Бас редактор главный редактор



жүктеу 35.37 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата30.04.2017
өлшемі35.37 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
Буркiтбай Ғелманұлы Аяған - 
Мемлекет тарихы институтының директоры, 
т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесi, 
редакциялық алқаның төрағасы
БАС РЕДАКТОР 
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
Камал Низамұлы Бұрханов Қазақстан 
Республикасы Парламентi Мəжілісінің депу-
таты, с.ғ.д., профессор 
Мырзатай  Жолдасбеков  -  Қазақстан 
Республикасы  Президенттiк  мəдениет  орта-
лығының директоры, ф.ғ.д., профессор
Жанна  Үркімбайқызы  Қыдыралина  
Мемлекет  тарихы  институты  директорының 
бiрiншi орынбасары, т.ғ.д., профессор 
Стивен Уиткрофт - Мельбурн  универси-
тетінің профессоры (Австралия) 
Рафис  Абазов  -  Колумбия  университеті, 
профессор (АҚШ) 
Абдульвахаб  Қара  -  Мимар  Синан 
университеті, т.ғ.д., профессор (Түркия) 
Алексей 
Викторович 
Власов 

Посткеңестік    кеңiстiктi  зерттейтiн  ақпарат-
тық-талдау  орталығының  бас  директоры, 
т.ғ.к., доцент (РФ) 
Амангелдi  Нүркейұлы  Қашқымбаев  - 
Мемлекет  тарихы  институты  директорының 
орынбасары, т.ғ.к., доцент 
Асқар Бекəділұлы Əбдуалы - 
М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттiк 
университетінің  бірінші  проректоры,  т.ғ.д., 
профессор 
Ерлан Бəтташұлы Сыдықов - 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  
Университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор 
Мейiр Ғариполлаұлы Ескендiров 
Назарбаев 
орталығы 
Мемлекеттік 
мекемесінің  директорының  орынбасары, 
т.ғ.д., профессор
РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА: 
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ:

2
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
Мемлекет тарихы 
ғылыми журнал 
Құрылтайшы Қазақстан 
Республикасы Бiлiм жəне ғылым 
министрлiгi Ғылым комитетiнiң 
«Мемлекет тарихы институты» 
мемлекеттік мeкeмeci 
Бас редактор 
Аяған Б.Ғ. 
Бас редактордың орынбасары 
Қашқымбаев А.Н. 
Басылымға жауапты 
Бекенова М.С.
Дизайн жəне верстка: 
Мангин М.М. 
Мекен-жайы: 
Қазақстан Республикасы 
010000, Астана қ., 
Орынбор көшесі, 8 үй
Министірліктер Үйi, 14 кіреберiс 
Тел.: +7 (717) 2740-168 
Факс +7 (717) 2741-046
е-mail: tarih_institut@mаil.ru
http://www.history-state.kz
История государства 
научный журнал 
Учредитель Государственное 
учреждение «Институт истории 
государства» Комитета науки 
Министерства образования и 
науки 
Республики Казахстан 
Главный редактор 
Аяған Б.Ғ.  
Заместитель главного редактора 
Кашкимбаев А.Н. 
Ответственный за выпуск 
Бекенова М.С.
Дизайн и верстка: 
Мангин М.М.
Адрес: 
Республика Казахстан 
010000, г: Астана, ул. Орынбор, д. 8 
Дом Министерств, 14 подъезд 
Тел.: +7 (717) 2740-168
Факс +7 (717) 2741-046
е-mail: tarih_institut@mаil.ru
http://www.history-state.kz
Журнал Қазақстан Республикасының 
Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде 
тіркелген, 2008 ж. 02 желтоқсанында
Есепке қою туралы күəлік № 9717-Ж.
Қайта басуда, микрофильмдеу жəне 
көшірменің өзге де үлгілерінде 
журналға сілтеме жасау міндетті
Журнал редакциялық алқасының пікірі 
мақала авторларының көзқарасымен 
сəйкес келмеуі мүмкін.
Мемлекет тарихы институтының 
баспасында терілген.
010000, Астана қ., 
Орынбор көшесі, 8 үй,
Министірліктер Үйі, 14 кіреберіс
Басылым 500 экз.
Журнал зарегистрирован Министер-
ством культуры и информации Респуб-
лики Казахстан 02 декабря 2008 г.
Свидетельство о постановке на учет 
СМИ № 9717-Ж.
При перепечатке, микрофильмировании 
и других формах копирования ссылка 
на журнал обязательна.
Мнение редколлегии журнала может 
не совпадать с точкой зрения авторов 
статей. 
Отпечатано в типографии Института 
истории государства.
010000, г. Астана, ул. Орынбор, д. 8, 
Дом Министерств, 14 подъезд
Тираж 500 экз.

3
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
МАЗМҰНЫ
СОДЕРЖАНИЕ
ТƏУЕЛСІЗДІК
НЕЗАВИСИМОСТЬ
Ілиясова  К.М.,  Маханова  З.Ө.  Меншікті  жеке-
шелендіру жəне оның кезеңдері (1991-1999 жж.)....5
Байжанова Г. Д. История развитие государственной 
статистики Казахстана..............................................12
Ауанасова  А.М.,  Сулейменов  А.М.  Суверенитет 
Казахстана и национальная безопасность..............23
ТАРИХ ЖƏНЕ ТҰЛҒА
ИСТОРИЯ И ЛИЧНОСТЬ
Қарасаев  Ғ.М.  Абылайдың  хан  болып  сайлануы 
жəне  қазақтардың  ХІХ  ғасырдың  басына  дейінгі 
жекелеген тарихы,  «Сибирский вестник» журналы 
мəліметтерінде .........................................................34
Еңсенов Қ.А. Алаш қозғалысы жəне «Қазақ» газеті .
....................................................................................47
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ƏДІСТЕМЕЛІК МƏСЕЛЕЛЕРІ
ТЕОРЕТИКО-МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ
ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОЙ ИСТОРИИ
Жақсыкелдинов Ж.Н. Ұлттық тарихи сана-рухани 
дамудың негізі...........................................................54
СТРАНИЦЫ ИСТОРИИ
ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН
Ахметова  Е.Т.  Ұжымдастыру  науқанының  Семей 
губерниясындағы  көрінісі.......................................59
Сакауова  Н.К.
 
Послевоенные  политические  кам-
пании как продолжение сталинских репрессий.....71
МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚОҒАМ
ГОСУДАРСТВО И ОБЩЕСТВО
Анафинова  М.Л.  G-GLOBAL  –  дополнительный 
инструмент  взаимного  диалога  о  проблемах 
глобального мироустройства...................................79

4
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
Ерімбетова 
Қ.М. 
Қазақстан 
дүниежүзілік 
экономикалық үрдістер жүйесінде: дағдарысқа қарсы 
шаралар (2005-2010жж.)..................................89
Аканов  К.Г.  Поисковый  отряд  «мемориальная 
зона»  и  его  вклад  в  историю  исследования  великой 
отечественной войны................................................111
МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ 
ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
НОВОСТИ ИНСТИТУТА ИСТОРИИ 
ГОСУДАРСТВА
Международная  научно-методологическая  конфе-
ренция  на  тему  «Пути  обновления  методологии  и 
научных  подходов  к  исследованию  национальной       
истории».....................................................................117
Қалиев Ж.Н. Қазақтың қайсар тұлғасы..................120
БІЗДІҢ АВТОРЛАР
НАШИ АВТОРЫ

5
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
ТƏУЕЛСІЗДІК
НЕЗАВИСИМОСТЬ
К.М. Ілиясова
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми 
қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
З.Ө. Маханова 
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің Əлеуметтік-
гуманитарлық кафедрасының оқытушысы
 
МЕНШІКТІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖƏНЕ ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 
(1991-1999 ЖЖ.)
УДК 33.025.88(574)
Өткен  ғасырдың  басындағы 
ұлттық  интеллигенция  өкілдері 
шаруашылық  мəселелері,  соның 
ішінде  жеке  меншікке  қатысты 
да  өз  ойларын  айтып  кеткен. 
Мысалы, 
Əлихан 
Бөкейхан 
кезінде:  «...Біздің  қазақ  жерді 
меншікті қылып алса, башқұртша 
көрші  мұжыққа  сатып,  бір  аз 
жылда  сыпырылып,  жалаңаш 
шыға келеді» деп қауіптенген [1, 
268  Б.]  жəне  онысы  бекер  емес. 
Себебі, оған қоғам дайын болуы 
керек. 
Тəуелсіздікке  қол  жетісімен 
экономикалық  реформалар  іске 
асырыла  бастады.  Соның  бір 
бағыты  жекешелендіру  процесі 
де  бұралаң  жолдардан  өтті. 
Əлемдік  тəжірибе  көрсеткендей, 
меншікті жекешелендірудің де өз 
мəдениеті бар. 
1990-жылдардың басы еліміз 
үшін сынақ жылдары болды. Осы 
кезде  кеңестік  басшылықтың 
уəдешіл  əлеуметтік  саясаты 
елдің  экономикасын  тұралатып 
тастаған еді. 1989-1990 жылдары 
өндірістік  инвестиция  тоқтап 
қалды.  Сөйтіп  посткеңестік 
Аннотация
Мақалада еліміздегі экономикалық реформалар, əсіресе меншікті 
мемлекет  иелігінен  алу  мен  жекешелендіруге  қатысты  мəселелер 
қарастырылады. Экономикалық саладағы мемлекеттік саясаттың бір 
бағыты  жекешелендіру арқылы меншік иелерінің осы бір бөлігінен 
орта тапты қалыптастыру обьективті тұрғыдан негізделеді.
Түйін  сөздер:  тарих,  экономика,  əлеуметтік  саясат,  меншік, 
реформа,  жекешелендіру,  купон,  аукцион,  тендер,  инвестор, 
кəсіпкерлік, нысан.

6
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
жүйеде  экономикалық  дағдарыс 
басталды.  Осы  кезде  əлеуметтік 
инфантилизм  құбылысы  көрініс 
берді,  ал  оның  негізі  алғашқы 
өтпелі кезеңдегі 1990 жылдардағы 
«жабайы  капитализм»,  яғни 
игілікке  жетудің  дұрыс  емес 
формулаларымен  -  «аз  жұмыс 
істеп-көп  алу»,  «ауадан  ақша 
жасау»  т.б.  жүрді  [2,  12  Б.].  Бұл 
жағдай  келеңсіз  құбылыстардың 
өршуіне алып келді.
Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ə.  На-
зарбаевтың  «Қазақстан  жолы» 
деп  аталатын  еңбегінің  тұтас 
бір  тарауы  жекешелендіруге 
арналған жəне тарих таразысына 
салынған. 
«Сарапшылардың 
пайымдауынша,  экономикалық 
реформалардағы  Қазақстанның 
көшбасшылығы  ТМД  елдері 
арасында  өтпелі  кезеңнің  саяси-
экономикалық  үлгісін  айрықша 
сəтті таңдап алуында деп санай-
ды,  олар  –  күшті  президенттік 
билік  жəне  оған  қосымша 
шапшаң  да  жігерлі  реформалар. 
Бірден айту керек, реформаларды 
жоғарыдан  жүргізуге  тура  келді. 
Бұл  тік  сатылы  күшті  биліксіз 
табысқа жете алмайтын уақыт еді 
[3, 209 Б.].
Қазақстан  экономикасының 
нарықтық  моделін  құру  кезінде 
көптеген  қиыншылықтар  кез-
десті.  Тек  қана  экономикалық 
жүйені  ғана  емес,  мемлекеттік 
құрылымды  да  заман  ағымына 
сай  бейімдеу  қажет  болды.  Ескі 
көзқарас  жетегіндегі  бұрынғы 
кадрлардың басым көпшілігі сол 
кезде  қолға  алынған  өзгерістер 
легін  мойындаудан  бас  тартты. 
Қазақстан  өзге  де  посткеңестік 
республикалар  сияқты  барлық 
қалған əлемді «қуып жетушінің» 
жағдайында 
болды. 
Ашық 
əлемде  өмір  сүру  тəжірибесінің 
болмауы,  əлемдік  нарықтың 
заңдылықтарын  түсінбеу,  адам 
потенциалын  соған  бейімдеу 
оңай болған жоқ [4, 67-68 Бб.]. 
1990 жылдың 21 маусымында 
12 
шақырылымдағы 
Қазақ 
КСР  Жоғарғы  кеңесінің  ІV 
сессиясының 
пленарлық 
мəжілісіне 
қатысты, 
онда 
«Қазақ  КСР-дағы  мемлекеттік 
меншіктің  өзгерістері  туралы» 
(мемлекет    иелігінен  алу 
жəне 
жекешелендіру) 
Заң 
жобасы  қаралды,  22  маусымда 
«Мемлекет    иелігінен  алу  жəне 
жекешелендіру»  туралы  Заң 
қабылданды [5,149 Б.]. 
1992 
жылдың 
жазында 
Қазақстандағы  жағдайға  баға 
беруге  арналған  республикалық 
өнеркəсіпшілер  мен  кəсіпкер-
лердің  бас  қосуы  өтті.  Онда 
«еліміздің  одан  əрі  дамуы  тек 
екі  бағытта  жүруі  мүмкін:  алға 
қарай – реформаны тез жылжыту 
мен  мемлекет  меншігін  30-40 
%-ға  жекешелендіру; немесе кері 
қарай  –  əкімшіл-əміршіл  жүйеге 
қайта оралу» деп атап көрсетілді 
[6,100 Б.].
Нарыққа  көшудің  алғашқы 
қадамдарының  бірі  меншікті 
жекешелендіру  болды.  Елба-
сының 
жоғарыда 
аталған 

7
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
еңбегінде  Қазақстандағы  же-
кешелендіру 
төрт 
кезеңге 
бөлініп  қарастырылады:  бірінші 
кезең:  ынталы  жекешелендіру 
(1991-1992  жж.);  екінші  кезең: 
инвестициялық 
купондармен 
жекешелендіру 
(1993-1995 
жж.);  үшінші  кезең:  ақшалай 
жекешелендіру  (1996-1998  жж.); 
төртінші  кезең:  мемлекеттік 
меншікті  басқару  (1999  жылдан 
бүгінге дейін).
Жекешелендірудің  бірінші 
кезеңінде  «Мемлекет  иелігінен 
алу 
жəне 
жекешелендіру 
туралы»  Заңға  (1991  ж.)  сəйкес 
мемлекеттік  органдар  кəсіпорын 
ұжымынан тек тиісті өтінім келіп 
түскеннен  кейін  ғана  шешім 
қабылдайтын 
болғандықтан, 
мұндай  жекешелендіру  ынталы 
деп  аталатын  сипат  алды. 
Осы  кезде  жекешелендірудің 
1991-1992  жылдарға  арналған 
Бағдарламасы  жасалды.  Бұл 
бағдарламада  ымыраға  келуші-
лік көп болды. 
Ақшаның  құнсыздануының 
ерекше  қарқын  алуы  жəне 
тұрғындарда қаржының болмауы 
ескеріле келіп, Қазақстанда бүкіл 
тұрғындардың  бірі  қалмастан 
тұрғын үйлерді жекешелендіруге 
қатысу  үшін  төлем  құралы 
ретінде  оларға  тұрғын  үйді 
жекешелендіру  купондары  тегін 
ұсынылды.
Бір  купонның  құны  сол 
кездегі  рубльге  пара-пар  болды. 
Берілген  купондардың  саны 
еңбек  стажымен  айқындалды. 
Купондарға 
пəтер 
сатып 
алудың  қарапайым  тетігі  қысқа 
мерзімде  тұрғын  үй  нарығын 
қалыптастырып, 
халықтың 
белсенділігін  жəне  нарықтық 
қатынастарды  дамытудың  басқа 
да шарттарын қамтамасыз етті. 
Республикада 
біртіндеп 
қызмет  көрсету  нарығы  қалып-
тасты.  Жекешелендірудің  бі-
рінші 
кезеңінің 
нəтижелері 
меншік  иеленуші  топтарды  қа-
лыптастыратын  кəсіпкерліктің 
дамуына  түрткі  болды.  Қазақ-
стандағы  кəсіпкерліктің  пайда 
болуының  жəне  қалыптасуының 
негізгі  бөлігі  халыққа  қызмет 
көрсету  мен  сауда  жасаудан 
басталды. 
Жекешелендірудің 
бірінші  кезеңінде  мемлекеттік 
мүліктің 
4771 
нысаны 
жеке 
меншікке 
өтті. 
Бұл 
кезеңдегі 
жекешелендірілген 
кəсіпорындардың  жалпы  саны-
ның  60  пайызын  бөлшек  сауда 
(29,6 %), қоғамдық тамақтандыру, 
тұрмыстық  қызмет  көрсету, 
коммуналдық шаруашылық жəне 
тұрмыстық қызмет көрсету (25,8 
%) нысандарының үлесіне тиді. 
Алайда  Қазақстандағы  же-
кешелендірудің 
бірінші 
ке-
зеңінің  тəжірибесі  ұжымдық 
ынта  білдіруге  бағытталып, 
жасалған  меншікті  қайта  құру 
құралдарының  мүмкіндігі  шек-
теулі екенін көрсетті [3, 188-189 
Бб.].
Жекешелендірудің 
екін-
ші  кезеңінде  1993  жылғы 
«Қазақстан 
Республикасында 

8
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
мемлекет  иелігінен  алу  мен 
жекешелендірудің  Ұлттық  бағ-
дарламасына» 
сəйкес 
мем-
лекеттік 
меншікті 
басқару 
мен 
жекешелендіру 
қатаң 
орталықтандырылды,  жергілікті 
əкімшілік  органдарының  осыған 
ұқсас  қызметтері  қысқартылды. 
Нысандарды 
жекешелендіруді 
дайындау  мен  жүргізудің  бір-
ыңғай тəртібі енгізілді. 
Реформа  жекешелендірудің 
төрт  түрін:  шағын,  жаппай, 
жекелеген  жобалар  жəне  агро-
өнеркəсіп  кешені  бойынша  же-
кешелендіруді  қарастырды.  Біз 
шағын  жекешелендіруді  қысқа 
мерзімде  жүргізіп,  алты  мыңнан 
астам  нысандарды  өткіздік.  Осы 
кезде  республикада  шағын  жəне 
орта  бизнеске  тиесілі  мыңдаған 
жеке меншік кəсіпорындар пайда 
болып,  жемісті  жұмыс  істей 
бастады. 
Екінші  кезеңнің  ерекшелігі 
–  сондай-ақ  жекешелендіруге 
қатысушылар  үшін  бірқатар 
жеңілдіктер 
мен 
ымыраға 
келушіліктерді 
сақтап 
қал-
ғандығы 
болды. 
Мысалы, 
жекешелендірілген 
нысандар 
қызметкерлері  шаруашылық  се-
ріктестіктеріне  жалпы  жұмыс 
істеушілер  санының  кемінде  50 
%-ын біріктіріп, сауда бəсекесіне 
қатысуға  мүмкіндік  алды,  сату 
бағасының  10  %  -ына  дейін  же-
ңілдік жасалды. 
Бұл  кезеңде  Қазақстанның 
барлық  азаматтарына  халық 
жинақ  банкінде  жекешелендіру-
инвестициялық 
купондардың 
дербес  есеп  шоттары  тегін 
ашылды.  Қазақстанның  əрбір 
азаматы  өз  купондарын  тек 
инвестициялық-жекешелендіру 
қорларының акцияларына салып, 
содан  соң  арнайы  аукциондарда 
мемлекеттік  кəсіпорындардың 
акциялары  купондарын  сатып 
ала алатын болды. 
Купондық  жекешелендіру  – 
бұл  қазақстандық  экономиканы 
мемлекет иелігінен алу кезеңінде 
адамдардың 
саны 
жағынан 
халық  ең  көп  қатынасқан  шара 
болды.  Осы  үрдістің  барысында 
орташа  кəсіпорындардың  негізгі 
бөлігін  жекешелендіру  жəне 
еліміздің  барлық  азаматтарын 
жеке  меншікке  тарту  (купондар 
негізінде)  көзделді.  Ақырында 
меншік иелерінің дəл осы бөлігі 
қазақстандық 
орта 
таптың 
дүниеге келуі үшін негіз болатын 
еді [3, 191 Б.].
Жеке меншікке көшу үрдісін 
кері  қайтпайтын  ету  керек 
болды.  Сол  кезеңдегі  істің 
қисыны  осыны  талап  етті.  Тек 
осындай  жекешелендіру  ғана 
халықаралық 
ұйымдар 
мен 
шетелдік инвесторлар үшін біздің 
нарықтық  бағытымызға  кепіл 
болатын еді. 
Бастапқыда  шетел  инвес-
торларына  тек  жекелеген  ірі 
кəсіпорындарды 
ғана 
сату 
жоспарланған. 1993 жылы тізімге 
38  обьекті  тіркелді  [3,  193-194 
Бб.].
Алайда 
жекешелендіру 

9
    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА     № 1, 2014
ба-рысында 
əуел 
бастан-ақ 
сенімді  инвесторларды  тартуға 
əрдайым  қол  жете  берген 
жоқ.          Мысалы,  1995  жылы 
«Балхашмыс» 
акционерлік 
қоғамы  «КАМ  Финанс  СА» 
компаниясына  сатылды:  бірақ 
кейінде кəсіпорынға қатысты ин-
вестициялық  міндеттемелердің 
орындалмауынан келісім шартты 
бұзуға  тура  келді.  Тек  1997 
жылы  «Самсунг»  компаниясы 
«Балхашмыс»  акционерлік  қо-
ғамы  кəсіпорындарының  мү-
ліктік  кешенін  сатып  алғаннан 
кейін барып, бұл жағдай түзелді. 
Қазіргі уақытта түсті металлургия 
кəсіпорындары  блогын  біріктір-
ген  «Казахмыс»  корпорациясы 
республикамыздағы  ең  пайдалы 
ірі  өндіріс  орындарының  бірі 
болып саналады [3, 198 Б.].
Мемлекеттік 
кəсіпорын-
дарды  шетел  капиталына  сату 
жиі-жиі  –  «мемлекетті,  ұлттық 
байлықты, 
отанды 
сату» 
деген 
жалған 
ұғымдармен 
байланыстырылып 
отырды. 
Əділдік 
үшін 
айтуымыз 
керек, 
көптеген 
шетелдік 
инвесторлар  мемлекеттік  кəсіп-
орындарды  сатып  алу  жəне 
олардың  əрі  қарайғы  тиімді 
жұмысын 
қамтамасыз 
ету 
мүмкіндіктерін  жақсы  меңгерді. 
Атап  көрсеткендей,  отандық 
бизнесмендердің  көпшілігінде 
мұндай мүмкіншіліктер болмады. 
Олар  өнім  өткеру  нарығын, 
нарықтық  экономикадағы  басқа 
да  көптеген  жайларды  білмеді  
[3,199-200 Бб].
1996-1998  жылдары  жүр-
гізілген 
жекешелендірудің 
үшінші  кезеңі  экономиканың 
стратегиялық 
салаларындағы 
электр энергетикасы мен мұнай-
газ  салаларын,  сондай-ақ  əлеу-
меттік саланы – денсаулық сақтау, 
білім беру, ғылым мен мəдениет 
салаларын  –  қоса  алғандағы 
секторлық 
бағдарламаларға 
көшудің  кезеңі  болды.  Дəл  осы 
кезеңде ірі өнер-кісіп орындарын 
сатып  алуға  қабілетті  отандық 
толыққанды 
инвесторлар 
қалыптаса бастады. 
Бұрынғылар  секілді,  бұл 
кезең  де  өзінің  жүзеге  асырылу 
жылдамдығымен  ерекшеленді. 
Əрине, жеделдете жекешелендіру 
ірі  шығындарға  да  ұшыратты. 
Мысалы,  кəсіпорын  əрдайым 
өзіне  лайықты  меншік  иесінің 
қолына  тие  бермеді.  Тіпті  өз 
иелігіндегі  кəсіпорынды  тақыр 
таза  тонап,  белгісіз  бір  жаққа 
тайып  тұрғандар  да  болды. 
Алайда  сол  бір  өтпелі  кезеңнің 
барлық  жағдайын  ескере  келіп, 
жекешелендірудің  айтарлықтай 
тиімді  болғанын  жоққа  шығару-
ға болмас еді [3, 202 Б.].
Жекешелендірудің  үшінші 
кезеңінде мүлікті өткізудің негізгі 
екі түрі – шығарып сату (аукцион, 
тендер) мен тікелей жөнелтіп сату 
болды.  Екіншісі  тек  бұрындары 
жалға  немесе  сенімді  басқаруға 
берілген нысандарға арналды.
Екінші  жəне  үшінші  ке-
зеңдерде  барлығы  94  ірі  кə-

10
№ 1, 2014    МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ     ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА
сіпорын 
жекешелендірілді, 
соның  ішінде  57-сі  шетелдік 
инвесторлардың  иелігіне  бе-
рілді. 
Қысқасы, 
Қазақстан-
дық  кəсіпорындарды  шетелдік 
фирмалардың  басқаруына  бе-
ру  ірі  кəсіпорындардың  көп-
шілігін  қаржы  жəне  өндіріс 
дағдарысынан  шығарып,  олар-
дың  нарықтық  экономиканың 
қатал  жағдайына  ойдағыдай 
бейімделуіне  мүмкіндік  ту-
ғызды.  Кəсіпорындардың  қар-
жы-экономикалық жағдайын сау-
ықтыру  дəл  осы  кезеңнен  бас-
талды [3, 204 Б.].
Төртінші кезең 1999 жылдан 
басталды  жəне  ол  мемлекеттік 
меншікке  билік  ету  мен  реттеу 
мəселелеріндегі 
мемлекеттік 
басқару  деңгейі  арасындағы 
өкілеттіліктерді  бөлісуде  пайда 
болған  жаңа  қатынастармен 
сипатталады [3, 204 Б.].
Жекешелендіру  кəсіпорын 
ұжымы тиісті өтініш жасағаннан 
кейін  мемлекеттік  органның 
шешімімен  аукцион,  конкурстар 
өткізу, 
еңбек 
ұжымдарына 
өндірістік  жəне  əлеуметтік  ин-
фрақұрылымдарды  тегін  беру 
арқылы  жүзеге  асты.  Бірінші 
кезеңде  шағын  жекешелендіру 
басталып,  5000-ға  жуық  нысан-
дар  жекешелендірілді.  Олардың 
қатарында 470-тен астам кеңшар 
ұжымдық  меншікке  берілді. 
Ауыл шаруашылығы нысандарын 
жекешелендіру  əрбір  еңбеккер-
дің  мүліктік  жəне  жер  үлесін 
анықтап, меншігін дербестендіру 
арқылы жүзеге асты. 
Қорыта  келгенде,  Қазақ-
стандағы  жекешелендіру  ел 
тарихындағы  күрделі  процесс 
болды.  Бүгінге  дейін  жеке-
шелендіруге 
қатысты 
сыни 
пікірлер  көп  айтылды.  Соған 
қарамастан, бұл процесс өзін-өзі 
ақтады  деуге  болады.  Нарыққа 
негізделген  ұлттық  экономика-
ның  тарихында  жекеменшік 
секторы  пайда  болды.  Ал 
мемлекет оның тиімді жақтарын 
халық  игілігіне  пайдалануға 
барынша қолдау көрсетті.

Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 35.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет