Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Раисов Қазбек Дайырбекұлы-



жүктеу 67.47 Kb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата25.01.2017
өлшемі67.47 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Раисов Қазбек Дайырбекұлы-
«Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы
ЖАСТАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ САНА-СЕЗІМІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Қазір әлемдік жаһандану үрдісі қарқын алған 
сайын  дүние  жүзі  халықтары  өздерінің  ұлттық 
төлтумалығын  сақтап  қалуға,  отаншылдық 
сезімдерді,  жастарды  патриоттық  рухта 
тәрбиелеуге айырықша көңіл бөлуде.
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  халыққа 
Жолдауында:  «Біз  Қазақстанның  барлық 
азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне 
деген  сүйіспеншілігін  дамытуға  тиіспіз»/1/  деп 
атап  өткен  болатын.  Қазақстан  Республика-
сында  білім  беруді  дамытудың    Мемелекеттік 
бағдарламасының  негізгі  міндеттерінің  бірі 
қазақстандық 
патриотизмге, 
төзушілікке, 
биік  мәдениетке,  адам  құқықтары  мен 
бостандықтарын  құрметтеуге  тәрбиелеу  болып 
табылады.
Патриотизм - [грек, patris – отан, атамекен] – 
өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің 
мүдделеріне  бағындыратын,  оған  адал  қызмет 
етіп,  қорғауды  мақсат  тұтатын  өз  Отанына, 
Атамекеніне  деген  терең  сүйіспеншілік  сезімі. 
Патриотизм  мәселелері  жаңа  мемелекеттердің 
құрылуы,  ұлттың  қалыптасуы,  ұлт-азаттық 
қозғалыстар  мен  соғыстар  кезінде  ерекше 
өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні 
Патриотизм  мәселесі  жаһандану,  интернаци-
онализация,  мемлекетаралық,  аймақтық  және 
жер  шарылық  ықпалдастық  жағдайында  өрши 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, 
келешекте  оның  барлық  өіріне  апат  әкеледі»,  - 
деген болатын әл-Фараби.
Қазақстан  бүгінгі  күні  өзінің  әлеуметтік, 
экономикалық  реформаларын  жүргізіп  келе 
жатқан елдердің бірі.
Келешек ұрпақ бойына отансүйгіштік сезімін 
ұялату  үшін,  алдымен  тәуелсіздігімізді  сақтап, 
өскелең  ұрпаққа  ұлттық  тәлім-тәрбиені  беруге 
аса көңіл бөлуіміз қажет.
Қазіргі  таңда  ұлттық  тәрбие  беру  мәселесі 
өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Ұрпақтың  ұлтжанды,  еңбекқор,  білімді. 
Ақылды, дені сау, кішіпейіл болып қалыптасуы 
ұлттық тәрбиенің тигізетін әсерінің ерекшелігі. 
Ұлттық  сана-  сезімді  қалыптастырғанда  ғана 
үлкен нәтижеге қол жеткізеріміз анық.
Халқын  сүйген  адам  ана  тілін  де  сүйеді, 
құрметтейді. Өйткені, халық – тек өз ана тілімен 
ғана халық.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж.
2.  Ұлттық тәрбие, № 1, 2011ж, №1, 2010 ж.
3.  Ұлт тағылымы, № 4, 5 2001ж., №3, 2007 ж.
Резюме 
В данной статье рассматриваются вопросы национального воспитания молодежи, формирова-
ния уважительного, бережного отношения к родному языку.
Summary
The national educafion of young people, and formation aftitute to native language was diven in this 
article.

62
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
түсуде.  Шынайы  патриотизмді  интернациона-
лизм мен космополитизмге қарсы қоюға болмай-
ды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы 
қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол 
ұлтшылдыққа  және  шовинизмге  ұласып  кетуі 
оңай.  Ал,  ұлттық  және  ұлттық-мемелекеттік 
нигилизмге  негізделген  интернационализм  мен 
космополитизм  жалпы  адамзаттық  мүдделер 
мен құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г. Черны-
шевский айтқандай: «Өз Отанына салқын адам 
бүкіл адамзатқа да опа бермейді» /2/.
Патриотизм  ұғымы  кең:  ұлттық  патриотизм, 
мемлекеттік патриотизм және т.с.с. Патриоттық 
тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі 
келеді.  Отанға  құрмет  көрсету  тұрғысындағы 
патриоттық  сезім  жалпы  адам  баласына  тән 
туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз 
тілі  мен  мәдениетіне,  ұлттық  құндылықтарына 
жеке  қатынасын,  өзіндік  бағасын,  қуаттап-
қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып 
табылады.  Патриоттық  сезімнің  нысаны  мен 
қайнар  көзіне  Отан,  туған  жер,  табиғат,  оның 
байлықтары,  тіл,  дәстүр,  тарихи  ескерткіштер, 
туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.
Ұлттық  рух  пен  ұлттық  патриотизм  –  бұл 
ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен 
қасиеті, өз халқына деген  шексіз сүйіспеншілігі, 
адам  өз  халқымен    қан  жағынан  да  және 
шыққан  тегі,  аумағы,  тілі,  тұрмыс-тіршілігі, 
мінез-құлқы,  психологиялық  және  этностық 
ерекшеліктері,  қалыптасқан  тарихи  дәстүрлері 
жағынан  да,  әбден  айқын  әрі  дербес  басқа 
қасиеттері  және  ерекшеліктерімен  де  байланы-
сты.  Ел  болу  үшін  ұлттық  рух,  ұлттық  қасиет 
және ұлтқа деген сенім болуы керек. М.Шоқай 
1931 жылы «Яш Түркістан»  журналына былай 
деп  жазыпты:  «Ұлттық  мәденеиеттен  жұрттай 
рухта  тәрбиеленген    ұрпақтан  халқымыздың 
қажеті  мен  мүддесін    жоқтайтын  пайдалы 
азамат  шықпайды...  «Түрі  ұлттық,  мазмұны 
пролетарлық болсын» деген формула халықтық 
рухқа  сай  келмейді.  Халықтың  рухани  дүниесі 
(мәдениеті) біртұтас құбылыс. Оны «мазмұнға» 
және  «формаға»  бөлуге  болмайды.  Кез  кел-
ген  рухани  мәдениет  өзінің  формасымен  де, 
мазмұнымен де айқындалады» /3/.
Азаматтық-патриоттық,  құқықтық  және 
полимәдениеттік  тәрбие  гуманизмге,  қазақ 
халқының  тарихы  мен  салтын,  тілін  сүю  және 
құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға 
және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды және 
патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық өзіндік 
сананы,  ұлт  аралық  мәдени  қарым-қатынасты 
қалыптастыруы  тиіс.  Балалар  мен  жастардың 
азаматтық патриоттық білім беру ұйымдарында 
азаматтық-құқықтық,  патриоттық  тәрбие  беру-
де  мазмұны  мен  әдіс  тәсілдер  мен  оқу  тәрбие 
құрылымының  өзара  іс-әрекеттік  негізінде 
деңгейін көтеру белгіленген. 
Ондай  әрекеттестікті  бізідің  ұлы  ойшылда-
рымыз  ертеден-ақ  ескеріп,  өз  ойларын  қосқан. 
Осындай  адамның  еркін  әрекеттесетін  мінез-
құлқын тәрбиелеуде әл-Фараби:
«Әдеттенудің  арқасында  бізді  жақсы  мінез-
құлыққа жеткізетін әрекеттер болып табылады. 
Ол  адамның  жетілуі  оның  мінез-құлықының 
жетілуіне  сайма-сай  келеді»  /4/  деген  ойы 
арқылы  қазіргі  кезде  тұлғаның  жеке  қасиетін, 
мінез-құлқын қалыптастыруда жақсы әрекеттер 
қалыптастыру керектігі туралы ой айтады.
Бүгінгі  күндегі  еліміздің  егемендікке  жетуі 
халықтардың  ұлттық  дүние  танымының  өсуіне 
жағдай жасады.
Қазіргі  кезде  жоғары  оқу  орындарын-
да  тәрбие  беру  мәселесіне  жаңаша  көқарас 
тұрғысынан  қарауды  және  студенттердің 
патриоттық  сана-сезімін,  сапаларын,  мінез-
құлқын  қалыптастыруды  көздейтін  тәрбиенің 
формалары  мен  әдістерін  жетілдіруді  талап 
етеді.  Бұл  бүгінде  байсалдылық,  табандылық, 
батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім 
ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет бо-
лып отырған уақытта аса маңызды.
Бұл  Қазақстанның  жоғары  оқу  орында-
рында  студенттерге  қазақ  халқының  этностық 
ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-
ақ  халықтың  батыр  ұл-қыздарының  ерлік 
істерін  дәріптеу  жастарға  патриоттық  тәрбие 
берудің  және  оны  қазіргі  жағдайда  зерттеудің 
қажеттілігін арттыра түседі.
Жалпы  Қазақстанда  тұратын  халықтардың 
қазақ  халқының  ұлттық  тарихына  деген 
қызығушылығын  дамыту,  ұлттық  сана-сезімді 
қалыптастыру  оның  патриоттық  сезімін 
тәрбиелеуде негізгі бағдар болады.
Ал  қазақстандық  патриотизм  Қазақстан 
азаматының  өзін  осы  елдің  төл  баласы,  нағыз 
азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің 
туған  елі,  Отаны  деп  есептеген  жағдайда  ғана 
қалыптасады. Қазақстанның патриоты дегеніміз:
1. 
Қазақстанда тұраты барлық ұлт өкілдері 
Қазақстан  Республикасының  мемелекеттік 
рәміздеріне  ерекше  құрметпен  қарап,  шын 
ниетімен қадірлеуі;
2. 
Қазақстанда 
тұратын 
барлық 
халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға 
дайын болуы;
3. 
Қазақстан  Республикасының  қарулы 

63
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық 
патриоттық матаныш сезімінің болуы;
4. 
Қазақ  халқының  тарихы  мен  салтын, 
тілін  сүю  және  құрметтеуге,  оның  таңдаулы 
дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынта-
лы болуы т.т.
Өз  тарихын  білу-ұлттық  сана-сезімнің 
ажырамас  бөлігі,    ол  этникалық  тұтастықтың 
сақталуы мен оның келесі буындарда жалғасын 
табуда маңызды. Қазіргі ұрпақтың өз халқымен 
бірлігін  сезінушілігі  және  өзін  оның  күллі  та-
рихи  жетістіктерінің  тікелей  мирасқоры  мен 
нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы ретінде 
сезінуінің мәні зор болмақ. 
Отанға  деген  сүйіспеншілік,  патриотизм 
қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық 
сезім мен көзқарастар қашанда белгілі бір ұлтқа, 
ұлысқа жатады.
Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай От-
анын,  ұлтын  сүйген.  Батырларымыз  бастаған 
қазақ  халқы  Отанын,  жерін,  ұлтын,  жаудан 
қорғаған. 
Оны Қазыбек би өз сөзінде былай келтіреді: 
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге  
соқтықпай,  жай  жатқан  елміз.  Елімізден  құт-
береке  қашпасын  деп,  жеріміздің  шетін  жау  
баспасын  деп,  найзаға  үкі  таққан  елміз;  ешбір 
дұшпан  басынбаған  елміз,  басымыздан  сөзді 
асырмаған  елміз.  Досымызды  сақтай  білген 
елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған 
хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Ата-
дан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан 
қыз туса, күң боламын деп тумайды» /5/ дей оты-
рып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы 
қажырлығын,  жанын  аямайтын  патриоттығын, 
тәкапарлығын  көрсетеді.  Олай  болса,  біз 
жастарға  осындай  ұлағатты  сөздерді  санасы-
на  сіңіру  арқылы,  оның  өз  ата-тегін,  ұлтын, 
халқын сыйлауға Отанын сүюге, өз еліне деген 
мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз.
Жастардың 
азаматтық 
тұлғасы 
мен 
отаншылдық  асқақ  сезімдері  тек  қана  білім 
мен тәрбие барысында қалыптасады. Бұл ретте, 
Отан,  елжұрт,  төлтума  мәдениет,  салт-дәстүр, 
моралдық-этикалық нормалар туралы білім мен 
біліктің қайнар көзі қоғамдық ғылым пәндерінде 
екені,  әсіресе,  сол  пәндердің  қазақ  тілді 
мәтіндерінде екені басы ашық ақиқат. Өкінішке 
орай,  пәндерді  саралаумен  білім  мазмұнын 
айқындауда  осы  мәселелерге  ойдағыдай  мән 
берілмей  келеді.  Рас,  отаншылдық  сияқты 
асыл  қасиетті  ұрпақ  бойына  қалыптастыру  тек 
қана білім жүйесінің мойнындағы міндет емес. 
Отаншылдық кез келген ұлттық – мемелекеттік 
жаралымның өмір салтына, өмір сүру нормасы-
на  айнылуы  тиіс.  Яғни,  жас  ұрпақты  отаншыл 
етіп тәрбиелеу мемелекеттік маңызды да жауап-
ты істердің бірі болып табылады.
Білім мен тәрбие тетіктерін ұрымтал іске қосу 
арқылы ұрпақ бойына отаншыл болатындай асыл 
қасиеттерді дарыту, түптеп келгенде Отан әлеуетін 
нығайтудың  ең  сенімді  кепілі.  Бұл  мәселені 
Президент  Н.Ә.  Назарбаев  бір  сәт  қатерден 
тыс  қалдырмай,  тіптен  жеке  басының  қадір-
қасиетімен  отаншылыдықтың,  елжандылықтың 
тамаша  үлгісін  көрсетіп  келе  жатқанына 
куәміз.Тәуелсіздік  жылдарында    Елбасының 
қаламынан  туған  «Ғасырлар  тоғысында»,  «Та-
рих  толқынында»,  «Қазақстан-2030»,  «Сын-
дарлы  10  жыл»  сияқта  терең  мазмұнға  толы 
еңбектерінде  шын  мәнінде  Отанын  шексіз 
сүйгенін  сол  жолда  қажыр-қайратымен  білім-
білігін  жан-тәнімен  жұмсай  білген  жанның 
отаншылдық  рухы  айқын  аңғарылады.  Содан 
да болу керек, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Ре-
спубликасы  Президентінің  лауазымына  ресми 
кірісу  рәсімінде  сөйлеген  сөзінде  айтқан  мына 
ойлары  біздің  әрқайсымыздың  жан-жүрегімізді 
отаншыл  болуға  үндеген  өсиеттей  баурады: 
«Біз Отанымыздың қасиетті байтақ даламыздың 
қан  төгісті  шайқастарда  қорғаған  батыр 
бабаларымыздың  рухына  лайық  болуымыз  ке-
рек. Олар тәуелсіздікті аңсады, біртұтас, қуатты 
мемелекет құруды армандады. Осы ұлы мұратты 
жүзеге асырудың асқақ абыройы біздің ұрпақтың 
пешенесіне  жазылды.  Біздің  тарихи  міндетіміз 
елімізді  әлемнің  дамыған  мемелекеттерінің 
қатарына қосу, сөйтіп келер ұрпаққа өркенді де 
өршіл Қазақстанды табыстау». 
Жас  ұрпаққа  білім  мен  тәрбие  беретін 
оқу  орындарына  қойылатын  талап  –  тәуелсіз 
елдің  азаматын  тәрбиелеу,  жастардың  ұлттық 
сана  сезімін  ояту,  ұлттық  мәдениетке  деген 
сүйіспеншілік  көзқарастарын  қалыптастыру. 
Ал  ұлттық  тәрбие  берудің  ең  басты  жолы  – 
ұлттық  қадір-қасиетті  дәріптеп,  ана  тілімізді 
сақтап, мәдениетімізді дамыту. Егемен еліміздің 
өзінің  экономикалық  және  саяси  дербестігін 
алғанына  20жыл  толады.  Тәуелсіздік  елімізідің 
алдына  жаңа  мақсаттар  мен  талаптар  қойып 
отыр.  Солардың  бірі-  азаматтардың  бойына 
патриотизмді қалыптастыру.
Халқымыздың  патриоттық  үлгісін  Төле  би, 
Қазыбек би, Әйтеке би, Ақтамберді, Бұқар жырау 
және ХХ ғасырдың басында қалыптасқан  Ахмет 
Байтұрсынов,  Әлихан  Бөкейханов,  Жүсіпбек 
Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан 
Жұмабаев  сынды  қазақ  қайраткерлері  жасап 

64
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
берді деуге негіз бар.
Әйтеке  би  «Өмірім  халықтікі,  өлімім 
ғана  өзімдікі»  деп,  халыққа  қызмет  етудің, 
патриотизмнің  айнасы  бола  білді.  Тәуке  хан 
заманынан  бері  қазақ  қоғамында  патриотизм 
байлықтан да жоғары бағаланады.
Қазақстан  Республикасының  Ата  заңында 
қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастыру 
және  оны  азаматтардың  ой  санасына  сіңіруді 
мемлекеттік 
дәрежедегі 
мәселе 
ретінде 
жарияланған.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы: 
Білім,1998 - 37 бет.
2.  Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
3.  Ақылбай  Дулат  Бейсенбекұлы.  Жеке  тұлғаны  тәрбиелеудің    этнопедагогикалық    және 
этнопсихологиялық аспектілері . – Астана, 2011ж.
4.  Кенембаева Ш.К. Жастарды патриотизмге тәрбиелеудің негізі- этнопедагогикалық тәрбие.- 
Павлодар, 2011.
5.  Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. – Алматы «Рауан» 1994ж.
Резюме
В данной статье рассматривается вопрос о патриотизме, стержнем которого является любовь к 
своей Родине, преданность своему народу, гордость за его историческое прошлое и настоящее, за-
бота о его будущем.
Summary
This article addresses the issue of patriotism the core of which is the love of their country devotion to 
his people proud of its historic past and present concern for its future.
Баймұратова Гүлмира Шәріпқызы-
«Қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы
 Батхолдин Қантай Сейітұлы-
Алматы технологиялық университеті
«Қоғамдыц пәндер» кафедрасының аға оқытушысы
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Біз  өмір  сүріп  отырған  уақыттың  басты 
ерекшелігі-күн  өткен  сайын  қарқындап  бара 
жатқан жаһандану үрдісі. Қазір барлық елдер 
мен  мемлекеттер  жаһандану  жағдайында 
өмір  сүруге  бейімделу  үстінде.  Біздің  қоғам 
да  қаласын-  қаламасын  бұл  үрдістен  шет 
қала  алмайды.  Батыстың  технологиялық 
жетістіктерін,  өндірісті  ұйымдастыру  мен 
ғылыми-техникалық  мәдениетін  қабылдау 
әр адамның тыныс-тіршілігі мен күнкөрісіне 
әсер  етіп,  қоғамдық  өмірдің  әлеуметтік-
рухани  негіздерін  жан-жақты  өзгеріске 
ұшыратты.  Халқымыздың  атадан  балаға 
мирас болып келе жатқан кісілік, кішіпейілдік, 
бауырмалдық,  мейірімділік,  ар-ұят  сияқты 
дәстүрлі  құндылықтары  батыстың  тауар 
шығару оны сатып, пайда табу принципіндегі 
идеологиясының көлеңкесінде қалып барады. 
Осы  тұрғыдан  қарағанда,  білім  беру  мен 
тәрбиенің  заманауи  мәселелерінің  маңызы 
арта түседі және Қазақстан Республикасының 
Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашақтың 
іргесін  бірге  қалаймыз!»  атты  2011  жылғы 
Қазақстан  халқына  жолдауында  «Біз  білім 
беруді  жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға 
тиіспіз»,-дегені бекер емес.

65
Демек, 
елдігіміздің 
болашағы-
жастарымызды 
сапалы 
біліммен 
сусындатып,  оларды  заман  талабына  сай 
өнегелі,  парасатты,  рухы  биік,  елжанды 
интеллектуалды  азамат  ретінде  тәрбиелеу 
қазіргі  отандық  білім  беру  жүйесінің  басты 
мәселелерінің бірі. «Білім туралы» Занда да, 
білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  ғылым 
мен тәрбиенің жетістікгкерімен қатар, ұлттық 
рух  пен  жалпы  адамзаттық  құндылықтар 
негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастырып, 
дамытуға жағдай жасау қажеттілігі айтылған. 
Ендеше,  білім  және  ғылым  министрлігі 
халқымыздың  ғасырлар  бойы  сыннан  өткен 
рухани  құндылықтарының  негізінде  заман 
талабына  сәйкес  келетін  ұлттық  тәрбиенің 
үлгісін жасауы қажет.
Болон  процесіне  қосылғаннан  бері 
жоғары оқу орындары білім берудің несиелік 
технологияларына  көшкені  белгілі.  Оқу 
үдерісі  шеңберінде  білім  алу  траекториясын 
тандау  мен  білім  көлемін  несие  түрінде 
есептеуге негізделіп, білім сапасын арттыруға 
бағытталған  бұл  жүйенің  негізгі  тұлғалары-
тәрбие  жұмысы  міндеттеріне  жатпайтын 
тьюторлар  (tutor)  мен  әдвайзерлер  (адvіsог). 
Демек,  дәстүрлі  тәлімгерлер  (кураторлар) 
институтының  студент  жастарға  тәрбиелік 
ықпалы  бәсеңсіді.  Бұған  себеп,  біріншіден, 
несиелік  оқыту  жүйесінде  оку  тобы 
тәлімгерінің статусы жоқ. Екіншіден, олардьщ 
психологиялық-педагогикалық
даярлығы  жеткіліксіз.  Үшіншіден,  еңбек 
ақының  төмендігінен  оқытушылар  басқа 
жерден  қосымша  табыс  көзін  іздеуге 
мәжбүр.  Тәлімгерлік  институтының,  оқу 
топтарындағы 
тәрбие 
жұмыстарының 
әлсіреуі  студенттер  арасында  ұжымдық 
жауапкершілікке,  ұжымдық  мүддеге  кері 
әсер  етті.  Жастарды  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптастырудағы 
тәлімгерлер 
мен 
академиялық  оқу  топтарының  беделін 
арттыру,  тәрбие  жұмысын  жетілдірудің 
маңызды шарты болуы керек.
2011 жылғы қазан айында Ел басы «Білім 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы 
заңға  қол  қойды.  Мұндағы  басты  өзгеріс, 
оқытудың  барлық  деңгейі  үшін  жан  басына 
қарай  қаржыландыру  жүйесіне  көшуге  негіз 
қалануы.  Білім  беру  ордаларының  жұмыс 
сапасын  жаңа  инновациялық  деңгейге 
көтеруге  ықпал  ететін  бұл  жүйеде  тәрбие 
саласын  қаржылаңдыруға  жіті  мән  берілсе, 
көпшілік көңілінен шығатыны сөзсіз.
Жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысында 
бірінші  курс  студенттерін  жаңа  әлеуметтік 
ортаға  бейімдеу  ерекше  орын  алады.  Жаңа 
ортадағы  орасан  зор  ақпараттар  ағымы, 
жоғары  оқу  ордасының  кешегі  оқушыға 
қоятын өзгеше талаптары, «оралмандар» деп 
аталып  жүрген  қандастарымыздың  мүлде 
жаңа жағдайға тап болуы, қала берді ауыл мен 
қаланың арасындағы ерекшеліктер, «студент» 
статусына  ие  болып,  үйреншікті  отбасынан 
алыстап  кеткен  жастардың  психикасына 
ғаламат  салмақ  екені  белгілі.  Осы  орайда, 
кешегі мектеп түлегін жаңа өмірге қиындықсыз 
және  жылдам  бейімдеу  мақсатында  білім 
ордаларындағы  психологиялық  қызметті 
(қабылдау комиссиясынан деканаттарға дейін) 
бүгінгі жаһандану талаптарына сәйкестендіру 
міндеті  туындайды.  Тіпті,  министрлік 
тарапынан  жоғары  оқу  орындарында 
әлеуметгік-психологиялық  арнайы  қызмет 
құрылымын енгізу қажеттігі сұранып тұр.
Соңғы уақытта қоғамда, әр түрлі деңгейде, 
әсіресе жастар арасында дінге, діни ұйымдар 
мен  бірлестіктерге  және  діни  ағымдарға 
байланысты  әр  түрлі  көзқарас  қалыптасты. 
Бұл  түсінікті  де,  өйткені,  біріншіден,  Кеңес 
одағы ыдырап, дінді «апиын» деп жариялаған 
коммунистік  ұстаным  келмеске  кеткеннен 
кейін  елдің  рухани  өмірінде  идеологиялық 
вакуум пайда болды. Екіншіден, 1992 жылғы 
15  қаңтарда  қабылданған  «Діни  қызмет 
бостандығы  және  діни  бірлестіктер туралы» 
Заңның  осал  тұстарын  пайдаланып  елімізде 
тарихи  тамыры  жоқ  әр  қилы  ұстанымдағы 
діни  ұйымдар  мен  ағымдар  көбейіп  кетті. 
Ресми  мәліметтерге  қарағанда,  Қазақстанда 
ислам  дініндегі  2500-ге  жуық  мешіт, 
православие бағытындағы 300-ге жуық орыс 
шіркеуі, католиктік 83 рим-католиктік приход, 
протестанттық 1300-ге жуык ұйым, иудаистік 
5  синагог  тіркелген.  Басқа  конфессиядағы 
будда, 
Кришна, 
саентология, 
Иегова 
куәгерлері  және  т.б.  көптеген  діни  ұйымдар 
мен  бағыттарға  ислам  дініндегі  салафит, 
тақфир,  ата  жолы,  бақай,  сүлейменшілер 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ

66
сияқты ағымдарды қоссақ, бүгінде жастардың 
дәстүрлі  дін  жолынан  адаспауына  кепілдік 
жоқ.  Қазақ  даласы  -  Азия  мен  Европаны, 
Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан 
маңызды буын, түйінді көпір. Халқымыздың 
ғасырлар 
бойы 
қалыптасқан 
рухани 
дәстүрлері  әлемдік  өркениеттің  галамдық 
мәдениетімен 
бейбіт-қатар 
ұштасуда. 
Жаһандану  жағдайында,  өмірдің  өскелең 
талаптары  соны  міндет  жүктегенде  «Діни 
қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы» 
жаңа Заң қабылданды. Дегенмен, жастардың 
діни  сауатын  ашу,  олардың  бойында  діни 
экстремизмге  қарсы  тұра  алатын  иммунитет 
қалыптастыру  мақсатында  жоғары  оқу 
орындарында  «Дінтану»  пәнін  енгізетін 
уақыт әлдеқашан жетті деп ойлаймыз.
Халқымызда  «ағаш  қисық  өссе,  бағбан 
кінәлі»  деген  даналық  тұжырым  бар. 
Оқытушының  өз  ісіне  берілген,  кәсіби 
мамандығын  шыңдай  білетін,  жоғары 
интеллектуалды, мәдениеттілігімен жастарды 
ұйыта  білетін  -  оқытушының  -  тәрбие 
жұмысындағы рөлі ерекше болмақ. Оқытушы 
- тұлға. Болашақ маман дайындаудың барлық 
жауапкершілігін 
сезінетін 
оқытушыны 
бағалап, оның қадір-қасиетін дәріптей білсек 
ұлттық  тәрбие  негізінде  қаланып  жатқан 
ортақ үйіміздің керегесі берік, шаңырағы биік 
болмақ.
Сембаев Руслан Мәлікұлы –
«Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БОЛМАСА ҰЛТТЫҢ НАМЫСЫ ӨЛЕДІ
Ұлттық  тәрбиенің  ұтымды  тұстары  коп. 
Оны  тарих  та,  таным  да,  уақыт  та  әлдеқашан 
дәлелдеген.  Нәтижесі  елді  еш  қарсылықсыз 
мойындатқан.  Дегенмен,  Кеңес  Одағының 
тұсында осы ғасырдан ғасырға жалғасқан ұлттық 
салт-дәстүрдің, бабалар тәрбиесінің шет қалғаны 
ешкімге  жасырын  болмаса  керек.  Ұлттық 
құндылықтар  ұмыт  қалған  осы  бір  жылдардың 
зардаптары осы күні анық білініп отыр. Қазақы 
тәрбиенің  бастауы  болған  дүниелерді  былай 

жүктеу 67.47 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет