Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



жүктеу 2.01 Mb.
Pdf просмотр
бет14/18
Дата02.04.2017
өлшемі2.01 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

6.  Эстетикалық тәрбие – тәрбиеленушi-

нiң эстетикалық (көркемдiк) қабiлетiн, тал-

ғамын қалыптастырып, әсемдiк мақсатмұра-

тарына құлшындырып, дарын-нышан да  рын 

дамытып, оған көркемдiктi жасауды үйрету 

үшiн жүргiзiлетiн игi мақсатты әре кет.

Адам баласы әсемдiктi сезiну, ұғыну ар-

қы лы  рахаттанып,  одан  қуатталып,  адам-

дық  қасиеттерiн  қалыптастырады.  «Әрбiр 

рахат  белгiлi  бiр  әрекеттерден  туады»  (әл-

Фараби.  Әлеуметтiк  этикалық  трактаттар. 

А., 1975. 27-бет) яғни жеке тұлғаның әсемдiк 

әлемiн сезiнiп, одан рахат табуы үшiн, оның 

әсемдiктi (табиғат көркемдiгiн, музыка әсем-

дiгiн,  поэзияның  әсерлiлiгiн  т.б.)  түсiнiп, 

түйсiнуiне  тәрбиелiк  әсер  керек.  Өйт кенi, 

адамның  адам  болып  өмiр  сүруiнiң  өзi  – 

әсемдiк.


Эстетика – көркемдiк (Әсемдiк) әдептен, 

дәстүрден, салттан, санадан айқын көрiнiп, 

жеке  тұлғаның,  топтың,  ұжымның,  ұлт тың 

эстетикалық  мәдениетiн  көрсетедi.  Эсте ти-

ка лық  әсерленуден  қабылдау,  қабылдау дан 

таңдау,  талғам,  эстетикалық  сана  қалып-

тасады. «Құлақтан кiрiп, бойды алар, Әсен 

ән  мен  тәттi  күй,  Көңiлге  түрлi  ой  салар: 

Әндi  сүйсең,  менше  сүй»  деп,  ұлы  Абай 

эстетикалық  талғам  мен  эстетикалық  сана-

ның  өзектес  өрнегiн  жеткiзе  бейнелейдi, 

сөйтедi  де,  өлең  өрнектерiмен  әсемдiк  жа­

сайды, эстетиканы (әсемдiктi) өмiрге ендiру 

деп осыны айтамыз.

Әдептiлiкке  үйрету  сияқты  эстетикалық 

тәрбие арқылы бiз жеке тұлғаның айналасы-

мен эстетикалық (әдептiлiк) қарым-қатына-

сын қалыптастырамыз. Бұл игi әрекет жеке 

тұлғаның  әдеп  сақтау,  дәстүрдi  құрметтеу, 

ұлттық  салт-сананы  қадiрлеуi  арқылы 

қалыптасып, мәдени нәтижелерiн көрсетедi. 

Қоғамның, ұлттың мәдениетiн дамыту этика-

лық, этностық игi iс-әрекеттен басталады.

Жеке  тұлғаның  әсемдiктi  аңсап,  оған 

қызы ғып,  соған  жетуге  әрекеттенуi  –  эсте-

тикалық  мұрат  (идеал)  деп  аталады.  Қазақ 

ауыз  әдебиетiндегi  Қыз  Жiбектiң  сұлулық 

бейнесi, әсем суретi, таңғажайып көркемдiгi 

–  ең  биiк  ұлттық  эстетикалық  мұрат.  Жеке 

тұлғаның  эстетикалық  қабылдау  қасиетiн 

қалыптастыру  үшiн  оны  әсемдiкке  баулу, 

әсерлендiру,  қызықтыру  тәсiлдерi  қолда-

нылады.  Сөйтiп  оның,  эстетикалық  рухани 

бейнесiн  қалыптастырамыз,  сол  игi  әрекет-

тер  арқылы  қоғам  мәдениетiнiң  дамуына 

әсер етемiз.

«Жирен  жаман  әдеттен,  үйрен  жақсы 

әдеттен»  деп,  жеке  тұлғаның  әдептiлiгiн, 

иман ды лығын,  «туған  жер  –  алтын  бесiк», 

«Ота ның  үшiн  отқа  түс,  –  күймейсiң»  деп, 

отансүйгiштiк  ыстық  ықыласын  қалыптас-

тырамыз. Яғни, эстетикалық тәрбие – барлық 

тәрбие жүйесiнiң алтын арқауы.

Өнер  (көркем  сөз,  музыка  т.б.)  –  эсте-

тикалық  тәрбиенiң  басты  құралдары.  Жiгiт 

«сегiз  қырлы,  бiр  сырлы»  болу  керек,  «ер 

жiгiтке жетпiс өнер де аз», «өнер өрге  бастай­

ды» деп, өнерпаз халық өнердi эстетикалық 

(көркемдiк)  тәрбиенiң  өзегi  ретiнде  пайда­

ланады  (мысалы,  Ермек  Серкебаев,  Әлiбек 

Дiнiшев сияқты өнер адамдарын үлгi тұту). 

Көркем  сөз,  шешендiк  сөздiң  эстетикалық 

әсерi  зор  (мысалы,  Абайдың  қара  сөздерi, 

Төле бидiң шешендiк сөздерi). «Сөз сүйектен 

өтедi»,  «тоқсан  ауыз  сөдiң  тобықтай  түйiнi 

бар»,  «бiлiмдiден  шыққан  сөз,  талаптыға 

болсын кез» деп, халық сөздiң эстетикалық 

(тәрбиелiк) мәнiн жоғары бағалайды. Сөйтiп, 

сөз  өнерi  тәрбиеленушiнiң  эстетикалық 

қабiлетiн  дамытады.  Сөзге  (тiлге),  тiлдiң 

көркемдiгiне,  сөздiң  жүйелiлiгiне  халық 

ерекше  мән  берiп,  ұрпағын  сөздi  тыңдай 

бiлуге, жақсы сөздi қадiрлеуге, сөзде тұруға 

тәрбиелейдi.  «Жақсы  сөз  –  жарым  ырыс», 

«сөзге  iсiңмен  жауап  бер»,  «жiгiт  болсаң, 

сөзiңде тұр», «сөздi тыңдай бiл» дейдi халық. 

Эстетикалық  тәрбиенiң  айшықты  өрнегi 

– музыка. Қазақ халқы - әншi, күйшi, бишi 

халық. Бұл – ұлттық эстетикалық тәрбиенiң 

қайнар көзi. Ұлы әл-Фарабидiң домбырасы, 

Қорқыт атаның қобызы – қазақтың ондаған 

музыка  аспаптарының  басы  болды.  Қазақ 

әнi  ғарышкер  Талғат  Мұсабаевтың  айтуы­

мен ғарышта шырқалды. Музыка «тiлi» кез 

келген  ұлт  өкiлiне  түсiнiктi,  оның  әуенiне 

әсерленбейтiн  адам  жоқ.  Ұлт  әндерi  мен 

күйлерi  –  ұлттық  эстетикалық  тәрбенiң 

негiзi.


Эстетикалық тәрбие арқылы жеке тәрбие-

ле нушiнiң  эстетикалық  танымы,  эстетика-



101

100


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

лық бiлiмi, көркемөнерлiк дарын-нышанда­

ры  дамиды,  өмiрге  эстетикалық  көзқарасы, 

эстетикалық санасы қалыптасады да, ол ұлт­

тық мәдениеттiң дамуына зор әсерiн тигiзедi.

Сән  эстетикасын,  мiнез-құлық  эстетика­

сын, яғни мiнез мәдениетiн халық қастерлеп: 

«әрбiр iстiң мәнi бар, әрбiр заттың сәнi бар», 

«сәнсiз өмiр жоқ», «мiн – мiнезден», «жаман 

мiнез жарға жығады», «әдептiлiк - әдемiлiк», 

«әдеппен сөйлеп әдеттен» дейдi де, сән мен 

мiнездi эстетикалық тәрбиенiң бiр тiрегi етiп 

көрсетедi.  Ұлы  әл-Фараби:  «Жаман  мiнез-

құлық – рухани кесел» дейдi (о.с. 21-бет).

Эстетикалық  тәрбие  мектептегi  әдебиет 

(өлең,  әңгiме),  тарих  (тарихи  тұлғалар), 

жағрафия  (туған  жер  көркемдiгi)  музыка, 

сурет  т.б.  сабақтарда  бiртұтас  (оқыту  және 

тәрбиелеу) мақсатпен жүргiзiледi. Сабақтан 

тыс  үйiрмелер,  кештер,  жиындар  арқылы, 

мектептен тыс театрлар, кинотеатрлар, теле­

дидар арқылы және кiтапханалар мен клуб­

тар  арқылы  жүргiзiледi.  Әсiресе,  көркем 

әдебиеттi  оқу,  кiтапхананың  жұмысының 

мәнi зор, ықпалы мол.

Эстетикалық  тәрбие  беру  iсiнде  педаго­

гика ғылымы гурмандық («талғампаздық»), 

абстракционизмдiк  (дерексiздiк),  топмузы-

ка лық  (таралымды  музыка),  модернизмдiк 

(сарыуайымшылдық), «таза өнер» деп, қоғам 

түсiнiгiне жат өнердi уағыздаушылық сияқты 

ағымдардың  тәрбие  iсiне  керi  әсер  ететiнiн 

дәлелдейдi,  сөйтiп  «жаңалық  жасадым» 

деп  көркемдiктiң  көркiн  бұзатын  «жалған 

жаңашылдықтың» этнопедагогикаға да жал­

пы педагогикаға да зиянды екендiгiн айқын 

көрсетедi.

Эстетикалық тәрбиенiң негiзi – этика бол­

са, сол этика (әдеп, әдептiлiк) қазақ этнопе-

дагогикасының  мәдени-рухани  iргенегiзi. 

Ал, дәстүр, салт, салт-дәстүр, салт-сана ұлт­

тық  тәрбиенiң  эстетикалық  мәдени-рухани 

сәулетi болып табылады.

Өркениеттiлiк  (цивилизация)  –  ұлттық 

мәде ниеттiң  шарықтап  өсiп,  қалыптасуына 

алып  барса,  эстетикалық  тәрбие  сол  әсем-

дiк  әрекетiнiң  тiрек-тiзгiнi,  алтын  арқауы. 

Сондықтан  эстетикалық  тәрбиенiң  жаңғы-

рып (инновацияланып) қолданылатын тәсiл-

дерi  мен  әдiстемелерi  мол.  Ол  тәжiрибелi 

ұстаздардың  iс-әрекеттерiнен  айқын  бай-

қалып,  тәрбиелiк  орнын  табады.  Ол  үшiн 

кiтаппен  жұмыс,  театр,  кино,  теледидар, 

ком пьютер т.б. техникалық құралдарды пай­

далану  тәсiлдерiн  тәрбиелеушi  жан-жақты 

жақсы пайдалана бiлуге мiндеттi. 



7. Экологиялық тәрбие – тәрбиеленушi-

нiң  табиғат  қалыптылығына,  айналасының 

айқындығына,  тiршiлiк  заңдылығына,  адам 

өмiрiне, қоғамның әлеуметтiк жағдайларына 

қамқорлық  жасап,  оның  қалыптылыққа 

қайы   рымдылық қатынасын қалыптастырып, 

жақ  сылыққа жауапкершiлiгiн арттыру үшiн 

жүргiзiлетiн мақсатты әрекет.

Экология – ағзамның (тiрi дененiң) қалып-

тылығы және оның айналамен қарым-қаты-

насы  туралы  ғылым.  Экологиялық  қалып-

тылық бұзылса, табиғатта, тiршiлiкте, өмiрде 

(тұрмыста)  тепе-теңдiк  заңдылықтары  «бұ-

зы лады».  Жан  азығынан  тән  азығы  басым 

болса,  адамның  адамдық  қасиетi  азады. 

Сон дықтан  да,  халық  «құдыққа  түкiрме», 

«аспанға  тас  лақтырма»,  «малды  теппе», 

«есiтi керме» т.б. сол сияқты ырым-тыйым-

дар  жасап,  жас  ұрпақты  «бұлақ  көрсең, 

көзiн  аш»,  «жас  талды  қырықпа»,  «жол 

бөгеген тас болса, алып таста», «құс ұясын 

бұз ба»  деп,  табиғатты  қорғауға,  «орын­

сыз,  бекер  мал  шашпа»,  «ақша  –  тиыннан, 

жылқы – құлыннан» деп, ысырап жасамауға 

тәрбиелейдi.

Заманына  байланысты,  экономикалық, 

тұр мыс-ахуалдық  қалыптың  бұзылуы  жеке 

тұлғаның  ой-санасына,  мiнезiне  әсер  етедi. 

«Заманға  жаман  күйлемек,  жаманды  за­

ман  билемек,  заманнан  жаман  күйремек» 

(Абай) деп халық фәлсафалық тұжырыммен 

экологиялық келеңсiз жағдайға қарсы ұрпа-

ғын  жамандықпен  («бұзылумен»)  аянбай 

күре су керек екендiгiн уағыздайды.

Экологиялық  тәрбие  тәрбиеленушiнiң 

таби ғатты  флора  (өсiмдiк),  фауна  (жануар) 

әлемiн қорғауын, оны жер бетiндегi калып-

ты өмiр үшiн күресе бiлуге үйретудi, эколо-

гиялық  тепе-теңдiктi  сақтай  бiлудiң  жол­

дарын  насихаттауды  көздейдi.  Айналадағы 

өмiр  заңдылықтарын  дұрыс  түсiнiп,  оны 

қорғай бiлу – әрбiр жеке тұлғаның адамдық 

парызы екендiгiн ұғындыра тәрбиелеу үшiн, 

тәрбиешi  адазаттың  және  табиғат  апат та-

ры ның  дүниенi  «бұзып»  жатқан  ойранда­

рын тәрбиеленушiнiң көрiп, сезiнiп, безiнiп, 

күре се бiлуiн ұйымдастыру жолдарын, оның 

әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Арал  теңiзiнiң  тартылуы,  биосфералық, 

стратосфералық  «бұзылулар»,  Семей  т.б. 

поли гондарының экологиялық апаттары мен 

опат тары,  өзендердiң  тартылуы,  көлдердiң 

құрғай  бастауы,  жан-жануарлардың  азғын-

дауы – бәрi экологиялық тәрбие жүргiзумен 

қатар,  жас  ұрпаққа  экологиялық  апаттарға 

қарсы  ғылыммен  де,  еңбекпен  де  күреске 

шығу жолдарын үйретудi қажет етедi.

«Аттан,  Қазақстан»,  «Семей  –  Невада» 

қозғалысы адамзатқа апат әкелген атом бом­

басын  жаруға  тыйым  салуды  талап  етсе, 

«қорықтарды  қорғау»,  «демографиялық 

ақуал»  бағдарламалары  табиғаттың,  адам-

ның  азғындауын  тыю  үшiн  не  iстеу  керек 

екендiгiн бағдарлап көрсетедi. Экологиялық 

«бұзылуға» қарсы күрес – экологиялық тәр-

биенiң  қозғаушы  күшi.  Жаппай  қарулану, 

жаппай  қыру  апатына  қарсы,  Хиро-Симо, 

Наго-Саки  опаты  туралы  әлемдiк,  үлттық, 

мемлекеттiк шаралар қолданылып жатқанын 

әсерлi  баяндайтын  әңгiмелер  мен  кинокад­

рлар,  экспонаттар  –  экологиялық  тәрбиенiң 

әсерлi құралдары.

Қоғамдағы  тән  азығын  ғана  күйттеп, 

жан азығына көңiл бөлмей, айуандық жолға 

түскен тұғырсыз тұлғалардың кесапат-кесiр-

лерi тәрбиеленушiнi жиретiндiретiндей болу 

үшiн, оның мiнез-құлқына әдеп, иман, iзгiлiк 

сияқты  қасиеттердi  сiңiру  үшiн,  тәрбиешi 

өмiрдегi  келеңсiз  жағдайлардан  әсерлi  мы­

салдар келтiрiп, оны экологиялық тәрбие iсi-

не жан-жақты пайдлануы қажет.

Экологиялық  тәрбие  мектептегi  барлық 

сабақтарда, мектептен тыс тәрбие жұмыста-

рында  (үйiрмелер  мен  кездесулер,  театр, 

кино) қолданылады. Ол үшiн тәрбиешi эко­

логия  ғылымдарын  (абиотика,  биотика,  қа-

лып тылық  экологиясы,  экологиялық  жүйе, 

эндо генетикалық  экология,  гологентикалық 

экология) жақсы бiлуге тиiс.

Мектептерде  сыныптан  тыс;  «табиғат 

күнi»,  «орман-тоғай  күнi»,  «құстар  күнi», 

«Ал тын  күз»,  «Бұл  қай  жануар?»,  «Жер  – 

ана»  т.б.  тақырыптар  бойынша  сахналық 

қойылымдар қойылып, экологиялық тәрбие 

жұмыстары  жүргiзiледi.  Онда  әдебиет  ма­

териалдары,  салт-дәстүрлерге  байланыс-

ты рәсiмдер мен рәмiздер, ырым-тыйымдар 

пайдаланылады.  Пiкiрлесу,  пiкiрталас  әңгi-

ме лерi  арқылы  тәрбиеленушiлердi  эколо-

гиялық  күреске  ынталандыру  iс-әрекеттерi 

ұйымдастырылады.

Фаунадағы ауытқулар, жер бетiндегi эро­

зия,  коррузия,  биосферадағы  озон,  демо-

гра фия дағы  «қалыпсыздық»  бәрi,  көбiнесе, 

адам  заттың  өз  кесапатынан  болғандығын 

тал дап,  дәлелдеген  тәрбиешi  айқындау, 

ұғын  дыру  тәсiлдерi  арқылы  экологиялық 

тәр  биеде өз мақсаттарына жетедi.



Өзiн  өзi  тәрбиелеу  –  жеке  тұлғаның 

адам гершiлiк қасиеттерiн үйренiп, адамдық 

парыздарын iске асыру үшiн жасайтын ықы-

ласты әрекетi.

«Егер  естi  кiсiлердiң  қатарында  бол-

ғың  келсе,  күнiнде  бiр  мәртебе,  болма­

са  жұмасында  бiр,  ең  болмаса  айында  бiр 

өзiңнен  өзiң  есеп  ал!»  –  дейдi  Абай  дана. 

Жеке тұлға өзiн өзi тәрбиелеудi ес бiлген нен 

өмiрiнiң соңына дейiн қолданады. «Жақсы-

лық  көрсем,  өзiмнен,  жамандық  көрсем, 

өзiмнен»  деп,  педагог-ақын  Сұлтанмахмұт 

Торайғыров тауып айтқан.

Жеке  тұлғаның  өзiн  өзi  тәрбиеленуiне 

жалпы  тәрбие  жұмыстары  да  ерекше  әсер 

етедi.  Эстетикалық  мұрат,  қызығу,  арман­

дау, әсерлену, әрекеттену арқылы әрбiр адам 

өзiне  өзi  жақсылық  жасауға  ынталанады. 

Жеке  тұлғаның  өзiн  өзi  тәрбиеленуiне  ұлт­

тық  әдеп,  салт-дәстүрлер  мен  салт-сана  да 

үздiксiз  әсер  етедi.  «Жiгiт  намысы»,  «қыз 

абы ройы» дәстүрлерi, үлкендi сыйлау, қайы-

рымдылық,  имандылық  дәстүрлерi  мен 

ұжымдық  дәстүрлерi  жеке  тұлғаны  «қатар-

дан қалмауға», алдыға мақсат қойып, соған 

жету  үшiн  әрекеттенуге  себепшi  болады. 

Әр бiр адамның өзiн өзi тәрбиеленуiне оның 

қалып тасқан  ар-намысы,  ұят-сезiмi  әсер 

етедi.

Қайта  тәрбиелеу  –  тәрбиесi  бұзылып, 

адам дығы  ауытқыған  жеке  тұлғаны  жүйелi 

түрде тәрбиелеу әрекетi.

Жеке тұлғаны қайта тәрбиелеу үшiн, оның 

пси хологиялық,  материалдық,  жанұялық 

жағ  дайлары  жан-жақты  зерттелiп,  соған 



103

102


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

бай ланысты  түрлi  әсерлi  әдiс-тәсiлдер  қол-

данылады. Ол үшiн оның жанжүйесiне жай­

лы әсер ететiн жағдайлар жасалынады.

Жеке  тұлғаны  қайта  тәрбиелеудiң  қоз-

ғау шы  күшi  –  ұжымның  қамқорлығы, 

еңбек  және  өнер-бiлiм  екенiн  ұлы  педагог 

А.С.Макаренко өзiнiң балалар колония сын-

дағы  ұстаздық  шеберлiгiмен  әлемге  айқын 

көрсете бiлдi.

Қайта  тәрбиелеу  үшiн,  көбiнесе,  жағдай 

жасаумен  бiрге  жазалау,  мадақтау  тәсiлдерi 

қолданылады.

Тәрбиенің нәтижелі болуы тәрбиелеушінің 

(тәлімгер  ұстаздың)  біліктілігіне,  ұстаздық 

шеберлігіне,  тәжірибелілігіне  байланысты 

бола ды. Тәлімгер ұстаздың тұлғалық бейнесі 

оның  қабылетіне,  ынта-жігеріне  байланыс-

ты дамып қалыптасады.

Резюме

В данной статье рассматриваются теоретические концепции национального воспита-

ния. 

Summary

This article discusses the theoretical concept of national education.

АБАЙ ӨЛЕңДЕРІНДЕГІ АСЫҚТЫҚ ПЕН БОЗБАЛА МӘСЕЛЕЛЕРІ

Н. Кенжеғараев – 

ф.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» 

кафедрасының доценті 

Абайдың  бірқатар  өлеңдері  жастар  та-

қы  рыбына  арналған.  Өзінің  сан-салалы 

шығармашылық  кеңістігінде  ақын  жастар-

дың  тұлға  болып  қалыптасуы,  олардың 

білім алып, кәсіп игеріп әлеуметтенуі, мәң-

гілік адами рухани құндылықтарды бойына 

сіңіріп өсуімен қатар, жас өркеннің бойын-

дағы адами сезімдерге, оның ішінде махаб­

бат сезімдері мәселелеріне кеңінен тоқталуы 

кездейсоқ  емес.  Өлең  сөздің  шеберіне  ай-

нал ған  ақын  жастарды  толыққанды  тәр-

биелеу  ісін  жүзеге  асырғысы  келеді.  «Ма­

хаббатсыз  дүние  –  бос»,  –  деген  кредоның 

үлкен меже етіп алған ақын, махаббат се зім-

дері  арқылы  адамдарды,  жастарды  бауыр-

малдық,  сүйіспеншілік,  достық,  ізгі лік 

сезім дерге  жетелейді.  Осы  жастар  мен  ма­

хаббат  дискурсында  жазылған  ақын  өлең-

дері  кәнігі  психологтың,  адам  жанының 

білгірінің қолынан туындап отырғандай әсер 

қалдырады.  Қазіргі  ғылыми  тілмен  айтсақ 

Абай  педагогика  психологиясын  өте  жетік 

меңгерген ақын. 

«Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі  қымбат» 

өлеңінде дидактикалық, педагогикалық дис-

курс тардың орын алғанын көреміз. Ақынның 

өлең жазудағы алдына қойған мақсаты, стра­

тегиясы  –  жас  ұрпаққа  кеңес  беру,  насихат 

айтып,  адамдық  мұраттарын  аңдату  болса 

керек.  Абайдың  бұл  өлеңіне  тән  құбылыс, 

насихат  құрғақ  дидактика  түрінде  келмей, 

шынайы  өмірлік  мәселелерге,  әлеуметтік 

әре кеттерге  негізделіп,  өмірлік  тәжірибе 

ретін де,  тіршілік  философиясы  аясындағы 

адами сезімдер сөз болады. 

Автор  стиліне  тән  құбылыс  ол  –  қабыл-

даушы тарапын, тыңдаушыларын үнемі көз 

алдына елестетіп, оның да психоэмоциялық, 

интеллектуалдық  жай-күйінен  хабардар 

екендігін аңғартып, адресат жағдайын баға-

лап отырады. Демек, автор өнер табиға тын 

терең меңгергендігі анықталады.

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,

Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,

Абайлар әрбір сөзді өз халынша [1, 64], –  

деп автор өз тыңдаушыларын жіктеп, олар-

дың қабылдау деңгей-дәрежелерін, реакция­

ларын сипаттап өтеді. 

Абай бұл өлеңінде де жастарды, тыңдау-

шы ларды  еркін  сұхбаттастыққа  шақырып 

отыр,  эмоционалды  тон  өткір  айтатын 

үкім, сын емес, ғибрат айтуға, кеңес беруге 

арналған.  Түпкі  ниет  әлі  де  ықпал  етіп 

өзгертуге  болатын,  буыны  аса  қата  қойма-

ған  жастарға  дұрыс  жол  көрсетіп,  тәлім 

беру.  Олардың  ақыл  сөзін  естіп,  түзу  жол­

ды  таңдауына  септік  болу  болғандықтан, 

жастардың  басынан  сипай  отырып,  ненің 

ақ,  ненің  қара,  ненің  жақсы,  ненің  жаман 

екендігін ұғындыруға тырысады: 



Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Ақынның  алдында  толық  адамдық  жол  -

ды  мұрат  еткен  жастың  бейнесі  елес теп, 

ішкі жан дүние байлығын, рухани бай лықты 

жоғары  қойған,  әрі  заманауи  біліммен,  кә-

сіп пен  қаруланған  азамат тың  бейнесін  қа-

лып  тастыру  арманы  тұрған дығы  байқа-

лады.  Олардың  күншілдік,  мақтан шақтық, 

қия нат шылдық,  өтірікшілдік  сынды  жаман 

қасиеттерден  аулақ  болып,  татулық,  жол-

дастық, сұхбаттастық ниетте болуын қалай-

ды.


Абай  жастарға  аса  жақын  эротикалық, 

интимдік тақырыптардан да қашқақтамайды. 

Адамның  дұрыс  жолда  дамуына  осындай 

жыныстық тәрбиенің де маңызды екендігін 

ескергендіктен,  этикалық  нормаларға  сай, 

ислам  қағидаттары  аясында  арлы  болуға 

шақырады:

Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас,

Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас.

Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,

Төбетке өлекшіннің бәрі бір бәс.

Ақын өзі өз тұсындағы жастарға қараты-

лып айтылғанымен, оның поэзиясының құді-

реттілігі арқасында айтылған мәселе қазіргі 

күнде  де  маңызын  жоймағандай.  Жалаң 

нәп сі құмарлық  культке  айналған  заманда, 

жастардың  Абай  өлеңдерін  оқи  отырып, 

бойын түзеп, ақылға бой алдыруы абзал. 

Қазақ  поэзиясында  Абайға  дейін  дидак-

тикалық,  педагогикалық  дискурс  аясында 

жас тарға  жыныстық  тәрбие  беру  идеяла-

рын түркілік  мұра  Ж.Баласағұнның «Құтты 

білік»,  шығыстық  Кейқауыстың  «Кабус-

нама»  дастандарынан  кездестіреміз.  Абай 

идеялары  жыныстық  тәрбиені  тек  құрғақ 

ақыл күйінде емес, адам өмірінің шынайы-

лы ғымен түсіндіре білгендігімен ерекшеледі. 

Көп жүрмес жеңсікқойлық, әлі-ақ тозар,

Жаңғырар жеңсікқұмар, жатқа қозар.

Күнде көрген бір беттен көңіл қайтар,

Қылт еткізбес қылықты тамыршы озар.

Психоаналитиканың  негізін  қалаушы 

З.Фрейд адамның сексуалды ынтықтығы (ли­

бидо) оның айқындаушы факторы дегендігі 

бел гілі.  Ол  сексуалды  ынтықтықты,  Абай 

тілі мен айтқанда «жеңсікқұмарлықты» қада-

ғалап отыратын жоғары «Мен», сана болса ке­

рек. Абай сол жеңсікқұмарлықтың жетегінде 

кетсең, ол оңай ауыздықталмай, жаңа нысан 

көрген  сайын  қайта  қозып,  бей-берекеттік 

қатынас орын алатындығын мегзейді. Жең-

сік құмарлықты  сезіммен,  махаббатпен  ал-

мас  тырғанда  ғана,  ол  баянды  болмақ.  Ал 

ойнасқа  салынсаң,  ардан  арылып,  адамның 

да,  алланың  да  алдыңда  күнәһар  боласын 

дей тіндей.  Абайдың  «қылықты  тамыршы» 

деп отырғаны жан дүниеңді қабағыңнан та­

нитын, сезімі ортақ, сүйіскен жар болуы ке­

рек.  Ақын  киелі  махаббат  сезімін  дәріптеп 

отыр  және  қазақ  поэзиясында  махаббат 

тақырыбын мұндай детальді түрде таныған, 

жырлаған ақын болмаған. 

Сондай-ақ,  осы  өлеңде  Абай  қозғаған 

ген дерлік  теңдік  мәселесі  де  орын  алады. 

Махаббат,  отбасы  мәселесінде  толық  үйле-

сімділік,  теңдік  болу  керектігін  баса  айта­

ды.  Махаббат  –  ер  мен  әйелдің  арасында 

теңдік болған жағдайда ғана орнайды және 

махаббат  теңдіктің  символы  іспеттес.  От­

басы  берік,  тату  болып,  толыққанды  ұрпақ 

тәрбиелеу  үшін  еркегі  мен  әйелі  арасын­

да  аяулы  сезім,  ғашықтық,  махаббат  болу 

керектігі  айтылады,  сонда  ғана  отбасында 

бақыт орнайды дейді:



Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,

Қоржаң суық келеді кей сасық ми.

Ері ақылды, қатыны мінезді боп,

Тату болса, риаз үстіндегі үй.

105

104


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ОТБаСЫ ТӘРБИЕСІ

Жоқ болса қатыныңның жат өсегі,

Болмаса мінезінің еш кесегі.

Майысқан, бейне гүлдей толықсыған,

Кем емес алтын тақтан жар төсегі.

Ақынның  дидактикалық,  педагогикалық 

өлеңдері  оның  ақындық  жолға  ден  қойған 

кезең дерінде орын алады десе де, кейінгі жа-

зылған өлеңдерінде де дидактикалық, педа-

гогикалық  дискурс  назардан  мүлдем  тыс 

қалды  деп  айта  алмасақ  керек.  Бұл  туралы 

абайтанушы  ғалым  А.Нұрқатовтың  мына 

пікірлері  өз  маңызын  жоймаған:  «Абайдың 

лирикалық поэзиясында дидактизм мол. Бұл 

– қазақтың классикалық ақыны поэзиясының 

айрықша бір ерекшелігі. Абай поэзиясындағы 

дидактикалық  сарындар  оның  халық  поэ-

зиясымен  етене  байланыстылығынан  және 

ағартушылық мақсатынан келіп туындайды. 

Оның  халықты  ояту,  елді  өнер-білімге  бас-

тау, соған жар салып үндеу тақырыптарына 

арналған  өлеңдерінің  бірталайы  осы  ерек-

шелікті жақсы танытады.

Ал творчествосында реалистік принцип-

тер  неғұрлым  тереңдеген  сайын  Абай  поэ-

зия сындағы  дидактикалық  сарындар  да 

соғұрлым  азая  түседі.  Дәлірек  айтқанда, 

ақын  ның  ғибратты  ойлары  тұп-тура,  тіке-

лей  айтылмай,  жанды  да  көркем  бейнелер 

арқылы  беріліп  отырады.  Абайдың  класси-

ка лық поэзияның шыңына көтерілген ақын-

дық  жолын,  іздену  бағдарын  шолып  шық-

қан да мұның ақиқаттығына әркімнің-ақ көзі 

жетеді» [2, 49]. 

Ақынның «Сен мені нетесің», «Қор болды 

жаным», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Көзімнің 

қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Жел -

сіз  түнде  жарық  ай»,  т.б.  өлеңдерінде  жас -

тардың арасында мөлдір де іңкәр сүйіспен-

шілік  сезімдері  жырланады.  Адам  жанын 

жадыратып  қана  қоймай,  тазартатын,  сон-

дай-ақ  моральдық-этикалық  тұрғыдан  із-

гі лік ті,  кісілікті  қасиеттерге  бастайтын  се-

зім  дердің  ұлықталуы  жалпыадамзаттық 

от ба   сылық,  адамшершілік  құндылықтарды 

қастерленуінен  келіп  туындайды  және  сол 

қасиеттерді насихаттайды. Іңкәр сезімдерді 

сезінген,  бойынан  өткізген  жас  жамандық 

қасиеттер  атаулыдан  бойын  аулақ  салып, 

кейінгі  отбасылық  құрған  дәуірінде  махаб-

бат  сезімдерін  ту  етсе,  отбасылық  құнды-

лықтар  сақталып,  бақытты  ұрпақ  дүниеге 

келіп,  тәрбиеленетіні  белгілі.  Қазіргі  қазақ 

қоғамында  махаббат  пен  сезім,  отбасы 

құн ды лықтары  арзандап,  төмендеп,  түрлі 

келең сіздіктердің  орын  алып  отырғандығы 

дабыл  қағатындай  жағдай.  Жастар  мен 

жас өспірімдер  тәрбиесінде  Абайдың  педа-

гогикалық  дискурсте  жазылған  өлеңдерін 

терең талдап, түсіндіре білсек, олардың са­

насы мен дүниетанымының ізгілікке бағыт-

талып қалыптасуына себеп болар еді. 




жүктеу 2.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет