Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



жүктеу 67.47 Kb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата25.01.2017
өлшемі67.47 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ЛИТЕРАТУРА:
1 .Морозов А.В. Креативная педагогака и психология. М., Академ, проект, 2004
2. Пономарев Я.А. Психология творчества. - М.: Издательство «Наука», 1976. - 302 с.
3. Тогrеns E.Р.Сгеатive motivation sса1е (1994).
4. Богоявленская Д.Б. Интеллектуальная активность как психологический аспект изучения творчества // 
Исследование проблем психологии творчества под ред. Я.А. Пономарева. - М.: Наука, 1983. С. 182 - 195.
5. Дружинин В. Диагностика общих познавательных способностей. // Когнитивное обучение: современное 
состояние и перспективы. М: Изд. Институт психологии РАН, 1997
6. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Пер. с англ. Татлыбаевой А.М. - СПб: Евразия, 1999.-478 с.
7. Немов Р.С. Психология: Учеб. для студентов высш. пед. учеб. заведений: В 3 кн. Кн. 1. Общие основы 
психологии. - 3-е изд. - М.: Гуманит.
изд. центр ВЛАДОС, 1997. - 688 с
8. Тодд Любарт. Психология креативности. Университетское образование, М., 2009.
Түйін
Макалада  авторлар  креативті  психология  мәселелерін  зерделеп,  жоғары  оқу  орнындағы  студенттердің 
креативті ойлауын дамыту жолдарын ұсынады.
Summary
In the article authors consider questions about creative physiology. Authors to put forward creative 
thinking!
students.

35
Қасымова Роза Садыққызы-
Педагогика ғылымдарының кандидаты,
«Жаратылыстану пәндері және кәсіптік оқыту»
кафедрасының доценті
ҰЛТТЫҢ КЕЛЕШЕГІ ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚТА
Қазақстан 
Республикасының 
тәуелсіз 
мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және 
мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы  заңдардың 
қабылдануы  тәрбие  мәслесіне  жаңаша  қарауды 
талап етеді. 
Ұлттың  бүгіні  де,  болашағы  да  тәрбиелі 
ұрпаққа байланысты.
Тәрбиенің қуаттылығы оның ұйымшылдығы 
мен  бірлігінде.  Бірлік-ынтымақ,  ұйымшылдық, 
қай  заманның  адамы  үшін  де  ескірмейтін 
қасиет.  Ол  туралы  халқымыздың  мына  бір 
сөздері: «Адам болсаң, қауым бол», «Ырыс алды 
ынтымақ», «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді»- деп 
ұрпағын бірлікке, татулыққа шақырып отырған. 
Мұндай  халықтың  даналық  сөздері  ұрпақ 
тәрбиесінде  бабалар  өсиеті,  ата-ана,  ұстаздар, 
ұжым  болып,  ұлттық  педагогика  мен  ұлттық 
психология,  халықтық  әдет-ғұрып,  салт-сана, 
ата дәстүр негізінде тәрбиелеуге тиіспіз.
Әр  ел  өз  болашағын  өскелең  ұрпағының 
келешегімен  байланыстырады.  Қасиетті  қазақ 
халқының жастарында ұлттық рух биік болсын 
дегім келеді.
Тәуелсіз  мемлекет  құрып,  азаттық  аңсаған 
қазақ  халқының  ғарсырлар  бойы  арман  тілегін 
іске  асырған  саясат  бәріміздің  көңілімізден 
шығары анық. Сондықтан, біздер бұл мүмкіндікті 
пайдаланып, 
Жүсіп 
Баласағұн 
бабымз 
айтқандай,  «өз  пайдаңды  ойлама,  ел  пайдасын 
ойла, өз пайдаң соның ішінде» - деген сөздерді 
әрқайсымыз жан-дүниемізде сақтауымыз қажет.
Елін  сүймеген  ешкімді  де  сүймейді.  Ел 
дегеніміз-Отан.  Ал  Отан  оттан  да  ыстық. 
Адам  бақсыз  да,  тақсыз  да,  тіпті  баласыз  да, 
баспанасыз да өмір сүре алады, ал Отансыз өмір 
сүре  алдымен  жақсылықты  көруден  танылады. 
«Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, 
кінәліні  кешіруге  тырыс.  Өзіңе  де,  өзгеге  де 
жақсылық  тіле»,  -  демей  ме  Ахмед  Игүнеки 
бабамыз.
Теңіздей  терең  ой  мен  таудай  биік  талаптан 
туған  Жолдаудан  біз  бүгін  бекем  еліміздің 
нұрлы  ертеңін  көреміз.  Елулікке  еніп,  отыздың 
ортасынан  ойып  орын  алсақ,  арманымыз  не, 
ол  үшін  іркіттей  ірімей,  айрандай  ұйыйтын 
ұйымшылдық, бірлік, ұлттық рух керек ұрпаққа, 
«  Өсетін  елде  арман  көп,  өшетін  елде  жанжал 
көп».  Жастарды,  балаларды  ата  дәстүрге  сай, 
қазақы  париотизм  рухында,  отансүйгіштік 
парыз  биігінде  тәрбиелеу  жұмысында  төл 
оқулықтарымыз өз жүрегімізден шығып, жалпы 
білім берудің ортақ талабына сай болу қажет деп 
ойлаймыз. 
Әлемдегі  барша  халықтың  өкілдері  өз 
бойындағы  барлық  асыл  қасиеттері  мен 
құндылықтарын  өскелең  ұрпағының  санасына 
сіңіруді ғұмыр бойы мақсат етіп келеді.
Қазіргі  білім,  ғылым  мен  мәдениетті 
жаһандандыру  үрдісі  кезінде  әр  ұлт  өз 
мемлекетінің  рухани  мәдени  құндылықтарын 
сақтай отырып, әлемдік өркениетке кірігуі заңды 
құбылыс.
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Ұлттық  кеңестің 
мәжілісінде  жасаған  баяндамасында  «Мәдени 
мұраларды  жүйелеп,  оларды  қалпына  келтіру, 
сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек 
түре  кірісетін  кез  келді.  Ұлттық  мәдениетті 
ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп 
келер  ұрпаққа  аманат  ету  –  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасының  басты  мақсаты  болуы  тиіс» 
-  деп  болашақ  ұрпақты  тәрбиелеуде  ұлттық 
мәдени  мұраның  мүмкіндігі  мен  мақсатын 
айқындап берген болатын /2/. 
Келер  ұрпақтың  бойына  ұлттық  мақтаныш 
сезімін  тәрбиелеудің  басты  міндеті  адамзат 
мәдениетінің  сан  ғасырлық  өркениеттік 
жетістіктері  мен  ұлттық  мәдени  байлықтарын 
саралай  отырып  меңгерту,  жастарды  нарықтық 
экономикаға  бейімдеп,  өмірге  икемделген, 
қабілетті,  табанды  да  елінсүйер  азамат  етіп 
тәрбиелеу.
Бүгінгі  күні  ұрпақ  тәрбиесіне  мән  беру 
–  тәуелсіз  еліміздің  ертеңгі  іргетасын  қалау, 
мирасқорын  дайындау  деп  білген  халқымыз 
жастардың  білім  алып,  өз  ісін  жетік  меңгерген 
тұлға  болып  шығуы  үшін  барлық  жағдайлар 
жасалғаны  белгілі.  Жастар  үшін  жасалып 
отырған  барлық  мүмкіншіліктерді  барынша 
пайдаланып,  халық  игілігіне  жарату  ең  басты 
парыздары екендігі даусыз. 
Грек  ғаллымы  Платон  «Ұлды  тәрбиелеп 
отырып,  жер  иесін  тәрбиелейміз»  -  деп  тегін 
айтпаған.  Бала  бойындағы  тәрбиенің  бастауын 
ата-ана қалыптастырса, мектептегі тәрбие көзін 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ

36
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
мұғалім жеткізері мәлім. Ұрпаққа беріліп жатқан 
адамгершілік,  дене,  эстетикалық,  экологиялық, 
құқықтық,  ақыл-ой  т.б  тәрбиелері  мен  қатар 
ұлттық тәрбие де ерекше орын алады. 
Ата-бабаларымыз  байтақ  жерін  тұмсықтыға 
шоқтырмай,  қанаттыға  қақтырмай  ұстап,  келер 
ұрпаққа  аман-сау  жеткізуінің  өзі,  бесіктегі 
нәрестені  адамгершілкке  ғана  тәрбиелемей, 
отанын,  елін  жерін,  халқын  қорғауға 
тәрбиелеуінің өзі негізі дәлел.
Н.Ә.Назарбаевтың «Әрбір адам бала кезінен: 
Қазақстан  менің  Отаным,  оның  мен  үшін 
жауапты екені сияқты, сенде ол үшін жуаптымын 
деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей 
істеген  жөн»  деген  өсиетін  басшылыққа  алып 
тәрбие жұмысын жүргізу қажет /1/.
Тарихтан  белгілі  халқы  өз  мәдениетін,  
өз  тілін  жоғалтқан  мемлекеттердің  құрып-
таусылып  кеткенін  көруге  болады.  Батыс 
технологияларының  құндылығы  жоғары,  оның 
игеру керек, бірақ өзіміздің ата-бабаларымыздаң 
қалған  ұлттық  құндылықтарымызды  жоғары 
деңгейде ұстағанымыз жөн.
Ұлттық  тәрбие  қазір  өзімізде  орын  алып 
отырған  көптеген  мәселелерді:  ана  тілін,  ата 
тарихын, ұлттық салт дәстүрін білмейтін жастар, 
тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар 
үйіндегі  әжелер  мен  аталар,  нашақорлыққа 
салынғандар,  т.б.  бірте-бірте  жоюдың  және 
алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық 
тірбие  алған  ұрпақ  дені  сау,  білімді,  ақылды, 
ұлтжанды , еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып 
өседі. Сондақытан ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Сана 
сезімі, 
ақыл-парасаты, 
мінез-
құлқы  жетілген  адам  ғана  өмірдің  сан  түрлі 
құбылыстарын  таразыға  салып,  оның  әртүрлі 
ағымына  төтеп  бере  алады.  Ақылды  адамның 
ғана  өзіндік  ойы,  мақсаты,  бағыты  болады,  ол 
кез-келгеннің жетегіне еріп кетпейді. 
Тұрақтылық,  мінезділік,  имандылық  – 
адамға ауадай қажет. Жақсы адам ылғи да жеке 
басымен қоса отбасының, туған – туыстарының, 
елінің  де  берекесін  ойлап  жүреді.  Ал  бақ  пен 
бақытқа жету әр адамның өз қолында. Адам – өз 
бақытың қожасы. Барлық жақсы қасиет бойынан 
табылатын  ұрпақ  қана  ел  болашағының  үміті 
мен сенімін артпақ.
Тәрбие  теориясына  байланысты  Әл-
Фарабидің  «адамға  ең  алдымен  білім  емес, 
тәрбие  беру  керектігі»  жөніндегі  нақыл  сөзі, 
бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесіне  берер  тағылымдық 
құндылықтарының  мол  екені  рас.  Әл-
Фарабидің 
тәрбие 
теориясына 
қатысты 
мәселердің  тек  қана  баланың  жан-жақты 
дамуына  тірек  болатын  тәрбие  тәжірибелерін 
қалыптастырумен  шектелмей,  оның  жалпы 
адам  тәрбиелеу  ізгіліктерінің  құралы  болу 
керек  деген  ғибраттарын  кездестереміз.  Оның 
осы  мәселелеге  қатысты  терең  мән  берген 
тәлімдік  алғышарттары  –  біріншіден,  әр  адам 
өзін-өзі  тануға  ерте  бастан  назар  аударып,  сол 
мәселеге байланысты табиғат пен адам ілімдерін 
үйренуге;  екіншіден,  аталған  қасиеттердің  аса 
жауапты және кез келген адамның қолынан келе 
бермейтін  қиын  іс  екенін  атай  отыра,  ол  үшін 
ұстаз бен жол көрсетуші тәлімгердің қажеттігін 
ескертеді.  Мұның  өзі  бүгінгі  педагогикалық 
зерттеулерде  ғалымдардың  назарын  өзіне 
аударып  отырған  жан-жақты  дамыған  жеке 
тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу және сол мәселелер 
төңірегінде  педагогика  ғылымының  қол 
жеткізген  тәжірибелері  мен  шешілмей  жатқан 
тәлім-тәрбиелік  проблемалармен  жанасатыны 
белгілі.
Кең  даланы  күйімен  күмбірлетіп,  ұрпағын 
күңіреткен  Құрманғазыны,  ұлттық  таным  мен 
тәлім дүнисінің ой маржанын сүзіп, өз ұрпағына 
мәңгілік ақыл мен парасат рухын шашқан дана 
Абайды,  ұлттық  мектептің  қайнар  бастауына 
айналып, шәкірттерін білем қиялына самғатқан 
ұстаз  Ыбырайды,  ұлттық  ғылым  мен  білімнің 
шоқтығын  жұлдыздай  жарқыратып,  таным 
кілтін ұрпағына аманат қылған ғұлама Шоқанды 
тәрбиелеген  халықтың  тағылымдық  мұралары 
–  ғасырдың  қай  кезеңінде  болмасын  өзінің 
жұлдызын биікте жарқыратып тұрғаны шындық 
еді.
Ұлт  болашағы  –  жас  ұрпақтың  қамын  әуел 
бастан ойлаған әр ұлт – өне бойындағы барлық 
асыл  қасиеттерді  ұрпағының  санасына  сіңіріп, 
теңдесі  жоқ  рухани  қазынасын  сақтай  білуге 
тырысты.
Жас ұрпақ әрқашанда жаңа істердің жаршысы 
болған. Жан-жақты жарасымды, білімді, білікті, 
шығармашылығы  дамыған,  ойлы,  иманды  жас 
ұрпақты  тәрбиелеу  бүгінгі  заманның  талабы 
болып отыр.
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  болашақ  жастардың 
қолында екендігін сөзімен де, ісімен де назардан 
тыс  қалдырмай  келеді.  Бүгінгі  күн  –  бәсеке 
заманы. Жас ұрпақ бәсекеге қарсы тынбай еңбек 
етіп,  жаңашылдық  пен  біліктілікті  қатар  алып 
жүріп,  алдыңғы  қатардан  ойып  орын  алулары 
тиіс деп ойлаймыз.
Жастар  бүгін  ұлттық  мәдениет,  тіл  мен 
дінімізді,  рухани  құндылықтардан  жұтаң 
болса, олар ертең халқымыздың мұң-мұқтажын 
жоқтайтын тәрбиелі ұрпақ болады деу қиын.

37
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Назарбаев Н:Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президенттінің Қазақстан халқына жолдауы, Алматы: 
Білім, 1998, 90б.
2.  Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы. Егемен Қазақстан, №311-312, 29.11.2003, 
№184-188, 16.08.2005.
3.  ҚР Президентінің Жолдауы // Егемен Қазақстан. -2006. – 1 наурыз.
Резюме
В статье рассматривается вопросы о будущем нации.
Summaru
In article are considered questions about future nations.
Құрбаналиев Болат Бұлдырықұлы
«Жаратылыстану пәндері және кәсіптік оқыту »
кафедрасының аға оқытушысы
Айтөреев Нұрлан Бейсенбекұлы
№20 ксәптік лицей оқытушысы,
Оңтүстік Қазақстан облысы
ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіз мемлекет 
болып  жариялануы  және  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымына мүше болып қабылдануы жас қазақ 
мемлекетінің  алдына  үлкен  мақсаттар  мен 
міндеттер жүктейді. Қазақ елінің тәуелсіздігі 
мен  егемендігін  сақтап  қалу  әрбір  саналы 
азаматтың ісіне айналды.
Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы 
қоғамның идеалық бірлігінде» атты еңбегіде 
тағы  бір  аса  маңызды  идеологиялық 
міндетіміз  –  Қазақстандық  патроитизимге 
тәрбиелеу,  әрбір  азаматтың  өзін-өзі  айқын 
билеуін қалыптастыру деп атап көрсетіледі.
Келешектің кейінгі толқыны, болашақтың 
басқарушысының 
өмір 
саулығы, 
елжандылығы  елін  сүйе  білуі  бізді  әп-сәтте 
толғандырады.  Патриоттық  тәрбиені  қозғарда 
ең  бірінші,  біз  әлеуметтік  мәселені  ескерусіз 
қалдырмауымыз  керек.  Соңғы  уақытта 
жасөспірім  ұрпаққа  арождандық,  құқықтық, 
физиологиялық  және  психиологиялық  тәрбие 
беру  ісі  Президенттің,  Парламенттің,  Үкімет 
және  жергілікті  әкім  аппараты  жұмысының 
негізгі мүддесі болып саналады. 
Қазіргі уақытта патриоттық тәрбие жайлы 
сұрақтар  мен  мәселелер  жылдан-жылға  орын 
алуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 
44-бабында 
8-тармақшасына 
сәйкес, 
азаматтарға  патриоттық  тәрбие  берудің 
біртұтас жүйесін  құру мақсатына байланысты 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  қаулы  жариялады. 
Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы 
Қазақстан  Республикасында  патриоттық 
тәрбиені  дамыту,  мұнда  әсіресе,  мына  сөзді 
ерекше  атап  кеткен  жөн,  «тарихи  белгі», 
бұл  жерде  қазақ  халқының  барлық  даму 
сатысында ұлт ретінде өзінің тәуелсіздігі мен 
территориялық  тұтастығы  үшін  күрескені 
астарлана  көрініс  тауып  тұр.  Бұл,  әрине, 
патриоттық сезімсіз мүмкін емес. Елбасының 
бұл тапсырмасы жастарға патриоттық тәрбие 
арқылы және патриоттық сезімді ояту арқылы 
қазіргі таңда жүзеге асырары сөзсіз. 
Жолдауда  жастардың  патриоттық  тәрбие 
беру бағыты бастау алады.
2007  жылдың  28  ақпанында  шыққан 
Елбасының  Жолдауында  «Қазақстандық 
патриотизм,  саяси  ерлік  жайлы  жаңа 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ

38
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қазақстанды құру үшін негізгі фактор болады 
дей  келе:  «...  өткен  өткелдер  жаман  болған 
жоқ,  біздің  шешімдеріміздің  қортындысы 
таң  қаларлықтай  болды.  Мұның  барлығы 
бүкіл  Қазақстандық  патриотизмнің  негізін 
қалауға септігін тигізеді. Еліміздегі көпұлтты 
өкілдерінің,  келер  ұрпақтың  патриотизм 
тұрғысында  рухы  мен  сенімділігі  мол»  атап 
кеткен.»
ХХ 
ғасырда 
өмір 
сүрген 
қазақ 
ағартушыларының 
мұралары 
арқылы 
жастарды  патриотизмге  тәрбиелеу  бүгінгі 
еліміз  егемендік  алған  кезеңде  іргемізде 
бейбітшілік пен ұлттыр достығын сақтаудың 
негізі  болып  отыр.  Қазақ  ағартушыларының 
шығармаларына  ғылыми  педагогикалық 
тұрғыда  талдау  жасау  барысында  олардың 
артына қалдырған мұралары бүгінгі ұрпақтың 
бойына 
адамгершілік 
құндылықтармен 
патриоттық  рухты  қалыптастыруда  негізгі 
орын алады. 
Ел  Президентінің  ҚАзақстан  халқына 
жолдауында  ұлттық  мәдениетті  дамытуда 
халықтық  мұраларды  жандандыру  мәселесі 
негізгі орында тұр. Соынмен қатар  
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 
«Тәлім 
тәрбие 
тұжырымдамасында» 
қоғамдық 
әлеуметтік 
даму 
үрдісіне 
байланысты тәрбиеге құндылық тұрғысынан 
қарап,  тәрбие  жүйесінің  бүгінгі  талапқа  сай 
жаңа тұрпатта жүйесі берілді.
ХХ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  қазақ 
ағартушыларының 
тәлімдік 
мұралары 
арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеуде 
зерттелген  ғылыми  еңбектерді  саралай 
отырып  негізге  алдық.  ХАлық  мұрасын 
ғылыми  негізде  зерттеген  ғалымдардың 
еңбектерінде    ұлттық  ой-пікір  дамуы,  салт-
дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптардың  тәлім-
тәрбиелік мәні құрастырылған.
Жастарды 
патриотизмге 
тәрбиелеу 
мәселесі 
Н.А.Осипова, 
А.Ф.Фаткулина, 
Ж.Т.Елемесова,  Ә.Айтақова,  Ш.Әміралиева 
т.б. еңбектерінде зерттелген. 
Еліміз  егемендік  алғаннан  бері  қазақ 
ғалымдары ұлттық негіздегі тәрбие жүйесінің 
негізін  салды  десек  артық  айтпаймыз. 
Қ.Б.Жарықбаев, 
С.К.Қалиев 
«Ұлттық 
мәдениет тарихы», «Қазақ этнопедагогикасы» 
т.б.  М.Құрсабаев  «Атамекен»,  С.Ұзақбаева 
«Елім-ай»,  М.Ж.Смаилова  «Қазақ  халқының 
салт-дәстүрлері» 
т.б. 
бағдарламаларды 
ұлттық тәрбие жүйесінің негізі болып отыр.
Патриоттық сезім – ол өз-өзінен келмейтін 
сезім.
Патриоттық  тәрбие  ананың  ақ  сүтінен, 
ананың ақылынан бастау алажы. Патриоттық 
сезім  туған  үй,  отбасы  деген  ұғымдармен 
тығыз  байланысты.  Бұдан  жас  ұқпақтың  өз 
Отанына деген махабаты оянады.
Отан ұғымы кез-келген адам баласына ана 
деген  қасиетті  ұғым  сияқты  жалғыз  да  аса 
қымбат.
Қазақ батырлары өз Отаны үшін өліммен 
арпалысып, қасық қандары қалғанша жаудан 
туған  жерін  қорғау  жолында  көрсеткен 
теңдессіз  ерліктері  мен  халықтың  батырлық 
қасиеттері туралы, тарихи оқиғалары туралы 
біздің әрқайсысымыз көптеген мысал келтіре 
аламыз.
Қазақтың арасынан қашанда ел үшін жан 
берер батырлар табылады. «Білектің күшімен, 
найзаның  ұшымен»  ата-бабалар  жерін  аман 
сақтады емес пе?!
Сол сияқты патриоттық тәрбие туралы сөз 
қозғаған кезде, Отанды қорғауға әрқашан даяр 
тұруға даярлау барысында, қазіргі жастардың 
Отанға  деген  сүйіспеншілігінің  артқанын 
байқаймыз. 
Мұндағы  айтар  ойымыздың  ең  бастысы 
Отанға деген сүйіспеншіліктің территориялық 
біртұтастықты  да  қорғаумен  астарланып 
кеткенімен қорытындыланады.
Қазіргі таңда қазақстандық патриотизмнің 
ерекшелігі  көп  ұлттылығымен  көрініс 
табады. 
Жалпыхалықтық 
көпұлттылық 
қазақстандық  патриотизмнің  ортақ  мақсаты 
болып  табылады.  Жастарға  патриоттық 
тәрбие  беру  барысында  біз  жас  ұрпақтың 
ұжымдылық  және  де  өз  Отаны,  туған  жері, 
Қазақстанды  қорғауға  кез-келген  уақытта 
даяр  тұру  сезімдерін  қалыптастыруға 
көмектесуіміз  керек.  Біздің  жастармен 
жүргізетін  патриоттық  тәрбиеміз  жай  ғана 
меңзей қараушылық болмау керек, керісінше 
жаңа қоғам құруға көмек беретін, қуатты да 
күшті болуы қажет.
Қазақстандық  патриотизм  Отанға  деген 
махаббат  ешқашан  құлдыраушылық  мінез 
танытпауы  қажет.  Қазақстан  –  ол  біздің 

39
патриоттық махаббатымыз бен қысқа тарихи 
уақыт ішінде дамыған елдердің көшбасшысы 
бола  білген  халқымыздың  намысы  мен 
мақтанышы.
Бүгінде Қазақстан нарықтық экономикамен 
демократиялық ашық қоғам құруда өз алдына 
үлгі  бола  алады.  Қазіргі  таңда  Қазақстан  ең 
жылдам дамыған бес Азиаттық құрлық ішіне 
кіреді және ол әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 
елдің қатарына кіру мақсатына жету үшін өз 
алдына жаһандық тапсырмалар қойып отыр. 
Қазақстандық  патриотизм  –  Отан-анаға 
деген  сүйіспеншілік,  азаматтық  ерлік,  өнеге 
көрсетушілік,  бойдағы  біліммен  біліктіні, 
ақыл  мен  парасатты,  ел  иелігіне  жұмсау 
атамекен мүддесіне арнау болмақ. 
Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев,  В.Деваев, 
М.Н.Келеев, 
М.Жұмабаев 
еңбектерінде 
халқымыздың 
салт-дәстүрлері 
арқылы 
патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне зор мән 
беріледі.
Кеңес  дәуіріндегі  саясат  –  ағымында 
атадан  балаға  мирас  болып  келе  жатқан 
өзгерістер  халқымыздың  ұлттық  тарихында, 
тәрбиеге  деген  көзқарасқа  үлкен  серпіліс 
берді.  Соның  нәтижесінде  бұл  мәселелер 
тарихта,  философияда,  педагогикада  қайта 
қаралып, жаңаша тұрғыда зерттеліп жатыр.
«Патриотизм»  (patriots  -  отандас,  patrio  – 
отан,  туған  жер)  деген  мағынаны  білдіреді. 
Энциклопедиялық  сөздікте  «Отанға  деген 
сүйіспеншілік  бойындағы  күш-қуаты  мен 
білімін Отан игілігі мен атамекен мүддесіне 
жұмсау,  туған  жерін,  ана  тілін,  елдің  әдет-
ғұрпымен  дәстүрін  құрмет  тұту  сияқты 
патриотизм  элементтері  ерте  заманнан 
қалыптаса  бастайды»,  -  деп  атап  көрсетеді. 
Педагогикалық  сөздікте:  «Патриотизм  – 
өз  халқына,  Отанға  деген  сүйіспеншілік, 
пролетарлық  интернационализммен  берік 
байланысқан»  -  деп  көрсетеді.  Алғаш  қазақ 
халқының негізін қалаған Шоқан Уалиханов: 
«Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай 
(«матрешка»  сияқты  бір  сандықтың  ішінде 
тағы  бір  сандық,  оның  ішінде  тағы  бір 
сандық) мен ең алдымен өзімнің отбасымды, 
туған-туыстарымды  қадірлеймін,  содан  соң 
ауыл-аймақ,  ел-жұртымды,  руластарымды, 
содан соң Сібір орыстары, Ресей жұртымды 
қадірлеймін», 
-деген 
екен. 
Қазақтың 
батыры  Б.Момышұлы:  «Патриотизм  – 
Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның 
аман-саулығының  қоғамдық  мемлекеттік 
қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын 
сезіну,  ал  мемлекетті  нығайту  дегеніміз 
жеке  адамды  күшейту  екендігін  мойындау, 
қысқасын  айтқанда,  патриотизм  мемлекет 
деген  ұғымды,  жеке  адаммен,  яғни  оның 
өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен 
қарым-қатынасын білдіреді», -дейді.
Қазақстан 
Республикасы 
бастауыш 
білімнің 
мемлекеттік 
стандартында: 
«Оқушыда  жалпы  азаматтық  құндылықтар 
мен  адамның  айналадағы  дүниемен  жеке 
басын  тұлғалық  (этикалық,  эстетикалық, 
адамгершілік)  тұрғыда  тәрбиелеу  мақсатын 
халқымыздың  мәдени  рухани  мұрасының, 
салт-дәстүрлерінің  озық  үлгілерін  оның 
бойына  дарыту  арқылы  жүзеге  асыруға 
болады», - деп атап көрсетілген.Осы міндетті 
жүзеге асыруға бағытталған жаңа «Ана тілі» 
оқулығының (2 сыныпқа арналған авторлары: 
С.Рахметова,  П.Жаманқұлова,  Б.Қабатаева) 
оқушылардың  бойына  қазақ  патриотизмін, 
Отаншылдығын 
қалыптастыратын 
шығармалар  молынан  берілген.  Оқулықтағы 
шығармалар  оқушы  бойында  мынадай 
патриот  сезімдерін  қалыптастырады:  Туған 
жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғатын 
сүю,  туған  жердің  орман-көлі,  тау-тасы, 
аң-құстарына  қамқорлық  жасау,  оны  аялау 
мен  қорғау,  күтіп,  баптау.  Туған  еліне  деген 
сүйіспеншілік,  өз  ұлтын  сүю,  Отанын  сүю, 
ұлтының  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрлерін 
қастерлеу.  Ұлт  мәдениетінің  өркендеуіне 
ел  экономикасының  гүлденуіне  үлес  қосу. 
Өз  отбасына  сүйіспеншілік,  ата-анасына 
сыйластық көрсету.
Грек  ғалымы  Платон  «Ұлды  тәрбиелеп 
отырып,  жер  иесін  тәрбиелейміз»  тегін 
айтпаған. Бала бойындағы тәрбиенің бастауын 
ата-анасы 
қалыптастырса, 
мектептегі 
тәрбие  көзін  жеткізуші  әрине,  тәрбиешісі 
мұғалім  болып  табылады.Ұрпаққа  беріліп 
жатқан  адамгершілік,  дене,  экономикалық, 
экологиялық,  ақыл-ой  тәрбиесімен  қатар 
ұлттық  патриот,  тәрбие  ерекше  орын  алады. 
«Мен  келешектің  иесімін»  деген  ұрпақтың 
бойында  білім,  білік,  адамгершілік,  ар-
намыспен  қатар  Отанды  сүюге  деген 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет