Балмода мұнайдар



Pdf просмотр
Дата16.01.2017
өлшемі62 Kb.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



1. 

БАЛМОДА МҰНАЙДАР

 

2. 

НАРЫМБЕТОВ ӘБДІЛХАМИТ

 

3. 

СИСЕНҒАЛИЕВ ЗӘКӘРИЯ

 

4. 

ХАСАНОВ СЕРІКҚАЛИ

 

5. 

ШАХИН АМАНКЕЛДІ

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЛМОЛДА МҰНАЙДАР 

(1969) 


 

Мұнайдар  Балмолда  1969  жылы  Жанақала  ауданы  Кӛпжасар 

ауылында (Жаңаталап деп те атайды) дуниеге келген. 

Осы  ауылдағы  Дина  Нурпейісова  атындағы  орта  мектепті  (1975-

1985ж.)  бітіргеннен  кейін,  6ip  жыл  ауыл  шаруашылығында,  құрылыста 

еңбек  еткен.  1986  жылы  Махамбет  атындагы  БҚМУ-дын,  кӛркемсүрет 

және графика факультетіне оқуға туседі. 1987 жылы әскерге шақырылып, 

Ресейдің Воронеж облысында және Балтық жағалауындағы Калининград 

қаласында (2 жыл) Отан алдындағы борышын ӛтейді. 

Әскерден оралысымен оқуын жалғастырып, оны 1993 жылы сурет, сызу және еңбек 

пәндері  бойынша  маман  атанып,  тамамдап  шығады.  Бірақ  бала  жасынан  поэзия  мен 

прозаға  қуштар  жас  маманды  облыстық    телерадио  ұжымы  жұмысқа  шақырып,  1993 

жылдан тілші болып істей бастайды. 

«Жеті  ӛнер»,  «Алтын  бесік»  сияқты  телебағдарламалар  мен  («Сырым  батыр», 

«Махамбет»,  «Шығыс  шолпаны»,  «Қос  қыран»)  бірнеше  деректі  фильмдердің  авторы 

М.Балмолданың 2006 жылы «Кӛкбӛрі» атты ӛлеңдер мен әңгімелер жинағы жарық кӛрді. 

Шығармалары  облыстық,  республикалық  басылымдар  мен  радиода  жарияланып 

келеді. 


2010 жылы «Қағаз ұшақ» атты толық метражды кӛркем фильмі экранта шықты. 

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 

 

Әдебиеттер: 

 

Балмолда М. Ақ тұлпар: ӛлеңдер.-Орал: Ағартушы, 2011.-356 б. 



Балмолда М. Кӛкбӛрі: ӛлеңдер мен әңгімелер.-Орал, 2006.-288 б. 

Балмолда  М.  Ажалдың  кӛз  жасы.  Балконның  белтемірі:  әңгімелер  //  Жас  толқын:  жас 

қаламгерлердің шығармалары.-3-кітап.-Алматы, 2007.-182-209 б. 

Балмолда  М.  Жүректің  кӛзімен:  ӛлеңдер  //  Жыр-Жайық:  ӛлеңдер,  әңгімелер.-Орал, 

Полиграфсервис, 2003.-156 б. 

Балмолда М. Сағат ақын. Ақ Жайықтың ұландары. Жайықтың Қыз Жібегі: ӛлеңдер // Жас 

жүректер жырлайды: ӛлеңдер.-Орал: Ағартушы, 2010.-37-58 б. 

 

НАРЫМБЕТОВ ӘБДІЛХАМИТ  

(1928-2008) 

 

           Ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор, 



Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нарымбетов Әбділхамит 

Қуанұлы  1928  жылы  1  қаңтарда  Жаңақала  ауданының  Мәстексай 

ауылында дүниеге келген. 1944 жылы Жаңақала ауданындағы орта 

мектепті  бітірген.  1948  жылы  Орал  педагогикалық  институтының 

филология  факультетін  бітірді.  1948-1952  жылдары  Қазақстан 

Ғылым  Академиясының  Тіл  және  әдебиет  институтының 

аспирантурасында  оқыды.  1952-1985  жылдары  осы  институттың 

ғылыми  қызметкері,  аға  ғылыми  қызметкері,  бӛлім  меңгерушісі 

қызметтерін атқарды.  


    

1985-1990  жылдары  Қолжазба  және  фоножазу  бӛлімінің,  1990-1992  жылдары 

текстология және жариялау бӛлімінің, 1992-1995 жылдары деректану, библиография және 

ғылым тарихы бӛлімінің меңгерушісі болды. Ал 1995 жылдан бас ғылыми қызметкер.  

     

Әбділхамит Қуанұлы  Нарымбетов қазақ әдебиеті  тарихына байланысты ұжымдық 



еңбектер  жазуға  қатысты.  Ғабит  Мүсіреповтің  5  томдық  (1972-1976)  және    3  томдық 

(1980) шығармалар жинағын баспаға дайындап, ғылыми түсініктер жазды.  

    

Жаңақала  ауданының  Құрметті  азаматы  Ә.  Нарымбетов  бірнеше  медальдармен 



марапатталған.  

 

Әдебиеттер: 

Нарымбетов Әбділхамит: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедиясы.- 

Алматы, 2010.-405-406 б. 

Нарымбетов  Әбділхамит:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-209 б. 

 

Шығармалары: 

Нарымбетов Ә. Әдеби ӛмір шежіресі.Екінші кітап.- Алматы, 2002.-262 б. 

Нарымбетов Ә. Дәуір және поэзия: зерттеулер.-Алматы, 1970. 

Нарымбетов Ә. Ерлік пен еңбек дастаны.-Алматы, 1984. 

Нарымбетов  Ә.  Қазақ  әдебиеті.  Казахская  литература.3том.(1956-1960):  әдебиеттану,сын 

және  ӛнердің библиогр. кӛрсеткіші.-Алматы, 1997.- 204 б. 

Нарымбетов Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.-Алматы, 1966. 

Нарымбетов Ә. Қ. Қазақ кеңес поэмасы.-Алматы, 1970. 

Нарымбетов Ә. Қ. Қазақ кеңес поэмасы елу жылда .-Алматы, 1970. 

Нарымбетов Ә. Қазақ совет әдебиеті.-Алматы, 1970. 

Нарымбетов Ә. Қазақ совет әдебиетіндегі Ленин образы.-Алматы, 1968. 

Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэзиясы 50 жылда: зерттеулер.-Алматы, 1970. 

Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэзиясы 60 жылда.-Алматы: Білім, 1980.-48б. 

Нарымбетов Ә. Қ. Қазіргі қазақ поэмасы: монография.-Алматы, 1982. 

Нарымбетов Ә. Қ. Қалижан Бекқожин: шығармашылығы.-Алматы, 1983. 

Нарымбетов Ә. Сәкен Сейфуллин: әдебиеттердің кӛрсеткіші.-Алматы, 1965. 

 

 

 

СИСЕНҒАЛИЕВ ЗӘКӘРИЯ 

(1957) 


 

Сисенғали Закария Жүсіпқалиұлы 1957 жылы 23 шілдеде Батыс 

Қазақстан  облысы,  Жаңақала  ауданы,  Мұқыр  ауылында  дүниеге 

келген.  1974    жылы    Мәстексай    ауылындағы    С.Меңдешов  атындағы 

орта мектепті бітірген. 

Білімі  жоғары  А.С.Пушкин  атындағы  Орал  педагогикалық 

институтын,  Алматы  саясаттану  және  басқару  институтын  бітірген. 

1975-1977 жылдары әскери міндетін ӛтеген. Запастағы лейтенант. 1977-

1989  жылдары  аудандық  „Жаңарған  ӛңір"  газетінде  әдеби  қызметкер, 

бӛлім  меңгерушісі,  жауапты  хатшы.  1989-1991  жылдары  Алматы 

саясаттану  және  басқару  институтының  тыңдаушысы.  1991-1992  жылдары  Батыс 

Қазақстан  облыстық  „Орал  ӛңірі"  газетінің  Жаңақала,  Жәнібек,  Казталовка,  Орда 

аудандары  бойьшша  меншікті  тілшісі,  1993  жылға  шейін  аудандық  „Жаңарған  Ӛңір" 

газетінің  редакторы.  1993-2001  жылдары  Жаңақала  ауданы  әкімі  аппараты  ішкі  саясат 

және  әлеуметтік  сала,  ұйымдастыру  және  кадрлармен  жұмыстары  бӛлімдерінің 

меңгерушісі  қызметтерін  атқарды.  2001  жылдан  аудан  әкімінің  орынбасары.  Закария 



Сисенғалидың  „Кӛктем"  атты  тұңғыш  ӛлеңі  1972  жылы  аудандық  „Жаңарған  Ӛңір" 

газетінде  жарияланды.  Осыдан  бастап  ӛлеңдері  мен  рецензиялары,  очерктері 

республикалық  „Қазақ  әдебиеті",  „Қазақстан  мұғалімі","Лениншіл  жас",  (Жас  алаш) 

газеттері  мен  „Жұлдыз",  „Жалын",  „Ақ  желкен",  „Мәдениет  және  тұрмыс" 

журналдарында, облыстық,  аудандық  басылымдарда жиі  жарияланып келеді. Оның 2001 

жылы „Жазушы" баспасынан „Әнім сенсің, Жаңақала", 2003 жылы „Дастан" баспасынан 

„Ақ  Жайық-ару  мекенім"  атты  ӛлеңдер  жинағы  шыққан.  Жиырмаға  жуық  әр  түрлі 

жинақтарға  шығармалары  енген.  Ол  отыздан  астам  ән  мәтіндерінің  авторы.  Кӛрнекті 

композиторлар  Ә.Бейсеуов,  Б.Жұманиязов,  С.Лұқпанов,  Т.  Шәмелов,  Д.Қажымов 

тағы  басқа  ақынның  ӛлеңдеріне  ән  жазған.  Әсіресе,  Қазақстанның  халық  артистері 

Ә.Бейсеуов  пен  Т.Шәміловтің  әндеріне  жазылған  „Жаңақала-гүл  қала","Әнім  сенсің, 

Жаңақала",  Д.Қажымов  әнге  айналдырған  „Ақ  Жайық  -ару  мекенім"  ӛлеңдері  туған 

ӛлкесінің  әнұранына  айналды.  З.Сисенғали  Қазақстан  журналистер  одағының  мүшесі. 

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  10  жылдығы  мерекелік  медалімен,  кӛптеген 

грамоталармеп марапатталған. 

Әдебиеттер: 

Сисенғалиев Зәкәрия: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы,  

2002.-467 б.  

***** 

Сисенғали З. Ақжайық – ару мекенім: ӛлеңдер жинағы.-Орал, 2003.-82 б. 

Сисенғали З. Әнім сенсің, Жаңақала.-Алматы, 2001.-96 б. 

Сисенғали З. Әсеттің әсем әндері-ай!.. // Орал ӛңірі.- 2008.-20 қараша.-8 б. 

Сисенғали З. Бір жүрек, міне, жыр тӛкті // Жаңарған ӛңір.- 2006.- 28 қаңтар.-3 б. 

Сисенғали З. Бақ-береке жылы бол, 2011!: ӛлең // Орал ӛңірі.- 2010.- 30 желтоқсан. 

Сисенғали З. Ғұмар Қараш: ӛлең ӛлкесінде // Орал ӛңірі.- 2006.-10 қазан.-4 б. 

Сисенғали  З.Достық  туын  кӛтерген  халқым  неткен  ірі  еді:  ӛлең  //  Орал  ӛңірі.-  2009.-  16 

сәуір.-16 б. 

Сисенғали З. Ескегін есіп ӛмірдің..: ӛлеңдер // Орал ӛңірі.- 2009.- 5 ақпан.-10 б. 

Сисенғали З. Жағаңда тұрмын Жайығым: ӛлең // Орал ӛңірі.- 2003.- 22 наурыз. 

Сисенғали З. Жанарыңда қалды моншақ тізіліп..: ӛлендер // Орал ӛңірі.- 2004.-24 сәуір 

Сисенғали З. Махаббат - мәңгі кӛктемім: ӛлеңдер // Орал ӛңірі.- 2010.-29 сәуір.- 10 б. 

Сисенғали З. Сырымды мен айтпаған ӛлең айтар: ӛлеңдер // Орал ӛңірі.- 2005.-11 қазан 

Сисенғали З. Тәуелсіздік толғауы: ӛлең // Орал ӛңірі.- 2003.-25 қазан. 

 

       



 

ХАСАНОВ СЕРІКҚАЛИ 

  (1960) 



 

1960  жылы  8  мамырда  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жаңақала 

ауданының  Жаңа  Қазан  ауылында  дүниеге  келген.  Қазақ  мемлекеттік 

университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын ауыл 

мектебінде ұстаздықтан бастаған. Жаңақала аудандық «Жаңарған ӛмір» 

газетінде әдеби қызметкер, облыстық «Орал ӛңірі» газетінде аға тілші, 

бӛлім  меңгерушісі,  Қазақстан  Жазушылар  одағы  Батыс  Қазақстан 

облыстық бӛлімшесі басқармасының жауапты хатшысы болып істеген. 

1989  жылдан  республикалық  ғылыми-кӛпшілік  «Зерде» 

журналында  бӛлім  меңгерушісі,  «Жұлдыз»  журналында  бӛлім 

меңгерушісі, 

«Жалын» 


журналында 

жауапты 


хатшы, 

еларалық 

(Түркия—

Қазақстан)«Заман—Қазақстан» 

газетінде 

жауапты 


хатшы, 

республикалық 

телерадиокорпорациясында бас маман, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы болып 

істеген. 



         «Ойын  заңы»  атты  әңгімесі  үшін  «Жалын»  журналының  Т.Айбергенов  атындағы 

сыйлығын  алған.  «Қасқырлар  түнде  ұлиды»  атты  прозалық  жинағы  «Жазушы» 

баспасынан  жарық  кӛрген.  «2000  жыл  –  Мәдениетті  қолдау  жылы»  айдарымен  жарық 

кӛрген «Қос ішек» деген ұжымдық жинаққа шығармалары енген (Астана). 



 

Әдебиеттер: 

Хасанов Серікқали: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-

511 б. 

Хасанов  Серікқали:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 



С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-413 б. 

 

 

ШАХИН АМАНКЕЛДІ 

(1954) 


 

1954  жылы  16  желтоқсанда  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жаңақала 

ауданы,  Айдархан  ауылдық  Кеңесіне  қарасты  Фокеево  (қазіргі 

«Сарыкӛл» ауылдық округі) ауылында туған. 1972 жылы орта мектепті 

бітірген соң, автокӛлік жүргізушілерін даярлайтын курста оқып, кәсіби 

мамандық алған. 1979 жылы Орал педагогика институтының филология 

факультетін үздік дипломмен тамамдаған.  

Алғашқы  еңбек  жолын  Орта  Азия  –  Орталық  газ  құбырының 

Қисыққамыс 

желілік 


бӛлімшесіндегі 

«Союзгазэнергоремонт» 

ӛндірістік-техникалық кәсіпорынының кӛшпелі бригадасында автокӛлік жүргізуші болып 

бастаған.  Кейін  Жаңақала  ауданындағы  «Бірлік»  асыл  тұқымды  мал  зауытында  есепші, 

қатардағы жұмысшы, Жаңақала аудандық ӛрт сӛндіру мекемесінің автокӛлік жүргізушісі 

болған.  Жоғары  оқу  орнын  бітірген  соң,  Жаңақала  аудандық  «Жаңарған  ӛңір»  газетінде 

тілші,  хат,  ауылшаруашылығы  бӛлімдерінің  меңгерушісі,  1981  жылы  облыстық  «Орал 

ӛңірі» газетінде, ауыл шаруашылығы, мәдениет бӛлімдерінде тілші, агроӛнеркәсіп, Кеңес 

құрылысы  бӛлімдерінде  меңгеруші,  жауапты  хатшы  қызметтерін  атқарған.  1998  жылы 

Батыс  Қазақстан  облыстық  сотының  жетекші  маманы  қызметінде  болған.  1999  жылдан 

бері облыстық Сотта бас маман – баспасӛз хатшысы. 

Қаламгердің  «Мәңгі  кӛктем»  («Жазушы»,  1999)  деген  атпен  тұңғыш  жинағы 

шыққан.  «Сол  бір  сүргін»,  «Езуіңді  жи»,  «Жайсаңдары-ай  Жайықтың»  (2005)  атты 

ӛлеңдер, әзіл әңгімелер, әндер жинағы жарық кӛрген. 2009 жылы Оралдағы «Ағартушы» 

баспа-полиграфия  орталығының  баспаханасынан  «Жарқ  еткен  дәурен»  деген  атпен 

шығармаларының таңдамалы жинағы шыққан. 



 

Әдебиеттер: 

Шахин Аманкелді: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.- 

521 б.  

Шахин  Аманкелді:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-426 б. 

 

***** 

Шахин А. Езуіңді жи: әңгемелер мен әзілдер.-Алматы, 2003.-120 б. 

Шахин А. Жайсаңдары-ай Жайықтың: ӛлеңдер, әзіл әңгімелер, әндер.-Алматы, 2005.- 

136 б. 


Шахин А. Мәңгі кӛктем: ӛлеңдер, балладалар.-Алматы, 1999.-72 б. 

Шахин А. Тілім қышиды: әзіл әңгімелер мен деректі хикаялар.-Орал, 2012.-200 б. 

Шахин А. Ақ шағала: ӛлеңдер // Орал ӛңірі.- 2007.-6 желтоқсан.-12 б. 

Шахин А. Әдебиеттің құдіреті // Тіл.- 2012.- №2-3.-28 б. 



Шахин А. "Езуіңді жи"  әзіл-сықақ кітабынан үзінділер // Орал ӛңірі.- 2004.-1 сәуір. 

Шахин А.  "Езуіңді жи"  әзіл-сықақ кітабынан Жайсаңдары-ай Жайықтың: [Серікқали 

Шарабасовқа арнау] // Қазақ әдебиеті.- 2003.-9 мамыр.-11 б. 

Шахин А. Жайықтың жайсаңдары: ӛлеңдер // Орал ӛңірі.- 2003.- 20 маусым. 

Шахин А. Жанып тұрған жастық шақ: ӛлең // Орал ӛңірі.- 1998.-7 сәуір 

Шахин А. Күлтӛбенің басына шықты билер: ӛлең // Орал ӛңірі.- 2009.- 23 сәуір.-10 б. 

Шахин А. Қайдасын, кӛктем, жастық шақ!: ӛлеңдер //Орал ӛңірі.- 2005.-19 шілде  

Шахин А. Қайт, құстар!: ӛлең// Орал ӛңірі.- 2009.- 5 қараша.  

Шахин А. Соғыс барометрі: ӛлең // Жеңімпаздар. Победители.- Орал, 2000.-140 б. 

 

 





Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет