Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



жүктеу 67.47 Kb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата25.01.2017
өлшемі67.47 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

ЛИТЕРАТУРА:
1 .Закон об образовании. - Астана, 1999.
2. Государственная программа развития технического и профессионального образования в Ре-
спублике Казахстан на 2008-2012 годы. 2008 г. 1 июль - № 626.
З.Шевелева С.С. Гуманизация образования: направление и перспективы // Педагогика. - 1996. - 
№ 4. - С. 3-27.
Түйін
Бұл макалада Қазақстандағы қазіргі жағдайда ауылшаруашылық саласындағы кәсіптік оқыту ма-
мандарын даярлаудың езекті мәселелері қарастырылған.
Summary
In this article is considered training of specialists of professional education in modern Kazakhstan.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ

48
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Егіншібаева Нұрзада Әбдіғұлқызы-
«Қазақ тілі» кафедрасының
 меңгерушісі, филология ғылымының
 кандидаты, доцент
Қалықова Рая Сүгірбайқызы-
«Қазақ тілі» кафедрасының аға оқытушысы
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Біз  тәуелсіздікпен  бірге  тілімізді  түлеттік,  дінімізді  өркендеттік,  тамырымызды  жалғап, 
салт-дәстүрімізді жаңғырттық.
Ұлттық  жаңғыруды  жүзеге  асырып,  жаңа  құндылықтар  қалыптастырдық.  Ғасырлар 
қойнауынан асылдарымызды аршып алдық.
Халқымыздың  әл-ауқатты  артып,  саны  өсті.  Ұлысты  ұйыстырушы  ұлтымыздың 
жауапкершілігі артып, бүкіл елді біріктіруші қызметін бекемдей түсті.
Өркенді  өзгерістерді  жүзеге  асырған  біз  осы  жылдары  дамудың  қазақстандық  дәстүрін 
қалыптастырдық. 
Біз осылай қазығы берік, мемлекеттігі бекем Қазақ елінің айбынын асырдық.
Осының барлығы тәу етер Тәуелсіздіктің арқасы!
Н.Ә.Назарбаев
Тәрбие  –  ағарту  ісі  мен  оқытудың  алтын 
арқауы.  Әлемнің  Екінші  ұстазы  әл-Фараби: 
«Тәрбиесіз  білім  адамзаттың  қас  жауына 
айналды»,-деп, тәрбиенің дүниетаныммен, білім 
берумен,  ағарту  ісімен  біртұтас  әрекет  екенін 
жоғары  бағалап,  оның  ғылыми,  әлеуметтік 
мәнінің  зор  екенін  дәйекті  дәлелдеген.  Білім 
мен тәрбие егіз екендігі анық. Адам болашағын 
шешетін  де  тәрбие  егіз  екендігі  анық.  Адам 
болашағын  шешетін  де  тәрбие  егіз  екендігі 
ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік 
болғанмен,  оны  педогогикалық-психологиялық 
тұрғыдан  келгенде  қалай  жүргізу  керек,  қалай 
ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен 
түспейтіні ақиқат. 
Адам  өмірінде  тәрбие  мәңгілік  категория 
болмаса,  оны  ұйымдастыру,  жүзеге  асыру 
ешуақытта  ескірмейтін,  қайта  уақыт  озған 
сайын  жаңарып,  әрбір  кезеңінің  өз  талабына 
лайық  жетіліп  отыратын  үзіліссіз  құбылыс  деп 
түсінеміз.  Демек,  осы  үдерісте  жеке  тұлғаның  
физиологиялық  және  психологиялық  даму 
ерекшелігіне  жете  көңіл  бөлу  қажет.  Ұлттық 
құндылықтар  негізінде  жеткіншектерге  тәрбие 
беру,  соның  ішінде,  ұлттық  тәрбие  беру 
мәселесінің қазіргі таңда өзекті болып отырғаны 
белгілі.
Жоғары  оқу  орындарында  ұлттық  тәрбие 
«Қазақ  этнопедагогикасы»,  «Мәдениеттану», 
«Ұлттық  тәрбие»  сияқты  халықтық  педагогика 
құралдарын,  ұлттық  әдебиетті,  халықтық 
салт-дәстүрлерді, 
ұлттық 
мәдениет 
пен 
педагогикалық  ойларды  пайдалану  арқылы 
іске  асырылады.  Ұлттық  тәрбие  жұмыстарын 
жүргізу  үшін  технологиялық  құралдар,  сахна, 
экран, аудиториялар пайдаланылады, кездесулер, 
қойылымдар, айтыстар, ойжарыстар, конкурстар, 
саяхаттар, ұйымдастырылады. «Жас қанат» атты 
жастар  ұйымы  мен  студенттік  қауымдастықтар 
ұлттық  тәрбиені  ақпараттық  жүйемен  бірлесіп, 
жоспарлы түрде жүргізеді. 
Ұлттық 
тәрбие 
«ұжымдық 
тәрбие» 
жүйесімен жалғасып, мемлекеттік дәрежеде іске 
асырылады. Оған көбінесе ақпараттық құралдар 
кеңінен пайдаланылады.
Ел, Жер, Тіл-тәуелсіздіктің үш тағанды тіреуі 
десек,  осы  тұтастықтың  болашақ  иегерлерін 
даярлайтын,  аграрлық  білім  мен  ғылымның 
қара  шаңырағы  Қазақ  ұлттық  аграрлық 
университетінің маңызы айрықша, алдына қояр 
мақсаты  да  зор.  Өйткені  мұнда  білім  алып, 
тәрбие  көрген  жастар  ауылға  ғылым-білімді, 
мәдениетті, игі үлгі-өнегені ала барады. Сөйтіп, 
ауылдың ризық-дәулетін ғана емес, оның рухани 
сәулетін  де  көтеруге  ат  салысады.  Ал  осының 
бәрінің  негізгі  университет  қабырғасында 
қалануға тиіс
Университетте  «Әлеуметтік-гуманитарлық 
білім  беру  және  тәрбие  институты»  ашылған, 
оған мемлекетіміздің қайраткері, талантты ақын, 
жазушы,  дипломат  Олжас  Сүлейменовтың  аты 
берілді.  Ол  –  қазақстандық  үздік  он  адамның 

49
ішінен «ХХ ғасыр адамы» атағының иегері.
Институт  кафедралары  үш  тілді  үйрену 
бағдарламасын  нақты  енгізіп  отыр:  қазақ  тілі, 
орыс тілі, шет тілдері. Ең басты назарда болатын 
нәрсе – қалың қазақ ортасында – ауылда еңбек 
ететін  жас  маманның  мемлекеттік  тілді  құрмет 
тұтып, ұлттық рухани құндылықтарды ұлықтап, 
ұлттық  рухани  құндылықтарды  ұлықтап, 
ұлттық  тәрбиеге  ерекше  мән  беруі.  Себебі  ол, 
біріншіден,  тәуелсіз  Қазақстанның  рәміздерін 
құрметтеп,  ардақ  тұтар  отаншыл  азамат. 
Екіншіден,  өз  саласында  мемлекеттік  тілдің 
мәдениеттің  дамуына  тікелей  қолғабыс  етуші 
саналы  да  сауатты  жан.  Оқығанын,  көргенін, 
білгенін,  өмірден  түйгенін  насихаттай  алатын 
жаңаша сипаттағы маман.
О.Сүлейменов атындағы институттың басты 
мақсат-міндеттері  еліміздегі  және  әлемдегі 
оқиғаларды  дұрыс  бағамдау  үшін  жастарға 
гуманистік сананы және ғылымидүниетанымды 
дарыту,  еліміздегі  тіл  саясатын  жүзегеасыру, 
салауатты,  өмір  салтын  қалыптастыру  және 
жан-жақты рухани тұлғалық қасеттерді дамыту 
болып  табылады.  Ақын  атындағы  институт 
құрамындағы 
барлық 
қоғамдық 
пәндер 
кафедралары,  әскери,  дене  шынықтыру  және 
спорт  кафедралары,  халқымыздың  ұлттық 
мәдениеті  мен  көркем  өнерінің  түп  қазығы 
«Рухани  тәрбие  беру»,  жастар  саясатын 
жүзеге  асыруға  бағытталған  «Рухани  және 
эстетикалық  тәрбие»,  «Интеллектуалды  даму», 
«Патриоттық  тәрбие»,  «Салауатты  өмір  салтын 
дамыту»,  «Құқық-тәрбие»,  «Тілдік  дайындық», 
«Студенттерді  әлеуметтік  қорғау»,  «Ұлтаралық 
татулық  орталықтары  қайраткер  тұлғалардың 
өмірі  мен  шығармашылықтарын  үлгі  етіп 
отырып  жастарға  жан-жақтытәрбие  беруде. 
Адами  құндылықтар  меноның  адам  өміріндегі 
ролін  анықтайтын,  тәрбие  негізін  беретін  осы 
орталықтарды  бір  институттың  құрамына 
шоғарландыру  Қазақ  Ұлттық  Аграрлық 
университетінің ректоры, академик Т.И.Есполов 
мырзаның тікелей өз бастамасы.
Қазақстан 
Республикасының 
әлемдік 
өркениеттке  кірігуіне  қатысты  білім  беру 
саласына  қойылып  отырған  заман  талабы-
шығармашылықпен  жұмыс  істей  алатын, 
бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. 
Аталған  институттың  құрамына  кіретін  қазақ 
тілі  кафедрасы  ұжымының  негізгі  мақсаты 
–  мемлекеттік  оқыту,  меңгерту  және  өскелең 
ұрпақтың  жалпы  адамзаттық  құндылықтар 
негізінде  ұлттық    тәрбие  бағыттарында 
жан-жақты  білікті  де  білімді  тұлға  ретінде 
қалыптасуына  адамгершілікті  маман  болуына 
бағдар беру.
Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ана тілі» газетіне берген 
«Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде» 
атты  сұхбатында,  әсіресе,  ауылшарушылық 
мамагһндығына қатысты факультеттерде оқитын 
студенттердің мемлекеттік тілді игеру сапасының 
ас  маңызды  екендігін  ерекше  атап  өткен  еді. 
«Жаңа  онжылдық  –  Жаңа  экономикалық  өрлеу 
–  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  
Жолдауында:  «...Бұл  бағдарламаның  түпкі 
мақсаты  –  еліміздің  тәуелсіздігінін  баянды 
ету,  қазақтың  ұлт  болып  өркендеуіне  жол  ашу, 
оның тілі мен мәдениеттінің кең құлаш жаюына 
мүмкіндік туғызу» десе, ал «Болашақтың іргесін 
бірге  қалаймыз»  атты  Жолдауында  «...  Біздің 
міндетіміз  –  2017  жылға  қарай  мемлекеттік 
тілді  білетін  қазақстандықтар  санын  –  80%, 
95%-ды  құрауы  тиіс»  -  деген  нұсқаулық  сөзіне 
қатысты жастарды мемлекеттік тілді меңгертуде, 
мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда қазақ 
тілі кафедрасы ның ұжымы қазіргі заманғы озық 
бағдарламалар  мен  әдістемелерді  негізге  ала 
отырып,  оқытудың  кредиттік  жүйесі  юойынша 
міндетті пән «Қазақ тілімен» қатар «Мемлекеттік 
тілде  іс  қағаздарды  жүргізу»,  «Тіл  және 
мәдениеті», «Әдеби мұра», «Іскерлік қазақ тілі», 
«Кәсіби  қазақ  тілі»  таңдау  пәндерінен  қалауы 
бойынша студенттер мен магистранттарға және 
қызметкерлерге сабақ жүргізіп, абыройлы еңбек 
етуде. 
ҚР Президентінің әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық  университетінде  оқыған  лекциясында 
жастар  тәрбиесіне  ерекше  мән  берілген.  Осы 
бағытта  кафедра  ұжымының  әрбір  сабағының 
көлемді бір бөлігі тәрбие жұмысымен ұштасып 
отырады.  Патриоттық,  адамгершілік-рухани, 
интеллектуалды  тәрбие  беру  бағытында 
соңғы  жылдары  Ілияс,  Сәкен,  Бейімбет  сынды 
саңлақтарымыздың мерейтойына арналған «Үш 
бәйтерек» атты әдеби кеш; М.Әуезовтің мерейлі 
мерекесіне арналған « Мұхтар мұрасы – адамзат 
байлығы»;  Б.Момышұлының  100  жылдық 
мерекесіне  арналған  «Бауыржан  мұрасы  – 
ұрпаққа»;  Ф.Оңғарсынованың  70  жылдық 
мерейтойына  арналған  «Көктем,  жастық, 
махаббат»  атты  әдеби  кештерді  өткізуде  орыс 
бөлімінің  өзгетілді  студенттері  қазақ  тілінде 
баяндамалар  дайындап,  мәнерлеп  өлең  оқып, 
өлең-жырларды жатқа айтып, түрлі қойылымдар 
көрсетті.  Бұл  –  біздің  ұжымның  Қазақстан 
Республикасы  Ата  заңын,  «Тіл  туралы»  Заңын, 
мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мемлекеттік 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ

50
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
бағдарламаларын  орындау  бағытында  өткізген 
шаралары. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының 
Жеңісіне, Қазақстанда тұратын халықтардың Тіл 
мерекесіне  арналған  салтанатты  кештер,  «Тіл 
тәуелсіздік  тұғыры»,  «Ұмытылмас  желтоқсан 
атты  дөңгелек  үстелдер,  ақын  Ақұштап 
Бақтыгереевамен  кездесу,  «Тұлға  бейнесі  – 
жастарға үлгі» тақырыбында О. Сүлейменовпен 
кездесу  кештері;  «Нашақорлық-ғасыр  індеті» 
тақырыбында  дөңгелек  үстелдер,  т.б.  атап 
өтуге  болады.  Барлық  студенттік  жатаханалада 
«Ата  салтың  –  халықтық  қалпың»,  «Қазақ 
ханшайымы»  тақырыбында  қыз  сыны,  «Жігіт 
сұлтаны» байқауларының үнемі өткізіліп отыруы 
жастардың қазақ тілінен алған білімдерін ұлттық 
тәрбиемен ұштастыру мақсатынан туындаған.
Аталмыш 
институтта 
Қазақ 
тілі 
кафедрасының  ұйымдастыруымен  «Әдеп» 
және  «Парасат»  клубтары  жұмыс  істейді. 
Көрегендік  пен  тектілікті  ерекше  қастерлейтін 
халқымыздың  инабаттылық  өнегесінен  бастау 
алған  «Әдеп»  қыздар  клубының  мақсаты  мен 
мазмұнын халқымыздың әдеп-инабат дәстүрінің 
мәйегі  құрайды.  Халқымыздың  мақтанышына 
айналған,  үлгілі  тұлға  ретінде  танылған 
қайраткерлермен,  іскер  әйел  азаматтармен 
кездесулер өткізу дәстүрге айналған.
Қоғамдағы  өмірдің  мәні  мен  сәні,  мерейі 
мен  берекеттілігі,  жақсылығы  мен  жарастығы, 
бірлігі  мен  ынтымақтығы,  түптеп  келгенде, 
адамдардың әдебі мен инабатына, имандылығы 
мен  арұятына  байланысты.  «Хадистерде»:  «...
Әдетте  ынсап,  рақым,  әдеп  болмаса,  адамның 
өзге  хайуаннан  артықтығы  болмас  еді...  Әдеп 
–  діннің  жаршысы.  Әдепті  кісідеұят  бар,  ұяты 
бар кісіде иман бар»,-делінуі тегін емес. Өмірде 
кім-кімнің де кісілігі ең әуелі оның іс-әрекетінің, 
мінез-қылығының 
әдептілікке 
жататын-
жатпайтынына  қарай  бағаланады.  Әдепті 
адамдар,  әдетте,  арлы  да  иманды,  қайырымды 
дамейірімді  келеді;  айналасымен,  ел-жұртпен 
сыйластықта,  ынтымақ-бірлік  пен  татулықта 
өмір  сүреді.  Бағзы  заман  даналарының:  «Тіпті 
күш  арқылы  жете  алмайтын  жеңіске  әдептің 
арқасында  жетуге  болады.  Қайда  барса  да, 
құрметпен қарсы алынатын адам – әдепті адам», 
- деулерінде өмір шындығы жатыр. Сондықтан 
да  әрбір  жеткіншек  ұрпақ,  ең  алдымен,  туған 
халқының  әдеп-инабат  тағылымын  бойына 
сіңіріп  өсуге  тиіс.  Сонда  ғана  бәріміз  ғұмыр 
кешіп, еңбек ететін, аялап ұл-қыз өсіріп, бақытқа 
талпынатын  қоғамдық  ортада  адамның  алтын 
басын  ардақтайтын  шынайы  адамгершілік 
көзқарас үстем болып, ізгілік салтанат құрады.
«Әдеп»  және  «Парасат»  клубтарының 
бағдарламаларында  түбі  бір  түрткіжұртының, 
мұсылман  шығысы  мен  дүние  жүзінің  де 
өнегелік  тағылымдары,  халық  фольклоры  мен 
көне заман даналық кітаптарынан алынған асыл 
үлгілер,  әлем  ойшылдарының  ой  маржандары 
қамтылған.  Атап  айтқанда:  «Әдеп  жолы  әріден 
басталады», «Әдеп пен салт-сана сабақтастығы», 
«Сөз  қадірі  –  өз  қадірің»,  «Алдымен  сүй, 
ардақта 
ата-анаңды», 
«Тәрбиелі-тәртіптің 
құлы», 
«Нысап-тойымсыздыққа 
тоқтау», 
«Имандылық-инабаттылық  мұраты»,  «Парасат-
ақыл  мінез  жарастығы»,  «Аманат-ар-иманға 
сый»,  «Сабыр-ақыл  серігі».  Бұл  үйірмелерге 
студенттер қалаулары бойынша ерекше ынтамен 
қатысып,  пікір-сайысқа  ұластырып,  Қазақстан  
Республикасының  белгілі  қоғам  қайраткерлері, 
іскер  әйелдер  асоциасының  және  әйелдер 
кеңесінің  мүшелерімен  университет  студент 
қыздарының  кездесулері  өткізіліп  отырады. 
«Әдеп»  қыздар  клубы  жұмысының  нәтижесі 
университет көлемінде өткізілетін «Қыз сыны» 
байқауын өткізу арқылы көрініс табады.
Тәуелсіздіктің  20  жылдық  мерейтойы 
қарсаңында  студенттермен  «Тіл  тәуелсіздігі, 
ел  тәуелсіздігі»,  «Менің  елім-  Қазақстан», 
«Желтоқсан  желі»  атты  әдеби-сазды  кештер 
университетіміздіге  аға  буын  академик, 
профессор  ғалымдарымызбен  «Біздің  мақтан 
тұтар  ұстаз-ғалымдарымыз»  тақырыбында 
кездесу, пікірлесу өткізу жоспарланып отыр.
Бүгінгі және келер ұрпағымызды өз Отанын, 
жерін,  елін  сүюге  тәрбиелеп,  ата-бабаларымыз 
бекітіп  айқындап  кеткен  сара  жолмен  ұлттық 
рухта  тәрбиелеу-бәрімізге  ортақ  іс  екенін  және 
ұлттық тәрбие – ұлт болашағының кепілі екенін 
ұмытпағанымыз абзал.

51
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашақтың  іргесін  бірге 
қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауы. Астана – 2011ж.
2.  ҚРПрезидентінің «Ана тілі» газетіне берген «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты 
сұхбаты.
3.  ҚР – Білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010ж.
4.  Табылдиев Ә. «Ұлттық тәрбиенің мәні мен мазмұны». «Ұлттық тәрбие» журналы. 2(5)2011ж.
5.  Ағанина Қ.Ж. «Тәуелсіз ел ұрпағының экономикалық тәрбиесі». «Ұлттық тәрбие» журналы. 
2(5)2011ж.
Резюме
В данной стаье рассматриваются методы воспитания молодежи на основе национальной культуры 
и традиции.
Summaru
This article deals with the education on the basis of national culture and traditions.
Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы –
филология ғылымдарының кандидаты,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
МҰХИТҚА ТҮСКЕН ЖЕЛҚАЙЫҚ
/Мәдени өмірдің мұқалмас жанашыры, «Темір нарком» атанған
Темірбек Жүргеновтің қаламгерлік қажыры хақында.../
Бойынан  өмірге  құштарлық  оты  бір 
сәт  бәсеңсімей,  еліне  деген  алаулы  сезімі 
жүрегімен  қоса  дүрсілдеп  соғып  тұрғанда 
ғұмыры мезгілсіз қиылғаннан аянышты нәрсе 
бар  ма  екен?!  Т.Жүргенов  небәрі  39  жыл 
жасады,  үшінші  мүшелінен  шыға  бергенде 
өзі керемет үміт еткен мына өмірге соңғы рет 
дұрыстап та қарай алмай, не болғанын жөнді 
ұғып  та  үлгермей  кете  барды.  Кешегі  37-де 
орылып  түскендердің  баршасының  түйінді 
тағдыры  бұл.  Олардың  барлығы  көмбесіне 
жеткен  құлаған  сәйгүлік  тәрізді  бойындағы 
барын сарқи алмай кеткендер.
Биыл  есімі  тек  қана  қазаққа  ғана  емес, 
исі  түркі  жұртына  мәлім,  Орта  Азия  мен 
Қазақстанға  ортақ  тұлға,  аса  көрнекті 
қоғам  және  мемлекет  қайраткері,  қаламы 
қарымды  сыншы,  көсемсөз  иесі  Темірбек 
Қараұлы  Жүргеновтің  туғанына  113  жыл, 
құрбан  болғанына  74  жыл  болды.  Ол  Тәжік 
АССР-інің  қаржы  наркомы,  Өзбек  АССР-
інің Халық Ағарту Комиссары, Қазақ АССР-
інің  Халық  ағарту  комиссары  қызметтерін 
абыроймен  атқарған  азамат.  Т.Жүргеновтің 
қазақ  мәдениеті  мен  әдебиеті,  ғылымы  мен 
білімін дамытуға, олардың аса қиын кезеңде 
қалыптасуына  қосқан  үлесі  зор.  Ол  қазақ 
өнерінің дамуы мен қазақ тілінің республикада 
негізгі қолданыс тілі болуын арман етті және 
сол үшін күресті.
Бүгінгі сөз – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің 
төрт тірегінің тек бірегейі қайраткер-қаламгер 
Т.Жүргеновтің әдеби мұрасы туралы болмақ.
Оның жазушылық және публицистикалық 
қызметін  қайраткерлік  қызметінен,  қалам 
сапасын  қайраткерлік  сапасынан  бөліп  алып 
қарауға 
келмейді. 
Қоғамдық-әлеуметтік 
қызметі біршама зерттелсе де, Т.Жүргеновтің 
қаламгерлік  қарымы  назардан  тыс  қалып 
келеді.  Себебі,  оның  қаламгерлік  қабілеті 
мемлекеттік қызметінің тасасында қалды.
Қайраткердің 
қаламгер 
ретінде 
қалыптасуына 
біріншіден, 
Темірбек 
Жүргенов  Шығыс  пен  Батыстың  мәдениетін 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ

52
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тең игерген жаңа толқынның өкілі. Ол кезінде 
Ырғыз  бен  Сыр  бойы  аралығын  жайлаған 
қалың  елге  белгілі  болған,  ел  ұстаған  билік 
иесі,  өз  заманының  талабын  аңғара  білген 
көзі  қарақты  жан  Қара  Жүргенұлының  бел 
баласы.  Осындай  дәулетті,  тәрбиелі  ортада 
өскен Темірбек өз кезеңі үшін тиянақты білім, 
ұлағатты  тәрбие  алды,  дәстүрлі  халықтық 
ортада тәрбиеленді, ұлттық психологияны, саз 
бен  сөз  мәдениетін  ананың  сүтімен,  атаның 
қанымен  бойына  сіңірді.  Жас  Темірбектің 
ұстаздар жағынан да жолы болды. Осылардың 
ішінен  екі  кісіні  –  Сыр  байының  белгілі 
ағартушысы,  ақыны  Тұрмағанбек  Ізтілеуұлы 
мен  Аламесек  орыс-қазақ  мектебінде  сабақ 
берген, қазақ тарихындағы алғашқы орысша-
қазақша  және  қазақша-орысша  сөздіктің 
авторы  Досмұхаммед  Букинді  атап  айтқан 
жөн. Алғашқы ұстазының шарапатты әсерімен 
жас Темірбек бірнеше шығыс тілін меңгеріп, 
шығыс  мәдениетінің  жауһарларымен  жастай 
танысса, соңғы ұстазының көмегімен Еуропа 
мәдениетін,  соның  ішінде  орыс  мәдениетін, 
әдебиетін,  тілін,  осы  қоғамдағы  озық 
ревалюцияшыл  идеяларды  терең  игерді. 
Сөйтіп,  Т.Жүргеновтің  дүниетанымында 
шығыстық  және  еуропалық  дүниетаным 
кіріге  тоғысып,  біртұтас  рухани  дүниеге 
ұласты.  Қайраткер-қаламгердің  көзқарас 
эволюциясындағы  осы  ерекшелік  соңыра 
оның  мәдени  құрылысқа,  ағарту  саласына 
байланысты  мәселелер  түйінін  әрі  тез,  әрі 
дұрыс тарқатып отыруына көп көмегін тигізді.
Екіншіден, Т.Жүргенов 20-30 жылдардағы 
үркердей қазақ интеллегенциясының көрнекті 
өкілі. Оның ат жалын тартып мінген азаматтық 
өмірі  бірден  ұлттық  ояну,  көтерілу,  серпілу 
және  ұлттық-саяси  тәуелсіздік  жолында 
күресу кезеңінде тұспа-тұс келді. Т.Жүргенов 
Нәзір  Төреқұлов,  Әліби  Жангелдин  тәрізді 
қайраткерлермен  бірге  иық  тіресіп,  ең 
алдымен  өзі  өкілі  болып  саналатын  қазақ 
халқының мүддесіне қызмет етті. Осы жерде 
Жүргенов қоғам қайраткері ретіндегі қызметін 
партиялық  функционер  емес,  1918  жылы 
«Қазақ  мұңы»  газетінің  жауапты  хатшысы 
болып, қалам қаруын сілтеп бастағанын баса 
айту  жөн.  20-жылдар  басында  Т.Жүргенов 
республикалық  «Еңбекшіл  қазақ»  газетінің 
буынын  бекітіп,  бұғанасын  қатыру  ісіне 
қаламымен 
де, 
ұйымдастырушылық 
қажырымен де атсалысты.
1924  жылы  Ташкентке  келіп,  САГУ-де 
оқып  жүріп,  әрі  Қазақстанның  Түркістан 
республикасыңдағы өкілді қызметін атқарған 
кезде  де  Жүргенов  қалам  қақ  ортасынан 
табылды. Осылайш.
Темірбек  Жүргенов  дегенде  1927  жылы 
Ташкентте  ұйымдасқан  алғашқы  Қазақ 
педагогикалық  -  институтының  ректоры 
(Абай атындағы АлПУ), Тау-кен институтын 
(Қ.Сәтбаев  атындағы  Қаз  ҰТУ),  әл-
Фараби  атындағы  ҚазҰУ-ін  құру,  жаппай 
сауаттандыру,  10  жылдық  білім  берудің  күні 
бүгінге  дейін  үзілмеген  желісі  еске  түседі, 
Т.  Жүргенов  дегенде  30-жылдар  басында 
Голощекин  лаңынан  кейін  тұралап  жатқан 
үлттық білім мен мәдениеттің тамырына қан 
жүгіртіп  4000  мектеп  салдырып,  қазақтың 
«Луначарскийі»  атанған  ағарту  комиссары, 
тұңғыш  ұлттық  опера  өнерін  дүниеге 
келтірген,  1936  жылғы  Мәскеудегі  сәтті 
өткен  қазақ  өнер  декадасы,  «Шахнаманың» 
тұңғыш  қазақшаға  аударылуы,  «Хан  Кене», 
«Жалбыр»,  «Шұға»  пьесаларының  алғаш 
көрсетілімдері Қожа Ахмет Яссуи мавзолейін 
өзі басқаратын мәдениет комитетінің қарауына 
алуы  ойға  оралады.  Осындай  іргелі,  игілікті 
істерді  басқарып  жүріп,  артынан  мол  әдеби-
публицистикалық еңбектер қалдырған. Тарихи 
антология жағынан бұл мысал өркениеті мен 
мәдениеті  теңескен  батыс  елдердегі  қоғам 
қызметін қалам қызметімен қатар алып жүрген 
Робеспьер, Е.Дашкова, Ф.Раскольников тәрізді 
қайраткерлер үлгісімен теңеседі.
Темірбек  Қараұлының  жаны  ғалым, 
зерттеуші  еді.  Жаратылыс  сыйлаған  осы 
бейімдіктің  соңына  біржола  түсуге  заманы 
мұрша бермесе де, ол өмірінің ақырына дейін 
тасқа  басылған  сөзге  деген  сағынышының 
сарығын баса алмай өтті.
Сөз  қадірін  білетін,  сөз  баққан  ортада 
өскен  Т.Жүргеновтің  1920  жылы  Орынборда 
«Ұшқын» 
газетінде 
жарық 
көрген 
«Переводчиктің  қиялы»  атты  сықақ  өлеңі 
бала жігіттің сөз өнерінде қара жаяу еместігін 
бірден  танытты.  Абайдың  «Болыс  болдым, 
мінеки»  өлеңінің  үлгісінде  жазылған  бұл 
сахналық  интермедия  қазақ  әдебиетіндегі 
сатиралық 
монологтардың 
алғашқы 
үлгілерінің бірінен саналады. «Переводчиктің 
қиялы» қазақ сахнасының майталманы Серке 

53
Қожамқұловтың репертуарынан ұзақ жылдар 
бойы тұрақты орын алып келеді.
Оның  1924  жылы  «Қызыл  Қазақстан» 
журналының 
№4-санында 
жарияланған 
«Меруерт»  әңгімесі  20  жылдардағы  ұлттық 
прозамызда  өз  кезеңіндегі  ең  өзекті,  ең 
көкейкесті  тақырыптың  бірі  -  әйел  теңдігі 
мәселесіне арналған.
Кейіпкерлер  тағдырының  ұқсастығы, 
тақырып  ортақтығы  және  кейбір  суреттеу 
тәсілі  жағынан  «Меруерт»  М.Әуезовтің 
«Қорғансыздың  күні»  әңгімесімен  үндес.  Ол 
сюжетті өмірде жалт еткен бір сәттік оқиғаға 
(Меруерттің  иесіз  қорада  жатып  қалып, 
шалығуы),  яғни  метонимиялық  принципке 
құрады.  Бұл  жағынан  әңгіменің  новеллалық 
сипаты басым.
Темірбек  Жүргенов  қазақ  өнерінің  қанат 
жаюына  қыруар  тер  төкті.  Белгілі  өнер 
қайраткері  Құрманбек  Жандарбеков  ол 
туралы:  «Біз  оны  қазақ  театрының  атасы 
ретінде  білеміз.  Біз  оны  қазақ  өнері  мен 
әдебиетінің  білімдары  ретінде  танимыз.  Біз 
оны  Қазақстандағы  оқу-ағарту  ісінің  талмас 
жанашыры ретінде білеміз» дейді, ал академик 
Ахмет  Жұбанов:  «Жүргеновтің  кабинетінен 
шыққанда  Алатауды  айырып,  Қаратауды 
қайырып шығатындай күш-жігермен шығатын 
едік» деп, өнер басшысының қажыр-қайратын 
жоғары  бағаласа,  жазушы  Ғабит  Мүсірепов: 
«Жүргенов  -  тілді  де  тісті,  жігерлі  де  іскер 
адам» деп талантына ерекше ден қояды.
Т.  Жүргенов  30-жылдар  басында  әдеби 
сын  мақалалар  жазуға,  соның  ішінде  театр 
сынына  көбірек  көңіл  бөлген.  Бұл  өреде 
Б.Майлиннің  «Шұға»  пьесасының  алғашқы 
қойылымына арналған «Ушуга» рецензиясын 
(Казахстанская правда, 1934, 21-маусым) атап 
айтқан жөн. Автордың пайымдауынша, ендігі 
жерде  әдебиетке  Меруерт  тәрізді  шарасыз 
бейнелер емес, Шұға сынды сындарлы, рухты, 
кесек образдар қажет.
«Өнер-өнер  үшін  емес,  өнер-әлеуметтің 
мұң-мұқтажына,  арман  тілегіне  қызмет 
көрсетуі  тиіс»  дейтін  өзекті  ой  Темірбек 
Қараұлының қаламынан қорытылып шыққан 
«О  пьесе  «Хан  Кене»  и  ее  критиках» 
(Казахстанская  правда,  1934,12-маусым) 
мақаласында жалғасын тапты.
1928  жылы  жазылғанымен,  содан  бергі 
уақытта  сахналауға  рұқсат  берілмей  келген 
М.Әуезовтың  «Хан  Кене»  пьесасын  алғаш 
драма  театры  репертуарына  енгізген, 
жетекшілік 
жасаған 
Ағарту 
Халық 
комиссариаты. Спектакль 1934 жылы мамырда 
қойылды.
Темірбек Қараұлы - өзінің тарихи принцип 
көзқарасын  әдеби  мұраны  игеру  ісіндегі 
тарихи  сабақтастық  принципіне  ұластырған 
сыншы.  «Казахский  перевод»  Шахнаме» 
атты  көлемді  мақаласы  (Казахстанская 
правда,  1935,  1-сәуір)  автордың  осы  өредегі 
көзқарасын  толық  танытты.  Фирдаусидің 
туғанына  1000  жыл  толуы  қарсаңында  оның 
мәңгі  өлмес  мұрасы  –  «Шахнама»  дастанын 
қазақ  топырағында  бірінші  болып  аударған 
Сыр  бойының  білімдар  ақыны  Молда  Ораз 
нұсқасын ел ішіндегі бір қарапайым шаруаның 
қолынан  таптырып  алдырған  Т.Жүргенов 
дастан  жөніндегі  алғашқы,  әрі  күні  бүгінге 
дейін  біздегі  бірден-бір  толымды  зерттеу 
болып саналатын көлемді еңбекті жазды.
Т.Жүргенов өзінің сыншылық-зерттеушілік 
еңбегінде  жекелеген  шығармаларға  ғана 
көңіл  бөліп  қоймай,  әдебиетіміздің  зәру 
мәселелері 
бойынша 
перспективалық 
бағыттарды  белгілеп,  әдебиет  тарихындағы 
кесек  дәуірлерге  баға  беріп  отырған.  1925 
жылы  Ташкентте  қызметте  жүріп  тәрбие, 
білім,  әдебиет  жайындағы  мақалалардан 
«Терме» 
деген 
жинақ 
құрастырды. 
Оған 
Ж.Аймауытұлы, 
М.Жұмабаев, 
Х.Досмұхамедов, 
т.б. 
авторлардың 
шығармаларын кіргізіп, Шернияз, Едіге, Базар 
жырау,  т.б.  туралы  құнды  мәліметтер  берді. 
Ол 1935-37 жылдардағы әдебиет мәселелерін 
де назарында ұстады.
Т.Жүргенов  әдебиет  тарихы  мәселелеріне 
ат  басын  жиі  бұрды.  «Жерұйық»  атты 
мақаласында (Қазақ әдебиеті, 1936 ж. 10-шілде) 
Асан  Қайғы  тұлғасына  алғашқылардың  бірі 
болып  толымды  баға  бергенін  атап  айтқан 
жөн. Асан жөнінде революцияға дейін қарқын 
алып,  1920  жылдары  одан  әрі  жеделдеген 
зерттеу  ісі  1930  жылдар  басындатоластап 
қалған  еді.  Жүргенов  мақаласы  тоқырап 
қалған  сол  іске  жаңадан  серпін  берді.  Автор 
халық  аңызы  жасаған  Асан  Қайғы  бейнесі 
белгілі  бір  дәрежеде  тарихи  Асанның  кейпі, 
ол 14-ғасырда қазақ халқының жазба тарихы 
жасала бастаған дәуірде өмір сүрген деген ой 
айтты.  Кейінгі  зерттеулер  Жүргеновтің  бұл 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ

54
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
пікірінің дұрыс екендігін көрсетті.
Темірбек  Жүргенов  30-жылдары  Пушкин 
мұрасына  толымды  баға  берушілердің  бірі. 
Бұл баға ұлы ақынның қайтыс болғанына 100 
жыл  толуы  қарсаңында  жарияланған  «Орыс 
халқының ұлы жазушысы және қазақ халқы» 
деген мақаласында барынша бедерлі көрінді. 
Мұнда  алғашқылардың  бірі  болып  Пушкин 
шығармаларын  қазақ  тіліне  аудару  дәстүріне 
тоқталған.  Осы  орайда  оның  Абай  үлгісіне 
берген  бағасы  биік.  Сыншы  орыс  ақыны 
мен  қазақ  ақынының  ақындық  қуаты  мен 
өрнегіндегі  ұқсастықты  нақты  мысалдармен 
көрсетеді.
Халық  Ағарту  комиссары  екі  тілде 
бірдей  жазған  алғашқы  билинг  қайраткер-
қаламгерлеріміздің бірі болды. Тілді жазушы 
еңбегінің  құрылыс  материалы  ғана  емес, 
мәдениеттің, білімінің іргетасы деп білген ол 
тіл туралы айтыстан шет қалмай, сол өредегі 
білікті де салмақты пікірлерін көп талқысына 
салып,  ең  бастысы,  практикалық  басшылық 
саласына көшіріп отырған. Қайраткердің қазақ 
тілінің түсініктілігі, мәдениеттілігі, тазалығы 
туралы  ойлары,  әсіресе  термонологияға 
қатысты ұсыныс-пікірлері әлі күнге маңызын 
жойған жоқ. Жүргенов тіл қолданушыларды, 
әсіресе  зиялы  қауымды  қазақ  әдеби  тілінің 
бұзылып,  көпшілікке  түсініксіз  жаргонға 
айналуынан  сақтандырды.  Осы  тақырыпты 
«Қазақ  тіліндегі  терминология  мәселелері», 
«Қазақ  әдеби  тіліндегі  келеңсіз  жағдайлар» 
атты мақалаларында өрбіткен ол 20-жылдары 
А.Байтұрсынов  бастаған  термин  жасаудың 
ғылыми 
принциптерінен 
ауытқымауды, 
яғни 
термин 
сөздерді 
метаморфалау, 
морфологиялық  және  синтаксистік  тәсілмен 
қазақтың  төл  сөздері  мен  ұғымдарынан 
жасау  әдісін  жалғастыруды,  сонымен  бірге 
аударуға келмейтін, қазақша барабар (адекват) 
мағынасы  жоқ  халықаралық  атылымдарды 
өзгеріссіз алуды ұсынды.
Т.Жүргеновтің 
ана 
тілге 
деген 
сүйіспеншілігі мен қамқор көзқарасын белгілі 
композитор  Е.Брусиловский  өзінің  «Дүйім 
дүлдүлдер»  атты  мемуарлық  кітабында 
төмендегідей сүйсіне еске алады:
«Жүргенов өз кабинетінде мәжіліс өткізбек 
болды.  Шамамен  алғанда  отыз  шақты  кісі 
жиналды, ішінде тек екі адам - қарағандылық 
Б.Н.Орлов  және  мен  орыс  жұртынан  едік. 
Наркомның өзі де, басқа сөйлеушілер де тек 
қазақ  тілінде  сөйлеп  отыр.  Бір  кезде  Борис 
Николаевич  орнынан  тұрды  да  Жүргеновтен 
қазақша сөйлемеуін өтінді, мұнда не жайында 
әңгіме болып жатқанын өзі ұқпай отырғанын, 
сөйлеушілерді  ол  түсінетіндей  болуы  үшін 
орысша  сөйлеу  жөн  екенін  айтты.  Бір  кезде 
Жүргеновтің  қара  көздері  ұшқындап  кетті. 
Жұрттың  бәрі  бүкшие  түсіп,  тым-тырс 
бола  қалды.  «Сіз  қайда  отырсыз,  Орлов 
жолдас!» Ашу найзағайы үрейлене бүгжиген 
қайраткерлерінің үстінен ойқастой шапшыды. 
«Сіз  қайда  жүрсіз,  өзіңіз!»  деп  Жүргенов 
дауысын бұрынғыдын бетер қатайта сөйледі:» 
«Сіз Қазақстанға келдіңіз екен, егер де мұнда 
жұмыс  істегіңіз  келсе,  сіз  республиканың 
мемлекеттік тілін білуге міндеттісіз! Сіз қазақ 
әндерін  де  орыс  тілінде  зерттемекшісіз  бе?» 
деп өзге ұлттан қазақ тілін құрметтеуді талап 
етті».
Апырмай,  ұлт  намысы  дегенде  жанып 
кетер  сондай  батылдық  бүгінгі  қандас 
шенеуніктерінің  бойында  болса  ғой  деп 
ойлайсың.  Өкініштісі,  басқа  ұлттың  бірлі-
жарым  өкілі  отырса  болды-ақ:  «Бәрімізге 
түсінікті тілде сөйлейін» деп орысша сайрай 
жөнелетін  дерттен  біз  әлі  де  арыла  алмай 
жүрміз-ау.  Жүргеновтің  қылышы  жаландап 
түрған сол 30-жылдардағы ерлігі ұрпаққа зор 
тағылым. «Бүкіл дүниежүзілік мәдениетке өз 
ана тілімізді жақсы білгенде, соны үйренгенде 
ғана  жетуге  болады»  деген  Темекеңнің  сөзі 
бүгін өз көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.
Темірбек  Жүргенов  –  ойы  ұшқыр, 
қаламы  қарымды  публицист.  Оның  көсемсөз 
мұрасының  бастауын  3  нәрседен:  жеке 
басының бұйдагерлік (лидерлік), саясаткерлік, 
және 
ұйымдастырушылық 
қабілетінен 
алады. Бұған оның «Қазақстандағы мәдениет 
революциясы»,  «Қазақстандағы  сауатсыздық 
жою» кітаптары, «Саяси экономия» оқулығы, 
«Орта  Азиядағы  қазақ  халқының  күйлері», 
«Қазақ  педагогикалық  инстититутын  құру», 
«Қазақ халқының ақындары мен жыршылары» 
және т.б. очерктер мен мақалалары жатады.
2008  жылдың  14-15  қарашасында  туған 
жері  Қызылорда,  алғаш  қызметін  бастаған 
Ақтөбе облыстарында қайраткер-қаламгердің 
110 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтілді. 
Ғылыми-танымдық  конференциялар  мен 
фестивальдар  ұйымдастырылып,  әр  түрлі 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет