бөлек, жазғы маусымда ата-аналар балаларын діни сауат ашу
курстарына беріп жатады. Республика мешіттерінде ашылған осы
курстар бірізділікке түскен бе?
– Тағы да Заң негізінде айтар болсақ, еліміздегі ресми тіркелген діни
бірлестіктер өздерінің жанынан діни сауат ашу курстарын ұйымдастыра
алады. Өз қалауына сәйкес аталған курстарда бастауыш діни білім алуға
кез келген азаматтың мүмкіндігі бар. Кәмелетке толмаған балалар діни
курстарға ата-анасының келісімімен бара алады.
Мешіт жанынан ұйымдастырылатын сауат ашу курстары діни білім
жүйесінің базалық буыны деңгейінде жұмыс жасайды. Діни сауат ашу
курсы – үміткердің жасы мен өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып,
оның діни тәлім-тәрбие алуын және имандылыққа бейімделуін,
мұсылмандық тұлғасының қалыптасуына толыққанды үлесін қосады.
Сауат ашу курстарындағы үміткерлерді қабылдау тәртібін өңірлердегі
өкілдік, қалалық, аудандық бас имамдар қамтамасыз етеді. Діни сауат ашу
курстары Қазақстан аумағындағы барлық мешіт жандарынан
ұйымдастырылып,
көпшілік
арасындағы
ислами
ағартушылық
жұмыстарын жүйелі түрде және кең көлемде жетілдіруге мүмкіндік
беретін басты тетік болып табылады. Бүгінде ел аумағындағы мешіттердегі
сауат ашу курстарын бір жолға қойылған деуге болады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |