Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 1.11 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата28.02.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Абишев Х. Элементы астрономии и погода в устном народном творчестве казахов. - 

Алма-Ата: АН Казахской ССР, 1949. - 29 с.

2  Әбішев Х. Халық астрономиясы. – Алматы: ҚазМембаспа, 1959. - 32 б.

3  Әбішев Х. Аспан сыры. – Алматы: ҚазМемСаяси баспа, 1962. - 250 б.

4  Исқақов М. Қазақтың байырғы календары. – Алматы: Қазақстан, 1960. - 96 б.

5  Исқақов М. Халық календары. – Алматы: ҚазМембаспа, 1963. - 210 б.

6  Исқақов М.Ө. Жалпы білім беретін орта мектеп пен педагогтік училищеде календар­

ды оқыту: п.ғ.к.дис. – Алматы, 1964.

7  Қазақ халқының мұрасынан / Құраст. М.Аяпұлы. – Алматы, 1993. - 19 б.

8  Құдайқұлов М. Ғылым және дін аспан денелері туралы. – Алматы: ҚазМембаспа, 

1962. - 95 б.

9  Машанов М., Машанова Ж. Ғажайып от ошағында. – Алматы: Қазақстан, 1978. -144 

б.

10  Ақпанбек Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы: Заң университеті, 1993. - 53 б.



11  Аронов  Қ.Ғ.  Қазақ  тіліндегі  халықтық  космонимдердің  этнолингвистикалық 

табиғаты: ф.ғ.к. дисс. – Алматы, 1992.

12   Мыңжани Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: Жалын, 1994. - 400 б.


32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

13   Сейдімбек А. Қазақ әлемі: этномәдени пайымдаулар. – Алматы: Санат, 1997. - 464 б.

14  Наурыз:  Жаңғырған  салт-дәстүрлер  /  Құраст.  М.Қазбеков.  –  Алматы:  Қазақстан, 

1991. - 256 б.

15  Кенжеахметұлы  С.  Ұлттық-әдет-ғұрыптың  беймәлім  220  түрі.  –  Алматы:  Санат, 

1998. - 256 б.

16  Аспан кереметтері / Аударған К.Ибадуллаев. – Алматы: Ғибарат, 2002. - 50 б.

17  Бөлеев Қ., Төлегенов Ш. Астрономия сабақтарында оқушыларға ғылыми-атеистік 

тәрбие беру. – Шымкент, 1980. - 28 б.

18  Төлегенов Ш. Орта мектеп оқушыларына ғылыми-атеистік тәрбие беруді жетілдіру 

(астрономияның басқа пәндермен байланысы негізінде): п.ғ.к...дис. – Алматы, 1985.

19  Қарамурзин А. Астрономияда қосымша оқуға арналған кебір мәселелер. –Алматы: 

Рауан, 1990. – 82. б.

20  Кәмәләшұлы Б. Ауа райының қазақи дәстүрлі болжамдары. – Алматы: Өнер, 2006.  - 

50 б.

21  Нүсіпоқасұлы А., Жапарұлы Ә. Қазақ салт-дәстүрлері және оның ғылыми негіздері. 



– Алматы: Өнер, 2011. - 152 б.

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім



Мұхтар Әуезов.

33

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

ӘОЖ 8.80


С.Қ. Құсайынова

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ БИОЛОГИЯСЫ МЕН ХАЛЫҚТЫҚ 

МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Мақалада  қазақ  ғалымдарының  қазақтың  халық  педагогикасының  құрамдас  бөлігі 

халықтық биология мен халықтық медицинаның зерттелу жайы және оларды дүниетану, 

биология пәндерінде оқушыларға ұлттық тәрбие беруде пайдалану жолдары көрсетілген.



Түйін сөздер: төрт түлік мал, өсімдік, халықтық биология, халықтық медицина және 

санитария, халықтық ветеринария, халықтық гигиена, этноэкология, ұлттық тәрбие.

В статье рассматриваются исследования казахских ученых по народной биологии и на­

родной медицины как одни из составных частей казахской народной педагогики и их ис­

пользование  в  национальном  воспитании  учащихся  в  процессе  преподавания  познания 

мира и биологических дисциплин.

Ключевые слова: скотоводство, растениеводство, народная биология, народная меди-

цина, народная ветеринария, народная гигиена и санитария, этноэкология, национальное 

воспитание.

In  the  article  researches  of  the  Kazakh  scientists  on  folk  biology  and  ethnomedicine  are 

examined as one of component parts of Kazakh folk pedagogics and their use in national education 

of students in the process of teaching of cognition of the world and biological disciplines.



Keywords: cattle breeding, plant-grower, folk biology, ethnomedicine, folk veterinary science, 

folk hygiene and sanitation, ethnos ecology, national education.

Қазақ  халқы  ерте  заманнан  бастап  мал 

шару а шылығымен  шұғылданып  келген-

дік  тен, ол - халқымыздың ата кәсібі болып 

саналады. Осыдан келіп, қазақ тілінде мал -

ға  және  мал  шаруашылығына  байла ны с  ты 

халықтық  атаулар,  терминдер,  сөз  тір кес-

тері, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, жұм-

бақ тар, қанатты сөздер, ертегілер орасан көп 

және олар үнемі жетілдіріліп, дамып отыр-

ған.

Төрт түлік малдың шыққан тектеріне, тұ-



қы  мына,  төлдердің  жасына,  дене  бітіміне, 

ен-таңбасына, жынысына, сымбаттылығына, 

мінез-қылықтарына, еті мен сүтіне, жүні мен 

майына,  терісіне,  сүйегіне,  адамның  өмір 

тіршілігіне  керекті  күш-көліктілігіне,  мал-

дың өнімді-өнімсіздігіне байланысты айты-

ла тын  көптеген  халықтық  атаулары  пайда 

бол ған, мән-маңызы түсіндірілген.

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүние сі-

нің де маңызы зор, өсімдіксіз өмір жоқ, ол 

тіршілігімізге  тірек,  өмірімізге  нәр,  күн де-

лікті тұрмысымызға көрік. Сондықтан ер те 

кезден  бастап-ақ  ата-бабаларымыз  өсім дік-

терді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қой ып, 

олардың  жеміс-жидектерін,  дәндерін  азық-

қа, ал жапырақ, сабақ, гүл, тамырлар ын дәрі-

дәрмек ке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояу-

ға,  өсімдіктердің  ішіндегі  пайдалыларын 

қол дан  өсіретін  болды.  Олардан  көптеген 

азық-түлік тік  қорлар,  әртүрлі  өндірістік 

шикі заттар  алып,  құрылыс  материалдары 

мен сән дік-өнерлік құралдар, дәрі-дәрмектер 

даяр ланады. 

Жұмыр  Жер  беті,  әсіресе  Қазақ  жері 

өсімдіктер дүниесіне өте бай. Дүние жүзінде 

олар дың  500  мыңдай  түрі  өссе,  Қазақ  жер-

ін де  өсімдіктің  6000-нан  астам  түрі  өседі. 


34

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Көптеген  өсімдіктердің,  әсіресе  пайдалы 

өсім діктердің ана тілімізде халықтық атаула­

ры  бар.  Өсімдіктердің  тұрмыс-тіршіліктегі 

маңызы, оларсыз өмір сүру мүмкін еместігін 

біліп  сезген  халық  өсімдіктерге  ат  беріп, 

олар туралы ауыз және жазба әдебиеттерде 

көп теген  шығармалар  тудырғаны,  олар 

халық арасында кеңінен тарағаны белгілі.

Міне осылайша, халық төрт түлік мал мен 

өсімдіктер  туралы  халықтық  ұғымдар  мен 

атауларды жинастыру арқылы биологиялық 

білімдер жүйесін жасап, ғылыми биология-

ның  қайнар  көздері  мен  негіздеріне  айнал-

дыр ған,  оларды  өмір  сүру  барысында  кеңі-

нен пайдаға жаратқан.

Қазақ халқының биологиялық білімдерін 

зерт теумен  қазақ  ғалымдары  Ш.Жанәбілов, 

А.Бабалықұлы, И.Жұмағұлов, Х.Арғынбаев, 

К.Сабденов,  Қ.Өмірәлиев,  И.Жақыпов, 

С.Арыстанғалиев,  Е.Р.Рамазанов,  Б.Қалиев, 

Ә.Іскендіров, М.Қажымұратов, Т.Мұсақұлов, 

т.б.,  Ол  білімдердің  адам  денсаулығына 

пайдасының  халықтық  медицинадағы  кө-

рі  ністерін 

Е.Оразақов, 

М.Әлімханов, 

А.Алдашов,  С.Исаев,  А.Мәдиева,  т.б.  айна-

лыс   қанын анықтадық. Енді сол зерттеулерге 

қыс  қаша болса да мазмұндық талдау жасап 

көре лік. 

Ш.Жанәбіловтың  «Қазақша  мал  атау-

лары»,  Қ.Өмірәлиевтің  «Төрт  түлік», 

А.Бабалықұлы ның  «Төрт  түлік  атаулары», 

К.Сәбденовтың  «Төрт  түлік»  атты  еңбек-

терінде жылқы, сиыр, қой және ешкі түлік-

тері нің пайда болуы мен шыққан тектеріне 

шо лу жасалып, олардың түрлі толып жатқан 

ерек шеліктеріне  байланысты  халықтық 

атау  л ары жік-жігімен тақырыптарға бөлініп 

баян далған [1-4]. Мысалы, Ш.Жанәбіловтың 

«Қа зақ ша мал атаулары» атты зерттеу ең бе-

гін де  қазақ  халқының  ежелден  мал  шаруа-

шы лығымен  айналысу  дәстүрлері,  жылқы 

ту ра лы қысқаша мәлімет, оның тұқымдары, 

бие  атаулары;  дене  бітісіне,  құлындауына, 

күй-жайы на, жасына, сауылуына; емшек пен 

же  лін бітіміне, сүтіне, мінезіне, жал-құйрық 

бітісі не,  бойдақтығына  байланысты  атау ла-

ры;  еркек,  піштірілуі  мен  күш-көліктігіне 

қарай  аталуы,  ат  туралы  мақал-мәтелдер, 

құл ын  атаулары,  жылқының  ортақ  атаула-

ры,  жылқының  тісіне,  үніне  және  түрлі  әре-

кет теріне,  жатып-тұруына,  түсіне,  түгіне  қа-

рай атау лары, жылқыда болатын ауру аттары 

және  оларды  емдеу;  екінші  тарауда  түйе нің 

пайда  болуы,  түйенің  топ  түрлеріне,  түйе 

туралы  мақал-мәтелдің,  түйенің  ауру ла ры, 

оны  емдеу;  үшінші  тарауда  сиыр  тұқым-

дарының  пайда  болуы,  сиырдың  күй-жайы-

на, бұзауына, жынысы мен жасына, сауылуы-

на,  желін,  емшегіне,  дене  бітіміне,  мінезі не, 

топ-түрлеріне  байланысты  атаулары,  сиыр 

туралы  мақал-мәтелдер,  сиырдың  ауру  лары, 

оларды емдеу; төртінші-қой тұ қы м ының пай­

да  болуы,  қойға  қойылатын  ат  тар,  қой  тура­

лы  мақал-мәтелдер,  қойдың  ауру  лары,  олар­

ды  емдеу;  бесінші  тарауда  ешкі  тұқымының 

пайда болуы, ешкінің күйі  не, төлдеуіне, жасы 

мен  жынысына,  мүйзі не,  топ-түрлеріне  бай­

ланысты  атаулары,  қойылатын  аттар,  ешкі 

туралы  мақал-мә телдер,  ешкіде  болатын  ау­

рулар, оларды ем деу; алтыншы соңғы тарауда 

мал туралы ор тақ атаулар, мал туралы мақал-

мәтелдер бер іл  ген.

Ал  И.Жұмағұловтың  «Түйе»,  Ә.Жақыпов-

тың  «Түйе  өсірушінің  түсіндірме  сөздігінде» 

түйе  малының  тіршілігіне  байланысты  қазір 

ұмыт  бола  бастаған  500-ден  астам  атау  ен-

гі зіліп,  тақырыптардың  мәніне  қарай  топ-

тас тырылған.  Әрбір  сөз,  әрбір  атау  талда-

нып,  аңыз-әңгімелер,  өлеңдер  өріліп, 

мақал-мәтелдер  ұтымды  толықтырылған. 

Мысалы,  түйе  тарихынан  бірер  сөз,  түйенің 

түрлері, түр лі ерек шеліктеріне қарай атаулары, 

түйе  нің аурулары олардың атаулары мен олар-

ды  емдеу  жолдары,  түйеден  алынатын  өнім-

дер, түйе атауларына байланысты адам, жер-

су, өсімдіктер, жәндіктер мен құстар атау лары, 

түйеге қатысты әдет-ғұрыптар, ма ман дық ата­

улары, одағай сөздер, тұрақты және фразалық 

сөз  тіркестері,  жұмбақтар,  жа ңылт паштар, 

мақал-мәтелдер, ойындар өте тар  тымды және 

қызықты етіп баяндалған [5-6]. 

Х.Арғынбаевтың  «Қазақтың  мал  шар уа -

шылығы  жайында  этнографиялық  очер кін-

де» мал шаруашылығына байланыс ты қазақ 


35

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

халқының  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәс-

түр лері,  олардың  тұрмыстағы  және  қоғам-

дағы орны мен мәні этнографиялық тұр ғыда 

баяндалған [7].

Қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  мал  шаруа-

шы  лығымен  шұғылданғандықтан  төрт 

түлік  малдың  сыр-сипаты  мен  жай  күйіне 

қанық  болған  малшылар  үнемі  мал  сойып 

отырғандықтан  малдың  барлық  денесінің 

анатомиялық құрылысы жөнінде мол білімге 

ие  болды.  Малдың  барлық  ұлылы-кішілі 

сүйек тері мен өкпе бауырын, ішек-қарын, сі-

ңір, тамыр, жүйке, тарамыс, бездеріне дей-

ін  бәрінің  халықтық  атын,  тұрған  орнын, 

атқаратын  қызметін  анық  білді.  Олар  түрлі 

малдарда болатын ауруларға да әбден қанық 

еді. Осыдан қазақ мал дәрігерлік білімі - ха-

лық тың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі 

негізінде қалыптасты, яғни халықтық ветер-

и нария  пайда  болған.  Сол  білімді  игерген 

қазақ  мал  дәрігерлері  ауырған  малды  түрлі 

дәрі-дәрмектермен емдеген. Асқынған ауру­

лар мен жараларды емдеуде пышақпен сылап 

тастау  әдісі  жиі  қолданылды.  Жылқыдағы 

алақарақ,  шеміршек,  ботадағы  қос  кіндік, 

қойдағы  түйнек  ауруларын  операциялау 

арқылы емдеді. Жылқының маңқасын тамақ 

безін  сылып,  кеңсірігін  кесіп,  алмас  салу 

арқылы  жазды,  мертіккен  малды,  сынған 

сүйек терді  таңып,  оларды  орнына  салып 

отыр  ды.

С.А.  Арыстанғалиев  пен  Е.Р.  Рамазанов-

тың «Қазақстан өсімдіктері» атты кітабында 

қа зақ  жерінде  өсетін  өсімдіктердің  126 

тұқымда сы, 1024 туысы мен 5865 түрлерінің 

қа зақ тіліндегі халық және ғылыми аталары 

келтірілген [8].

Кітап тың  алғы  сөзінде  өсімдіктердің  қа-

зақ ша  атаулары  жөніндегі  қазақ  тіліндегі 

ха лық  атауларын  жинауға  және  оларды 

жариялауға белгілі шетелдік ботаник ға лым-

дардың көңіл бөлгендігі «Қазақстан флора­

сы» атты еңбекте өсімдіктердің сипаттамасы 

берілгені айтылған.

Бірінші  тарауда  өсімдіктердің  қазақ-

ша-латынша-орысша  атауларының  систе-

матикалық  тізімі,  екінші  тарауда  өсім-

діктер  тұқымдасы  мен  туысының  қазақша 

атауларының алфавиттік көрсеткіші, үшінші 

- өсімдік тұқымдасы мен туысының латын­

ша  атауларының  алфавиттік  көрсеткіші,  ал 

төртінші  тарауда  өсімдік  тұқымдасы  мен 

туысының орысша атауларының алфавиттік 

көрсеткіші берілген. Көптеген өсімдік атау-

ла ры,  әсіресе,  пайдалы  өсімдіктердің  ана 

ті лімізге  тән  халықтық  атаулары  бар  екені, 

олар дың пайда болу себептері туралы тү сі-

нік тер де берілген.

Академик  тілші-ғалым  Б.Қалиевтің  «Қа -

зақ тіліндегі өсімдік атаулары» және «Өсім-

дік  атауларының  түсіндірме  сөздігі»  атты 

кітап тарында 6 мыңнан астам қазақша өсім-

дік  атаулары  қамтылып,  олардың  балама­

лары,  биологиялық  белгілері  көрсетіліп, 

әр бір  атауға  толық  жан-жақты  анықтама 

бе рілген.  Сондай-ақ  қазақша  өсімдік  атау-

лары ның тілдегі қолдану өрісі мен стильдік 

ерек шеліктері  (әдеби,  халықтық,  ғылыми, 

жергілікті,  ауызекі  сөйлеу)  айқын да лып, 

олардың  көркем  әдебиеттер  мен  ауыз  әде-

биетінің  әртүрлі  жанырларындағы  кө рі-

ністері  танымдық  тұрғыда  қызықты  баян-

далған [9-10].

Қазақ халықының мәдени мұрасының бір 

саласы, халықтық биологиялық білім нің нә-

ти жесі - халық медицинасы. Ол халқы мыздың 

ем деу-сауықтыру тәсілдері оның өзімен бірге 

жасап, сақталып келеді деуге әбден болады. 

Сол халықтық медицинаны зерттеп, ғалым-

дәрігерлеріміз  бірнеше  еңбектер  шығарды. 

Мысалы, медицина ғылымдарының докторы 

Е.Оразақовтың  «Қазақ  халық  медицинасы» 

атты  еңбегінде  халық тық  медицина  туралы 

және  оның  ғылыми  медицинаның  дамуына 

негіз болғаны жайында қысқаша шолу, қазақ 

халық  медицинасының  дәстүрлері,  жазба 

дерек тердегі халықтық медицина, халықтық 

дәрі-дәрмектер,  оларды  пайдалану  әдістері, 

халықтық  хирургия,  оларды  жүзеге  асыру, 

халық тық  акушерлік  және  сәбилерге  кө -

мек  көрсету,  халықтық  медицинаға  қа ты сы 

бар  әдебиеттерге,  әңгіме-аңыздарға  қыс-

қаша  шолу  берілген.  Сондай-ақ,  бесі к тің, 

инфекциялық  аурулардың  алдын-алу,  ас-


36

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

аухат тың гигиеналық маңызы да сөз бол ған. 

Сонымен  қатар  орыстың  прогресшіл  дә рі-

гер лерінің қазақтар арасында көмегі, фито-

те рапия - өсімдік дәрілерімен емдеу әдісіне 

де мысалдар келтірілген [11].

Ғалым-дәрігерлер  М.Әлімхановтың  «Қа-

зақ  халық  медицинасы»  және  А.Алдашов 

пен  М.Әлімхановтың  «Қазақ  халық  мед и-

ци насының  құпиясы»  еңбектерінде  сиқыр 

мен  тылсымға  негізделген  аурулардан  сақ-

та ну, сондай ауруды табу, сиқырға сеніп ем-

деу, бақылау мен тәжірибеге сүйенген ха лық 

дәрі герлері, ішкі ауруларды анықтап, ем деу, 

хиру ргиялық  ауруларды  емдеу,  жүкті  әйел-

ді босандыруға көмек, жаңа туған нәресте ні 

кү ту, оны аурудан емдеу, халықтың санитар-

лық-гигиеналық  түсінігі  және  жұқпалы 

ауру лардан  сақтану  амалы,  дастархан  мә-

зі рі,  астың  қасиеті  хақында,  халық  психо-

терапиясы, қорытынды ретінде халық меди -

ци насының  құпия  сырлары  баяндалған 

[12-13].

Фармацевт-дәрігер,  әрі  халық  емшісі 

Ы.Бекжігітовтың  «Халық  медицинасының 

ал тын ережелері» еңбегінде, автор 20 жыл­

дан  бері  осы  салада  еңбек  етіп,  ауруларды 

ем деп жүрген тәжірибесін ортаға салған.

Автор  онда  ангина,  ревматизм,  асқазан 

гас  триті,  асқазан  жарасы,  бауыр  ауруы, 

оны  та залау,  өт  жолдарының  қабынуын 

ем деу,  қуық ты  емдеу,  еркектің  қуатын 

күшейту,  шы жыңды  емдеу,  қан  қысымын 

төмендету,  қа бынуды,  бронхитті,  өкпе  ау­

руын,  күйікті,  нерв  жүйелері  қызметінің 

нашарлауын  емдеу,  жүйке  жүйесіне  ем  жа­

сау,  ұйқы  безі,  әйел дердің  жыныс  аурула­

рын емдеу, жатыр дан қан кетуді тоқтату, өт 

қа бында  пайда  болған  тасты  түсіру,  бауыр 

ісі гін  емдеу,  сыздауық  пен  шиқанды  емдеу, 

өк пе туберкулезін, артритті емдеу, қотырды, 

бүй рек  ауруын,  тері  ауруларын,  ас  қорыту 

жолы ның  созылмалы  ауруларын,  тамақтан 

улану ды,  созылмалы  бронхитті,  жөтелді, 

шуаш ты емдеу, рак, бауыр, бүйрек, гастрит, 

іш  ауруларын,  дизентерияны,  ішек  аурула­

рын,  асқазан  ауруларын  емдеу  мәселелерін 

баяндаған.  Аталған  ауруларды  емдеуде  өзі 

ойлап тапқан қоспараларды, биоқоспаларды 

пайдаланады [14].

Ғалым-дәрігер С.Исаев пен А.Мәдиеваның 

«Халық  емі»  атты  еңбегінде  жүрек  ау­

рулары,  витаминдерді  сусындар,  дәрілік 

өсімдіктер  өсетін  орындар,  оларды  жинау 

мезгілі,  тыныс  мүшелерінің  аурулары,  ішкі 

мүшелердің  аурулары,  аталған  ауруларды 

емдік өсімдіктермен емдеу, емдік тамақтар, 

олардың қасиеттері мен құрамдары, түрлері 

туралы мәліметтер берілген [15].

М.Қажымұратовтың 

«Қазақстанда 

кез      десетін  пайдалы  өсімдіктер»  және 

Ә.Іскендіров тың «Қазақстанның дәрілік өс-

ім  діктері»  атты  зерттеулерінде  республика-

да кездесетін пайдалы өсімдіктердің морфо-

логиялық-биологиялық сипаттамсы, дәрілік 

өсімдіктерді  қандай  ауруларға  және  қалай 

қолдану керектігі әңгімеленген [16,17]. 

Б.Әдетовтың аударуымен шыққан «Қазақ 

емшілігі»  атты  кітапта  қазақ  емшілігінде 

ертеден  қолданылып,  аурудың  алдын  алып 

сақтандыруда жақсы нәтиже беріп келе жат-

қан дәрілердің 335 түрі келтірілген. Дәрі лер 

түрлі өсімдіктерден, жәндіктер мен хайуан-

ат тардың,  құс  пен  малдың  өнім дерінен 

жасалған  дәрілердің  шипалық  қасиет тері, 

ауру түрлеріне орай оларды пайдалана білу 

жолдарын  көрсеткен.  Ең бек те  дәрілік  өсім-

дік тердің  пайда  болуы  мен  қазірге  дейінгі 

даму  тарихы  ұлы  ой шыл дардың  физио­

логтар  мен  дәрігер-ғалым дар дың  емшілік 

туралы  зерттеулеріне  шолу  жасау  ар қылы 

негізделген [18].

«Қазақтың халықтық медицинасының та­

рихына байланысты ұлы бабамыз Өтейбай-

дың Тілеуқабылұлы мен қазақ ағартушылары 

мен  ғалымдарының  жазған  еңбектері 

тура лы  да  қысқаша  мәлімет  беруді  жөн 

көрдік.  Мысалы,  осыдан  бес  ғасыр  бұрын 

жасаған  ғұлама  ғалым,  шипагер  бабамыз 

Ө.Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік  баян» 

деп аталатын кітабы өз басынан өткізген төл 

тәжірибелерінен  тұратын,  халықтық  меди­

цина жөніндегі үлкен ғылымнамалық еңбек. 

Олай  дейтініміз  еңбекте  тек  шипагерліктің 

шын  мәніне  жету  үшін  халықтық  астроно-



37

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

мия ны, философияны, психологияны, этно-

графияны,  ұлттық  салт-сананы,  тарихты, 

халықтық  педагогиканы  тығыз  ұштастыра 

білуде.  Кітапта  адамның  дене  мүшелері, 

олардың қасиеттері, түрлі аурулардың пайда 

болуы,  оларды  емдеуге  қажетті  1050  түрлі 

дә рілер,  4577  рецебі  жасалынғаны  белгілі 

болды [19].

Ж.Дауренбеков  пен  Е.Тұрсыновтың  құ-

рас тыруымен  жарық  көрген  «Қазақ  бақсы-

балгерлері»  атты  жинақта  ежелгі  тарихы­

мызда,  жырларымыз  бен  аңыздарымызда 

тылсым  күштің,  сиқырлы  құдіреттің  иесі 

болып  саналатын  -  бақсылар  туралы  сөз 

болған.  Шындығына  келсек  бақсылық  - 

қазақ  халқының  тіршілігінде  ұдайы  бірге 

жа сасып келе жатқан халық медицинасының 

бір саласы.

Қазақ  бақсы-балгерлері  туралы  бұл  тұң-

ғыш  кітапта  қазақ  және  шетелдік  ғалым-

дар дың  зерттеулері  жинақталған,  яғни 

онда 

Ш.Уәлихановтың, 



С.Сейфуллин-

нің,  Х.Досмұхамедовтың,  А.Байтұрсынов-

тың,  М.Жұмабаевтың,  Ә.Марғұланның, 

М.Әуезов  тың,  Қ.Жұбановтың,  С.Мұқанов-

тың,  Ә.Қоңыратбаевтың,  С.Мұхтарұлының, 

М.Жылқыбаеваның, 

Т.Дәуренбековтың, 

К.Байбосыновтың,  С.Өтениязовтың,  сондай-

ақ  шетелдік  ғалымдар  А.Янушкеевичтің, 

Ә.Диваев тың,  Б.Залесскийдің  қазақ  бақсы-

бал гер лері туралы еңбектері берілген [20].

Ғалым-педагог  Т.Мұсақұлов  1958  жылы 

«Биология терминдері, оларды қабылдаудың 

және  жаратылыс  ғылымдарын  қазақ  мек-

тептерінде  оқыту  ісіндегі  қолданудың 

принциптері»  тақырыбына  педагогика  ғы-

лым дарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін 

алу  бойынша  орындаған  диссертациясында 

биология терминдері, оның ішінде халықтық 

биологиялық  атаулардың  биология  пәнін 

оқытуда  қажеттігі  дәлелденген.  Жұмыстың 

«Қазақ  тіліндегі  биологиялық  терминдердің 

дамуы»  тарауында  мәселенің  тарихына 

әдеби шолу, көркем әдебиеттегі биологиялық 

терминдердің  алғаш  шыға  бастауы,  қазақ 

тіліндегі  биологиялық  терминдердің  дамуы, 

осы  күнгі  қолданылып  жүрген  биология 

терминдеріне  сын  және  шолу  жасалынған. 

«Қазақ  тіліндегі  биологиялық  терминдердің 

көзі»  атты  екінші  тарауда  қазақтың  ауыз  әде-

биетіндегі  өсімдік  пен  жануарлар  си пат   тары, 

қазақтың  ауыз  әдебиетіндегі  өсім дік  пен 

жануарлардың аралас сипаты, қа зақ тың жазба 

әдебиетіндегі  биологиялық  ұғым дар  мен  тер­

миндер, қазақтың жазба және ауыз әдебиетінен 

алынған ұғым дар мен терминдердің био ло гия-

лық пән дер  ді оқытудағы мәні, арнайы бөлімде 

био  логиялық терминдерді қазақ тілінде қабыл-

даудың  және  жаратылыс  ғылымдарын  қа зақ 

мектептерінде оқыту ісінде қолданудың 30-дан 

астам  әртүрлі  принциптері  жасалып,  олар ды 

келешекте  іс  жүзінде  қолданудың  әдіс  темелік 

ұсынысы берілген [21]. 

Осы зерттеудің нәтижесінде автор «Орыс ша-

қазақша түсінік беретін биологиялық сөздігін» 

шығарған [22].

Халық-жазушысы  М.Әлімбаев  пен  дәрі-

гер  С.Сұбханбердиннің  «Денсаулығыңды  ой-

ласаң...»  ат ты  кітапшасында  дүние  жүзі  ха -

лық тарының,  оның  ішінде  қазақ  халқының 

ден саулық жөніндегі нақылдары мен мақал-мә-

телдері парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал 

ақылшы  ғана  емес,  сонымен  бір ге  есті,  епті 

емшіде екендігін көрсеткен. Онда денсаулықты 

қалай  күшейту  керек,  ден саулыққа  зиянды 

әдеттер,  аурудың  алдын  алу,  жүйкені  сақтау, 

жақсы сөз - жарым ырыс, ауру - дерт және оны 

емдеу, көтеріңкі кө ңіл күй, бақыт және қуаныш 

туралы  ұлы  ой шылдардың  ой-пікірлері  мен 

мақал-мә тел  дер  жинастырып  мазмұндалған 

[23].

Мектептегі  биология  пәнінің  тәжірибелі 



озық  мұғалімі  К.Әмірғазиев  оқушылардың 

танымдық  белсенділігі  мен  логикалық  ой-

лау  ын  дамытуда  қазақ  ауыз  және  жазба 

әдебиеттеріндегі  жұмбақ  жанырының  рөлін 

жоғары бағалап, оны өз іс-тәжірибесінде пай­

далану нәтижесінде «Биологиялық жұм бақ тар» 

атты оқу-әдістемелік құралын шығарған. Онда 

төрт түлік мал, құс, түрлі тірі ұсақ жәндіктер ту­

ралы жұмбақтар, олардың жауаптары берілген 

[24].


Ғалым-педагогтар 

Н.Сарыбеков, 

М.Сарыбеков,  Қ.-Д.Сарыбековтың  «Қазақ 


38

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

халқы ның  табиғат  қорғау  дәстүрлері»  ат-

ты еңбегі авторлар тікелей табиғатта, ел ара-

сын  да  ұзақ  жылдар  бойы  жүргізген  зерт теу  -

лерінің негізінде жазылған. Ол халқы мыз  дың 

ғасырлар, бойы табиғатты аялауға бай  ланысты 

асыл  қасиеттерін  жинақтап,  жүйе  ге  келтіріп, 

елге,  әсіресе  жас  ұрпаққа,  жас   тарға  жеткізу 

мәселеріне арналған.

Кітаптың  бірінші  тарауы  «Табиғат  қорғау 

-  халық  дәстүрі»  деп  аталып,  онда  табиғат 

 қор ғауға байланысты халық дәстүрлі, олар дың 

келешек  ұрпаққа  тигізетін  пайдасы,  екінші 

«Қазақ  халқының  өлі  табиғатты  қорғауға 

арналған дәстүрлері» тарауында ауаны, суды, 

пайдалы қазбаларды және топырақты қорғауға 

байланысты  халық  дәс түрлері,  ал  үшінші 

««Қазақ  халқының  тірі  табиғатты  қорғауға 

арналған  дәстүр  лері»  тарауында  өсімдіктер 

мен  жан-жануарлар  дүниелерін  қорғауға 

байланысты  халық  дәс түрлерінің  тәлім-

тәрбиелік  мәндері  ашыл ған.  Авторлар  зерт­

теу  нәтижесінде  халық  дә с тү р лері  арқылы 

табиғат қорғау бойын ша ха лықтық білімнің 

қалыптасқанын көр сет кен [25].

Қорыта  айтарымыз,  қазақ  халқының  сан 

ға сыр лық  жинақталған  білімі  -  халықтық 

био  логияны,  ал  оның  халықтық  медицина-

да  пайдаланылғаны,  сол  биологиялық  және 

медициналық  білімдердің  ғылыми  биоло гия 

мен медицинаның қайнар көзі және бас  тамасы 

екендігі жоғарыдағы зерттеулер дәлелдегеніне 

көз  жеткізуге  болады.  Соны  мен,  қазіргі  мек­

тептерде  оқытылып  жүр  ген  «Дүниетану», 

«Өсімдіктану»,  «Жануар  тану»,  «Тәнтану» 

пәндерінің  оқу  бағдарламаларына  халықтық 

биология  мен  халықтық  медицинаның 

элементтерін ен діру арқылы оқушылардың ұлт­

тық  дүние та нымын  қалыптастыру  мүмкіндігі 

мен қажет тілігін кең пайдалану керек дер едім.



Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Білім каналы, Ел арна, Детский дом, Сара Алпысқызы Бӛбек туралы
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> Ф ҚазҰпу 604-01-15. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары. Бірінші басылым

жүктеу 1.11 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет