Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 1.11 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата28.02.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шиленістің  шыңы.  Қарқынды  баста-

ған  обкомның  шешімі  мүлдем  сиыр  құймы-

шақтанып кетті. Себебі, Асанбайдың екі қызы 

да  мединститутында  оқитынын  естідік.  Со­

зылып  кеткен  істі  професср  Қ.А.  Макиров 

Қазақстан Коммунистік партиясының орталық 

комитетіне  түсірді.  Оның  соншама  саясаткер 

терең білімділігі осы тұста әбден көрінді. 

Орталық  комитеттің  екінші  хатшысы  Ти­

тов  басқарған  отырыста,  Қуекеңнің  әр  сөзі 

маржандай  төгіліп,  жарты  сағат  кө ле мінде 

қарсы  топтың  қателігі  түгіл,  жас  комунис-

тердің  көтеріп  отырған  мәселелері,  тек 

қолдауды  ғана  емес,  дереу  шешуді  талап 

ететінін айтты. Бюроның өзінде бірнеше адам 

қолдап  сөйлегендіктен  болар,  отырыс  онша 

ұзаққа  созылмай,  біздердің  көтеріп  отырған 

проблемамыздың 

дұрыстығын 

таныды. 


Қаралған істі теріс бағытқа түсіргендері үшін, 

қарсы топқа ауызша ескерту жасалды. 

Ең кереметі, осы бір жарым жылға созыл ған 

уақыт ішінде   орталық ғылыми лаборатория 

(ЦНЛ) жұмыс істеп, қазақтың тоғыз ғалымы 

(Бірімжанова, 

Сәтбаева, 

Сәулебекова, 

Серғазин, Имашев, Михайлов, Қабылов т.б.) 

докторлық диссертацияларын қорғады... 

Курстастарымның  барлығыда  жолдама-

ла р  ын алып ауылдарына аттанып кеткелі қа-

шан?! Менің жұмыс орным әлі де шешіле қой-

ған  жоқ.  Қазір  барлығымыз  осы  мәселемен 

шұ ғылданып  жүрміз.  Бірақ,  дұрыс  шеше 

қоя тын  министірліктің  де  ыңғайы  байқалар 

емес.  Сондықтан,  шағын  өтінішімді  жазып 

алып,  Д.А.  Қонаевтың  қабылдауына  келдім. 

Ол  кезде  пратия  билетімен  еш  кедергісіз 

барлық жерге кіре беретін едік. Қазіргі Аста­

на  алаңында  орналасқан  ғимараттың  Төле 

би  көшесі  жағына  қарайтын  қанатында, 

Димекеңнің кабинеті төртінші қабатта бола­

тын.


Әлі  есімде,  атшаптырымдай  қабылдау 

бөлмесінде  отырған  орта  жастағы  орыс 

әйелі, не жайында келгенімді сұрап білді де, 

қатарындағы  есікті  нұсқап,  І-ші  хатшының 

көмекшісіне  баруымды  сұрады.  Сонша-

ма  жылы  жүзбен  қабылдаған  адамға  риза-

шылығымды  білдірдім  де,  нұсқаған  есіктің 

алдына кеп қарасам, үлкен етіп «Бекежанов 

Дүйсетай» деп жазып қойыпты. Маған қарап 

отырған хатшы-әйел ымдаған соң, батылда­

на түсіп есікті қақтым. Іштен жәй ғана «да» 

деген дауыс естілді. Есікті ашып аттаған күйі 

сәлем беріп тұрып қалдым. Орнынан созыла 

көтерілген  ол,  енгезердей  сұңғақ  денелі  ел 

ағасы жасына келіп қалған азамат екен. Оның 

адамға жылы қарайтын қызылшырайлы ақ-

сары өңі сүйкімді көрінді. Ол төрдегі орны­

нан  тұрып,  маған  орындық  ұсынды  да,  өзі 

қарсыма  отырды.  Шаруамды  айта  бастап 

едім, барлық жағдайды да білетінін ескертті. 

Ол жүзіме тіктей қарап;   Мұндай шаруаға 

неге араластың? – деді.

Мен біреуге күйе жаққаным жоқ. Өтірік те 

айтпадым. Халыққа қажет, өмір шындығын 

көтердім,   деп ойлаймын. Орнынан  тұрып 

кеткен ол; 

Өмір шындығы... өмір шындығы,   дейсің 

ғой. 


Иә ә, аға.

Жаным  ау,  институтты  бітіргенің  кеше 

ғана, он екі де бір гүлің ашылмаған баласың, 

қыршыныңнан қиылып түссең қайтпексің?

Қиылсам  да,  қиналсам  да  қайтейін?! 

Астым  да  –  тағым,  бауырым  да  –  балам, 

қолтығымда - портфелім жоқ. Сірә, мұндай 

істі – біз сияқтылар көтеретін шығар... Мырс 

етіп күлген ол;

Сіз сияқты тағым да   бағым да жоқ,   деп 

отырсың ба? Заманыңа қара, алды-артың ды 

ойлау  керек.  Сенің  өмірбаяныңды  да  көр-

гемін. «Жетіммін»   деп желіге бер ме? Бұ-

дан былай сақ бол! Бұл жолы, саған көмек-

тесейін,   деді. Алдындағы телефонды алып, 

әлдекімге  Димекеңнің  атынан  «бұйрық» 

бер іп жатты. 

Маған жылы жүзбен қарап;

Аман бол, хабарласып тұр. Бүгін барлық 


17

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

мәселеңді  шешеді.  Қазір.  Тоқтағали  ағаңа 

бар, күтіп отыр,   деді. Орнымнан сең соққан 

балықтай ауыр қозғалып тұрдым да;

Алла жарылқасын, ардақты аға! – деп, жа­

нарым жасаурай түсіп, алғысымды айттым.

Бә-ре-кел-ді,  азамат  бол!  –  деп  қолын 

ұсынды. Хош айтыстық...

Баспалдақтан түсіп келе жатсам, төменде 

Тоқтекеңнің  өзі  күтіп  тұр.  Бұл  кісіде  Коля 

екеуміз  бұрын  бір  рет  болғанбыз.  Онда 

ол;   Он саусақтарыңды дұрыс санай алмай 

жүріп,  докторанттардың  саны  не  теңдерің,   

деп мазақтаған еді. Енді міне, баспалдақтан 

күтіп ап, қолын ұсынған ол;   Иә ә, бауырым 

кел, жүр кабинетке барайық,   деді. Ол келе 

орынбасарын  шақырып,  бірден  денсаулық 

министіріне тапсырма берді. Міне, өмір деген 

қалай?! Орынбасарына істің дұрыс шешілуін 

үнемі қадағалап отыруды тапсыр ды. Маған 

бұрылып;     Қазір бірден  министрлікке  бар,   

деді. Мен орнымнан тұрып;   Кімге барамын,   

деп едім, қолымды алып қоштасты да; 

Күтіп  алады,      деді.  Болып  жатқан  құ-

былыстың  бәрі  түсім  сияқты.  Өзімді  өзім 

біл


 

меймін,  дедектей  басып  денсаулық 

минис трлігіне  келдім.  О-о,  тоба?!  Есік  ал-

дын да  министрдің  орынбасары  Халық 

Мұсабайұлы,  өзі  күтіп  тұр.  Ол  мені 

иығымнан құшақтап;   Жастар, сендер біздің 

келешегімізсіңдер,      деп  көпшік  қоя  баста­

ды.  Естігеніме  өзім  сенбей  бетіне  қарасам, 

бұрынғы  кездескендегі  ажуа-мазақтың  ізі 

жоқ.  Мені  ертіп  кабинетіне  кірді.  Біраз 

ақыл  айтты,  мақтады,  келешек  жайлы  сөз 

қозғады.  Содан,  жұмысқа  қалаған  жеріңе 

жіберетінін  айтты.  Тек,  бір  ғана  өтінішім;   

Министрге  кіріп  алғысыңды  айтып  кет,  - 

деді.  Менің  барғым  келмегеніне  қарамай, 

хатшысына ертіп сонда жіберді. Келген бой­

да министрдің хатшысы ішке енгізді. 

Үлкен  кабинеттің  төрінде  қарғадай  боп 

қалқайып  отырған,  министр  Н.О.  Сеньков 

сәлемді  алмастан;  -  Ә-ә,  Ғаббасов  дейтін, 

сен екенсің ғой. Жалпы сендей адамды бүкіл 

Қазақстан  аймағынан  аластау  керек,      деді. 

Қалай  тебініп  алдына  жетіп  барғанымды 

өзімде  білмеймін;      Қазақстанға  қауыпты 

мен  емес,  Сіз?!  Себебі,  мынандай  заман­

да  ауылдың  денсаулық  сақтау  жүйесін  аз­

дырып отырсыз,   дедім. Менің мұндай сұс 

көрсететінімді  күтпесе  керек,  жапақтай 

қарап;   Қалай, қалай?-деді. 

Солай!  Бұл  шындық.  Бүкіл  Кеңес  елі 

бойынша  Қазақстан  туберкулезден  бірінші 

орынға шығып отыр. Бұған тікелей кінәлі – 

Сіз! – дедім де жылдам басып шығып кеттім. 

Қайттан  келіп  орынбасардың  алдындағы 

хатшы  қыздан  «жұмыс  жолдамасын»  алдым 

да  үйге  қайттым.  Менің  сұранысым  бойын­

ша  І-ші  қалалық  клиникаға  ординатор-хи­

рург  болып  қызметке  орналастым.  Бірден 

жедел  хирургияда  істеп,  нағыз  хирургияның 

іс-тәжрибедегі  қолданысына  тап  болдым. 

Практикалық медицинада, ғылыми із де ніс пен 

сырттай  шұғылданып,  бірден  асперантураға 

қабылдамайтын заңы бар. Сондықтан, профес­

сор Қ.А. Макировтың кеңесі бойынша, хирур­

гия  мен  микробиологияны  сабақтастыратын 

тақырып іздестіре бастадым. 

Қуаныш  Аманбайұлы  бір  күні  өзі  бас-

шы лық  ететін  микробиология  кафедрасы на 

шақыртып,  менің  өзім  істеп  жүрген  ауру-

ханадағы хирургия кафедрасының мең геру-

ші сі профессор М.И. Брякинмен келісіп қой-

ға нын айтты. Міне осылайша, екі професор 

же текшілігімен «сырттай ғылыми ізденуші» 

ре тінде тақырыбымды бекітіп берді. Сөйтіп, 

1971 жылы Қырғыз елінде кандидаттық дис-

cертациям ды қорғап, үш-төрт айдан кейін ди­

пломымды алдым. Қырғыз еліндегі бірінші 

оппонентім  –  атағы  КСРО-ға  белгілі,  ака­

демик  Иса  Қонайұлы  Ахунбаев  болған  еді. 

Кандидаттық атақты алысымен-ақ, Қазақтың 

ғылыми-зерттеу экспериментальді-хирургия 

институтына,  әу е лі  кіші,  көп  ұзамай  аға 

ғылыми  қызметкер  болып  жұмысқа  ауы­

стым. Бұл инс титуты сол кезде, атақты ака­

демик А. Сызғанов басқаратын. 

Баяғыда екі ағамның бірінен соң бірі өліп, 

стреске  ұшырағанмен,  ажалмен  күреспек 

боп медицинаға келгенімді жоғарыда айтқан 

едім. Сірә, ажалмен күресудің өзі, ауыр ша­

руа екені күн өткен сайын аңғарыла түсті. 

Сол  қиялдың  әсерімен  қалам  алып,  көп-


18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

теген әңгімелер мен повесттер және роман­

дар  жаздым.  1974  жылы  КСРО  Жазушылар 

одағының  мүшелігіне  қабылдады.  Бала  күнгі 

арман  қуалап,  1985  жылы  қазақтың  тұңғыш 

«Кәусар»  атты  ғылыми-фантастикалық  рома­

нын  жаздым.  Адам  тәрбиесінің  жаңа  ілімін 

жасап,  1991  жылы  –  «Ізгілік  әліппесін»,  1995 

жылы  –  «Халық  педагогикасының  негіздері» 

атты монографиялар жазып, 2003 жылы – педа­

гогика ғылымдарының докторы атағын алдым. 

1987  жылы  –  «КСРО  денсаулық  сақтау 

ісінің үздігі» атанып, 1988 жылы – «Зайсан 

ауданының  құрметті  азаматы»  мен  «Ма­

хамбет  сыйлығының  лауреаты»  берілді. 

Осылайша,  өмір  қиыншылықтарынан  жас-

қан бай тіршіліктің ащщысы мен тәттісін де 

көрудеміз... 



24.07. 2007ж

ӘОЖ 37.012 



М.А. Нуриев

Қазақстан Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры

Ж.Б. Кдыралиева

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Мақалада  білім  алушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  жолдары,  өмірдің 

барлық  саласына  белсенді,  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  сан-түрлі  әдіс-тәсілдері, 

еркін жан-жақты тұлға жетілдіру жолдары қарастырылған.



Түйін сөздер: оқушы, дарынды, қоғам, шығармашылық, қабілет.

В статье рассмотрены различные методы организации учебно-воспитательного процес­

са учеников, активных во всех отраслях жизни, способных к искусственной деятельности, 

свободнуюю разносторонною личность.



Ключевые слова: Ученик, талантливый, общество, творчество, способность.

The different methods of organization of educational educator process of students, active in 

all industries of life, apt at artificial activity, free scalene personality, are considered in the article.

Keywords: schoolboy, talented, society, work, ability.


19

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Қоғамның  даму  деңгейінің  биік  сатыға 

көтерілуі  мемлекеттің  табиғи  және  адами 

ресурстарына,  саяси-экономикалық  ұста-

нымдарына  байланысты.  Адами  ресу  р с   -

тардың  әлеуметтік  көрсеткіштерімен  бірге 

тұлғалық  қасиеттері  және  шы ғар машылық 

қабілеттері  мемлекеттің  басты  қазына-

ларының  бірі  болып  есептелетіні  баршаға 

мәлім. 


Егер тарихты жасайтын жеке тұлға екенін 

мойындайтын болсақ, бір мемлекеттің ғана 

емес, әлемнің дамуына да ықпал ете алаты­

нына  дәлелдер  баршылық.  Жеке  тұлғаның 

дамуына  үлес  қосу,  шығармашылығының 

өрлеуіне  жағдай  жасау  мемлекеттік  қажет-

тілік. 

Адам баласы әр түрлі қабілеттермен д ү  ние 



есігін ашады. Адамның есейіп қоғам   да өз ор­

нын табу үшін білім, бейім және дағды қажет. 

Олардың заман талабына сай шың далуы үшін 

әр пенденің бойындағы қабілет терге баса на­

зар аудару қажеттілігі әлеу меттің сұраныстың 

негізі. Әр мемлекет өз азаматтарының жалпы 

және  арнайы  білім  алып,  осы  салада  бейімі 

мен дағдысын қалыптастыруға жағдай жасай­

ды. Ал жеке тұлға лық қабілетті дамыту, соның 

ішінде  шығармашылық  қабілеттерге  назар 

аудару адамның өзі, ата-анасы, білім ордасы 

жауапты  [1].  Ол  жауапкершілік  мемлекетте 

өмір сүретін азаматтың тұлғалық қабілеттері 

арқылы өз орнын табумен қатар мемлекеттің 

дамуына  да  үлес  қосу  қажеттілігінен  туын­

дайды.


«Өткенге қарап басымызды иеміз, ер тең   ге 

қарап білек сыбанамыз» демекші, бү  гін гі бала-

ертеңгі  азамат.  Сондық тан  әр  оқытушының 

алдындағы ізгі мұраты - әр баланың «менін» 

ашу,  сол  «менді»  шығар машылық  тұлғаға 

жетелеу. Ең басты міндеті - рухани бай, жан-

жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. 

Шығармашы лық  дегеніміздің  өзі  із де нім-

паздықтан  туа ды.  Яғни,  баланың  өзіне  де­

ген  сенімін  туғызу,  өзі  нен  шығармашылық 

қасиет іздете білуі, өзін-өзі тануға ұмтылуы, 

ізденуі.  Өмір де  дұрыс  жол  табу  үшін  дұрыс 

ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешім дер 

қабылдай білуге үйренуі.

Бұл  сөздің  төркіні  этимологиясына  көз 

жүгіртсек,  «шығару»,  «ойлап  табу»  де -

генге  келіп  саяды.  Демек  жаңа  нәрсе  ой-

лап  табу,  сол  арқылы  жетістікке  қол  жет-

кізу  деп  түсіну  керек.  Философиялық 

сөз дік те  «шығармашылық  қайталанбайтын 

тарихи-қоғамдық  мәні  бар,  жоғары  сапа-

да ғы жаңалық ашатын іс-әрекет» [2], - деп 

түсіндіріледі. Бірақ, мұндай туынды жасау­

да адамның қабілеттері тең келе бермейтіні 

хақ. Бұның барлығы табиғи, психо логиялық 

қабілеттілікке  байланысты  болып  келеді. 

Шығармашылық психологиясы на нақтырақ 

зер  салсақ,  шығармашылық  психология-

сындағы  шығармашылық  қабі лет  тердің 

құры лымы: 

1  Беймәлім  мәселелерді  шешу  жолын 

өзгелерден бұрын қабылдау

2  Бейімдік  тәжірибесін  жаңа  міндеттер 

орындағанда қолдана білу

3  Қажетті  деп  таныған  ақпаратты  ойға 

сақтау қабілеттілігі

4  Жаңа  мәліметтерді  жинақталған  білім 

қорына жүйелей білу

5 Идеяларды тұжырымдай білу

6 Шығармашылық қиялдау

Осы аталған шығармашылық қабілет тер-

ді  дамыту  арнайы  жағдаяттарға  байланыс-

ты.  Мысалы,  баланың  жан-жақтылығын, 

өнерін  іс-шараларға  қатысу  барысында 

бай  қауға болады. Іс-шараларға орындаушы 

ре тін де  ғана  қатысып  қоймай,  күш-жігерін 

то лық  жұмсап  саяси-бұхаралық,  көркем-

шығар машылық  шараларға  деректі  мате­

риалдар  жинас тырып,  сахналастыру  үшін 

өңдеуге араласып белсенді ат салысу қажет. 

Келесі  жағдаят  еркіндік  берумен  байла-

ныс ты.  Шығармашылық  біреудің  сөзі-

мен  дарымайды,  кеңесші,  тәрбиеші,  жат-

тықтырушы  болуы  мүмкін.  Көп  нәрсе 

баланың қабілеттілігінен туындайды. Оқы-

ту  шының рөлі ізденістерде жақсы кеңесші, 

кез  келген  бағдарды  сапалы  түрде  бере 

ала тын  маман  болуы  шарт.  Сонымен  қоса, 

оқушыларды шығармашылыққа баулуда пе-

да гог мынадай жағдайларды ескеру қажет.



20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Педагог:

Топтарда шығармашылық көңіл-күй тудыру. Баланың назары 

бір нәрсеге бағыттау.

Шығармашылық тапсырма ұсынғанда, мазмұн баланың жас 

ерекшелігіне, қызығушылығына үйлестіру

Кез келген ортада, мектеп, үй, оқу іс-әрекет үстінде қолайлы 

жағдай туғызу

Шығармашылық бағытқа жүйелі,сапалы түрде қалыптастыру



1-сызба

Яғни,  оқушылардың  белсенділігі  мен 

та нымдық  іс-әрекеттері  арқылы  шығар ма-

шылығын  дамыту,  қажетті  жағдайда  ай-

рықша шешім қабылдай алатын жеке тұлға-

ны  дайындау  оқытушы  алдында  тұрған 

үл кен міндет екені белгілі. Уақыт талабына 

сай  балалардың  шығармашылық  қабілетін 

да мыту  үшін,  оқытудың  жаңа  ақпараттық 

тех нологиясын  пайдаланған  жөн.  Баланың 

қия лын  дамытып,  ойын  ілгері  жетектеуде, 

түр лі  лингвистикалық  жаттығулардың  да 

рө лі  зор.  Сабақ  үстінде  материалды  салыс-

ты рып  қарама-қарсы  қою  әдісі  арқылы  да 

ұғындыру өз нәтижесін береді [3]. 

Педагог сабақта әдіс-тәсілдерді пайдала­

на  отырып,  балалардың  ұсыныс  пікірлерін 

ер кін  айтқызып,  ойларын  ұштауға  өздеріне 

де ген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып 

оты ру  қажет.  Әдіс-тәсіл  көмегімен  өткізген 

әр бір оқу іс-әрекеті оқушылардың ойлауын 

және  қиялын,  ойын  дамытып,  оларды  сөй  -

леу  ге үйретеді. Олар мынадай:

Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру

Логикалық ойлауын дамытатын ойындар. 

ребус, сөзжұмбақ,тапсрымаларды шешу.

Тапсырманы түрлендіру, кері есеп қарастыру, мәтінді 

өңдеу, шығарма, әңгіме, мәтін құру.

Әңгіме ұқсастығын салыстыру, бөліктерге 

бөлу, ат қойғызу

Ұнатқан кейіпкерге мінездеме жасау

Ой шапшаңдығы, сөз байлығын дамытуда өлең 

шумақтарын құрастыру

Әңгіме, ертегі, мәтіндерді өз бетінше аяқтау

Оқушыларды 

шығармашылық 

жұмысқа бау-

лып, олардың 

белсенділіктерін, 

қызығушылығын 

арттыра 

түсу үшін, 

шығармашылық 

қабілеттерін 

дамытудағы 

әдіс-тәсілдер:

2-сызба


21

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Ал  сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың 

шы ғармашылық  қабілетін  дамытудың  жұ-

мыс түрлері.

Әр түрлі кездесулер өткізу.

u

  Әр  түрлі  тақырыптарда  сайыс, 



пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойын­

ша шы ғарма жазу.

u

  Балаларға арналған журналдарға жаз­



дырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.

u

  Әрбір  оқылып  отырған  шығар ма-



лардың  авторлары  туралы  толық  мағлұмат 

жинау.


Осы  аталған  жұмыстарды  үнемі  бала­

лармен жүргізу арқылы, оқушы бойындағы 

қабілеттерді  дамытып,  олардың  өшуіне 

жол  бермеу  педагог  міндеті.  Бірақ,  бүгінгі 

күнгі  оқушы  зейіні  тұрақсыз,  импульсивті, 

қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. 

Дегенмен де, әр баланың бір нәрсеге бейімі 

болары  хақ.  Бейімділік-оянып  келе  жат қан 

қабілеттің  алғашқы  белгісі.  Мысалы,  бас-

қалардан  бұрын  балалардың  көркемдік  да-

рын дылығын  музыка  саласындағы,  одан 

соң  сурет  салуда  байқауға  болады.  Ғылым 

са ласында  бәрінен  гөрі  математикаға  да-

рын  дылық тезірек байқалады. Баланың жал-

пы  ақыл-ой  деңгейі  мен  неғұрлым  арнайы 

қабілеттіліктің  көркемдігі  арасында  ал шақ-

тық  болатын  жағдайлар  аз  емес.  Ақыл-ой 

қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын же-

тіс тіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер 

деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік 

деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың 

жеткілікті  кепілі  бола  алмайды.  Туа  біткен 

бейім діліктер  индивидумдық  психология-

лық  ерекшеліктердің  қалыптасуының  күр-

делі  процесінің  бір  шарты  ғана,  оның  бәрі 

қор шаған ортаға байланысты. Балада ерекше 

қа білет тіліктер болуының нышандары оның 

жа сы нан  ажырағысыз:  олар  көбіне  кемел­

дену  қарқынына  және  жастық  өзгерістерге 

байланысты.

Қабілетті балалардың дамуының теңелуі-

не жол беруге болмайды. Мұндай балалардың 

оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысан-

дары  олардың  мүмкіндіктеріне  сай  келуі 

тиіс.  Бала  бойындағы  қабілеттілікті  дамы­

туда жанұя өте маңызды орын алады, соның 

ішінде:

• жанұя құрылымы мен оның эмоционал­



ды климаты;

•  бала  мен  ата-ана  арасындағы  қарым-

қатынас стильдері;

•  ата-аналардың  бала  дарындылығына 

қатынасы.

Жанұяда басты мәселенің бірі – баланың 

тір шілік әрекетін ұйымдастыру, яғни, ба ла-

ның күн ырғағы, міндеттері, қойылатын та-

лап  тар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әреке-

ті  бос  уақытын  ұйымдастырулары  жатады. 

Барлық уақытта да, өсіп келе жатқан өскелең 

ұрпақтың  қабілеті,  дарындылығының  өрбуі 

ата-насының білімі және мәдени деңгейінің 

жоғары  болуына  да,  байланысты.  Сондай-

ақ,  жанұяда  бір-біріне  деген  қарым-қаты-

нас,  өз ара  үйелмендік,  тұрмыстық  жағдай, 

жағымды  оң  атмосфераның  да  тигі зер 

ықпалы  мол.  Өйткені,  болашақ  дарын ды 

азамат әлеуметтену жолындағы алғашқы қа-

дамын осы отбасынан бастау алады, соның 

ішінде  ата-ананың  мейірім,  ша па ға тынан, 

олардың  өмір  сүру  салтынан,  дүние та-

ным дық,  адамгершілік,  әлеуметтік-саяси 

құндылықтарынан дариды. Жанұя – болашақ 

ұрпақтың әлеуметтену жолындағы алғашқы 

қадамын  жасайтын  бастапқы  адым.  Сол 

үшін де  баланың  қабілетті  болуы  жанұяға 

тікелей қатысты. 



ӘДЕБИЕТТЕР

1  Көшербаев Ж.А. Тәрбие мен білім берудің заманауи мәселелері. – Алматы, 2011.-225б.

2 Намазбаева Ж.И. Психология/Оқулық. – Алматы, 2005. - 430б

3  Джарымбетова  А.Е.  http://referat911.ru/Psihologiya/oushylardy-shyarmashyly-abletn-

arttyru-baytynday/157208-2193176-place1.html


22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

УДК 37.022



М.А. Нуриев

Директор НИИ Формирования интеллектуальной нации, профессор

Д.М. Советканова, А.Е.Садыкова 

Магистры педагогических наук 

ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ТЕХНОЛОГИИ ПРОЕКТНОГО ОБУЧЕНИЯ 

В данной статье рассматриваются важности применения проектной работы в обучении, 

а также основные требования к ним. Этапы разработки плана работы с проектными метода­

ми. Основная цель и задача учителья в проектном методе. 



Ключевые  слова:  метод,  проект,  студент,  обучение,  формирование,  креативность, 

адаптивность, целеустремленность.

Бұл мақалада жобалап оқыту технологиясының теориялық негізі және оны білім беру 

жүйесіне енгізудің маңызы берілген. Оқыту барысында жобалап оқыту әдісін қолданудағы 

басты арнайы талаптары, құрастырудың кезеңдері мен мұғалімнің негізгі алдыға қоятын 

мақсат, міндеттері де ұсынылған.

Түйін сөздер: әдіс, жоба, студент, оқыту, қалыптастыру, бейімдеу, бағыттау.

In this article the main requirements to them are considered importance of application of the 

project work in training, and also. Development stages of the plan of work with design methods. 

A main objective and a task teachers in a design method.



Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Білім каналы, Ел арна, Детский дом, Сара Алпысқызы Бӛбек туралы
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> Ф ҚазҰпу 604-01-15. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары. Бірінші басылым

жүктеу 1.11 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет