Бас редактор главный редактор



жүктеу 35.37 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата30.04.2017
өлшемі35.37 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
1. Историческое введе ние о киргиз-кайсаках / изд. Г. Спасским. – 
«Сибирский Вестник», «Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой 
Орды», 1820. - ч.9. - С.71-78
О  прежнем  и  нынешнем  местопребывании  киргиз-кайсаков  - 
С.79-110;
О чиноначалии и правлении киргиз-кайсаков и о произо шедших  
в их Ордах  разных переменах. .- Спб., 1820. - С.111-140
2.  О  природных  своиствах  киргиз-кайсаков,  их  нравах,    пищ, 
одежды, жилищах, женах, детях и разных увеселениях, о болезнях, 
врачевании  оных  и  обрядах  при  похоронах  /  изд.  Г.  Спасским.  – 
«Сибирский Вестник», «Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой 
Орды». 1820. - ч.9. - С.141-164
О  верах  киргиз-кайсаков,  молитв,  постах,  муллах,  чаро деях  и 
гадателях, об языке, грамоте и счисления времени. - С.165-172
О домашних занятиях киргиз-кайсаков, земледелии, ско то  водстве, 
зверином промысле и торговле. - С.173-188
Идиге. Киргизская сказка. - Спб., 1820,  - С.189-204
3.  Г.  Шангин  «Извлечение  из  описания  экспедиции,  бывшей 
в киргизской степи в 1816 году» / изд. Г. Спасским. – «Сибирский 
Вестник», - Спб., 1820, - ч.9. - С.71-88
4.  Г.  Шангин  «Извлечение  из  описания  экспедиции,  бывшей 
в киргизской степи в 1816 году» / изд. Г. Спасским. – «Сибирский 
Вестник»,- Спб., 1820, - ч.11. - С.89-112
5. «Посольство из Тобольска к Бутухтухану Зюнгарскому в 1691 
году (Заимствовано из рукописей Сибирской летописи Черепанова) 
(продолжение вперед)» / изд. Г. Спасским. – «Сибирский Вестник», - 

46
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
Спб., 1821. - ч.5. - С.1-14
РЕЗЮМЕ
Автор  статьи:  доктор  исторических  наук,  профессор,  главный 
научный  сотрудник  института  истории  государства  КН  МОН  РК 
Карасаев Гани Мукашевич.
В статье  «Избрание  ханом Абылая и  история казахов с древнейших 
времен  до начала ХІХ в.в страницах журнала «Сибирский вестник»» 
на  основе  письменных  данных  расскрывается  история  основания  
казахского  народа,  его  культурного  и  хозяйственного  развития  на 
современной территории Казахстана.  
Впервые  авторами  демонстрируется  процесс  избрания  султана 
Абылая –ханом  Среднего жуза в 1771 году.
SUMMARY
The  author  of  the  article:  Doctor  of  Historical  Sciences,  Professor, 
chief research associate of the Institute of State History of the Science of 
Committee of  the Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan 
Karasayev Ganii Mukashevich.
The history of foundation of Kazakh people, its cultural and economic 
development  on  the  modern  territory  of  Kazakhstan  based  on  written 
sources is revealed in the article «Election of Abylai as a khan and the 
history  of  Kazakh  people  since  the  earliest  times  till  the  beginning  of 
nineteenth century in pages of magazine «Sibirskii Vestnik»».
The process of election of Abylai sultan as a khan of Middle zhus in 
1771 is showed by authors for the fi rst time.

47
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
Қ.А. Еңсенов
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми 
қызметкері, Жас тарихшылардың республикалық 
қауымдастығының төрағасы, тарих ғылымдарының
кандидаты
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖƏНЕ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ
Аннотация
Бұл  мақалада  автор  қазақ  халқының  бір  туар  азаматтары  алаш 
арыстарының қоғамдық-саяси қызметі мен ондағы «Қазақ»  газетінің 
тарихтағы орнын, тəуелсіздік жолындағы күрестерін бүгінгі күнмен 
тарихи сабақтастықта қарастырған.
Түйін  сөздер:  Алаш,  қазақ,  автономия,  петиция,  кеңес  үкіметі, 
партия,  ұлттық-демократия,  ұлттық  мүдде,  азаматтық  қарама-
қарсылық , саяси элита.
Қазақ  елінің  тарихта  жүріп 
өткен  қилы-қилы  тағдыры  мен 
тарихы бар. Оған назар аударсақ, 
əр кезеңде елі мен жерін қорғауға 
көпшіліктің  ішінен  суырылып 
шыққан    батыр  да,    батыл 
ұлтжанды  азаматтары  болған. 
Олар  өздерінің  қайраткерлігі 
асқан 
зеректігімен 
елден 
ерек,  жұрттан  бөлек  болып 
келуімен  ерекшеленді.  Міне, 
осындай  ерекше  қабілетке  ие, 
ұлт  жанашырлары  ХХ  ғасыр 
басындағы  Алаш  арыстары 
болатын.  «Алаш»  деген  ұғымды 
елдікті 
сақтау 
мақсатында 
бұрынғы 
түркі 
жұртының 
жалғасы 
қазақ 
халқына 
қолданған. Бұл сөздің астарында 
ерте 
ортағасырлық 
түркі 
замандарынан  бастау  алатын 
тарихы  бар  еліміздің  ұрпақтар 
сабақтастығымен бүгінге жеткен 
атауы ескерілген болатын.
Қазақ  зиялылары  азаматтық 
қарама-қарсылық  жылдарында 
елдікті  сақтап  қалу  үшін  аянбай 
күрес  жүргізді.  Бұл  «Алаш 
қозғалысы» деген атауға ие болды. 
Яғни, алаш арыстарының азаттық 
жолындағы 
талас-тартыстары 
1905-1938 жылдардың аралығын 
қамтыды.  Осы  жолда  олар 
бұқара халықтың көзін ашу жəне 
азаттыққа ұмтылыс-талпыныстар 
барысында  майдандасу  үшін 
өздерінің  «Қазақ»  газетін  1913-
1918 
жылдар 
аралығында 
Орынбордан  шығарып,  таратып 
отырды.  Бұл  ұлттық  мерзімді 
басылымда  жарияланған  тарих, 
əдебиет,  шежіре  жəне  салт-
дəстүрге  қатысты  мəліметтер 
жалпы  ұлттық  сананы  оятуға 
бағытталған болатын.
Академик  К.Н.  Нұр-
1. 
пейсовтің  көрсетуінше  Алаш 
арыстары  тəуелсіздік  жолында-
ғы  күресте  мемлекеттіліктің 
негізін  анықтау  үшін  мынадай 
УДК [94:070](574)«19»

48
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
ұғымдарды  айқындаған  екен: 
«Біріншеден, 
саяси 
партия 
ретіндегі  Алаш,  екіншіден,  мем-
лекеттік  құрылым  түріндегі 
Алаш  автономиясы,  үшіншіден, 
осы автономияны (Алаш ордасы, 
(Алашорда  үкіметі)  туралы  мə-
селелер.  Басқа  сөзбен  айтқанда, 
осы нақты үш мəселе жиынтығы 
Алаш  (Алашорда)  қозғалысы 
деген ұғымды білдіреді» [1, 5 Б.] 
- дейді.
Одан  кейін  осы  Алаш 
қозғалысы 
туралы 
өз 
ой 
тұжырымын 
ғалым 
былай 
деп 
келтірген 
болатын: 
«Шындығында 
да, 
Мұхтар 
Əуезов  дұрыс  көрсеткендей, 
Қарқаралы  петициясын  дай-
ындауға  Ахмет  Байтұрсынов, 
Əлихан  Бөкейханов,  Жақып 
Ақпаев сияқты сол кездегі қазақ 
интеллигенциясының  көш  бас-
таушылары ат салысқаны даусыз. 
Зиялылардың осы тобының жəне 
оған  өте  жақын  болған  пікірлес 
азаматтардың осыдан кейін араға 
10-12 жыл салып Алаш партиясын 
құруға  мұрындық  болғандығы 
да  шындық»  [1,40  Б].  Демек, 
қазақ зиялылары ұлттық мүддені 
қорғау жолында астыртын жұмыс 
жасағандары байқалады.
 Алаш қозғалысына қатысты 
Хасен  Оралтай  өзінің    түрік 
тілінде  жарық  көрген  «Алаш-
Түркістан  түркілерінің  ұлт-
азаттық  ұраны»  деген  кітабында 
былай  дейді:  «1905  жылы 
ұйымдастырылған 
жасырын 
«Алаш»  партиясы  өз  қызметін 
1917  жылдың  көктеміне  дейін 
жасырын  түрде  жалғастырып 
келді.  Партия  қызметі  жасы-
рын  жүргізілгендіктен,  Алаш 
партиясының  тұңғыш  Құрылтай 
съезі  1905  жылы  маусым 
айында  14.500  қазақ  түркісі-
нің  қатысуымен  Қарқаралыда 
өткізілді.  Бірақ  ол  ресми  түрде 
«Алаш»  партиясының  съезі 
болып  есептелінбейді.  Солай 
болғанымен  де,  1905  жылғы 
съезд  Алаш  партиясының  съезі 
екендігіне күмəн жоқ» [2]. Демек, 
қазақ  зиялылары  күресті  ерте 
бастағандығы байқалып тұр.
Алаш  арыстары  «Қазақ» 
газетін  жарыққа  шығарардың 
алдында  Міржақып  Дулатов 
абақтыда 
қамалып, 
кейін 
Орынборға  жеткендігі  туралы 
қызы  Гүлнəр  Міржақыпқызы: 
«Əкем  Семей  түрмесінде  бір 
жарым  жыл  отырып,  енді 
құтылғандығы  туралы  бізге  хат 
жазыпты.  Онда  Семеймен  қош 
айтысып,  ізімді  білдірмеуге 
тырысып  Түркістан  қаласына 
жеттім,  жасырын  күн  көрісте 
болғандықтан  сіздерге  хабар 
жеткізе  алмадым.  Түркістан 
жəне  оған  таяу  жердегі  Қарнақ 
қыстағындағы  қазақ,  өзбек, 
қырғыз  ағайындардың  арасында 
паналап,  1913  жылдың  басына 
дейін сонда болдым. Түркістанда 
Садық  Өтегенұлының  үйінде 
тұрдым. 
Садықпен 
сіздерді 
сыртынан  таныстырайын:  бұл 
кісі  Ташкентте  оқытушылар 
семинариясын  бітірген  мұғалім 

49
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
нағыз  молда,  өте  мəдениетті 
қазақ 
зиялысы, 
қаламы 
төселген,  газеттерге  басылып 
жүретін 
шығармалары 
бар  
белсенділерден.
Мен 1913 жылдың бас кезінде 
Орынборға  келдім,  сондағы 
ғалым-жазушы,  өзімнің  ұстазым 
əрі  ағам  Ахмет  Байтұрсыновқа 
барып  сəлем  бердім.  Ұзақ 
кеңесіп  қазақ  халқына  арнап 
газет  шығармақ  болдық.  Бұл 
пікірімізді  Əлихан  Бөкейханов 
ағамыз  толық  қолдады.  «Іске 
сəт»  деп  жұмысқа  кірістік. 
Өкімет  органдарының  есігін 
тоздырып  жүріп,  əзер  дегенде 
рұқсат  алынды.  Түркістанда 
жиналған 
мол 
қаржыны, 
Уфадағы  «Ғалия»  медресесі 
шəкірттерінің  қосқандарын  осы 
игі іске бағыштадық. Редакцияға 
қолайлы  үй  қарастырып,  оны 
да  таптық.  Баспахана  ашып, 
жұмыс істейтін кісілердің басын 
қостық.  Редакция  құрамын, 
оның  мүшелерін  белгіледік. 
Шығарушы бас редакторы Ахмет 
Байтұрсынов,  екінші  редакторы 
мен  болып,  газетімізді  «Қазақ» 
деп атап шығара бастадық», - деп 
хабарлапты хатында [3, 19-20 Б.] 
- деген əңгімесін естелік ретінде 
баяндаған. 
Ұлттық  баспасөз  органдары 
қатарында  «Қазақ»  газетінің 
алатын  орны  ерекше.  Өйткені 
ол  басқа  басылыммен  са-
лыстырғанда  ұзақ  мерзім  1913-
1918  жылдар  шығып,  265  саны 
жарық көрді. «Қазақты» дүниеге 
келтірген  жəне  оның  тұрақ-
ты  авторларының  қатарында 
Алаш 
қозғалысының 
бүкіл 
халық  таныған  жетекшілері 
Əлихан  Бөкейханов,  Ахмет 
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов 
сияқты  қайраткерлер  болды. 
Осы  азаматтар  мен  олардың 
сенімді 
серіктері 
«Қазақ» 
газетін  жалпыұлттық  басылым 
дəрежесіне көтерді [1, 26 Б.].
Осы 
аталған 
ұлттық 
мерзімді  басылымның  бірінші 
санында  Ахмет  Байтұрсынов 
газетті  халықтың  көзі  құлағы 
жəне  үні  деп  анықтап,  өз  ойын 
былайша 
тұжырымдаған: 
«Аталы жұртымыздың, адуынды 
ұлтымыздың  əруақты  аты  деп 
газетіміздің  есімін  «Қазақ»    деп 
қойдық  ұлт  үшін  деген  күштің 
ұлғаюына  күшін  қосып,  көмек-
тесе  қызмет  ету  қазақ  баласына 
міндет.  Қызмететемін  десеңдер, 
азаматтықтың  зор  жолының  бірі 
осы» [4].
Қазақ  ұлтының  ХХ  ғасыр 
басындағы  зиялылары  «Қазақ» 
газетінің 
алғашқы 
санында 
ұлттық  тарихқа  қатысты  ойлары 
мен  тұжырымдарын  мынадай 
мазмұнда  жариялаған  болатын: 
«Тарих  дейтін  бұрынғы  өткен 
заманның 
жайынан 
сөйлеп 
тұратұғын; 
бұрынғы 
өткен 
кісілердің  ісінен  хабар  беретұ-
ғын  бір  ғылым.  Қазақтың  көбі 
оны  «Шежіре»  деп  атайды.  Бұ 
заманның  ғалымдары  тарихты 
ең  оңды  мағлұм  деп  түсінеді. 
Тарих  түзу  жөнді  үйретуші  деп 

50
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
айтады.  Тарих  халықты  түзу 
жөнге  сілтеуші  болса,  оған 
дүниеде  түзушіліктің  кітабы, 
тіршіліктің  жобалаушысы  деуге 
де  болады.  Келешек  күннің 
қандай  болашағын  білуге  тарих 
анық құрал болады.
Өзінің  тарихын  жоғалтқан 
жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел 
қайда жүріп, қайда тұрғандығын, 
не  істеп,  не  қойғандығын 
білмейді,  келешекте  басына 
қандай  күн  туатынына  көзі 
жетпейді.  Бір  халық  өзінің 
тарихын  білмесе,  бір  ел  өзінің 
тарихын жоғалтса, оның артынша 
өзі  де  жоғалуға  ыңғайлы  болып 
тұрады.  Дүниеде  өңге  жұрттар 
қатарында  кем,  қор  болмайтын, 
тұқым  құрып  қалмасын  деген 
халық  өзінің  шежіресін  иманы 
дəрежесінде  ұғып  білуге  тиіс 
болды.  Қазақ  ішінде  əр  үйдің 
отағасы,  əр  ауылдың  ақсақалы 
тұрған  бір  шежіре.  Бұрынғы 
өткен-кеткеннен  естіген-білгені 
болса  кейінгі  жастарға  соның 
бəрін айтып отырады...» [4,15-16 
Б.].
Алаш 
арыстары 
елінің 
тағдырына  алаңдап  «Қазақ» 
газетінің  1913  жылдың  10 
ақпанындағы  санында  былай 
деп 
жазыпты: 
«...Қалыпты 
шаруамыз өзгеріліп, қалпымызда 
өзгерілейін  деп  тұр.  Қалпымыз 
өзгеленсе,  қалай  болатынымыз 
белгісіз, іргеміз тұтас, ыдырамай 
жатқан халық едік. Енді арамызға 
бөтендір келіп кірісейін деп тұр. 
Бөтендер  кіріскенде  халіміз 
қандай  болар?  Тарих  жолына 
қарағанда  келімсек  жұрт  күшті 
болса,  тұрғын  жұрт  аяқ  асты 
болып  азып-тозып  жоғалмақшы. 
Тұрғын  жұрт  күшті  болса, 
келімсек  жұрт  сіңіп,  тұрғын 
жұрттың  түріне  түсіп,  бөтендігі 
жоғалмақшы. Екеуі де тең болса, 
бір-бірімен  кем  болмай,  біріне-
бірі  жем  болмай,  қатар  тұрып 
күнелтіп,  əр  қайсысы  өз  алдына 
ұлт болып тұрмақ.
Қазақ  енді  бірыңғай,  іргесі 
тұтас  қалпында  тұра  алмайды. 
Егін  шығатын  жерлерге  егінші-
лер  келіп  орнап  жатыр,  мал 
бағатын  жерге  мал  өсірушілерді 
алып 
келіп 
орнатпақшы, 
балығы  бар  жерге  балықшылар 
қондырмақшы. 
Қысқасы 
о 
жолмен,  бұ  жолмен  болсын 
қазақ  арасына  бөтен  жұрттар 
кірейін деп тұр...» [4, 14 Б.], - деп 
алаңдаушылық білдіріпті.
Қазақ даласына тарап тұрған 
«Қазақ» 
газетіне 
Патшалы 
Ресей  империясының  əкімшілігі 
тарапынан қадағалау, бақылау да 
күшті  болған.  Оған  дəлел,  газет 
редакторы  Ахмет  Байтұрсынов 
1915 жылы Орынбор генерал-гу-
бернаторына  мынадай  мазмұнда 
хат жолдаған: «Жоғары мəртебелі 
Орынбор генарал-губернаторына 
«Қазақ» 
газеті 
редакторы                                         
А.  Байтұрсыновтан  Өтініш... 
Газетке  байланысты  1915  жылы 
13  наурызда  берілген  рұқсат 
қағазының  (№  1481)  көшірмесін 
беруді 
сұраймын. 
Мерзімді 
басылымға  қатысты  барлық 

51
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
төлемдер  өтелген»  [5]  -  деп 
төменде өз қолтаңбасын қойған. 
Осы  аталған  құжаттармен 
бірге патша əкімшілігі тарапынан 
бақылау жасаған əскери генерал-
лейтинанттардың  да  мəлім-
демелері  сақталған.  Оған  назар 
аударсақ,  əскери  шенді  өзінің 
баянхатында 1917 жылы «Қазақ» 
газетінің  №  213  санындағы 
«Саяси  ахуал»  деген  мақалаға 
саяси  сараптама  жасап,  ондағы 
айтылған  мəселелерді  Орынбор 
губернаторына талдаулар ретінде 
жолдаған  [6].  Міне,  осындай  ел 
тарихына  қатысты  аса  маңызды  
мұрағат  құжаттарын  Орынбор 
мемлекеттік  мұрағатынан  кө-
шірме  жасап  əкелген  Астана 
қалалық  мұрағатының  қыз-
меткерлерінің де еңбегі зор.
Қазақ 
зиялыларының 
облыстық  қазақ  съездерінде 
көтерген  мəселелері  «Қазақ» 
газетінің 1917 жылы қарашаның 
21-індегі  санында  жарияланған 
программасының  жобасы  жан-
жақты  талқыланып,  ол  негізінен 
қолдау тапты.
1917  жылы  күзде  Алаш 
партиясы  басшылығының  ше-
шіміне  сəйкес  жалпықазақтық 
екінші  съезд  шақыру  жөнінде 
ұйымдастыру комитеті құрылды. 
Оның  құрамына  Əлихан  Бөкей-
ханов,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Міржақып  Дулатов,  Сағындық 
Досжанов  жəне  Елдес  Омаров 
енді.  Алда  болар  съезде  қарала-
тын  басты  мəселелердің  бірі 
жəне бірегейі қазақ автономиясы 
туралы мəселе болды. 
Съезд  шақыру  қарсаңында 
жоғарыда  айтылған  Əлихан 
Бөкейханов 
басқарған 
бес 
адамнан  тұратын  ұйымдастыру 
комитеті  «Қазақ»  газеті  арқылы 
қарашаның  14-і,  26-сында  аса 
маңызды  екі  үндеу  жариялады. 
1917  жылы  қарашаның  14-інде 
жарық  көрген  үндеуде  елде  кең 
жайылған  анархиядан  құтылу 
үшін 
«айрықша 
милиция» 
ұйымдастыру  қажеттігі  айтылса, 
қарашаның  26-сындағы    екінші 
үндеуі Қазақ автономиясын жəне 
оның  үкіметі  болып  табылатын 
«Ұлт кеңесін» сайлау мəселелері 
ашық көрсетілді [1, 146 Б.].
Алаш 
арыстары 
туған 
халқының  көзін  ашып,  көмескі 
тартқан  рухын  оятып,  білім-
мен  қаруландырып,  бірте-бірте 
тəуелсіз  ел  болуға  жеткізудің 
қиында болса, ең сенімді жолын 
саналылықпен  таңдап  алды.  Ал 
халық  рухын  оятудың  басты 
құралы  –  ел  арасында  ресми 
түрде  кең  тарай  алатын,  бірақ 
ұлттық идеяны насихаттау басты 
мұраты  болып  табылатын  газет 
ұйымдастыру еді. Міне, «Қазақ» 
газеті  осы  мақсатты  шебер 
орындап шықты.
Əлихан  Бөкейхан  бастаған 
сол  кездегі  қазақ  зиялыларының 
бəрін    бір  мақсатқа  жұмылды-
рып,  солардың  үнін  қалың 
жұртшылыққа  жеткізіп  тұрған 
«Қазақ»  газетінің  бес  жыл  бойы 
265 нөмірі жарық көріпті. Қазіргі 
өлшеммен қарасақ, тым аз. Бірақ, 

52
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
сол замандағы қалыптасқан ахуал 
тұрғысынан  бағаласақ,  отарлық 
езгідегі  елде,  отаршылдың  көз 
алдында, жария түрде тəуелсіздік 
идеясын  насихаттайтын  газетті 
бес  жыл  бойы  шығарып  тұру 
үлкен ерлік болатын.
«Қазақ»  газеті  осынау  аз 
ғұмырының 
ішінде 
барша 
қазақ  зиялыларын  ортақ  мақсат 
жолында 
топтастыра 
алды, 
тынымсыз  соғылған  қоңырау 
сынды халықтың қалғи бастаған 
рухын  оятып,  мыңдаған  зерделі 
жасты тəуелсіздік туының астына 
жинай білді. Қазақ тарихындағы 
ең  алғашқы  ірі  қоғамдық  ұйым: 
Ұлттық-демократиялық  «Алаш» 
партиясының  ұйымдастыруына 
ұйытқы  болған  да  осы  газет. 
Заман 
аударылып-төңкеріле 
бастаған  тұста  Қазақ  елін 
аласапыраннан  аман-есен  алып 
шығып,  автономиялық  мемлекет 
мəртебесіне  жеткізуді  мұрат 
тұтқан  Алашорда  үкіметінің  үні 
болған да осы газет. Амал не, сөз 
жүзінде  езілген  ұлттар  құқығын 
мойындауды жария еткенімен, іс 
жүзінде  мүлде  басқа  принципті 
басшылыққа 
алған 
Кеңес 
өкіметінің  қаһарына  қарсы  тұру 
мүмкін болмай қалды [7, 7 Б.].
Қорытындылай 
айтқанда, 
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 
зиялыларының  азаттық  жо-
лындағы  күресі,  қайраткерлік-
тері,  халқына  деген  сүйіс-
пеншіліктерінің  бүгінгі  күнмен 
астасып 
жатқан 
тəуелсіздік 
идеясымен  сабақтастығы  бар 
екендігі жəне олардың көрсеткен 
жолы, ұстанымдарының барлығы 
ұлтының  ұлттық  санасында 
жаңғыра  түсуде.  Яғни,  қазақ 
халқының:  «Жақсының  аты, 
ғалымның  хаты  өлмейді»  деген 
данылық 
сөзінің 
растығын 
дəлелдеп тұрғандай көрінеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
1.Нұрпейсов К.Н. Алаш һəм алашорда. – Алматы: «Ататек», 1995. 
- 256 б.
2.  Оралтай  Х.  Алаш-Түркістан  түркілерінің  ұлт-азаттық  ұраны. 
(«Азат газетінде аудармасы бойынша»). 1991. - №8.
3.  Дулатова  Г.М.  Шындық  шырағы:  Естелік-эссе:  //  -  Алматы: 
«Мектеп», 2012. - 408 б.
4. «Қазақ» газеті // Бас редактор Ə. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. - 560 б.
5. АҚМ. - 430-қ., - 8-іс, - 2-іс, - 7-п.
6. АҚМ. - 430-қ., - 8-іс, - 4-іс, - 7-8-пп.
7. Нысанбаев Ə.Н. Азаттық рухының күміс қоңырауы // «Қазақ» 
газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 
532 б.
РЕЗЮМЕ
Автор  статьи:  кандидат  исторических  наук,  старшии  научный 
сотрудник  Института  истории  государства  КН  МОН  РК  Енсенов 

53
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
Канат Алеексевич.
В научно-исследовательской статье автор повествует о событиях 
связанных  с  историей  движения  Алаш.  Помимо  этого,  в  статье 
дается  оценка  общественно-политической  деятельности  казахской 
интелегенции и роли газеты «Казах» в пробуждении национального 
сознание.
RESUME
 
The author of the article: Kandidat of Historical Sciences, senior 
research  associate of the Institute  of  State  History  o f  Committee  of  the  Ministry 
of Education of the Republic of Kazakhstan  Ensenov Kanat Aleeksevish.
Author of the article examines events related to the history of Alash 
movements. Social and political activities of the Kazakh intelligence and 
role of “Kazakh” newspaper in awakening national consciousness  were 
evaluated.

54
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ƏДІСТЕМЕЛІК МƏСЕЛЕЛЕРІ
ТЕОРЕТИКО-МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ
ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОЙ ИСТОРИИ
Ж.Н. Жақсыгелдинов
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарих институтының кіші ғылыми 
қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі 
ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ САНА – РУХАНИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
УДК 930.1(574)
Аннотация
Мақалада автор посткеңестік кезеңдегі Қазақстан қоғамындағы 
тарихи  сананы  қалыптастыру  маңыздылығы  мен  оның 
ерекшеліктерін сараптаған. 
Түйін сөздер: рухани, моральдік ұстанымдар, жүйелі, бəсекеге 
қабілеттілік, «Мəдени мұра», «Ғылыми қазына».
Халықтың  ұлылығы  ғұмыр 
ұзақтығымен емес, рухани даму 
деңгейі мен адамзат өркениетіне 
қосқан 
нақты 
үлесімен 
өлшенеді.
Руханилық  ұғымының  ма-
ғынасы  кең.  Кейде  қоғамның 
күллі  рухани  құндылықтары 
қайта қаралып, сыналып жататын 
кезеңдер  туады.  Нəтижесінде 
қоғамдық  сана  сүзгісінен  қайта 
өткізілген  рухани  мұралардан 
ең  қажетті  һəм  уақыттың  қатал 
сынын  өткере  білген  мəңгілік 
құндылықтар ғана қалады. 
Рухани  азғындыққа  душар 
болған  қоғам  деградацияға 
тап  болатыны  аксиома.  Ал  қай 
қоғамның  рухани  құндылықтар 
жүйесінде  гуманизм,  ізгілік, 
бірлік пен ынтымақ сынды асыл 
ұстанымдар  салтанат  құратын 
болса,  сол  қоғамның  болашағы 
жарқын  болмақ.  Сондықтан, 
елдің  моральдік  ұстанымдарын 
үнемі 
жетілдіріп 
отыру 
бəрінен  маңызды.  Ол  –  рухани 
салауаттылықтың кепілі.
  Қазақта «Ел болам десең 
бесігіңді  түзе»  деген  ғибратты 
сөз бар. Егер ізгі құндылықтарға 
негізделген  қоғамдық  сананы 
қалыптастырамыз десек өскелең 
ұрпақтың 
тəрбиесін 
тезге 
салу  аса  маңызды.  Жастардың 
бойындағы 
отансүйгіштік, 
адамгершілік,  руханилық  қа-
сиеттерін 
тəрбиелеуде 
та-
рих, 
мəдениеттану, 
фило-
софия,  əлеуметтану  сынды 
гуманитарлық  бағыттағы  пəн-
дерінің орны ерекше. Елу жылда 

55
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
ел жаңа демекші,  тұтас бір ұлттың 
санасын өзгерту оңай шаруа емес. 
Оған уақыт керек. Қажырлы еңбек 
керек.  Тарихымызға  қатысты 
бірен-саран  кино  түсірумен, 
газет-журналдарға 
анда-санда 
мақала  жариялаумен  ұлттың 
тарихи  санасын  қалыптастыра 
алмаймыз.  Ол  жүйелі  һəм 
кешенді  мемлекеттік  саясатты 
қажетсінетін дүние. Оны қозғасаң 
ар жағынан ұрпақ тəрбиесі сияқты 
үлкен  мəселенің  төбесі  көрінеді. 
Ол отбасындағы, балабақшадағы, 
орта  мектептегі,  жоғарғы  оқу 
орнындағы  тəрбие  мəселелері. 
Ұлт  санасын  қалыптастыруда 
білім  беру  саласының  маңызын 
Елбасымыз  Н.Ə.  Назарбаев  та 
үнемі  айтып  келеді.  Мəселен, 
Елбасының  Қазақстан  жастары 
мен  болашақ  көшбасшыларына 
арналған 
үндеуі 
түрінде 
ойластырылған 
«Қазақстан 
жолы»  деген  еңбегінде  былай 
дейді: «Бəсекеге қабілетті ұлт ту-
ралы  айтқанда  бір  ұмытылмауға 
тиіс нəрсе - бəсекеге қабілеттілік. 
Бұл - ең алдымен өзіңнің барлық 
артықшылықтарыңды  пайдала-
на  білу  деген  сөз,  бірақ  олар-
ды  өзіміздің  кім  екендігімізді 
ұғынғаннан  кейін  барып  қана 
анықтауға болады.
  Біз  -  ғасырлар  бойы 
1. 
əлемдік өркениеттердің тоғысқан 
жерінде  өмір  сүрген  əулеттердің 
ұрпақтарымыз. Ұлы Дала қашан 
да  əр  түрлі  мəдениеттер,  тілдер, 
əскерлер,  діндер,  тауарлар  жəне 
идеялар  тоғысқан  қиылыста 
тұрды.  Мыңдаған  жылдар  бойы 
Дала  халықтарының  генераторы 
болды.  Ал  XXI  ғасырда  ол 
ерекше 
сападағы 
адамның 
генераторына,  жаңа  идеялардың 
генераторына  айналуы  тиіс. 
Біздің  табиғатымызға  біткен 
далалық  ойлау  машықтары, 
ғаламдық  трендттер-икемділік 
пен  жүйелілікті  барынша  толық 
бейнелеп  көрсетеді.  Көшпелілер 
қашанда  икемделгіш  болған 
жəне, бір қарағанда, ешбір ақылға 
сыймайтын 
бір 
қасиеттері, 
олардың  барлық  іс-əрекеттері 
қашанда  табиғаттың  белгілі  бір 
қайталанбалы  кезеңіне  жəне 
қоғамдық  өзара  қатынастардың 
принциптеріне  сəйкес  келетін...
Сонымен  бірге,  «ұлттық  багаж» 
жас 
қазақстандықтардың 
дүниежүзілік  жалпы  білім  беру 
кеңістігіне  қосылуына  кедергі 
болмауы  жəне  олардың  бəсекеге 
қабілеттіліктерін  төмендетпеуге 
тиіс.  Бұл  қасиеттер  əрбір 
адамның  бойына  жанұя,  мектеп, 
университет  сияқты  əлеуметтік 
институттарда  сіңірілуі  тиіс»  [1, 
275-276  Б.].  Президенттің  бұл 
ойынан ұғатынымыз ұлт санасын 
қалыптастыруда 
мемлекет 
негізгі  күш  болуы  керек  жəне 
Қазақстандық 
идеологиялық 
саясат ең заманауи үлгіде болуы 
тиіс.  Күні  кешегі  Мемлекеттік 
хатшы  Марат  Тəжиннің  Қазақс-
тан  Республикасының  ұлттық 
тарихын  зерделеу  жөніндегі  ве-
домствоаралық  жұмыс  тобының 
кеңейтілген отырысында: «Нағыз 

56
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
ұлттық 
қадір-қасиет 
нағыз 
ұлттық  тарихтан      басталады» 
-  деген  сөзі  де  тарих    сүйер 
қауымның құлағында [2]. Демек, 
жастардың  «тарихи  санасы» 
қалыптаспайынша Қазақстанның 
жаңаша 
ойлайтын 
буыны 
қалыптасуы мүмкін емес. 
Аталған  бағытта  мемлекет 
тарапынан  идеология  жүргізіліп 
те  жатыр.  «Мəдени  мұра», 
«Ғылыми қазына», «Халық тарих 
толқынында»  тарихи  зерттеулер 
бағдарламаларының қабылдануы 
соның бірден бір айғағы.    Мемле-
кет тарапынан қаржыландырыла-
тын осы бағдарламалардың түпкі 
мақсаты  да  сол.  Ұлттың  тари-
хи  санасын  қалыптастыру  [3]. 
Сол  бағдарламалардың  аясында 
қыруар  жұмыстар  атқарылды. 
Отандық 
жəне 
шетелдік 
тарихшы ғалымдардың тəжірибе 
алмасуына  септігін  тигізген 
талай  басқосулар  өткізілді.  Сол 
жиындардың  бірінде  Амангелді 
Айталы  ағамыздың  айтқан  ойы 
ерекше  есте  қалды.  «Ұлттық 
тарихты 
зерделеудегі 
жаңа 
əдістемелік 
қолданыс 
жəне 
ғылыми көзқарас» тақырыбында 
өткізілген  семинарда  сөз  алған 
ғалым:  «Мəңгілік  ел  идеясы 
айтылды. Жақсы идея – қазақты 
сақтап қалу болашақта. Бірақ біз 
капитализмге  оралдық.  Қандай 
капитализмге оралдық? Өздеріңіз 
білесіздер батыстағы капитализм 
ол бұрынғы капитализм емес, ол 
посткапитализм.  Ол  ақпараттық 
қоғам,  индустриалды  қоғам.  Ол 
баяғы  маркстің  заманындағы 
капитализмнен  кетті.  Біз  қандай 
капитализмге оралып жатырмыз. 
Осы 
интеллигенция, 
қазақ 
интеллигенциясы  халықта  осы 
қоғамды  талдап  мəңгілік  ел 
жолындағы  өзіміздің  қандай  қо-
ғамда өмір сүріп жатқанымызды 
айтты ма? Айтса қай жерде айтты, 
тындады ма? Бұл үлкен бір мəсе-
ле.  Сонымен  бірге  əлеуметтану-
шы,  қоғамтанушы  ғалымдар, 
яғ-ни  біздер  халық  алдындағы 
парызын  қалай  өтеп  жүрміз? 
Əлеуметтануда 
қоғамтануды, 
тарихтытануды бірнеше деңгейге 
бөледі. 
Субкультура 
деп. 
Субкультураның  тарихқа  деген 
өз  пікірі  бар  олар  біздің  жазып 
жатқан еңбектерімізді оқымайды, 
көбі.  Олардың  бұрынғы  тарихы 
туралы  өзінің  пікірі  бар. 
«Народная история». Оны ешкім 
зерттемейді,  оқымайды,  шын 
айтқанда біз оны білмейміз. Екін-
ші  субкультура  ол  мемлекет-
тік  саяси  сана.  Мемлекеттің 
тапсырысы.  Тарихшыларға,  қо-
ғамтанушыларға.  Үшінші  суб-
культура:  ол  академиялық  орта, 
яғни  сіздер...»  -  деп  еді.  Əрине 
адам болған соң, пікір алуандығы 
болады.  Ғалымдар  арасында 
жүрсең  оны  əсіресе  қатты 
сезінесің. Ол заңды да. Бұл сөзді 
келтірген  себебім  Амангелді 
Айталы  ағамыз  осы  екі  ауыз 
сөзімен  бүгінгі  мемлекетіміздің 
қоғамдық  санасына  қатысты 
негізгі  дерттің  түсін  түстеп 
берген  сияқты.  Ол  субкультура 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет