Балғабек мырзаев


–  Діни  білім  саласында  бірлестіктер  тарапынан  да  оқу-ағарту



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет92/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
–  Діни  білім  саласында  бірлестіктер  тарапынан  да  оқу-ағарту 

жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Бұл мекемелердегі білім беру үдерісі 

қай деңгейде? 

 –  Қазақстан Республикасының  «Діни қызмет және  діни бірлестіктер 

туралы»  Заңына  (бұдан  әрі  -  Заң)  сәйкес  діни  қызметпен  тек  діни 

бірлестіктер  айналыса  алады.  Осы  Заң  шеңберінде  діни  бірлестіктермен 

діни оқу орындарын қалыптастыруға мүмкіндік беріледі. Аталған талаптар 

шеңберінде  республикалық  және  өңірлік  діни  бірлестіктер  дін 

қызметшілерін  даярлау  мақсатында  кәсіптік  оқу  бағдарламаларын  іске 

асыратын мекемелер түрінде діни білім беру ұйымдарын құра алады. Осы 

негізде қазір елімізде исламдық бағыттағы қарилар дайындау орталықтары, 

медреселер,  имамдардың  білім  жетілдіру  институты  және  христиандық 

бағыттағы 2 (православтық училище мен католиктік семинария) діни оқу 

орны құрылып, қызмет атқаруда. Қолданыстағы заңнамалар аясында діни 

білім  берудің  нақты  тетіктері  жасақталған.  ҚМДБ-ға  қарасты  медреселер 

мен  православтық  училище  техникалық-кәсіптік  оқу  орындарына 

теңестірілген,  олар  арнайы  бекітілген  стандартқа  сәйкес  жұмыс  істейді 

және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. 

Қазіргі  уақытта  «Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы» 

республикалық  ислами  діни  бірлестігінің  санатында  9  орта  білім  беру 

мекемесі  («Сарыағаш»,  «Астана»,  «Шымкент»,  «Абу  Бәкір  Сыддық», 

«Һибатулла Тарази», «Үшқоңыр», «Әбу Ханифа», «Ақтөбе» және «Орал» 

медреселері)  бар.  «Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы» 

республикалық  ислами  діни  бірлестігіне   қарасты  осы   медресе  ҚР  Білім 

және  ғылым  министрлігі  тарапынан  берілген  лицензиялардың  негізінде 

қызмет  атқарып  келеді.  Айта  кетейік,  медреселердің  оқыту  жоспарына 

мемлекеттік  стандартқа  сәйкес  зайырлы  пәндер  енгізілген.  Оқытылатын 

барлық  оқулықтар,  әдебиеттер  мен  оқу  бағдарламасы  Қазақстан 

мұсылмандарының діни басқармасы тарапынан бекітілген. Олар имам Әбу 

Ханифа  мазхабының  ұстанымдарымен  толық  сәйкес.  «Ақида»  пәнін 

жүргізу барысында имам Матуриди еңбектері негізге алынады. ҚМДБ-ның 

өздерінің медреселеріне 9 сыныптан бастап оқушыларды қабылдау туралы 

ұсынысы  тиісті  мемлекеттік  органдар  тарапынан  қолдауға  ие  болды. 

Бүгінгі  күні  ҚМДБ-ның  лицензиядағы  мамандықтар  тізбесіндегі 

«Исламтану» мамандығына өзгерістер енгізіп, негізгі орта білім базасында 

3 жыл 10 ай мерзіммен толықтыру және лицензияның қосымшасын қайта 

рәсімдеу жұмыстары табысты жүріп жатыр. 

Сонымен  қатар,  ҚМДБ-ға  қарасты  Қарилар  даярлау  орталығы  орта 

кәсіптік  білім  беру  деңгейіндегі,  ислам  әлемінде  қабылданған  7  және  10 

қирағатты  меңгерген  қарилар  даярлайтын  орта  діни  оқу  орны  болып 

табылады.  Оның  ішінде  «Қауам  ад-Дин  әл-Итқани  әл-Фараби  ат-

Түркістани»  республикалық  қарилар  даярлау  орталығы  мен  Ықылас 

қарилар дайындау орталығы. Оқу мерзімі  – 2 жыл 10 ай. Қарилар курсына 

Құран Кәрімді толық жаттаған, сондай-ақ дауысы көркем т.б. белгіленген 

қабылдау  ережелеріне  сай  емтиханнан  өткен  талапкерлер  ғана 

қабылданады. 

Діни  басқарма  жанындағы  имамдардың  білімін  жетілдіру  ислам 

институты  Қазақстан  және  ТМД  аумағы  бойынша  жоғарғы  деңгейдегі 

имамдық кадрлар дайындау мақсатында ашылған. Республикалық имамдар 

білімін  жетілдіру  Ислам  институтындағы  оқу  мерзімі  –  екі  ай  алады. 

Жылына  институтта  төрт  топ  дәріс  алады,  жалпы  оқу  мерзімі  8  ай 

құрайды.  Пәндер  қазақ  және  араб  тілінде  оқытылады.  Институтта  ғылым 

докторлары,  кандидаттар  мен  жоғарғы  білімді  мұғалім,  ұстаздар  дәріс 

береді.  Олардың  ішінде  Түркиядан,  Мысырдан  арнайы  шақыртылатын 

шетелдік  мамандар  да  бар.  Жалпы  имамдардың  білімін  жетілдіру 

институтының  басты  мақсаты  –  Қазақстан  және  басқа  да  көршілес 

мемлекеттерден  дәріс  алуға  келген  имамдарының  білім  деңгейін 

Дін және қоғам

75



жоғарлатып, кәсібі шеберлігін арттыруға үлес қосып, имам деген атқа сай 

болатын,  ел  құрметтеййтін  мамандарды  дайындау.  Екі  айлық  курсты 

бітірген тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі диплом (шахада) беріледі. 

– Бүгінде жұртшылық мешітке жиі бас сұғады. Айт мерекелерінен 




жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет