Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 1.11 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата28.02.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР

1  Ахмет Жүнісов. Фәниден бақиға дейін, – Алматы: Қайнар, 1994.

2 Е.Сағындықов. Ғылыми монография «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдала­

ну». – Алматы, 1993.

3  Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары». – Алматы, 1994.


61

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

Ғалым  Т.Тәжібаев  Абайдың  оқу,  білімді 

насихаттауға  қосқан  айрықша  әрекетін 

орынды аңғарған. Абай не айтса да, жарым-

жартылап  шындықтан  жырақ  кетпейді.  Ол 

малды  ғылым  табу  жолына  жұмсауды  жөн 

санаған. Осы орайда Т.Тәжібаев былай деп 

жазады:  «Связывая  просвещение  народа  с 

улучшением его материального благососто­

яния, Абай выступает перед нами как мате­

риалист, а не как фантазируюшй утопист, от­

рываюший духовные потребности народа от 

его материальных нужд» [1.142]. Т.Тәжібаев 

Абайдың  жас  кезіндегі  білім  алуын  есей­

ген шақта кеш көріп, кем санап қомсынған 

әрі  өкінген  жайын  оның  жаратылыстану 

ғылымдарын меңгеруге мән бермеуінен деп 

біледі.  Ғалым  Абайдың  шығыс  мәдениеті 

мен діни медреседен алған білімін лайықты 

деңгейде болған деп санамайды: « Хотя он и 

изучал историю Востока, но изучал ее толь­

ко в виде хронологических дат и отдельных 

исторических  событий,  изложенных  описа­

тельно, без необходимого анализа и обобще­

ния, а поэтому он не мог понять действитель­

ных  закономерностей  развития  обшества 

и  общественной  жизни»  [1.142].  Негізінде 

Абай қоғам мен заман және адамға қатысты 

біршама  ақиқаттарды  айта  алған.  Мысалы, 

Абай «Тотықұс түсті көбелек» атты өлеңінде 

мынадай терең шындықты жырға қосқан: 

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек [2.246].

Осында Абай заманның өз кезіндегі саяси-

әлеуметтік,  экономикалық  қарым-қатынас 

ӘОЖ 82-1.82-14



Г.Қ. Әліпхан

А.Иасауи атындағы ХҚТУ оқытушысы

ТӨЛЕГЕН ТӘЖІБАЕВ, АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОҚУ, БІЛІМ 

ЖӨНІНДЕ

Ғалым Т.Тәжібаев Абайдың оқу, білімді насихаттауға қосқан айрықша әрекетін орынды 

аңғарғандығы қарастырылған. Абай ақын ғана емес, ұлтының ұлы ұстазы. Тіпті адамзаттық 

ақиқатты айта алған хакім. Ғалым Т.Тәжібаев ұлт мақтанышына айналған Абайды тиісінше 

жоғары бағалап, қазыналы ойларын кәсіби тұрғыдан саралап шыққан.

Түйін  сөздер:  оқу-ағарту,  ғылым-білім,  ақыл,  адам  болу,  толық  адам,  Т.Тажибаев 

зерттеуі.

В статье рассматриваются мысли Абая об обучении и знании на основе научных иссле­

дований  Т.  Тажибаева.  Абай  является  поэтом  просветителем  казахского  народа.  Он  свои 

произведения творил в жанре поэзии и прозы. В своих работах поэт затрагивал различные 

темы своего времени.

Ключевые слова: просветительство, знание, наука, разум, стать человеком, совершен-

ный человек, исследования Т.Тажибаева.

The article deals with Abay’s thoughts in the field of education and knowledge based on the 

scientific researches of T. Tazhibaev. Abay is an enlightener poet of Kazakh people. He created his 

works in the genre of poetry and prose. The poet affected different themes of his time.



Keywords:  enlightening,  knowledge,  science,  intelligence,  to  be  a  human,  a  perfect  man, 

62

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

пен өзіндік жүйесі арқылы адамдар қауымын 

(адамдарды)  өз  ырқына  көндіретінін  ай­

тып отыр. Заман өз кезіндегі жүйе мен сол 

жүйені  сақтап,  күзетіп  отыратын  билік 

арқылы  жеке  тұлғаларды  тырп  еткізбей  өз 

жолына салатынын аңғартады. Немесе ақын 

«Адам бір - боқ көтерген боқтың қабы» атты 

өлеңінде: «Адамды сүй, Алланың хикметін 

сез,  не  қызық  бар  өмірде  онан  басқа»  деп 

түйіндейді.  Расында  да  өмірде  орын  алар 

көп  қызықтың  ішінде  ақын  айтқан  осы 

екі  қызықтан  артық  мақсат-мұрат  болмай­

ды.  Мұнда  гуманизм  де,  Алланың  хикметі 

арқылы  ғылымды  әспеттеу  сарыны  да 

байқалып тұрады. Сол кездегі идеология мен 

орысшылдықтың  әсері  ғалым  Т.Тәжібаевқа 

да ықпал еткені көрінеді. Ол орыс мәдениеті 

мен әдебиетін, тілі мен ғылымын аса жоғары 

бағалап, Абайдың өсу, өркендеу жолын осы 

орыс  мәдениетімен  көп  байланыстырады. 

Ғалым ақынның орыс достары, орыс тілі мен 

әдебиеті,  ғылымы  арқылы  тапқан  табысын 

қомақты санайды. Ғалым өз ойын ақынның 

балаларын  Семейдегі  орыс  мектебі  мен 

алыс  Петербургте  оқытқанын  айту  арқылы 

да  бекіте  түседі.  Ғалым  өз  пайымдауларын 

ақынның  «Интернатта  оқып  жүр»  өлеңін 

негізге ала отырып баяндайды. Ара-арасын­

да  ғалымның:  «...Абай  упрекает  родителей 

за  их  желание  непременно  сделать  своих 

детей чиновниками, а не просто культурны­

ми  людьми»  деген  секілді  түйінді  ойларын 

жиі ұшыратамыз. Ғалым ақын өлеңінде сөз 

болған оқушы балалар мен жастарды пайда 

ойламай, ар ойлауға үндеген ойларды дұрыс 

аңғарған.  Әдетте  Абайдың  орыс  мәдениеті 

мен  әдебиетіне,  өнері  мен  тіліне  қатысты 

ойын  еске  алғанда,  оның  «орыстың  өнерін 

біл,  тілін  үйрен»  деген  насихатын  жиі  ай­

тамыз.  Ал  мұның  ар  жағындағы  ақынның 

өз  еліне  қатысты  пайдалыны  көздеп  ой 

ойлағанын  тасада  қалдыратынымыз  бар. 

Ғалым  Т.Тәжібаев  Абай  сөзіндегі  осындай 

жан-жақты шындықты түгел қамтып барып 

ой толғайды: « Русские видят мир. Если ты 

будешь знать их язык, то на мир откроются 

и твои глаза. Человек, изучивший культуру и 

язык иного народа, становиться с ним равно­

правным и не будет жить позорно» [1.143]. 

Байқағанымыздай, ғалым ұсынған ақынның 

бұл  сөзінде  елінің  биіктерден  көрінуін 

қалаған  ізгі  ниет  бар.  Елі  ешкімге  есесін 

жібермей, еңселі ел болса екен деген ой жа­

тыр. Ғалым ақын өлеңіндегі ой ізімен жүріп 

отырып, түпнұсқадан ауытқымай ақын ойы­

на ғылыми саралау жасайды. Ақын өлеңінің 

өзегін  көріп,  оқырманға  соны  айрықша 

бөліп,  айқындап  танытуға  тырысады:  «На­

укой можно овладеть только тогда, когда ты 

расстанешься  с  ребячеством.  Если  любишь 

науку, никогда не говори «не могу»... наука 

- достояние» [1.144]. Абай өз өлеңдері мен 

қарасөздерінде  ақылдың  мән-мазмұны  мен 

қасиетін біршама ашып, ақыл ұғымын түрлі 

қырынан  танытады.  Абайда  жүрек  культі, 

жүректі жоғары қою секілді сарындар орын 

алса да, ол ақылды - жүректің суаты санай­

ды,  яғни  жүрек  ақиқатты  тануда  ақылдың 

көмегіне  сүйенеді.  Өйткені  ақыл  -  таным 

құралы,  ақиқатты  айтушы.  Осы  орайда 

Абай ақылға айрықша көңіл бөліп, тірлікте 

ақылдың тигізер пайдасы мол екенін айтады. 

Мысалы,  ақын  «Ғылым  таппай  мақтанба» 

өлеңінде былай деп жырлайды:

Ақыл сенбей сенбеңіз

Бір іске кез келсеңіз.

Ақсақал айтты, бай айтты,

Кім болса, мейлі, сол айтты -

Ақылменен жеңсеңіз...

Ақыл – мизан, өлшеу қыл.

Абай  өмірдегі  барлық  істе  де  ақылды 

көмекші әрі тірек етуді жиі айтады. Былайша 

айтқанда,  Абайдың  мойындайтыны  -  ақыл 

ғана.  Бұл  ойын  ақын  қарасөзіндегі  иманға 

қатысты айтқан ойымен де танытады. Ақын 

13-сөзінде иман және оның екі түрлі болаты­

ны туралы айта келіп, оның бірі, яғни шын 

иман  туралы  былай  деп  жазады:  «Әуелі  не 

нәрсеге  иман  келтірсе,  соның  хақтығына 

ақылыбірлән  дәлел  жүргізерлік  болып, 

ақылы  дәлел  испат  (дәлелдеу,  дәлелмен 

бекіту)  қыларға  жараса,  мұны  якини  иман 


63

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

десек керек» [3.109]. Абай осылайша ақылды 

танытуда  оның  артықша  қасиет  екенін 

жүйелі  түрде  байқатып  отырды.  Осы  орай­

да  ғалым  Т.Тәжібаев  ақын  ойының  ізімен 

былай деп жазады: «Поэтому с любовью от­

носись к словам знаюших людей. Но поверь 

им  только  тогда,  когда  сам  познаешь  их  и 

убедишься в их правильности, а не потому, 

что они вышли из уст аксакала, бая или дру­

гих авторитетов» [1.144]. Байқағанымыздай, 

Т.Тәжібаев  ақын  өлеңіндегі  «ақыл» 

ұғымының  мәнін  ізерлей  ашып,  танытып 

жатпайды,  тек  «когда  сам  познаешь»  деп 

қоя  салады.  Танудың  ақыл  арқылы  жүзеге 

асатынын білеміз, сөйтсе де Абай мән беріп, 

айрықша  бөліп  айтқан  «ақыл»  ұғымының 

сырына ғалымның тереңдей еніп, тарата, та­

ныта баяндағаны жөн болар еді.

Ғалым ақынның педагогикалық ой-пікір-

лерін  тиянақты  қарастырған.  Ол  ақынның 

оқыту мен тәрбиеге қатысты ойларын шашау 

шығармай  танытуға  тырысады.  Абай  жас-

тар ды  қалайда  оқыту  жағына  күш  салған, 

халық тың  қалтасынан қаржы жұмсаса да, өз 

ұрпағын білім алуға жетелеуін жөн санаған. 

Ғалым  ақынның  осындай  өзекті  ойларын 

дәл танып, дәл тауып саралайды. Ғалымның 

Абай туралы пікірі өте жоғары: « В своих вы­

сказываниях  и  в  практической  деятельнос-

ти Абай выступает как настояший педагог... 

Абай выступает против схоластики в обуче­

нии, против зубрежки и муштры. Он требу­

ет сознательного усвоения знаний» [1.145]. 

Ғалымның осындай биік бағасына Абай шы­

нында да лайық. Ақын 38-сөзінде былай деп 

жазады:  «Ғылым-білімді  әуелі  бастан  бала 

өзі  ізденіп  таппайды.  Басында  зорлықпен 

яқи алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе 

өзі  іздегендей  болғанша»  [1.136].  Ғалым 

сондай-ақ  Абайдың  педагогикадағы  бала-

ны  оқытудың  жас  ерекшелігіне  қарай  жү-

зеге  асу  қағидаларымен  де  таныстығын 

көр сетеді.  Әлі  ақылы  толысып,  өресі  өс-

пе  ген  бала  білімнің  қадірін  біле  бермейді. 

Әуелгі  білімнің  ойын  ретінде  берілетіні  де 

бар.  Білімді  жеңіл  жолмен,  ойын  түрінде 

үйре те  отырып,  талап  етуді  де  назардан 

тыс  қалдырмай  оқытса,  артынан  бала  да 

білім алудың дағдылы даңғыл жолына оңай 

түсіп  кетеді.  Абай  ойлары  педагогикадағы 

осындай  танымға  сілтеп,  нұсқап  тұрғандай 

көрінеді. Бұдан өзге Абайдың баланы әлі де 

адам қатарына қоса қоймайтыны байқалады 

да,  оның  адам  қатарына  қосылуын  «қашан 

бір  бала  ғылым-білімді  махаббатпеннен 

көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам 

болады»  деген  игі  әрекетпен  байланысты­

рады.  Ақын  шығармаларындағы  осындай 

өрелі, ең бастысы кәсіби ойларға ғалым на­

зары  ауып,  ол  жөніндегі  пікірін  былайша 

сабақтайды: «Но интерес к обучению явля­

ется  результатом  времени  и  занимательно­

сти изучаемого предмета. Поэтому учитывая 

то обстоятельство, что на первых порах ре­

бенок не может овладевать знаниями по сво­

ему собственному желанию, его необходимо 

на ряду с уговорами и наставлениями ино­

гда  и  принуждать  к  учению.  Со  временем, 

когда у ребенка появится интерес к овладе­

нию  знаниями,  он  сам  будет  стараться.  Но 

настояшим человеком он станет тогда, когда 

со страстью будеть мечтать о науке, когда он 

сможет действительно познать науку и упо­

требить ее на ползу народу» [1.145]. 

Өмірде бәрі де тек, тамырынан бастау ал-

ып барып өсіп-өнеді. Сол секілді бала да әуе-

лі өзінің туған тілін, ана тілін терең меңгеріп, 

үйреніп алуға тиіс. Ғалым осы ақиқатты К.Д. 

Ушинский  пікірімен  сабақтастырып,  одан 

әрі Абаймен байланыстырып мынадай ойын 

ұсынады: «Чтобы обучение было успешным 

и  полезным,  Абай  как  и  великий  русский 

педагог  К.Д.Ушинский  предлагет  сначала 

обучать  детей  родному  языку,  обучать  дей­

ствительным научным знаниям, а потом уже 

приступить  к  обучению  иностранным  язы­

кам  и  в  частности  арабскому  и  фарсидско­

му» [1.145-146]. Бүгінгі үш тұғырлы тіл са­

ясаты тұсында ғалым келтірген тұжырымды 

назарда  ұстау  пайдалы  болмақ.  Бала  екі 

жақты, үш жақты болып әрі шала түсінікте 

қалып  қиналмай,  сондай-ақ  өз  тіліне  де 

нұсқан  келтірмей,  ғалым  жазғандай,  жасы, 

өресі,  ұлтына  қарай  әуелі  ана  тілін  терең 


64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

меңгеріп,  ақыл,  өресі  бекігенде  ғана  өзге 

тілді  үйреніп  жетілсе,  нәтижесі  де  елеулі 

болар  еді.  Ғалым  Т.Тәжібаев  Абайдағы 

әуелі  ана  тілін  терең  меңгеріп  алу  туралы 

ойды діни-схоластикалық мазмұндағы араб, 

парсы  оқуына  қатысты  айтқан.  Шынында 

да  мәселенің  мәнін  ұқпай,  құр  жаттаумен 

білмек  болған  әрекеттің  нәтижелі  болуы 

қиын.


Ғалым  Т.Тәжібаев  Абайдағы  түпкі  терең 

ой ларды  үнемі  аңғарып,  оны  өз  тарапы­

нан  саралап  отырады.  Бұрынғы,  соңғы 

ой шылдарда  әр  нәрсені  де  бағалағанда, 

он ың  өзін  ғана  қадірлі  көріп  ойда  ұстау 

жайы  жиі  айтылған.  Бір  нәрсені  я  біреуді 

олардың  өзін  емес,  өздерінен  тыс  жанама 

жағын  ескеріп  барып  жақсы  көру  адамды 

адастырады.  Осы  орайда  Абай  отыз  екінші 

сөзінде былай деп жазады:«Егер дін көңілің 

өзге  нәрседе  болса,  білім,  ғылымды  бірақ 

соған  себеп  қана  қылмақ  үшін  үйренсең, 

ондай  білімге  көңіліңнің  мейірімі  асырап 

алған  шешеңнің  мейірімі  секілді»  [1.128]. 

Ғылыммен  одан  келер  пайданы  ойлап  ба­

рып айналысу – ғылымның берер нәтижесін 

кемітеді  әрі  қадірін  де  азайтады.  Ғалым 

Т.Тәжібаев ақындағы осы ойларды да өзінің 

ой талқысына салған.

Абай  ақын  ғана  емес,  ұлтының  ұлы 

ұстазы. Тіпті адамзаттық ақиқатты айта алған 

хакім. Ғалым Т.Тәжібаев ұлт мақтанышына 

айналған Абайды тиісінше жоғары бағалап, 

қазыналы ойларын кәсіби тұрғыдан саралап 

шыққан.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Тажибаев Т. Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбае­

ва. - Тажибаев Т. Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине ХІХ века. 

– Алма-Ата: Казахстан, 1965.

2 Абай (Ибраһим Құнанбаев). Шығармалар жинағы. І том. – Алматы: Жазушы, 1986.

3 Абай (Ибраһим Құнанбаев). Шығармалар жинағы. ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1986.

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл

Өзгесі хаққа жол емес

                                                                           Абай.


65

ҰЛТТЫҚ ДІН

Егемен  ел  болып,  еңсесін  тіктеп,  етек-

жеңін жиып, елдігін ерекшелей түскен қазақ 

халқының  айрандай  ұйыған  айбынды  мем­

лекет  болуы  ең  алдымен  бүгінгі  өскелең 

ұрпаққа  тікелей  байланысты.  Ендеше, 

еліміздің  болашағы  жастар  болғандықтан, 

олардың  рухани  тәрбиесіне  аса  мән  беру 

қажет.  Хәкім  Абайдың:  «Адам  баласын  за­

ман  өсіреді,  кімде-  кім  жаман  болса,  оған 

замандастарының бәрі кінәлі»,- деуі, Ахмет 

көсем нің:  «Баланы  ұлша  тәрбиелесең  -  ұл 

болып өседі, құлша тәрбиелесең - құл болып 

өседі»,  дегенінің  астарында  үлкен  мән  жа­

тыр.

Халқымыз  тәрбиелі,  көргенді,  инабатты, 



жүзі жылы адамды иманжүзді екен деп жа­

тады. Сондай-ақ, өмірден өтіп кеткен адамға 

иманды  болсын,  өліге  иман,  тіріге  береке 

берсін деген сөздерді жиі естиміз. Олай бол­

са, иман деген не? Иман тек өлген адамдарға 

қажет  нәрсе  ме?  Иманның  тірі  адамның 

өміріндегі мәнісі қандай?

ӘОЖ 88


К.Ә. Қаражанова

Ж.Мырзағалиев орта мектебінің жоғары санатты кітапхана меңгерушісі

ИСЛАМ ДІНІ ─ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Мақалада  еліміздің  болашағы  жастар  болғандықтан,  олардың  рухани  тәрбиесіне  аса 

мән  беру  қажеттігі.  Біліміміз  бен  білігіміз  бабадан  бізге  жеткен  имани  негіздегі  қазақы 

тәрбиемен  қабыспаса,  халықтық  қасиеттерді  насиқаттаудың  алтын  арқауы,  бағыт-бағдар 

алар айнымас темірқазығы екендігі айтылады. Ұлттық мінез, ұлттық жігер, ұлттық сана-

сезім қалыптастыру жолындағы жауапкершілікті сезініп, ел болашағының жарқын болуы 

үшін айқын қадамдар керек екені баяндалады.

Түйін сөздер: болашақ, жастар, рухани, иман, ұлт, тәрбие, тазалық, жан тазалығы, 

қоғам. 

Статья  посвящена  морально-психологическому  воспитанию  молодежи.  Становлению 

суверенного, сильного и сплоченного государства, в первую очередь, связано с подрастаю­

щего поколения казахов. Будущее нашего народа связано с подрастающим поколением, от­

сюда необходимость уделения особого внимания их духовному воспитанию. В этом смысле 

становится наиболее важным вызказывания Абая: «Человека воспитывает общество, если 

кто-либо плохо воспитан, в этом повинны его окружение» и Ахмета: «Если сына воспиты­

ваешь как сына, то он будет сыном, если воспитываешь как раба то он станет рабом»



Ключевые слова: будущий, молодежь, духовный, нация, воспитание, чистота, душев-

ная чистота, общество.

The article is sanctified to morally-psychological education of young people. To becoming of 

the sovereign, strong and joined state, first of all, it is related to the rising generation of Kazakhs. 

The future of our people is related to the rising generation, from here necessity of sparing of the 

special  attention  to  their  spiritual  education.  In  this  sense  becomes  most  essential  expressions 

Аbaya: «Man is brought up by society, if somebody is badly educated, his surroundings» and 

Аhmeta are herein guilty: «If bring up a son as a son, then he will be a son, if bring up as a slave 

that he will become a slave»



Keywords: future, young people, spiritual, nation, education, cleanness, heartfelt cleanness, 

society.


66

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Иман  –  араб  тілінен  аударғанда  сенім 

деген  мағынаны  білдіреді.  Иманды  болу 

Құран да «әәмана» деген етістікпен беріледі. 

Өз кезегінде бұл сөз «әмин» қауіпсіздік де-

ген  мағынаны  білдіреді.  Иманды  адам  екі 

дүниеде де қауіпсіздікте болады. Бұл дүние-

де  тіршіліктің  сергелдеңі  мен  уайымынан, 

мәң гі өмірде күйзелтуші мәңгі азаптан аман 

бо лады.


Шариғаттағы  мағынасында  иман:  соңғы 

пайғамбар  Мұхаммед  салла  Аллаху  алейһи 

уа  саламның  әкелген  барлық  нәрсесін 

(Құран,  хадистер,  құлшылықтар,  әмірлер 

мен тыйымдар) мойындап, қабылдау, жүзеге 

асыру.


Абайша  айтқанда:  «Әрбір  ақылы  бар 

адамға иман парыз, әрбір иманы бар адамға 

ғибадат құлшылық парыз».

Хадиске жүгінсек: Иман тілмен айтылып, 

жүректе бекіп, дене мүшелерімен амалға асу 

керек.


Ардақты  пайғамбарымыз  өз  хадисінде: 

«Иманның жетпістен артық бұтақтары бар: 

ең  жоғарғысы  –  «Ла  иләһә  иләә  Аллаһ, 

(Мұхаммадур  расулуллаһ)  Ең  төменгісі  - 

жолдағы кедергіні алып тастау» дейді [2].

Иманы  жоқ  адам  тозақта  мәңгі  қалады. 

Олай болса бұл сөз біздің мәңгі бақытқа қол 

жеткізуіміздің кілті екен. Өкінішке орай, өз 

парыздарымызды  үйрену  мен  орындауға 

келгенде белсенділігіміз бәсеңсіп қалатыны 

рас.

Дүниеде  қаншама  адамдар  иманға  кел­



меген  соң  жалған  дүниенің  алдамшы  мақ-

сат  тарын қуып, құнды өмірін құнсыз нәр се-

лер мен өткізіп жүр. Шынайы иманға келген 

адамдар  ғана  өмірдің  мәнісін  түсініп,  не 

үшін  жаратылғанын  біліп,  жаратылысына 

құл шылық ету арқылы жаратылғандарға құл 

болу дан азат етілуде. Осылайша имандылар 

ғана барлық жұмыс бастылардың басқа жақ-

тан іздеп таппай жүрген бақытына қол жет-

кізуші.


Алла – тағала бізді не үшін жаратқанын 

Құранда  былай  хабарлайды.  «Жындар  мен 

адам дар тек қана құлшылық қылулары үшін 

жа ратылған» (Зәрият).

Құлшылық  қартайғанда  қылынатын 

қарекет  емес.  Жастық  шақта  бойда  күш 

буырқанып  тұрғанда  сол  күшті  күнәға 

жұмсамай тежеп, жақсы амалдарды атқаруға 

жұмсау.  Шариғатта  бәлиғат  жасы  деген 

түсінік бар: яғни 12 -15 жас аралығы. Міне, 

осы  жастан  бастап  екі  жақтағы  періште 

адамның  әр  әрекеті  мен  сөзін  жаза  бастай­

ды. Құлшылықтар да осы жастан бастап па­

рыз болады. Олай болса, «маған намаз оқуға 

әлі  ерте,  зейнеткерлікке  шығайын»  деуіміз 

ыңғайсыздау.

Ал кім Аллаға құл болудан арланса неме­

се тәкаппар болса: «Кім оған құлшылықтан 

арланып дандайсыса, сонда оларды тұтас өз 

тарапына жинайды» (Ниса) 172.

Еліміздің әр азаматы иманды болса: арман 

бар  ма?  Қоғам  имандылыққа  қол  жеткізсе 

жал  қаулық,  нашақорлық,  зинақорлық  сияқ-

ты қорлықтардан оңай құтылар едік, алайда 

бүгінгі қоғамда бәрі басқаша.

Өмірде  мәңгі  жасайтын  ешкім  жоқ. 

Иман ға қарағанда ақша мен дүниені, сауық 

- сай ран мен қызық қууды артық көргендер 

ақырет те қойылатын сұрақтарға жауап бере 

алмай кібіртіктеп қана қоймай, қабір азабы 

мен тозақ отына душар болары хақ. Өйткені, 

Алла - тағала бізді өзіне құлшылық етуіміз 

үшін осы сынақ өмірге жіберді. Тіршіліктің 

түбі  өліммен  аяқталмасы  аян.  Адам  мәңгі 

өмір  үшін  жаралған.  Біреулер  бұл  дүниеде 

қиындыққа  шыдап,  мәңгі  өмірдің  рахатына 

бөленсе, енді біреулер алдамшы да өткінші 

өмірдің  қызықтарына  қызығып,  мәңгі  жан­

наттан құр қалып азапқа сай болады.

Ендеше нағыз  бақыт иманда екенін  есте 

ұстайық, ағайын!

Имандылық тәрбие – ұлттық рухтың не-

гізі,  дем  беруші  күші  екендігін  естен  шы-

ғар масақ қана ісіміз ілгері басады. Біліміміз 

бен  білігіміз  бабадан  бізге  жеткен  имани 

негіздегі  қазақы  тәрбиемен  қабыспаса,  қа-

тар  дамымаса,  қанатсыз  құстың  күйін  ке-

ше рі  күмәнсіз.  Жахандану  уақытында  тәр-

бие  беру,  имандылық  пен  ұлттық  негізде 

жүйе леуді  қажет  ете  бастады.  Сондықтан, 

дәс түрлі  ислами  ілім  мен  ұлттық  сипаты­


67

ҰЛТТЫҚ ДІН

мызды  жастар  бойына  сіңіре  алсақ,  оның 

қоғамға  әкелер  пайдасы  көп.  Мәселен,  1) 

бүгінде  интернет  пен  жоғарғы  технология­

лар ғасырында, ақпараттар тасқындаған за­

манда,  жастарымыздың  таза  ислами  білімі 

болса,  сырттан  келген  ақпараттарды  «ішкі 

сүзгіден» өткізе алар еді; 2) дене тазалығы 

мен жан тазалығын сақтап, түрлі індеттерден 

өзімізді  қорғай  алар  едік;  3)  жетім-жесір, 

қараусыз қарт мәселелері кеміп, ел берекесі 

артады;  4)  ислами  тәрбие  алған  жас  ұрпақ 

сыбайластық, жемқорлық сияқты қоғамдық 

дерттерден өзін аулақ ұстар еді; 5) қоғамға 

өзін қажетсіз сезіну секілді кеселдерден бо­

латын  суицидтен  арылар  едік.  Міне,  осын­

дай құнды қасиеттерді ертеңгі ел иелерінің 

бойына  қалыптастыру  мәселесі  жастардың 

білім  аясын  кеңіту,  имандылық  қуаты  мен 

ұлттық  қорғаныш  қабатын  қалыптастыру 

арқылы ғана шешіледі. Нақтылап айтқанда, 

ұлттық  салт-дәстүр  мен  ата  дініміз  Ислам 

–  тамырлы  тәрбие  сабақтарын,  халықтық 

қасиеттерді  насиқаттаудың  алтын  арқауы, 

бағыт-бағдар  алар  айнымас  темірқазығы. 

Қазақтың  тегінен  дарыған,  табиғатына  тән, 

қанында  бар  қасиетіне  салқындық  таны­

ту  –  ұлттық  болмысымызға  үлкен  қиянат. 

Өкінішке  қарай,  бүгінгі  таңда  кейбір  жа­

старымыз  тура  жолда  қалыптасқан  ұлт­

тық  құндылықтарымызды  жоққа  шығарып, 

Ислам  діні  деп  басқа  елдің  дәстүрі  мен 

құндылықтарын  насихаттап  жүрген  жайы 

бар.  Бұл  мәселені  діни  сауатсыздық  деп 

жас тарға кінә арта салуға да болмайды. Ең 

бірінші ден, сол жастарға тәрбие беретін ата-

анасы мен ұстаздарын діни сауатсыздықтан 

арылтып,  қоғамда  жастардың  таза  исла­

ми  талдау  жасай  алатындай  иммунитетін 

қалыптастыру  бүгінгі  күннің  кезек  күт-

тір мейтін  мәселесі  екенін  түсінуіміз  ке­

рек.  Мұның  барлығы  оңай  бітетін  іс  емес. 

Адам  тәрбиелеу,  өзі  туған  ұлы  мен  қызын 

тәрбиелеу - мұсылманның ең бірінші аса ма-

ңыз ды міндеті.

Бүгінгі күні еліміз екі жолдың айрығында 

тұрғандай.  Біріншісі  –  жас  буын  санасына 

құндылықтар  рухын  сіңіріп,  ар-ожданын 

кемелдендіру  болса,  екінші  –  төзімді  тәр-

бие дегі  қазақы  құндылығымыздың  өзегіне 

құрт түсіріп, болмысымызды кедейлендіріп, 

абыройымызды аласартып ұрпақ тәрбиесіне 

сал ғырттық  таныту.  Олай  болса,  ұлттық 

мі нез,  ұлттық  жігер,  ұлттық  сана  –  сезім 

қалыптастыру  жолындағы  жауапкершілікті 

сезініп,  ел  болашағының  жарқын  болуы 

үшін  айқын  қадамдар  керек  екені  анық. 

Ұлт  мүддесін  алға  тартқан  мәдениет,  өнер 

қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бас­

шылардан  бастап,  ауыл  имамдарына  дейін 

ұлттық  тәрбие  мәселелерімен  айналысып, 

халықтың  рухани  өмірін  жандандыруға  өз 

үлестерін  қосулары  керек.  Пайғамбарымыз 

Мұхаммед  Мұстафаның  с.ғ.с.  «Сіздердің 

әрқайсыңыз  бақташысыздар,  барлығыңыз 

да қол астындағыларға жауап бересіздер», - 

деген өсиетін негізге алатын болсақ, ұлттың 

болашағы  үшін  әрқайсымыз  жауаптымыз 

[3].

Осы  жерде  салт-дәстүріміз  бен  ұлттық 



өнерімізді  менсінбейтін,  ана  тілінен  безген 

мәңгүрттер ойға оралып, халқымыздың ру ха-

ни жебеушісі Ахмет Иассауидің «Менің асыл 

хикметімді  жаны  ауырмасқа  айтпағын,  баға 

жетпес  інжуімді  құнын  білмеске  сатпағын» 

деген  сөздері  еріксіз  еске  келеді.  «Құйрығы 

жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер» - де­

гендей, алдында үлгі болар үлкені жоқ, өнеге 

етер үрдісі жоқ, қаны қазақ болғанымен, тілі, 

діні  жатқа  айналған  кейбір  замандастарым­

ды  көргенде  көңілге  кірбің  ұялап,  бойымды 

оларға деген бір аяныш сезім пайда болады.

Сөз  бен  істің  сәйкессіздігі  -  азғындаудың 

бас ты белгісі екен. Мұндай адамдарға жү ре-

гің нің  түбінде  ешқандай  аяншы  сезімі  оян­

байды.


Қоғамымыздың  әр  мүшесін,  әр  мұсыл-

ман ды  тозаққа  тартып  тұратын  нәпсіге  еріп 

кету ден  бой  тарта  білу  керек.  Сондықтан, 

өзі нің нәпсісіне қарсы, биік адамгершілік мұ-

рат тарға ұмтылу, ізгі істер жасау, жамандық 

атау лыдан бас тартып, шын мұсылманға тән 

па рызы болуға тиіс.

Қазіргі  кезде  адамға  өз  бойындағы 

кемшіліктерді танып-біліп, дін жолына таза 


68

түсу  арқылы  осындай  жаман  әдеттерден 

ары лу дың қаншалықты маңызды екенін сон­

да ғана түсінгендей болдым.

Ал  қазір  қала,  ауылдағы  әйелдердің  ер 

адамның киімін түгел киіп алды. Одан қала 

берді, кіндігін ашып сала берді. Әйел адам-

ның  үстіндегі  киімі  тәні  көбірек  көрінген 

сайын ол уақыт лебіне үн қосқандай болып 

санала ма, әлде әдемірек көрінетін болған ба, 

әйтеуір, осындай бір үрдіс белең алып тұр. 

Кейінгіге үлгі болар кексе әйелдердің басына 

кигені қазан, табақ, тарелке тектес шетелдік 

бас  киім.  Өз  дініміздегі  мұсылмандық  бас 

киімі орамалды әйел көзден ғайып болып ба-

ра  ды. Өзінің салтын білмеген, өзгенің сал тын 

қайдан біледі. Өзін сыйлата алмаған, өзгені 

сыйлап  қаны-қарық  қыла  қоймас.  Өзімізді 

дұрыс тани білу үшін біз кімнен үлгі-өнеге 

аламыз.  Әр  адам  өз  бойында  адамгершілік 

қасиеттерді  қалыптастыруға,  дінге  шын 

берілу арқылы ізгілікті мұрат тұтуға осыны 

ұдайы сезініп жүруге ұмтылу керек.

Адамдарға Ислам діні өз денесін әр түрлі 

сырқаттар  мен  жарақаттардан  сақтау,  және 

рухани  жағынан  жетілуге  көмектеседі.  Сау 

адам  болу  үшін  тек  денесінің  сау  болуы, 

әр  нәрседен  аман  болуы  өте  қажет.  Пай-

ғам барымыз  Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с) 

бір  хадисінде:  «Аллаһ  сендердің  сыртқы 

түрлеріңе  қарамайды,  сендердің  іштеріңе, 

жүректеріңе  қарайды»,-  деген  еді.  Де­

мек,  ішкі  рухтың  кінәратсыз  тазалығы  Ис­

лам  діні  үшін  аса  қажет.  Адамның  өзінің 

алдындағы ең үлкен борыштарының бірі бо­

лып есептелетін нәрсе, сол-рухани жағынан 

жетілуге  ұмтылу,  бұзық  әрі  жарамсыз 

пікірлерден өзін тазалау, басқалар жайында 

жаман пікір айтуға өзін тию.

Ислам  діні  біздегі,  бойымыздағы  ауру­

ды  екіге  бөледі:  бірі-заттық  денелік  кесел 

болса,  екіншісі,  рухани  кесел.  Денелік  ке-

сел  адамның  түрінен,  бойынан  көрініп  тұ-

ра ды.  Бойымызды  түрлі  денелік  кеселдер-

ден 

сақтау-өзіміздің 



алдымыздағы 

бо рыш тарымыздың бірі.

Рухани кесел денеден көрініп тұрмайды. 

Ғайбат,  жалғандық,  жала,  алаяқтық,  өтірік-

ші лдік,  сараңдық  және  жалқаулық  сияқты 

кеселден де сақтану керек.

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с):  «Екі  күнін 

бірдей бос өткізген адам зиян табады», -деп 

айтқанды. Таза мұсылман адам өз келешегі 

үшін әрекет етуші және үнемі өзін жетілдіру 

үстіндегі  адамдар.  Көп  оқыған,  көбірек 

еңбек еткен, әрі көбірек ізденген адам өзіне, 

халқына және дініне пайдалы болмақ. Өзінің 

борышын  жақсы  түсінген  адам  сол-өзін 

жақсы тәрбиелеген адам.

Көшеде  өтіп  бара  жатқан  сұлу  әйелден 

көзімізді  тайдырып  әкетудің  өзі  иманы­

мызды  нығайта  түседі,  сөйтіп  мәңгілік 

құндылықтарды  қадірлей  білуге  жетелейді. 

Ер  мен  әйел  өзіндік  құндылықтарын,  ар-

намысын  өзгеге  таптатпай,  өздерін  сыйла­

та  білсе,  заманымыз  азбайды  да  тозбайды. 

Өзге  дін  табалдырығымыздан  аттауға  да 

қаймығады.

«Үй иесі нашар болса, қонағы билер» - де­

ген сөз осыдан шықса керек. Әйеліміз ер на­

мысын  ойрандады.  Еріміз  намысын  қолдан 

беріп жаутаңдады. Сонда бұл Аллаһқа қарсы 

шыққан  емес  пе.  Әйелдер-ау,  қалай  киініп, 

қалай билесеңдер де, ер адамның табанынан 

биікке көтеріле алмайсың.

Өмір  өзегі  әйелдер-ау  сіздерден  ба­

стау  алады.  Сондықтан  сіздерге  артылар 

ұрпақ  тәрбиесіндегі  үлкен  жауапкершілік 

жүктеледі. Ол үшін сіз: иманды да саналы, 

мейірімді  де  парасатты,  білімді  де  талап­

ты,  кішіпейілді  де  қарапайым,  ажарлы  да 

сымбатты,  ұқыпты  да  ынсапты,  ақылды  да 

ардақты, өнерлі де өмірлі, адал да шыншыл, 

ел дәстүрін сақтайтын, намысты өзгеге сат­

пайтын текті де киелі қара шаңырақ ордасын 

биіктерден  көрсетуге,  ұл-қыз  тәрбиелеуде 

алатын  орныңыздың  ерекше  екендігін 

білуіңіз шарт.

Иман-сенім  деген  ұғымды  білдіреді. 

Дінге  сенуге  байланысты  бұл  ұғым  халық 

арасында  адамгершіліктің  мәнін  беретін 

ұғыммен  ұштасып,  әлеуметтік  әдептілікті 

көрсететін мәнге ие болды. Ақ ниетті, адал 

жүректі,  көпшіл  адамды-иманды  адам 

дейміз.  Иманды  адам-айналасындағыларға 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ


69

ҰЛТТЫҚ ДІН

және  бүкіл  адамзатқа  тек  жақсылық  ой-

лай ды,  оларға  мейір-шапағатын  төгіп,  жа-

на шырлық  қамқорлық  жасауға  әзір  тұ ра-

ды,  әркімге  әдеппен,  ізетпен,  инабатпен 

қарайды.  Иманды  адамды  бет-бейнесінен 

тану  арқылы  иманжүзді  адам  дейді.  Иман­

ды  адамның  әділетті,  шыншыл  болатыны, 

қонақжайлылығы, кең пейілділігі, жомарт ты-

ғы, дос көңілділігі - имандылықтың белгісі. 

Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иман­

ды адам болу - кісілік борыш. Иманы кәміл 

адам  мейірімді  болады.  Мейірімділік-адам 

бойындағы  қасиетті  сезім.  Ата  мейірімі, 

әке  мейірімі,  ана  мейірімі,  отбасындағы 

адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты 

-  әсем  құбылыс,  түйсікті  баурап  алатын 

түсінік,  ұлағатты  ұғым,  адамгершіліктің 

асқар  шыңы.  Мейірімді  адамның  мерейі 

үстем  болу  үшін  ол  ойлаған  жақсылық 

жақсы  көрген  адамдарының  жан  саулығы 

мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс.

Рухын, көңілін дүние және ахиретке пай­

далы болатын әр түрлі біліммен қамтамассыз 

етеді. Сөйтіп, өзін өтіріктен, мақтаннан және 

білімсіздіктен қорғайды.

Жаратылысты  да  Алланың  жаратқаны 

деп, шынайы жақсы көреді.

Ұлы Тәңірдің бүкіл адам баласының тең 

құқықты жаратқанын біледі. Сондықтан өзін 

басқалардан  жоғары  көріп,  дандайсымай­

ды.  Ал,  сондай-ақ,  өзін  басқалардан  төмен 

санап,  ешкімге  бас  имейді.  Алладан  басқа 

ешкімге құл болмайды.

Жаратқанға  және  жаратылыстарға  деген 

міндетін толық орындайды.

Сөйтіп,  адамға  адамшылыққа  жараса­

тын  бүкіл  жақсы  мінездерге  ие  болып,  әр 

адам баласы үшін пайдалы болып, әрі толық 

мүмкін болады.

Адамтану.  Бұл  жатқан  ұшы  қиыры  жоқ 

ғылым.  Бүкіл  тұла  бойың  санаңа  қатысты 

сөйлеген сөз, істеген іс, жақсы мен жаманға, 

ащы  мен  тұщыға,  айнала  қоршаған  ортаға, 

маңайыңдағы  адам  жанының  құбылыс,  қи-

мы лына сенің адамдық көзқарасың. 

Әр  адамның  жаратылысында  жарату­

шы алла берген қайрат, қуат, ақыл, парасат 

қылығы  бар.  Ол  сонысымен  ерекшеленіп, 

өз гешеленеді.  Абай  «жанның  жарығын 

бәріміз ге  де  бірдей  ұғарлық  қылып  беріп 

пе?» деп сұрақ қояды. Сөйтіп соған «Адам 

алдын артын, осы күнін үшеуінде тегіс ой­

лап  тексереді.  Хайуан  артын,  осы  күнінде 

бұлдыр  біледі,  алдыңғы  жағын  тегіс  тек­

сермекке  тіпті  жоқ...»  -  деп  сабақтап  ой 

өрбітеді.  Осыдан  адам  өзінің  адамдық  ба­

сын алып жүруді, адамтанудың пәлсапалық 

пайымдауы етіп сызады. Абайдың әр өлеңі, 

қарасөздері адамтану. Ал осындай адамтану 

әр адамның өзінен басталатынын, алдымен 

өзіне қарауды ұсынады.

Адамдықтың  жолында  адамды  масқара-

лау  пасықтық  үлкен  күнә.  Адамды  адам 

мас  қаралап  тұрған  жоқ,  адам  атты  өзінде 

кем сі тіп  тұрғанына  ойлануы  керек.  Арис-

тотел  «Адам  өз  кемшіліктерін  айыптау­

шы  ал  басқалардың  кемшіліктері  туралы 

сөз  қозғағанда  олардың  қорғаушысы  бо­

луы  тиіс»  деп  ой  түйеді.  Кемел  адам  ақыл 

есі  дұрыстығы,  нағыз  адамгершілік  ізгілікті 

білімдарлық  мәдениетті  болып  көрінеді. 

Адамның нәпсі тежеуі адамдық, ар, ұят есім 

түйсігіне әсердің өзі, адам бойындағы қадір 

қасиет сапасы екені де анық.

Халықта  «жақсымен  жолдас  болсаң,  аз 

ақылың көбейеді, жаманмен жолдас болсаң, 

көп ақылың азаяды» дәл осындай «Кісі болар 

кісінің, кісіменен ісі бар. Кісі болмас кісінің, 

кісіменен  несі  бар»  дегенде  адам  адамды 

толықтырып  отыратын  әсерлік  ықпалы  бар 

қасиетін  меңзейді.  Адамды  адам,  аздыра­

ды,  тоздырады  деген  ұғым  береді.  Ал  тал-

дасаң,  жан  жақты  ғылым.  Құдайға  шүкір 

оқыған,  тоқығанны  сөйлеген  сөзі,  мықты 

ғалымдығы басым қазақ жетіп асады. Алай­

да,  адамдықтың  белгісін  өзімізден  әлі  көп 

іздеу керек болып тұрғаны да, бүгінгі қазақы 

көрінісімізден байқалады.

Қорыта айтқанда, адам болып келген соң, 

дүниеге  тап-таза  бір  рухпен  келген  адам 

баласы  өзіндегі  қабілетті  иман  нұрымен 

нығайтып, дүниедегі адамгершілік міндетін 

толық  атқарғандықтан  көңілі  жай  тауып, 

Аллаға қауышады.


70

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Өмір тәжірибемнен алынған, көкірегімнен 

шыққан ой-тұжырымдарымнан.

Автор: Қаражанова Клара Әзіржанқызы

1. Надан болма, адам бол!

Надандық қажытады,

Адамдық дамытады.

2. Наданмен жақын болсаң, жер боларсың,

Жақсымен жақын болсаң, нұр боларсың.

3.  Өмірдің  мәні  -  жаман-жақсыны  айыра 

білген.

4. Бақыт, байлық не керек,



Өзіңде ынсап болмаса.

5. Наданның хайуандық пиғылын көргенде, 

өзімді одан жоғары екендігімді байқадым.

6. Надан адам - жаман адам. Өйткені, өзін 

адам қатарына қосуға талпынбайды.

7.  Адам  болып  келген  соң,  адамдық 

қалпыңды сақтауға тырыс.

8.  Сапарларда  көп  болған,  көп  жүрген, 

халықпен тікелей қарым-қатынаста болған 

адам  өмірден  түрлі  сабақтар  алады. 

Өйткені, адамдардың әр түрлі жаманын көріп 

налиды. Жақсысын көріп үлгі алады.

9. Ақ пен қара жуыспайды,

Жақсы-жаман адам сиыспайды.

10. Надан өз қамын ойлар, Адал адам көп 

қамын ойлар.

11. Ақыл санасызға бітпейді,

Санасыз діттегенге жетпейді.

12.  Әр  адам,  адамдарға  жақсылықпен  іс 

қылса, сол ісі арқылы өзі ләззат алса, нағыз 

шынайы қуаныш иесі.

13. Ақша наданды көкірегін көкке өрлетеді,

Саналыны ісімен өрнектетеді.

14.  Менің  байлығым  қиялымдағы  ой-

санам,

Санаммен жерді қазып, жеміс алып ойла­



намын.

15.  Ізгі  ақ  ниетті  адамдармен  сұх бат-

тасқанда, көңіл көк жиегім масаттанады да 

қиялыма шабыт бітеді.

16. Бір адамның бойында түрлі қасиеттер 

бар.  Барлық  іске  қабілетті,  өзін  де,  өзгені 

де  қатты  сыйлайды.  Өзін  өзгелерге  талан­

тымен  табындыра  алады.  Бірақ,  бірдеңе 

жетіспейтіндей  өзіне  қанағаттанбайды. 

Оның  сырын  таба  алмай  өмірі  ізденумен 

өтеді.

17.  Өмірін  ісімен  өрнектеген  адамды 



қатты сыйлай отырып табынамын.

18. Ұрпағын дұрыс адам қылуға тәрбиелей 

алмаса, ол адамды тумаған артық. Жер бетін 

хайуан жайласа сонда болашақ не болмақ.

19. Жақсы тәрбие және кері тартпа кереғар 

тәрбие  баланы  есалаң  қылады.  Бәрібір 

кереғар өзіне тарпай қоймайды.

20. Қыңыр мінез қынжылтады. Ісіңді алға 

бастыртпай етегіңнен тартады.

Қиналғаннан не пайда, өміріңді сорлата­

ды.

21. Наданның ойы біреуге ор қазу,



Білмейді ол орға өзінің түсерін.

22. Біреуден бірдеңе сұрама,

Біреу сенен сұрасын.

23. Өзгеге сенбе, өзіңе сен.

24. Өзіңді тану, өзгені тану.

25.  Сәби  періштені  бастан  қақпа,  бағын 

тайдырасың,

Кісіден кір іздегенше, өзіңнен мін ізде.

26.  «Ісің  түзу  болса,  құдайдың  көзі  түзу 

болады»


27.  «Адамның  қандай  екенін,  сөйлеген 

сөзімен ісінен аңғаруға болады.». 



Бұл – менің өмір тәжірибемнің көрінісі, 

осыны өзгелерге үлгі ретінде ұсынамын.

Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Білім каналы, Ел арна, Детский дом, Сара Алпысқызы Бӛбек туралы
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> Ф ҚазҰпу 604-01-15. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары. Бірінші басылым

жүктеу 1.11 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет