Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІң ТЕОРИЯ­ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІң



жүктеу 2.01 Mb.
Pdf просмотр
бет6/18
Дата02.04.2017
өлшемі2.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІң ТЕОРИЯ­ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІң 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ж.Ы. Намазбаева – 

 Психология ҒЗИ-ның директор

психология ғылымдарының докторы,

 академик 

Т.Ш. Исабекова – 

Психология ҒЗИ-ның

аға ғылыми қызметкері

Педагогиканың  кез  келген  мәселелері 

бі рінші  кезекте  адам  күйзелістерінің  пси -

хо логиялық  мәселелерімен  байланыс ты. 

Ф.Е.Василюктің /1/ ойынша, адам күйзеліс-

тері  болмыс  пен  сананың  арасындағы 

мәндік  қатынасты  орнатуға  бағытталған, 

психикалық  әлемді  қайта  құру  бойынша 

жұмыс  пен  іс-әрекеттің  ерекше  түрі  болып 

саналады.

Ұлттық  тәрбие  мәселелерін  талдау  кон-

текстінде  адам  күйзелістерінің  пайда  бол-

уын дағы  тарихи-мәдени  аспектілеріне  көз 

жүгіртейік.  Күйзелістер  уақыт  өткен  сайын 

дами береді, ендеше, ол өзіңнің жеке өмірің-

нің  тарихшылдығын  сезінуді  қажет  етеді. 

Адамның  жеке  өмірі  өзгеріп,  ауы сып  оты­

руы мүмкін, алайда деректер өз ге ріссіз қала 

береді. Көптеген тарихи-мәде ни деректердің 

әр түрлі түсіндірілуі, студенттердің бойында 

тарихи деректерге деген сенімсіздік тудыра­

тын, кейбір жағдайларда тіпті басқыншылық 

пен  қарсы  әрекеттерге  итермелейтін  күйзе-

ліс терге  әкеледі.  Сондықтан,  кез  келген 

елдің ұлттық тәрбиесінің қайнар көзі, басқа 

да мәдениеттіліктердің құндылықтарын қор-

лап,  кемітусіз  тарихи-мәдени  деректердің 

объективті ықпалдастығы аса маңызды мәсе-

ле болып табылады. 

Бір ел мәдениетінің жетістіктері басқа ел­

дермен де меңгерілетіні анық. Осы деректер 

ЖОО ПОҚ алдында студенттердің бойында, 

оларды  жағымды  және  эмоционалды  түрде 

қабылдау  үшін,  дағдылар  мен  біліктерді 

қалыптастыру бойынша міндеттер жүктейді. 

Мәдениеттер  сабақтастығы  –  бұл  тарихи-

мәдени үрдіс, және ол өте құнды, себебі оның 

негізгі  құрамдас  бөлігі  ретінде  адамның 

бойындағы  адамгершілікті  және  адамның 

басқа адамға деген қатынасын нығайту саты­

сымен өркендеу болып табылады. Тұлғаның 

жалпы  эмоционалдық  бағыттылығы,  біздің 

ойымызша,  күйзелістер  категориясымен 

анық та лады. Басымды болып көрінетін күй-

зе лістер  адамның  кең  ауқымды  мотивация­

сымен қамтамасыз етіледі, алайда ең құнды 

болып  саналатын  басымды  күйзелістер 

махаб бат  пен  достыққа  қатысты  болады. 

Осы  аталған  ең  құнды  күйзелістер  ұлттық 

тәрбиенің  табыстылығына  жол  ашуы  мүм-

кін,  себебі  олар  басты  түрткілер  –  эмоция 

мен дүниетанымның сипатын құрайды. Осы 

эмоционалдық бағыттылықтың тәрбиеленіп 

нығайтылуы,  тұлғаның  жалпы  даму  дең-

гейін  жетілдіруге  мүмкіндік  беретін,  не-

гіз гі  тетікке  айналуы  қажет.  Келесі  бір 

маңызды болып саналатыны, әрбір студент-

тің әлеуметтік бағыттылығының ерекшелік-

терін ескеру. Өкінішке орай, көп студенттер­

де бағыттылықтың әлеуметтік мақсаты жоқ, 

демек, мұндай студенттердің психологиялық 

белсенділігі  де  едәуір  төмен  болып  есеп-

теледі. 

Қазіргі  кезде  әлемнің  барлық  елдерінде 

ұлттық сана-сезімнің, өз мәдениетінің ерек-

ше ліктерін  қайта  жаңғырту  үрдісінің  күш 

алғандығын байқаймыз. Студенттерге тәр бие 

беру үрдісінде, әр түрлі мәдениеттің комму-

ни кативтік  әлеуетін  қолдану,  өркениетті 

тұлғаның қалыптасуында өз жемісін береді. 

Тәрбие берудің тағы бір маңызды аспек-

тісі  ретінде  студенттердің  белсенділігін  қа-

лып  тастыру болып табылады. Адамның бел-

сен ділігі,  оған  өзінің  жеке  мақсаттарына, 

арман дарына,  сенімдеріне,  дүниетанымына 

сәйкес  әрекет  етуге  мүмкіндік  беретін, 

оның ішкі бостандығымен байланысты. Кө-

ріп  отырғанымыздай,  бұл  іс-әрекеттер  мен 

қылықтардың саналы түрдегі таңдауы. Осы-

ған орай, студенттердің белсенділігін дамы­

туда,  сонымен  қатар  еркін  шығармашылық 

тұлғаны  қалыптастыруда,  оқытушылар  мен 

тәлімгерлер нені ескерулері қажет? 

Бізге,  мінез-құлықтың  белсенділігін  тө-

мен дегідей  сипаттаған,  Л.И.Божовичтің  /2/ 

ойлары  жақын  болып  көрінеді.  Оның  пікі -

рінше,  бұл  адамда  тұлғаның  толық  құры-

лымы  қалыптасқандағы  психикалық  даму-

дың  тұлғалық  деңгейі.  Тұлғаның  толық 

құрылымы,  ең  алдымен,  оның  бағыт тылы-

ғымен анықталады. Тұлға бағыт тылығының 

негізіне,  адамның  өмір  сүру  және  тәрбие 

алу  үрдісінде  пайда  болатын,  түрткілердің 

тұрақты  түрдегі  басым  жүйелері  жата­

ды.  Мұндағы  негізгі,  жетекші  түрткілер, 

өзіне  барлық  қалғандарын  бағындыра  оты­

рып,  адамның  мотивациялық  ортасының 

құрылымын  сипаттайды.  Осындай  түрдегі 

түрткілер жүйесінің пайда болуы тұлғаның 

ең  жоғарғы  тұрақтылығын  және  адамның 

ішкі бостандығын қамтамасыз етеді. 

Шетелдік ғалымдардың ішінен Г.Олпорт 

та  /3/,  адамның  мінез-құлқында  тұрақ ты-

лықты тудыратын – бағыттылық деп санаған 

және  адамды  ХХІ  ғ.  әсіресе  жастар  душар 

болған  жағдайлық  ықпалдардан  тәуелсіз 

қылады. 

Сонымен, тәрбие үрдісі студенттік топтың 

ерекшеліктері,  әрбір  студент  тұлғасының 

барлық  қырлары  ескерілетін  жүйелі,  тұтас 

сипатта болуы қажет. Қазіргі кезде, өкі ніш-

ке  орай,  түрлі  шаралардың  көптеген  түр-

лері жүргізіліп жатқанына қарамастан, тәр-

бие  берудің  нәтижелілігі  әлі  жақсартуды 

қалайды. 

Тәрбие  үрдісі  ғылыми  негізде,  қазіргі 

кездегі  ЖОО  СМЖ  негізін  құрайтын,  атал-

ған  үрдістің  үнемі  жүргізілетін  монито-

рингісімен құрылу қажеттігі түсінікті. Жал­

пы  адамзаттық  құндылықтардың  қызметтік 

бастамасы  ретінде,  ұлттық  тарих,  салт-

дәстүр  және  т.б.  кіретін,  халықтың  ұлттық 

және мәдени құндылықтары болуы қажет /4/.

Осы  уақытқа  дейін  психологияның  ғы-

лыми  жетістіктерін  ЖОО  қазіргі  тәрбие 

үрді  сінде  (егеменді  Қазақстанның  болашақ 

ұрпа ғына  ұлттық  тәрбие  беру  арқылы)  жү-

зеге асыру және психологияның кейбір тео-

риялық аспектілері ғана талқыланған.

Еліміздің болашақ ұрпағына қазіргі тәрбие 

берудің мәнді аспектілеріне тоқталайық.

Біздің ойымызша, Л.С. Выготскийдің /5/ 

еңбектеріне,  әсіресе  оның  тарихи-мәдени 

теориясына  жүгіну,  ұлттық  тәрбиенің  иде­

яларын  дамытудың  шексіз  мүмкіндіктерін 

көруге жол ашады. Адамның табиғаты тура­

лы  түрлі  теориялық  тұжырымдамаларына, 

оның психикасының даму заңдылықтарына 

«адам  –  табиғат»,  «адам  –  қоғам»,  «адам  – 

құдірет»,  «адам  –  мәдениет»  деген  негізгі 

қатынастар  енгізілген.  Көп  жылдар  бойы 

дәстүрлі түрде алдыңғы екі қатынас көбірек 

қарастырылған,  үшіншісі  сирек  және  төр-

тіншісі  назардан  тыс  қалып  қойған.  Адам 

әлемі тиісті мәдени ортада, мәдени кеңістікте 

тіршілік әрекетін дамыту және ұйымдастыру 

тәсілдері болып табылады. Тек Л.С. Выгот­

ский /5/ тұлғаның әлеммен қатынасында ғана 

адам  қауымдастығының  мәдени-құндылық 

әлеуеті  көрінеді,  деп  сана ған.  Сондықтан 

кез-келген халықтың мәде ниеті және мәдени 

мұралары ерекше мәнге ие болып келеді.

Қазақстан  –  көпұлттық  мемлекет,  мұнда 

мәде ни-тарихи психологияның дамуына үл-

кен мүмкіндіктер бар. Олар дүниені сезі ну-

дегі, ақыл-ой, эмоция және тұлғаның жалпы 

мінез-құлқындағы алуан түрлі ерекшеліктер.

Көп  мәдениеттер,  олардың  қабылдау  ар-

қылы өзара сіңісуі, ұлттық тәрбие контекстін-

де этномәдени тұлғаның дамуына мүмкіндік 

береді.

Қазақстанның  мәдени  мұрасының  алуан 



түрлілігі  мен  байлығы  еліміздің  жастары­

на ұлттық тәрбие берудегі ықпалдастықтың 

өзегі және негізін қалайтын мазмұны болып 

табылады.  Осы  орайда  Қазақстан  ұлттық 

мұраны  сақтау  және  пайдалану  бойынша 

әлемдегі  алдыңғы  орындардың  біріне  ие 

болды.  Қазіргі  кезде  сан  ғасырлық  мәдени 

мұраны  жалпылау,  қайта  жаңғырту,  сақ-

таудың  іргелі  мәселелері  кешенді  түрде 

жетілдірілуде және олардың басым көпшілігі 

ЮНЕСКО-ның  Әлемдік  Мәдени  тізіміне 

енгізілген.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 

ерекше көңіл бөлгендігі аса бай мәдени мұ-

раны қайта жаңғырту және сақтау бойын ша, 

қазіргі ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді 

арттыру, қазақ халқының ұлы тұлғаларының 


43

42

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

мерей  тойларына  және  естелік  күндеріне 

арналған  тарихи-мәдени  ескерткіштерді 

–  Әл-Фараби,  Қорқыт-ата,  М.Х.  Дулати, 

Абай,  М.  Әуезов,  Жамбыл,  Райымбек  ба­

тыр  сияқты  тұлғаларға,  сонымен  қатар 

Тараз,  Түркістан  және  т.б.  қалалардағы 

тарихи-мәдени 

құндылықтарды 

қайта 


құруға  арналған  теңдесі  жоқ  шаралар­

ды  қабылдауына  себеп  болды.  1996  жыл 

«Отандық тарих жылы» болып жарияланған. 

Осы аталғандар және басқа да көптеген іс-

шаралар  біздің  мемлекетіміздің  серпінді 

және табысты дамуының, ұлттық мәдениет 

пен рухтандырушылықтың, қазақ халқының 

ұлттық  сана-сезімінің  қайта  жаңғыруына 

негіз болды. 

Сонымен,  мәдени  мұраның  дәл  өзі,  оны 

көпшілікке  тарату  және  тереңінен  зерттеу, 

Қазақстанның білім беру кеңістігінде, әсіресе 

қазіргі жастарға ұлттық тәрбие беруде іргелі 

әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды пай-

да лану, ұлттық сана-сезімі мен жеке-кәсіби 

сапалары  жоғары,  жалпыадамзаттық  құн-

дылықтарды бойына сіңірген мамандар буы­

нын қалыптастыруға кепіл бола алады. 

Қоғам  дамуындағы  тұрақтылық,  оның 

өркендеу деңгейі тәрбие берудің жаңа пара-

диг масын  жасап,  оның  табысты  түрде  іске 

асырылуына тікелей байланысты, деп айтуға 

болады.

Бұл  тұлғаның  тарихи-мәдени  және 



тұлғалық-мәндік қалыптасу парадигмасы.

Адамның  мәдениетке  ену  үрдісі,  оның 

әлеуметтенуі  мен  бейімделуі  әртүрлі 

қырдан  қарастырылуы  қажет  /6/.  Сана-

сезімнің  дерексіз  феномендерінің  ор­

нына, 


адам 

тұлғасының 

этникалық 

күйзелістерімен  үнемі  өзара  байланысты 

болатын  тарихи  және  мәдени  сана-сезім 

феноменіне  ғылыми  қызығушылықтарды 

бағыттау  қажет.  Мәдени  сана-сезімнің 

қалыптасуын  ғылыми  сана-сезім  мен  өзін-

өзі тануды қалыптастыру призмасы арқылы 

қарастырған  жөн.  Жастардың  әлеуметтік-

психологиялық 

өзара 


әрекеттестіктері 

барлық  ұлттар  мен  халықтарға  құрметпен 

қарау негізінде құрылуы керек. Осыған бай­

ланысты  жастарды  әртүрлі  ұлт  өкілдерінің 

мінез-құлқындағы ерекшеліктерін жағымды 

немесе  бейтарап  қабылдауына  арнайы  дай­

ындау қажет. 

Төзімді  адам  –  бұл  ұлттық  намысы 

бар,  өзінің  және  өзгелердің  мәдениетіне 

құрметпен  қарайтын  тұлға.  М.  Ганди 

жазған:  «Менің  үйімнің  төбесінде  барлық 

мәдениеттің  желі  ескенін  қалаймын,  алай­

да  олар  менің  үйімнің  төбесін  бұзғанын 

қаламаймын» /7/.

Мәдениетке 

деген 


психологиялық 

көзқарас  оны  қалай  түсінетініңе  байланы­

сты  болып  келеді.  Психологтар  мәдениетті 

шығармашылық  іс-әрекетпен  байланысты­

ратындары  белгілі  /6/.  Мәдениетті  тануда 

адам  психикасының  когнитивтік  сезгіштігі 

өте  зор.  Тұлғаның  психикалық  қасиеттері 

мәдени 


шығармашылықтың 

барлық 


түрлерінде  көрініс  табады.  Тарихи-мәдени 

психологияда  Л.С.  Выготскийдің  /5/  ойла­

рын,  қарастырып  отырған  мәселе  бойын­

ша, жаңа қырынан түсіндіруге болады. Бұл 

жерде әңгіме адамның тіршілік әрекетіндегі 

психологиялық және мәдени механизмдердің 

өзара шарттастығы туралы болмақ.

Адам  психикасы  мәдениетті  тудырады, 

ал  мәдениет  тұлғаның  тұтас  дамуы  мен 

қалыптасуына  белгілі  түрде  ықпал  етеді. 

Осы  аталғандар  ұлттық  тәрбиенің  теория-

әдіснамалық негізі болып табылады. Аталған 

мәселе  ХХІ  ғ.  жаңа  адамын  қалыптастыру 

бойынша  Қазақстанда  алғашқы  рет  Абай 

атындағы  ҚазҰПУ  ректоры  профессор 

С.Ж.Пірәлиевтің 

ұйымдастырушылық, 

әдістемелік  басшылығымен  жоғары  оқу 

орнының негізгі міндеттеріне қойылған. 

ХХІ  ғ.  тұлғалық-кәсіби  қалыптасу 

үрдісінде  дамушы  және  өзін-өзі  реттеуші, 

бірегей  тұтас  тұлға  ретіндегі  студент  ту­

ралы  жаңа  пікірлер,  келер  ұрпақтың 

дүниетанымын, құндылық бағдарын, рухта­

нуын қайта қарастыру жүйесінде ғаламдық 

міндеттер жүктейді /8/. 

Жалпыадамзаттық 

құндылықтар 

ретінде  ақпарат,  білім  беру  және  өзін-өзі 

тәрбиелеу үрдістері зор маңызға ие болуда. 

Біздің  еліміздің  ЖОО  болашақ  маманды, 

оның  әлеуметтенуі  және  тұлғаның  жеке-

типологиялық  қасиеттерінің  бірлігі  мен 

өзара байланысы арқылы тәрбиелеудің жол­

дарын  белсенді  іздестіруде.  Бұл  жастарға 

қазіргі күрделі әлеуметтік жағдайларда өзді-

гі нен  белсенді  өмірлік  шешімдерді  қабыл-

дауға мүмкіндік береді.

Сонымен,  тәрбие  қазіргі  білім  берудің 

басымдылығына айналуда.

Егеменді Қазақстан үшін жаңа буын аза­

маттарына тәрбие беру үрдісін жаңарту тағ-

дыршешті  сипатқа  ие.  Жастар  –  еліміздің 

болашағы, олар қоғамда өмір сүріп, өзгелер-

мен  қарым-қатынас  жасай  отырып,  өзінің 

жеке  әлеуеттік  мүмкіндіктерін  дамыту  ар-

қылы жеке басының және әлеуметтік-қоғам-

дық  мәселелерді  шеше  алуы  қажет.  Қа-

зіргі  кезде  студенттер  нарықтық  экономи­

ка  жағдайында,  Интернетті  еркін  қолдану 

арқылы  Батыс  мәдениетінің  үлкен  ағымын 

бойына  сіңіре  отырып  өмір  сүреді.  Бүгінгі 

студенттер ақпараттық қоғамның жаңа құн-

дылықтарына бағдарланғандығына қара мас-

тан, олар едәуір дамыған. 

Алайда қоғам, отбасы, білім беру ортасы 

олардың  енжарлығына,  өзімшілдігіне,  сел-

қос тығына,  әлеуметтік  бастамашылдығы 

жоқ тығына алаңдауда. 

Тәрбиенің  табыстылығы  оның  мазмұны-

ның  жаңартылуына,  тәрбиенің  мәні  мен 

идея сының қайта бағдарлануына байланыс-

ты.  Қазақстандық  мәдени  мұраны  қайта 

жаң ғыртудың  тарихи  шынайылығы  өткен 

ата-бабаларымыздың  рухани  мұрасын  бел-

сенді түрде меңгеруді талап етеді. Бұл ұлт­

тық тәрбиенің маңызды аспектісі болып та­

былады. 


Демек,  мәдениет,  мәдени  мұра,  ұлттың 

осы  бастамаларын  меңгеру  қазіргі  кезде 

ұлттық  тәрбие  жүйесінде  анықтаушы  ре-

тін  де  бағаланады.  Өкінішке  орай,  Мемле-

кет  тік  білім  беру  стандарттарында,  оның 

мазмұнында  және  болашақ  мұғалім дер  ді 

даярлау әдістерінде де оның мәдениетта ну-

шылық бағдары толық емес.

Қазіргі білім берудің аталған аспектілерін 

дамытуда  басты  рөл  еліміздің  ЖОО  жүк-

телген. ЖОО ПОҚ бірінші және басты мін -

деті – өзінің мәдени мұрасын терең мең  геру, 

оны  саналы,  белсенді  тануға  деген  жеке 

мотивациясы  мен  сұраныстарын  жетілді-

ру.  Өзінің  мәдени  мұрасына  тек  ұқыпты 

қарау және басқа мәдениеттердің ең қымбат 

құндылықтарын  белсенді  қабылдау,  әрқай-

сымызды  өркениетті  адамның  ең  жоғары 

деңгейіне жеткізеді.

Сонымен,  қазіргі  жоғарғы  мектеп  мәсе-

ле лері  бойынша  бүгінгі  оқу-тәрбие  үрдісі, 

тарихи-мәдени  мұраның  қайнар  көздері 

мен  психология-педагогикалық  ғылым ның 

алдыңғы  бағыттарының  ғылыми  нәтиже-

лерінің  ықпалдастығы  негізінде  құрылуы 

қажет. 


Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ 

Психология  ҒЗИ  білім  беру  субъектілер 

тұлға сының психологиялық мәселелері бел-

сенді  түрде  зерттелу  үстінде.  Құндылық-

мағыналық бағдар, бағыттылық, психикалық 

денсаулық,  жеке-кәсіби  сапалар,  өзін-өзі 

бағалау мен талаптану деңгейі, мінез-құлық 

пен  іс-әрекеттің  жеке  стилдері,  студенттік 

топтардағы психологиялық жағдай мен ахуа­

лы, қарым-қатынас ерекшеліктері, тұлғалық 

жетілуге  ұлттық  мәдениет  ықпалының 

этно психологиялық  аспектілері  және  т.б. 

зерт телуде.  Осы  уақытқа  дейінгі  алынған 

нәти желерден,  ЖОО  оқу-тәрбие  үрдісін 

психо логиялық сүйемелдеудің ғылыми қам-

тамасыз етілуі, болашақ мамандар тұлғасын 

қалыптастырудың  деңгейін,  тек  оқыту 

арқылы  ғана  емес,  сонымен  қатар  ұлттық 

тәрбие нің  психологиялық  аспектілерін  бел-

сенді түрде жүзеге асыру арқылы да, едәуір 

жетілдіреді, деп айтуға мүмкіндік бар.

Студент  үшін  де,  педагог  үшін  де  өзі-

нің  әлеуеттік  мүмкіндіктерін  жүзеге  асы-

ру дың ең тиімді тәсілдері ретінде, қолайлы 

психологиялық  жағдай  туғызу,  психо ло-

гиялық құзіреттілікті көтеру және тұлғалық 

даму  саналатыны  анықталды,  себебі  адам 

өзінің  субъектілік  мәнін  тарихи  жаңа  әлеу-

меттік-мәдени контекстінде жүзеге асырады. 

Әдебиеттер:

1. Василюк Ф.Е. Психология переживаний. М., 2004.

2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.


45

44

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

3. Allport G.W& Oldbert. Trait names: A psycho – lexical studi. Psychological monographs 47. Изд-во. 

Питер, 2004.

4. Пралиев С.Ж. Актуальные проблемы формирования личности будущих специалистов. Журнал 

«Педагогика и психология», 2009, №1

5. Выготский Л.С. Собр. соч: в 6 т. М., 1982.

6. Дэвид Мацумото. Психология и культура. – С.-П., 2002.

7. Ганди М. Идея толерантности и современности. Материалы Международной конференции. – 

Бишкек, 1996.

8. Намазбаева Ж.И. Психологические проблемы современного высшего образования. «ДОИВА», 

Алматы, 2006.

 Резюме

В статье впервые раскрыты с культурно-исторических аспектов некоторые психоло-

гические проблемы теоретико-методологических основ национального воспитания. При-

ведены новые методы воспитания в вузах через освоение культурных наследий. 

Summary

The article considers some psychological problems of the theoretical-methodological basis of 

national upbringing in the cultural-historical context. The new trends to the upbringing in the 

institute of higher education through the cultural legacy are presented.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫң ТАҒЫЛЫМДЫҚ МАңЫЗЫ ЗОР

Х.Н. Жанбеков – 

химия және биология

факультетінің деканы, профессор 

Н.Т.манапов – 

химия және биология факультетінің 

тәрбие ісі жөніндегі 

деканының орынбасары 

Еліміздегі  білім  ордаларының  қара 

шаңырағына  айналған  университетіміздегі 

химия  және  биология  факультеттің  қазіргі 

таң да  еліміздің  жоғары  оқу  орындарының 

ішін дегі  алар  өзіндік  орны  ерекше.  Себебі, 

қазір гі заманда қоғам жастардың тек білімді 

болуын  талап  етіп  қана  қоймай,  жоғары 

деңгейде  мәдениет  пен  ғылымның  түрлі 

салаларын  да  терең  меңгерген  маман  бо­

луын  талап  етеді.  Студенттің  тұлғалық 

дамуының  негізгі  параметрлері  оның  жал­

пы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, 

ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, 

жеке  басының  намыс  сезімі,  ой-пікірдегі 

тәуелсіздігі болып табылады. Осы қасиеттер-

дің  даму  деңгейі  студенттердің  білімінің 

қалыптасу  және  әлеуметтік  біліктілігінің 

көр сеткіштері  деп  қарастыруға  болады. 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық 

уни версите тi  нiң ежелден қалыптасқан өзiн-

дiк  дәстүрлерi,  ұлттық  ерекшелiктерi  бар. 

2009-2010  оқу  жылынан  бастап,  осы  уни-

верситеттің  ректоры  ҰҒА  академигі,  педа­

гогика ғылымдарының докторы, профессор 

С.Ж.Пірәлиевтің тікелей ұсынысымен және 

басшылығымен  университетiмiзде  жоғары 

бiлiмдi  кәсiби  мамандар  даярлау  iсi  ұлт­

тық  құндылықтарға,  халықтық  тәрбиеге, 

бiлiм берудiң қазiргi заман ғы инновациялық 

техноло гия ларына  негiз дел ген  оқу-тәрбие 

арқылы жүзеге асырылуда. Оқу мен тәрбие 

мәселесi,  негiзiнен,  ұлттық  кадрлар  даяр­

лау iсiне бағытталған. Білім беру жүйесінің 

басты  міндеті  студенттердің  ұлттық  және 

жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде 

қалыптасуы  мен  дамуы  және  оның  кәсіби 

жетілуі үшін жағдайлар жасалып, студентті 

тәрбиелеу, лайықты білім беруді жан-жақты 

қалыптастыру,  ана  тілін,  ұлттық  салт-дәс-

түрлерді  сақтау,  этикеттік  ұғымдарды  және 

салауатты өмір сүру құндылықтарын қалып-

тастыру. Осы сияқты студенттердің бойында 

ұлттық және адами құндылықтарды қалып-

тастыру, сіңіру мен әрі қарай дамыту біздегі 

білім  беру  жүйесінің  маңызды  міндеті  бо­

лып  табылады.  Соның  ішінде  тәрбие  жұ-

мыс тары  үлкен  рөл  атқарады.  Мысалы, 

біздің  факультетіміздің  тәрбие  жұмыстары 

төмен дегі бағыттар бойынша жұмыс жасай-

ды: тәрбие жұмыстары университеттің ере-

жесі  бойынша;  тәрбие  жұмыстарын  ұйым-

дастыру,  қадағалап  және  басқарып  отыру, 

университеттің  бөлімшелеріндегі  тәрбие 

жұмыс тарына  басшылық  жасау;  ағымдағы 

және күнделікті жүргізілетін тәрбие жұмыс-

тарын  жоспарлау;  мамандарды  сапалы  да­

ярлау  мониторингі;  тәрбие  жетекшілерінің 

тәжірибесін  жинақтау,  студенттермен  жүр-

гізілетін  тәрбие  жұмыстарында  қолданы-

ла тын  жаңа  әдістер  мен  тәсілдерді  енгізу; 

университеттің  ғылыми  кеңесінің  және 

факультет кеңесінің шешімдері мен универ-

ситеттің  стратегиялық  жоспарларын  дер 

мез гілінде  әрі  сапалы  жүзеге  асырып  оты­

ру, есеп беретін құжаттарды және ағымдық 

ақпарттарды даярлау; қазіргі таңның талабы 

бойынша тәрбие мамандарының білік тілігін 

үнемі  жетілдіріп  отыру;  тәрбие  жұмыс-

тарына  нәтижелі  басшылық  жасау.  Біздің 

факультетте  берілетін  білімдік  қызметінің 

сапасының  жоғары  болуын  қамтамасыз 

ете тін  менеджмент  жүйесінің  бағыттарын 

дамыту;  тәрбие  процесінің  сапалы  болуы 

үшін әлеуметтік және тәрбие жұмысы қыз-

меткерлерінің  жауапкершілігін  арттыру, 

моти ва ция  жүйесінде  және  ішкі  жағдайда 

қо лайлы ортаны қалыптастыру.

Бүгінгі  күнде  факультетімізде  тәрбие 

ісіне қатысушылардың белгілі бір нәтижеге 

жетуін  қамтамасыз  етуде  және  универси­

тет  және  факультеттің  имидж  мәртебесін 

қалыптастыруда біршама жұмыстар атқары-

луда.  Осыған  орай  факультеттің  тәрбие 

жұмысы қажетті нақтылы міндеттерді жүзе-

ге асыруда. Атап айтсақ: студенттің өзін-өзі 

басқару шарттарын сезінуде, жастардың шы-

ғар машылық  әлеуетін  және  жеке  тұлғаның 

аза маттық ұстанымын қалыптастыруда, білім 

алушылардың кәсіби-адамгершілік мәдение-

тін дамытуда және т.б.. 

Мына мәселелерге де баса көңіл бөлінеді. 

Ол студенттің лайықты білім алуына бағыт-

талған  әлеуметтік-педагогикалық,  тәрбие-

леуші  ортаны  жасау:  яғни,  жеке  тұлғаның 

шығармашылық  жағынан  өзін-өзі  дамы­

туды  және  өзін  таныта  білуі,  университет 

дәстүрін, азаматтық пен патриотизмді сақтау, 

білім алушылардың моральдық ынталанды­

ру  жүйесін  қалыптастыру,  студенттік  орта­

да  тәртіп  бұзушылардың,  нашақорлардың 

және  араққұмарлықтың  алдын  алу  бойын-

ша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру, бола-

шақтағы  және  ағымдағы  тәрбие  жұмыс-

тарын жоспарлау, студенттердің тәрбие жұ-

мыс  тарына жаңа әдістемелер енгізу.

Факультетте  студенттермен  тікелей  қа-

рым-қатынас  жұмыс  атқаратын  қоғамдық 

сту  дент тік  деканат  құрамы  жұмыстарын 

бел сен ділікпен, өз уақытында орындап жүр. 

Факуль теттің білікті мамандары студенттер­

ге білім мен тәжірибелерін  үйретуді мақсат 

етсе,  білім  мен  тәрбие  қатар  жүргендіктен, 

деканат  тарапынан  әр  түрлі  тәрбиелік  мәні 

бар іс-шаралар тұрақты өтіп тұрады. 

Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагоги-

калық университетінің 2011-2012 оқу жылы­

на арналған тәрбие жұмысы мен жастар са­

ясаты жөніндегі іс-шаралардың 17 бағытын 

қамтитын  жоспарына  сәйкес,  химия  және 

биология  факультетінде  атқаратын  2011-

2012  оқу  жылындағы  14  баптан  тұратын 

тәрбие ісі жөніндегі жоспары құрылып бекі-

тілген.  Ондағы  қарастыратын  басты  бағыт-

тар бойынша жүргізілуде: студенттерге Қа-

зақ стандық патриотизм, отаншылдық тәр бие 

беру, адамгершілік – рухани және эстетика-

лық тәрбие беру, студенттерді ұлттық тәлім-

тәрбие  негіздеріне  баулу,  халқымыздың 

этно-педагогикалық ұстанымдарын насихат­

тау,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру 

жастардың арасында жаппай спорт түрлерін 

дамыту,  нашақорлық  пен  ЖҚТБ  (СПИД) 

ішімділік  және  жеңіл  жүрістің  алдын  алу 

шаралары, толеранттылықты қалыптастыру, 

студенттер  арасында  діни  экстремизм  мен 

ұлтаралық  жанжалдарға  жол  бермеу  шара­


47

46

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

лары, діни тәрбие беру, экологиялық тәрбие 

беру,  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу 

және жол бермеу шаралары жүргізілуде.

Факультеттің  күндізгі  бөлімде  оқитын 

739 студенттерге 89 профессор-оқытушылар 

тәрбиелік жетекшілік жасайды, оның ішінде 

77-сі  факультетіміздің  профессор-оқы ту-

шылары. Ал, 11 профессор-оқытушылар фи­

лософия кафедрасынан және бір қызметкер 

ректораттан  тәрбие  жетекші  болып  тағай-

ындалды. 

Олардың  оқу  жылының  басында  тәрбие 

жұмыс тары  бойынша  жүргізілетін  іс-шара-

ларының жоспары құрылып бекітілді. 

Қоғамдық  студенттік  деканат  құрылы-

мына іріктеулер мен толықтырулар енгізіліп, 

жаңа оқу жылында істелінетін іс-шаралары 

айқындалды,  жоспары  құрылып,  жарты 

жыл дық  оқу  жылында  жоспарға  сәйкес  іс-

ша ра лар толығымен орындалды. 

Тәрбие жетекшілерінің жұмыс жоспарла­

ры, журналдары, студенттермен жүргізілген 

жұмыстарының хаттамалары арнайы папка­

ларда  тіркелінген.  Кафедралардың  мәжіліс 

отырыстарында тәрбие жетекшілерінің есебі 

тыңдалып, атқарылған іс-шаралары, жеткен 

жетістіктерімен  кемшіліктері  көрсетіліп 

отырады. 

Факультеттің  2011  жылдың  қазан  айын-

да  өткен  ғылыми  кеңесінде  тәрбие  жетек-

ші  лерінің  жұмысы  қаралды.  Онда  тәрбие 

жетекшілерінің  өз  студенттерімен  таны­

суы,  журналдарының  толтырылуы,  тәуел-

сіздігіміздің 20 жылдық мерей тойына дай-

ын дықтары  қарастырылып,  жеткен  жетіс-

тіктер  мен  кемшіліктері  көрсетіліп,  оны 

түзету жөніндегі ұсыныстар айтылды. 

Биылғы  2011-2012  оқу  жылында  ақылы 

бөлімде  оқитын  34  студенттен  әлеуметтік 

көмекке  өтініш  қабылданып,  оның  13  сту-

дентіне  арнайы  комиссия  шешімімен  оқу 

ақыларына 35-50% әлеуметтік көмек ретінде 

ректордың бұйрығымен бекітілді. 

Факультеттегі  барлық  курс  студенттері 

кредиттік  оқу  жүйесінде  оқитындықтан,  әр 

курстың топтарына топ эдвайзерлері тағай-

ындалған.

Факультетімізде  жоспарға  сәйкес  есім-

дері ел құлағында жүретін қоғам қайраткер-

лерімен, ақын-жазушыларымен және белгілі 

ғалымдармен  кездесулер  ұйымдастырылып 

отырады.  Атап  айтсақ,  факультеттің  про-

фес сор-оқытушылар  құрамы  мен  стедент-

тер  Тәуелсіздігіміздің  20  жылдығына  орай 

академик,  заң  ғылымдарының  докторы, 

про  фессор  Сұлтан  Сартаевпен  кез де сіп, 

ел  Тәуелсіздігінің  алғашқы  жылдарын-

дағы  оқиғалардан  маңызды  және  тәрбиелік 

мәні  бар  ақпараттар  алды.  Халық аралық 

Жер күніне орай «Жер-Ана» атты ғылы ми-

мерекелік  іс-шара  университет  көлемін де 

ұйымдастырылып,  кештің  құр метті  қонағы 

–  КСРО  Жазушылар  Ода ғы  ның  мүшесі, 

«Жалын»  журналының  бас  редакторы, 

республикадағы  тұңғыш  құрылған  эколо-

гия лық  «Арал  және  Балқаш»  қозғалысы 

жөніндегі  қоғамдық  комитеттің  төрағасы, 

көрнекті  қоғам  қайраткері,  белгілі  ақын 



жүктеу 2.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет