Балғабек мырзаев


–  Деструктивті  діни  ағымдарды  жақтаушылардың  арасында



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет59/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
–  Деструктивті  діни  ағымдарды  жақтаушылардың  арасында 

қылмыс  жасауға  бейімділер  осыншалық  көп  пе?  Олардың  жолын 

кесіп,  құрықтауға  арналған  жобадағы  тағы  қандай  бапқа  тоқталар 

едіңіз? 

– Екіншісі, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 

11  қазандағы  Заңның  1-бабына  мынадай  толықтыру  енгізілмек:  «Діни 

радикализм –  тұлғаның өзге  адамдарға  діни  ұйғарымдар мен догмаларды 

сөзсіз  орындауды  таңуды  үндеулермен  және  іс-әрекеттермен 

сүйемелдейтін,  діни  көзқарастар  мен  наным-сенімге  ұшқары, 

ымырасыздықпен  ұстанушылық».  Бұл  жолдар  арқылы  дін  саласындағы 

деструктивті  қызметті  нақты  анықтауға  және  оған  құқықтық  баға  беруге 

және қарсы іс-қимыл жүргізуге мүмкіндік аламыз. 

Егер  адам  діни  қағидаларды  мемлекет  заңдарының  талаптарынан 

жоғары  қоятын  болса,  өздерінің  діни  көзқарастарын  алға  тартып, 

азаматтық  міндеттерін  орындаудан,  оның  ішінде  заңдарды  сақтаудан, 

еліміздің  мемлекеттік  рәміздерін  құрметтеуден,  балалары  мен  ата-анасын 

қорғаудан,  әскерде  қызмет  етуден,  халқымыздың  тарихын  және 

мәдени  мұрасын сақтаудан бас тартса, сонымен бірге басқаларды «діннен 

безгендер»  немесе  «адасқандар»  деп  айыптаса,  онда  бұл  белгілер 

деструктивті  діни  ағымдарға  қатыстылығын  анықтауда  негіз  болуы 

мүмкін.  Мұнда  діндарлардың  шынайы  сенім  және  деструктивизм  мен 

радикализмды ажырата білуі маңызды. 

Діни  радикализм  мен  деструктивті  діни  ағымдардың  белгілеріне 

өзгелерді  күштеп,  өзінің  діни  сеніміне  сендіру,  күнәларымен  айыптау, 

тозаққа  түсумен  қорқыту,  ерік-жігерін  басу  үшін  «дінсіз»,  «күнәһар», 

«діннен безген» және басқа да сөздерді қолдану жатады. Аталған қатерлер, 

ең  алдымен,  теологиялық  танымның  жеткіліксіздігінен  діндар  халықтың 

белгілі бір бөлігінің радикалдануын көбейту қатерімен сипатталады. 

Бұдан  басқа,  талдау  деструктивті  және  радикалды  діни  ағымдардың 

ізбасарларына  өзінің  діни  ықыласын  және  көзқарасын  мемлекеттің 

зайырлы  принциптеріне  және  дәстүрлі  рухани  құндылықтарға  дау  айту 

және  қарсы  шығу  тән  екенін  көрсетті.  Деструктивті  діни  ағымдардың 

радикалды қолдаушылары құқыққа қайшы, соның ішінде мемлекет, қоғам 

және азаматқа қарсы күш қолдану актілерін ұйымдастыруға дайын тұрады. 

Бұл ретте тек қана террористік немесе экстремистік қылмыстар ғана емес, 

пайдақор  және  пайдақор-күштеу  түріндегі  жалпы  қылмыстық  құқық 

бұзушылықтар да бар. 

 


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет