Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 1.11 Mb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата28.02.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР

1  Жанәбілов Ш. Қазақша мал атаулары. – Алматы: Қайнар, 1982. - 150 б.

2  Өмірәлиев Қ. Төрт түлік. – Алматы: Өнер, 2001. - 301 б.

3  Бабалықұлы А. Төрт түлік атаулары. – Алматы: Қайнар, 1992. - 85 б.

4  Сабденов К. Төрт түлік. - Алматы: Қайнар, 2002. - 184 б.

5  Жақыпов Ә. Түйе өсірушінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қайнар, 1989. - 192 б.

6  Жұмағұлов И. Түйе. – Алматы: Қазақстан, 1965. - 40 б.

7  Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. – Алма­

ты: Қазақстан, 1969. - 76 б.

8  Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Қазақстан өсімдіктері: ғылыми және халық ата­

улары. – Алматы: Ғылым, 1977. - 288 б.

9  Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. – Алматы: Ғылым, 1988. - 450 б.

10  Қалиев Б. Өсімдік атауларының түсіндірме сөздігі. –Алматы: Сардар, 2012.  - 104б.

11  Оразақов Е. Қазақ халық медицинасы. – Алматы: Білім, 1989. - 80 б.

12  Әлімханов М. Қазақ халық медицинасы. – Алматы: Қазақстан, 1991. - 110 б.

13  Алдашов  А.,  Әлімханов  М.  Қазақ  халық  медицинасының  құпиясы.  –  Алматы: 

Қазақстан, 1992. - 165 б.

14  Халық медицинасының ережелері / Құраст. Ы.Бекжігіт. – Шымкент: Азиат, 2011. - 

108 б.

15  Исаев С., Мәдиева А. Халық емі. – Алматы: Қазақстан, 1999. - 80 б.



16  Қажымұратов  М.  Қазақстанда  кездесетін  пайдалы  өсімдіктер.  –  Алматы:  Қайнар, 

1975. - 219 б.

17  Іскедіров Д. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. – Алматы: Қазақстан, 1982. - 188 б.

18  Қазақ емшілігі / Аудармашы Б.Әдетов. – Алматы: Қайнар, 1988. - 258 б.

19  Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. – Алматы: Жалын, 1996. - 484 б.


39

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

20  Қазақ бақсы - балгерлері / Құраст: Ж. Дауренбеков, Е.Тұрсынов. – Алматы: Ана тілі, 

1993. - 224 б.

21  Мұсақұлов  Т.  Биология  терминдері,  оларды  қабылдаудың  және  жаратылыс 

ғылымдарын қазақ мектептерінің ісінде пайдаланудың принциптері: п.ғ.к... дисс. – Алматы, 

1958.


22  Мұсақұлов  Т.  Орысша-қазақша  түсінік  беретін  биологиялық  сөздік.  –  Алматы: 

ҚазМемПедбаспа, 1959. - 180 б.

23  Әлімбаев  М.,  Сұбханбердин  С.  Денсаулығыңды  ойласаң...  (Денсаулық  жөніндегі 

нақылдар мен мақал- мәтелдер). – Алматы: Қазақстан, 1974. - 160 б.

24  Әмірғазиев Қ. Биологиялық жұмбақтар. – Алматы: Мектеп, 1972. - 86 б.

25  Сарыбеков  Н.,  Сарыбеков  М.,  Сарыбеков  Қ.-Д.  Қазақ  халқының  табиғат  қорғау 

дәстүрлері. – Алматы: Рауан, 1996. - 52 б. 

Өз  білімін  өмірдің,  өндірістің  тәжірибелерімен  нығайтып,  байытып  отырған,  тапқан 

ілімін, үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз 

дәрежесінде, заман талабының өресінде болады



Қаныш Сәтбаев.

40

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 8.80


Қ.Бөлеев

педагогика ғылымдарының докторы, Ұлттық Білім академиясының академигі

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры

С.Қ.Құсайынова

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, академиялық профессор

Л.Қ.Бөлеева

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

ХАЛЫҚТЫҚ БІЛІМДЕРДІ ОҚУШЫЛАРҒА 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ

Мақалада  қазақ  ғалымдарының  физикалық,  химиялық  және  географиялық  халықтық 

білімдерді және оларды пайдаланып, оқушылардың ұлттық дүниетанымы мен отансүйгіштік 

сезімдерін қалыптастыру бойынша зерттеулеріне ретроспективтік талдау жасалынған. 



Түйінді сөздер: физикалық халықтық білім, химиялық халықтық білім, географиялық 

халықтық білім, ұлттық дүниетаным, отансүйгіштік сезім. 

В статье сделан ретроспективный анализ исследований казахских ученых в области фи­

зических, химических и географических народных знаний и их использование в формиро­

вании этнического мировоззрения и патриотических чувств учащихся казахских школ.



Ключевые слова: физическое народное знание, химическое народное знание, геоафиче-

ское народное знание, этническое мировоззрение, патриотическое чувство.

In the article the retrospective analysis of researches of the Kazakh scientists is done in the 

areas of physical, chemical and geographical folk knowledge and their use in forming of ethnic 

world view and patriotic feelings of Kazakh schools of students.



Keywords: physical folk knowledge, chemical folk knowledge, geographical folk knowledge, 

ethnic world view, patriotic sense.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» 

Стратегиялық бағдарламасын іске асыру мақ-

сатында  «Әлеуметтік-экономикалық  жаң  -

ғырту - Қазақстан дамуының басты ба ғы  ты» 

атты халыққа Жолдауында «Оқыту үдерісі нің 

тәрбиелік  құрамдасын  күшейту  қа  жет.  Олар 

-патриотизм,  мораль  және  пара сат  тылық 

нормалары, ұлтаралық келісім мен то  лерант-

тылық,  тәннің  де,  жанның  да  дамуы,  заң  ға 

мойынұсынушылық»,  оларды  ұлттық  құн -

дылық ретінде жас ұрпақ пен жастардың бой-

ы на «барлық оқу орындарында сіңірілуі ти іс» 

деп, айрықша атап көрсетті.

Бұл  міндеттерді  шешудің  басты  бір  жо-

лы  оқыту  үдерісінде  қазақ  халық  педаго ги-

касының материалдарын пайдалану ар қы   лы 

жеке  тұлғаға  ұлттық  тәрбие  беру.  Өйт  кені 

халықтық педагогика адамгершілік, иман ды-

лық, ұлтаралық келісім, толерант тылық, са-

лау ат тылық,  құқықтық  тәрбиелерді  берудің 

бас ты құралы.

Орта  мектепте  оқытылатын  пәндердің 

бар лығы, әсіресе жаратылыстану пәндерінің 

тәр биелік  мүмкіндіктерін  ашу  әдістеме  ғы-

лымында әлі де болса шешімін тапқан жоқ. 

Сон дықтан  ол  пәндерді  оқыту  үдерісінде 

ха лықтық  педагогиканың  құрамдас  бөлігі 

-ғасырлар  бойы  жинақталған  халықтық 

прак тикалық  білімдерді  пайдалану  арқылы 

олар дың  тәрбиелік  құрамдасын  күшейтуге 


41

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

бо лады деп санаймыз. Жаратылыстану пән-

де рі  бойынша  халықтық  білімдер  қазақ  ға-

лым   дарының зерттеулерінде баршылық. Ал 

олар  ды  жинақтап,  бір  жүйеге  келтіру  және 

оқыту үдерісінде пайдалану, өкінішке орай, 

осы  уақытқа  дейін  айтарлықтай  зерттелме­

ген педагогикалық-әдістемелік проблема.

Өзіміздің осы саладағы зерттеу жұ мыс ы-

мызға сүйеніп, айтылған проблема бойынша 

ой-пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік.

Мектепте  оқытылатын  жаратылыс  пән-

дері  нің  бірі  -  физиканы  оқытуда  халықтық 

пе да гогиканы пайдалану мәселесі өткен ға-

сыр  дың  20-шы  жылдарынан  бастау  алады. 

Мыса лы,  1923  жылы  Орынбордан  Елдес 

Омаров тың  араб  графикасымен  жазылған 

«Физика»  оқулығы  жарық  көрген  [1]. 

Оқулық тың көлемі 354 бет, онда қазіргі мек­

теп  бағдарламасындағы  кванттың  физика 

мә селелері ғана кірмей қалған, сол кезеңдегі 

фи  зика  ғылымында  ашылған  жаңалықтар 

то  лық қамтылған.

Оқу лық  өте  тартымды,  қарапайым  қазақ 

ті л інде жазылған, ондағы келтірілген мысал­

дар, атаулар, қазақ халықының өмірінен, салт-

дәс түрінен,  әдет-ғұрпынан  алынғандықтан 

оқушы ға өте түсінікті. Мысалы, физиканың 

«Механика» бөлімінде тік бағыт-вертикаль, 

еркін  заңы-инерция  заңы,  бәсеке  қозғалыс-

салыстырмалы  қозғалыс,  тел  жылдамдық-

қорытқы жылдамдық, маңыз-масса, тел күш-

қорытқы күш, салмақ өлшемдері-қадақ, пұт, 

бат пан, уақыт өлшемдері-бір сәт, қас қағым, 

сүт пісірім, ет асым, бие сауым, тәулік, мү-

шел, т.б. Оқулықтың басқа бөлімдерінде де 

осын дай  қазақша  балама,  түсіндірме  сөз-

дерді,  атауларды  кездесіруге  болады.  Сон-

дық тан бұл оқулық қазақтың ұлттық тілімен, 

ұлт тық салт-дәстүрімен, ұлттық танымымен 

жа зылған физикадан төл оқулық.

Оқулықтағы физикалық атаулар С.Ерматов 

пен  Е.Аққошқаровтың  «Физика  тер ми но-

логиясы  және  аударма  терминдер»  ат ты 

сөздікте толық келтірілген [2].

Ендігі жерде қазақ мектептерінде физика-

ның  тәрбиелік  мәнін  күшейту  үшін  осы 

Е.Омаров  тың  «Физика»  оқулығын  бас шы

­

лық қа алып, жаңа оқулықтарды жазу қажет.



1998 жылы озық тәжірибелі мектеп мұғалімі 

Г.Б.Әлімбекова  Е.Омаровтың  оқу лы ғының 

ұлт  тық  ерекшелігін  басшылыққа  алып, 

Е.Омаров тың  «Физика»  оқулығының  әдіс те-

ме лік  ерекшеліктері  және  оларды  мек теп  те 

пай далану  жолдары»  атты  тақырыпта  педа-

гогика  ғылымдарының  кандидаты  дәрежесін 

алу  бойынша  диссертациялық  жұмысын  ор-

ын дап, ғалым-әдіскер атағына ие болды [3]. 

Сол жұмыстың нәтижесінде Г.Б.Әлімбекова 

мектеп  мұғалімдеріне  және  сту дент-фи зик-

тер ге арнап «Физика пәнін ха лық тық педаго­

гика  тағлымдарымен  бай ланыс тыра  отырып 

оқыту» атты оқу құралын шығарды [4].

Құрал  кіріспеден,  бес  тараудан,  қорытын-

ды  мен  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен 

тұрады.  Кіріспеде  автор  «Оқушыларды  ұлт-

жандылыққа,  халқын  қастерлеп,  оған  қалт -

қысыз  қызмет  етуге  тәрбиелеу  және  адам -

гершілікке, қайрымдылыққа баулу мақ са тында 

күнделікті  оқу-тәрбие  жүйесіне  ха лық тық 

педагогиканың  тағлымдарын,  оның  ішін де 

орта  мектепте  физиканы  оқытуда  оны  енгізу 

кең өріс алады» деген.

Бірінші  тарау  «Физика  пәнін  халықтық 

педа гогика  тағлымдарымен  байланыстыра 

отырып оқыту» деп аталып, онда сабақ жос-

парлары,  тірек  конспектісі  көмегімен  есеп 

шығару, «ғажайып қоржын», саяхат сабақ тар-

ының  мазмұндарында  халықтық  педагогика 

элементтерін қолданған.

«Физика пәнін оқытудың әдістемелік не гізі» 

атты  екінші  тарауда  физика  сабақ тар ын да 

оқыту әдістері мен түрлерін қолдану, фи зика 

пәнін  оқытудың  қазіргі  технологиялары, 

бақылау  сабағы  -  физикалық  диктант,  фи-

зикалық  құбылыстар  құпиясы,  физикалық 

сөз жұмбақтарды  компьютерде  орындау, 

фи зикалық  жұмбақтар,  дидактикалық  кар-

точ ка лармен  жұмыс  жүргізу  әдістемелері 

қарастырылған. Ал «Іскерлік ойындар» тара­

уында физиканы оқытуда іскерлік ойындар­

ды пайдаланудың маңызы туралы айтылып, 

«Әл-Фарабидің  ғылыми  мұралары»  атты 

пәнаралық  байланысқа  негізделген  іскерлік 

сабақ тың мазмұны толық берілген.



42

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Төртінші  «Физика  мен  математикны 

оқытудың педагогикалық және психо ло гия-

лық негіздері» тарауында физика мен мате-

ма  тиканы  оқытуда  пәнаралық  байланыс 

арқылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу, 

физика пәнінен зертханалық сабақтар өткізу, 

оқушыларды  көрегендікке  баулу  бойынша 

ғылыми-зерттеу  әдістерін  оқыту  үрдісінде 

қолдану  бойынша  сабақтарға  мысалдар 

берілген.

Ә.Т.Қайдаров,  Б.Өмірбеков,  З.Т.Ахтам-

бердиева   ның «Сырға толы түр мен түс» ат ты 

еңбегінде түстердің зерттелу тарихы, жарық 

сәулесі мен түр-түстің физика лық не гізі, түр-

түстерді тұрмыс пен өндірісте қол дану, түр-

түс атаулары, түр-түстің табиғатын ғылыми 

жолмен  және  дәстүрлі  түрде  тану,  түр-түс 

және символи ка, түр-түс және бо яу  лар, төрт 

түліктің жә не өсім діктердің түр-түс тері, түр-

түстің өмірдегі өрнектері, түр-түс терге бай­

ланысты жер-су атау лары, түр-түс және фра-

зео   ло гизмдер, түр-түс және мақал-мәтелдер 

мен  жұмбақтар  өте  қызықты  мысал дар 

арқылы баяндалған [5]. 

Еңбекті  физика  пәнінің  «Оптика»  бө-

лімінде  пайдалануға  әбден  болады,  олар 

оқушыларды  табиғаттағы  сұлу  құ бы лыс  -

тардың  физикалық  мәнімен  таныстырып, 

оларға  эстетикалық  тәрбие  беруге  ықпал 

етеді.

Қазақтың  халық  педагогикасын  физика-



ны  оқытуда  пайдалану  бойынша  зерттеу-

лер  түрлі  ғылыми  конференциялар  матер-

иал  дарында  және  мерзімді  баспасөз 

бет  терінде  соңғы  10-15  жылдың  ішінде 

бір неше  мақалалар  шықты.  Мысалы, 

М.Құдайқұлов  пен  Х.Жанбатырованың 

«Физика  сабақтарында  оқушыларды  ұлт­

тық  өнер мен  таныстыру»,  «Қазақтың 

тұрмыстық  және  сәндік  бұйымдарының 

физика-мате ма   тика негіздерін оқытуда пай­

далану  мүмкіндіктері»,  Қ.  Бөлеевтің  «Фи­

зиканы  оқытуда  мақал-мәтелдерді  пай­

далану»  және  «Пәнаралық  эстетикалық 

экскурсиялар»,  Н.М.  Көшеровтың  «Физика 

сабақтарында  жұм бақтарды  пайдалану», 

А.А.  Медетбекова  ның  «Элементы  народ-

ной  пе дагогики  в  курсе  физики»,  А.И. 

Жолтаеваның «Қазақтың тұрмыстық салты-

ның  элементтерін  физика  сабақтарында 

пайдалану»,  Е.Қаппаровтың  «Физика  пәнін 

оқытуда  халықтық  педагогиканың  өшпес 

мұрасы  -  Абай  өлеңдерін  насихаттау»,  т.б. 

мақалаларды айтуға болады.

Орта  мектепте  химияны  оқытуда  халық-

тық педагогика элементтерін пайдалану мә-

се лесі  бойынша  екі  кандидаттық  диссерта­

ция, бір оқу құралы және бірнеше мақа ла лар 

шықты.


2002  жылы  ізденуші  Ғ.С.  Әбдіқадырова 

«Орта мектепте химия пәнін оқытуда халық-

тық  педагогика  элементтерін  пайда лану 

әдістемесі» тақырыбына педагогика ғылым-

дарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу 

үшін  диссертациялық  жұмысын  ойдағыдай 

қорғады [6].

Диссертацияның  кіріспесінде  автор  «Ор-

та  мектепте  химиядан  білім  беру  стандарты 

қазіргі  қойып  отырған  талаптар  мен  қазіргі 

таңдағы  химияны  оқыту  үрдісінің  арасында 

қарама-қайшылық  тудыруда.  Білімді  өмір-

мен, салт-дәстүрмен байланыстыру, өлке тану 

принциптерін  қамтамасыз  ету  өз  дең гей інде 

жүзеге  аспай  отырғанын»  айтып,  зерттеу  та-

қы рыбын негіздеген.

Бірінші тарау «Химияны оқытуда халықтық 

педагогиканы  қолданудың  пе дагогикалық-

психологиялық  негіздері»  деп  аталып,  онда 

орта мектепте химияны оқыту дың қазіргі жайы, 

химия  сабақтарында  пән аралық  байланыс 

негізінде (химия - қазақ әдебиеті, химия - қазақ 

тілі, химия - тарих, химия - биология) халық 

педагогиканы  пайдалану  мәселесін  шешу 

жолдары  мен  әдістемелік  ерекшеліктерін, 

ал екінші тарауда зерттеу тақырыбы бойын­

ша  жүргізілген  эксперименттік  жұмыстың 

мақсаты, барысы, нәтижесі талданып, алған 

нәтижелері тұжырымдалған.

Жұмыста  халық  педагогикасының  эле-

мент тері, әдістері, оқу ойындары химиядан 

білім сапасын арттырудың жолдары ретінде 

қарастырылған. Химияны оқытуда халық пе­

дагогикасына енетін ауыз әдебиетін, қолөнер 

туындыларын,  халық  шығармашылығын 


43

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

және  ақын-жыраулар  өлеңдерін  пайда лану-

дың  жолдары,  оны  күнделікті  іс-тәжірибеге 

енгізу  әдістері  сараланған.  Осылайша  орта 

мектепте  химияны  оқытуда  қазақ  халық 

педагогикасының  элементтерін  пайдалану 

әдістемесі  жасалынған.  Зерттеудің  нәтижесін 

түрлі ғылыми конференцияларда баяндап, ав­

тор 9 мақала жариялаған.

Қорыта  айтқанда,  химияны  оқытуда  ха-

лық  тық  педагогиканы  пайдалану  арқы лы 

оқу шыларда  ғылыми  ұғымдарды  қалып-

тасуын,  дүниеге  біртұтастық  көзқарастың, 

тіл  байлығының  дамуын,  ойлау  қабылетінің, 

адамгершілік,  ұлтжандылық,  ұлттық  мә-

дениет ті  дәріптеу  дағдыларының  жетілуін 

қам тамасыз ету мүмкіндігін туғызған.

2004 жылы ізденуші Д.Шардарбеков «Қазақ 

халқы жинаған практикалық білімдерді химия-

ны  оқыту  процесінде  қолдану  әдістемесі» 

тақырыбына кан дидат тық диссертация қорғап, 

педагогика ғылымдары кандидаты дәрежесіне 

ие болды [7].

Зерттеудің  нәтижесінде  мектеп  мұғалім-

деріне  арнап  «Халық  қазынасының  айнасы» 

атты оқу-әдістемелік құралын шығарған [8].

Құралдың  кіріспесінде  автор  «Халықтық 

педагогикасының  түрлі  мәселелерін  қазіргі 

замандағы  білім  беру  процесінің  сан-салалы 

түрлеріне  қолданудың  тиянақты  бір  жүйеге 

келтірілген  жолы  мен  әдісі  туралы  көлемді 

еңбек  жоқ.  Нақтырақ  айтсақ,  ертедегі  қазақ 

халқының  тіршілік  болмысы,  халықтық 

шығармашылығы (ауыз әдебиеті, сазды өнері, 

сәндік-қолданбалы,  тұрмыстық  заттары,  ұлт­

тық ойындары және қару-жарақ жасау), салт-

дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, даналық ой-

пікірлері  мен  көзқарасын  химия  сабағында 

пайдалану  туралы  педагогикалық-әдіс-

темелік басылым тым аз деп айтуға болады» 

деген.

Әдістемелік  құралда  қазақ  халқының 



ға сыр лар  бойы  жинақтаған  практикалық 

хи мия  лық  білімдері  археологиялық  мұра -

ғаттардан, тарихи жәдігерлерден, этно граф-

иялық  материалдардан  және  ауыз  әде  биеті 

шығармаларына жинақталып маз мұн далған. 

Кітаптың  мазмұнында  ертедегі  қазақ  хал-

қының  химиялық  құбылыстар  туралы  тү-

сі ніктері,  қазақ  шеберлері  жасаған  ұлт тық 

мәдени  мұралар  және  сәулет  өнері нің  ту­

ындылары,  ертедегі  қазақ  халқы  пай да-

ланған  металдар,  қазақтың  металл  өңдеу 

әдіс-тәсілдері, қазақ халқына ертеден таныс 

химиялық  құбылыстар,  Қазақстан  айма-

ғындағы  металдарға  байланысты  жер-су 

аттары,  Қазақстан  жеріндегі  ертедегі  кен 

орын дары,  қазақтың  металға  және  бұйым-

дары на  байланысты  мақал-мәтелдері,  жұм-

бақ  тары, халық шежіресінде кездесетін ме-

тал ға  байланысты  есімдер,  олардың  солай 

аталу  себептері  туралы  қызғылықты  мә-

лімет  тер берілген.

Мектеп  мұғалімдері  химияны  оқыту да 

мазмұндалған  қазақтың  халық  педа го ги ка-

сы  ның  материалдарын  пайдалана  отырып, 

оқу шы ларды  елін,  жерін,  мәдениетін,  Ота-

нын сүюге баулауда олардың патриоттық се-

зі мі мен намысын қалыптастырары һақ.

Қытайдағы  қазақ-ғалымдары  А.Нүсіп-

оқас  ұлы  мен  Ә.Жапарұлының  «Қазақ  салт-

дәстүрі және оның ғылыми негіз дері» атты 

2011 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрген 

кітабындағы  «Химия,  физика  ғылымы» 

тақырыбында қазақ ха лқының практикалық 

химиялық және физи калық білімдері туралы 

былай ой-пікірлерін айтқан:

«Қазақ халқы бұдан 7-8 мың жыл бұрын 

қола,  алтын,  күміс,  мырыш,  темір,  қалайы, 

қорғасын,  күкірт,  сынап,  т.б.  элементтерді 

тап қан, сондай-ақ, кейбір элементтерді ара-

лас  тырып,  булап,  алуан  түрлі  бұйымдар 

жа саған.  Қару-жарақ,  сауыт-сайман  және 

құрал  дар  жасап  пайдаланған.  Оған  қазақ 

хал қы ның  ертеде  жасаған  әртүрлі  заттық 

бұйымдары  мен  жоғарыдағы  элементтер 

атының  химиялық  элементтер  кестесінде 

сақталып  отырғандығы  және  тарихи  жаз­

ба деректермен нылқыдағы (Нұра сайында) 

сақтардан  қалған  мыс  кені,  Орхон-Енисей 

құлпытастары, Күнес, Моңғұлкүре, Үрімжі, 

т.б. жерлерден табылған алтын, күміс, мыс, 

қола, т.б. мұралар куә» [9, 106 б.]. 

Қазақ  халқының  өзен,  көл,  жер,  су,  тау, 

елді  мекен  атаулары  туралы  географиялық 


44

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

білімдері  біршама  жақсы  зерттелген.  Осы­

дан  келіп  қазақтың  «жер-су»  аттарын  зерт-

тейтін  Қазақстан  топономиясы  ғылымы 

пай да  болған,  ол  туралы  бірнеше  еңбектер 

жа  рық көрді.

Алғаш  Қазақстан  топономикасы  ту-

ра   лы  сөз  еткен  географ-топономист 

Ғ.Қоңқашбаев  болды.  Ол  1949  жылы, 

«Қазақ тың  географиялық  терминдері»  атты 

кандидаттық  жұмысында  географиялық 

тер миндердің  шығу  жайы,  ерекшелік  жақ-

тары,  олардың  халықтың  түрлі  тұрмыс 

жағдайларымен байланысты туу себептерін, 

т.б.  мәселелер  қаралған  [10].  Зерттеу  нә-

ти же сінде  автордың  бірнеше  мақалалары 

және «Қазақтың географиялық атауларының 

сөздігі»  жарық  көрген  [11].  Онда  жер-су 

атауларының түсініктері берілген.

Қазақстан топонимдерін тарихи тұрғыда 

тұңғыш  зерттеген  Ә.Әбдрахманов  болған. 

Ғалым  алғаш  рет  топонимдерге  тілдік  тал­

дау  жасай  отырып,  оларды  ғылыми  негізде 

сөз  етіп,  қазақ  топонимикасы  ғылымын 

негіздеп,  «Қазақстан  этнотопонимикасы» 

еңбегін шығарды. Онда Қазақстан жеріндегі 

географиялық атауларының тарихын әртүрлі 

тарихи  кезеңдерге  бөліп  қарайды,  ол  ата­

уларды  мынадай  топтарға  бөлген:  Алтай 

дәуіріндегі  атаулар,  көне  түркі  дәуіріндегі 

атаулар,  көне  казақ  тіліндегі  атаулар,  жаңа 

қазақ тіліндегі атаулар, басқа тілдерден ен­

ген атаулар. Әрбір атау - белгілі бір халақтың 

тарихына, мәдениетіне және тіліне қатысты 

тарихи ескерткіш мұра [12].

Бүгінгі  таңда  қазақ  топонимдері  бойын­

ша  бірнеше  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп 

Оңтүстік, Батыс, Орталық, Шығыс Қазақстан 

то понимдері  туралы  еңбектер  шықты.  Мы-

са лы,  Д.Жүнісовтың  «Өзен-көл  атаулары» 

кі та бында  Қазақстан  жеріндегі  өзен,  көл 

атау  ларының  шығу  тегінің  құпиясы  жайлы 

таң ғажайып болжамдар, ел аузында, көнекөз 

қария лардың  есінде  сақталған  түрлі  аңыз 

әңгімелер,  халықтың  шежіресі,  өзгеріске 

түс кен  атауларға  түсінік  беріліп,  оларға 

ғылыми-этимологиялық талдау жасалынған 

[13].


Ғалым-тілші 

Ә.Нұрмағамбетұлының 

«Жер -  судың  аты  -  тарихтың  хаты»  атты 

еңбегінде  ата-бабалардың  ой-ойпат,  өзен-

көл,  тау-қырат  аттарын  кездейсоқ  қой ма ға-

ны,  олардың  өзіндік  сыры  барын  ғылыми 

жо рамал,  дәлелдер  арқылы,  олардың  қай-

дан шыққандығы, кандай мағынаға ие бол-

ғандығы жайында айқын да, анық мағ лұ мат-

тар берген [14].

Ғалым-тілші  М.Қожанұлының  «Атырау 

облысының жер-су аттары» кітабында қазақ 

топонимдерінің  зерттеулері,  дамуы  мен 

қалыптасуы,  Атырау  облысы  топонимдері-

нің  шығуы  мен  дамуы  және  қалыптасуы, 

ал  Атырау  облысы  топонимдерін  лексика-

семантикалық  тұрғыда  топтастырылуы» 

тарауында  қоршаған  ортаның  физика-  гео-

графиялық қасиеттерін көрсететін топоним­

дер, жер бедеріне байланысты топонимдер, 

сандық  ұғымды  білдіретін  топонимдер, 

өсімдік  пен  хайуанаттар  әлеміне  қатысты 

топонимдер,  қазба  байлықтарына  байла-

ныс ты  топонимдер,  метафоралық  топ о-

ним дер,  адамның  мәдени-тарихи  және 

шаруа шылығына  байланысты  топоним­

дер,  аңшылық,  балық  аулау,  мал  және  егін 

шаруа шылығы,  халықтың  қоғамдық  және 

рухани-мәдени өміріне, діни ұғымына, әдет-

ғұрпы  мен  түрлі  тарихи  оқиғаларға  байла­

нысты  топонимдер  туралы  географиялық 

ғылым тұрғысынан өте тартымды да нақты 

баяндалған [15].

Д.Жүнісовтың «Сулы, нұрлы Жетісу» атты 

кітабында  Жетісу  өлкесіндегі  су  атаулары­

на  тарихи-этимологиялық  талдау  жаса лып, 

олар дың шығу төркіні, мағыналары және су 

шаруа шылығына байланысты термин сөздер 

мен сөз тіркестерінің орысша-қазақша сөз ді-

гі, суға байланысты қазақ халқының мақал-

мә телдері, олардың тәрбиелік мәні ашылып 

бе рілген [16].

Сонымен, жоғарыдан мазмұндық тал дау-

ға  алынған  географиялық  зерттеу  еңбек те-

рін мектепте оқытылатын география пәніне 

қосымша  материалдар  ретінде  пайдаланса 

оқушылардың ұлттық дүниетанымы қалып-

тасуына,  олардың  патриоттық  сезімінің  оя­



45

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

нуына,  туған  жерін,  елін,  Отанын  сүйетін 

азамат болып өсуіне зор ықпал етер еді. Осы 

уақытқа дейін география пәнін оқытуда ха-

лық  тық географиялық білімдерді пайдалану 

мәселесі арнайы зерттеу нысанасы на алын-

ған  жоқ.  Тек  қана  мерзімді  баспасөз  бет-

терінде  саусақпен  санаулы  ғана  мақалалар 

шық қан.

Қазақ  халқының  физикалық,  география-

лық  және  химиялық  халықтық  білімдерін 

мектептің  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдала­

ну  оқушылардың  ұлттық  дүниетанымын 

тұтас тай қалыптастыруға әсері мен ықпалы 

айрықша  болатынын  көп  жылғы  зерттеу 

жұмысымыздың нәтижесінде көз жеткіздік. 

Оның  нәтижелерін  мерзімді  баспасөз  бет-

теріне шығарып, түрлі ғылыми конференци­

яларда баяндап, мектеп мұғалімдерін қайта 

даярлауда  және  болашақ  мұғалімдерді  да­

ярлауда  оқу-тәрбие  үрдісінде  ендірудеміз. 

Даяр ланған  мектеп  мұғалімдерінің  бір-

қа тар  озық  іс-тәжірибелерін  жинақтап 

«Мұ ғалім  және  ұлттық  тәрбие»  атты  оқу-

әдістемелік  құралын  шығардық  [17]  және 

«Жаратылыстану-математикалық  халықтық 

білімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беру­

де пайдалану» атты оқу-әдістемелік құралды 

даярлап, баспаға ұсындық.


Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Білім каналы, Ел арна, Детский дом, Сара Алпысқызы Бӛбек туралы
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> Ф ҚазҰпу 604-01-15. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары. Бірінші басылым

жүктеу 1.11 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет