Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 1.11 Mb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата28.02.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мамандық таңдалу

Мамандық бағасы          грант мүмкіндігіне қарай         Ата-ананың мамандығын таңдау

Жоғарыдағы  келтірілген  факторлардың 

әсері нен  жасөспірімдердің  білімге  деген 

құштарлығы төмен, үйренуге қызығу шы лы-

ғы жоқ болғандықтан, өмірлік мақсат қоюға 

тал пынбайды. 

Соңғы кездері, студенттерді ілімге қызық -

тыру,  ынталандыру  жұмыстары  алға  іл гері -

леп  келеді.  Әйтседе,  мамандықты  қабілеті 

мен  қалауы  бойынша  таңдау  сияқты  түпкі 

мәселені  шешпей  оқуға  ынталандыру  әдіс-

терін  қолдану  қиынға  соғады.  Сол  себеп­

тен,  жастардың  мамандықты  дұрыс  бағытта 

таңдау мәселесін шешу мақсатында бірнеше 

жолдарын  ұсынамыз.  Біріншіден,  ата-ана  өз 

баласының  неге  қабілетті,  қандай  бағытқа 

қызығатынын байқап, уақыт өте келе сұрап, 

ойымен бөлісіп отыруы керек. 

Екіншіден,  мектепте  мамандыққа  бағыт 

бағ  дар беру жұмыстары қарқынды жүргізілуі 

тиіс.  Атап  айтқанда,  5  сыныптан  бастап  11 

сыныпқа дейін қосымша сабақ ретінде апта­

сына  2  сабақтан  әлемдегі  мамандықтар  ту­

ралы курс өткізілсе деген ұсыныс. Өйткені, 

статистика көрсеткіші бойынша әлемде 500 

мыңға  жуық  мамандық  бар  екен  және  жыл 

сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып 

отырады.  Сол  мамандықтардың  кәсіби 

өмірлік бағытты жобалау туралы толық, са­

ла-саласымен  маңызды  мағлұматтар  беру 

үшін  біршама  уақытты  талап  еткендіктен 

5  сыныптан  бастап  оқытылуы  тиіс.  Заман 

талабына  сай  бұл  курста  мамандықтарды 

тануға қызықтыру үшін, әрбір мамандықтың 

қазіргі  қоғамдағы  мүмкіндіктері,  жетіс-

тік тері,  табысқа  қалай  жету  керек,  сол  ма-

ман дықтың  шешілмеген  түйіні  неде,  қай 

бағыт та  және  қай  деңгейде  дамыған  деген 

сұрақтарға  жауап  беретін  мазмұнда  бол-



55

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

уы  керек.  Қабілеттілікті  анықтайтын  пси-

хо логиялық  тесттер  беріліп,  анықтауға 

бо лады.  Сонымен  қатар,  мамандық  таң-

дау  ережелері  туралы  ғалымдардың  ең бе-

гі не  бағдар  беруі  тиіс.  Мысалға,  ма ман дық 

таңдауда  оқушылар  белгілі  жазушы,  ға -

лым Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйе  сі 

және өнер таңдау» еңбегінен де жақ сы ақыл 

кеңестер  алуға  болатынын  ха бар лау.  Автор 

«Мамандықтың  жа ма ны  жоқ,  бірақ  мұнын 

кез  келгеніне  икем ді лік  қажет,  бұл  жай 

күнелту,  тамақ  асырау дың  ғана  жолы  емес, 

үлкен  өнерді,  зор  шебер лікті  қажет  ететін 

нәрсе» дейді. Ал,  бас қа әлем ғалымдарының 

тұлғаның  ма ман     дық   таңдау   мен    мамандыққа 

бағ    дар  лануы 

туралы 


В.Д.Шадриков, 

Т.В.Кудрявцев,  К.А.Абульханова-Славская, 

Ю.П.Поваренокв, Е.А.Климов еңбектерінде 

қарас тырылғандығы  туралы  мәлім  ету 

[7,8].

Қорытындылай  келе,  қазіргі  елімізде 



орын алып жүрген дәстүрлі факторлар бой-

ын ша  жасөспірімдердің  мамандық  таңдау 

ойын  өзгертіп,  өз  жүрек  қалауымен  және 

қабі летіне қарай саналы түрде өзінің өмірлік 

бағытын таңдауға қалыптастыруымыз керек. 

Бұл  келешек  еліміздің  көркейіп  дамуының 

бірде бір кілті болып саналады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Макаренко А.С. Выбор профессии. Соч. т. 5. – М. 1958, С. - 394.

2 Скаткин М.Н., Костяшкин Э.Г. Трудовое воспитание и профориентация школьников. – 

М.: Просвещение, 1984. –191 с.

3 Захаров Н.Н. Профессиональная ориентация школьников. – М.: Просвещение, 1988. - 

272с.


4 http://old.liter.kz/articles/view/27015

5 http://www.grandars.ru/college/biznes/vybor-professii.html

6 www.bnews.kz – статистика

7 Климов Е.А. Введение в психологию труда. – М.: Культура и спорт: ЮНИНТИ, 1998.

8 Климов Е.А. Психология проффесонала. – М.: Воронеж, 1996.

9 Ұлттық тәрбие: Таңдамалы лекциялар курсы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. 

- 276 бет.


56

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Халқымыздың  тарихи  –  мәдени  мұра-

ларының түрлері сан алуан. Солардың қай-

қай сысы да адамға, соның игілігіне қызмет 

етуге бағытталған. Осындай аса құнды мә де-

ни игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгін-

де ойынды адам баласы жасаған жеті кере-

меттің қатарына сегізінші етіп осы ойын ның 

аталып жүруі де жайдан-жай емес. Бұр ын ел 

қорғаушы  батыр,  жауынгер,  халық  қай рат-

кер лері,  ойын  үстінде  көрінеді.  Сол  ойын 

арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи 

да рын ын  шыңдай  түседі.  Ұлт  ойындары 

осылай ша  атадан-балаға,  үлкеннен-кішіге 

мұра  болып  жалғасып  отырған.  Ойын  тек 

адам ның  дене  күш-қуатын  молайтып,  оны 

шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. тәрбиелеп қана 

қоймай,  адамның  ақыл-ойының  толысуы­

на, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. 

Манашыұлы  Тұяқпай  жырында:  «Балалар­

мен  ойнайды,  ойнап  жүріп  ол  бала  кеуде­

ге  ақыл  ойлайды»  -  деп  түйіндейді.  Бұдан 

көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек 

үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері 

әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз 

ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін 

пайдаланатын  іс-әрекет  қызметін  атқарған. 

Ұлттық  ойындар  бала  тәрбиесінде  негізгі 

екі  жауапты  қызмет  атқарады:  біріншіден, 

жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған 

кезде  дене  дамуы  жақсарса,  екіншіден,  ұлт 

ӘОЖ 37.018.11.- 055.25



Г.М. Әбжан 

Абай атындағы ҚазҰПУ

«Мәңгілік ел және өзін-өзі тану» кафедрасының оқытушысы, филология  магистрі

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ

Мақалада  автор  қазақ  халқының  ұлттық  ойындарын  құнды  мәдени  игілік  ретінде 

қарастырады. Ұрпақ тәрбиесінде ұлт ойындарының маңызы қарастырыла отырып, ғылыми 

тұрғыдан ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетінің әлеуметтік жақтарын 

айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін етінін анықтайды. Қазақ 

халқы  қазынаға  бай  халық  болғандықтан,  ұлттық  ойындардың  бала  тәрбиесінде  тәлім-

тәрбиелік орны ерекше.

Түйін сөздер: ұлттық ойындар, ұлттық ойын-сауық, ата – бабамыз, тәрбиелеу, ұрпақ 

тәрбиесі.

Данная статья посвящена казахским национальным играм которые являются культурным 

наследием народа. Рассматриваются вопросы национальных игр в воспитание подростаю­

щегося покаления, научное формирование и развитие теории игры. Определить социальные 

стороны игровой деятельности а также его роль в развитии воображения и мышления ре­

бенка.


Ключевые  слова:  национальные  игры,  воображение,  воспитание,  предки,  развитие, 

формирование. 

This article is sanctified to the Kazakh national games that are cultural heritage of people. The 

questions  of  the  national  playing  are  examined  education  of  growing  up  generation,  scientific 

forming and development of theory of game. To define social parties of playing activity and also 

his role in development of imagination and thinking of child.

Keywords: national games, imagination, education, ancestors, development, forming.


57

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

ойын дарының мазмұнын, ойлау тәртібін тү-

сін дірген  кезде  ұлттық  әдет-ғұрпымыздан, 

өт кен  өмірімізден  хабар  береді.  Тәрбие 

жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал 

тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық 

сана  сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі 

биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, 

еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиет-

тер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 

Ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір 

сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктері 

ашылады:

1.Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қа-

лып тасуына мүмкіндік туғызады 

2.Ұлттық ойын баланы тек денесін шира­

тып, денсаулықтарын жақсартып қоймайды, 

соны мен  қатар  пәндерден  алған  білімдерін 

толық тырады. 

3.Ойын  арқылы  баланың  ойлау  қабілеті 

да миды. 

4.Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үй-

ре теді, т.б.

Зигмунд Фрейд балалармен өте аз жұ мыс 

жасаса  да,  бала  ойынның  мәнін  айқын  тү-

сінеді. Ол былай деп жазды: «Біз бала басы-

нан  елестің  алғашқы  белгілерін  іздеуіміз 

ке рек». Баланың ең сүйікті және тартымды 

іс-әрекеті – ойын. Ойын үстінде бала жазу-

шы ға ұқсас келеді: ол өзінің жеке жұмысын 

жа сайды, келмесе жұмысын өзіне қалай ұна-

са, солай етіп құрады. Ол өз әлемін шын етіп 

қабыл дамайды десек, қателескен болар едік. 

Кер сінше,  ол  ойынға  шын  беріледі  және 

барлық эмоциясын салады».

Фрейдтің тұжырымы бойынша, бала үшін 

ойын ешкім үйрете алмайтын нәрсеге үйрету 

әдісі  болып  табылады.  Бұл  шын  өмірдегі; 

кеңістік  пен  уақыттағы;  заттардағы,  жа­

нуар  құрылымындағы  және  адамдардағы 

зерттеу  және  ориентациялау  әдісі.  Ойын 

процесіне  араласа  отырып  балалар  біздің 

символикалық әлемде өмір сүруге үйренеді.

Уолтман былай деп жазады: «Баланың өзі-

нен туындайтын іс-әрекет өз тәрбиесін және 

соған байланысты сезімін» құруға мүмкіндік 

береді.  Ойын  сонымен  бірге  балаға  өзіне 

жағымсыз  жағдайларға  жауап  қайтаруға 

мүмкіндік  береді.  Кішкентай  балаға  семан-

тикалық жылдамдық жетіспейді, онда түсіну 

қабілеті енді ғана қалыптасып келеді.

«Ойын»  сөзі  мағынасының  түп-төркіні 

қуаныш,  әзілге  сәйкес  келеді.  Мысалы, 

Ежелгі  Рим  халықтарында  «ойын»  сөзінің 

ма ғынасы  қуаныш,  мереке  сөздерінің  ма-

ғы насымен  ұштасып  жатыр,  еврей  тілінде 

әзіл  мен  күлкіні  білдіреді,  ал  қазақ  тілінде 

жас баланың іс-әрекетін, ересектер ара сын-

дағы  әзілді,  қалжыңды  меңзейді.  Бұл  қа зақ 

халқының  мақал-мәтелдерінде  анық  бай қа-

ла ды.  Мысалы,  «Асық  ойнаған  –  азар,  доп 

ойна ған – тозар, кітап оқыған – озар» нақыл 

сөзінде  ойын  сөзі  балалардың  іс-әрекетін 

білдіреді.  Өте  ертедегі  тұжырымда  ойын 

адамдардың бос уақытына байланысты пай­

да  болды  деген  пікір  бар.  Ежелгі  уақытта 

ойынға  діни-саяси  жағынан  мән  берілді. 

Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды 

қорғайды деп ойлады. Сондықтан Ф.Шиллер 

ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы 

қыз меті деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда 

ме рекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған 

өзі  қатысқан.  Әлемдік  педагогикада  ойын 

нақты  мақсатқа  жетуге  бағытталған  және 

белгілі шарттары (ережесі) бар әрекеттерден 

тұратын,  ойынға  қатысушылар  арасындағы 

жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылды.

Ойын  әрекетінің  философиялық  негіз-

дерін  ғылыми  тұрғыдан  қарастырған  К. 

Гросс,  Г.  Спенсер,  И.  Хейзинга,  И.  Кант, 

В.  Вундт,  Ф.  Шиллер,  К.  Бюллер,  В.  Фри­

ге, Р. Вандер Коэй, В. Демин, М. Каган, К. 

Исупов, т. Б. Ғалымдар ойын теориясының 

қалыптасуы  мен  дамуын,  ойын  әрекетінің 

әлеуметтік  жақтарын  айқындап,  оның  бала 

қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін 

анықтаған .

Ойын  жөнінде  айтылған  философиялық 

көзқарастар  әлем  мәдениетімен  тығыз  бай­

ланысты. Сонау ерте замандардағы эллиндік 

және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің 

өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құ-

ра лына  жатқызып,  жауынгер  ұландарды 

дайын дау үрдісіне қосқан. Ойындар арқылы 

жас ұрпаққа соғыс өнерін үйреткен, мәдениет 


58

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардың жас-

тар ды тәрбиелеу мүмкіншіліктеріне аса зор 

мән берген. Мәселен, сол дәуірде өмір сүр-

ген  грек  ойшылдары  Гераклит  пен  Платон 

ойынның  философиялық  жақтарын  аш-

қан  және  олардың  көзқарастары  бірін-бірі 

толық тырған.  Гераклит  ойынды  шексіз 

әлем ге  теңесе,  Платон  өзінің  «Мемле­

кет»  еңбегінде  жас  өскінге  өмірлік  қажетті 

іс- әрекет терді  үйретуші  құралға,  өмірге, 

трагедияға, сезімге жалпы ғарыштық әлемге 

теңеген.

ХVІІ–ХХ  ғасырларда  ойын  әрекетін 

түсіндіруде  жаңа  көзқарастар,  пайымдау лар 

орнықты.  К.  Гросс  адамдар  мен  жануар лар-

дың ойындарын олардың бойында ген ар қылы 

қаланған инстинкттің әсері деп түсіндіре келе, 

олар келешек өмірге қажетті дағдыларды ойын 

негізінде меңгереді деп пайымдаса, Г. Спенсер 

ойын  балалардың  ағзасындағы  басты  отын 

энергияның әсері нен, күшінің тасуынан пайда 

болады деп түсін діреді.

Этнограф-ғалымдардың 

пайымдауын­

ша,  ата-бабаларымыздан  бізге  жеткен  ұлт­

тық  ойындарымыздың  тарихы  Қазақстан 

жер інде  б.з.б.  бірінші  мыңжылдықта-ақ 

қалыптасқан.  Олардың  ішінде  тоғыз  құ-

ма  лақ,  қуыршақ,  асық  ойындары,  Азия  ел-

дер інде  тайпалық  одақтар  мен  алғашқы 

мем лекеттерде кеңінен тарады. Біздің қо ға-

мыздағы  ұлттық  ойындардың  негізі,  шы ғу 

тегі  халқымыздың  көшпелі  дәстүрлі  шар-

уа шылық  қарекеттерінен  бастау  алады.  Бұ-

лардың көбісі мал шаруашылығына, аң шы-

лыққа,  жаугершілікке  негізділген.  Ахмет 

 Жүнісовтың  айтуынша,  «Өзге  халықтар 

си яқты  қазақтың  да  ертеден  қалыптасқан, 

атадан-балаға  мұра  болып  жалғасып  келе 

жатқан  ұлттық  ойын-сауық  түрлері  бар.  Зер 

салып  байқап  отырсақ,  ол  ойын-сауықтар 

қазақтың  ұлттық  ерекшелігіне,  күнделікті 

тұрмыс-тіршілігіне  тығыз  байланысты  ту ған 

екен  және  адамға  жастайынан  дене  тәр бие-

сін  беруге,  оны  батылдыққа,  ептілікке,  тап-

қырлыққа,  күштілікке,  төзімділікке  т.б.  әдемі 

адамгершілік қасиеттерге баулуға бағыт талған 

[1].

«Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кіта-



бын да  қазақтың  ұлттық  ойындарының 

мән-маңызы  туралы  былай  деп  жазылған: 

«Қа зақ  ұлты  негізінен  ұрпақ  қамын  басты 

мақсат  етіп  қойып,  балалардың  нағыз  аза­

мат болып қалыптасуына аса зор мән берген. 

Нәтижесінде  дәстүрлі  бала  тәрбиесінің  ба­

сты құралы ретінде ұлттық ойынды орайла­

стырып, дамытып отырған». 

Халқымыздың  ұлы  перзенттерінің  бірі, 

аса  көрнекті  жазушы  М.Әуезов:  «Біздің 

халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарын­

да  өздері  қызықтаған  алуан  өнері  бар  ғой. 

Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, 

жұрттың  көзін  қуантып,  көңілін  шаттан­

дыру  ғана  емес,  ойынның  өзінше  бір  ерек­

ше  мағыналары  болған»,  -  деп  тегіннен 

тегін  айтпаса  керек.  Одан  кейінгі  кезеңде 

қазақ  халқының  бай  этнографиялық  мате­

риалдарын  жинақтаған  және  оның  ішінде 

ұлт  ойынының  тәрбиелік  маңызы  тура­

лы  пікір  айтқандар  К.А.  Покровский,  А.И. 

Ивановский,  Н.И.  Гродеков,  Е.А.  Алек­

торов,  Ә.Диваев,  А.Левшин,  Н.Пантусов, 

Ф.Лазаревский,  П.П.  Пашин,  Г.С.  Запряж­

ский,  А.Шиле,  А.Харунзин,  А.Горячкин, 

П.Ходыров,  Е.Букин,  О.Әлжанов,  т.б.  бол­

ды  делінген  Е.Сағындықов  өз  еңбегінде: 

«Қазақтың  ұлт  ойындары  тақырыпқа  өте 

бай  және  әр  алуан  болады»,  -  дей  келіп, 

ұлт  ойындарын  негізінен  үш  салаға  бөліп 

топтастырған.

Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты 

еңбегінде  тарихта  алғаш  рет  қазақтың  ұлт­

тық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Қазақ  балаларының  ұлттық  ойыны­

на  тоқ талғандардың  бірі-орыс  ғалымы 

А.Алекторов.  Мәселен,  оның  «О  рождении 

и  вос питании  детей  киргизов,  правилах  и 

влас ти родителей» (Орынбор, 1891) атты ең-

бе гін атауға болады.

Е.Сағындықовтың авторлығымен жазыл-

ған  ғылыми  монография  «Ұлттық  ойын-

дар  ды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Ал ма-

ты, 1993) деп аталады [2]. Ғылыми еңбекте 

қазақ  мектептерінде  І-ҮІ  сыныптар да 

қазақ  халық  ойындарын  жекелеген  клас-



59

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

сификацияларға  топтап,  оны  сабақта  және 

сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстарында  қол-

да ну  әдістері  анықталып,  қазақ  халық  ой-

ын дарына  педагогикалық  талдау  жаса­

лып,  оқу  үрдісінде  пайдалану  қажеттілігі 

негізделген. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 

1985  жылы  жазылған  «Спорттық  ұлттық 

ойын  түрлері  және  оның  тәрбиелік  мәні» 

жинағында  ұлт  спорты  түрлері  мен  ұлттық 

спорт ойындарының балалардың күнделікті 

өміріндегі  алатын  орны,  тәрбиелік  маңызы 

және  ат  спорты  мен  ұлттық  ойындардың 

ережесі  қарастырылса,  М.Балғымбаевтың 

«Қазақтың  ұлттық  спорт  ойыны  түрлері» 

(Алматы,  1985)  атты  еңбегіндегі  ат  спор­

тына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, 

аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жа­

рыс  түрлеріне  салыстырмалы  талдау  жаса­

лады. Бала өміріндегі ұлттық және спорттық 

қимыл-қозғалыстың  және  ойынның  ала­

тын  орны,  формасы  және  мазмұны  үлкен 

адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен 

және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы 

қажеттіліктің  бір  тұсы  адамды  дағдыға 

үйрету екендігін байқаймыз.

М.Жұмабаев  ойындарды  халық  мәде-

ниеті нен  бастау  алар  қайнар  көзі,  ойлау 

қа  білетінің  өсу  қажеттілігі,  тілдің,  дене 

шынық тыру тәрбиесінің негізгі элементі деп 

тұ жырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды 

зерт теген  авторлар  қатарында  М.Тәнекеев, 

Б.Төтенаев,  М.Балғымбаев,  Ә.Бүркітбаев, 

т.б.  зерттеушілердің  есімдерін  атауға  бола­

ды.

Кеңес  Одағы  кезіндегі  ұлттық  ойындар-



дың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен 

қарастырған  ғалым  Б.Төтенаев  «Қазақтың 

ұлттық  ойындары»  (Алматы,  1994)  атты 

еңбегінде  қазақ  ойындарын  бірнеше  топқа 

бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін 

тәрбиелік  мәнін  зерделеп,  ойын  білдірген 

[3].  Қазақтардың  ойындарында  ежелгі  за-

ман нан  келе  жатқан  тастан,  ағаштан,  аң 

сүйектерінен,  кейін  металлдан  жасалынған 

құралдар  қолданатын.  Кең  дамыған  ха лық-

аралық  қарым-қатынастар  ойын-сауықтың 

жаңа түрлерін тудырған.

Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ер-

те жасынан ұлттық ойындарымен тәрбиелеу, 

қоғамдағы  қарым-қатынасқа,  қоршаған  ай-

на лаға  дұрыс  қатынасу  қалыптасуына  әсер 

етті.  Қазақтардың  өнегелік-этникалық  сұ-

ра ныстарына  сәйкес  бозбала  жасында  күн-

делікті  өмірде  тәрбиеленеді.  Қазақтардың 

салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен 

ерлер  айналысатын.  Ұлдар  ойындарында 

үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық 

әрекеттерін жасайтын, ал қыздардың ойын-

дарында тұрмыстық және отбасылық қа ты-

нас тар көрінетін.

Көшпенді  мал  шаруашылығының  өмірі 

жан  жақты  денелік  дамуды  қажет  етті. 

Сондықтан  ұлттық  ойындар  ереже  түрінде 

ойнап  тұрып  өзінің  іскерлігі  мен  күшің 

көрсетіп, өте ырықты болды. Ұлттық ойын-

дар  қоршаған  ортаға,  аңдарға  қастерлеу 

қатынасты  тәрбиелеп  көрсететін.  Халық 

шаруа шылығының бір саласы аң аулау бол-

ған дықтан,  қазақтарда  ежелден  аңдар  мен 

құстар дауыстары мен құлықтарына ұқсату 

өнері атақты болған. Аңдардың құлықтарын 

имитациялайтын ойындар әліде кездеседі. 

Қазақтың  тайпалары  өзінің  тәуелсіздігі 

үшін күресіп, көптеген соғыстарды жүргізуге 

мәжбүр  болды.  Жігіттер  өз  ойындарын­

да  шабуылшы  және  қорғаушы  аттыларға 

бөлініп,  әскери  әдістерге  ұқсатып  жасай­

тын.  Қазіргі  уақытта  қазақтардың  арасын­

да діни ойды, ырымдылықты ойындары әлі 

бар. Мысалы: “Мырш-мырш” (лақап атауы), 

“Ханды-қарабасты” (Періште хан), “Жұмақ-

тозақ”  және  т.б.  Бірақ  шыңында  бұлардың 

діни  бағыттылығы  туралы  атауымен  ғана 

айтуға  болады,  ал  бұл  ойындардың  нақты 

мазмұнның  жалпыланған  түрінде  кесірлік 

пен  жақсылықтың  арасындағы  ғасырлық 

күресін  мінездеуге  болады.  Болашақ 

елдің  алтын  діңгегіне  айналар  балаларға 

тәлім-тәрбие  беруге  үлкен  септігін  тигізер 

қазағымыздың  ұлттық  ойындарының  бай-

қал май,  аты  да  айтылмай  жүрген  ойынына 

тоқ тала кетенім артық болмас.

Ежелгі  заманнан  бізге  жеткен  көптеген 

ойындардың  өздік  мазмұны  өзгермей  сақ-


60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

талды,  бірақ  тарихи  мазмұнының  үр ді-

сін де  өзінің  атауын  өзгерткен:  «Қарагие» 

–  «Найза  лақтыру»,  «Аң  аулау»  –  «Құспен 

аулау»  (іскерлік  құстармен  аулау),  «Қақпа 

тас»  –  «Бес  тас»,  «Садақ  ату»  –  «Жамбы 

ату»(садақпен ату) және т.б.

Сонымен,  ұлттық  ойындар  ойналуы  әр 

түр лі  тарихи  кезеңдерде  халықтың  өміріне 

қатысты нақты және объективті болып келді. 

Қазақтың  ұлттық  ойындарының  мазмұны 

мен  түрлілігі  біздің  күнімізге  дейін  жетті. 

Сонымен  ұлт  ойындары  –  ата-бабамыздан 

бізге  жеткен,  өткен  мен  бүгінгіні  байланы­

стыратын  баға  жетпес  байлығымыз,  асыл 

қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күн-

делікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте 

зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін 

ашып,  оның  творчестволық  қабілетін  оя­

тып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл-

ойдың  қалыпты  дамуы  да  жоқ,  болуы  да 

мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған 

үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың ру­

хани  сезімі  жасампаз  өмірімен  ұштасып, 

өзін  қоршаған  ортаны  тану  арқылы  түсінік 

алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа 

меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға 

қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып 

нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, 

өмір тынысы.

Ұлттық  ойындармен  сусындап  өс кен  ба-

ла лар-ұлттық сананы ерте қалып тас тырады. 

Қазақтың  ұлттық  ойындары  танымал  емес 

болса  да,  танымы  мен  тағылымы  мол  ұлт­

тық ойындарды кезіктіре алуымыз тарихтың 

қойнауында  жатқан  мол  мұралардың 

сарқыншағын  қайтадан  қалпына  келтіруге 

жасалып жатқан шаралар – Ұрпақ тәрбиесіне 

бағытталған шаралардың жиынтығы болмақ. 

Балаларға арналған ұлттық ойындарды наси­

хаттау  жетіліңкіремейді.  «Ұлт  болам  десең 

бесігіңді  түзе»  дейді  дана  халқымыз.  Ұлт­

тық  ойындарды  ойнайтын  қазақстандықтар 

көбейсе нұр үстіне нұр болар еді. Топ болып 

ұлттық  ойындарды  ойнауды  балабақшадан 

бастаған орынды.

Әр  халықтың  өзге  халықтардан  ерек-

ше леніп  тұратын  өзіндік  белгісі,  қасиеті, 

сипаты  болады.  Оларға  салт-дәстүрімізді, 

өнерімізді,  мәдениет  пен  ғылым,  діни 

сенімдерді  айта  аламыз.  Салт-дәстүрмен 

етене  жақын,  түп  тамыры  –  тұрмыстық  іс-

әрекеттерден  туындаған,  өнердің  өзгеше 

«өнері» саналатын қазақтың ұлттық ойында­

ры – ұлтымызды шет елден даралап тұратын, 

қазақ елінің басты нышандарының бірі. Де­

генмен  де,  барымызды  бағаламай  жүрген 

сияқтымыз.

Ұлтымыздың  асыл  жауһарларын  сақтау, 

да мыту сіз бен біздің қолымызда!!! Ұлттық 

ойындардың  жанашырлары  ұрпағымызға 

нені  мақтанышпен  қалдыра  аламыз,  ой   ла-

найық...


Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Білім каналы, Ел арна, Детский дом, Сара Алпысқызы Бӛбек туралы
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> Ф ҚазҰпу 604-01-15. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары. Бірінші басылым

жүктеу 1.11 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет