Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 1.11 Mb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата28.02.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР

1  Омаров Е. Физика. Оқулық. - Орынбор, 1923. - 354 б. 

2  Аққошқаров Е., Ерматов С. Физика терминологиясы және аударма терминдер. 

- Алматы: Ғылым, 1974. - 150 б.

3  Әлімбекова Г.Б. «Физика» оқулығының әдістемелік ерекшеліктері және оларды 

мектепте пайдалану жолдары: п.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 1998. 

4  Әлімбекова Г.Б. Физика пәнін халықтық педагогика тағлымдарымен байланыстыра 

отырып оқыту. Оқу құралы. – Алматы: Литера, 2001. - 104 б.

5  Қайдаров Ә.Т., Өмірбеков Б., Ахтамбердиева З.Т. Сырға толы түр мен түс. 

– Алматы: Қазақстан, 1995. - 86 б.

6  Әбдіқадырова Ғ.С. Орта мектепте химияны оқытуда халықтық педагогика 

элементтерін пайдалану әдістемесі: п.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 2003.

7  Шардарбеков Д. Қазақ халқы жинақтаған практикалық білімдерді химияны оқыту 

процесінде қолдану: п.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 2004.

8  Шардарбеков Д. Халық қазынасының айнасы. Оқу құралы. – Алматы: Таймас, 2006. 

- 56 б. 


9  Нүсіпоқасұлы А., Жапарұлы Ә. Қазақ салт-дәстүрі және оның ғылыми негіздері. –

Алматы: Өнер, 2011. - 106 б.

10  Қоңқашбаев Ғ. Қазақтың халықтық географиялық терминдері: ф.ғ.к. ... дисс. –Ал­

маты, 1949.

11  Қоңқашбаев Ғ. Қазақтың географиялық атауларының сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 

1963. - 160 б.

12  Әбдрахманов Ә. Қазақ этнотопонимикасы. – Алматы: Ғылым, 1979. – 210 б.

13  Жүнісов Д. Өзен-көл атаулары. – Алматы: Қазақстан, 1991. - 128 б.

14  Нұрмағамбетұлы Ә. Жер-судың аты - тарихтың хаты. – Алматы: Балауса, 1994. - 64 

б.

15  Қожанұлы М. Атырау облысының жер-су аттары. – Астана: Атамұра, 2005. - 144б. 



16  Жүнісов Д. Сулы, нұрлы Жетісу. – Алматы: Арыс, 2006. - 232 б.

46

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

17  Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Мұғалім және ұлттық тәрбие. Оқу-әдістемелік құрал. 

- Алматы: Нұрлы әлем, 2005. - 116 б.

ӘОЖ 7.74.01.09



К.И. Құдабаева

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің доценті,

 педагогика ғылымдарының кандидаты

П.М. Айтмуханова

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 

оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ 

ДИЗАЙННАН ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫ

Мақала қазақ халқының жоғары мектепте кәсіби мамандарды дизайннан ұлттық стильдегі 

даярлау  бағыты  бойынша  жобалау  мәдениеті  –  дизайн  түрлері,  олардың  әр  қайсысының 

негізгі атқаратын қызметі және өнер түрлерімен қатар пән аралық байланысы берілген. Әр 

анықтамалардың өз алдына сипаттамасы берілген. Сонымен қатар өнер және пән аралық 

байланысы беріліп отыр. Бүгінгі таңда қолданысқа енген дизайнер шығармашылығының 

бағыттарының жобалаудағы теориялық ерекшелік түрлерімен практикалық қолданыстары 

қарастырылған.



Түйін  сөздер:  дизайын,  протодизайн,  этнодизайын,  технология,  жоспар,  мақсат, 

шығармашылық ниет, жоба, сызба, есеп, конструкция, эскиз, сурет, кесте, композиция, 

туынды, өнер, этимология.

В  данной  статье  рассматривается  преподавание  предмета  дизайна  в  высшей  школе. 

Культура проектирование культуры дизайна и их конкретное назначение, а также связь с 

искусством и межпредметная связь в дизайне. Даны некоторые определение по дизайну. 

Рассматривается  творческое  направление  сегоднешнего  дизайнера  и  его  теоретическое  и 

практическое проектирование и назначение.



Ключевые слова: дизайын, протодизайн, этнодизайын, технология, план, цель, творче-

ское направление, проект, чертеж, счет, конструкция, эскиз, рисунок, таблица, компози-

ция, произведение, искусство, этимология.

In this article, teaching of the article of design is examined at higher school. Culture planning of 

design culture and their certain setting, and also connection with an art and intersubject connection 

in  a  design.  Some  are  given  determination  on  a  design.  Creative  direction  of  сегоднешнего 

designer and his theoretical and practical planning and setting are examined.

Keywords: design, protоdesign, etnоdesign, technology, plan, aim, creative direction, project, 

draft, account, construction, sketch, picture, table, composition, work, art, etymology.


47

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Бүгінгі таңда әр мемлекеттерде ғасыр лар 

бойы  қоғамды  техникалық  эстетика  тұр ғы-

сынан дамыту жолдары алға қойылған. Тех-

ни калық  эстетика-ол,  дизайн.  Дизайнның 

негіздері  кибернетика,  бионика,  семиотика, 

эстетика-барлық  ғылым  дизайн  әлемінде 

қарастыруды  талап  етеді.  Дизайнның  прак­

тикасында  адамның  өлшемін  антропоме­

трия  көрсетеді.  Антропометрия  көбіне 

киімді көркем құрылымдауда қолданылады. 

Дизайн  туралы  белгіліден  белгісіздіктер 

өте  көп.  Дизайнер–практик  қателіктер  жа­

самау  үшін,  оған  теориялық  білім  беру  ке­

рек. Теориялық білімі жоқ адам әр қашанда 

қателеседі.  Қандай  болмасын  ғылым  прак­

тикада,  әлеуметтік  қажеттілікте  туындай­

ды.  Практика,  одан  кейін  теорияға  ауы­

сады.  Өйткені  ол  адам  іс-әрекеті.  Барлық 

іс-әрекеттің  теориясы  болуы  мүмкін,  бірақ 

ол іс-әрекеттің деңгейіне байланысты бола­

ды. Сонымен біз, дизайн міндеттерін шешу­

де,  дизайнерлік  жобалау  іс-әрекетін  терең 

талдаудан  өткізіп,  қандай  ғылыми  және 

көркемдеу құралдарымен байланысты екенін 

білуіміз керек. Жалпы дизайнның  негіздері 

пластикалық  пен  көлемді  пластикалық 

жазықтықта бейнелеумен байланысты.

Дегенмен  өнеркәсіптік  дизайнды  жол-

ға  қою  мәселесімен  көптеген  дизайнер лер 

айналысқан.  Демек  дизайнер  шығарма-

шылығының негізгі бағытына тоқталу қажет. 

Оларға  графикалық,  өнеркәсіптік,  сәу лет, 

орта  дизайны.  Бүгінгі  таңдағы  дизайн  түр-

лері;  орта  дизайны-кеңістікті  толтырып 

және безендіріп жобалауды қамтамасыз ету; 

графикалық  дизайнда-ақпаратты  безендіріп 

жобалауды  қамтамасыз  ету;  өнеркәсіптік 

дизайнда-тұрмыстық  заттар  мен  бұйымдар 

және  киім-кешекті  безендіріп  жобалауды 

қамтамасыз  ету;  арт-дизайн-эстетикалық 

тұрғыда  безендіріп  жобалауды  қамтамасыз 

ету; сәулет - жалпы түрлі қоғамдық тұрғын 

орта ны  безендіріп  жобалауды  қамтамасыз 

ету; ландшафты-ауланы және түрлі қоғамдық 

тұр ғын  ортаның  ауласын  безендіріп  жоба­

лауды  қамтамасыз  ету;  фитодизайн-  жалпы 

түрлі  интерьерді,  офис  т.б.  безендіріп  жо­

балауды  қамтамасыз  ету;  медиа-дизайн-ин­

тернетте  web-сайт  жобалау,  web-сайт  -  об­

раз  және  текстан  тұрады.  Бүгінгі  дизайн 

келесідей  жалғастырылады-инженерлік  ди­

зайн, экодизайн, экология дизайны, (дизайн 

торговли)-сауда  дизайны,  экспозициялық 

дизайн,  эргодизайн,  Стайлинг  дизайн-

ол,  дайын  форманың  (интерьер-эстерьер) 

көркемдік  адаптациясы;  Публишь  дизайн-

батыста орын алған халықтық (қалалық) ди­

зайн  (менталитет);  Нон  дизайныны-өндіру 

процесін  ұйымдастыруда,  қызмет  көрсету, 

шығысы мен кірісін анықтау, сонымен қатар 

білім берумен айналысады. Жарнама дизай­

ны-  коммерциялық  құрылым,  өнерден  гөрі 

пайда түсіру жағы басым. Футоро дизайн-та­

рихи дизайн және болашақты болжайтын ди­

зайн. Қолдан жасалған (Кустарный) дизайн-

түйсінігіне байланысты жеке іс-тәжірибелік, 

көбіне қолөнер негізінде жасалады. Дизайн 

түрлері және оның негізгі атқаратын қызметі, 

сонымен қатар өнер және пәнаралық байла­

ныс түрлерімен байланысы 1 кестеде, жоба­

лау мәдениетінде көрсетілген. Мысалы, ме­

кемелерде  графикалық  дизайынсыз,  офисті 

дизайн  киімінсіз,  құрал-жабдықсыз,  каби­

неттерде формаобраздаусыз, содан басқа да 

аксессуарсыз т.б. мүмкін емес.

Дизайн түрлері және оның негізгі ат қар а-

тын қызметі, сонымен қатар өнер түрлерімен 

бай ланысы  жобалау  мәдениетінде  көрініс 

бер еді 1– кестеде берілген.



48

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

«Дизайн» этимологиясы

Дизайн  (ағыл.  desiqn-  ойдан  шығару-

замысел,  ойлап  табу-  умысел,  жоспар- 

план  ,  мақсат-  цель,алдынала  бағытталу 

- намерение,шығармашылықта ойлау- твор­

ческий  замысел,  жобалау  -проект,  сыз­

ба-  чертеж,есептеу  -расчет,  -құрылымдау 

-конструкция,  нобай-эскиз,  сурет-рисунок, 

ою-узор,  композиция,  искусство  компози­

ции-  композиция  өнері,  өнердегі  шығар-

машылық-(произведение искусства[2]).

«Дизайн» түсінігі

Дизайн-  заттық  форманың  көркем-

шығармашылығында  құрылымдалған  және 

индустриальды өндіріс сферасында ғылыми 

инженерлік практикада негізделген жобалау 

іс-әрекетінің спецификалық түрі 



«Дизайн» анықтамасы

Дизайн-ол  шығармашылықтық  әдіс, 

өнер кәсіптік  заттар  мен  бұйымдарды  көр-

кем-техникалық  жобалау  процессі  және 

нәтижесіндегі, олардың жүйесі мен комплек-

сін,  тұтас  алғанда  адамның  мүм күн ді гінше 

және  қажетіне  байланысты  жетуге  бағыт-

талған құрылымдалған объектілер мен орта-

ның  утилитарлық  және  эстетикилық  тұр-

ғыдан толық ұйқастырылған түрі. 



49

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Дизайн теориясы мен практикасы

Дизайн теориясы -техническалық эстетка

Дизайн практикасы-көркем құрылымдау

Дизайн пәні

дизайнерлік ісәрекет пәні-(бағытына бай­

ланысты)  гармониялық  негізде,  объектінің 

формасын  мазмұнды  және  мәнді  тұрғыда 

қажеттілік  құндылықта  жасау  немесе 

құрылымдау болып табылады.



Дизайн нысаны 

Дизайн  нысаны  -  адамдардың  қандайда 

болмасын  сферадағы  өмірісіндегі  (ком­

плект,  ансамбль,  комплекс,  жүйе),  шынайы 

тұрғыдан жаңа техникалық өнеркәсіптік зат­

тар  және  бұйымдармен  әлеуметтік-мәдени 

тұрғыдағы  қарым-қатынасы  болып  табыла­

ды. 


Дизайнның негізгі әдісі

Дизайн объектісін көркем образда модел­

деу  –  композициялық  форма  құрылымдау 

негізінде  жобалау.  Ол  утилитарлық  және 

эстетикалық  тұрғыдан  талдау  нәтижесінің 

сұранысынан  және  дизайынды  қажет 

ететін  топтардың  қалауынан,  объектінің 

қабылдануы  мен  пайдалану  ортасының  си­

туациясын  ескеру  барысында,  сонымен 

қатар объектінің атқаратын қызметін талдау 

(қажеттілікке сай, оны өтейтін құрал ретінде) 

заттарды  жасауда  өңдеу  материалдары 

мен  конструкциялық  және  технологиялық 

нақты  өнеркәсіптің  бекітілген  жағдайымен 

негізделеді

Дизайның негізгі категориясы

Образ- дизайнердің қиялынан туындаған, 

көркем  образды  модель  художественно-об­

разная модель, объектісін идеалды турғыдан 

түйсініп қабылдау

Функциясы  -  зат  немесе  бұйымның 

атқаратын қызметі, сомен қатар заттың мәнді 

белгіде және құндылықта атқаратын касиеті 

болып табылады.



Морфологиясы  –  дизайнердің  ойдан 

шығарумен  қамтылған  заттық  форманың 

құры лымы, құрылысы, оның атқару қыз ме-

ті не  байланысты,  материалы  мен  дайындау 

тә сілі болып табылады.

Технологиялық  формасы  –  морфоло­

гия,  зат  тың  өнеркәсіптік  өндіру  тәсілімен 

қамтылған-дизайн нысаны- көркемдікті тех­

нологияда  ойдан  өткізіп  жобалау  нәтижесі 

болып табылады.

Эстетикалық  құндылығы-объектінің  не-

гіз  гі  мәнділігі,  адамның  эстетикалық  ситуа-

ция да қабылдау барысында анықталған, эмо-

цио налды, сезімдік мазалануынан туындаған 

және объектінің эстетикалық идеал.

Жоғарыдағы  мәселелерді  дизайнер  шы-

ғармашылығының негізгі бағытын 2 кес те де-

гідей қорытындылауға болады 

Дизайнды  жобалаудың  ерекшелік  түрлері 

-  жобалау  субъектісі,  объектісі,  іс-әрекетті 

атқару  формасы,  шығармашылық  бағыты, 

жобалау 

объектісінің 

морфологиялық 

түрі  [1].  Дизайнды  жобалаудың  ерекшелік 

түрлерін  болашақ  дизайнер;  жобалау  субъ-

екті сін,  объектісін,  іс-әрекетте  атқару  фор-

ма сын,  шығармашылық  бағытын,  жоба­

лау  объектісінің  морфологиялық  түрін 

білуі  қажет  №  2  кестеде  берілген.  Мыса­

лы,  №  2  кестеде  графикалық  дизайнда  жо­

балау  объектісінің  морфологиялық  түрі 

«жазықтық»  деп  берілген.  Жазықтық  екі 

өлшемді  формат  А4,  немесе  материалдағы 

банер, екі өлшемді жазықтықтағы пенопла­

стан  ойылған  қаріп,  т.б.  болады.  Суретші-

кон структор  -  дизайнерінің  киімді  жобалау 

субъектісі болып, оның мазмұнды атқарған іс-

әрекеттері жатады. Оған алғашқы нобайдағы 

іздестірген  суреттерінен  бастап,  оны  прак­

тика жүзінде іске асырудағы эксперименттік 

жұмыстарының нәтижесімен аяқтауы керек. 

Өнеркәсіптік дизайнның жобалау объектісі-

машина,  приборлар,  тұрмыстық  заттар, 

жиhаз, киім дизайны атқару. Іс-әректтік фор­

масы;  құрал-жабдықты  және  өнеркәсіпті, 

көлік,  ғылым,  мәдени-тұрмыстық  секторды 

қамтамасыз  ету.  Шығармашылық  бағыты; 

Типтік  нақтыланған  және  тираждалған 

шешім дер  қабылдау.  Жобалау  объектісінің 

мор фологиялық  түрі;  материалда  көлемде 

және  олардың  визуалды  пластикалық  трак-

тов касы болып табылады.



50

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

51

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Жобалау  субъектісі  кім  –  ол  дизайнер. 

Дизайнер-біріншіден суретші-құрастырушы; 

екіншіден 

көркем 

және 


техникалық 

құрастыру  әдістерін  меңгерген  жобалаушы; 

үшіншіден ойлап табушы, жаңа оригиналды 

заттар  мен  бұйымдарды  жобалаушы  адам. 

Дизайнер-практикалық  логиканың  терең 

ұйытқысы  мен  образды  шығармашылық 

қабілетте  ойлаушы  және  талабы  мен  да­

рыны  үйлескен  адам.  Дегенмен,  сапалы 

өнеркәсіптік бұйымдар мен заттарды жасау­

шы адам. Демек, негізінде дизайнды оқытуда 

тексті  тірек  жобаларда  көзбен  қабылдап, 

санаға қолды бағындырып шығармашылықта 

сурет салу мен жазып ойын жеткізу бүгінгі 

мәселелердің басты міндеті [3].

Дизайн  –  әлемдегі  заттарды  жобалау  іс-

әрекет  түрі.  Дизайнның  негізгі  мақсаты 

заттарды  тиянақтау,  оны  пайдалануды 

ыңғайлы  және  жеңіл,  машина  жүргізуді 

жеңілдету  сияқты,  эстетикалық  ықтал  ор­

тасын  әдемі  құру  [2].  Дегенмен,  суретші-

жобалаушы  -  дизайнердің  заттары  мен 

бұйымдары  өнеркәсіптік  жүйеде  өндіруде 

бірінші  орынға  ие  болуы  тиіс.  Демек, 

суретші  жобалаушы-дизайнердің  мақсаты; 

адамдардың  қоршаған  ортасын  тұрмыста, 

өндірісте  алдын  ала  перспективалық  жоба­

да  жасауды  ұйымдастыру,  заттың  жобасын 

ғылыми негіздеу. Қорыта айтатын болсақ сту­

денттерге  кесте  түрінде  берілген  жұмыстар 

тез  қабылданатындықтан  осындай  вариант­

ты ұсынуды жөн көрдік. Студентке алдымен 

сөзбен  айтылып,  әр  кестені  мұқият  қарап 

шығу  көзделген.  Кестедегі  сөз  тиянақты 

және санаға қонымды қабылданатындықтан 

ұсынылып отыр. Бұның бәрі іс тәжірибеден 

қорытылып алынған.



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Михайлов С.М. История дизайна Том 1, 2: Учеб. Для вузов.-2-е изд. – Москва: «Союз 

Дизайнеров России», 2004.-280с.

2 Теоретические и методологические исследования в дизайне. Избранные материалы/со­

ставители О.И.Генисаратский, Е.М.Бузунова. –М., [изд-во Шк. Культ. Полит.] 2004.-372 С.

3 Л.С.Выготский Психология. – М: Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000.–108с. (Серия «Мир пси­

хологии»).

Қандай ғылым болса да, ол – адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы 

ұялайды

әл-Фараби.


52

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 304.9



А.С.Сатыбаева

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі. Ақтөбе қ.

Н.Б. Маханова

ҚазҰПУ Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті

ЖАСТАРДЫҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада жастардың мәселелері, мамандық таңдау сияқты күрделі әлеуметтік мәселені 

шешуге тура келетін, көбінесе өзінің арманы мен әлеуметтік сұранысы арасында болатыны 

талданады. Студенттердің болашақ мамандығын таңдау себептері, мамандықты таңдау сал­

дары, осы мәселе бойынша жұмыс әдістері қарастырылған. Өз тағдырын өзі шешу түсінігіне 

түрлі  ғылыми  тәсілдер  мазмұндалады,  берілген  түсінікке  әлеуметтік  тәсілдің  өзгешелігі 

көрсетіледі. Зерттеудің статистикалық материалдарында болашақ мамандықтарын таңдау 

кезінде жоғары сынып оқушыларының өз тағдырын өзі шешуге әсер ететін факторлар тал­

данады, жұмыс нарығы мен білім беру жүйесінің арасындағы үйлесімсіздігі айқындалады. 

Түйін сөздер: жастар, еңбек, мамандық, қабілет, мамандықты таңдау, әсер ететін 

факторлар. 

В статье анализируются проблемы молодежи, которой приходится решать сложную со­

циальную проблему выбирать профессию, зачастую оказываясь между своей мечтой и со­

циальными запросами. Рассматриваются причины выбора студентами будущей профессии, 

мотивы выбора специальности, проблемы, возникающие вследствие нерпавильного выбо­

ра, методы работы по этой проблеме. Излагается различные научные подходы к понятию 

самоопределения, выделяется специфика социологического подхода к данному понятию. 

На материалах статических исследований анализируются факторы, влияющие на самоопре­

деление старшеклассников при выборе ими будущей профессии, раскрываются противоре­

чия взаимодействия системы образования и рынка труда. 



Ключевые слова: молодежь, труд, профессия, способность, выбор профессии, влияю-

щие факторы.

The article analyzes the problems of young people who have to resolve a difficult social problem 

of choosing an occupation often being between one’s own desire and social exigencies. Discuss the 

reasons for choosing a future profession students, motives choice of specialty, the problems arising 

from erroneous selection, methods of work on this issue. Sets out various scientific approaches to 

the concept of self-released the specifics of sociological approach to the concept. On materials of 

static research analyzed the factors influencing the determination of senior pupils in the choice of 

future profession, reveals contradictions interaction of the education system and the labor market.



Keywords: youth, labor, profession, power, choice of occupation, influencing factors.

Үлкен өмірге енді қадам басқан әрбір жас 

түлек  үшін  мамандық  таңдау  мәселесі  ең 

маңызды кезең болып табылады. Олай дей-

тін себебіміз, қазіргі кезде жасөспірімнің ал-

дында  бірнеше  мамандықтың  ішінен  өзі не 

сәйкес келетінін таңдау міндеті тұрады. Ол 

таңдалған  мамандық  өмір  бойы  шұғыл да-

натын  ісі,  әлеуметтік  ортасы  және  келешек 

өмірі деп айтсақ қателеспейміз. Әрбір адам-

ның болашағы таңдаған мамандығына бай-

ланыс ты. Сол себептен, адамдар мамандық-

ты  жүре гінің  қалауы  бойынша  таңдаса,  өз 


53

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

іс ін  жақ сы  көріп,  үлкен  жауапкершілікпен 

атқарғанда ғана бақытты болады. 

Әлемде  өзі  қаламайтын  мамандық  иесі 

болып жүрген қаншама адам бар. Олар неше 

түрлі  ықпалдардың  әсерінен  мамандығын 

дұрыс таңдамай, оқып бітірген соң, жұмыс 

барысында өзі қаламаған, еріксіз таңдалған, 

мамандықтың  иесі  болары  айдан  анық. 

Мамандығын  ұнатпаған  адамнан  тәжіриелі 

кадр шығуы беймәлім. Мұндай өзекті мәселе 

еліміздің  жастарында  да  кездесетін  жағдай 

екені  мәлім.  Статистика  көрсеткіштеріне 

зер  салсақ,  Қазақстанда  2012  жылы  ЖОО 

бітіргендердің саны 160 мың адам, олардың 

104  мың  адамы  жұмысқа  орналасты.  Сол 

жұ мысқа  орналасқанның  75  пайызы  ғана 

өз  мамандығы  бойынша  жұмысқа  орналас-

са,  25  пайызы  өз  мамандығынан  басқа  ма-

ман дықта  жұмыс  атқарып  жатқаны  бел-

гі  лі  болды.  Мұндай  көрсеткіш  бітірген 

ма манның  25  пайызы  өз  мамандығын  қа -

ла уы  бойынша  таңдамағандығын  көр се-

те ді  [6].  Сонымен  қатар,  ол  қалауы  бол-

ма  ғаннан  кейін  қоғамдық  нарықта  кәсіби, 

бә  секелес маман иесі бола алмайды. Со ның 

әсерінен  ғылымда  жаңалықтың  ашыл уы, 

жұмыстың  түрлі  саласының  дамуы,  көр ке-

юі  бір  қалыпта  қалатындығын  дәлел дейді. 

ЖОО  бітіргендердің  160  мың  адамнан  56 

мың  адамы  жұмыссыз  қалуының  себебі  де 

ойланбай,  қалаусыз  таңдалған  маман дық-

ты меңгергенін көрсетеді. Оның се бебі кей-

бір  жастар  мамандық  таңдау  ере жесін  біл-

мегендіктен  өзі  қызықпайтын  маман дық ты 

таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағат-

тан баушылық, реніш сезімдері болып, тіп ті 

ал дарына жоспар да құрғысы келмейді. Бұл 

өзекті мәселенің себебін анықтау үшін, жас-

өспірімдер қандай факторларға сүйеніп таң-

дайтынына төмендегідей сипаттама берейік.

Бүгінгі  күні  әлемде  жастар  мамандықты 

бір неше факторға байланысты таңдап келеді. 

Ма мандық таңдау сыртқы және ішкі болып 

екі факторға бөлінеді. Сыртқы факторларға: 

ма мандықтың  беделі,  жұмыс  нарығында 

он ың  сұранысы,  еңбекақының  жоғары  бо­

луы,  мамандық  бойынша  жұмыстың  табы­

лу  мүмкіндігі,  жақындарының  ойлары  мен 

қа лаулары.  Мамандықтың  беделі  бойынша 

жастардың көп бөлігі таңдайтын негізгі фак-

тор  болып  саналады.  Жалпы  сыртқы  фак-

торлардың әрбіреуі кемшіліктер мен артық-

шы лықтарынан тұрады, ол туралы 1-кестеде 

көрсетілген [5]. 

Сыртқы  факторлардың  кейбірін  ес ке-

ріп  таңдаса  да,  тәуекелге  баратындығы 

бел гілі болды. Ішкі факторларға – қабілет-

тілігі, физикалық мүмкіндігі және адамның 

өз қызығушылықтары кіреді.

Қабілеттілігі. Кез келген маман иесі болу 

үшін, сол мамандыққа сай қабілеттілікті де 

талап  етеді.  Қабілеттілік  дегеніміз  белгілі 

қызметтің  әдіс-тәсілдерін  игерудегі  тездік, 

тереңдік  және  икемділік  болып  есептеледі. 

Қабілеті  болмасада  мамандықты  таңдаған 

жағ дайда  жұмыста  табысқа  жетуі  екіталай. 

Сон дықтан,  мамандық  таңдауда  қабілет  ең 

маңызды фактор болып есептеледі.

Физикалық мүмкіндігі. Мамандықты таң-

дауда басты кедергілердің бірі – физикалық 

мүмкіндік. Белгілі бір ауру сыр қатқа байла­

нысты  кейбір  мамандықты  таң дау  құқығы-



54

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

нан айырылады. Мысалға кел тіретін болсақ, 

жүрек ауруына шал дық қандар ұшқыш қыз-

метін, ал аллергиямен ауыратындар химия-

шы  бола  алмайды.  Адам  сырқатына  байла-

нысты  өз  қалаған  мамандық  иесі  бола 

ал май ды.

Қызығушылығы.  Адамның  мамандыққа 

қызығушылығы ең басты фактор. Қызыққан 

ба ғытында  білім  алғанда,  жұмыс  істегенде 

үл кен  ізденіспен,  ерекше  талпыныспен  қа-

рай ды.  Сондықтан,  жұмыста  табысқа  оңай 

же теді, армандарын іске асыра алады. 

Елімізде жасөспірімдер арасында болашақ 

кәсібінің  бағытын  жоғарыда  келтірілген 

сыртқы, ішкі факторларды ескеріп, сонымен 

қатар қалыптасқан салт бойынша мамандық 

таңдалып келеді. Отандық мамандық таңдау 

1-суретте бейнеленгендей бас үш факторлар 

болып  бөлінеді.  Бірінші  факторда,  ата-ана 

жанұя  қаражатына  қарай  баланың  қалауы 

ескерілмей, сұралмай қолжетімді білім алуға 

болатын  мамандыққа  оқытады.  Жеке  ойы 

әлі  қалыптасып  үлгермеген  келешек  жас 

түлек таңдалған бағыт бойынша маман иесі 

атанады.  Екінші  факторда,  бала  ұяда  нені 

көрсе соны ұғады деген ұранмен, мамандық 

таңдауда  ата-анасының  кәсіби  бағытын 

жалғастыратындары  да  көптеп  кездеседі. 

Бұл  маман  болып  қалыптасуда  ата-ананың 

көмегіне арқа сүйеу мақсатында, ата кәсібін 

жалғастырушы  ретінде  саналады.  Үшінші 

фак торға  келетін  болсақ,  жас  түлектер 

сүйікті  мамандығы  туралы  ойланбастан, 

грантқа  түсуді  көздеп,  ҰБТ-те  жинаған  ба­

лына  қарай  автоматты  түрде  мамандық 

таңдайды.  Жоғары  балл  алғандар  ғана  өз 

қалаған  мамандықты  таңдау  мүмкіндігіне 

ие  бол  алады.  Ол  жүз  пайыздан  он  пайыз­

ды  ғана  жоғары  балға  ие  болып,  қалаған 

мамандығына  оқуға  түседі.  Яғни,  бұл  жүз 

пайыздан он пайыздайы ғана өз мамандығын 

қалап оқиды дегенді білдіреді. 

1 – Сурет


Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Білім каналы, Ел арна, Детский дом, Сара Алпысқызы Бӛбек туралы
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> Ф ҚазҰпу 604-01-15. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары. Бірінші басылым

жүктеу 1.11 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет