рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Мұнда қандай да
бір дінге
ерекше орын беру немесе оны насихаттау туралы мақсат көзделмеген, яғни
аталған пән зайырлы сипатта оқытылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №511
бұйрығымен жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған
«Дінтану негіздері» міндетті факультативтік курсының үлгілік оқу
бағдарламасы бекітілді. Бүгінгі күні республиканың 7600 астам
мектептерінде аталмыш курс философия ғылымының докторы Ғ.Есім
бастаған авторлық топтың тарапынан әзірленген «Дінтану негіздері»
оқулығын қолдана отырып, жүргізілуде.
Дегенмен, аталмыш оқулықта экстремистік және террористік
ұйымдардың жалған мәні мен қызметінің қауіпсіздігі, олардың қызметінің
негативті салдары туралы ақпаратты алуға ықпал ететін компоненттер жоқ,
деструктивті дін атын жамылған ағымдардың идеяларынан қорғану
тәсілдері және т.б. туралы жеткілікті мәліметтер қамтылмаған.
Осыған байланысты оқулықты жаңарту және оның атауын өзгерту
туралы жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда тиісті мемлекеттік органдармен
бірлесе отырып, жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің 9-
сыныбында жүргізілетін «Дінтану негіздері» факультативтік курсының
бағдарламасын жетілдіруге қатысты нақты қадамдар жасалды. Атап
айтқанда, аталмыш курстың атын «Зайырлылық және дінтану негіздері»
деп өзгерту жөнінде шешім қабылданып, тиісінше жаңа үлгілік оқу
бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама Білім және ғылым министрінің 2014
жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітіліп, оның аясында авторлық
топтар тарапынан оқулық, хрестоматия және мұғалімге арналған құралдан
тұратын оқу-әдістемелік кешендер дайындалды.
Поделитесь с Вашими друзьями: