– Дін саласын жетілдірудің бір бағыты арнаулы мамандықтар
мен кәсіби оқу орындарына байланысты. «Дінтану» және
«Исламтану» мамандықтарын даярлайтын оқу орындары жайлы айта
өтсеңіз.
– Қазіргі уақытта елімізде «Дінтану» мамандығы бойынша
бакалаврларды даярлау 6 жоғары оқу орнында (әл-Фараби атынд. ҚазҰУ,
Л.Н.Гумилев атынд. ЕҰУ, Е.А.Бөкетов атынд. ҚарМУ, «Нұр-Мүбәрак»
Египет ислам мәдениеті университеті, Қ.А.Ясауи атынд. ХҚТУ, Шет
тілдер және іскерлік карьера университеті) жүзеге асырылады. Аталмыш
мамандық бойынша білім беру бағдарламасы Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалынды.
Елдегі 5 жоғары оқу орны дінтану магистрін дайындауды жүзеге
асырады: әл-Фараби атынд. ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атынд. ЕҰУ, Қ.А.Ясауи
атынд. ХҚТУ, «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті, Шет
тілдер және іскерлік карьера университеті. Бұдан басқа, бүгінгі таңда әл-
Фараби атынд. ҚазҰУ, «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті
университеті мен ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану
институтында дінтану бойынша PhD докторларын даярлау жүргізілуде.
Қазіргі діни ахуал және қоғамдық үдерістер жастар санасында
радикалды және теріс пиғылды ағымдарға қарсы иммунитет
қалыптастыру, зайырлы мемлекет құндылықтарына құрмет сезімін сіңіру,
әртүрлі конфессия өкілдеріне толерантты қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыруда дінтанулық білімнің сапасын жетілдірудің маңызын
арттырады. Жоғары аталған оқу орындары осы талап-міндеттерді өз
мүмкіндіктері шеңберінде орындап келеді.
Ал исламтану мамандығына келер болсақ, еліміздегі діни білім беру
жүйесінде «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті дін саладағы
жетекші мамандарды даярлайтын жоғарғы діни оқу орны болып табылады.
Елімізде діни құрылымдар үшін де, мемлекеттік мекемелер үшін де
жоғары білімді әрі ғылыми-педагогикалық дәрежесі бар исламтанушы
мамандардың қажеттігі туындауда екені белгілі.
2001 жылы қол қойылған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы «Нұр-Мүбарак» ислам
мәдениетінің Египет университеті туралы келісімге» сәйкес құрылған
«Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті исламның қажеттіліктерін
Дін және қоғам
73
қанағаттандыра алатын жалғыз оқу орны болып табылады. Университеттің
білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензиясы бар
(АБ сериялы №0137466, 2010 жылдың 29 қыркүйек). Университетте
берілетін мамандықтар ҚР жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру
стандарттарымен қамтамасыз етілген. ҚР Білім және ғылым
министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуіріндегі №152 бұйрығына сәйкес
университетте оқу процессі кредиттік оқыту технологиясы бойынша
ұйымдастырылған. Оқу үдерісінің бағыттылығы ханафи мазхабы
бойынша жүреді.
Бүгінгі уақытта «Нұр-Мүбарак» университетінің отандық исламдық
жоғары оқу орны ретінде қалыптасуына қолдау көрсету өте маңызды. Бұл
дұрыс деп санаймыз. Өйткені бұл салалардың әрқайсысы өздеріне тән
арнайы кафедраларда тек сол саламен маманданған мамандар арқылы ғана
оқытылса нәтижелі болмақ.
Осы оқу орны «исламтану» мамандығы бойынша оқытылатын
пәндерді (тәпсір, хадис, ақида, фикх, кәләм, тасаууф т.б.) сол сала
бойынша мамандандырып оқытатын ұстаздарға ие.
Мысыр тарапы келешекте «Нұр-Мүбаракты» әлемге танымал «Әл-
Азһар» беделді діни университетінің деңгейіне көтеріп, Азия аймағындағы
жетекші білім орталығына айналдыруға ниетті. Мысырлықтар, сонымен
қатар, бұл университет үздік шәкірттерінің соңғы курстарын «Әл-Азһарда»
тәмамдауын және олардың аталмыш жоғары оқу орнының дипломын
алуын ұсынуда. Біз, өз кезегінде, шетелдік әріптестеріміздің осы
ұсыныстары еліміздің исламдық білім беруді дамыту мүдделеріне сай
келеді деп есептейміз.
Поделитесь с Вашими друзьями: |