Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



жүктеу 2.01 Mb.
Pdf просмотр
бет9/18
Дата02.04.2017
өлшемі2.01 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы.  Астана, 2007 жыл.

2.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  –  2030:  барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі 

және әл-ауқатының артуы. – Алматы: Білім, 1998 жыл.

3.  Назарбаев  Н.Ә.  ҚР  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. 2012 жыл 27 қаңтар.

4. Назарбаев Н.Ә. Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық // Егемен Қазақстан, 2008 

жыл 31 мамыр.



Резюме

В  статье  рассматриваются  языково-литературные  ценности  как  источник  воспи-

тания.

Summary

The article deals with the linguistic and literary value as a source of education.

61

60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ИНСТИТУТЫНДАҒЫ БІЛІМ МЕН 

ТӘРБИЕНІң ҰШТАСУЫ

Т.Т. Балашов – 

 құқық және экономика 

институтының директоры,

з.ғ.к., доцент 

Экономикалық  даму  және  саяси  тұрақ-

тылық  жағынан  егеменді  еліміз  көшбасшы 

мемлекеттер қатарында келеді. Мұндай же-

тіс  тіктерге  аз  уақытта  қол  жеткізе  білуді 

мем лекет  мүддесін  қорғайтын  заңдардың 

дұрыс  қабылданғандығында  деп  түсіну  қа-

жет.  Құқық  қорғау  жүйесіндегі  реформа  – 

заң дарға түбегейлі өзгерістер енгізу арқылы 

нақты  бір  құқықтық  жүйе  құру  және  елдің 

экономикалық даму қарқынын тұрақтандыру 

болып  табылады.  Сондықтан  қабылданған 

заңдар  мен  нормативтік  құқықтық  актілер 

мем лекетіміздің экономикалық ахуалын арт-

ты руға, нарықтық қатынастарды тиімді рет­

теуге, еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 

өркениетті елдер қатарына енуіне ықпал жа­

сайды. 


Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  құқық  қорғау 

жүйе сін  реформалау  арқылы  халықаралық 

стан дарт талаптарын қанағаттандыратындай 

жаңа  құқық  қорғау  жүйесін  қалыптастыру, 

сот отырысын жүргізу тәртібі мен заңгер лер-

дің біліктілігін арттыру, ізгілік қағидаларын 

жетілдіру, сонымен қатар екінші әлемдік қар-

жылық дағдарыстың алдын алу үшін мемле­

кет  тарапынан  барлық  мүмкіндіктерді  іске 

асыру  туралы  үкіметке  нақты  тапсырмалар 

берген  болатын.  Мемлекеттің  құқыққорғау 

жүйесі  мен  экономика  саласындағы  саяса­

тына орай 2011-2012 оқу жылында универ­

ситет  жанынан  Құқық  және  экономика  ин­

ституты құрылды.

Институтымызда  өркениетке  жету  жо-

лын  да  құқықтық  мемлекетіміздің  қорға-

нын мықтап қалау үшін елді тәртіпке, ауыз-

біршілікке,  өзара  келісімге  және  ізгілікке 

шақы ратын  заң  нормаларын  халыққа  жете 

түсін діріп, қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақ-

тылықты  қалыптастыру  үшін  бар  күш-

жіге рін  салып  қызмет  атқаратын  болашақ 

заң гер  мамандар  және  егеменді  еліміздің 

нарықтық  экономикасын  тұрақтандыруға 

әсер  ететін  ішкі  механизмдерді  қолдана 

біле тін,  банк  жүйесінде  табысты  қызмет 

атқа ратын  болашақ  экономист  мамандар 

даярлануда.  Атап  айтар  болсақ,  5В030100 

– «Құқықтану», 5В030200 – «Халықаралық 

құқық», 5В050600 – «Экономика», 5В050900 

–  «Қаржы»,  5В050700  –  «Менеджмент», 

5В050800 – «Есеп және аудит», 5В051100 – 

«Маркетинг», 5В051000 – «Мемлекеттік және 

жергілікті басқару» бакалаврлары. Бітіруші 

түлектерге  бакалавр  дипломын  алған нан 

кейін  мамандық  бойынша  магистра турада 

оқуын жалғастыру мүмкіндігі бар.

Институтта бітіруші түлектерді жұмыспен 

қамтамасыз  ету,  олармен  кері  байланыс 

жасау  мәселелері  назардан  тыс  қалмаған. 

Инсти туттың  жұмыс  берушілермен  әре кет-

тесе  отырып,  іс-шаралар  жоспары  жасал-

ған.  Жұмыс  берушілердің  құрамын  Құ қық 

қорғау  органдары  мен  мемлекеттік  қыз-

мет,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 

банкі  және  ІІ  деңгейлі  банктер,  сонымен 

қатар кәсіпорындар мен жекеменшік ком па-

ниялар  құрайды.  Бітіруші  түлектер  құқық-

тану  мамандығы  бойынша  құқық  қорғау 

органдарында  (Сот,  Прокуратура,  ІІБ)  ал, 

экономикалық 

мамандықтар 

бойын ша 

«Казкоммерцбанк»  АҚ-ның  банктің  фили-

ал дарында,  «ТұранӘлемБанк»  АҚ,  «Қазақ-

станның  Ұлттық  Жинақ  Банкісі»  АҚ, 

«БанкЦентркредит»  АҚ,  «Қазақстан  Алю-

минийі»  АҚ  ұйымында,  «КазХром»,  салық 

комитеттерінде, сақтандыру компанияларын-

да,  зейнетақы  жинақтау  қорларында  және 

т.б. ұжымдарда танысу және диплом алды іс 

жүргізу тәжірибесінен өтеді.

Бұл  күнде  институтты  бітірген  түлектер 

еліміздің барлық аймақтарындағы Прокура­

тура  органдарында,  Ішкі  істер  департамен-

тінде,  Ішкі  істер  басқармасының  тергеу 

бөлімдерінде,  Әділет  департаментінде,  Ке­

ден  комитеттерінде,  Салық  комитетінде, 

Ком мерциялық  және  мемлекеттік  банктер­

де,  Сақтандыру  компанияларында,  соны­

мен  қатар,  Заң  компаниялары  мен  қаржы 

ме ке мелерінде, соған қоса шетел компания-

лары  мен  бухгалтерлік  жүйелерде  қызмет 

атқаруда. 

2011-2012 оқу жылында құрылған Құқық 

және экономика институты құрамында бәсе -

кеге  барынша  қабілетті  болашақ  заңгер -

лер  мен  экономист  мамандарын  даяр лай  -

тын  7  кафедра  қызмет  атқарады.  Институт 

құрамындағы  кафедраларда:  «Аза маттық-

құқықтық  пәндер»  (Кафедра  меңге ру-

шісі,  з.ғ.к.,  профессор  Орынтаев  Ж.Қ.), 

«Қыл мыстық-құқықтық  пәндер»  (Кафе­

дра  меңгерушісі,  з.ғ.д.,  профессор  Төлеу-

бекова Б.Х.), «Мемлекет және құқық теори­

ясы  мен  конституциялық  құқық»  (Кафедра 

меңгерушісі,  з.ғ.д.,  профессор  Дүйсенов 

Э.Э.),  «Халықаралық  құқық»  (Кафедра 

меңгерушісі,  з.ғ.к.,  доцент  Сабитова  А.А.), 

«Есеп  және  аудит»  (Кафедра  меңгерушісі, 

э.ғ.д.,  профессор  Иманбердиев  Б.Д.), 

«Қар жы» (Кафедра меңгерушісі, э.ғ.д., про­

фессор  Зиябеков  Б.З.),  «Менеджмент  және 

маркетинг»  (Кафедра  меңгерушісі,  э.ғ.д., 

профессор Смагулов А.С.) қызмет атқа ратын 

профессор-оқытушылар  құрамы  мемле кет-

тік  және  шетелдік  жоғары  оқу  орындарын-

да  біліктілігін  көтерген,  тәжірибелі  маман­

дардан  тұрады.  Институтымыздың  білікті 

профессор-оқытушылар  құрамы  уни вер си -

тет  қызметкерлерінің  құқықтық  жә не  эко -

номикалық  сауаттылық  қабілетін  арт ты  ру 

мақсатында  әр  оқу  жылында  уни вер си-

теттегі  барлық  факультеттерге  «Құқық тық 

сауаттылық»  және  «Қаржылық-эконо ми ка-

лық  сауаттылық»  атты  он  күндік  ұйым дас-

тырып, арнайы дәрістер оқиды.

Егеменді еліміздің келешегі кемел, бола-

шағы  жарқын  болуы  үшін  қоғамы мыздағы 

кез келген қылмыстық және азаматтық істер 

бойынша  туындаған  мәселелердің  екін-

ші  бір  қылмыстық  іске  әсер  етпеуі  үшін 

даулы  мәселенің  түбегейлі  әділ  шешімі 

шыға рылуы  тиіс.  Даулы  мәселенің  әділ 

шешіміне  халықтың  және  сотқа  қатысушы 

тараптардың қанағаттануы тиіс. Сондай-ақ, 

тап қазір елімізде құқық қорғау органдарын 

рефор малау  үрдісі  жүргізілуде.  Елбасының 

2010 жылдың 17 тамызында шыққан «Қазақ-

стан  Республикасында  құқық  қорғау  қыз-

меті мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру 

жөніндегі  шаралар  туралы»  Жарлығы  да 

еліміздің  құқыққорғау  жүйесін  реформалау 

қылмыстық  заңдылықты  ізгілендіру  және 

құқық  қорғау  қызметі  мен  сот  жүйесінің 

тиімділігін  арттыруға  бағытталған  бола­

тын. Қоғамда тәртіп пен саяси тұрақтылық 

қалып тасқан  жағдайда  ғана  халықтың  құ-

қық тық  санасы  оянып,  жетіле  бастайды. 

Егер,  қоғамда  тәртіп  пен  тұрақтылық 

бұзыл ған  жағдайда,  халықтың  қоғамдағы 

тәртіп  пен  саяси  тұрақтылықты  реттейтін 

заң  нормаларына  наразылығы  туып,  оны 

құрметтеуден  бас  тартады.  Мұндай  жағ-

дайда  азаматтардың  санасынан  бірін-бірі 

сыйлау, құрметтеу, өзара түсіністікпен қарау, 

этика  сақтау  сияқты  ізгілік  ұғымдары  тыс 

қалады.  Соның  салдарынан  бүгінгі  күні 

қоғамымызда  адамилыққа  кесапаттылық 

әкелетін  жағдайлар  жиі  орын  алуда.  Олар-

дың  қатарына  қылмыстық  іс-әрекеттер 

мен  адамгершілік  нормадан  ауытқуларды 

жатқызуымызға болады. Мұндай жағдайлар 

тек  бұл  күндері  ғана  осындай  сипат  алып 

отыр  дей  алмаймыз.  Себебі,  адамзат  тари­

хында қылмыстық істер қай кезде де болып 

отырған. Бірақ, оны реттейтін әр дәуірдің өз 

азаматтық және құқықтық заңдары болғаны 

тарихтан белгілі жайт. 

Сол  сияқты,  қазақ  қоғамында  да  құқық-

тық  жүйедегі  қылмыстық  және  азаматтық 

істер  бойынша  даулы  мәселелерді  билер, 

қазылар  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып 

қағи даларына сүйене отырып, шешім шыға-

рып  отырғаны  белгілі.  Билердің  құқық-

тық  жүйедегі  орны  мен  жеке-дара  билік 

қыз метіндегі  беделі  биік  тұғырдан  түскен 

емес. Билердің биік беделін қазақ халқының 

«Қара қылды қақ жарған», «Тура биде туған 

жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қанатты 

сөздері дәлелдейді. Сол замандағы сот оты­

рысы (процесс) Жер дауы, Жесір дауы, Құн 

дауы, Ар дауы сияқты дулы мәселелер бой­

ынша билердің бұқара халықты жинап, оған 

қоса  араздасушы  тараптарды  шақыртып, 

төрелік  жүргізуі  арқылы  жүзеге  асырылып 


63

62

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

отырған. Бұқара халық әртүрлі келеңсіз істің 

шиеленісіп насырға шапқан шағында даулы 

мәселелердің  шешімін  табу  үшін  беделді 

билерге  жүгінген.  Билердің  шағымданушы 

тарап тарды ымыраға келтіріп, бәтуа жаса ған 

ауызша  шешімдері  шағымданушы  тарап-

тардың арасында және күллі қоғам алдында 

өз  күшін  жойған  емес.  Олар  қазақтың  дәс-

түрлі  құқықтық  жүйесіне  өздерінің  өшпес 

іздерін салып, оны уақыт талабына сай түр-

лендіре,  дәстүрлі  құқықтың  қаймағын  қал-

қып  халық  игілігіне  жарата  білген  жандар. 

Қазылар  шешімі  несімен  құнды?  Билер 

шешімін  бұқара  халық  неге  қарсылықсыз 

қабылдаған?  Билерге  деген  құрмет  неге 

жоғары?  Қазақ  билерінің  негізгі  қызметтік 

ұстанымдары  –  әртүрлі  даулы  мәселелерді 

қарағанда  және  шешім  шығарғанда  бұқара 

халық  табынатын  қазақтың  әдет-ғұрып, 

салт-дәстүр  қағидаларын  оның  ішінде 

имандылық ережелерін негізге ала отырып, 

іске  қатысты  тараптарды  өзінің  даналық 

нақыл  сөздері  арқылы  психологиялық-құ-

қық тық тәрбиелеу және кәсіби маман ретін де 

шешен  сөйлеу  сауаттылығының  арқасында 

арызданушы  тараптарға  рухани  күш  беріп, 

екі тарапты райынан қайтара отырып, бәтуа 

жасау арқылы бітістіру болған. 

Қазіргі  егеменді  еліміздің  құқықтық 

жүйе  сін дегі  сот  отырысында  арыздану шы 

тараптардың талабын қанағаттандыру, айып-

кердің кінәсін анықтау, істің ақ-қарасын айы-

рып, жаза тағайындау механизмі заңнамамен 

реттелген.  Бірақ,  дауласушы  тараптарды 

бітіс тіру мәселесі жолға қойылмаған. Даула­

сушы тараптарды бітістірудің маңыздылығы 

сонда екі тарап өзара ымыраға (түсіністікке) 

келіп, келесі келеңсіз оқиғалардың орын алу­

ына жол берілмейді. Қазіргі таңда көптеген 

қылмыстық  оқиғалар  түсініспеушіліктен, 

өшпенділіктен сондай-ақ кек алу сияқты теріс 

пиғылдың  әсерінен  туындауда.  Сондықтан, 

студенттерге  дәріс  оқуда,  семинар  сабағын 

өткізуде және студенттердің өзіндік жұмыс-

тарын оқытушымен бірге (СОӨЖ) талқыла-

ған да  мамандықтың  маңыздылығын,  қо-

ғам да  заңгерлік  мамандыққа  көптеген  мін-

дет  тер  жүктелетінін  ұғындыра  отырып, 

сон дай-ақ,  кез  келген  қылмыстық  неме­

се  азаматтық  істер  бойынша  әділ  шешім 

шығаруға  қабілетті  болашақ  мамандарды 

дайындаймыз. Мәселен, студенттерге тәрбие 

жетекшілігі тарапынан өткізілетін ай сайын-

ғы  дөңгелек  үстел,  пікірталас,  және  тәрбие 

сағаттарында  студенттердің  құқықтық  са­

насын  қалыптастыру,  олардың  әділдікке 

деген ұмтылысын арттыру және ізгілік фак-

тор ларын  санадан  шығармау  мәселелері 

кеңінен насихатталу көзделеді. Осы тұрғыда 

студенттердің  мамандыққа  деген  рухани 

күш-жігерін қалыптастыру мақсатында 2012 

жылдың наурыз айының 01-ші жұлдызында 

көрнекті  ғалым,  ҚР  ҰҒА  академигі,  з.ғ.д., 

профессор  Г.С.Сапарғалиевті  еске  алуға 

арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек 

үстелде  заңгер  мамандығының  ерекшелігі 

және ғалым Г.Сапарғалиевтің заң ғылымына 

қосқан үлесі мен студент жастарға қалдырған 

мол  мұрасы  сөз  болды.  Студенттер  ҰҒА 

академигі, з.ғ.д., профессор С.С.Сартаевтың, 

тар.ғ.к., профессор Т.А. Нұрпейісовтің баян­

дамаларын  тыңдап,  сұрақтар  қойып,  өзара 

пікір алмасты. ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., про­

фессор Г.С.Сапарғалиевтің атымен аталатын 

аудитория беру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, институтта қоғамымызға 

белгілі  ғалымдармен  кездесулер  де  ұйым-

дастырылып  отырады.  Сондай  ғибратқа 

толы  кездесудің  бірі  2011  жылдың  қараша 

айының  25-ші  жұлдызында  институтта 

«Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы» атты ұлт­

тық валютамыздың авторларының бірі Хай­

ролла Ғабжеловпен өтті. Кездесу барысында 

ұлттық валюта авторы Хайролла Ғабжеловке 

студенттер  өздерінің  көкейлерінде  жүрген 

сұрақтарын  қоя  отырып,  соған  орай  жау­

аптар  алды.  Қазақстанның  экономикалық 

әлеуеті, әлемдік дағдарыстың туындауы мен 

кең  таралуы,  еліміздің  ұлттық  валютасы 



теңгенің  нарықтық  қатынастағы  құны  мен 

рөлі туралы мәселелер талқыға түсті. 

Институтта дайындалатын экономикалық 

мамандықтар бойынша мемлекеттік бюжет-

тің  орындалуы  мен  қалыптасу  процесін 

оқытуға, мемлекеттік қарызды басқару меха-

низ мін,  кәсіпорынның  ақша  айналымын 

бас қару  мен  ұйымдастыруға,  шаруашылық 

субъек тілерінің  инвестициялық  қызметін, 

кәсіп орындар мен ұйымдардың қаржыларын 

бас қарудың  ерекшеліктерін  және  банктік 

және  сақтандыру  қызметін  басқаруға  қабі-

летті  сондай-ақ  банк  жүйесінде  табысты 

жұмыс атқаратын жоғары кәсіби мамандар­

ды дайындау болып табылады. Осы мақсатта 

институтта  экономика  мамандықтары  бой­

ынша ҚР ҰҒА академиктері, ғылым доктор­

лары мен ғылым кандидаттары дәріс береді. 

Бұл оқытушы, профессорлар құрамы сту-

денттерге сабақ беріп қана қоймайды, соны-

мен  бірге,  әртүрлі  кафедраішілік,  инсти-

тутішілік, кейде кең ауқымды іс-шараларға, 

мемлекеттік,  институт  ректоры  гранттары 

бойынша  ғылыми  жоба  жұмыстарына  да 

тұрақты  түрде  қатысып  отырады.  Мәселен, 

солардың бірқатарын атап өтсек: 

-  жоғары  оқу  орындарында  болашақта 

интеллектуальды  ұлт  даярлау  бойынша 

ғылы ми-зерттеу мега жобасын іске асыруға 

қатысады (э.ғ.д., профессор Зиябеков Б.З.);

-  фундаментальды  зерттеулері  бойынша  

ҚР-ң БжҒМ конкурстарына қатысады (э.ғ.д., 

профессор Смагулов А.С., д.э.н., профессор 

Иманбердиев Б.Д.);

-  мақсатты-бағдарламалық  жобалар  бой­

ынша ҚР-ң БжҒМ  конкурстарына қатысады. 

(э.ғ.д., профессор Иманбердиев Б.Д.); 

- Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ректорының 

гранты бойынша университет ішіндегі кон-

курстарға  қатысады.  Сондай-ақ  Фундамен­

тальды  зерттеулер  нәтижесінде  жазылған 

«Казахстанский форсайт: эконометрическое 

измерение динамики будущего» монографи­

ясы мемлекетіміздің президенті келіп көрген 

көрмеге қатысты. Интербелсенді техникалар 

көмегімен  сабақтарда  және  оған  дайындық 

барысында электронды оқулықтар пайдала­

нылады. Оқытудың интербелсенді әдістерін  

қолдану, яғни олар: іскерлік рольдік ойындар, 

презентация-лекциялар,  жағдайды  талдау 

және  инновациялық  шешімдерді  қабылдау 

қарастырылатын  сұрақтарды  максимал­

ды  түрде  шынайылыққа  жақындастырады. 

Әдіс темелік және ғылыми семинарларда әр-

дайым  әлемдік  дамудағы  өзгерістер  талда­

нып және оның Қазақстан Республикасының 

экономикасына әсері талқыланады. Еліміздің 

алдыңғы  қатарлы  компанияларының  аға 

маман дарының қатысуымен әрдайы мастер-

класстар  өткізіліп  отырады,  бұл  студент-

тердің  болашақта  жұмысқа  орналасу  мүм-

кін діктерін арттырады. 

Университетіміздің ректоры С.Ж.Пралиев 

мақаласында  баса  көрсетіп  өткен  оқу  мен 

тәрбиенің  өзара  үндестігі  мен  бұл  екі 

ұғымды жеке-дара бөліп қарамай, егіз ұғым 

ретінде  қарастыру  және  соған  орай  жұмыс 

жасаудың  маңыздылығы  (С.Ж.Пралиев. 

Білім  мен  тәрбиедегі  үндестік.  Ұлттық 

тәрбие.  №2,  2012  ж.)  біздің  институтта  да 

басшылыққа  алынып,  оқу  үрдісімен  қатар 

тәрбие жұмыстары да үздіксіз жүргізілуде. 

Институттың тәрбие жетекшілері Кеңесі-

нің төрағасы институт директоры, з.ғ.к., до­

цент  Т.Т.Балашов  тәрбие  жетекшілерінің 

жоспарларын  талқылап,  олардың  орындалу 

есебін және тәрбие жетекшілерінің студент­

термен қарым-қатынасын жиі бақылап отыра­

ды. Құқық және экономика институтындағы 

тәрбие  жұмысының  басты  мақсаты  –  уни-

вер ситеттегі  және  институттағы  тәрбиелік 

процессті  жетілдіруге  негізделген  студент-

тердің  қоғамдық  жұмысқа  белсенділігін 

арт тыруды  қамтамасыз  ету,  студенттердің 

патриоттық,  ұлттық-мәдени  және  жалпы 

адами  құндылықтарға  бағытталған  қасиет-

терін  қалыптастыру  және  дамыту  болып 

табы лады.  2011  жылдың  7  желтоқсанында 

«Тер роризммен  күрес  қазіргі  халықаралық 

қауымдастықтың  негізгі  мәселесі»  тақыры-

бында  тәрбиелік  мәні  бар  халықаралық  се­

минар ұйымдастырылып, жақын және алыс 

шет елдерден халықаралық құқық саласының 

мамандары арнайы шақырылды. Осы тақы-

рыпта  студенттер  заң  ғылымдарының  док­

торлары,  профессор  Р.М.Валеев  (Татар­

стан,  Ресей),  Л.Тимченко  (Украина),  Р.Ф. 

Мамедов (Әзірбайжан), Т.Шиллинг (Литва) 

мырзалардың мастер-классына қатысып, бір 

апта  бойы  дәрістерін  тыңдады.  Семинар­

да аса белсенділік танытып, өз сұрақтарын 

қойып, жеке көзқарас-пікірлерін жеткізе біл-

ген студенттерге арнайы сертификат берілді. 

Инстиут  директоры  мен  Mikolos  Lomiris

 

университетінің  мамандары  өзара  келісе 



отырып,  болашақ  мамандарды  дайындау 

бары сында  өзара  ынтымақтастық  негізінде 

тәжі  рибе  алмасу  туралы  ортақ  шешімге 

келді.


65

64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Институттағы  мемлекеттік  тапсырыс 

не  гізінде  оқитын  студенттер,  әлеуметтік 

қол   дауға  мәжбүр  толық,  жартылай  жетім, 

көп  балалы  отбасыдан  шыққан  және  алыс 

аймақтардан  келген  студенттер  жатақха-

на мен  қамтамасыз  етілген.  Жатақ хана  ере  -

жесі  мен  тәртібінің  толық  орындалуын 

және  бөлмелердегі  тазалықтың  сақта луын 

қадағалау,  рейд  жүргізу,  тәртіп  бұзушы-

лармен  жұмыс  жүргізе  отырып,  тәртіптік 

шара қолдану және жатақханаға профессор-

оқытушы құрамының кезекшілігін ұйымдас-

тыру жұмыстары жолға қойылған.

Институт құрамында студенттердің бола  -

шақ  заңгер  және  экономист  маман  ретін  де 

үздіксіз  өзін-өзі  жетілдіру,  интеллек туал-

дық  деңгейін  арттыру,  әлеумет тік  қа жет-

тіліктерін  қалыптастыру  мақса тын  да  эко­

номика  және  құқықтану  мамандық тарында 

оқитын  белсенді  студенттерден  құрылған 

Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі жұмыс 

атқарады. Олар  жұмыс істеуге қолайлы ар­

найы жұмыс кабинетімен қамтамасыз етілген. 

Студенттік  өзін-өзі  басқару  құрамында  оқу 

үрдісімен  қатар,  қосымша  атқарылатын 

«Цивилист»,  «Көшбасшы  экономистер», 

«English  Club»  атты  студенттік  клубтар  өз 

маман дықтары  бойынша  бекітілген  Жарғы 

негізінде жұмыс істеп келеді. 

Резюме

В статье рассматриваются приоритеты общественного спроса на будущих специали-

стов по юридическим и экономическим направлениям, проходящих подготовку в институ-

тах права и экономики, и  особенности данных специальностей.

Summary

This article deals with the  priorities of a social demand for future experts in the legal and 

economic directions, having training preparation at right and economy institutes, and features of 

these specialties.

ОБЕСПЕЧЕНИЕ ВЫСОКОГО КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ – 

НАСУЩНОЕ ТРЕБОВАНИЕ ЛИЧНОСТИ, ГОСУДАРСТВА И ОБЩЕСТВА

Б.К. Дамитов – 

профессор, директор института 

анализа качества образования и 

повышения квалификации

Постоянное  повышение  эффективности 

функционирования  всей  системы  образо­

вания и, соответственно, достижение более 

высокого  уровня  образованности  и  интел­

лектуального развития населения стали для 

нашей  страны  наиболее  значимой  пробле­

мой и самым насущным требованием време­

ни. На необходимость решения этой пробле­

мы постоянно нацеливает общество и Пре­

зидент РК Н.А.Назарбаев в своих ежегодных 

посланиях  народу  Казахстана.  Достижение 

высокого  качества  стало  императивом  для 

системы образования и науки.

В  связи  с  необходимостью  проведе­

ния  системного  анализа  и  оценки  качества 

предоставляемых  образовательных  услуг  в 

КазНПУ им.Абая, в 2009 г. приказом ректора 

было  создано  новое  структурное  подразде­

ление «Институт анализа качества образова­

ния и повышения квалификации». Институт 

объединил  в  себе  прежние  службу  СМК  и 

институт повышения квалификации с суще­

ственным  расширением  спектра  решаемых 

им  функциональных  задач.  Главными  на­

правлениями  деятельности  института  были 

определены: 

● 

участие в разработке и последующем мо­



ниторинге стратегии развития Университета

● 

обеспечение  организационной  основы 



прохождения  национальной  и  международ­

ной аккредитации; 

● 

координация  проводимых  в  универси­



тете  исследований  по  оценке  качества  об­

разования, анализ и обобщение их результа­

тов, выработка рекомендации для принятия 

управленческих решений; 

● 

организация  и  проведение  повышения 



квалификации педагогов;

● 

обеспечение полноценного функциони­



рования  СМК  в  университете,  проведение 

планового внутреннего аудита;

● 

организация и проведение социологиче­



ских исследований.

Институт,  по  поручению  ректората,  воз­

главил  работу  по  разработке  Стратегии 

развития  Казахского  национального  педа­

гогического  университета  имени  Абая  на 

2011-2020  годы,  которая  была  рассмотрена 

и утверждена на заседании Ученого совета 

университета 30 ноября 2010 года. 

Стратегия развития университета выстро­

ена с учетом его уточненной миссии и пер­

спективного видения. 



жүктеу 2.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет