Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 1.11 Mb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата28.02.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Ислам өркениеті. 2013ж № 31. 1-10 желтоқсан. 5 б.

2 Дербісәлі Әбсаттар. Ислам және заман. – Алматы, «Б.о.ж», 2003. -560б.

3 Мәмежанов Қ.Ш. Ислам тағылымдары. – Алматы, «Б.о.ж», 2003. -448б.



71

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37. 06



Қ.Б. Әмірова

№83 гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

ІЗГІЛІКТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада  жас  ұрпақтың  бойында  ізгілікті  қасиеттерді;  қамқорлықты,  рухани 

құндылықтарды, ақылдылықты, адамдық қасиеттерді дамыту үшін отбасының, мұғалімнің, 

қоршаған ортаның әсері мол екендігі сөз болады. Оқу-тәрбие үрдісінде оларды дұрыс жолға 

қоя білу, ұштастыра білу қажеттігі қарастырылған. Сонымен қатар отандық ғалымдардың 

«ізгілік» ұғымына берген ой-пікірлерін кесте бойынша көрсеткен.



Түйін сөздер: жас ұрпақ, ізгілік, құндылық, тәрбие, ой-пікір, рух, қасиет.

Трудности в воспитательном процессе относятся сегодня к самым острым и актуальным 

не только в педагогическом, но и социальном плане. Сущность нравственного развития и 

воспитания. Роль самовоспитания в нравственном развитии личности. Данная статья по­

священа роли семьи, учителя и окружающей среды в развитии таких человеческих качеств 

как забота, духовные ценности и разум. 



Ключевые слова: ценности, воспитание, качества, мнение, личност, развитие. 

Difficulties  in  an  educator  process  behave  today  to  the  sharpest  and  actual  not  only  in  a 

pedagogical but also social plan. Essence of moral development and education. A role of self-

education is in moral development of personality. This article is devoted role of family, teacher 

and environment in development of such human qualities as caring, spiritual values and reason. 

Keywords: values, education, qualities, opinion, personality, development. 

Қазақстан  Республикасының  «білім  ту-

ра лы»  заңында  білім  беру  саласындағы 

мемлекеттік  саясаттың  ұстанымдарының 

бірі – ол білім берудің ізгілікті және дамы­

тушы сипаты, жеке адамды қалыптастыруға 

бағытталған  рөлі  және  педагог,  қызметкер-

лер,  оқушылардың  мемлекттік  білім  беру 

стан дартыда  көзделген  деңгейден  төмен 

емес, білім, білік, дағды алуын қамтамассыз 

ету ге,  олардың  жеке  шығармашылық  қа-

бі лет терінің  дамуы  үшін  жағдай  жасау 

қажеттігі болып отыр [1].

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында 

адам  бойында  адамгершілік  нышандардың 

тапшы болуы, оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру 

қажеттілігін күшейтіп отыр. Жасөспірім  дер-

ді оқу-тәрбие үрдісінде «адам-қоғам-құқық» 

жүйесінде құрылуы қажет болып отыр. 

Ізгілікті  қасиеті  адам  баласына  қо-

ғам ның  дамуы  мен  жалпы  адамзаттық 

құндылықтардың  бастауы  ретінде  адаммен 

бірге дамып келеді.

Әл-Фараби  жастарға  білім  мен  ізгілікті 

тәлім-тәрбие  берудің,  адам  ақыл-ойының 

дүние танудағы құдіретін, адамның ақылы-

на, талантына, біліміне зорлықсыз бір жүйе-

мен оқытуға тікелей ықпал ететінін сол кезде 

аңғарған. Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари 

ізгілік адамның жүрегінде орнығатын қасиет 

деп тұжырымдады.

Ізгілендіру  мәселесінің  жалпы  фило со-

фиясының негізін зерттеген адамның қо ғам-

дық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік 

қасиеттерін, жеке адамның қоғамдағы рөлін 

ашып  көрсеткен.  Оқу-тәрбие  үдерісінің 

гу манизациясы  мен  гуманитаризациясы 

пән  аралық  байланыстың,  жаһандық  білім 

бе ру  кеңістігіндегі  ғылым  мен  практика 

инте грациясының  негізі  ретінде  педаго­



72

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

гика  ғылымдарының  докторы,  профессор 

А.А  Бейсенбаеваның  жетекшілігімен  да-

йындалды.  Оның  ғылыми  мектебі  аясын­

да  бүгінгі  күнге  дейін  гуманды  тұлғаны 

жалпыадамзаттық және әлемдік мәдениетке 

қатыстыру арқылы тәрбиелеуге бағытталған 

білім  беруді  ізгілендіру,  гуманитарландыру 

идеясы ерекше маңызға ие.

Ғалымның пікірінше: «Білімді ізгілендіру 

мектепті  ұлттық  және  әлемдік  мәдениетке, 

рухани құндылықтарға мән беруін, тұлғаның 

рухани  мәдениетін  қалыптастыратын  кез 

келген халықтың байлығы мен көптүрлілігін, 

ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  мәдениет 

құндылықтарын түсінудегі оқу пәндері рөлі-

нің  өсуін,  «саяси  салада  –  қоғамның  кон­

сенусы  мен  тұрақтылығына  бағдарланған; 

ұлттық қатынастарда – ұлтаралық келісімді 

нығайтуға  бағдарланған  гуманды  тұлғаны 

қалыптастыру  механизмдерін  дайындау­

ды»  қамтамассыз  етеді.  Бұл  ғылыми  мек­

теп  шеңберінде  ізгі  тұлғаның  моделін  дай­

ындау  құрылымында  пәндік  білімдерді 

меңгеру ғана емес, ана тілі мен басқа тілдер 

білімінің  көзі  ретінде  рухани-адамгершілік 

байлықты меңгеруді дамытудың қажеттілігі; 

өзінің  және  басқа  халықтың  тарихын, 

мәдениетін,  дәстүрі  мен  салтын  сыйлау­

ды  қалыптастыру  маңызды  болып  табы­

лады.  Г.Шолпанқұлова  гумандық  қарым-

қатынас  ұғымын  анықтай  отырып,  оның 

құрылымдық  бөліктерін  көрсететін  оларға 

гумандық қасиеттерді шына йы жалған және 

гумандыққа  жат  қасиеттер  деп  топтастыр­

ды. В.П. Кәріпжанова гу ман  дық сенімділікті 

қалыптастыру  мәсе ле сін  және  оның  құры-

лымдық  ком по нент терін  анықтады.  Қ.Т. 

Әтемова  жүрек,  ақыл,  қайратқа  қатысты 

қасиеттерін 

жіктеп 

көрсеткен. 



Г.С. 

Құрманбаеваның ғы  лыми еңбегінде әдебиет 

сабағында оқу шылардың табиғатқа ізгілікті 

қатынасын 

қалыптастырудың 

ғы лы ми 

теориясының  негіздерін  белгілеу,  әдіс те ме-

лік жүйесін жасау – өзекті мәселесі [2].

Қазіргі  уақытта  жаһандану  заманында 

қоғам  өмірінің  ғаламдық  өзгерістері  адам-

ның өмір сүруіне өз әсерін тигізіп отыр. Қай 

кезеңде болмасын қазақ халқы ұр  пақ тәрбие-

леуді өзекті мәселе ретінде қа рас тырған.

Жас  ұрпақтың  бойында  ізгілікті  қасиет-

терді, қамқорлықты, рухани құндылықтарды, 

ақылдылықты,  адамдық  қасиеттерді  дамы­

ту  үшін  отбасының,  мұғалімнің,  қоршаған 

ортаның  әсері  мол.  Оқу-тәрбие  үрдісінде 

оларды  дұрыс  жолға  қоя  білу,  ұштастыра 

білу қажет.



73

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Бұл  кестеден  біз  отандық  ғалымдардың 

адам  бойындағы  ізгілік  қасиеттерді, 

мейірім ділікті,  адалдықты,  әдептілікті,  па -

ра   саттылықты,  қайырымдылықты,  төзім ді-

лік ті,  тағы  да  басқа  қасиеттерді  қалып тас-

тыруды   жан-жақты   ұғын-дырғанын білеміз. 

Жас  ұр пақтың  бойына  асыл  қасиеттерді 

сіңіруді  жас  кезден  бастаған  дұрыс.  Ол  ту-

ра лы  Ж.Аймауытұлы:  Бала  әдетті  жасы­

нан  тамызықтап  жинайды.  Баланы  бұзуға, 

түзеуге  себеп  болатын  бір  шарт-жас  күнде 

көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі  

болуы керек.  Жаста алған    мінезді    жүре  

тү зеп әкетуге  адамның жанында    өзгеше   

бір   қуат   болу   керек [3].

Қорыта  айтқанда, қазіргі күнде  оқу-тәр-

бие  үрдісінде  руханилық  проблемасы  шет­

теп қалмай,  жас ұрпақтың  бойында ізгілік 

қасиеттерді,  адамгершілік  құндылықтарды 

сақтауға  мүмкіндіктер,  қажеттіліктер  жаса­

лыну керек деп топшылаймыз.



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, 2007ж

2 Ұлттық тәрбие негіздері. Дәрістер курсы. Авторлар ұжымы. – Алматы, 2010. - 91б.

3 Ж.Аймауытов. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. -560б.



74

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Білім  деңгейі,  ой-өрісі  дамыған,  өз  ойын 

қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, туындаған 

мәселелерді  шеше  білетін  шынайы  өмірге 

бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу-ХХІ ғасыр 

мұғалімдерінің  басты  міндеті.  Қазақ  тілін 

мемлекеттік  тіл  ретінде  оқытуда  отандық 

және  халықаралық  озық  үлгілерді  тиімді 

пайдалану,  оқушылар  бойында  тілдік 

дағдыларды  қалыптастыру  -  бүгінгі  күннің 

басты талабы. Қазақ тілі сабақтарында еркін 

қарым-  қатынас  жасауға,  сыни  тұрғыдан 

өз  көзқарасын  білдіруге,  өз  ойын  жеткізіп, 

ше шім  қабылдауға  дағдыландырса,  оқу-

шы  қазақ  тілінде  берілген  кез  келген 

ақпараттарды  тиімді  қолдана  отырып,  өзіне 

қажетті  мәліметті  ала  алады.  Осы  мақсатта 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  тілді 

кіріктірілген  бағдарлама  негізінде  оқыту 

жобасы  жүзеге  асырылуда.  Бағдарламаның 

негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін 

(айтылым,  жазылым,  тыңдалым,  оқылым) 

дағдыларын  қалыптастыру.  Мектеп  бітірген 

оқушылар  ана  тілін  С1  деңгейінде,  екінші 

тілді С2 деңгейінде меңгерулері қажет. Осы 

деңгейлерге  жету  үшін  қазақ  тілі  сабақ-

тарында  келесі  тілдік  дағдыларды  қалып-

тастыру қажет [1, 7-б].



Тыңдалым дағдысы бойынша:

•  негізгі ойды түсіну; 

•  ақпаратты анықтау;

•  түсінгенін практикада қолданабілу;

•  ақпаратқа өз көзқарасын білдіру;

•  ой қорыта білу дағдылары.



Айтылым дағдысы бойынша:

u

  белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын 



білдіру;

ӘОЖ 372.881.1



Г.М. Ибраимова

№83 гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мақалада  жаңа  қоғамның  ертеңгі  болашағын  оқыту  мен  тәрбиелеу  жайы  айтылған. 

Сонымен  қатар  белсенді  оқыту  арқылы  білім  алушының  жеке  басының  дара  және  дер­

бес  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттыру,  шығармашылығын 

қалыптастыру мәселелері қарастырылған.

Түйін  сөздер:  қоғам,  болашақ,  оқыту,  тәрбие,  белсенді  оқыту,  шығармашылық, 

оқытушы.

Статья посвящена использованию методов активного обучения. Дается определение ак­

тивного  обучения  как  процесса,  в  котором  учащийся  имеет  возможность  управлять  соб­

ственным  образованием.  В  качестве  средства  «активизации»  обучения  предлагается  тех­

нология  критериальной  оценки  учебных  результатов.  В  статье  также  рассматриваются 

технологии постановки целей и оценки их достижения в ходе использования методов ак­

тивного обучения.

Ключевые слова: общество, будущее, учеба, активное обучение, творчество, преподо-

ватель.

The article is sanctified to the use of methods of hands on training. Determination of hands on 

training is given as a process in that studying has the opportunity to manage own education. As 

means of «activation» of educating technology of criterion estimation of educational results is 

offered. In the article technologies of raising of aims and estimation of their achievement are also 

examined during the use of methods of hands on training.



Keywords: society, future, studies, hands on training, work, преподователь.

75

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

u

  өз көзқарасын дәлелдеу;



u

  шешім шығару, қорытынды пікір жа­

сау;

u

  зерттеушілік (анализ, синтез);



ақпаратты өңдеу дағдылары.

Оқылым дағдысы бойынша:

u

  мәтіндегі  негізгі  және  қосымша 



ақпаратты ажырата білу;

u

  астарлы ойды анықтау;



u

  шығарма  кейіпкерлерін  салыстыра 

білу;

зерттеп оқу;



u

  сыни  тұрғыдан  бағалай  білу  дағды-

лары.

Жазылым дағдысы бойынша:

u

  тақырыпты аша білуі;



u

  өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі;

u

  қорытынды шешім шығаруы;



u

  өз көзқарасын дәлелдеуі;

u

  цитатамен  жұмыс  істеу  дағдылары 



бағаланады. 

Осы  дағдыларды  қалыптастыруда 

мына  әдіс-тәсілдерді  пайдалануға  бола-

ды: [2, 6-б].

u

  оқытудағы 



басты 

принцип 


– 

оқушының  жеке,  өзіндік  мүмкіндіктерін 

ескеру;

u

  барлық  оқушының  сабаққа  белсенді 



қатысуын  қамтамасыз  ету  үшін  деңгейлік 

тапсырмалар арқылы оқыту;

u

  өзін  ойын  жеткізу,  өзіндік  таңдау 



жасауына  мүмкіндік  тудыра  отырып, 

оқушының танымдық және шығармашылық 

қабілетін дамыту;

u

  проблемалық  оқыту  арқылы  оқу  ма­



териалын  өмірмен  байланыстыра  отырып, 

оқушыларды  білімді  өз  бетімен  меңгеруге 

талпындыру;

u

  сыни тұрғысынан ойлау технология­



сын қолдану;

u

  мақсат  қою,  мәселені  зерттеу,  жауап 



іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау;

u

  өз ойларын ашық айта білетін азамат 



тәрбиелеу; 

u

  ұжымдық  оқыту  технологиясының 



мақсаты - оқушының қабілетін дамыту,

еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілет-

терін  ояту,  ынтымақтастыққа  тәрбиелеу, 

өзін-өзі басқару. 

u

  жаңа  идеялар  ұсынуда  және  жаңа 



мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде 

ұжымдық  оқыту  технологиясының  маңызы 

зор;

u

  Оқушы  өзінің  көзқарасын  қалып-



тастырып, басқалардың да пікірін ескереді;

Сабақты  өткізуде  мұғалім  ескеруі 

қажет:

u

  сабақтың  мақсаты  мен  күтілетін  нә-



тиже анық болу керек;

u

  тілдік  төрт  дағдыны  (оқылым, 



тыңдалым,жазылым, айтылым) дамыту;

u

  белсенді  оқыту  түрлерін  қолдану 



арқылы оқушы уәжін арттыру;

u

  мұғалім мен оқушы арасындағы кері 



байланыс;

u

  оқу  жетістігін  критериалды  жүйе 



арқылы бағалау.

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мы­

надай өзгерістер байқалды: 

•  Ынтымақтастыққа үйренеді; 

•  Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге 

үйренеді;

•  Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді;

•  Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын 

бағалауға үйренеді;

•  Бір-бірін  тыңдауға,  талдауға,  салыс-

тыруға,  сабақты  қорытындылауға,  қорғауға 

үйренеді.

«Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық 

құзыреттері:  зерттеу,  оқыту,  баға  стандар­

тында бұл «қатысымдық тұлғалар» - тілдік 

дағдылар  деп  аталған.  Тілдік  төрт  дағды 

(айтылым,  тыңдалым,  жазылым,  оқылым) 

оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады.

Осылардың  ішінде  басқа  дағдыларды 

қа лып тастырудың  негізгі  алғышарты  – 

тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені 

күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты 

сағат  сайын  естіп,  көріп  тыңдайды.  Бірақ 

кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну 

сөйлеу  әрекетін  қалыптастырады.  Егер 

оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы 

тауып  үйренсе,  ол  басқа  үш  дағдыны  (ай­

тылым,  жазылым,  оқылым),  яғни  айтылып 



76

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре 

алады  және  басқалармен  қарым-қатынас 

жасай  алады;  тақырыпқа  қатысты  деректі 

түсініп оқиды; көтерілген мәселеге қатысты 

өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.

Қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа 

әдіс-тәсілдерінің  алдына  қоятын  басты 

мақсаты  –  білім  алушының  жеке  басының 

дара  және  дербес  ерекшеліктерін  ескеріп, 

олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттырып, 

шығармашылығын қалыптастыру болып та-

былады. Ал оқу мақсаттары белсенді оқыту 

топтық,  жеке,  жұптық  жұмыс  түр лер ін 

қолдану  арқылы  іске  асырылады.  Мұғалі-

мнің  іс-әрекеті  оқушыны  бақылауға,  ба-

қылау нәтижесін өңдеуге, бағыт-бағдар бер-

уге, күтілетін нәтижені анықтауға арнала ды. 

Оқушының  іс-әрекеті  өз  көзқарасын  са-

лыс тыруға,  топтық,  жұптық  жұмыста 

бірлесе  шешім  шығаруға,  өз  жетістіктерін 

бағалауға  арналады.  Белсенді  оқыту  тілдік 

дағдыларды қалыптастыруда – оқытуды да-

мыту,  өздігінен  дамитын,  дұрыс  шешім  қа-

былдай  алатын,  өзін-өзі  жетілдіретін  тұл-

ға  қалыптастыруға  негіз  болады.  Сонымен 

қатар,  білім  алушылардың  өз  бетімен  із-

денуін арттыру мен шығармашылық қабілет-

терін  дамытуға  ықпал  етеді.  Сабақ  процесі 

оқу шыны  белсенді  іс-әрекетпен  белсенді 

ой лауға,  белсенді  оқытуға  бағытталады. 

Топ тық жұмыста айтылым дағдысын қалып-

тастыруда  «Пирамидалық  талқылау»  бел-

сенді  оқытуы  өте  тиімді.  Топ  мүшелері  өз 

пі кірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ 

пікір  қалыптастырады.  Топ  мүшелерінің 

саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ тара-

тылған флипчарт қағазға тапсырмаға байла-

нысты  жеке  өз  ойларын  жазады.  Қағазды 

бұру арқылы бір - бірінің жауабымен таны­

сады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді 

қағаз  ортасына  жазып,  ойларын  қорғайды 

[3,17-б].

 

Топтастыру. Сабақ басында жаңа сабаққа 



бағыт беру үшін тақтаға жазылған сөздерге 

болжау  жасайды.  Оқушы  осы  сөздерге 

қосымша  сөздер  қосады.  Содан  соң  кезек-

пен сөздердің мағынасын анықтайды. Анық-

талған  сөздің  мағынасын  дауыстап  оқи ды, 

ал  басқалары  жазып  алады.  Осы  әдіс пен 

оқушылардың  жазылым,  тыңдалым  дағ ды-

ларын дамытуға болады [3,15-б]. Айтылым 

және жазылым дағдыларын қалыптастыруда 

«ПОПС»  формуласын  қолдану  өте  тиімді. 

Тақырып  бойынша  өз  пікірін  дәлелдеп, 

көзқарасын білдіріп, шешім шығарады. 

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... ..»

Екінші  сөйлем  «Себебі,  мен  оны  былай 

түсіндіремін»

Үшінші  сөйлем  «Оны  мен  мына  факті-

лермен, мысалдармен дәлелдей аламын».

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен 

мынадай қорытынды шешімге келдім».

«Жасырын  сурет»  белсенді  оқытуы  ай­

тылым  дағдысын  қалыптастыруға  әсер 

етеді.  Топтардан  бір  оқушыдан  шығып  20 

секунд уақыт ішінде суретті есте сақтайды. 

Топ  мүшелеріне  көрген  суреті  бойынша 

сипаттайды,  олар  түсінгенін  суретке  сала­

ды.  Көрген  суретін  топ  жандандыруға  ты­

рысады.  Суреттер  тақырыпқа  сай  болуы 

керек.  Оқушыда  топ  үшін  жауапкершілік 

пайда  болады  және  бірлесе  жұмыс  істеуге 

дағдыланады [3,18-б].

Қорыта келе, белсенді оқыту арқылы білім 

алушының жеке басының дара және дербес 

ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше 

ізденуін  арттырып,  шығармашылығын 

қалып тастыру болып табылады. Ұрпақ тәр-

бие сі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек 

қо ғам  иелерін  жан-жақты  жетілген,  ақыл-

парасаты  мол,  мәдени-ғылыми  өрісі  озық 

етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы 

борышымыз.



77

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Үш тілде білім беруді іске асыру бойынша мектептерге арналған нұсқаулар. – Астана: 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. - 184б.

2 nis.edu.kz/kz/programs/integ-edu-program/ Кіріктірілген оқу бағдарламасы, негізгі мек­

теп.

3 CLIL әдісіне негізделген әдістемелік нұсқаулық. – Астана 2013.



Шет  тілді  меңгеру  бүгінгі  күннің  өзекті 

мәселесі  екендігі  баршамызға  белгілі. 

Бұл  іс  біріншіден,  әлеуметтік  сұранысқа 

негізделген  мемлекеттік  қажеттілікті  ныса­

на еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту 

жүйесіндегі ағылшын тілінен берілетін білім 

нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.

Ағылшын  тілін  оқыту  жалпыға  міндетті 

мемлекеттік  білім  стандарты,  базистік  оқу 

жос пары, тілді оқыту тұжырымдамасы және 

мемлекеттік  оқу  бағдарламалары  не гі зінде 

жүзеге  асырылады.  Ағылшын  тілі  мем-

лекеттік  білім  стандарттарына  сай  жалпы 

білім  беретін  мектептің  үш  сатысында  да 

ӘОЖ 371.3

Э.М. Кулганатова

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,

Ақтөбе қаласы

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА КОММУНИКАТИВТІК ОҚЫТУДЫҢ 

ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

Мақалада  ағылшын  тіл  сабағында  коммуникативтік  элементтерді  қолданып  оқыту 

тақырыбына  арналған.  Коммуникативтік  элементтерді  қолданудың  артықшылығы,  оның 

сабаққа  ықпалы,  оқыту  атмосферасын  жетілдіру,  ағылшын  тілін  қабылдау  тиімділігін 

жоғарлату бейнеленген.

Түйін  сөздер:  оқытудың  түрлері,  жіктелуі,  коммуникация  әдістері,  ағылшын  тілін 

оқыту, ұстаным.

Данная статья посвящена теме преподавания английского языка с использованием ком­

муникативных элементов. В статье отображается преимущества использования преподава­

нии коммуникативных элементов, их влияние на урок, на улучшение атмосферы обучения, 

повышение эффективности восприятия иностранного языка.

Ключевые слова: виды обучения, классификация, методы коммуникации, преподавания 

английского языка, позиция.

The article displays the importance of using elements of communications in teaching English 

language. This article shows that using this types of teaching can highly improve the effect of 

accepting the language during the lesson; it is also develop their interest to the lesson and affect 

the lesson beneficially.

Keywords:  kinds  of  learning,  classification,  methods  of  communications,  teaching  English 

language, position.


78

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

міндетті  пән  деп  саналады.  Әр  саты  бой­

ынша  даярланған  оқу  бағдарламаларында 

ағылшын  тілінен  берілетін  білім  мазмұны 

мына ұстанымдар негізінде құрастырылған.

1  Тақырыптық  ұстаным.  Бұл  жерде 

ағылшын тілін практикалық бағытта 

оқыту  көзделеді.  Барлық  грамматикалық 

формалар сөйлеу моделі арқылы диалогтік, 

монологтік  сөйлеу  түрінде  лексикалық 

тақырыптар  арқылы  практикалық  жолмен 

меңгеріледі.

2  Жүйелілік  ұстаным.  Дидактикалық 

ұстаным бойынша 

тілдік  материалдар  жүйелілік  ұстанымға 

негізделе  құрылып,  жеңілден  ауырға  қарай 

күнделікті  қарым-қатынас  жасау  мақсатын-

да сөйлеу тіліне қарай іріктеліп беріледі.

3  Оқушының  ана  тілін  негізге  алу.  Бұл 

ұстанымда коммуникативтік қарым-қатынас 

жасауда  баланың  ана  тіліндегі  білім  мен 

сөйлеу дәрежесі негізге алынады.

4 Функционалдық ұстаным. Бұл ұстаным 

бойынша  ағылшын  тілін  функционалдық 

дәрежеде  меңгеруге  болады  деген  мәселе 

ескеріледі.

Осы  ұстанымдарды  тірек  ете  оты­

рып,  бағдарламада  оқушы  сөйлеп  үйрену 

үшін  қандай  грамматикалық  формаларды 

меңгеруге,  білуге  тиіс  және  оған  қажетті 

лексикалық,  грамматикалық  минимумдар 

жүйесін жасау, сөйлеу модельдерін беру, т.б. 

мәселелер  ескеріліп,  әр  сыныпта  оқылатын 

материалдар  оқушының  сөйлеу,  ойлау 

қабілеті мен тілін дамытуға бағытталады.

Коммуникативтік  әдіс  –  оқушы  мен 

мұғалімнің тікелей қарым- қатынас арқылы 

жүзеге  асатын,  белгілі  бір  тілде  сөйлеу 

мәнерін  қалыптастыратын,  тілдік  қатынас 

пен  әдістемелік  категорияларға  тән  басты 

белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен 

тұратын,  тіл  үйретудің  тиімді  жолдарын 

тоғыстыра  келіп,  тілді  қарым  -  қатынас 

құралы  ретінде  іс-жүзіне  асыратын  әдістің 

түрі.

Коммуникативтік  әдіс  –  тәсілдердің 



ағылшын тілі сабағында қолданылуы

Еркін сөйлеудің 3 түрі бар:

1)  Қайталап сөйлеу:

-  Мұғалімнен немесе диктордан кейін, 

дыбысты, сөзді немесе сөз тіркесін ауызша 

қайталап айту.

-  Жазбаша жаттығуды дауыстап оқу.

2)  Репродуктивтік сөйлеу:

-  Қойылған сұрақтарға жауап беру;

-  Мәтіннің соңында берілген сұрақ тар-

ға жауап беру;

-  Ауызша аударма жасау.

3)  Еркін сөйлеу;

 а) Монолог

 - Белгілі бір тақырыпта белгілеу;

 - Суретті сипаттап айту;

  -  Мәтіннің  мазмұнын  ауызша  баяндау 

неме се монолог.

 ә) диалог.

 - алма- кезек ауысып сөйлесу;

  -  біріншіден,  сөйлеушінің  сөзін  түсіну, 

екіншіден дереу жауап қайтару;

Коммуникативтік ойлау іс-әрекетіне дай­

ын  болатын  когнитивтік  компетенцияның 

керекті  компоненті  болып  табылады. 

Ағылшын  тілі  сабақтарында  оқушылардың 

тіл- ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:

-  мәтінмен жұмыста;

-  мәселемен жұмыста;

-  ойындық есеп жұмысында

Оқушылар  еркін  сөйлеу  нәтижесінде 

өздерінің  бұған  дейін  алған  фонетикалық, 

лексикалық  грамматикалық  білімдерінің 

жиынтығын  кластер  стратегиясы,  ассоциа­

ция, Венн диаграммасы, аудирования, резю­

ме элементтерін пайдаланған кезде көрсете 

алады.

Аталған  стратегиялардың  тиімділігіне 



тоқ  талсақ:

1.  Ассосация.

2.  Аудирование:

а)  Тыңдау,  түсіну,  ойын  жеткізу,  мақал-

мәтел немесе қанатты сөзбен байланыстыру.

в) негізгі түйінін ашу;

c) өмірмен байланыс жасау.

3.  а)  Оқушыларды  елжаңдылыққа,  туған 

жер,  Отанын  сүюге  тәрбиелеу,  патриоттық 

тәрбие беру.

в) Басты мақсатым оқушылардың таным 


79

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

деңгейін,  білім,  билік  дағдыларын  дамыту, 

пікір айта білуге, өз пікірін қорғай, дәлелдей 

білуге баулу.

 II. 1) Резюме

Оқушылар  өздерінің  резюмесін  жазып 

келеді. Бір-біріне сұрақ қояды.

 III. 1) Венн диаграмма стратегиясы:

«Қазақтың батыр қыздары»

2)  Батырлар,  Отан  туралы  мақал-  мәтел 

табу.

3) Пән- аралық байланыс



- математика

- география

- тарих

4) Схема бойынша оқушыларды :



- патриоттыққа

- адамгершілікке

- сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ойлау – сөйлеуді керек ететін кез келген 

жағдайда  үш  компонент  өзара  байланыса­

ды: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу 

әрекеттері.

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің 

барлық  түрінде  қалыптасады  –  тыңдауда 

да,  сөйлеуде  де,  оқығанда  да,  жазғанда  да, 

өйткені  ол  оның  іске  асуын  қамтамасыз 

етеді.


Лингвистикалық,  әдістемелік  әдебиет-

тер дің  көпшілігінде  сөйлесім  әрекетін  төрт 

түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған.

Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну.

Коммуникативтік оқыту:

ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ – ауыз­

ша  өзара  қатынас,  жазбаша  өзара  қатынас 

біркелкі, бір уақытта дамиды.

Жоғарғы  сөйлемде  айтылғандай  ком-

му  никативтік  оқытудың  сөйлеу  әрекетінің 

барлық  төрт  түрінде  де  қажеттілікпен 

қатысып  тұрғаны  көрінеді.  Өйткені  ол 

ауызша  да,  жазбаша  да  қарым-қатынас 

жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы 

мен түсінігін қамтамассыз етеді.

Қорыта келе, коммуникативтік оқыту ар -

қылы  оқушылардың  танымдылық  қабілет-

тері,  танымдық  процестері  дамып,  сөздік 

қоры  молаяды,  оқытуда  жағымды  әрекет 

қалыптасады.  Бұның  бәрі  дамығаннан 

кейін  оқушының  қиялы  мен  ойлауы,  есі 

мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. 

Танымдық  қабілеттер,  танымдық  проце­

стер  әрбір  технология  барысында  дамиды. 

Ал  қажеттілікті  қанағаттандыру  әр  түрлі 

әлеуметтік  жағдайларда  бағыт-бағдарда 

жоғалтпау, адамдардың эмоционалдық жағ-

дай лары мен жеке тұлғаның ерекшеліктерін 

анықтау,  олармен  қарым-қатынастың  те-

пе-тең түрлерін таңдау, өзара іс-әрекет про-

цесінде сол түрлерін іске асыру, зейін ауда­

ру,  психологиялық  қатынас  орнату,  сөйлеу 

мәдениеті  дамиды.  Ал  сөздік  қорының  да­

муы  мәтінмен  жұмыс  істегенде,  белгілі  бір 

мәселені шешкенде дамиды.

Осы  технологияның  элементтерін  ағыл-

шын  тілі  сабақтарында  қолдану  көптеген 

жетістіктерге әкелетініне көзім жетуде.



Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Білім каналы, Ел арна, Детский дом, Сара Алпысқызы Бӛбек туралы
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> Ф ҚазҰпу 604-01-15. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары. Бірінші басылым

жүктеу 1.11 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет