Бас редактор главный редактор



жүктеу 35.37 Kb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата30.04.2017
өлшемі35.37 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ДАҒДАРЫСҚА 
ҚАРСЫ 
ҚАБЫЛДАНҒАН 
ІС-
ШАРАЛАР  ЖƏНЕ  ОНЫҢ 
БАРЫСЫ.  Дағдарысқа  қарсы 
қабылданған  іс-шаралар  нə-
тижесі  ретінде  2008  жылы 
Қазақстанның  9  облысында 
19  жаңа  өнеркəсіптік  өндіріс 
орындарының  іске  қосылуын 
атап  өтуге  болады.  Астана-
Бурабай автобаны ашылып, Шар-
Өскемен  темір  жол  магистралі 

100
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
құрылысы аяқталды, 2 театр, жа-
ңа  мектептер,  ауруханалар  жəне 
т.б.  нысандар  салынды.  Аста-
на  қаласының  10  жылдығында 
Президент  Н.Ə.  Назарбаевтың 
қатысуымен  инновациялық  жо-
балардың:  Алматы  облысының 
Іле  ауданында  «Даму»  индус-
триялық-логистикалық  орталы-
ғы,  Шымкенттегі  ТМД  ел-
дері  бойынша  баламасы  жоқ 
Медициналық мақсаттағы құрал-
жабдықтар  мен  бұйымдарды 
залалсыздандыру 
орталығы, 
Астана-Шортанды 
(ұзындығы 
224  шақырым)  алты  жолақты 
автобаны,  Алматы  əуежайының 
жаңа ұшу-қону алабы, Қарағанды 
облысындағы  «30  корпоративтік 
көшбасшы»  бағдарламасының 
шеңберінде  салынған  «Silicium 
Kazakhstan» 
металлургиялық 
кремний 
өндіру 
зауыты 
жəне  т.б.  тұсаукесері  болды. 
Мерекеге  арналған  «Астананың 
10 
жылдығы» 
төсбелгісі 
тағайындалып, 
республика 
бойынша  30  мыңға  жуық  адам 
марапатталды.
2008  жылдың  қыркүйек 
айындағы  Парламенттің  төртін-
ші  шақырылымының  екінші 
сессиясындағы 
Елбасының 
сөйлеген сөзі - қоғамдық серпіліс 
тудырды.  Депутаттық  корпус 
алдына  қойылған  міндеттерге 
сəйкес,  2008  жылы  Салық  жəне 
Бюджет  кодекстері,  2009-2011 
жылдарға  арналған  үшжылдық 
бюджет, Бəсекелестік туралы заң 
қабылданды.   
2008  жылдың  күзіне  қарай 
АҚШ-тағы  ипотекалық  дағ-
дарыстан  басталған  қаржылық 
тоқыраумен Еуроодақ, Оңтүстік-
Шығыс  Азия  елдерінің  қаржы 
нарығы  тұрақсызданды.  Ресей 
жəне  өзге  де  көрші  елдерде 
қаржы дүмпуі нақты экономикаға 
тікелей  əсерін    берді.  Осындай 
жаһандық  дағдарыс  тигізетін 
əсерінің  алдын  алу  мақсатында 
Үкімет  жұмысының  2009-2010 
жылдарға 
арналған 
бағыты 
айқындалды.  2008  жылдың  13 
қазанында  Үкіметтің  əлемде-
гі 
қаржылық 
дағдарыстың 
Қазақстан  экономикасы  үшін 
салдары  жəне  оны  еңсеруге 
арналған шаралар туралы Үкімет 
мүшелері  мен  əкімдер,  парла-
мент  депутаттары,  Президент 
əкімшілігі  жəне  есеп  беретін 
органдардың  басшылары  мен 
БАҚ өкілдері қатысқан Үкіметтің 
кеңейтілген мəжілісі болып өтті. 
Аталынған  мəжіліс  қарсаңында 
Президент  Н.Ə.  Назарабаев  
«Ұлттық экономиканың бəсекеге 
қабілеттілігі  мен  тұрақтылы-
ғын  қамтамасыз  ету  жөнінде-
гі  кейбір  шаралар  туралы» 
Жарлығымен
 
мемлекеттік 
активтерді  басқару  жөніндегі 
«Самұрық»  қазақстандық  хол-
дингі  акционерлік  қоғамы  мен 
«Қазына»  орнықты  даму  қоры 
акционерлік  қоғамын  біріктіру 
жолымен 
«Самұрық-Қазына» 
ұлттық  əл-ауқат  акционерлік 
қоғамы,  яғни  басқаша  айтқан-
да 
«Қазынаның» 
белсенді 

101
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
инвестициялық 
ұстанымын 
«Самұрықтың» 
стратегиялық 
ресурстарымен  біріктіру  ар-
қылы  кез-келген  ауқымдағы 
жобаларды іске асыруға қабілетті 
əлемдік  деңгейдегі  мемлекеттік 
корпорация құрылды.
Бұл 
əл-ауқат 
қорының 
негізгі  мақсаты  –  ұлттық  даму 
институттарының,  ұлттық  ком-
паниялар  мен  басқа  да  заңды 
тұлғалардың  өзіндік  меншік 
құқығында  тиесілі  акциялар 
пакеттерін  (қатысу  үлестерін) 
басқаратын  ұлттық  басқарушы 
холдингі  болып  айқындалды. 
Аса  ірі  мемлекеттік  активтерді 
біріктіру туралы мəселені шешуде 
бірқатар 
корпорациялардың 
(«Қазатомөнеркəсіп» 
ұлттық 
атом  компаниясы,  «Eyrazian 
Natural  Resources  Carporation», 
«Қазақмыс» 
корпорациясы, 
«Қазақстандық  ипотекалық  ком-
пания»,  «Қазақстандық  ипо-
текалық  кредиттерге  кепіл  беру 
қоры»)  акциялар  пакеті  жəне 
жеті 
əлеуметтік-кəсіпкерлік 
корпорациялар 
(«Сарыарқа», 
«Оңтүстік»,  «Ертіс»,  «Жетісу», 
«Каспий»,  «Тобыл»,  «Батыс») 
«Самұрық-Қазына»    жаңа  хол-
дингіне берілді. Президент Жар-
лығымен«Самұрық-Қазына» 
ұлттық əл-ауқат қоры акционерлік 
қоғамының  басқарма  төрағасы 
болып Қайрат Келімбетов тағай-
ындалды.
Үкімет  алдында  экономика-
ны  жəне  қаржы  секторын 
тұрақтандыру  жұмыстары  тұ-
рды.  Күрделі  экономикалық 
сынақтарды қарсы алған Үкімет, 
Ұлттық  банк  жəне  Қаржылық 
қадағалау  агенттігі  экономика-
ның  өсуінің  құлдырауына  жəне 
қаржы дағдарысына жол бермеуге 
қол жеткізді.
Экономиканың  тұрақты  бес 
пайыздық  өсімі,  орташа  əлемдік 
өсу 
қарқынынан 
əлдеқайда 
жоғары  еді.  Азық-түлік  қау-
іпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақ-
сатында  ауыл  шаруашылығын 
дамыту  үшін  2008  жылы  135 
миллиард  теңге,  ал  шағын 
жəне  орта  бизнесті  қолдауға 
165  миллиард  теңгеден  астам 
қаржы  бөлінді.  Жұмыссыздық 
деңгейі  7  пайыз,  экономикаға 
салынған  инвестицияның артуы 
10 пайызды құрады. Тұрақтай ал-
ғанда  тұрақтандырушы  бағалар, 
2008  жылдың  қыркүйегіндегі 
инфляция  деңгейі  2007  жылғы 
желтоқсанға 
қарағанда 
8,1 
пайызды
 
құрады. Сонымен қатар 
қиын  экономикалық  жағдайда 
2008 жылдың 1 қазанында елдің 
«халықаралық  резервтері»  мен 
Ұлттық  қор  активтерінің  жалпы 
көлемі 51 жарым миллиард АҚШ 
долларынан  асып  түсіп,  жыл 
басынан 34 пайызға ұлғайды.   
«Экономикалық  даму  са-
пасын 
арттыру 
бағытында, 
экономика  үшін    дағдарыс 
кезеңінде  де  пайда  табуды 
үйренуге»  шақырған  Қазақстан 
Президенті  Н.Ə.  Назарбаев, 
дағдарысты  жағдайдағы  ахуал-
ды  жақсы  мүмкіншіліктермен 

102
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
ұштастыру 
қажеттігін 
нақ-
тылады.  Үкімет  алдындағы 
2009-2010  жылдардағы  атқары-
латын  міндеттердің  үш  шешу-
ші  бағыты  тұжырымдалды: 
макроэкономикалық 
тұрақ-
тылықты 
қамтамасыз 
ету, 
қазақстандықтардың 
əлеумет-
тік  ауқаттылығы  жəне  эко-
номиканы  жаңарту.  Осы  ке-
зеңде  Үкіметке  Экономика  мен 
қаржы  жүйесін  тұрақтандыру 
бағдарламасын  іске  асыруға 
карт-бланш  жəне  қалыпты  емес 
шешімдер  қабылдау  үшін  үлкен 
өкілеттіктер  берілді.  Сонымен 
қатар  осындай  мүмкіндіктермен 
бірге, Үкімет пен Ұлттық банкке 
экономиканың  қаржы  жүйесі 
мен  əлеуметтік  саланың  жай-
күйі  үшін  дербес  жауапкершілік 
жүктелді. 
Үкіметке 
бірінші 
кезекті  шараларды  қаржылай 
қамтамасыз  ету  үшін  Ұлттық 
қор  қаражатынан  əзірленген 
жəне  келісілген  Тұрақтандыру 
бағдарламасы  үшін  2009-2010 
жылдарға  10  миллиард  АҚШ 
доллар қаржысын бөлу жөніндегі 
тапсырма берілді.
2008  жылдың  қараша  айының 
соңындағы  Үкімет  отырысын-
да 
«Қазақстан 
Республика-
сы 
Үкіметінің, 
Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  Банкінің 
жəне  Қазақстан  Республикасы 
қаржы  нарығы  мен  қаржы  ұй-
ымдарын  реттеу  жəне  қадағалау 
агенттігінің  Экономиканы  жəне 
қаржы  жүйесін  тұрақтандыру 
жөніндегі  2009-2010  жылдарға 
арналған  Бірлескен  іс-қимыл 
жоспары»  мақұлданды.  Жос-
пардағы  шараларды  жүзеге 
асыру  үшін  Қазақстан  эко-
номикасы  бюджетте  қаралған 
2,2  триллион  теңгеден  кем  емес 
қаржы  көлеміне  қолдауға  ие 
болды.  2008  жылғы  1  қарашада 
Қазақстанның 
алтын-валюта 
резервтері  мен  Ұлттық  қордың 
жалпы  көлемі  47  млд.  АҚШ 
долларынан  астам  болды.  Алға 
қойылған  басты    Қазақстандағы 
əлеуметтік-экономикалық  жағ-
дайға  жаһандық  дағдарыстың 
теріс  салдарын  баяулату  жəне 
болашақта сапалы экономикалық 
өсу  үшін,  қажетті  негіздерді 
қамтамасыз  ету  мақсаттарға 
жетуде 
Үкіметтің, 
Ұлттық 
Банк  пен  Қаржылық  қадағалау 
агенттігінің 
іс-шарасы 
бес 
бағытқа шоғырландырылды:
•Қаржы  секторын  тұрақ-
тандыру
•Жылжымайтын  мүлік  ры-
ногындағы мəселелерді шешу 
•Шағын  жəне  орта  бизнесті 
қолдау
•Агроөнеркəсіптік  кешенді 
дамыту
•Инновациялық, 
индус-
триялық 
жəне 
инфра-құр-
ылымдық жобаларды іске асыру. 
Жоспарды  іске  асыру  бойын-
ша  Үкіметтен  негізгі  оператор 
«Самұрық-Қазына»  қоры  бол-
ғандықтан, оны 607,5 млд. теңге-
ге  қосымша  капиталдандыру-
ды  жүзеге  асырды.  «Самұрық-
Қазына»  қоры  мен  «Қазагро» 

103
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
холдингі  тиісінше  4  млд.  АҚШ 
доллары  жəне  1  млд.  АҚШ 
доллары  соммасына  облигация 
шығару жолымен Ұлттық қордан 
қарыз  алуды  жүзеге  асыруды 
міндеттенді.  Бұл  үшін  Ұлттық 
қордың  инвестициялық  саясаты-
на  өзгерістер  енгізілетін  болды. 
Осындай  шаралар  жасалғанмен 
де  жаһандық  тұрақсыздық  елдің 
экономикалық  өсу  қарқынына 
ықпалын  тигізді,  2008  жылы 
экономикалық  өсу  3,1  пайызды, 
жұмыссыздық деңгейі шамамен 7 
пайызды, инфляция жыл соңында 
9,5 пайызды құрады. 
2009  жылы  қаңтар  айының 
соңында  Давос  (Швейцария) 
қаласында  өткен  Бүкілəлемдік 
(бизнес 
əлемінің 
1600-ға 
жуық  өкілдері,  18  мемлекеттің 
Президенттері  мен  22  елдің 
үкімет 
басшылары, 
БҰҰ 
Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мун 
бастаған  8  беделді  халықара-
лық  ұйымдардың  жетекшілері 
қатысқан)  экономикалық  форум 
аясындағы 
кезесулер 
мен 
отырыстар жаһандық дағдарысқа 
арналды, 
олардың 
пікірі 
жаһандық  қаржы  дағдарысына 
байланысты  əлем  экономикасы 
тап 
болған 
қиындықтарға, 
экономикалық 
қатынастардың 
мүмкіндіктерін  кеңейте  отырып, 
əлемдік  экономиканы  қайта 
құру, 
дағдарыстан 
кейінгі 
кезеңдегі  экономикалық  ахуал 
мен бизнестің этикалық нормала-
рын  жетілдіру  мəселелерінің 
төңірегінде тоғысты. 
Дəл  осы  жылы,  əлем  ел-
дерін  күйзелткен  дағдарыстан 
шығудың  тосын  жолы  ғана 
емес,  əлем  экономикасының 
болашақтағы  дұрыс  дамуына 
тигізер  əсері  туралы  идеялар 
да 
қамтылған 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.  Назарбаевтың  «Дағдарыстан 
шығу  кілті»  мақаласын  Ресей 
басылымы  жариялады.  Мұнда 
жаһандық  дағдарыс  –  ішкі 
шешімін  таппаған  мəселелердің 
заңды  сыртқы  салдары  ретінде 
қарастырылып, 
оны 
нақты 
айқындап  белгілемейінше  дағ-
дарыстың  өзі  бастау  алған 
əлемдік  валюта-қаржы  жүйесін 
реттеу жөніндегі бүкіл күш-жігер 
атүсті сипат алатынын, қандайда 
бір жіберілген кемшіліктің алдын 
алмаса  асқына  жаңа  дағдарысқа 
жол берілетінін нақтылады жəне 
одан  шығатын  жолды  іздестіру 
қажеттігін  мəлімдеді.  Ол  үшін 
түбегейлі  жаңғыртуды  бастау 
керек, тиісінше оны бастау үшін 
бүкіл  ойлау  жүйесін  жаңарту 
керектігін ашып айтты. Жаһандық 
дағдарыстың  басты  себепшісі  – 
əлемде баршаға ортақ, баршаның 
мүддесін  қорғайтын  валютаның 
жоқтығы. Оның жеті кемшілігі:
-  əлемнің  көптеген  пар-
ламенттері  ратификациялайтын 
Əлемдік  валюта  туралы  бүкіл-
əлемдік 
заңның 
негізінде 
жүзеге 
асуы 
тиіс. 
Əлем 
болашағы  əділетті  де  ортақ 
дүниежүзілік  бір  валютаның 
болуына  тікелей  байланысты. 

104
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
Бүгінгі 
қолданыстағылардың 
бəрі 
ешкімнің 
бақылауына 
алынбаған,  еркіндігі  шектеулі 
əлемдік 
валюталар. 
Дүние 
жүзінің  мемлекеттері  тауарларға 
айырбастау  үшін  қажетті  бүкіл-
əлемдік  заңды  ақша  бірлігін 
жасау  жөнінде  келісімге  келуі 
керек.  Ол  БҰҰ-да  қабылданып, 
арнайы  құрылған  комиссияның 
бақылауына 
алынуы 
тиіс. 
Үндістан Республикасында өткен 
екі  ел  кəсіпкерлерінің  бизнес-
форумында Қазақстан Президен-
ті Н. Назарбаев алғаш жариялаған 
бұл  бастама  сол  кезде-ақ 
жиналған  іскер  орта  өкілдерінің 
қызығушылығын туғызған еді;
-  заманауи  əлемдік  валюта 
қызметінің 
демократияланды-
рылмағандығы;
-  халықаралық  валютаның 
ұсыныс 
пен 
сұраныстың 
теңдігіне  арналған  бəсекелестік 
жəне  еркіндік  ұстанымына  сай 
жұмыс  істемейтіндігі.  Валюта 
айналымын  қадағалайтын  бүкіл-
əлемдік монополияға қарсы тетік 
жоқ.  Сондықтан  да  абсолютті 
түрде  еркін  рынокта  əлемдік 
валютаның кез келген эмитенттер 
немесе сатушылар тобы үшін кез 
келген  артықшылықтарға  үзілді-
кесілді тыйым салынуы тиіс;
-халықаралық  валюта  рыно-
гының  өркениетті  жағдайда 
қызмет  етпеуі.  Оның  басты 
себебі  –  валюта  рыногындағы 
ойынның  ережесі  жəне  бəріне 
міндетті ортақ тəртібі жоқ. Одан 
шығар жол – жаңа əлемдік валюта 
рыногында  ойын  ережесі  заң 
бойынша белгіленіп, оның барлық 
қатысушыларының  (сатушылар 
мен  сатып  алушылардың)  ортақ 
шарты негізінде сақталуы тиіс;
-халықаралық 
валютаның 
эмиссиясы  мен  айналымы  оның 
эмитенттерінің 
бақылауынан 
тыс  болатындығынан,  жаңа 
əлемдік  валютаның  барлық 
негізгі 
субъектілерінде 
– 
пайдаланушыларын  да  (елдерде, 
компаниялар  мен  азаматтарда) 
оның  туындатылуын  эмиссиясы 
мен  айналымын  аталған  заңмен 
арнайы көзделген тұрақты əрекет 
ететін  бақылаушы  құралдарын 
жасауға құқылы болуға тиіс;
-  əлемдік валютаның эмитент-
тері  оның  негізгі  пайдаланушы 
субъектілерінің  алдында,  тұтас-
тай  əлемдік  қоғамдастықтың 
алдында  жауапты  емес.  Ал 
ақиқатында  ол  жауапты  болуы 
тиіс жəне оны қадағалайтын жəне 
тəртіпке шақыратын Бүкілəлемдік 
валюта  арбитражы  жұмыс  істеуі 
керек;
-  əлемдік  валюта  жүйесі  ти-
імді  де  нəтижелі  болып  табыла 
ма,  яғни  оның  жұмысының 
нəтижелері  адамзатты  жəне 
тұтастай  əлемді  дамыту  мақсат-
тарына қаншалықты сай келеді?
Əлемдік  валюта  жүйесі 
жұмысының  іс  жүзіндегі  нə-
тижелері  өркениетті  əлемдік 
капиталдың жəне тұрақты əлемдік 
дамудың  болуының  өзі  бүгінде 
қатерлі болып отырған жағдайға 
жеткізді.  Бұл  оның  толық 
тиімсіздігінің айқын дəлелі. Жаңа 
əлемдік  валюта  эмитенттерінің 
іс-əрекеті  əлем  мен  адамзатты 
дамытудың  шешуші  мақсаттары 
мен  құндылықтарына  сай  келуі 
тиіс.  Президент  Н.Ə.  Назарбаев 

105
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
«Дағдарыстан 
шығу 
кілті» 
мақаласында  «Түбегейлі  жаңару 
жоспарын  (ТЖЖ)»  ұсынды. 
Ежелгі  грек  дамуының  жоғары 
кезеңі  «акме»-мен  байланысты 
жаңа  əлемнің  болашақ  даму  ук-
ладын «акметализм» деп атауды, 
ал  мінсіз  əлемдік  негізделген 
транзиттік  əлемдік  байлықтың 
жаңа  түрін  «транзитал»  деп 
атауға  болатындығын  ұсынады: 
«...Біз-дің  Транзит  əлемінде 
осынау та-рихи көшуге əзірлікке 
сондайлық 
та 
көп 
уақыт 
жəне  ресурстар  қалған  жоқ. 
Капиталдардың  –  «транзитал-
дың»  жаңа Нұх кемесін жобалау 
мен  құруды  кеше  бастау  керек 
еді.  Егер  əлемнің  барлық 
көшбасшылары  бүгіннің  өзін-
де  бүкіл  əлемді  «транзитализм-
нің»  ішінара  ақаулы  дəуірінен 
«акметализмнің» болашақ əлемі-
не іс жүзінде көшіруді бастамаса, 
онда тұрақты даму мен өркендеу 
туралы мəселе ондаған жылдарға 
кейінге қалуы мүмкін». Түбегейлі 
жаңару бағдарламасы - түбегейлі 
жаңару 
мəселесін 
шешудің 
алғашқы 
жаһандық 
кілті 
ретінде  қараған  Н.  Назарбаев 
өзінің  көзқарасын  былайша 
түйіндейді: 
«Біз 
жаһандық 
əлемдік  дағдарысқа  бүкіл  əлем 
болып  кірдік  жəне  дағдарыстан 
шығудың  осынау  жаһандық 
кілтін бұрауды да біз бүкіл əлем 
болып қана істей аламыз». Яғни 
əлемдік валютаның жаңа жүйесі – 
əлемнің тұрақты дамуы мен бүкіл 
адамзаттың өркендеуінің жемісті 
бастауы бола алады.  Үкіметтің 
негізгі  қызметі  2009  жылы  жеке 
секторда  шикізат  емес  тауарлар 
мен қызметтердің жаңа түрлерін 
дамыту 
үшін 
ынталандыру 
жағдайларын туғызуға, экономи-
ка  құрылымын  əртараптандыру 
жəне  шикізат  емес  салалардың 
бəсекеге  қабілеттілігін  арттыру 
бойынша 
жұмыс 
өндіріске 
жəне  саудаға  техникалық  та-
лаптарды  жақсартуға,  инфра-
құрылымдарды,  білім  беруді, 
ғылымды,  инновацияны,  жаңа 
технологиялардың  трансфертін 
жəне 
денсаулық 
сақтауды 
дамытуға  бюджеттік  қаржы 
бөлуді  көтеруге  бағытталды. 
Стратегияға  сəйкес  құрылған 
мемлекеттік 
институттар 
инвестициялық 
жобаларды 
несиелеуге,  сонымен  қатар, 
құрылатын 
кəсіпорындардың 
жарғылық 
қорына 
ішінара 
қатысуға 
жеткілікті 
қаржы 
ресурстарымен 
қамтамасыз 
етілді. Сындарлы жылдар өтінде 
ел  экономикасы  əлі  де  сын-
тегеуріндер алдында тұрды.
2011  жылы  ел  эконо-
микасының  7,5  пайызға  өсті, 
ішкі  жалпы  өнім  жан  басына 
шаққанда  11  мың  доллардан 
асты,  бұрын  сатылып  кеткен 
активтердің  маңызды  бөлігі 
мемлекет меншігіне қайтарылды. 
Қазақстан  жолының  жаңа  кезеңі 
–  экономиканы  нығайтудың, 
халықтың 
əл-ауқатын 
арт-
тырудың  жаңа  міндеттерін  алға 
қойған  2012  жылғы  Елбасы 
Жолдауы:  «...Барлық  акциялар 
пакеті  Қазақстанда.  Енді  өзіміз 
барлығына  ықпал  жасайтын 
боламыз»  деген  мəлімдемесімен 
басталды.
Индустриалдық-инновация-
лық  даму  стратегиясы  аясында 
Қазақстан  экономикасының  ба-

106
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
сымды,  мықты  секторларының 
бəсекеге 
қабілеттіліктерін 
анықтау 
жəне 
олардың 
дамуы 
бойынша 
нұсқаулар 
жасау  мақсатында  кластерлік 
жобасының 
негізі 
салынды 
жəне 
Қазақстан 
Үкіметі 
консалтинг  компания  J.E-мен 
келісімге  отырды.  Қазақстан 
экономикасының 
мұнай 
өндіру  мен  шикізат  саласына 
бағыныштылығынан 
айыру 
үшін  жəне  оның  жоғары 
өндірістілігін  төмендету  үшін 
жеті 
пилоттық 
кластерлер 
анықталды.  Олар:  «Туризм», 
«Тамақ  өнеркəсібі»,  «Мұнай-
газ  машина  жасау»,  «Текстильді 
өнеркəсіп», 
«Транспорттық 
логистика», 
«Металллургия», 
«Құрылыс 
материалдары». 
2005  жылдың  қорытындысы 
бойынша,  Қазақстанның  ішкі 
өнім  өсімі  Орталық  Азия  мен 
Кавказдың  жеті  елінің  арасын-
да  ІЖӨ  жиынтығынан  асып 
түсті.  Тəуелсіздіктің  алғашқы 
10  жылында  ІЖӨ  Қазақстан 
тұрғындарының  жан  басына 
шаққанда 700 АҚШ долларынан 
3  мың  600  доллар  деңгейіне 
көтерілген. 
2010-2012  жылдары  440-тан 
аса  жалпы  құны  12  миллиард 
долларды  құрайтын  440  жаңа 
өндіріс  орны  іске  қосылды. 
2012  жылы  жалпы  құны  77 
миллиард  долларды  құрайтын 
700-ден  аса  индустриалды-
инновациялық  жобаларды  жү-
зеге  асыру  жоспарланды.  Эко-
номиканы  инновациялық  ин-
дустриализациялауда    ресейлік 
əріптестер  5,5  миллиард  доллар 
инвестиция 
көлемімен 
26 
жобамен  үлес  қосты.  Ал  2012 
жылғы 19 қыркүйектегі Қазақстан 
жəне 
Ресей 
Аймақаралық 
ынтымақтастықтың  IX  Фору-
мының  қорытындысы  бойынша, 
екі  ел  арасында  біріккен  жоба 
бойынша жалпы құны 2 миллиард 
долларды  құрайтын  тағы  да  27 
келісімшартпен 
толығатынын 
мəлімдеді. 
Республиканың 
аймақтық 
даму 
мəселелерін 
шешуде 
Қазақстанда 
əлеуметік-кəсіп-
керлік 
(ƏКК) 
корпорация 
(АҚШ,  Англия,  Дания  моделіне 
жақын  алынған)  моделі  жұмыс 
жасайды.  Қазақстанда  мемлекет 
ƏКК-ның  басшысын  тікелей 
тағайындайды.  Корпорация  қыз-
метін  қаржыландыру,  сонымен 
қатар  Ұлттық  қорды  пайдалану 
мемлекеттік  бюджет  арқылы 
жүргізіледі.    Қазақстандағы 
ƏКК  қызметі  акционерлік  қоғам 
туралы Заңмен реттелетін, табыс 
табу 
мақсатында 
құрылған 
тұрақты  бизнес-құрылым.  2007 
жылы  ƏКК  ҚР  Индустрия  жəне 
сауда  министрлігіне,  кейін  2008 
жылы 
əлеуметтік-кəсіпкерлік 
корпорация  ФНБ  «Самұрық-
Қазына» құзырына беріледі. 
2010  жылдың  31  наурызын-
дағы  Қазақстан  Республикасы 
«Əлеуметтік-кəсіпкерлік 
кор-
порациялар 
туралы» 
№266       
Қаулысы  бойынша  əлеуметтік 
кəсіпкерлік 
корпорациялар  
аймақтық  əкімшіліктерге  бе-
рілді.  Отандық  экономист-ма-
мандардың  сараптауы  бойынша 
ƏКК-ның тиімді қызметіне əсерін 
тигізетін, жасалуға  тиісті басты 
шаралар: 
-  кейбір  облыстар  бойын-

107
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
ша 
нормативтік-заңнамалық 
қызметтерді  жетілдіру,  əсіресе 
ƏКК-ні  жүзеге  асыру  бойынша, 
ұжымдық  басқару,  есеп  беру, 
экологиялық  жəне  əлеуметтік 
қатынастардың қатал ережелері;
-  ƏКК  арқылы  дамыту-
дың  бюджеттік  бағдарламасын 
қаржыландыру тетіктерін өзгерту 
қажеттігін  анықтау  мақсатында 
қабылданған дамытудың салалық 
жəне аймақтық бағдарламасының 
тиімділігіне талдау жүргізу;
-  институционалды  ортаның 
тиімділігіне мониторинг (басқа да 
аймақтық  даму  институттарына) 
ұйымдастыру;
- бизнес құрылым жобаларын 
жүзеге  асыруда  қарастыру  мен 
шешім  қабылдаудың  айқын 
тетіктерін  анықтап  алу  қажет 
болды.
Ел  экономикасының  да-
муының  тұрақтылығын  қам-
тамасыз  ету  аймақтық  фак-
торларға  тікелей  байланысты, 
инновацялық  қайта  құруларға 
келіп  тіреледі.  Басқарудың  жаңа 
институты  экономикалық  жəне 
əлеуметтік  мəндегі  мемлекеттік 
бағдарламаны  тиімді  жүзеге 
асыруды 
қамтамасыз 
ету 
мақсатында құрылуы тиіс.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 35.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет