Балғабек мырзаев

Мешіт тәртібін сыйламаған адам дінді де

жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет65/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
Мешіт тәртібін сыйламаған адам дінді де 

сыйламайды 

"Қамшы" ақпараттық  агенттігінің  хат  қоржынына  мешітте  өз-өзін 

ұстауға  байланысты  енгізілген  жаңа ереже  жайлы  хат  келіп  түсті. 

Мәселенің өзектілігін ескере отырып, оқырман назарына ұсынамыз. 

2016 жылғы 16 қарашада Қазақсан мұсылмандар діни басқарма (бұдан 

әрі –  ҚМДБ)мешіттерінің  ішкі  тәртіп  ережесі бекітілгені  белгілі.  Аталған 

ереже  ҚМДБ-ның  Ғұламалар  кеңесінің  мәжілісінде  талқыланып,  қолдау 

тапты. 

Осы  ережені  қабылдау  жайдан-жай  туған  жоқ.  Соңғы  жылдары 

мешітке келушілердің арасында жамағатпен намаз оқу кезінде және жұма 

намазы  барысында  имамның  айтқанын  тыңдамайтындар  шыға  бастады. 

Олардың осы әрекеті мешіт жамағатының мазасын алып, құлшылықтарын 

тыныш  орындауларына  кедергі  бола  бастады.  Осындай  жағдайда,  ҚМДБ 

мешіт  ішіндегі  тыныштықты  сақтау  және  діндарлардың  құқын  қорғау 

мақсатында мешіттердің ішкі тәртіп ережесін қабылдауларына тура келді. 

Аталған  ереженің  ҚР  «Діни  қызмет  пен  діни  бірлестіктер  туралы» 

заңына,  еліміздегі  басқа  да  қолданыстағы  заңнама  нормаларына, 

инструктивті  құжаттарға  және  еңбекті  ұйымдастыру  саласындағы 

нормативтік  актілерге,  сонымен  қатар  ҚМДБ  Жарғысына  сәйкес 

дайындалды. 

Соңғы  кездері  осы  ереже  қолданыстағы  заңнамаларға  қайшы  екен 

деген  пікір  таратып  жүргендер  бар.   Бірден  айтайын,  бұл   елдің  арасын 

бөлуді көздейтіндердің пасық тұзағы деп қабылдап және қарсы тұруымыз 

керек.   Өйткені  ҚМДБ-ның  мешіттерінің  ішкі  тәртіп  ережесін 

қабылдауына толық құқығы бар.  

Енді  осыған  тереңірек  үңіліп  қарайық.  Қазақстан  Республикасының 

«Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  2011  жылғы  11  қазандағы 

заңының (бұдан  әрі  –  Заң)Преамбуласында  мемлекеттің  «...ханафи 

бағытындағы  исламның  және  православиелік  христиандықтың  халықтың 

мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын негізге 

алады» деп, көрсетілген. 

Бүгінде  елімізде  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы 

республикалық  ислами  діни  бірлестігі  осы  заңның  шеңберінде  тіркелген 

және барлық мешіттер Діни басқарманың филиалы болып тіркелген және 

өзінің жұмысы барысында соның жарғысын басшылыққа алады. 

Заңның  13-бабының  2  тармағында  «Діни  бірлестіктің  мынадай 

белгілері: 1) ортақ діни ілімі; 2) діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды 

орындау;  3)  өз  қатысушыларын  (мүшелерін)  және  дін  ұстанушыларын 

дінге тәрбиелеу;  4) қызметінің діни бағыты болуға тиіс» екені көрсетілген. 

Дін және қоғам

63

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни 

бірлестігі  жоғарыда  көрсетілген  негіздерді  басшылыққа  ала  отырып, 

өздеріне қарасты мешіттерінің ішкі тәртіп ережесін бекіткен. Осы ережеге 

сәйкес  мешітке  келушілер  ханафи  мәзхабына  сай  құлшылық  жасауға, 

намаздағы  «Әмин»  дұғасын  іштей  айтуға  және  мешітке  келушілер  мешіт 

қызметкерлерін  құрметтеуге,  басқа  да  тұлғаларға  құрметпен  қарауға, 

сондай-ақ  жамағат  тыныштығын  сақтауға,  алауыздық  тудырмауы 

міндеттелетіні  бекітілген.  Енді  осы  көрсетілгендерге,  яғни  мешіттердің 

ішіндегі жағдайға толығымен жауап беретін жалғыз мекеме ол ҚМДБ. 

Осыған  орай,  елімізде  Ханафи  мазхабының  рөлі  мойындалатынын 

негізге ала отырып, ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің «Амин» сөзі туралы 

шығарған  үкімдері  мен  шешімдері  еліміздің  аумағында  орналасқан 

мешіттерде мүлтіксіз орындалуы тиіс. Оған бағынбағандар діни қызметке 

кедергі  келтірген  болады.  Оның  дәлелі  заңда  анық  жазылған.  Атап 

айтқанда,  заңның 3-бабы  5  тармағында  «Заңды  діни  қызметке  кедергі 

келтіруге,  жеке  тұлғалардың  дінге  көзқарасы  себептері  бойынша 

азаматтық  құқықтарының  бұзылуына  немесе  олардың  діни  сезімдерін 

қорлауға,  қандай  да  бір  дiндi  ұстанушылар  қастерлейтін  заттарды, 

құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді» деп жазылған. 

Осыған  орай,  «Әмин»  сөзін  дауыстап  айту  мешіттегі  құлшылықтың 

атқарылуына кедергі келтіретінін мешіт жамағатының өзі-ақ айтып береді. 

Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы»  республикалық  ислами  діни 

бірлестігі  мешітке келген жамағаттың негізгі құқықтары мен міндеттерін 

сондай-ақ  діни  қызметке  байланысты  басқа  да  мәселелерді  реттеуді, 

Қазақстан  Республикасындағы  конфессияаралық  келісімнің,  діни 

төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді негізге ала 

отырып қабылдаған Ережесіне бағынып амал жасасақ ең абзал сауапты іс 

болары анық. 

Қасиетті  Құран  Кәрімде  «Бүлік  шығару  адам  өлтіргеннен  де  ауыр 

күнә» деп бұйырады. Ендеше, дүниеде және ахиретінің қайырлы болғанын 

қалағандар бүлік шығарғандардан ұзақ тұрғандары абзал.   

Дін және қоғам

64

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   120

©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет