Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 1.11 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата28.02.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДІЛ БОЛЫП ӘДЕТТЕН

Әділ адам - шын мықты

Әділ айтар шындықты.

Шындықты дәл көре біл:

Шын бағасын бере біл.

Артық сөзді көпіріп,

Айта салма лепіріп.

Әлемдегі құндық та -

Әділдік пен шындықта.

Әділеттік - әдептен:

Әділ болып әдеттен.

Тапсырма:

«Әдепті жан әділетті болады» деп, ол ту­

ралы түсінігіңді жаз.

«Шындық», «әділеттілік» деген сөздерге 

түсінік жаз.

 Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен 

өнерлерді дарыту деген сөз



әл-Фараби.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

10

ӘОЖ 8.82.4



С.Ғаббасов

Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы,

КСРО  денсаулық  сақтау  ісінің  үздігі,  профессор,  Қазақстанның  Еңбек  сіңірген 

қайраткері,  ШҚО-сы,  Зайсан  ауданының  құрметті  азаматы,  Махамбет  атындағы 

сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Нострадамус атындағы академияның

толық мүшесі – Академик

ӨТКЕН КҮНДЕ – БЕЛГІ БАР

Автор мақалада артта қалған күндерінен болашақ ұрпақтың алдағы атар таңдарына сабақ 

болардай тағылымы мол, өткен күндердегі ұстаздары – академик И.Қарақұлов, профессор 

К.Өтегенова, профессор Қ.Макиров, профессор Х.Мырзалиевадай   ғұламаларды еске алып, 

100 жылдықтарына арнап қалам тербеген.

Түйін сөздер: жазушы, өткен күн, ұстаз, тәрбие, болашақ, ұждан.

Данную статью автор посвещает столетию со дня рождения таким педагогам как ака­

демику И. Каракулову, профессору К. Утегеновой, профессору К. Макирову, профессору 

Х.Мырзалиовой которые после себя оставили бессмертные труды. 



Ключевые слова: писатель, педагог, воспитание, труд, будущее.

This article author to the to dedicate century from the day of birth to such teachers as academician 

I. Karakulov, professor К. Utegenov, professor К. Makirov, to the professor K. Mirzagaliev that 

after itself left immortal labours. 



Keywords: writer, teacher, education, labour, future.

Мұңлы  арман.  Алматының  мамыра­

жай  жазы.  Бұл  кезде  аласапыран  апаты 

мен  қасіреті  мол  болған,  ХХ-шы  ғасыр  да 

орта  сы нан  ауып  бара  жатқан.  Не  түрлі  ке­

сапаттарды  басынан  кешкен  Кеңес  елі  де, 

екінші  дүниежүзілік  соғыс  лаңынан  енді-

енді  көтеріле  бастаған.  Сол  кездегі  мектеп 

бітірген  Ұландар,  Комунисттік  партияның 

шақыруымен,  ауыл  шаруашылығында  екі 

жыл жұмыс істеп, 1959 шы жылдың жазын­

да  жоғарғы  оқу  орындарына  түсуге  талап­

тану да еді. Мен де осы жылы, мұңға толы, 

құпиялы  сәби  арманымды  арқалап,  адам 

дәрігері  боламақшы  боп  Алматыға  кел ген 

едім.  Сірә,  мына  астарлы  сөздерден,  оқыр-

манда әртүрлі сауалдар тууы да мүмкін ау;

Иә ә, неге мұңға толы?..

Неге құпиялы сәби арман?.. 

Неге,  дәрігерлікті  таңдайды?  –  дейтін, 

сауалдардың сырын аша кеткен жөн сияқты. 

Өйткені,  мұның  өзі  –  бүкіл  тағдырымның 

кілті десемде болады...

      Иә  ә.,  шынында  да,  бұл  –  қапалы  да, 

қапырықты  уақиға  еді?!  Соғыс  алапаты 

жаңа  бітіп,  менің  жеті  жасар  шағымда,  екі 

бірдей  ағаларым;      бірі  –  он  тоғыз  жасын­

да;   екіншісі – он жеті жасында, он-ақ күн 

ара лап  дүние  салған  болатын.  Әсіресе,  Со­

вет  бек  атты  ағатайым  қайтқанда,  еңіреген 

жасым  тоқтамай,  шошына  жүрексінсемде 

шымылдықтың арғы жағында жатқан мәйіт-

ке  кірдім  де,  бетін  ашқан  бойы  мелшиіп 

тұрып қалғандағы бала сезімімді, дәл басып 

айту қиын. Сонда, Өлімнен – шошынсам да, 

Ажалмен  –  күресуді,  келешек  арманымдай 

серт беріп шыққандай едім. Міне сол, мұңға 

толы, құпиялы арман, Алматының дәрігерлік 

институтына  әкеп  тұр.  Болмаса,  жетінші 

клас тан бастап – шағын суреттеме, өлең тақ-

пақтарым  аудан  және  облыс  газеттерінде 



11

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

жариялана бастаған болатын. Осыған қа ра-

мастан, менің бар арманым – дәрігер болып, 

мезгілсіз келетін ажалмен – күресу еді. Бірақ, 

мұның  асу  бермес  қиындығы,  шет  тілінің 

сынағы болатын. Өйткені, орта мектеп те ша­

ла-пала неміс тілін оқыған едік...

«Адамда  –  тағдыр  бар»      дегенге  қалай 

сенбессіз?! Шынымды айтсам, неміс тілінен 

сауатым жоқ болатын. Әйтеуір, Нартәуекел!..

Бұл кезде бодандаушылардың да ары оя­

нып,  ұяты  беттерін  күйдірді  ме?  Қалай  де­

секте,  бұл  жылдары  қазақ  мектебін  бітір-

гендер      сынақты  –  қазақ  тілінде  тапсы ра 

бас таған.  Негізгі  пәндері  химия  мен 

физика ны  өте  жақсы  тапсырып,  шошы­

нып жүргенім орыс пен неміс тілдері бола­

тын. Орыс тілі нен   сұқбаттасу болса, неміс 

тілінен – сынақ тапсыртады екен. «Тәуекел 

түбі – жел қайық»   дегендей сынаққа кіріп 

белет  алсам,  Алланың  сәті  болар,  жаттап 

алған «Am ticһ – за столом»   дейтін, шағын 

тақырыптың  қолыма  түскеніне  не  дерсіз? 

Бұл  келмесе,  мүлдем  қараң  едім  ғой.  Міне, 

алланың жарылқауымен, осылайша дәрігерлік 

ин с титутқа түстім. Жалпы, дәрігерлік маман-

дықтың   оқуы да қиын, қызметі   онанда бе-

тер жауапты екенін ерекше айтқан жөн. Оның 

үстіне,  дәрігерлік  мамандық  та,      жазушы, 

ақын, суретші, композитор тәрізді, адам жара­

тылысында осыған орай табиғи қабілеті болуы 

шарт?! Кеңес елінде ескерілмейтін бір қателік 

осы болатын! Диплом алғанның бәрі – жақсы 

дәрігер бола алмайды. Өйткені, адамның тегін 

де, бақсы балгерлік негізі болуы қажет. 

Мединститутқа  түстім!  Ендігі  мәселе, 

жат  пай тұрмай сабақ оқу?!.. Әйтпесе, бір ін ші 

курстің аяғында   бес факультеттен 190 200-ден 

қазақ балалары орыс тілін дегі оқу ды игере ал­

май   институттан шығып қала ды екен. Осыны 

естіген біздер тәулігіне 3-4 сағат қана ұйықтап, 

күні-түні  сабақ  жат таймыз.  Әсіресе,  біліп 

тұрған  химия  мен  физика  ны  орысша  айтып 

бере алмай қина ла тынымызды айтсаңызшы?! 

Сонда ғана   бодан дық – құлдық – теңсіздік – 

дегеннің не екенін түсіне бастадық. Өз елің 

де      өз  тілің  де  сөйлей  алмаудың  қасіретін 

шектік...

Оқудағы  үлгірімім  жақсы  болғандықтан, 

екінші курстан институттың комсомол ко ми-

тет іне тартты. Бұл қоғамдық көз қара сым ды 

тереңдетіп,  азаматтық  санама  ықпал  еткені 

рас.  Көп  нәрсеге  көзіміз  ашыла  бастады. 

Әртүрлі жайды ашық көтеріп, уақыт тыны­

сын аңғару байқалатын. Мәселен,   институт 

басшылығын  да,  партком  да,  не  деканат­

тар  да      бірде  бір  қазақ  кадрінің  көрінбеуі, 

өз  отаныңдағы  кемсінудің  көрінісіндей  се-

зі ле тін.  Тіпті  мұны,  тұңғыш  рет  институт 

кө лемінде  көтерген  де,  комитет  комсомолы 

бол ды.  Себебі,  осы  жылдар  да,  комсомол 

коми теттеріне  батыл  да  еркін  қимылдауға 

нұс қау беріліп,   «жастар мәселесін – жастар 

өз дері  шешсін»      дейтін  бағдарлама  өмірге 

ен  іп  жатқан.  Бұл  жастардың  белсенділігін 

кө теріп,  инсититутта  да,  жатаханада  да, 

жаңа ша  қимыл-әрекеттердің  ұйтқысы  бол­

ды. Осындай жаңашылдықпен дүниеге кел­

ген жақсы істің бірі, институттың жанынан 

ұйымдастырылған - Көркемөнерпаздар   ұжы-

мы  болды.  Мұн да    музыка  құралдарының;   

домбыра, баян, қобыз, күйсандық, сыбызғы, 

шер тер,  хор  –  үйірмелері  жұмыс  істей  бас-

тады.  Институттың  комсомол  ұйымының 

же тек шілігімен  жасалған  көптеген  жақсы 

істер,  тек  институтта  ғана  емес,  аудан 

мен  қала  көлемінде  де  айтыла  басталды. 

Мед  институтының  ұлт  аспаптар  оркесто­

ры  мен  әншілері  республикаға  да  белгілі 

бола  бастады.  Кешегі  Татяналарымыз 

осы  кезде  шыққан.  Олардың  домбырамен 

қазақтың  халық  әндерін  нақышына  келтіре 

орындағандарын,  көпшілік  қауым  ыстық 

ықластарымен  қабылдаған  еді.  Осылайша, 

институт  комсомол  комитетінің  беделі  ар­

тып, аудандық деңгейдегі құқұқ берілген соң, 

оның І-ші және ІІ-ші хатшылары айлық алып 

қызмет істеді. Бұл кезде, 1964 1965 жылда­

ры, мен комсомол ұйымының І ші хатшысы 

қызыметін атқарған едім. Осы жылдары ин­

ститут жанынан Мәншүктің музейі ашылып, 

бодандықтан  бұйығып  қалған  жастардың 

еңсесін көтеруге көп әсерін тигізді...

Мединституттағы өзгерістер. Бұл өзге-

ріс тердің  пәрменді  болуына  жетекшілік  ет­



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

12

кен, осы жылдары Москваның 2-ші медици  на 



институтынан – Алматы институты на ғылым 

жөніндегі проректоры боп келген    профессор 

Қуаныш  Аманбайұлы  Макировтың      орны 

бөлек болатын. Бұл адам гвардия полковнигі, 

кезінде Тегаран конференциясына қатысқан, 

аса білімді де өткір адам еді. Профессор Қ.А. 

Макировтың  ақылдасып  кеңесетін  адамы, 

бұрын  екі  дүр кін  республикада  денсаулық 

сақтау  министрі  болған,  атақты  академик 

Ишанбай Қарақұлұлы Қарақұлов еді. Бірақ, 

бұлар  кезкелген  іске  –  жабық  басшылық 

етті  де,  біздер  –  жастар  ұйымы  мәселені 

ашық  жүргізушілер  болдық.  Осы  тұста 

істелген шаруаларды қысқаша айтсақ, 1962–

1963  оқу  жылы  –  институттағы  оқу  ісінің 

прорек торы  –  профессор  А.А.  Сүлейменов 

тағайындалды,  институттың  парткомы 

–  доцент  М.  Құнантаев  сайланды,  емдеу 

факультетінің дека ны – доцент А.Ғ. Серғазин, 

балалар  факультетінің  деканы  доцент  М.Ғ. 

Сейтқамзин,  стоматология  факультетінің 

деканы  –  Қ.Ш.  Шакеновтер  бекітіліп,  міне 

бұлар  тұңғыш  басшылыққа  келген  қазақ 

маман дары  болды.  Бұл  –  бүкіл  медицина 

саласындағы  жаңа  леп,  аса  батыл  жаңалық 

деуге болады. Ендігі ең ауыр шаруа, көктем 

келісімен  балалардай  шулап,  институтпен 

қоштасатын  қазақ  жастарының  мәселесі 

еді.  Бұл  мәселені  шешу  үшін,  мамандыққа 

қатысы  жоқ,  бірінші  курстегі  физика,  хи­

мия,  тарих,  политэкономия,  ғылыми  ком­

мунизм – пәндерін қазақша оқытуды көтере 

бастадық.  Әлі  де,  жоғарыдағылар  –  жабық 

істеп, бұл мәселені де   ашық көтерушілер, 

комсомол комитетіндегі біздер едік. Комсо­

мол ұйымының І-ші хатшысы ретінде, менің 

артымда  КГБ  ның  аға  литинанты  жүрді. 

Бірақ,  оның  «қортынды  анықтамасында» 

қазақ группасын ашудың қажеттігін айтып, 

қаржы  жағынан  үкіметке  ұлан  асыр  пайда­

сы мол екені түсіндіріліпті. Өйткені, бір жыл 

оқып  шығып  қалатын  190–200  студенттің 

әрқайсысына  миллиондаған  қаржы  ша­

шылады  екен.  Мұны  институт  бойынша 

талқылап,      бес  факультеттің  әрқайсысына 

үш  группадан,  жоғарыда  көрсетілген  пән-

дер  ді қазақша оқытатын он бес группа   экс­

перимент  ретінде  ашылатын  болды.  Бұл 

шешімнің пайдасы келесі жылы ақ көрініп, 

институттан бар болғаны 10-ға да жетпейтін 

балалар  шығарылды.  Оның  көпшілігі  тәр-

тіп  бұзған  студенттер  еді.  Біздің  батыл 

жасалған инновациямыз – бүкіл қала бойын­

ша,  аса  үлкен  сенсация  болды.  Көп  ұзамай 

осы  пәндердің  кафедра  меңгерушілері  де, 

екі  тілді  білуге  тиісті  болып,  барлығына 

қазақ  тілді  ғалымдар  басшылық  ете  ба­

стады.  Әйтседе,  мұның  бәрі  оп  оңай,  ың-

шыңсыз  жүріп  жатқан  жоқ.  Әсіресе,  орыс 

тілділерге  ұнамайтындықтан,  институтта 

әртүрлі  сөздер  де  көп.  Бірақ,  фактінің  аты 

–  факті  емес  пе,  болған  істің  жақсылығын 

көріп күмілжігендерімен, күңкілдеп қазақша 

оқытудан  үрейленетіндерін  ашық  айтып 

жүрді...

Көтеріле бастаған келесі бір мәселе, ин­

ститутта  қазақ  докторларының  дайындал­

май  жатқаны  болатын.  Мұны  жыл  сайын 

институттың  партия  жиналыстарында,  сол 

профессорлардың өздері жиі көтеріп жүрді. 

Бірақ, орысы да, қазағы да шуылдасады да, 

түк  болмағандай  қоя  салады.  Тіпті,  жина­

лыстан  кейін,  мүлдем  ұмытып  та  кететін. 

Әйтседе, институтқа «Орталық ғылыми ла­

боратрия»  (ЦНЛ)  қажеттігі  де,  тіпті  жылда 

айтылатын «докторантуралық демалыс» беру 

де, сөз бұйдадан асалмай жүргені анық. Бұл 

мәселелердің  жыл  сайын  институттың  жал­

пы жиналысында айтылғанымен, не себептен 

шешілмей келе жатқаны жайлы, ректоратта тіс 

жарып әңгіме қозғағысы келмейтін. Мұның 

себептерін  естуге,  әсіресе  биылғы  жина­

лыста жас коммунистер тағыда белсенділік 

көрсетті.  Бірақ  оларға  нақты  жауап  бер­

ген  ешкімде  болған  жоқ.  Көп  жылдар  бойы, 

тым ұзақ уақыт институттың ректоры болған 

Р.И.Самаринның  орнына  келген,  денсаулық 

министірінің  орынтағын  ауыстырған  С.Р. 

Қарынбаев  та,  мұны  шешуге  асықпайтын 

тәрізді.  Сондықтан  болар,  бұл  мәселе  бірде, 

комсомол  комитетінің  бюросында  қаралып, 

қызу талқыға түскені жайлы әңгіме институт 

көлемінде айтыла басталды...


13

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Үлкен жарылыс. Биылғы 1964-ші жыл-

дың  күзі  де  қарқынды  басталып  кетті.  Бұл 

кезде  институттың  комсомол  ұйымының 

беделі  асқақтап  тұрған.  Әсіресе,  былтырғы 

күзде «Тың штабын» комсомол комитеті өз 

иелігіне  алып,  бұрынғыдай  әр  факультетке 

басшылыққа бөлінген ұстаздар тобы (проф. 

Сереткин,  доцент  Русаков,  подполковник 

Кривушин,  доцент  Котов,  ассистент  Уте­

шов) түгелімен, «тың штабының» бастығына 

бағынатын  болды.  Совет  аудандық  партия 

комитеті  мен  комсомол  ұйымы  «тың  шта­

бын»  басқаратын  адамның  кандидатурасын 

өздерінің  бюросында  қарап,  институттың 

комсомол  ұйымының  І-ші  хатшысы,  емдеу 

факультетінің  6-шы  курс  студенті  Совет-

Хан  Ғаббасовты  тағайындаған  болатын. 

Сол  жылы  институт  студенттері  Целино­

град  облысының  үш  ауданына  (Баранқұл, 

Қорғалжы,  Еркіншілік)  бөлініп,  еңбек 

семестрін  жемісті  аяқтап,  үш  ауданның  да   

ауыспалы қызыл туларын   жеңіп әкелген еді. 

Бұлармен  қатар  егін  жинасқан,  Москваның 

–  МАИ,  Киевтің  –  Политех  институтта­

рынан  көш  ілгері  озып,  еңбек  және  тәртіп 

көрсеткіштерімен,  бүкіл  обылыс  көлемінде 

үлгілі  атанды.  Сол  кездегі  Целиноград 

обкомның  І-ші  хатшысы  С.Б.Ниязбековтың 

тікелей  қамқорлығы  арқасында,  мед-

институттың  көп  студенттері  марапатта­

лып, «тың штабын» басқарған С.Ғаббасовқа 

«Тың  және  тыңайған  жерді  игеру»  медалі 

Кеңес  Одағы  Президумының  шешімімен 

тапсырылды.  Алматы  медицина  инсти­

туты  өз  студенттерінің  бұл  табысын,қала 

мен  аудан  партия  комсомол  басшыларын 

шақыра отырып, тың жерінен жеңіп әкелген 

үш бірдей туды сахнаның төріне желбірете 

жайып, салтанатты түрде мерекелі кештерін 

өткізді. Міне осындай аброймен жұмыс істеп 

жатқан  институттың  комсомол  ұйымымен 

ректорат пен партком да қоян қолтық жұмыс 

істеуге үйрене бастаған. Институттағы сту­

дент мәселелерін түгелдей комсомол ұйымы 

өздері  шешетін  жағдайға  жеткен  болатын. 

Тіпті,  ірі  қалалардағы  (Москва,  Ленинград, 

Киев, Льбов т.б.) мақсатты асперантураларға 

жіберуді  де,  алдымен  комсомол  комитеті 

қарап  ұсынатын  еді.  Комсомол  ұйымының 

мұндай беделі, бүкіл студенттер қауымының 

белсенділігін  күшейте  түсті.  Студенттер 

арасындағы оқу үлгірімі мен тәртібі бұрын 

соңды болып көрмеген жетістіктерге жетті. 

Жастармен  жұмыс  жүргізу  мәселесі  жай­

ында,  басқа  институттардан  іс  тәжрибе 

алмасуға  келетін  қонақтар  да  көбейе  түсті. 

Осылайша мамыражай күй кешіп жатқан ин­

ститутта, үлкен жарылыстың сипатына тән, 

мынадай  бір  уақиға  басталып  кетті.  Ол  ба­

стабында жайбарахат күйі, былайша өрбіген 

еді...

Бір  күні  институтта  болған  жалпы  пар­



тия  жиналысынан  кейін,  Лениндік  сте­

пендият,  комсомол  комитетінің  акедем­

секторын  басқаратын  Коля  Хван  үш  бетке 

жуық  жазылған  мақаланы  әкеп  көрсетті. 

Бұл      кешегі  партия  жиналысында  сөз 

болған, баяғы – ЦНЛ – докторантура – кадр 

мәселесі  жайында  жазылыпты.  Мақаланы 

Коля  екеуміз  қарап  шыққан  соң,  ақылдасу 

үшін  проректор  Қ.А.  Макиров  пен  про­

фессор  И.Қ.Қарақұловқа  жазылған  мате­

риалды  әкеп  көрсеттік.  Олар  танысқаннан 

кейін, біздерді шақыратын болып шығарып 

салды.  Бірер  апта  өткен  соң  академик 

И.Қ.Қарақұловтың кабинетінде – проректор 

профессор  Қ.А.Макиров,  Коля  Хван  және 

Мен  –  төртеуміз  мақаладағы  мәселелерді 

пысықтауға  жиналдық.  Мақаланың  көлемі 

екі  еседей  өсіп,  машинкаға  бастырылып 

қойған екен.

Сөз бастаған профессор Қ.А.Макиров: 

Құрметті  бауырларым  Совет  Хан  мен 

  Коля,  сіздердің  азаматтық  белсенділіктері-

ңіз ге ал ғыс айтамын. Көптеген жақсы істерді 

ат қарып  та  жүрсіздер?!  Мынау  көтеріп  от-

ыр  ған  проблема,  бұрынғылардың  қай  қай-

сы сынан  да,  маңызды  да  күрделі  екені  рас. 

Көрсетілген мәселелер, тек фактімен ға на жа-

зы луы керек. Сондықтан, мен біраз нәр  селер  ді 

өзгертіп, біраз дүниелерді қосып жаз ғанды жөн 

көрдім. Мінеки, оқышы? – деп Коляға ұсынды. 

Қыбыр етпей төртеуміз де тыңдадық?! Пікір  ді 

алдымен бастаған Ишекең: 



14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Барлығыда  айтылып  жүрген  мәселелер 

екен. Жақсы жазылыпты?! Ешкімнің атына 

жал ған сын айтылмаған. Көтеріліп отырған 

про блеманың қажеттігі сөзсіз! Іске сәт! – деп 

сөзін аяқтады. 

Біздер де келістік. «Мақала»   деудің ор­

нына,   «Ашық хат»   деп «Правда» газетіне 

жі берілетін болды. 

Бірінші – менің аты жөнім, екінші – Коля 

Хван  жазылатын  болды.  Азды  көпті  өз ге р-

іс терді  түзетіп,  ертең  дайындалысымен-ақ 

жіберілетін  боп  шешілді.  Осылайша,  бұл 

шаруа да іске қосылып кетті. Тағдыры қалай 

болатынын келешек көрсетеді...

Зымырап  өтіп  жатқан  уақыт.  Қысқы  ка-

ни  куль  дан  оралып  жатырмыз.  Анадағы 

біздер  жіберген  хаттан  еш  хабар  жоқ.  Мен 

биыл  институтымды  бітіретіндіктен,  ком­

сомол  ұйымының  есепті  жиналысына  қызу 

әзірлену үстіндеміз. Мұны жақында барып, 

Алматы қалалық комсомол ұйымының І ші 

хатшысы Оразбаев Темірланмен ақылдасып 

та  көрдім.  Ең  басты  мәселе,  олардан  менің 

орныма қазақ тағайындалуын сұрадым. Бұл 

мәселеге биыл парткомның хатшысы болып 

сай ланған  А.С.  Колдашовтың  қарсылығы 

барын айттым. Қызуқанды Темірлан: 

  Комсомол  хатшылығына  кімді  қоюды   

ком сомол  ұйымы  өзі  шешеді.  Саспа!  Өзің 

ұсынатын  кандидатураны  әзірлей  бер?!  – 

деп желпінткендей болды. 

Мен, сонда да уақыттың тығыздығын ай­

тып: 


  Әйтседе, кешіріңіз?! Қазір уақыт тауып 

Ғибат ағамызға (Мырзағалиев) кіріп шықсақ 

жақсы  болар  еді.  Обком  комсомолдың  ба­

тасын  алсақ,  ешкімде  қарсы  бола  қоймас,   

деп  өтіндім.  Темірлан  бірден  Ғибатпен 

сөйлесті де;   Жүр кеттік, деді. Ғибат ағамыз 

қолдайтындығын және А.С.Колдашовпен өзі 

сөйлесетінін айтып, біздерді шығарып салды. 

Осылай келіскеннен кейін, фрамацептикалық 

факультеттің  комсомол  ұйымын  басқарып 

жүрген Кеңесбай Үшбаевты шақыртып едім, 

оны  аптекар  етіп,  «Шелектің»  аптекасына 

бөліп жіберіпті. Осы мәселемен институттың 

ректоры  С.Р.  Қарынбаевпен  сөйлесіп  едім, 

ол ақылдасуға А.С. Колдашовты шақыртты. 

Текетіреске  толы  ұзақ  әңгімеден  кейін, 

олар  менің  пікіріме  келіскендей  болып,  К. 

Үшбаевты  дайындауға  рұхсат  алдым.  Өзі 

пысық  та  намыскер,  білетіні  мол  Кеңесбай 

Үшбаев,  алдағы  комсомол  ұйымының  кон­

ференциясын әзірлесуге кірісіп кетті. Оның 

институтты  бітіріп,  қолының  босағаны, 

тіпті  біздер  үшін  жақсы  болды.  Дайындық 

жұмыстарын  дөңгелетіп  жіберді.  Сөйтіп, 

1965  ші  жылдың  ақпан  айының  аяғына  та­

ман,  Кеңесбай  Үшбаевты  –  Алматы  меди­

цина  институты  комсомол  ұйымының  І  ші 

хатшысы  етіп  тағайындап,  арқалаған  ауыр 

жүгімнен  құтылып,  қолымның  босағанына 

ерекше қуандым. Өйткені, алда   бес сабақтан 

мемлекеттік сынақты тапсыру тұрған бола­

тын...


Біздерге  Кеңесбай  Үшбаевты  таңдау, 

шын мәнінде өте сәтті болып шықты. Оның 

келешек  үрдістері  мен  берген  жетістіктері 

республикалық  деңгейге  дейін  көтеріліп 

кетті.  Ол  институттың  комсомол  ұйымын 

басқара  жүріп,  фармация  ғылымдарының 

кандидаттығын  қорғап,  Льбовтағы  атақты 

профессор  В.Ф.  Краморенкодан  доктор­

антурасын  жемісті  аяқтап,      тұңғыш  фра­

мация  ғылымдарының  докторы      атағын 

ал  ды.  Әсіресе,  қоғамдық  жұмыстағы  бел-

сенділігінің  арқасында,  Алматы  медици-

на  инс  титутының  проректоры  және  ректо -

ры  қызметтерін  атқарды.  Көп  жылдар 

Респуликадағы  аптек  басқармасының  төр-

ағасы болып, қазір жаңа қоғамның бағ дары-

мен, бүкіл мемлекетіміздегі   Фар мац ия өн-

дірісін      жетілдіріп  отыр.  Республикадағы 

ал дын алу  медицина  ака де мия сының  акаде-

мигі,  ел-жұртына  қайырымды  кәсіпкер  ре-

тін де де танымал. Ту ған ауылына салдырған 

Мектебі  мен  Мешіті  жерлестерінің  аялап 

ұстап отырған мақ таныштары десе болады...

Қазақтың  төл  күнтізбесі  бойынша,  жыл­

басы  Наурыз  да  келген  еді.  Бірақ  ол  кезде, 

Наурыз мерекесі деген атымен жоқ болатын. 

«Туған ай   тураған етпен бірдей»   дегендей, 

наурыздыңда  ортасынан  ауа  бастаған.  Күн 

бірден жылынды да қала ішіндегі қар кетіп, 


15

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

сәнді  Алматымыз  тазарып  та  үлгірген  еді. 

Осы күндері сол баяғы   «Правда» газетіне 

жіберген  «Ашық  хат»      ректоратқа  келіпті. 

Бүгін оны біздерге проректор Қ.А. Макиров 

хабардар етті. Міне, осы күннен бастап, ар­

тыс тартыс басталды десе болады. Ертеңінде 

ректорат  пен  парткомның  біріккен  бюро­

сын  шақырып,  хатта  айтылған  мәселерді 

талқылауға  кірісті.  Арнайы  шақырылған 

адамдар;      барлығыда  белгілі  мәселелер 

ғой, баяғыда ақ шешілуге тиісті еді   десіп 

жайбарахат  талқыламақ  сыңай  танытты. 

Бірақ,  парткомның  хатшысы  А.С.Колдашов 

пен  ректор  С.Р.Қарынбаев  екеулері,  жастар 

тым  асқақтап  кетті  дегенді  сылтауратып, 

әңгіме төркінін мүлдем басқа арнаға салуға 

ыңғай  танытты.  Осыны  байқасымен-ақ, 

институтта  соңғы  жылдары  болып  жатқан 

жаңалықтарды  жақтырмайтындар  бірден 

бас  көтеріп  гулей  жөнелді.  Тіпті  олар  про­

ректор Макиров пен академик Қарақұловты 

«жастарды  бұзушы»  ретінде  кінәлай  да  ба­

стады. Міне осылай аса өткір дау дамайлар 

өрбіп,  жиналыс  түннің  бір  уағында  әрең 

бітті.  Ұзақ  сонар  тартысқа  түскен  сөздерді 

термелемей ақ, бюроның қортынды шешімі 

былай болды; 

Институттың  бұрынғы  комсомол  ұйымы-

ның  І-ші  хатшысы,  6-шы  курс  студенті 

С.Ғаббасов – партия қатарынан шығарылсын;

Профессорлер И.Қ.Қарақұлов, Қ.А. Маки­

ров және асперант К.Хван – документтеріне 

жазылып қатаң сөгіс жариялансын;

Дауысқа  қойылғанда  2-дауыс  басым-

дықпен жоғарыдағы ұсыныстар қабылданды.

Мінеки,  осылайша  институтқа  қажет 

және  бірнеше  жылдан  бері  көтеріліп  келе 

жатқан мәселені, кертартпа тәкәппар топтар 

ушықтырып  жіберді.  Праткомның  шешімі 

көп  ұзамай  аудандық  бюрода  талқыланып, 

онда да болар-болмас басымдықпен бекітілді. 

Енді  біздер  бұл  шешімнің  дұрыс  еместігін 

айтып  Алматы  обкомына  қағаз  түсірдік. 

Обкомға  жаңадан  келіп  жатқан  Асанбай 

Асқаровты,  жұрт  ерекше  батылдығы  мен 

шешімділігін  айтып  аңыз  етісіп  жүр.  Шы­

нында да, біздің мәселені қараған алғашқы 

отырыста, онан шыққан Колдашов көзі жа­

саурап аса көңілсіз шықты. Содан едіреңдеп 

жүрген институттағы топтардың да еңселері 

түсіп қалғандай болатын. Әйтседе, обкомның 

да нақты шешімі тым ұзарып кетті...

Алтыншы  курстің  студенттері  мем-

лекеттік  сынаққа  қызу  әзірлік  үстінде. 

Кейбір  ұзын  құлақтан  жеткен  хабарлар 

бойынша,  қарсы  топтағылар  мені  госэк­

заменнен  құлатпақ  көрінеді.  Осыны  ай­

тып,  жақында  профессор  Қ.А.  Макировке 

кіріп  шықтым.  Бұл  сыбысты  ол  да  естіген 

тәрізді.  Сондықтан  болар  жылдам  шешім 

қабылдап, түстен кейін сағат 16 да келуімді 

сұрады.  Белгіленген  уақытта  кірсем,  емдеу 

факультетінің  деканы  А.Ғ.Серғазин,  қазақ 

халқының  мақтанышына  айналып  кеткен 

қыздары,  профессорлар  Камила  Досқызы 

Өтегенова мен Хадиша Мырзалиқызы Мыр­

залиева  және  академик  И.Қ.  Қарақұловтар 

жиналып  отыр  екен.  Барлығыда  менің 

қадыр  тұтар  ұстаздарым  болатын.  Олар 

жылы  шыраймен  қарсы  алып,  үш  адамнан 

(А.Серғазин,  К.Өтегенова,  Х.Мырзалиева) 

бақылаушы құрғандарын айтты. Олар менің 

сынақтарыма  міндетті  түрде  қатынасып 

отыратындықтарын  ескертті.  Маған  аса 

ұқыпты дайындалуды тапсырды. Жүзіме жа­

дырай қараған Камила-апамыз;   Ештемеден 

де жасқан ба?! Бауырым сені біздер мақтан 

тұтамыз.  Осы  отырған  үшеумізде,  сенің 

әділетсіздік көрмеуіңе кепілдік береміз,   деп 

сөзін  аяқтады.  Расында  да  профессор  Ка­

мила  Досқызы  Өтегенованы  мединституты 

түгіл,  бүкіл  республика  деңгейінде  құрмет 

ететініне  сан  рет  куәгер  болғаным  бар. 

Сондай  адамның  сөзінен  кейін,  Қуекеңнің 

кабинетінен қанаттанып шықтым.

Бірер күннен кейін мені қорғаушы топтың 

құрылғаны жайында да, институтта гулеген 

әңгімелер де айтылып жүрді. Мені сынақтан 

құлатпақ  топтың  әрекеті,  «имансыздық 

пиғыл»  ретінде  танылып,  комсомол  жастар 

арасында  да  талқыланғаны  белгілі  болды. 

Осының барлығы да, қарсы топтың еңсесін 

түсіріп  жібергендей  еді.  Әйтеуір,  не  креек, 

мемлекеттік  экзаменнің  төртеуін  –  беске, 


16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

біреуін – төртке тапсырып, мен де аман-есен 

институтымды  бітірдім.  Камила-апамыз 

бірде-бір  экзаменді  жібермей  қатынасып 

жүрді.  Қазір  маған,  мұның  өзі  бір  ғажап 

уақыт  тәрізді  көрінеді.  Өйткені,  кешегі 

Кеңес  үкіметі  заманын  да,  қоғамда  тәртіп 

пен әділет болатын ...



Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Білім каналы, Ел арна, Детский дом, Сара Алпысқызы Бӛбек туралы
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> Ф ҚазҰпу 604-01-15. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары. Бірінші басылым

жүктеу 1.11 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет