауын,  жүрек  гүлінің  мәңгі 
солмауын,  шаңырағыңызға  шаттықтың 
орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! 
Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан 
таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!
Ізгі ниетпен,
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру 
ҒЗИ және Республикалық ғылыми-
көпшілік бағыттағы «Ұлттық тәрбие» 
журналының ұжымы
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, 
өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі 
Ы.Алтынсарин.
Адамның адамгершілігі ұстаздан болады
А.Құнанбаев.

8
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ

92193:37.01
Б.Ө.Сманов 
ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі,
п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ
ҰЛТЫН СҮЙГЕН АЗАМАТ
 Бұл мақалада ұлттын сүйген азамат  –  Көпжасар Нәрібайұлы жайлы және жастарымызды 
ұлтымыздың  ірі  тұлғаларға  бай,  тарихы  терең,  мәдениеті  жоғары  екенін  танып,  сол 
тұлғалардың өмірі, ұлтын-халқын сүюі, елі үшін жасаған ерліктері өздеріне үлгі болатынына 
көздерін жеткізеді. 
Түйінді сөздер: ұлт қайраткері, ғалым, ұстаз, ұлтын сүйген азамат, білім, ғылым.
В  этой  статье  написанно  о  К.Нарибаеве,  который  любил  свой  народ,  ценил  высокую 
культуру страны. К.Нарибаев замечательный  руководитель, талантливый ведущий, опытный 
наставник, талантливый ученый, благородный гражданин, который суммировала сильный 
деятель прекрасная нравственность качества вдоль него.
Ключевые слова: деятель, ученый, наставник, личности любящей свою родину, знание, 
наука.
In this article was written about K. Naribaeve, loved his people, appreciated the high culture 
of the country. K. Naribaev a wonderful leader, a gifted presenter, an experienced coach, a gifted 
scientist, noble citizen who joined the strong figure of great moral qualities along it.
Keywords: personality, scientist, mentor, identity loving their homeland, knowledge, science.
Бүгін  есімі  елімізге  кеңінен  таны-
мал  көрнекті  мемлекет  және  қоғам 
қайраткері,  жоғары  мектептің  білікті 
ұйымдастырушысы,  экономика  ғылым-
дарының  докторы,  профессор,  ҚР  Ұлттық 
ғы лым академиясының академигі Көпжасар 
Нәрібайұлы Нәрібаев 75 жасқа толып отыр. 
«Ғылым  таппай  мақтанба,  орын  таппай 
баптанба,  құмарланып  шаттанба,  ойнап  – 
босқа  күлуге»,  –  деп  ұлы  Абай  айтқандай, 
ақын  өсиетін  жастайынан  көкейіне  түйіп, 
оқу-білім,  ғылымға  ұмтылған  Көпжасар 
Нәрібайұлы – есейе келе өмірден өз орнын 
тауып, бүкіл саналы ғұмырын білім-ғылым 
саласына,  Жоғары  мектеп  пен  мемлекет 
ісіне  арнаған,  сөйтіп  көрнекті  қайраткерлік 
дәрежеге  көтерілген  бірегей  тұлға.  Оның 
өмірі  мен  атқарған  ісі  жас  буынға  да,  тіпті 
өзімен  қатарласа  қызмет  етіп  жүрген 
біздерге  де  үлкен  өнеге.  Бұл  мақалада  ол 
кісінің  ғалым,  қайраткер,  азамат  ретіндегі 
қырларына аз-кем тоқталсам деп отырмын. 
Көпжасар  Нәрібайұлы  1938  жылы  3 
маусымда  Жамбыл  облысының  Жамбыл 
ауданындағы  Бектөбе  ауылында  дүние-
ге  келген.  Ауылда  жетіжылдықты,  одан 
Жам был  қаласында  орта  мектеп  бітіріп, 
С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 
университетіне  түскен  ол  1960  жылы 
аталған  оқу  орнын  экономист  мамандығы 
бойынша бітіреді. Одан соң Мәскеу Қаржы 
институтының  аспирантурасында  оқиды. 
Бұдан  кейін  су  жаңа  ғылым  кандидатының 
қызу  еңбек  жолы  басталады.  Бұл  –  1964 
жыл еді. Алматы халық шаруашылығы инс-
титутында  аға  оқытушы,  доцент,  кафедра 
меңгерушісі,  факультет  деканы,  ғылыми 
жұмыстар  жөніндегі  проректор  болып, 

9
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
өмір  жолының  жаңа  парақтарын  бастаған 
Көбекең  өзінің  барлық  саналы  ғұмырында 
жоғары білім беру жүйесін жетілдіру ісімен 
айналысып,  министрдің  орынбасары,  Ми-
нис тр  деңгейіне  дейін  көтерілді.  Оған 
қоса  шет  елдердің  озық  тәжірибесін 
терең  зерттеп,  біздің  өмірімізге  енгізді. 
Сондықтан  да  ғалымның  еліміздегі  білім 
беру  ісінің  болашақ  даму  бағыттары  мен 
олардың ғылыми негіздерін қалыптастыруға 
байланысты  айтары  аз  емес  деп  ойлаймыз. 
«Білімді  болудың  мақсаты  –  мансап  емес, 
қоғам  мен  халқыңа  қызмет  ету»  –  дейді 
ол.  Рас  сөз.  Көпжасар  Нәрібайұлы  өзінің 
–  барлық  ақыл-ойын,  күш-қайратын,  іс-
тәжірибесін, бүкіл ғұмырын осы ұстанымға 
бағындырған жан [1, 98].
Көбекең білім саласындағы қай қызметте, 
қандай  мәселемен  айналысса  да,  ол  оны 
тыңғылықты  түрде  аяғына  дейін  жеткізуге 
тырысқан азамат. 
Тынымсыз  еңбек,  үлкен  ақыл-ой,  биік 
парасаттылық,  өмірлік  бай  тәжірибе-тәлім, 
жоғары  мәдениеттілік  пен  адамдармен 
іскерлік  қарым-қатынас,  өзінің  атқарар 
міндетіне  деген  адалдықтың  арқасында 
Көбекең  республикадағы  абыройлы,  бедел-
ді басшылардың бірі болғанын бәріміз біле-
міз.  Айталық,  ЮНЕСКО-ның  1985  жылы 
өткізілген  халықаралық  симпозиумында, 
бұрынғы  СОКП  Орталық  Комитеті  Саяси 
бюросы  мүшелерінің  қатысуымен  өткен 
жиында  сөз  сөйлеу  үшін  Мәскеуде  барлық 
одақтас республикалар ішінен таңдау біздің 
министріміз  Көпжасар  Нәрібайұлына  түс-
кені әлі жадымызда. 
Сол  кезде  республикаға  ауадай  қажет 
болған  зәру  мамандықтар  мен  жаңа  оқу 
орындарын  ашуға  Көбекеңнің  өзі  тікелей 
жетекшілік  жасап,  Алматы  мемлекеттік 
театр  және  көркемөнер  институты,  Рудный 
индустриалды 
институты, 
Қостанай 
ауылшаруашылығы  институты,  Семей  ет 
және сүт өнімдері технологиялық институты 
секілді  т.б.  ондаған  жоғары  және  арнаулы 
орта оқу орындары жаңадан ашылған еді. 
Көбекең  жайлы  әңгіме  қозғағанда,  1986 
жылғы әйгілі «Желтоқсан оқиғасын» айтпай 
кетуге  болмайды.  Ол  оқиға  халқымыздың 
басына  түскен  азалы  ауыртпалық,  үлкен 
нәубет  болғанын  бүкіл  әлем  біледі. 
К.Н.Нәрібаев  «ұлтшыл»  деп  айыпталып, 
министр  қызметінен  босатылды.  Негізгі 
тағылған  айып  –  министрлік  лауазымды 
асыра пайдаланып, жоғары оқу орындарында 
қазақ жастарын шектен тыс көбірек оқытты; 
басқа  ұлттардың  өкілдеріне,  әсіресе,  орыс 
халқының мүддесіне орасан зор зиян келтірді 
дегенге  сайды.  Осылайша  жоғарыдағылар 
министр  ағамызға  «өз  еркімен  кетуге» 
өтініш жазғызды. Біз сонда: 
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын, 
Бас ұрып қара жерге сұлағанын, –
деп ұлы Абай айтқандай, атпал азаматын 
қадірлемеген 
өзіміздің 
арамыздағы 
жандайшаптарды көріп, куәсі болдық. 
Алайда, уақыт деген Ұлы Таразы бүгінгі 
күнде  бар  нәрсені  өз  орнына  қойды.  Осы 
жерде мен ағамыздың тұла бойынан кешегі 
ұлтын  сүйгендігі  үшін  «ұлтшыл»  деген 
жаламен  бастарын  бәйгеге  тіккен  алып 
тұлғалар Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып 
Дулатовтың, Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек 
Аймауытовтардың  өршіл  де  сыршыл, 
тұңғиық  та  терең  тылсым  жан  дүниесін 
көргендей боламын. «Ел – бүгіншіл, менікі 
– ертеңгі үшін» деп Ахаң айтқандай, кешегі 
«шаш ал десе, бас алатын» – басшысымақтар 
өткен күнге қызмет етсе, ал ағамыз болашақ 
үшін  –  бүгінгі  егемен  еліміздің  келешегі 
үшін өлшеусіз қызмет еткенін, біртуар үлкен 
тұлға  екенін  Уақыт  дәлелдеді.  Сондықтан 
да  ел  басына  сын  сағаты  туған  сәтте  ұлт 
басына  түскен  нәубетке  қаймықпай  қарсы 
тұра  білген  азаматқа  болашақ  ұрпақтың 
айтар алғысы шексіз деп ойлаймын. Бұндай 
азаматқа артық мақтаудан гөрі бас ию, іштей 
тағзым ету лайық секілді... 
Көбей ағамыздың одан кейінгі қызметтік 
өмірбаянын жалпы жұрт біледі.
Әсіресе,  ҚазМУ-де  ректорлық  қызмет 
еткен  кезеңдері  Көпжасар  Нәрібайұлының 
өмір  жолындағы  ең  бір  жемісті  жылдары, 
айрықша  аталатын  кезеңдер  еді.  Ол 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
10
жөнінде  әл-Фараби  университетінде  өткен 
жиында  баяндама  жасаған  университет 
ректоры,  академик  Ғ.Мұтанов  мырза  өте 
мазмұнды  баяндап,  ол  жылдарды  қыруар 
жаңалықтардың, соны серпілістердің «алтын 
кезеңі» деп жоғары бағалады. Мұны жиынға 
жиналған жұрт, сөйлеушілер шынайы риза-
шылықпен, үлкен алғыспен атап өтті [2, 34]. 
Ол  жылдардағы  Көбекеңнің  еселі  ең-
бегі  жайлы  әл-Фараби  университетінде 
жасалған  баяндама  мен  жарыссөздерде, 
мерзімді  баспасөз  беттеріндегі  сан  түрлі 
мерейтойлық  мақалаларда  молынан,  жан-
жақты  айтылып  келеді.  Сондықтан,  бұған 
ел  қанық  әрі  қайталау  болмасы  үшін  мен 
назарларыңызды басқа жайттарға аударсам. 
Ол қандай мәселе еді?
Қазақта  «жақсының  жақсылығын  айт 
–  нұры  тасысын»  деген    ұлағатты  сөзді 
барлығы  мәлім.  Сол  себептен  ағамыздың 
күнде  айтыла  бермейтін  қандай  қырына 
тоқталсақ  та,  артықтық  етпес.  Құрметті 
ғалым-ұстаздың  оқу-білім  мен  ғылымдағы, 
педагогикалық-ұйымдастырушылық 
қызметтегі  ерен  еңбектерін,  оның  жақсы 
нәтижелерін таңды таңға асырып баяндауға 
болатындай. Ол жалпы жұртқа жақсы таныс. 
Бізде «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр да» 
адами  игі  қасиеттер  –  адалдық,  адамгерші-
лік,  кісілік,  кішілік,  қарапайымдылық  пен 
қайырымдылық сынды сапалық белгілердің 
орны  ерекше  екені  белгілі.  Сондықтан, 
жақсы  қызмет,  жоғары  амал,  үлкен  жұмыс, 
биік  мәнсап  –  бәрі  өткінші;  бүгін  –  бар, 
ертең – жоқ дүниелер. Ал бізге керегі, кейінгі 
ұрпаққа өнеге боларлық – адамгершілік, ада-
ми  қасиет,  кісілік  келбет,  бітім-болмыс.  Ол 
адамның  өзімен  бірге  мәңгі  жүретін  асыл 
белгілер.  Осыны  ойлай  отырып,  аталған 
асыл қасиеттер мен одан ғалым ағамыздың 
алатын  орны  жайына  тоқталсақ.  Өйткені, 
бұл  –  қызмет  бабындағы  атқарылған 
шаруалардың баршасы – Көбекеңнің көпші-
лік  байқап,  көріп,  куәсі  болып  жүрген 
қырлары.  Ал  біздің  айтайын  дегеніміз  – 
адами келбеті. Сондықтан енді қалың жұрт 
біле  бермейтін,  осы  күнге  дейін  өте  құпия 
болып келген қыры, елден жасырып жүрген 
сыры жөніне ауысалық. Мұны мен өз басым 
да жақында байқадым. Көпшілігіміз сондай 
халде болдық деп ойлаймын. 
Ол не құпия сыр еді? Бұл қандай жасырын 
жайт  болатын?  Жалпы,  ғалым-ағамыздың 
екінші  әлемі  –  рухани  дүниесі  бай  екені 
сырттай  сезілетін.  Алайда,  Көбекеңнің 
жар ты  ғасырдан  астам  (60  жылға  тарта) 
уақыттағы оңашадағы сырлары – ол қағазға 
түскен  жырлары  екенін,  басқаны  қайдам, 
бірге  қызметте  жүрген  біздің  өзіміздің 
білгенімізге  бары-жоғы  10-15  күн  ғана 
болды [3]. 
Сөйтсек,  К.Нәрібайұлының  ақындық 
өнермен  де  байланысы  бар  екен.  Мұны  да 
күні  кеше  Көбей  Нарбайұлы  деген  атпен, 
«Жасырын  жатқан  жырларым»  дейтін 
өлеңдер  жинағын  мамыр  айының  соңына 
таман баспаға ұсынған кезде ғана аңғардық.
Тарихы  сонау  1956  жылдан  –  автордың 
жас тық шағынан бастау алатын қолжазбаны 
оқи отырып, өзіміздің де жастық шағымыз, 
бала күндеріміз еске түскендей болды. 
Оқырманға арнауында:
Әрине, маржан емес мұның бәрі, 
Болса да жүрегіме менің дәрі.
Керегін, оқырманым, өзің таңда,
Болса егер сөздің мәні, ойдың нәрі, –
дейді автор. Өте орынды орам, парасатты 
пайым, байыпты байлам.
Әрине, бәріміз де жас болдық, сол жастық 
шақтың  қызығына  мас  болдық.  Бүгінде  ол 
заман,  өткен  дәурен  туралы  айтылар  ой, 
ақтарар сыр әрқайсымызда жетерлік. 
Жинақтағы  жырлар  оқырманына  ой  са-
ла рлық,  қиялына  қанат  бітірерлік  өршіл, 
өміршең өлеңдер. Онда табиғат көріністері, 
көктем суреттері, адамның сыршыл сезімдері, 
ұнату,  ғашықтық,  махаббат,  сүйіспеншілік, 
құрбы-құрдас,  жора-жолдас,  достық  қа-
рым-қатынас  мәселесі,  дағыстандық  авар 
халқының көрнекті ақын қызы Фазу Әлиева 
өлеңдерінің аудармалары т.т. көрініс тапқан. 
Мәселен, «Күлімде көктем» атты өлең 1957 
жылы наурызда жазылыпты. Ол кезде автор 
19 жаста екен.

11
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
Күлімде көктем, күлімде,
Шаттық бар сенің үніңде.
Аямай төк шуақты,
Күлімдей  түс  бүгін  де!  –  деп  жазыпты 
Көбекең сол кезде.
Көріп отырсыздар, құрметті оқырман, төрт 
аяғын тең басқан өлең шумағы екенінде дау 
жоқ. Мұндай сәтті шумақтар, тәтті қиялдан 
туған  шынайы  жырлар  көп-ақ.  Желтоқ сан 
оқиғасына,  ел,  жер,  қиял  мен  үміт,  ауыл 
жайына байланысты жазылған өлеңдер мән-
мазмұны терең, әсерлі туындылар дейміз.
Қазіргі  академик  ағамыздың  кей  өлең 
жолдарына  қарап  отырып,  езуімізге  ерік-
сіз  күлкі,  жүрегімізге  жылу  ұялайды.  Жас-
тықтың  жалын  тартып  мінген  қайран, 
махаббат,  қызық  мол  жылдарға  еріксіз 
елітесің.  Әрі  қарай,  қадірлі  оқырман,  өз-
деріңіздің  патша  көңілдеріңіздің  назарына 
ұсынып,  жұмбақ  жылдардағы  жасырын 
жат қан жырларды, тылсым сырларды оқып 
шығуға кеңес береміз. «Өлеңге әркімнің-ақ 
бар  таласы»  демекші,  ағамыздың  ақжарма 
ақындық  сырларына,  өміршең  жырларына 
қанығып,  ол  жырлардан  өзін  танимыз.  Жо-
ғарыда айтып кеткеніміздей, ол кісінің адами 
тұлғасын,  бітім-болмысын  байқаймыз.  Сол 
арқылы жақсы әсер, лайықты ләззат аламыз.
Кейде тұстастары, замандастары аға мыз-
дың  жасына  келгенде  әлі  жас,  60-тағыдай 
көрінетінін, осындай танымал тұлғамен қыз-
меттес  болғанын  мақтаныш  ететінін  атап 
жатады.  Басқасы  басқа,  «Сырлы  аяқтың...» 
деген  секілді  ғалым  ағамыздың  сынының 
да,  ойының  да,  бойының  да,  жүрісі  мен 
тұрысының  да  қаз-қалпында  көріну  сырын 
мен енді білдім. Ол не сыр деп ойлауыңыз 
мүмкін?  ...Ол  –  жүрек  сыры,  өмірге  деген 
іңкәрлік,  жақсылыққа  деген  ынтызарлық 
жыры. 
Жалпы,  Көбекеңнің  сөз  өнеріне,  әде-
биет  пен  мәдениетке  жақындығын,  ол 
қасиеттің  тегін  еместігін  баяғыда  КазГУ-
ге  ректорлыққа  тағайындалғанда  1991 
жылы  4  сәуірде  байқағанбыз.  Онда  ағамыз 
жаңа  тағайындалған  ректор  ретінде  Білім 
министрлігінің  алқа  мәжілісінде  сөз 
сөйледі.  Сонда  бұл  кісіні  алғаш  көруім. 
Қазақ  тілінде  де,  орысша  да  ағып  тұрды. 
Нағыз  тарпаң  жорғаның  өзі  екен.  Өте 
шешен  сөйледі.  Мәжілісте  отырғандардың 
барлығының жанын жадыратып, көңілдерін 
қанаттандырды.  Экономист  емес,  дәп  бір 
тіл-әдебиет маманы секілді өз ана тілінде де, 
қайын  жұртының  тілінде  де  (орыс  тілінде) 
өте  әдемі  сөйлеп  шықты.  Бұл  да  бізге  үлгі 
алатын өнеге. 
Кейіннен  1992  жылы  Әзекең  ағамыз 
(Қа  зақстанның  халық  жазушысы  Әзілхан 
Нұршайықов) өзінің 70 жылдық мерейтойын 
ҚазМУ-де дүркіретіп атап өтіп, сол мәжілісте 
ректор К.Нәрібаев терең мазмұнды баяндама 
жасағанда  айтқан:  «Қазақтың  үлкенді-кіші-
лі  зиялылары  тегіс  ана  тілін,  ана  тілінің 
әдебиетін  мамандығы  экономист  Көпжасар 
бауырымдай  білсе,  ұлтымыздың  мұртын 
балта шаппас еді-ау!», – деп армандап таң-
қалғаны әлі есімізде.
Қазіргі  таңда  профессор  К.Нәрібаев  – 
экономиканы  басқару  мен  экономикалық 
білім  беру,  жоғары  білім  жүйесін  зерттеу 
салаларында  республикадағы  аса  көрнекті 
ғалымдардың  бірі.  Жалпы  көлемі  600 
баспа  табақтан  асатын  350-ден  астам 
ғылыми  еңбектердің  авторы.  Оның  30-ы 
–  монография,  оқулық,  оқу  құралдары 
сияқты ірі де іргелі туындылар. 154-і шағын 
кітапшалар. 
Көбекеңнің  таяу  және  алыс  шетелдерде 
4  кітабы  және  15  ғылыми  мақалалары 
жарық  көрді;  екі  еңбегі  Америкада,  біраз 
жұмыстары  Германия,  Франция  және 
Ұлыбританияда  шетел  тілдерінде  басылып 
шықты.  Ғалымның  жетекшілігімен  эко-
номика  ғылымдарының  жаңа  салалары 
бойынша 5 докторлық және 15 кандидаттық 
диссертациялар жазылып, сәтті қорғалды. 
Көпжасар ағамыз 2008 жылдан бері Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни-
верситеті  ректорының  кеңесшісі  қызметін 
абыроймен атқарды. Абай университетіндегі 
үлкен еңбегінің бірі – Ұлттық тәрбие туралы 
ректор  С.Ж.Пірәлиевтің  тың  идеясын  ой-
дағыдай  іске  асыруда  басшымызға  шын 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
12
мәніндегі көмекші, жәрдемші, ақылшы бола 
білгені.  Университетте  «Ұлттық  тәрбие» 
атты  арнайы  пән  оқу  жоспарына  енгізіліп, 
барлық  мамандықтарда  оқытылып  жатыр. 
«Ұлттық  тәрбие»  кафедрасы  ашылды;  оғ-
ан  жетекші  мамандар,  білікті  ғалымдар 
тартылды. «Ұлттық тәрбие» журналы шыға 
бастады. 
Сондай-ақ,  академик  К.Нәрібаевтың  ұс-
ынысымен 2010 жылы университетте «Тұл-
ғатану»  орталығы  құрылды.  Бұл  орталық 
қазірде  ұлттық  тәрбиені  іске  асырудың 
ең  тиімді  түрі  ретінде  ойдағыдай  қызмет 
атқарып  келеді.  Соның  нәтижесінде  сту-
дент-жастар  халқымыздың  көптеген  ірі 
тұлғаларымен  танысты.  Мұнда  шәкірттер 
қазақтың  көрнекті  ғалымдары,  ақын-жазу-
шылары,  атақты  билері  мен  батырлары, 
талантты  өнер  қайраткерлері  туралы  дәріс-
тер  тыңдап,  қызықты  мәліметтермен  қа-
нықты.  Сөйтіп,  жастарымыз  ұлтымыздың 
ірі тұлғаларға бай, тарихы терең, мәдениеті 
жоғары  екенін  танып,  сол  тұлғалардың 
өмірі, ұлтын-халқын сүюі, елі үшін жасаған 
ерліктері өздеріне үлгі болатынына көздерін 
жеткізді. 
Академик  К.Нәрібаев  соңғы  жылдары 
ҚР  Ұлттық  ғылым  академиясы  Қоғамдық 
және  гуманитарлық  ғылымдар  бөлімшесі 
төрағасының  орынбасары  қызметінде.  Ға-
лым-ұстаз  академияның,  оның  аталған 
бөлімшесінің  өркендеп  дамуына  барынша 
үлес қосып келеді. 
Қысқасы,  қандай  қызметте  болсын 
К.Н.Нәрібаев  білікті  басшы,  талантты 
жетекші,  тәжірибелі  ұстаз,  дарынды 
ғалым,  қарымды  қайраткер  секілді  та-
маша  адамгершілік  қасиеттерді  бойына 
жинақтаған абзал азамат.
Сөз соңында айтарымыз, қадірлі Көпжасар 
Нәрібайұлы,  70-80  жастың  арасындағы 
өт кел  іспетті  75  жылдық  мерейтойыңыз 
тағы  да  құтты  болсын  дейміз.  Академик-
ғалым ағамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, 
отбасыңызға амандық, мол береке тілейміз. 
Әдебиеттер
1  Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. – Алматы: Білім, 2005. – 576 
б.
2  Қазақстанның болашағы – жастар. – Алматы: «Қазақ университеті», 2009.
3  Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2011.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»
Абай Құнанбаев.

13
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
Менің таңдауым – бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу!
Пірәлиев С.Ж.
ӘОЖ 37.015.311
М.А.Нуриев 
 т.ғ.к., профессор,
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры,
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер,
Абай атындағы ҚазҰПУ
КӨРЕГЕНДІК ПЕН КЕМЕҢГЕРЛІК ИЕСІ – КӨБЕКЕҢ
Бұл мақалада көрегендік пен кемеңгерлік иесі – Көпжасар Нәрібайұлы жайында жазылған.
Түйінді  сөздер:  модернизация,  интелектуалды  тұлға,  ұстаз,  ғалым,  профессор, 
академик.
В данной статье написано о гениальности и зоркости  – К.Нарибаевиче.
Ключевые  слова:  модернизация,  интелектуальная  личность,  наставник,  ученый, 
профессор, академик.
This article is written about the genius and vigilance – K.Naribaev’s.
Keywords: modernization, intelligence personality, mentor, scientist, professor, academician.
Жақсы  адам  күннің  жарық  сәулесі  се-
кілді,  мейірім-шапағаты  жан-жағына  ор-
тақ  шашылып  тұрады.  Мен  үшін  сондай 
теңеуге  тұрарлық  жақсы  адам  –  экономика 
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ-
станның еңбек сіңірген ғылым және техника 
қайраткері,  Қазақстан  Республикасының 
Ұлт тық  ғылым  академиясының  академигі, 
сонымен қатар Халықаралық және Қазақстан 
Жоғары  мектеп  ғылым  академиясының, 
Халықаралық  Еуразия  экономикалық  ака-
демиясының,  Украинаның  экономикалық 
академиямының    толық  мүшесі  Көпжасар 
Нәрібайұлы.  Біз  өзіміз  түйдей  құрдаспыз, 
сондықтан да, мен ол кісіні Көбеке деймін. 
Адам  баласы  туа  салып  бірден  ақыл-есі 
толысқан,  білімді,  білікті  тұлғаға  айнала 
салмайды.  Адамның  кемеңгер  тұлғаға  ай-
налуына  ең  алдымен  ата-анасы,  одан  соң 
мектеп,  оқу  орындарының  ұстаздары  көп 
еңбек  сіңірді,  бір  сөзбен  айтқанда  өскен 
ортасы зор әсерін тигізеді. Әрине, бұлардан 
да  бұрын  адамның  өмірінде  қандай  да 
жетістіктерге  жетуіне  оның  шыққан  тегі, 
негізі әсер етеді. Өмірде өзінің орнын тапқан, 
бүгінде елімізге белгілі ғалым, білікті ұстаз 
ретінде айқындалып отырған, бүкіл ғұмыры 
артындағы  жастарға  үлгі  болып  қалған 
кемеңгер  тұлғаның  қалыптасуына,  әрине, 
оның  көрегендігі  үлкен  әсерін  тигізген. 
Яғни, бірінші кезекте саналы білім алуына, 
көреген  басшы,  атақты  ғалым  болуына 
қолдау көрсетіп, озық тәрбие берген, шыққан 
тегі, әжесі, әке-шешесі. 
Мұны  өзінің  «Тұлғаларға  тағзым»  ат-
ты  естелік  кітабынан  байқасақ  болады. 
Жанұясын  уысына  ұстап  отыратын  Қал-
дығыз  әжесінің,  арнайы  білімі  болмаса 
да  көзі  ашық,  көкірегі  ояу,  айтқан  сөзін 
екі  етпей  орындатқызатын,  бірақ  өзі  үшін 
үнемі мейірімді әкесінің, текті жердің қызы 
болса  да  Қалдығыз  әжесінің  тәрбиесінен 
өткен  парасатты  ана  болмысының  бала 
тәрбиелеудегі  рөлі  өте  әсерлі  жазылған. 
Болашақ  ел  азаматы,  ғалым-ұстаздың 
осын дай  өнегелі  жанұядан  қанат  қағып, 
түлеп  ұшқаны  тәнті  етеді.  Осыдан  қарап, 
Көбекеңнің көргенді жерден шыққан көреген 
азамат екеніне көз жеткіземіз.
1955  жылы  онжылдық  мектепті  бітіріп 

14
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Алматыға  оқуға  түсуден  бастаған  ғылым 
жолы әлі де жалғасын табуда. Сол аралықта 
атқарған  еңбектері  қаншама.  1960  жылы 
уни  верситетті  бітіре  салысымен  Мәскеу 
қаласына  аспирантураға  жолдама  алған. 
Ал  1973  жылы  ауыл  баласы  Алматыға 
оқуға  түсуді  армандап  жүргенде  Көбекең 
Америка  Құрама  Штаттарына  бір  жылдық 
стажировкаға барған. Ол кезде қазақ баласы 
Америкаға  бару  деген  үлкен  сенім,  үлкен 
абырой болған.
Дана  халқымыздың  «Жігітті  талап  же-
телеп,  арман  өсіреді»  дейді.  Бала  күнінен 
болашаққа  талаптандырған  ата-анасынан 
кейін,  арман  қуып  Алматыда,  одан  Мәскеу, 
мұхит  асып  Америкада  мол  тәжірибе 
жинақтады.  Алматы  халық  шаруашылығы 
институтында аға оқытушылықтан бастаған 
ғылым  жолы,  кафедра  меңгерушісі,  декан, 
проректор  болуға  дейін  үздіксіз  жалғасын 
тапқан.  Одан  жоғары  қызметтерге  ауысып 
Қазақстанның  жоғары  және  арнаулы  орта 
білім  беру  министрінің  орынбасары,  одан 
бері  министрі  қызметтерін  атқарды.  Он 
жылдан  аса  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 
Ұлттық  университетінің  ректоры  болды. 
1991  жылы  ректор  болып  тағайындалғанда 
университет  С.М.Киров  атында  болатын. 
Тәуелсіздіктің  желі  есіп,  егемендік  табал-
дырықтан  аттаған  мезетте  ең  алғаш  уни-
верситетке  Әл-Фараби  бабамыздың  атын 
беруге  ұсыныс  жасаған  кісі.  Сол  кездегі 
Өкімет 
төрағасы 
С.А.Терещенконың: 
«Шым кентте  Фараби  атында  мәдениет 
институты  бар,  ол  кісіге  сол  жетеді»  деген 
қарсы  сөзіне  Көпжасар  Нәрібайұлы: 
«Ба бамыздың  тұлғасы  бір  кішкентай 
институтқа емес, біздің университет сияқты 
үлкен  жоғары  оқу  орнына  лайық,  ол  кісі 
ғұлама  ғалым  –  энциклопедист»  деген 
сөз дермен  жауап  қайырып,  елбасымыз 
Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауымен қазіргі 
Қазақстанның абыройлы, ең ірі оқу орнына 
Әл-Фараби есімін алып берген. Одан өзге де 
ұстаз-ғалымдардың жағдайын жақсартатын, 
университеттің  оқыту  және  ғылыми  зерт-
теу  базаларын  нығайтатын  іс-шараларды 
көптеп  жасады.  Атап  айтсақ,  1993  жылы 
университетке  өзін-өзі  басқаратын  авто но-
миялық  мәртебе  де  алып  берген  Көпжасар 
Нәрібайұлының ерен еңбегі.
Сырт  қарағанда  жақсы  адамдарға  бері-
летін  мінез-құлық,  ой-пікір  ұқсас,  кейде 
тіпті бірдей сияқты көрінуі де мүмкін. Бірақ, 
үңіле байыптап қараған адамға әр адамның 
өзіндік орны бір-бірінен ерекшеленіп тұра-
ды.  Көбекеңнің  бойында  жақсы  адамға, 
ұлттық  тұлғаға  тән  қасиеттер  көп.  Жақсы 
қасиеттер әрбір адамның бойында бары хақ, 
бірақ соны факті арқылы таныта білуі екінің 
бірінің  қолынан  келе  беретін  іс  деп  айта 
алмаймын.  Адамды  ерекшелендіретін  де, 
халық қалаулысы қылатын да осы фактор дер 
едім. Көпжасар Нәрібайұлы әсіресе жақсыға 
тән 
адамгершілік, 
қарапайымдылық, 
кішіпейілділік,  адалдық,  бауырмалдық 
сын ды  қасиеттер  ерекше  көрініп  тұрады. 
Ол  кісі  министр  болып  тұрғанның  өзінде 
үлкен-кішіге  бірдей  қарайтын,  әрі  ешкімді 
жасына  бөлмей,  соған  сай  сый-құрмет 
көрсете  отырып,  алдына  келген  жанның 
жан дүниесіне үңіле білетін. Өте еңбекқор, 
ізденімпаздығынан да болар нағыз азаматқа 
тән ірілікті, алғырлықты, жан тазалығы мен 
келбеті үйлескен адам екеніне сүйсінесіз.
Көпжасар  Нәрібайұлы  қай  жұмыста 
болмасын  өзінің  біліктілігімен,  іске 
деген  жауапкершілігімен,  жоғары  адами 
қасиеттерімен  көзге  түсіп  келеді.  Ол  өз 
мүддесінен  гөрі  ұлттық  мүддені  жоғары 
қойып  отыратын  қайраткер.  Қайтсек  қазақ 
мектебін қалыптастырамыз, жастарымызды 
елін,  жерін  сүйетін  ұлтжанды  патриот 
етіп  тәрбиелейміз,  ал  мұның  алғышарты 
қайсы,  жоғары  оқу  орындарын  ұлттық 
сипатқа  көшірудің  жолдары  қалай  болады 
деп  он  ойланып,  жүз  толғанған  Көбекең 
бұл  ойларын  ашық  айтып,  ел-жұртты  елең 
еткізген  кездері  де  болды.  2009-2010  оқу 
жылында  Абай  атын дағы  Қазақ  ұлттық 
педагогикалық  университетінің  ректоры, 
профессор  Серік  Пірәлиевтің  жобасымен 
оқу  орнында  «Ұлттық  тәрбие»  пәні  оқу 
үдерісіне  енгізіліп,  осы  аттас  кафедра, 

15
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
ғылыми-теориялық журнал ашылып, жақсы 
іс  қолға  алынғанда  оның  басы-қасында 
болғандардың  бірі  осы  Көпжасар  Нәрібаев 
еді.
Академиктің 
мұрындық 
болуымен 
университетте  ұлттық  тәрбие  жөніндегі 
республикалық үйлестіру кеңесі құрылды.
Осындай  игі  істерінің  жалғасы  ретінде 
профессор  Көпжасар  Нәрібаев  бүгінде 
университетте  жаңа  ашылған  «Тұлғатану» 
орталығына  да  (директо ры  Д.Мұқатова) 
басшылық  жасап,  оның  жұмысына  бағыт-
бағдар  беріп  келеді.  Бұл  орталық  еліміздің 
мемле кеттігінің қалыптасуына, ғылымы мен 
мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің дамуына 
өлшеусіз  үлес  қосқан  тұлғалардың  өмірі 
мен қызмет жолын, елге сіңірген еңбектерін 
зерттейді, студенттерге таныстырады. 
Қызмет  жолын  аяқтап,  зейнетке  шыққан 
күннің  өзінде  еңбектенуді  доғармаған  ол 
кісінің  ісі  мансап  қуғаннан  емес,  жұмысқа 
жан-тәнімен  берілген  жанның  қалпында. 
Барша  қызметкерлерге  қойылған  талаппен 
таңның  атысы,  кештің  батысына  дейін 
жұмыста  еңбектенуіне  қарап  онан  сайын 
құрметіміз арта түскендей болады. Ешқашан 
ол  кісінің  жасаған  жақсылығы  мен  істеген 
ісін  міндет  етіп  отырғанын  байқаған 
емеспін.  Олай  дейтінім  мен  Көбекеңмен 
бір  мекемеде  бұдан  бұрын  да  қызметтес 
болдым.  1984  жылы  жоғары  және  арнаулы 
орта  білім  министрлігінің  аппаратына 
қызметке  шақырылдым.  Ол  кезде  осы 
министрліктің  бір  жетекшісі  –  Көпжасар 
Нәрібаев еді. Мен министрліктің ең маңызды 
бөлімі  –  Жоғары  оқу  орындары  бойынша 
Бас басқармасының бастығы және коллегия 
мүшесі  етіп  тағайындады.  Бұл  қызметте 
жоғары  оқу  орындарының  жағдайын  терең 
талдап, оқу-тәрбие және ғылыми-әдісемелік 
жұмыстарының  жетілуіне  тікелей  ықпал 
жасады. Осы министрлікте бірге істеп жүрген 
кезде  К.Нәрібаевтің  жаңашыл  жетекші 
екеніне  көзім  жетті.  Өз  тәжірибемізді  
жетілдірумен  қатыр,  басқа  елдердің  озық 
тәжірибесін  жинауға  және  оларды  білім 
жүйесіне  ендіруге  көп  көңіл  бөлетін.  Осы 
қызметте  істей  жүріп  ол  өзінің  басшылық, 
ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытып, 
жоғарыда  айтып  кеткендей  Әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің 
ректоры болып та басшылық қырынан үлкен 
жетістіктерін көрсетті [1].
Осының  бәрі  Көпжасар  Нәрібайұлының 
қайда  жүрсе  де,  қандай  қызмет  атқарса  да, 
жаңалық жолында ұйымдастырушы, қабілеті 
мол, кез келген қызметті дөңгелетіп әкететін, 
білімді, іскер азамат екенін көрсетеді. Жасы 
75-ке  келсе  де  ой-пікірі  тың,  үнемі  ізденіс 
үстінде  отырады.  Қоғамдық  құбылыстарға 
терең  түсінікпен,  шәкірттеріне,  мейлі 
алдына келген басқа жандарға болсын үлкен 
кеңшілдікпен,  әкелік,  ағалық,  замандастық 
қамқорлықпен қарайтын тұлға. Өйткені, өзін 
де  осы  қоғамның  белсенді  азаматы,  белді 
қайраткері  санайды.  Ол  кісіге  қарап  кез 
келген шәкірттері ұлылықты бір ғана ұстаз 
бейнесіне  тоғыстырған  адамдықтың  биік 
үлгісін көретіні рас.
Тек  шәкірттері  ғана  емес,  «ұлың  –  ізің, 
қызың  –  өрісің»  демекші,  ұяда  көрген 
тәрбие балаларына да қанат болып, барлығы 
да  түрлі  салада  абыройлы  еңбек  етуде. 
Парасатына  пайымы  сай,  салиқалы  да 
зерделі, сыпайы сый мен үлкен абырой иесі 
– Көбекең көргенді жердің кемеңгер тұлғасы 
деуге әбден лайық жан.
Әдебиеттер
1  Нарибаев К.Н. Тұлғаларға тағзым.  – Алматы: «Ұлағат»,  2012. - 480 б.

16
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
УДК 37 8:33
К.Н.Нарибаев
Академик НАН РК
КазНПУ им.Абая
ВОСПИТАНИЕ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ СПЕЦИАЛИСТА
В данной статье рассматривались основные анализы экономической культуры, а так же и 
формирование будущих специалистов экономической культуры.
Ключевые  слова:  воспитание,  личность,  культура,  экономическая  культура, 
государство, общество, образование.
Мақалада экономикалық мәдениет түсінігіне анықтама беріліп, оны құрайтын элементтері 
талданады.  Болашақ  мамандардың  экономикалық  мәдениетін  тәрбиелеп  қалыптастыру 
жолдары қарастырылады. 
Түйінді сөздер: тәрбие, тұлға, мәдениет, экономикалық мәдениет, мемлекет, қоғам, 
білім.
This article discusses the basic analyzes of economic culture, as well as the development of 
future professionals and economic culture.
Keywords: training, personality, culture, economic culture, state, society, education.
Радикальная  экономическая  реформа 
все  шире  и  смелее  реализуется  во  многих 
сферах  народного  хозяйства  страны  и  дала 
весьма  положительные  результаты.  Эко-
номика  растет  высокими  темпами  и  ха-
рактеризуется  крупными  достижениями  во 
всех ее отраслях. 
Вместе с тем на пути реформы возникают 
немало  трудностей  как  объективного,  так 
и  субъективного  порядка.  Это  остатки  ста-
рого  хозяйственного  механизма,  не  пол-
ностью  преодолены  затратный  прин цип 
хозяйствования,  административно-ком анд-
ные  методы  управления.  Немалый  вред 
реформе  нанесла  экономическая  непод-
готовленность  кадров,  экономическая  без-
грамотность не только рядовых работников, 
но  и  руководителей  среднего  и  высшего 
звена.  В  этой  связи  создалась  реальная 
трудность  при  разработке  и  внедрении  на 
предприятиях  элементов  нового  хозяйс-
твенного  механизма,  переводе  их  на 
рыночные отношения. 
Пробелы  в  экономических  знаниях  сыг-
рали свою отрицательную роль еще в годы 
застоя,  что  привело  к  игнорированию 
действий  объективных  экономических 
законов  развития  общества,  усилению 
диктата 
административно-командных 
мето дов  управления  экономикой.  Сей-
час,  когда  осуществлен  переход  от  адми-
нистративных  к  экономическим,  от  экс-
тенсивных  к  интенсивным,  от  затратных  к 
противозатратным методам хозяйствования, 
дефицит  в  экономическом  образовании  и 
воспитании  просто  не  допустим.  Успех 
радикальной  экономической  реформы  на-
ряду  с  другими  факторами  во  многом 
зависит от уровня экономической культуры 
всех,  от  рядового  рабочего  до  высшего 
руководителя.  Все  это  требует  коренного 
совершенствования  экономического  обу-
чения  всех  слоев  трудящихся,  особенно 
работающей  молодежи.  Не  только  потому, 
что  она  многочисленна,  но  и  потому, 

17
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
что  настроена  прогрессивно  ко  всем 
радикальным изменениям и очень нуждается 
в  новом  экономическом  мышлении,  новом 
экономическом  поведении  в  условиях 
реформы, в условиях рыночных отношений.
Экономическая  культура  в  новых 
условиях хозяйствования приобретает особо 
важное  значение.  Только  высокий  уровень 
экономической культуры позволяет грамотно 
анализировать происходящие общественные 
процессы с позиции экономической теории, 
осмысливать  экономические  явления  и 
познавать  их  закономерности  и  тенденции, 
видеть  взаимную  связь  и  взаимодействие 
экономических  категорий  и  законов  с 
хозяйственной  практикой.  Именно  уровень 
экономической  культуры  определяет  сте-
пень  необходимого  и  возможного  совер-
шенствования  организации  управления 
производством, привлечения широкого круга 
людей  в  управлении  производственным 
коллективом.  Научное  обоснование  эконо-
мической, хозяйственной политики, решение 
крупномасштабных экономических проблем 
как  радикальная  экономическая  реформа 
также зависит от экономической культуры. 
Она нужна не только в сфере производства, 
но  и  не  в  меньшей  степени  в  сфере 
распределения  и  потребления.  Проблемы 
обеспечения  социальной  справедливости, 
формирования  рациональной  структуры 
потребления,  усиления  контроля  за  мер-
ой  труда  и  потребления,  искоренения 
возможности нетрудовых доходов являются 
не  только  политическими,  но  и  важными 
экономическими  проблемами,  успешное 
решение  которых  находятся  в  прямой 
зависимости  от  состояния  экономической 
культуры. 
Экономическая культура − понятие емкое, 
комплексное  и  включает  ряд  элементов 
как  экономические  знания,  экономическое 
мышление  и  убеждение,  экономические 
навыки и поведения и т.д.
Фундаментом  экономической  культуры, 
как  и  впрочем  любой  культуры  (полити-
ческой,  нравственной,  эстетической  и  т.д.) 
являются  знания.  Экономические  знания 
–  это  систематизированная  совокупность 
сведений  и  данных  об  экономической 
теории и хозяйственной жизни в обществе, 
в  отраслях  и  регионах,  на  конкретных 
предприятиях.  Теоретическая  часть  знаний 
представляет собой экономические понятия 
и  категории,  законы  и  закономерности, 
тенденции 
и 
другие 
теоретические 
обобщения,  сведения  о  характере  и  свой-
ствах  материальных  благ,  способах  их 
производства, 
обмене, 
распределении 
и  потреблении.  Экономические  знания, 
кроме  того,  включают  сведения  реальной 
экономической  жизни,  о  результатах  про-
изводства  на  конкретных  предприятиях  [1, 
34]. 
На  базе  экономических  знаний  фор-
мируются  экономическое  сознание  и 
убеждение, которые также являются важными 
компонентами  экономической  культуры. 
Экономическое  сознание  помимо  знаний 
включает еще экономические идеи, взгляды, 
суждения и чувства, что в большей степени 
зависит  от  индивидуальных  особенностей 
каждой личности. Через экономическое соз-
нание  каждый  выражает  свое  отношение  к 
различным явлениям экономической жизни 
общества в конкретный момент. 
На  экономическое  сознание  действует 
внешние  факторы,  окружающая  среда, 
мнение  трудового  коллектива,  в  результате 
чего  формируется  экономическое  убеж-
дение.  Оно  проявляется  в  готовности 
человека  действовать  в  определенных 
экономических  условиях  определенным 
способом. 
Важной составной частью экономической 
культуры  является  экономическое  мыш-
ление,  с  помощью  которого  познается 
сущность  экономических  процессов  и 
явлений, 
анализируются 
конкретные 
экономические ситуации. Иначе говоря, это 
творческий процесс, мысленно отражающий 
экономическую  действительность  в  самых 
различных  формах  и  связях.  Благодаря 
именно 
этому 
активному 
элементу 

18
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
экономической  культуры,  вырабатываются 
новые идеи и подходы, прогнозируется но-
вое состояние экономических отношений. 
Взаимодействие  всех  вышеназванных 
эле ментов  экономической  культуры  как 
результат материализуется в экономических 
навыках,  экономическом  поведении 
человека, которые непосредственно влияют 
на уровень всей экономической деятельнос-
ти  людей.  Навыки,  умения,  опыт  обогаща-
ют  экономическую  культуру,  способствуют 
выполнить  экономическую  деятельность 
более  организованно,  эффективно  и 
грамотно. 
Как  важные  элементы  экономической 
культуры  формируются  предприимчивость 
и  экономическая  ответственность,  которые 
уже больше имеет практическое значение в 
деятельности  и  поведении  людей.  Деловая 
предприимчивость  −  это  активная  эконо-
мическая  деятельность,  совершаемая  на 
базе  глубоких  экономических  знаний  и 
убеждений,  творческого  экономического 
мышления с целью достижения наилучших 
результатов  производства.  Это  умение 
совершить  своевременный  маневр  матер-
иальными и трудовыми ресурсами, принять 
самое  верное  в  данной  ситуации  решение 
без директив и указаний сверху, добиваться 
выполнения  поставленных  задач  наиболее 
оптимальным образом [2, 56]. 
Экономическая  ответственность  − 
это  предвидение  конечных  результатов 
хозяйственной  деятельности  и  обеспечение 
их  достижения  наиболее  выгодным  и 
эффективным  путем.  Это  ощущение  ответ-
ственности не только за себя и свое рабочее 
место, но за весь коллектив и за все общество. 
Это  наиболее  высокий  уровень  развития 
экономической культуры, когда за состояние 
экономики несут ответственность не только 
специальные органы, не только руководители, 
а  все  без  исключения  работники.  Поэтому 
уровень  и  совершенство  экономической 
культуры  общества  измеряется  уровнем 
экономической  ответственности  всех  его 
членов. 
Формирование  экономической  культуры 
это длительный, сложный и многоплановый 
процесс.  Начиная  с  семейного  воспитания, 
этот  процесс  продолжается  до  последних 
дней  трудовой  деятельности  человека. 
Развивается и обогащается новыми данными 
в  экономической  жизни,  новыми  явления-
ми  общественного  развития,  поднимая 
тем  самым  все  выше  и  выше  уровень 
экономической культуры людей. 
Весь этот сложный процесс становления 
и развития экономической культуры условно 
можно разделить на три этапа. Первый этап 
–  это  воспитание  в  семье,  в  дошкольных 
учреждениях и общеобразовательной школе. 
Второй  этап  –  экономическая  подготовка 
и  воспитание  в  средних  специальных 
и  высших  учебных  заведениях.  Третий 
этап  –  это  экономическое  обучение  и 
систематическое  повышение  квалификации 
во время трудовой деятельности. 
Воспитание  в  семье  имеет  большое 
значение  поскольку  здесь  закладывается 
фундамент  всякой  культуры  будущего 
человека, в т.ч. экономической культуры. Но, 
к сожалению, у нас в этом вопросе большие 
упущения. В лучшем случае экономическое 
воспитание  сводят  на  трудовое.  Не  всегда 
дети ощущают значение трудового процесса, 
особенно  конечные  его  результаты.  Они 
оторваны  от  домашней  экономики,  не 
знают  каким  образов  складываются 
семейный  бюджет,  каковы  принципы  его 
формирования и расходования (очередность 
и приоритетность затрат). Это осложняется 
еще  и  тем,  что  в  нашей  стране  домашнее 
хозяйство  не  стало  объектом  и  предметом 
исследования экономической науки. В ряде 
западных стран домашняя экономика также 
как  экономика  отраслей  (промышленности, 
связи, торговли и т.д.) является официальной 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал