– Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-
тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,
оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары. Жобадағы кейбір нормалар арқылы кейбір қоғам
мүшелерінің құқығын шектеп, бұзбаймыз ба?
– Рас, Конституцияда негізгі құқықтық қағидаттар анықталған.
Ондағы мемлекет алдындағы азаматтық құқықтар мен міндеттер салалық
заңдарда көрсетілген. Заң әркімге діни сенім бостандығы құқығын
растайды, діни нанымына қарамастан, әркімнің теңқұқықтылығына
кепілдік береді, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және
азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын таниды.
Алайда Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20
маусымда №500 Жарлығымен бекітілген дін саласындағы мемлекеттік
саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде дін
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидатының бірі – дінді
деструктивті мақсаттарда пайдалануға жол бермеу тұрғысынан халықтың
барлық нысаналы топтарын атаулы және жаппай қамту болып табылады.
Тағы бір назар аударатын мәселе, заң жобасында ұсынылған
нормалардың мазмұны дін саласындағы білікті сарапшылар, діни
бірлестіктердің өкілдері және белгілі қоғам қайраткерлері тараптарынан
егжей-тегжей қаралды. Сонымен қатар, әзірленген нормативтік-құқықтық
актінің жобасы көпшілік танысу үшін министрліктің веб-сайтында ресми
түрде жарияланды. Келіп түскен барлық ұсыныстар мен ескертулер
назарға алынды. Бүгінгі күні жоба Парламент мәжілісінде қаралуда.
Мәжіліс депутаттары да өз тарапынан осы нормаларды мұқият қарап, жеті
рет өлшеп барып кесетініне күмән жоқ. Сондықтан жоқтан уайым
тудыруға әлі ерте деп санаймын.
Поделитесь с Вашими друзьями: |